Толықтауыш PDF

Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...

Summary

Бұл құжат татар тіліндегі грамматикаға арналған материал. Толықтауыш туралы түсіндірме және мысалдар келтірілген. Сөйлемнің құрылымын түсінуге арналған ақпарат бар.

Full Transcript

ТОЛЫҚТАУЫШ ТОЛЫҚТАУЫШ Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика - грамматикалық құрылымында бас мүшелерден кейінгі орынды толықтауыш мүше иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты бол...

ТОЛЫҚТАУЫШ ТОЛЫҚТАУЫШ Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика - грамматикалық құрылымында бас мүшелерден кейінгі орынды толықтауыш мүше иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін объектіні ( затты, кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді. Мысалы: Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды ( М.Әуезов). А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТОЛЫҚТАУЫШ ТУРАЛЫ А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегінде толықтауышқа: «Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын, жайын, болмысын айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң толықтауыш көбінесе, баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады» - деген анықтама бере келе, олардың жасалу жолдарына тоқталады. ТҮРЛЕРІ Меңгеруші (баяндауыш) сөз бен толықтауыштар арасындағы мағыналық қатынас басқа тұрлаусыз мүшелер тіркесіне қарағанда біршама тығызырақ болады. Өйткені меңгеруші яки баяндауыш сөздің сөйлемдегі семантикалық мағынасы толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, өзінің бар мүмкіндігімен айқын көрінеді. Толықтауыш пен меңгеретін сөздің арасында тығыз мағыналық байланыс болу себепті, толықтауыш іс-әрекеттің тікелей объектісі ғана емес, оның мағынасын түсіндіруші, саралаушы, нақтылаушы да болып табылады. Толықтауыштың бұл қызметтері сөйлемде арнаулы тұлғалар арқылы көрініп отырады. Толықтауыштар тура және жанама болып бөлінеді. Бұл баяндауыш қызметіндегі етістіктің семантикалық сипатына сай қай септіктегі сөзді меңгере алуына байланысты айқындалады. ТУРА ТОЛЫҚТАУЫШ Мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, сонымен ғана бір тіркес құрайтын заттық - объектілік қатынастағы толықтауыш түрін тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш табыс септігінің сұрағына жауап береді. Ағашты жарды, шұлықты тоқыды, інісін ойнатты. Басқа түркі тілдеріндегі тәрізді қазақ тіл біліміндегі тура толықтауыштар меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық және жасырын тұлғасы арқылы байланысады. Қыздың көзінен сонау тұнық аспанды көрді. Айгүл жақында ғана ауылдағы ағасынан хат алған (М. Мағауин). Əдетте, тура толықтауышты синтетикалық жолмен, яғни табыс септігімен келген толықтауыштармен ғана шектейді. Алайда оның аналитикалық жолмен,яғни туралы, жөнінде, жайында т.с.с. шылауларымен тіркесіп келіп күрделеніп жасалатыны да болады. Мысал үшін мына сөйлемдердегі толықтауыштарды салыстырып мəндес, қызметтес екенін байқауға болады: Ол оқығанын айтты. Ол оқығаны туралы айтты. Інім ауылға кеткісі келетінін жеткізді. Інім ауылға кеткісі келетіні туралы айтты. ЖАНАМА ТОЛЫҚТАУЫШ Өзін меңгеретін сөздермен (сөйлем мүшелерімен) атау, ілік және табыс септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысып, сөйлемді мағыналық-мазмұндық жағынан қосымша, жанамалай толықтырып тұратын толықтауыш түрін жанама толықтауыш деп атайды. Жанама толықтауыштар өзін меңгеретін мүшелермен біршама еркін байланыста болады. Зат есімдер мен заттанып солардың орнына қолданылған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, салт және сабақты етістіктерге меңгеріліп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым (М. Әуезов). ЖАНАМА ТОЛЫҚТАУЫШТАР ӘРТҮРЛІ СЕПТІК ЖАЛҒАУДА, ӘРТҮРЛІ ТІРКЕСТЕР ҚҰРАМЫНДА АЙТЫЛАТЫНДЫҚТАН, ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ ДА ӘР АЛУАН БОЛАДЫ. 1. Зат есімдер мен заттанған басқа да сөз таптары барыс септік жалғауында келіп іс-әрекеттің жанама объектісін білдірумен бірге оның орны болатын немесе барып тірелер затын білдіреді. Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер болып барады ( М.Әуезов). 2. Жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар зат есім және заттанған басқа сөз таптарынан жасала отырып, көбінесе, іс-қимыл таралған объектіні зат, құбылыстың орны болған объектіні білдіреді де, негізінен статистикалық жай-күйді білдіретін етістіктерге меңгеріледі. Оның әрекетінде байыпты іскерлік, тиянақты тындырымдылық жоқ (Т.Ахтанов). Жадымызда жаңғырығы қалған зұлмат жылдардың бетін енді аулақ қылғай ( Сыр бойы газеті). 3. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар, көбінесе, кісінің күйін, сезімін білдіретін, кеңістік заттық мәнге байланысты қолданылатын етістіктерге меңгеріледі. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштарды салт етістіктер де, сабақты етістіктер де меңгере беретін болғандықтан, олардың мағыналық аясы да қолданылу шеңбері де кең болады. а) Заттың себеп-салдарын білдіреді: Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды ( Ғ.Мүсірепов). ә) Заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды ( Ы.Алтынсарин). б) Заттың, құбылыстың салыстырмалы ерекшелігін білдіреді: Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді ( М.Әуезов). в) Іс-әрекеттің шығар арнасы болған объектіні білдіреді: Игіліктің шойындай күрең қошқыл бетінен ешнәрсенің белгісі байқалмайды (Ғ.Мүсірепов). г) Іс-қимылдың өзгеруінің белгісін білдіреді: Ешнәрсе демесе де, жолдасымның осы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды (Ғ. Мүсірепов). ғ) Логикалық субъектіні білдіреді: Ұлағатты ұстаздан талай шәкірт тәрбие алып шықты ( Ы.Алтынсарин). д) Объектіден дараланып, бөлініп, ажырап шыққан затты, құбылысты білдіреді: Ішінде қазақтан төртеуміз ( С.Мұқанов). Ендеше, осы естіген, көрген жайдан жыр туғызса нетеді? (М.Әуезов). Сонымен, шығыс септік объектілік ұғымдағы зат есімдер немесе заттанған басқа сөз таптары жанама толықтауыш болады да, ал көлемдік, кеңістік, мезгілдік мәндегі шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің пысықтауышы болады. 4. Көмектес септік жалғаулы сөздердің де жанама толықтауыш қызметін атқаратындары көбіне орын-мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ зат есімдер немесе заттанған басқа сөз таптары болады. Мұндай сөздерді меңгеретін құралмен орындалатын іс-әрекетті білдіретін етістіктер және күй – қалыпқа байланысты ортақтастықты білдіретін етістіктер болып келеді. Көмектес септікті жанама толықтауыштар: а) Іс-әрекеттің орындалу құралын немесе соған жұмсалған объектіні білдіреді: Атты қамшымен айдама, жеммен айда (Мақал). Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (М.Әуезов). ә) Іс-әрекетке іс иесінің басқа субъектімен ортақтас болғанын білдіреді: Раушан Марияммен сүйісіп амандасты ( Б.Майлин). б) Заттың бірөңкей заттардан ерекше белгісін де білдіруі мүмкін: Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді ( Мақал). Көмектес септікті сөздер басқа жағдайда сөйлемнің пысықтауыш мүшесінің қызметін атқарады. ТОЛЫҚТАУЫШ ТА ДАРА, КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ ҮЙІРЛІ БОЛЫП КЕЛЕДІ. Бір ғана сөздер тұратын толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Екі не одан көп сөздерден құралған толықтауышты күрделі толықтауыш дейді. Ана тілімді сүюіме М. Шаханов өлеңдерінің үлкен әсері болды. Көз жасыңды көрсетпе. Сіз туралы көп естігенмін. Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Құлақ естігенді көз көреді.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser