Summary

This document contains answers to questions about pedagogy, providing information on different theories and methods of education.

Full Transcript

ПЕДАГОГИКА (емтихан) 1\. «Педагогика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? **БАЛА ЖЕТЕЛЕУ** 2\. Ата - анадан балаға тұқымқуалаушылық арқылы берілетін қасиет: **Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі.** 3\. Оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке тұлғаның дамуын...

ПЕДАГОГИКА (емтихан) 1\. «Педагогика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? **БАЛА ЖЕТЕЛЕУ** 2\. Ата - анадан балаға тұқымқуалаушылық арқылы берілетін қасиет: **Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі.** 3\. Оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке тұлғаның дамуына ықпал жасайтын процесс: **Педагогикалық процесс.** 4\. Педагогика тарихы қандай мәселелерді зерттейтін педагогикалық ғылым саласы: **Педагогикалық теорияның дамуы мен пайда болуын, тәрбиенің шығуы, дамуы, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелер мен мектептің қалыптасу, даму жолдарын зерттейтін ғылым саласы.** 5\. Педагогикада «тұқымқуалаушылық» теориясын ұстанған бағыт: **Преформистер** 6\. Оқыту мақсатын іске асырудың бірінші бағыты **Сабақ беру** 7\. Педагогика қандай ғылыми бөлімдерден (құрылым) тұрады?: **1. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ; 2. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ; 3. ДИДАКТИКА; 4. МЕКТЕПТАНУ (БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ)** 8\. Педагогикамен байланысатын ғылымдар: **ФИЛОСОФИЯ, ПСИХОЛОГИЯ, ӘЛЕУМЕТТАНУ.** 9\. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарының авторы: **ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН** 10\. Педагогикада болжамның дұрыстығын тексеруге арналған өзіндік кешенді зерттеу әдісі **Педагогикалық эксперимент** 11\. Теориялық деңгей әдісін көрсетіңіз **Талдау мен синтез** 12\. Педагогикалық бақылау бұл **Белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі** 13\. Тәрбие принциптері дегеніміз **Тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті бастапқы ережелер** 14\. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін салған философ **Гегель** 15\. Баланың жас ерекшелігіне қарай сатыға бөлген педагог **Ж.Ж.Руссо** 16\. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен қандай жағдай **Адамды өмірге, еңбекке даярлауға деген объективтік қажеттілік** 17\. Бала ағзасының күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қай кезеңде жүреді **Жеткіншек шақта** 18\. Бастауыш мектеп шағындағы балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз **Білуге құштарлық, құбылыстарды есте сақтауы.** 19\. Оқушы дамуындағы белсенділік түрін анықтаңыз **Таным белсенділігі** 20\. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз? **Тұлғаның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі** 21\. Сұрақ-жауап әдісінің түрлері **Әңгіме, сұқбат, анкета.** 22\. Жеке адамның мінез-құлқына, дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас бұл **Әлеуметтік орта** 23\. **Тәрбие мақсаты Тұлғаны қалыптастырудың жобаланған нәтижесі** 24\. **Эстетикалық тәрбиенің құралдары Табиғат әдебиет өнер** 25\. Дидактика бұл **Білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы** 26\. Педагогиканың теориялық міндеттері **Сипаттау немесе түсіндіру, анықтау, болжау.** 27\. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар? **Өмір сүріп отырған микро және макро орта, көпшілік хабарларды тарату құралдары** 28\. **Бала дамуының «екі зонасы» болатындығын көрсеткен психолог?Л.С.Выготский** 29\. **Объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі бұл?** **Білім** 30\. Дүниетанымның негізгі қызметтері **Ақпаратты бейнелі.** 31\. **Ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақысы, өзіндік құн, бизнес т.б. ұғымдар туралы түсініктер балаларға қандай тәрбие түрінің міндеттерін жүзеге асыруда беріледі Экономикалық** 32\. **Тәрбие заңдылығына жатады Тәрбиенің қоғамдық жағдайға сәйкес болуы** 33\. **Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі бұл?