Жобалап оқытудың мақсат-міндеттері, тарихы PDF

Summary

Мақала жобалап оқытудың мақсат-міндеттері мен тарихына арналған. Жобалау технологиясының негізгі принциптері, тарихы және қазіргі қолданысы туралы жазылған. Оқушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту мақсатындағы жобалау әдісі мен мүмкіндіктері сипатталған.

Full Transcript

**1.1 Жобалап оқытудың мақсат-міндеттері, тарихы.** *Жобалап оқытудың басты мақсаты* --- оқушылардың пәндік білімді меңгеруін, практикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру. Бұл әдіс оқушыларға теорияны практикада қолдануға мүмкіндік беріп, өз б...

**1.1 Жобалап оқытудың мақсат-міндеттері, тарихы.** *Жобалап оқытудың басты мақсаты* --- оқушылардың пәндік білімді меңгеруін, практикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру. Бұл әдіс оқушыларға теорияны практикада қолдануға мүмкіндік беріп, өз бетінше зерттеуге, жаңашыл ойлауға, және шығармашылық жұмысқа ынталандырады. *Міндеттері:* 1. Практикалық дағдыларды дамыту: Оқушылар нақты мәселелерді шешу барысында өз білімдерін қолдануды үйренеді, жаңа ақпаратты игеру жолдарын зерттейді. 2. Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру: Жобамен жұмыс жасау барысында оқушылар жоспар құрып, мақсатқа жету жолдарын өздері айқындайды. 3. Шығармашылықты және креативті ойлауды дамыту: Бұл әдіс оқушылардың дәстүрлі ойлау шеңберінен шығып, өз идеяларын жаңа қырынан көрсетуіне мүмкіндік береді. 4. Коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру: Топтық жобалар арқылы оқушылардың өзара қарым-қатынас орнату, тыңдау және өз ойларын жеткізе білу қабілеттері дамиды. 5. Зерттеу және ақпаратты талдау қабілетін дамыту: Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар ақпарат іздеуді, талдауды және оны дұрыс қолдануды үйренеді. Жобалау -- «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюи балалардың білім алуын нақты тәжірибелермен байланыстыру қажеттігін ұсынды. Оның пікірінше, мектептегі оқыту баланың өмірінде кездесетін нақты жағдайларды ескеруі керек. Ол оқушылардың сыныпта оқып үйренгендерін шынайы өмірде қалай қолданатынын қарастырды және оқуды тәжірибе арқылы дамыту қажет деп есептеді. Дьюи оқытуда тек дайын ақпарат беруден гөрі, білімді белсенді түрде игеруге, өз бетімен шешім қабылдауға баулу маңызды деп санады.Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің (1871--1965) ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау -- бұл технологияның негізі. Килпатрик \"жобалау әдісі\" терминін енгізіп, оны оқыту әдісі ретінде қарастырды. Ол жобалап оқытуды \"мақсатты әрекет\" деп сипаттап, оқушылардың нақты мәселені шешу үшін бірігіп жұмыс істеуін қолдады. Оның пікірінше, бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды өмірдегі шынайы жағдайларға дайындау үшін маңызды құрал болды. Жобалап оқыту ХХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада танымалдылыққа ие болды. Бұл кезеңде жобалық әдісті бастауыш және орта мектептерге енгізу талпыныстары болды. Кейбір елдерде мектеп бағдарламаларының маңызды бөлігіне айналды. Алайда, 1950 жылдары бұл әдіс уақытша өз маңызын жоғалтты. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде білім беру бағдарламалары академиялық пәндерге көбірек назар аударды, ал жобалау әдісі екінші орынға шегінді. Соған қарамастан 1970--1980 жылдары білім беру саласында қайтадан гуманистік бағыт басым болып, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту қажеттілігі артты. Осы кезеңде жобалап оқыту әдісі қайта жаңғырып, көптеген елдерде мектептер мен колледждерде қолданыла бастады. Оған ақпараттық технологиялардың дамуы және оқу әдістерінің жаңа түрлерін енгізу ықпал етті. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады. Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі Еуропада ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады. Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған. Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа қырынан қарастырған, оларды таңдап, талғап қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясын, М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның жаңғырта оқыту технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа бейімдеп оқыту технологиясын, З.Бейсембаева мен К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын, белсенді оқыту әдістерін зерттеген Ж.Сүлейменова мен Ә.Әлметованың сұхбаттық оқыту технологиясын, А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбекованың сөз мәдениетін меңгертумен, шешендікті қалыптастырумен байланысты жаңа технологияларға қатысты қағидалары көрсетілген еңбектерін атауға болады. Әйтсе де, бұл зерттеулерде жобалау технологиясы туралы пікірлердің тым аз қамтылғаны, кейде үстірт қана аталып кеткені байқалады. Ш.Д.Абдиева: \"жобалау әдісі -- студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады\" -- десе, ғалым А.А.Сатбекова: \"жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту -- студенттердің репродуктивтік оқу әрекеттерін біртіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру арқылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолы\"-- деп тұжырымдаған. Қорыта айтқанда, қазіргі таңда жобалап оқыту әдісі бүкіл әлемде кеңінен қолданылады және әр түрлі білім беру жүйелерінде өз орнын тапқан. Бұл әдіс білім беруде инновация ретінде қарастырылады және көптеген мектептер мен университеттерде негізгі оқыту әдісі ретінде енгізілуде. Ақпараттық технологиялар, интернет, мультимедиалық құралдар, және басқа да электрондық ресурстар жобаларды жүзеге асыруды жеңілдетті.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser