5-дәріс МОӘ тарихы PDF
Document Details
Uploaded by WellMadePlot
Tags
Summary
5-дәріс математиканы оқыту әдістемесінің тарихы туралы. Дәрісте математика әдістемесінің пайда болуының алғашқы нышандары, математикалық білім беруді реформалаумен байланысты халықаралық қозғалыс және Ресейдегі математиканы оқыту әдістемесіндегі жаңа ағымдар талқыланады.
Full Transcript
№5 дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің пайда болуы Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Математика әдістемесінің пайда болуының алғашқы нышандары 2.Математикалық білім беруді реформалаумен байланысты халықаралық қозғалыс 3. Ресейдегі математиканы оқыту әдістемесіндегі жаңа ағымдар...
№5 дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің пайда болуы Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Математика әдістемесінің пайда болуының алғашқы нышандары 2.Математикалық білім беруді реформалаумен байланысты халықаралық қозғалыс 3. Ресейдегі математиканы оқыту әдістемесіндегі жаңа ағымдар 1. ХІХ ғ. басында Батыс Еуропада халық ағарту мен мектеп ісінде реформалар жүргізу қолға алына бастады (Локк, Руссо, Гельвеций, Дидро және т.б.педагогикалық көзқарастары). Олардың теориялық тұжырымдарын тәжірибеде жүзеге асыруға ұмтылған, мектеп ісінің ұлы реформаторы Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Ол арифметиканы оқытудың әдістеріне де маңызды өзгерістер енгізді. Оның мынадай оқу құралдары кеңінен таралды: 1)«Азбука наглядности или наглядное обучение отношению мер», 2)«Наглядное обучение численным отношениям» (1803 ж., 1805 – 1806 жж. орыс тіліне аударылды). Песталоццидің идеялары Еуропада кеңінен таралып, математиканы оқытудың Грубе әдісі, «Сандық фигуралар әдісі» сияқты әдістемелік жүйелерінің пайда болуына әсер етті, оның жолын ұстанғандар ұлы ұстаздың қалыптастырған жүйесін әрі қарай жетілдіре түсті. Немістің атақты педагог-математигі А.Дистервег жемісті еңбек етті. Ол ғылымға ең алғашқы болып, «методика» терминін енгізді, негізгі еңбегі: «Методическое руководство к обучению счету» (1829 ж.), онан кейін оқушыларға арналған бірнеше есептер жинақтарын басып шығарды. Сондықтан оны математиканы оқыту әдістемесінің атасы деп атауға болады. Осы сияқты жұмыстардың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші ширегінде мына сияқты басты әдістемелік қағидалар тағайындалды: - Арифметиканы оқыту екі мақсатты көздеуі керек (материалдық және формальдық, басқаша айтқанда, білімдік және практикалық мақсаттар). - Арифметиканы оқыту көрнекілікті кеңінен қолдануға негізделуі тиіс. -Жазбаша есептеулермен қатар ауызша есептеулерге мән берілуі керек. -Жалаң сандарға амалдар қолдануға берілген жаттығулар өмірлік, тәжірибелік есептермен алмастырылып отырылуы қажет. Бұл қағидалар негізінен алғанда, Батыс Еуропада ариметиканы оқытуда XIX ғасырдың екінші жартысына дейін үстемдік етті. Осылайша, арифметика әдістемесі педагогикалық ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. ХІХ ғ. алгебра курсының мазмұны мен құрылымын анықтауда француз математикалық мектебі жетекші роль атқарды. 1805 ж. С.Лакруа «Опыт об образовании вообще и о математическом в частности» атты атақты әдістемелік еңбегі басылып шықты. Осы кезеңде математикалық білім беру ісінде жаңа бетбұрыстар орын алып, алғашқы алгебра оқулықтары басылып шығып, оларда функция ұғымы қамтылды. Алайда, әлі де болса, алгебраны функционалдық негізде оқытудың әдістемелік негіздері жасала қойған жоқ. XIX ғ. екінші жартысында алгебра оқулықтарын дайындаумен байланысты жемісті жұмыстар атқарылды. XIX ғ. аяғына қарай алгебраны оқыту ісіне маңызды өзгерістер жасалды. XX ғ. басында функционалдық тәуелділік идеяларына негізделген бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары басылып шықты. 1916 ж. Н.Г.Лексиннің «Методика алгебры» атты әдістемелік құралы жарық көрді. Қорыта айтқанда, XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында мектепте алгебра курсын оқыту әдістемесінің негізі салынды. Геометрия курсы барлық елдерде көптеген ғасырлар бойы Евклид жүйесі бойынша оқытылып келді. Алайда, соған қарамастан, евклидтік жүйені сынап, оны түзетуге тырысқан ғалымдар болды (П.Рамус, т.б.). Оған дейін әл- Фараби! Осы мәселелердің көтерілуі мен оларды талқылау геометрияны оқытумен байланысты әдістемелік сипаттағы алғашқы жұмыстардың пайда болуына алып келді. Олардың идеялары мектепте геометрия курсын оқытудың әдістемелік жүйесін жасауға негіз қалады. XIX ғ. мектеп реформаларына байланысты геометрияның жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын дайындау және орта мектепке геометрияның пропедевтикалық курсын енгізу мәселелері көтерілді. XIX ғ. аяғына қарай геометрияның пропедевтикалық курсына арналған бірнеше оқулықтар жарық көрді. Бірақ соған қарамастан, орта мектептерге арналған геометрияның пропедевтикалық курсын оқытудың әдістемелік мәселелері толығымен шешілген жоқ. Тригонометрияның элементар математиканың бөлімі ретіндегі ғылыми негіздемесі XVIII ғ. Эйлердің еңбектерінде жасалып, осының негізінде тригонометрияның алғашқы оқулықтары дайындалды. ХІХ ғ. Симашко, Шапошников, Рыбкин, Торопов, Малинин, Пржевальский, Веребрюсов, Воинов, т.б. Бірақ, оларда тригонометрияның мектептік курсының әдістемесінің жүйеге түсе қойған жоқ. XX ғ. басында тригонометрияның пропедевтикалық курсын жасау қолға алынып, осы идеяға негізделген жаңа оқу-әдістемелік құралдар дайындалды. Осы кезеңде тригонометрияны оқыту әдістемесіне қатысты аса бай материалдар қоры жинақталды. Сөйтіп тригонометрияны оқыту әдістемесінің берік негізі қаланды. Сонымен қорыта айтқанда, ХІХ ғ. соңына қарай математиканы оқыту әдістемесінің негізі қаланып, ол педагогикалық ғылым саласына айналуға бет бұрды. Әрине, оның деңгейі мен даму дәрежесі әр елдерде әр түрлі болды. 2. ХІХ ғ. соңына қарай Еуропа мемлекеттерінде мектептердегі білім мазмұны мен оқыту әдістерінің өмір мен ғылымның талаптарына жауап бере алмайтындығы айқындалып, білім беру ісіне реформа жасаудың қажеттігі туындады. Англияда профессор Дж.Перри. Реформистік бағыт Францияда да басталды. 1903 ж. реформистік идеялар негізінде жазылған оқулықтар: Борель, Бурле, Таннери, т.б. 1907 ж. көрнекті француз ғалымдары мен оқытушыларының мәжілісі болып, онда орта мектептің математика курсына нүктелік түрлендірулер ретіндегі қозғалысты енгізу туралы мәселе қаралды. Пікірталас осы идея негізінде құрылған Бурленің оқулығы негізінде жүрді, оған белгілі ғалымдар мен педагогтар қатысты. XIX ғ.соңында реформистік қозғалыс Германияда да өріс алды. 1895 ж. Германияда оқытуды реформалау туралы инженерлердің қозғалысы басталды. 1900 ж. бастап неміс мектептерінде математикалық білім беру мәселесіне реформа жасаумен байланысты жұмыстарды басқаруды атақты математик Ф.Клейн өз қолына алды. 1904 ж. Бреславльде өткен съезде өзінің реформистік көзқарастарын айқын түрде көрсетіп, баяндама жасады, оның басшылығымен реформистік оқу бағдарламасын жасаумен айналысатын комиссия құрылды. Бұл комиссия математиканың жаңа оқу бағдарламасын жасап ұсынды, ол 1905 ж. Меран қаласында өткен съезде қаралды, сондықтан «Меран бағдарламасы» деп аталып кетті. Реформистік қозғалысқа халықаралық сипат беру мақсатымен Ф.Клейн реформа туралы мәселені 1908 ж. Римде өткізілген математиктердің VI халықаралық конгресінің күн тәртібіне енгізуге күш салды. Осының нәтижесінде бұл мәселе осы конгрестің «Философия, математика тарихы және математиканы оқыту» атты IV секциясында қаралды. Онда профессор Дж.Смит АҚШ-ындағы математиканы оқытудың жағдайы туралы баяндама жасады және ол әр түрлі халықтардың орта мектептерінде математиканы оқытудың бағдарламалары мен әдістерін зерттеу мақсатымен халықаралық комиссия құруды ұсынды. Комиссияның орталық комитеті құрылып,оның президенті Ф.Клейн, вице-президенті Г.Гринхилл, бас хатшысы болып Г.Фер бекітілді. 3. Еуропаның басқа елдеріндегі сияқты Ресейде де әр түрлі кезеңдерде математиканың оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізудің қажеттілігі туралы мәселе көтеріліп тұрды. Сондай мәселенің бірі мектеп математика курсына жоғары математиканың элементтерін енгізу туралы мәселе еді. XIX ғасырда Ресей гимназияларындағы математика курсына жоғары математиканың элементтері енгізіліп, оған арналған математика оқулықтары басылып шықты (Фусс, Осиповский, т.б.). ХІХ ғасырдың 30-60-ыншы жылдары көптеген орыс математиктері мен әдіскерлері орта арнаулы оқу орындарына аналитикалық геометрия мен математикалық анализдің негіздерін енгізуге белсене атсалысты. Ресейдегі математикалық білім беру ісіне реформа жасаудың қажеттілігі туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында мақсатты сипат ала бастады. Ресейдегі математиканы оқыту әдістемесінің дамуында математика оқытушыларының бүкілресейлік съездерінің маңызы ерекше болды. Сонымен қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың соңына қарай математиканы оқыту әдістемесінің негізі қаланып, ол толық мағынасындағы педагогикалық ғылым саласына айналды. Әрине, оның деңгейі мен даму дәрежесі әр елдерде әр түрлі болды.