Тәрбие принциптері** 34\. **Тәрбиенің негізгі түрлері аталған жүйені көрсетіңіз Адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, еңбек, экономикалық.** 35\. Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізген педагог **К.Д.Ушинский.** 36\. Тұлғаны әлеуметтендіру институттары: **Отбасы, мектеп, орта** 37\. Тұңғыш ана тілінде жазылған «Педагогика» атты еңбектің авторы:**Мағжан Жұмабаев** 38\. Адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады деген пікір иесі **Д.Дъюи** 39\. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері: **Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.** 40\. Тәрбие мақсатын анықтайтын фактор **Мектеп идеологиясы, саясат.** 41\. Педагогикалық процестің кезеңдері **Дайындық, негізгі, қорытынды.** 42\. «Индивид» латыннан қазақшаға аударғанда қандай мағына береді? **Жекелік.** 43\. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектология) қандай саласы? **Тілінде кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту заңдылықтарымен айналасатын сала.** 44\. Оқыту бұл **Білім берудің негізгі жолы** 45\. Сурдопедагогика қандай мәселелерді зерттейді? **Саңырау, мылқау және керең балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.** 46\. Олигофренопедагогика қандай мәселелерді зерттеумен айналысады? **Ақыл -- ойының дамуында кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.** 47\. Педагогиканың негізгі категориялары:**Тәрбие, оқыту, білім беру.** 48\. Сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау бұл педагогикалық үдерістің қандай кұрылымы?**Әдістемелік** 49\. Қандай да нақты ғылым аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайтын әдіснама бұл: **Нақты ғылым әдіснамасы** 50\. Оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексеру қандай ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері арқылы жүзеге асады:**Педагогикалық эксперимент** 51\. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай оқыту әдістерін топтастырған ғалымдар: **И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин** 52\. И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голанттың топтастыруы бойынша **оқыту процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: 1.Сөздік не-се ауызша баяндау әдісі; 2. Көрнекілік әдістер (иллюстрация,демонстрация); 3. Тәжірибелік әдістер;** 53\. **Оқушылардың өздігінен жаңа білімді қабылдау,сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады:Оқуылықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі.** 54\. **Оқушылардың кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді әрекеттері қандай әдістер тобына жатады? Тәжірибелік әдістер (ГРАФИКАЛЫҚ)** 55\. **«Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті...» -деп пікір білдірген жазушы, ойшыл Л.Н.Толстой.** 56\. Оқыту әдістерін оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай топтастырған ғалымдар **М.А.Данилов; Б.П.Есипов; Т.А.Ильина.** 57\. Оқыту әдістерін тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай топтастырған педагог ғалым **Ю.К.Бабанский.** 58\. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай оқыту әдістерін топтастырған ғалым **В.Оконь.** 59\. «Сөз ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың\...» - деп оның маңызына ерекше назар аударған педагог **Сухомлинский** 60\. Кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар бұл?**Көрнекілік құралдар.** 61\. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың **формасы жеке -- дара, топтық, сынып-сабақтық жүйе.** 62\. Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың неше кезеңін ұсынды **4** 63\. Сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілеген ғалым **Н.Казанцев.** 64\. Сабақты оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтаған ғалым **С.В.Иванов.** 65\. Сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрған, жіктеген ғалымдар **Данилов; Есипов; Огородников.** 66\. Бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы қандай жұмыс болып табылады? **Фронтальдық жұмыс** 67\. Мектепте оқу материалының әрбір жарты жыл бойынша жаспарланатын және белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізілетін жоспар түрі? **Күнтізбелік жоспар** 68\. Лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейдін дәстүрлі емес сабақтың түрі **Семинар** 69\. Сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылатын экскурсия түрі бұл? **Кіріспе экскурсия** 70\. Белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін экскурсия түрі бұл? **Ілеспелі экскурсия** 71\. Күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейтін экскурсия түрі **Қорытынды экскурсия** 72\. Балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс, - деп пікір айтқан кім? **Ушинский** 73\. **Оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады Факультатив** 74\. **Оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді, бұл бақылаудың қандай қызметі? Бақылаудың білім беру қызметі** 75\. Оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді, бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады, бұл бақылаудың қандай қызметі болып табылады? **Тәрбиелік қызметі** 76\. Оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды -- бұл бақылаудың қандай қызметі ? **Дамыту қызметі** 77\. Білім, білік, дағдыны бақылаудың Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин қандай түрлерін көрсетеді? **Күнділікті, Оқтын -- оқтын, Қорытынды.** 78\. Оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерiнiң мерзiмiн, - оқытылуға тиiстi оқу пəндерiнiң тiзiмiн, - əрбiр оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тəртiбiн жəне ретiн, - əрбiр пəнге бүкiл оқу мерзiмiнде жəне апта сайын əр пəнге бөлiнетiн сағаттардың мөлшерiн көрсететiн мемлекеттiк құжат**: Оқу жоспары.** 79\. **Г.И.Щукина** білім, білік, дағдыны бақылаудың қандай түрлерін көрсетеді? **Күнделікті, Тақырыптық оқтын-оқтын, Қорытынды және Емтихан.** 80\. Е.А.Дмитриев білім, білік, дағдыны бақылаудың қандай түрлерін көрсетеді? **Күнделікті, Тақырыптық, Қорытынды, Нәтижесі.** 81\. **Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында** білім, білік, дағдыны бақылаудың қандай түрлері көрсетілген? **Тақырыптық, Тараулар бойынша, Оқтын-оқтын және Қорытынды.** 82\. **Оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізілетін бақылаудың түрі: Тақырыптық бақылау.** 83\. **Барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізілетін бақылау түрі: Қорытынды бақылау.** 84\. **Ақпараттық құзыреттілік арқылы оқушыларда қандай біліктер қалыптасады? Қажетті ақпаратты іздеу, Талдап, таңдап алу, Ұйымдастыру, Түрлендіру, Сақтау және ақпаратты беру біліктері.** 85\. Білімді бақылау мен бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі **Әділдік, Жан-жақтылық, Жүйелік, Жеке-даралық, Дифференциялық, Тәрбиелік.** 88\. Білімді бақылау мен бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі **әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. 86-88 бирдей** 89\. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері **Білім беру, тәрбиелеу, дамыту** 90\. Оқыту процесінде бақылаудың қалыптасқан түрі **Күнделікті** 91\. Оқыту процесінде бақылаудың қалыптасқан түрі **Күнделікті** 92\. Бір жылға ұсынған тақырыптық жоспар бұл? **Ұзақ мерзімді жоспар** 93\. Белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау (әр тоқсанға жазылған оқу жоспары, оқу мақсаттары, іс-әрекеттер) **орта мерзімді жоспар** 94\. Мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары) **Қысқа мерзімді жоспар** 95\. Бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар жасы оқушыларға мұғалімнен алған білімдерін үйреткен оқытудың жүйесі? **Белл ланкастер жүйесі** 96\. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру, сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы бұл жүйе? **Сынып сабақ жүйесі** 97\. Оқуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу арқылы ұйымдастыру жүйесі? **Сынып сабақ жүйесі** 98\. Сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау бұл педагогикалық үдерістің қандай кұрылымы? **әдістемелік** 99\. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау, тұрақты оқу кестелері арқылы алма - кезек оқыту бұл жүйе? **Сынып сабақ жүйесі** 100\. Сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған педагог? **Я.А.Коменский және К.Д.Ушинский** 101\. Н.К.Крупскаяның педагогикалық еңбегі **Халыққа білім беру және демократия,Семья және мектеп,Неміс мұғалімдерінң Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе** 102\. Негізгі педагогикалық ұғымдар қай топқа біріктірілген? **Педагогикалық категориялар** 103\. Оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке тұлғаның дамуына ықпал жасайтын процесс **Педагогикалық процесс** 104\. **Жазалау әдісіне жататын әдісті белгілеңіз Мұғалімнің ескертуі, Сөгіс жариялауы, Педагогикалық кеңесте қаралу, Қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектептерге жіберу.** 105\. Пікірталас қандай тәрбие әдістерінің жүйесіне енеді? **Жеке тұлға санасын қалыптастыру** 106\. **«Қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы», - деп ұжымның өмір сүру заңын түсіндірген педагог? Макаренко** 107\. Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеясы **Пансофизм** 108\. Тәрбие жұмысымен байланысатын ғылымдар **Философия,психология,социология,физиология** 109\. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің авторы **Ы. Алтынсарин** 110\. В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде атайды **Саналылық, жауапкершілік.** 111\. Теориялық деңгей әдісін көрсетіңіз **Дерексіздендіру, Идеализациялау, Формальдау, Анализ -- синтез, Индукция -- дедукция, Аксиоматика, Молайту.** 112\. Педагогикалық бақылау **Бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі.** 113\. Тәрбие принциптеріне сипаттама беріңіз **Педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.** 114\. Жеке тәрбие формаларына жатады **Әңгімелесу, сырласу, кеңес беру, жеке жәрдем және пікір алмасу.** 115\. Баланың жас ерекшелігіне қарай сатыға бөлген педагог **Ж.Ж.Руссо** 116\. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы **Адамды еңбекке деген ұмтылысы. 12 ғасырдың басында қалыптасты.** 117\. Бала ағзасының күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қай кезеңде жүреді? **Жеткіншек шақта** 118\. Бастауыш мектеп шағындағы балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз **Білуге құштарлық, құбылыстарды есте сақтауы.** 119\. Оқушы дамуындағы белсенділік түрін анықтаңыз **Танымдық белсенділік.** 120\. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз **Тұлғаның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі** 121\. Сұрақ-жауап әдісінің түрлері **Әңгіме, сұқбат, анкета.** 122\. **Тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылатын принцип Паралельді ықпал жасау** 123\. **Тәрбие мақсаты Жеке адамды жан-жақты дамыту; Нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі.** 124\. **Эстетикалық тәрбиенің құралдары Өнер Табиғат Әдебиет** 125\. **Құқықтық тәрбиенің міндеті 1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан -- жақты білімдерді меңгерту.** **2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.** **3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу.** 126\. **Эстетикалық тәрбиенің мақсаты Жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.** 127\. **Экономикалық тәрбие дегеніміз не Балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.** 128\. **Дене тәрбиесінің негізгі құралдарын анықтаңыз Дене жаттығулары, ГИмнастика, Ойын,Туризм, Спорт, Табиғи факторлар.** 129\. **Дене тәрбиесі дегеніміз Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың  дене дамуының және дене  әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне  бағытталған** 130\. **Дене тәрбиесін ұйымдастыру формасы Физкультура сабақтары; Физкултуралық -- сауықтыру шаралары;** 131\. **Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы 1. Жеке: хабарлама даярлау, көркем өнер нөмерлерін даярлау, ұсынылған кітаптарды оқу.** **2. Топтық: үйірмелер, клубтар, балалар лагері, қоғамдық ұйымдық.** **3. Көпшілік: сынып сағаты, кештер, ертеңгіліктер, сайыстар, жарыстар.** 132\. **Еңбек тәрбиесіне сипаттама беріңіз Жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің біл саласы.** 133\. **Эстетикалық тәрбие дегеніміз Қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс.** 134\. **Тәрбиенің негізгі түрлері аталған жүйені көрсетіңіз Адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, еңбек, экономикалық.** 135\. **Ұжымдық тәрбиенің негізін салған Н.К.Крупская.** 136\. **Ұжымның дамуы ұғымына берілген (неғұрлым) дұрыс анықтаманы көрсетіңіз Ұжымның дамуы ұжымның қалыптасу процесі оның белгілі бір дәрежесіне жетуі, оның алдында тұрған өндірістік міндеттерді тиімді шеше білу.** 137\. **Ұжым туралы сипаттама беріңіз Бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылвық, іс -- әрекетімен сипаттплатын адамдар тобы.** 138\. **А.С.Макаренко оқушылар ұжымы дамуының неше кезеңін бөліп көрсетті 3 кезеңгге** 139\. **Қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру оқушылар еңбек іс-әрекетінің қай түрінде жүзеге асады Қоғамдық пайдалы еңбек** 140\. **Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейтесті мәселелерді шешуге арналатын конференция түрі Тақырытық конференция** 141\. **И.П. Ивановтың Коммунар әдісінің мәні Ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру.** 142\. **Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау қабілетін қалыптастырады Эстетикалық тәрбие** 143\. **Адамгершілік тәрбиесіне сипаттама беріңіз Мақсатты жүйелі түрде тәрбиелеушінің санасына, сезіміне этнопедагогикалық ұғымдарды түсініп меңгеруіне мүмкіндік жасау.** 144\. **Баланың тұлғасын үйлесімді дамыған және жан-жақты тәрбиелеу жөнінде педагогтар мен отбасының күш салуларын үйлестіру мәнін құрастырады Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі** 145\. Тұлғаны әлеуметтендіру институттары **Отбасы, мектеп, шағын орта.** 146\. **Қазіргі отбасы тәрбиесі принциптерге негізделуі тиіс Педагогика принциптеріне** 147\. Ата-анадан балаға тұқымқуалушылық арқылы берілетін қасиет **Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі.** 150\. Ұжымдық жоспарлау және оны жүзеге асыру, күнделікті іс -- әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру бұл қандай еңбекте қарастырылған **Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекеттің әдісіне.** 151\. **Жазалау дегеніміз Оқушылардың жағымсыз қылықтарын тежеуге бағытталған әрекет.** 154\. **Негізгі тәрбие әдістерін көрсетіңіз** - **Сананы қалыптастыру.** - **Іс-әрекет ұйымдастыру.** - **Ынталандыру.** 155\. **Талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация тәрбие әдістерінің қандай тобын құрады 1 топ Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері.** 158\. **Тәрбие әдісін жүзеге асыруда қолданылатын бөлек бір қадам, амал не Тәрбие тәсілі** 159\. **Іс-әрекет және мінез-құлықты қалыптастыру әдістері Талап, Қоғамдық пікір, Үйрету, Жаттықтыру, Арнайы тәрбиелік ситуация.** 162\. **Тәрбие дегеніміз Жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру.** 163\. **Тәрбие тәсілдері 1. Тәрбиенің мақсаттары, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.** **2. Ақпараттық -- ағартушылық.** **3. Бағдарлау -- іс --қызмет.** **4. Қатынас.** **5. Бағалау.** 166\. Ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзім орындауына талаптануының мақсаты **Қашық перспектива.** 167\. Лабораториялық жұмыстар **Бұл әдісті мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді.** 170\. **Өтілген ұжымдық еңбек іс-әрекетінің талдау қай кезеңде жүргізіледі нәтижелерді бағалау кезеңінде** 171\. **Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс істеудің жеке тұлғалық формасын көрсетіңіз оқушының үйіне(отбасына) бару** 174\. Жарыс, саяхат, жексенбілік серуен,цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекетіне ынталандыру, қызықтыру **Жақын перспектива** 175\. Жеткіншек кезеңіндегі балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз **Ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы, ойланбай асығыс шешім қабылдауы.** 176\. **Балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, пікірталас өткізу бұл Орта песпектива** 178\. Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп, оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа сөздерді қолдану **Ғылымилық принципі.** 179\. Ұғымдар мен теориялардың мәнін терең түсінуін қамтамасыз ету **Саналық принципі** 182\. Дидактика бұл **Білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.** 183\. Тәрбие үдерісі дегеніміз не? **Тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Тәрбие үдерісі -- өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс-жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.** 186\. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді зерттеу педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінің қайсысына жатады **Педагогикалық бақылау әдісі.** 187\. Оқушының дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасын қандай зерттеу әдістері арқылы білуге болады **сауалнама(анкетирование)** 190\. Дербес ерекшеліктерге қандай қасиеттер жатады **Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез -- құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады.** 191\. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие **мақсаты Әрбір тұлғаны әр жақты етіп тәрбиелеу.** 192\. Дүниетаным **Жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.** 194\. Жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз **Тұқымқуалаушылық,орта,тәрбие,субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы,ішкі күштер.** 195\. «Индивид» латыннан қазақшаға аударғанда қандай мағына береді **Жекелік** 198\. Еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы (үлгі, нұсқау) бойынша іс -әрекетінің тәсілін қайталау бұл **Қайталау сабағы** 199\. Жеткіншек кезеңіндегі балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз **Ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы, ойланбай асығыс шешім қабылдауы.** 201\. **Қазақстан Республикасының қазіргі сатысындағы тәрбиенің мақсаты Тұлғаның жан -- жақты мәдениетін және бәсекелестік қабілетін тәрбиелеу** 202\. «Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін ең алдымен оны жан-жақты зерттеу керек»,-деген пікірді айтқан педагог: **Г.Д.Ушинский** 203\. Қазіргі заманғы мектептегі оқытудың ұйымдастырудың формасы **Үйірмелер** 205\. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі **Ғылыми дүниетаным** 206\. Сыныптың тәрбие жүйесі\... **бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті** **мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.** 207\. Тәрбие жұмысы жүйесінің компонентіне жатады\...**1. Жеке дара-топтық; 2.Құндылық-бағдарлы 3.Атқарымдық-әрекеттік 4. Кеңестік-уақытты 5. Диагностикалық-нәтижелік.** 210\. Тәрбие жұмыс әдістемесінде болжамның дұрыстығын тексеруге арналған өзіндік кешенді зерттеу әдісі **Педагогикалық эксперимент** 211\. **Педагогикалык рефлексия тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық және рефлексия жасауы** 214\. Тексеру эксперименті бұл: **ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді** 215\. «Социометрия» әдісі қандай әдістер тобына жатады? **ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІС** 218\. Оқыту әдістерін оқушылардың таным белсенділігіне қарай бөліп қарастырған педагогтар: **Скаткин, Лернер** 219\. **Оқыту әдістерін бiлiм берудiң көздерiне сəйкес бөліп қарастырған педагогтар Огородников, Перовский, Голант** 222\. Көне грек философтары **Сократ, Платон, Аристотель.** 223\. **Тәрбие мақсаты Тұлғаны қалыптастырудың жобаланған нәтижесі** 226\. Диагностика **Дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.** 227\. **Жарыс, мадақтау, жазалау Ынталандыру әдісі.** 230\. **Бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі Аралас сабақ типі** 231\. Орындаушылықтан шығармашылық іс-әрекетке өту. Мұғалім проблеманы зерттеу жолын көрсетеді.Оқушылар танымдық қиыншылықты шешу жолдарымен танысады **Проблемалық мазмұндау әдісі** 232\. **Білім «дайын» күйінде ұсынылады. Мұғалім әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы білімді қабылдауға көмектеседі Түсіндірмелі -- иллюстративтік әдіс.** 234\. **Әдістер жиынтығы, оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім Әдістеме.** 235\. **Оқу пәнінің мазмұнын, уақыт көлемін анықтайтын нормативті құжат Оқу бағдарламасы.** 238\. **Сабақтың оқыту міндеттерін оқу бағдарламасы талабы мен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар** 239\. **Сабақ тақырыбы мен нәтижелерін игеруде псиихологиялық міндеттер мен психологиялық- педагогикалық әсер етудің жеке құралдарын анықтау Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.** 242\. Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау **Оқыту.** 243\. Педагогика ғылымы төмендегі ғылымдардың қайсысымен тығыз байланысады **Психология** 246\. **Негізгі ойлау тәсілдері Талдау, Жинақтау, Нақтылау, Абстракциялау, Салыстыру, Жалпылау.** 247\. **Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы Оқыту.** 250\. Белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізіледі **Бөлім бойынша жиынтық бағалау.** 251\. Білім беру мазмұнын таңдағанда материалдық және формальдық теориялардың бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынған педагог **Ушинский.** 254\. Әлеуметтендіру дегеніміз **Тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі.** 255\. Жыл бойында оқытылатын оқу пәндері құрамы көрсетілетін мемлекеттік құжат **Оқу жоспары.** 257\. Педагог іс-әрекетінің обьектісі **Педагогикалық процесс** 258\. Педагогикалық такт **Педагогтың балалармен қарым қатынасы кезінде сақтауы тиіс шаралар принципі.** 259\. Оқу үрдісі нәтижесін, белгіленген мақсатқа қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын ұғым **Оқыту нәтижесі.** 262\. Тұлға дамуының негізгі қозғаушы күші **Қарама қайшылық** 263\. Белгілі бір оқу пәнін сипаттайтын қүжат **Оқу бағдарламасы.** 266\. Отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері қандай құжатта нақтыланған **«Неке және Отбасы туралы» Заңы; «Бала құқығы туралы Конвенциясы»** 267\. Оқушы дамуындағы белсенділік түрін анықтаңыз **Танымдық белсенділік** 270\. **Ынталандыру әдісіне жатады Жарыс, Жазалау, Мадақтау.** 271\. **Адамды өмірге, еңбекке даярлауға деген объективтік қажеттіліктен қалыптасқан ғылым саласы Педагогика** 274\. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор **Мемлекет идеологиясы Саясат.** 275\. Жеткіншек кезеңіндегі балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз **Ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы, ойланбай асығыс шешім қабылдауы.** 276\. **Отбасында балаларды тәрбиелеу жүйесі сипатталады Баланың тұлғасын қалыптастыру үшін жасалған жағдайлармен, ата-аналардың мінез-құлқы және өзіндік стильі.** 278\. **Тәрбие жоспарын құру кезіндегі сынып жетекшісінің басшылық ететін принциптері Оңтайлылық, Ғылымилық, Перспективалық, Нақтылық** 279\. Тұқымқуалаушылықтың, ортаның мақсатты бағытталған тәрбиенің және жеке адамның өзінің белсенділігінің объективті әсерінің нәтижесіндегі жеке адамның құрылуының үдерісі **Тұлғаның қалыптасуы.** 282\. **Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің бағыттарын барлық педагогтардың іс-әрекетімен келісу ретінде сипаттауға болатындығы Ата-аналармен және қоғаммен жұмыс; Пән мұғалімдерінің өзара әрекеті.** 283\. Тәрбие жұмысы теориясы мен әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістеріне қандай әдістер жатады **Іс қағаздарды сараптау (құжаттарды талдау) әдісі, Бақылау әдісі, Сұрақ-жауап әдісі, Сұхбаттасу әдісі, Социометрия әдісі, Эксперимент әдісі, Ранжировка әдісі.** 285\. Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы - бұл: **Дүниетаным компоненттері.** 286\. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы **инклюзив** 287\. Оқыту процесінің негізгі қозғаушы күші **Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық.** 290\. Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді **Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі.** 291\. Тәрбие процесінің негізгі қозғаушы күші **тәрбиеленушінің талаптары мен оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерінің обьективтік педагогтің реттейтін қарама-қайшылықтары. Бұл қарама-қайшылықтарды оқушының өзінің белсенділігі арқылы шешу оның дамуына ықпал етеді.** 292\. Ұжым -- бұл **ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.** 294\. Жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз **Мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер, тапсырмалар, нәтиже** **Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік** **Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, ішкі күштер** **Оқу, оқудан тыс** **Тәжірибелік, теориялық, әдістемелік** 295\. Оқушы дамуындағы белсенділік түрін анықтаңыз **Танымдық белсенділік** 298\. Дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін қалай атайды **Акселерация** 299\. Оқыту принципі **Мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер (Я.Каменякий ұсынды).**

Use Quizgecko on...
Browser
Browser