Информатиканы оқыту әдістемесі сабақ жоспары (06.11.2024). PDF

Document Details

BetterThanExpectedCedar

Uploaded by BetterThanExpectedCedar

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

2024

Кузбаева Л.У.

Tags

педагогика информатика оқыту әдістемесі білім беру

Summary

Бұл Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі 2024-2025 оқу жылының 06 қарашасындағы информатика курсының сабақ жоспары. Ол информатиканы оқыту әдістемесін және оның жалпы білім беру мен ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудағы маңызын қарастырады.

Full Transcript

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі **Сабақ жоспары** **Информатика курсының жалпы білім беру мен ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудағы мәні** Модуль /пән атауы : ОН 3.2 Оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін, оқыту стратегияларын қолдану Дайындаған оқыт...

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі **Сабақ жоспары** **Информатика курсының жалпы білім беру мен ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудағы мәні** Модуль /пән атауы : ОН 3.2 Оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін, оқыту стратегияларын қолдану Дайындаған оқытушы:Кузбаева Л.У.      06.11.2024 ж. 1. **Жалпы мәліметтер**       Курсы IIІ оқу жылы 2024-2025 ж.ж. топ И-И-22к       Сабақ типі: аралас сабақ 2. **3. Сабақты жабдықтау**      Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. І-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2013. - 195 бет.  электронды оқулық , қосымша дерек көздері, «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен [[https://ust.kz/word/informatikadan\_synyptan\_tys\_jumystardy\_otkizy\_adistmesi-161111.html]](https://ust.kz/word/informatikadan_synyptan_tys_jumystardy_otkizy_adistmesi-161111.html) [[https://emirsaba.org/t-ojbafarova-r-a-eletinova-v2.html?page=6]](https://emirsaba.org/t-ojbafarova-r-a-eletinova-v2.html?page=6) [[https://allrefrs.ru/4-12640.html]](https://allrefrs.ru/4-12640.html) **    Техникалық құралдар, материалдар**: ДК, ұялы телефон, планшет 3. **Сабақтың барысы** **А) Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі** **а) Оқу жұмысын ұйымдастыру** **б) Студенттердің білімін тексеруге психологиялық дайындығын ұйымдастыру** **в) Эмоциялық көңіл-күй құру** **Б) Жаңа білімді меңгеру** **Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде** Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар *педагогика ғылымының жаңа саласы* -- ***информатиканы оқыту әдістемесі*** (ИОӘ) қалыптаса бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін ***нысаны** информатиканы оқыту* болып табылады. Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бұл бөлімі «*Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі*» деген жаңа атауға ие болды. Әйтсе де қалыптасқан, «*Информатиканы оқыту әдістемесі*» атауы оқулықтарда, нормативті құжаттарда әлі де қоланылылуда. ***Информатиканы оқыту әдістемесі*** жас ғылым болғанымен, негізсіз қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден алынған нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар -- философия, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады. Н.В.Софронов айтқандай, «информатиканы қазіргі деңгейде оқыту ғылыми білімнің алуан түрлі салаларының мәліметтеріне сүйенеді: 1 Н.В.Софронова -- профессор, т.ғ.д., Чуваш МПУ информатика кафедрасының меңгерушiсі, көптеген оқулықтардың авторы. \- *биологияға* (өздігінен басқарылатын биологиялық жүйелер, мысалы, адам немесе басқа да тірі организм), \- *тарих пен қоғамтануға* (қоғамдық әлеуметтік жүйелер), \- *орыс тіліне* (грамматика, синтаксис, семантика және т.б.), \- *логикаға* (ойлау қабілеті, формалды амалдар, ақиқат, жалған), \- *математикаға* (сандар, айнымалылар, функциялар, жиындар, белгілер, әрекеттер), \- *психологияға* (түйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас)». Адамзат әрекетінің барлық саласы ғаламдық жағынан ақпараттандырылып, информатика ғылымы басқа ғылымдардың барлық салаларына енген заманда, *информатиканы оқыту әдістемесі де кез келген ғылыммен байланысы бар* екендігін ашық айтуға болады. Қазіргі уақытта Э.И. Кузнецов, М.П. Лапчик, С.А. Жданов, М.В. Швецкий, И.А. Румянцев, А.А. Малева және т.б. өткізген зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді *кәсіптік дайындау құрылымы* қалыптасты. А.М. Пискунов, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенина, Н.Ф. Талызина және басқа да дидактиктер мен психологтардың жұмыстарында мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау мазмұны мен құрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға болады: \- әдістемелік, дайындықты күшейту бағытында информатика мұғалімін кәсіпті дайындау; \- мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын құру; \- информатиканы оқыту әдістемесінде жеке тақырыптарының мазмұнын, әдістемелік оқыту жүйесінің элементтерімен толықтыру және дамыту. *Информатика мұғалімінің кәсіптік дайындалуының үлгісі негізгі үш бөлімнен құрылады*. Олар: 1\. Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындығын арттыру. 2\. Жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауда іскерлігін, бейімділігін, шеберлігін арттыру. 3\. Информатика және есептеуіш техника саласында базалық білімін және ғылыми дайындығын арттыру. Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес *информатиканы оқыту әдістемесі пәні* өзінің алдына мына ***негізгі міндеттерді*** қояды: \- информатиканы оқудың нақты мақсаттарын, оның орта мектептегі оқу жоспарында жалпы білім беру пәні ретінде алатын орнын анықтау; \- практик-мұғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын және ұтымды әдістерді ұсыну; \- информатика және есептеуіш техниканы оқытудың барлық құралдарын (оқу құралдары, бағдарламалық құралдар, мультимедиалық құралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар, т.с.с) қарастыру; \- мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру; ИОӘ пәнінің мазмұны *екі негізгі бөлімді* қамтиды: \- ***жалпы әдістемелік бөлім*** -- онда информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық жасақтамалар қарастырылады; \- ***жеке (нақты) әдістемелік бөлімінде*** мектептегі информатика курсының *пропедевтикалық*, *негізгі* және *бағдарлы* оқу кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты *информатиканы оқытудың заңдылықтары* анықталып, информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. Оқу үрдісінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе мұғалімдердің *кәсіптік дайындығына*, *педагогикалық шеберлігіне* байланысты. Пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ информатика пәні мұғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан әлі де зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: *мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар* үшін. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты -- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. **Информатика пәнін орта мектепке енгізу кезеңдері** Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қырқүйегінде енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10-сыныптар болды). Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген, информатика пәні туралы мағлүмат ертеден белгілі болды. Бұл процесс оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элеметтерін оқып үйрену тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипаттайтын, толық назар аударарлық бірнеше кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980-жылдардың ортасында информатиканың жеке пән түрінде мектепке енуін және қалыптасуын қамтамасыз етті. Орта мектептерге ИЕТН пәнін енгізуінің алғы шарттарына қысқартып жалпылама шолу жасайық1. Мектеп информатикасының дамуында, оқыту парадигмаларының ауысуы және оған сәйкес информатиканы оқыту әдістемелік жүйенің өзгеруі бойынша бірнеше (әдетте үш) кезеңді ерекшелеуге болады. *Бірінші кезеңде* (1950 жж. ортасынан 1985 ж. дейін) өндірістік оқыту шеңберінде орта мектепте кибернетиканы және информатиканы оқыту курсының екі -- *жалпыбілімділік* және *қолданбалы* бағыттары пайда болды. *Жалпыбілімділік* бағытында оқыту -- ақпараттық процестерді, табиғаты әртүрлі жүйелердің құрылысы мен басқарылу принциптері, ақпаратты өңдеуді автоматтандыру мәселелеріне арналды (9-10 сыныптар үшін В.С. Ледневтің, А.А. Кузнецовтың: «Основы кибернетики» факультативті курстары). *Қолданбалы бағыты* бойынша -- жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техника саласында кәсіби дайындау шеңберінде, ЭЕМ құрылымы және бағдарламалауға негізделген курс (В.М. Монахов, С.И. Шварцбурд және және б.) оқытылды. *Екінші кезең* (1985ж. -- 1980 жж. аяғы) мектептің оқу жоспарларына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» міндетті курсын енгізумен (1985 ж.) сипатталады. Курсты оқыту үшін А.П. Ершов және В.М. Монаховтың жетекшілігімен авторлар ұжымы құрастырған бірінші оқулығы қолданынысқа енді (1.1-кесте). *Үшінші кезең* (80-жж. аяғы 90-жж. басы) әртүрлі авторлар ұжымы (В.А. Каймин, А.Г. Кушниренко, А.Г. Гейн) құрастырған үш оқулықтың қолдануымен байланысты. Мектептерде 80-жылдардың аяғында информатика бойынша ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған оқулықтардың және оқу бағдарламаларының қажеттілігі өсті. Кеңес одағының мектепті компьютерлендіру мәселесіне көңіл аударғанына «Информатика и образование» (ИНФО) деп аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журнал баспасының пайда болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу жылында шықты. Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім министірлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады \[2, 24 б.\]. 80-жж. аяғынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде информатиканы оқытудың мазмұны маңызды өзгерістерге түсуде: бағдарламалауға бөлінген сағаттар саны азайып, ақпараттық технологияларды оқытуға бағытталды. «Әр оқушыға -- компьютерлік сауаттылық!» деген жаңа мақсат қалыптастырылды. Шын мәнісінде мектеп информатикасының тарихында *жаңа кезең* 1993 жылдан басталады. Сол жылы Ресей федерациясында базистік оқу жоспары қабылданды. Онда нформатиканы оқытуды 7-сыныптан бастап оқыту ұсынылды және пәннің атауы «ИЕТН»-нен «Информатика»-ға ауысты. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын барлық оқу пәндері бойынша алғашқы білім стандарты мен базистік оқу жоспары (БОЖ) 1998 жылы жасалған болатын. Кейін 2002 жылы қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды. Алдағы уақытта Қазақстан мектептерінің 12 жылдық оқытуға көшуіне байланысты информатика аумағында мектепте білім берудің орны және құрылымы мәселесі дами бастады1. қараңыз. +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1.1-кесте. *Информатика пәнінің | \- информатика кәсіптік | | даму кезеңдері* 60-70 жж. | дайындыққа дейінгі арнаулы оқу | | | орындарында оқытылды. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 70-нің аяғы | \- информатиканы мектеп оқу | | | үрдісіне енгізу бойынша жасалған | | 80-нің басы. | жеке эксперименттер (Мәскеу, | | | Санкт Петербург, Новосибирск, | | | Прибалтика) жүргізілді. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1984 ж. | «Мектептік білім беру реформасы» | | | атты Кеңес Одағының Коммунистік | | | партиясы Орталық Комитетінің | | | пленумы болды. Информатиканы | | | мектепте міндетті түрде оқыту | | | мәселесі қойылды. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1985 ж. қыркүйек | \- информатика мектептің оқу | | | үрдісіне енгізілді. Осы кезеңде | | | «Бағдарламалау -- екінші | | | сауаттылық» атты ұран жарияланды. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1992 ж. | «Әр оқушыға -- компьютерлік | | | сауаттылық!» мақсаты қойылды. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1996 ж. шілде | Ресей ЮНЕСКО конгресінде «Білім | | | беру және технологиялар | | | саласындағы саясат» атты баяндама | | | жасады. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 1996-2000жж. | \- информатика пәндік саласын | | | технологияландыру | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 2001-жылдан бастап | 12 жылдық білім беру кезеңіне | | | көшу басталды. Информатиканы | | | оқытудың 3 кезеңі ұсынылды: | | | | | | 1\) пропедевтикалық; 2) базалық; | | | 3) -- кәсіптікке дейінгі | | | (сараланған) | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **Қосымша мәліметті төменде көрсетілген интернет сілтемелер арқылы таныса аласыздар** 1. [[http://www.zkoipk.kz/ru/b5/329-conf.html]](http://www.zkoipk.kz/ru/b5/329-conf.html) 2. [[https://kuam.kz/kk/akparattyk-kommunikaciyalyk-tehnologiyalardyn-akt-bolashagy-men-damuy]](https://kuam.kz/kk/akparattyk-kommunikaciyalyk-tehnologiyalardyn-akt-bolashagy-men-damuy) 3. [[https://topreferat.com.kz/referattar/informatika/11112-aqparattyq-kommunikaciyalyq-tehnologiyalar.html]](https://topreferat.com.kz/referattar/informatika/11112-aqparattyq-kommunikaciyalyq-tehnologiyalar.html) 4. [[http://asyl-bilim.kz/load/p\_nder/informatika/informatika/8-1-0-1237]](http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/informatika/informatika/8-1-0-1237) 5. http://bilimdiler.kz/ustaz/2516-akparattyk-kommunikaciyalyk-tehnologiyalardyn-bolashagy-men-damuy.html [Тапсырма] +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Білу Түсіну | 1. «Информатика пәнінің даму | | | кезеңдері» сипаттама беріңіз | | | | | | 2. Информатика пәнін орта | | | мектепке енгізу кезеңдерін | | | анықтаңыз | +===================================+===================================+ | Қолдану | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Талдау | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Синтез Бағалау | -- -- | | | | | | | | | | | | -- -- | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **Үйге тапсырма:** Іздеу жүйелерінен алынған ақпаратты қолдана отырып, «Информатика пәнінің даму кезеңдері» жайлы кесте жаса.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser