ЖАРИЯ СӨЗДІҢ логикалық құрылымы PDF

Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...

Summary

This document provides an overview of the logical structure of a public speech, outlining key principles including consistency, avoiding contradictions, and support with evidence, It touches on different types of logical errors that can arise in such speeches.

Full Transcript

**ЖАРИЯ СӨЗДІҢ логикалық құрылымы** Оратор үшін логикалық талдау жасай білу және қарсыласының тезисінің тұрақтылығын жоққа шығара білу маңызды кәсіби қажетті қасиет. Талдаудың дұрыс болуы үшін логикалық құрылған ойлаудың негізгі заңдарын білу керек. Бұл заңдарға тепе-теңдік заңы, қарама-ұайшылық за...

**ЖАРИЯ СӨЗДІҢ логикалық құрылымы** Оратор үшін логикалық талдау жасай білу және қарсыласының тезисінің тұрақтылығын жоққа шығара білу маңызды кәсіби қажетті қасиет. Талдаудың дұрыс болуы үшін логикалық құрылған ойлаудың негізгі заңдарын білу керек. Бұл заңдарға тепе-теңдік заңы, қарама-ұайшылық заңы, жеткілікті негіздеме заңы, қосымшаның жоққа шығарылу заңы жатқызылады. Тепе-теңдік заңы ойдың анықтылығын білдіреді. Бұл заң бойынша кез-келген ой талдау процесінде тұрақты мазмұнын сақтап қалуы керек. Қарама-қайшылық заңы ой мен сөздің жалғастығын білдіреді. Бұл заңның мәні -- бірнірсе туралы бір жерде, бір уақытта, бір қарым-қатынасқа байланысты болса да бір уақытта шын болуы мүмкін емес. Бұл заңды қолдану жауапқа тартылушының, куәлердің жауаптарындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Үшіншінің және қосымшаның жоққа шығарылу заңының мәнісі - қарама-қарсы екі талқылаудың бірі ақиқатты шындық та екіншісі жалған болады, ал үшіншісі тіптен болмайды. Бұл заң дәл де анық жауаптарды талап етеді және жанама дәлелдеме үшін негіз боп табылады. Жеткілікті негіздеме заңы сөздегі келтірілген әрбір жағдайдың ақиқаттылығының фактілермен дәлелденуін талап етеді. Талдаулар мен қорытындылардың негіздемеге сүйенбеуі мүмкін емес. Мысалы: адвокат өз қорғалушысының кінәсіздігі туралы тезисте өз сөзін негіздеу үшін үшін қажетті дәйектемелерді ұсынуға мәжбүр болады. Сол сияқты айыптау үкімінде де дәйектемелер көрсетілуі тиіс, сол арқылы үкімнің шығарылуына негіздеменің жеткілікті екендігі анықталады. Логикалық мәдениеттің жетіспеушілігі логикалық қателік ретінде түсіндіріледі. Оның келесідей түрлері болуы мүмкін: Егер оратор түйіндеген ойын жалғастырмай басқа жағдай туралы ойға ауысып кетсе **тезистің жойылуы** туындайды. Егер оратор белгілі бір жағдайды басқа фактілермен негіздесе **тезистің ауысуы** болады. Дұрыс қорытындыны негіздейтін сенімді аргументтің болмауынан да қателік туындайды. Оны **басты адасу** деп атайды. Бұл қателік қорытынды шын мәнінде жоқ фактілермен негізделгенде және оны тыңдаушылар байқамаған жағдайда пайда болады. Демонстрацияда тезис пен аргумент арасында логикалық байланыстың болмауынан **жорамал қолдану** қателігі туындайды. Логиканың бұзылуына сөздерді мағынасына қарамай қолдану да ықпал етеді. Сөздерді мағынасыз қолданудан **алогизм** пайда болуы мүмкін. Бұл салыстырмайтын түсініктерді салыстыру боп табылады. Түсініктердің кеңеюі немесе таралуы да логикалық қателіктің бірі боп саналады. Бұл қателік жақын түсініктің аралас қолдауынан туындайды. Мыс: дүкеннен шаңсорғыш және медициналық құралдардың ұрланғаны Ойдың логикадан тысқары алшақтауы **алғы шарт пен нәтиженің** сәйкеспеуінің нәтижесінде қалыптасады. Мыс: автокөлікті алкогольдік жағдайда айдағаны үшін кінәланады. Аргументация техникасы оратордың сөз байланысын және сөздің логикалық талдауын байқататын, ұғындыратын тілдік құралдарды таңдай білуін көрсетеді: Логикалық байланысты туындататын маңызды құрал арнайы байланыс құралдары болып табылады. Арнайы байланыс құралдары: 1. Ойдың даму жалғастылығы (во-первых) 2. Себепті-салдарлық қатынас (как уже было сказано) 3. Бір ойдан келесі ойға көшу (обратимся к) 4. Қайшылықты қатынас (однако, с другой стороны) 5. Қорытындылау (итак) логиканы жетілдіруге сұраулы пікірлер де көмектеседі: Бұл әдетте сұраққа жауап беру арқылы жүргізіледі. Сұраулы пікірлердің функциясы оның сот сөзі мәтінінің құрылымындағы орнымен анықталады. Осыған орай сұрақтарды жіктеуге болады: 1. проблемалық сұрақ 2. назар аудартушы сұрақ 3. сұрақ-жауап түріндегі ілікпе сөз. 4. логикалық сұрақ 5. авторлық сұрақ 6. байланыс орнатушы сұрақ Логикада зерттелуші құбылыстың қасиеттерін және себептерін анықтау мақсатындағы негіздемелік болжамдар гипотеза болып табылады. Гипотеза кез-келген танымдық процестің қажетті компоненті боп табылады. Логика заңғдарын сақтамау дәлелді ой білдірмеу, сөйлемнің сенімділігін әлде қайда төмендетеді, логикалық қателіктерге әкеп соғады. Дәлелденулердің логикалық операциялары өзара байланысты элементтерден тұрады: тезис, аргумент, декмонстрация. Ойдын дұрыстығын негіздеу үшін дәлелдеменің негізгі пункті тезис екендігін ұмытпау қажет. Тезис дегеніміз - ол бір өзінің шындығын дәлелдеуді талап ететін болым. Тезиске байланысты дәлелді ой келесі екі ережені сақтауды талап етеді. 1\) Тезистің нақтылығы және анықтылығы, оның логикалық анықтылығы, логикалық қарсылықтын жоқтығы. 2\) Тезистің өзгермеуі, ой білдіру пролцесіне оның өзгеруіне тиым салынуы. Өз ойының дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады? Сенімді аргументтер қолдану арқылы, білімді пікірлер арқылы сенімділікті тудыруға мақсатталған. Демонстрация дегеніміз- дәлелдеудің әдісі- ол аргументтер мен тезистің арасындағы логикалық байланыстың нысаны болады. Демонстрациялау дегеніміз- ол тезистің аргументтер арқылы логикалық негізделуі сондықтанда ол шындық болып табылады. Тезисті негіздеу- дәлелдердің тікелей немесе жанама түрлерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Тікелей дәлелдеу аргументтер арқылы жүргізіледі, тезиске қайшылық білдіретін болымдарсыз, аргументтерге тікелей сілтеме жасалады, әрбір жағдайларды растайтын фактілер арқылы , жалпы қабылданған нормаларға сілтеме жасалады. Аргументациялау өнері жоққа шығаруды білуді қажет етеді. Жоққа шығару дегеніміз - ол логикалық операция, ол алдында құрылған аргументациялау процесін қиратуға бағытталған. Сөйлеу процесінде логикамен құрылған ережелерді сақтау қажет екендігі анықталады. Аталған ережелерді сақтамау логикалық мәдениеттің жеткіліксіздігіне әкеп соғып, логикалық қателік ретінде қабылданады. Көпшілік алдындағы сөйлем ол ал дегенде ауызша сөйлем, ол мақсатпен мазмұнына қарай әр-түрлі сөйлемнің түрлерінен тұрады. Жиналыстарда, диспуттерде, ғылыми хабарлау, оқу дәрістерде, айыптау және қорғау сөйлемдерде сөйлеу-ол көпшілік алдында сөйлеудің түрлері, олар ойлану мінездемелерден, салыстырулардан тұрады, бұл жерде әр-түрлі пікірлермен ойлар қарастырылып, зерделеніп және бағаланады, оратордың позициясы қалыптастырылады. әр-бір көпшілік алдында сөйлеудің мақсаты тыңдаушыларға белгілі бір хабар беру, түсіндіру,ойлануға көмек көрсету және тыңдаушыларға әсерету, олардың ой пікірлерінің қалыптасуына көмек ету.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser