Сурет бойынша балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Мәтінде оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту жөніндегі зерттеу жұмысы туралы жазылған. Жұмыс 4 сабақ бойынша жоспарланған, соңғы сабақ сауалнама мен рефлексияға арналған. Зерттеудің мақсаты - оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлемдерді дұрыс құруға үйрету, және сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Full Transcript
\"Сурет бойынша балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту» әдістемесін таңдадым. Бұл әдіс ЗТТШ (ТРИЗ) қолдану негізінде құрылды. Зерттеуді жоспарлау. Іс-әрекеттегі зерттеуді 4 сабақ төңірегінде жоспарладым. Соңғы сабақ сауалнама мен рефлексияға арналды. Зерттеудің мақсаты: - оқушылардың ауызекі сөйлеу...
\"Сурет бойынша балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту» әдістемесін таңдадым. Бұл әдіс ЗТТШ (ТРИЗ) қолдану негізінде құрылды. Зерттеуді жоспарлау. Іс-әрекеттегі зерттеуді 4 сабақ төңірегінде жоспарладым. Соңғы сабақ сауалнама мен рефлексияға арналды. Зерттеудің мақсаты: - оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын сөз, сөз тіркесі, жай сөйлем тұрғысынан дамыту; - сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету; - сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: - оқушылар сурет бойынша әңгімені жай сөйлемдер негізінде құрай алады. - сөйлемдегі сөздердің орын-тәртібін сақтайды; - сурет бойынша шағын әңгіме құрастыра алады. Сабақ реті Қадамдар Жоспарланған іс-әрекеттер Мақсаты Күтілетін нәтиже 1 -сабақ А) Суреттердегі элементтерді атау. Ә) Суреттегі обьектілердің арасындағы байланыс пен өзара қатынас 1. Оқушылар суретте көріп отырған заттардың атауын атау керек. (кім? не? сұрағына жауап беретін) \"Бинокльден көру\" стратегиясы. 2. Обьектілердің арасында байланысты табу. - суреттегі сөздердің аудармасын білу; - жеке сөздерді ауызша айту; - суреттер арасындағы байланысты сөз тіркесі арқылы жеткізу. - оқушылар суреттегі бейнелерді ауызша сөз және сөз тіркесі ретінде дұрыс құрастырады. 2-сабақ Кейіпкерлер мен заттарға сипаттама беру. сын есім + зат есім + етістік Сын есімдерді қолдана отырып, заттарды және кейіпкерлерді сипаттау - суреттегі обьектілерге сын есімдерді қолдана отырып сипаттама беру; - сын есім, зат есім, етістік арқылы шағын сөйлемдер құрастыру; - адамдарға, заттарға сипаттама беру арқылы шағын сөйлемдерді қатесіз құрастырады. 3-сабақ Болып жатқан және ілеспе оқиғалар. (оқиғаларды құру) Үстеуді қолдану Сіз осы кейіпкердің рөліндесіз. (Сұрақ: нені сезініп тұрсыз?) Суреттегі кейіпкерлердің осы уақытқа дейін (суретке дейін) болған оқиғаларын баяндау (Сұрақ: сендердің ойларынша, осы оқиғаға дейін бұл кейіпкерлер не істеді?) - суретке дейін болған оқиғаларға болжам жасау; - жасаған болжамдарын жай сөйлем ретінде жеткізу. - суретке дейін болған оқиғаларға болжам жасайды; - өз ойларын жай сөйлеммен жеткізеді. 4-сабақ Әңгіме құрастыру Жоғарыда құрған оқиғаларды біріктіре отырып, жай сөйлемдерден құрылған әңгіме құрастыру. Суреттегі барлық кейіпкерлерді, обьектілерді пайдалана отырып, шағын әңгіме құрастыру. Сурет бойынша жай сөйлемдерден құрылған шағын әңгіме құрастырады. Мәліметтерді талдау. 7-сыныпта бөлімнің атауы \"Киім - адам көркі\"болатын. Тақырыпқа сай суретті таңдап, зерттеуге алған оқушылардың іс-әрекетін бақылауға алдым. Суретті көрсеткен кезде қарапайым сұрақтардан бастадым. Мысалы, суретте сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? (Оқушылар кімдер? сұрағының адамға қатысты екенін біледі.) Одан кейін не? деген сұраққа жауап беретін жалқы есімдерді атап оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге болады. Осы тұста, суретті көру арқылы оқушылар жаңа сөздерді тез еске сақтайтынын байқадым. Егер де сөздерді тақтаға жазып, біраз уақыт өткеннен кейін бұл сөздерді қайта сұраған кезде, жауап беруге қиналатын. Демек, жазудан көру оқушыларға сол сөздердің визуалды суреттерін көрсеткен жағдайда тез есте сақтайтынына көзім жетті. Зерттеу нәтижелері: Сабақ реті Ұтымды тұстары Қиындықтар Шешу жолдары Келесі сабаққа ұсыныстар 1-сабақ - суреттегі объектілердің атауын айтқанда, асқан қызығушылық танытты; - бір-бірін қайталамайтын суреттерді, яғни ұсақ заттарды, іздестіре бастады. (оқушылар арасында бәсекелестік байқалды). - суреттегі кейбір сөздердің аудармасын білмеді. - оқушылар білмеген кейбір сөздерді өздігінен сөздіктен іздестіре бастады. синонимдер сөздігін пайдалану 2-сабақ - сын есім + зат есім + етістік үлгісі негізінде сөз тіркесі, шағын сөйлем құрастыру жеңілдеу болды; - шағын сөйлемдерді құрастырса да, дұрыс құрастырылған сөйлемдер болғандықтан, оқушылардың сенімділігі байқалды - сын есімдерге байланысты сөздік қорының аздығы - достарынан сұрады; - ым-ишара, іс-әрекет арқылы көрсетті; - басқа заттарға сілтеу арқылы сөздердің аудармасын тауып алды. эпитет, теңеу, фразеологизмдерді жұмыстың алдында алдын-ала беріп қою. Оқушылар тақырыпқа қажеттісін солардың ішінен іріктеп алуы керек. 3-сабақ - бұл тапсырма оқушылардың суреттегі дәл сол уақытты ғана сипаттап қоймай, оған болжам жасап, сын тұрғысынан ойлауға жетеледі; - оқушылар тарапынан өте қызықты ойлар айтылды. - жекелей оқиғаларды айтуға қорқыныш болды; - уақыттың тапшылығы - оқушыларға жауапты айтпай, қолдау көрсеттім; - уақытқа шектеу берілмеді (өз ойларын жүйелеуге мүмкіншілік бердім) оқушыларға алдын-ала дайындыққа уақыт беру, содан кейін ғана сұрау. 4-сабақ - құрған әңгімелері жүйелі, бейнелі болды; - суреттегі барлық обьектілерді қамтуға үйренді. жекелей оқиғаларды өзара байланыстырып біріктіруге қиналды. Оқушыларға өз ойларын ең алдымен реттеп жазып алуға ұсыныс берілді. кез-келген суретті әңгімелеуде оқушыларға дайындыққа көбірек уақыт беру. Іс-әрекеттегі зерттеуді аяқтап болғаннан кейін оқушылармен сауалнама өткізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, оқушылар тарапынан әңгімелеуге қатысты көзқарастың біраз болса да, өзгергендігі байқалды. Оны біз төмендегі диаграммадан көре аламыз. Алғашқы және соңғы сауалнама нәтижелерінің салыстырмалы диаграммасы Қорытынды мен ұсынымдар Cонымен, зерттеу нәтижесінің соңында таңдаған әдістің тиімділігін анық байқадым, себебі қадам-қадаммен ойластырылған бұл әдіс оқушыларды біртіндеп ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады, әрі суреттегі барлық элементтерді қолдана отырып, жүйелілікке үйретеді. Оны мен зерттеуге таңдаған балалардың бойында байқадым. Дегенмен проблемалар да аз болмады. Олар: сөздік қорының аздығы; оқушылар бойындағы екінші тілде сөйлеуге қорқыныш, уақыттың тапшылығы. Сондықтан алдағы уақытта іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбын оқушылардың ең алдымен сөздік қорын молайтуға бөлсем деген ой пайда болды. Әйтсе де, жүргізілген жұмыс оқушыларға үлкен пайдасын әкелді. Әcіресе бұл әдіс 7-сыныптарда өткізілетін СITO бақылауына дайындық болмақ, себебі сурет бойынша әңгіме құрастыру - оқушылардың айтылым дағдысын бағалаудың бірден-бір көрсеткіші. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол -- жаңадан жаңаны табатын өнер» деп айтқан. Сондықтан, қазіргі уақытта әр сабақтан жаңаны тауып, оны зерттеп, талдап, өз тәжірибемен бөлісу сияқты дағдыларымызды қалыптастырғанымыз жөн болар. Әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж «Педагогикалық диалог» журналы. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ», 2013ж.№2 Мурашковска И.Н., Валюмс Н.П. «Картинка без запинки», «Триз-шанс», 1995ж.\ \ Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:\ Досмагамбетова, А. О. Іс әрекеттегі зерттеу: Педагогикалық зерттеулер жүргізудің кейбір мәселелері / А. О. Досмагамбетова. --- Текст : непосредственный // Молодой ученый. --- 2016. --- № 10.4 (114.4). --- С. 21-24. --- URL: https://moluch.ru/archive/114/29968/ (дата обращения: 06.09.2024).