Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет Сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларды психо-педагогикалық ерекшеліктері PDF
Document Details
Uploaded by FreshVirginiaBeach7666
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет
Хашимбекова Мадина
Tags
Related
- Week 1.1 An Orientation to Medical SLP Scope of Practice and Ethics - PDF
- Aural Habilitation for School Age Children 2022/2021 PDF
- Developmental Disabilities PDF
- Analisis Perkembangan Fisik-Psikomotorik Peserta Didik PDF
- SEM 8 EXCEPCIONALIDAD_TRAST COMUNICACIÓN PDF
- Dementia: Types, Symptoms, and Diagnosis PDF
Summary
This presentation details the psycho-pedagogical characteristics of children with speech impairments at Zhumabek Akhmetuly Tashenov University. It covers various types of speech impairments and their effects on social, emotional, and cognitive development. The presentation also addresses methods to support and develop children with speech impediments.
Full Transcript
# Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеті ## Тақырыбы: Сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларды психо- педагогикалық ерекшеліктері ### Орындаған: Фи 22 9к 2 топ студенті Хашимбекова Мадина ### Қабылдаған: Алимова. Қ ## ЖОСПАРЫ: ### Кіріспе ### Негізгі бөлім 1. Сөйлеу қабілеті зақымдалған...
# Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеті ## Тақырыбы: Сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларды психо- педагогикалық ерекшеліктері ### Орындаған: Фи 22 9к 2 топ студенті Хашимбекова Мадина ### Қабылдаған: Алимова. Қ ## ЖОСПАРЫ: ### Кіріспе ### Негізгі бөлім 1. Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың психо- педагогикалық ерекшеліктері * Сөйлеу қабілеті зақымдалуының түрлері 2. Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың психо- педагогикалық ерекшеліктері * Әлеуметтік және коммуникативтік дағдылардың дамуының тежелуі * Эмоционалдық қиындықтар * Когнитивтік дамудың ерекшеліктері ### Қорытынды ### Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ## Кіріспе Сөйлеу қабілеті адамның қоршаған ортамен қарым- қатынас жасауы үшін маңызды құрал болып табылады. Сөйлеу арқылы бала өз ойын білдіреді, эмоциясын бөліседі және ақпарат алмасады. Алайда кейбір балалардың сөйлеу қабілетінің дамуы түрлі себептерге байланысты бұзылады, бұл олардың әлеуметтік, эмоционалдық және когнитивтік дамуына әсер етуі мүмкін. Сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларды психо- педагогикалық тұрғыдан қолдау және дамыту оларға өмірде толыққанды қарым- қатынас жасауға және әлеуметтенуге көмектеседі ## Негізгі бөлім ### Сөйлеу қабілеті зақымдалуының түрлері 1. Дислалия- бұл артикуляциялық аппарат бұзылуынан туындаған сөйлеу ақаулары. Баланың дыбыстарды дұрыс айтпауы байқалады. 2. Алалия – сөйлеу қабілетінің толықтай немесе жартылай жоқ болуы, көбінесе мидың зақымдалуынан пайда болады. 3. Дисграфия және дислексия- жазбаша және оқулық сөйлеудің бұзылуы. Дисграфия жазу дағдыларының бұзылуын, ал дислексия оқу дағдыларында қиындық туындауын білдіреді 4. Ринолалия- мұрын жолдарының зақымдалуынан туындаған сөйлеу бұзылуы, көбінесе тілдің дыбысталуында қиындықтар тудырады. 5. Заикание (кекештену)– сөйлеу кезінде ырғақтық бұзылу, көбінесе психологиялық және эмоционалдық факторлар әсерінен пайда болады. ## 2.Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың психо- педагогикалық ерекшеліктері Сөйлеу қабілетінің бұзылуы баланың жалпы дамуына және оның басқа адамдармен қарым- қатынасына әсер етеді. Психо- педагогикалық қолдаудың тиімді болуы үшін сөйлеу бұзылуының балалардың психологиялық дамуына қалай әсер ететінін түсіну маңызды. ### 2.1Әлеуметтік және коммуникативтік дағдылардың дамуының тежелуі Сөйлеу ақаулары бар балалардың басқа балалармен қарым- қатынасы шектелуі мүмкін. Сөздерді анық айта алмау немесе сөйлеудің баяу дамуы нәтижесінде олар өз ойын толық жеткізе алмауы мүмкін. Бұл олардың өзіне деген сенімділігін төмендетіп, оқшаулануға немесе әлеуметтік бейімсіздікке әкеледі. Педагогтар балаларға сөйлеу арқылы қарым- қатынас жасаудың әртүрлі жолдарын үйретіп, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көмектесуі қажет. ### 2.2 Эмоционалдық қиындықтар Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар өз эмоцияларын дәл жеткізе алмауы мүмкін, бұл агрессия, қорқыныш немесе мазасыздық сияқты сезімдерге әкелуі мүмкін. Кейбір балалар кекештену, қатты қобалжу немесе психологиялық стресске ұшырайды. Мұндай балаларға сенімділік пен қолдауды арттыратын орта құру арқылы эмоционалдық тұрақтылығын дамыту маңызды. ### 2.3 Когнитивтік дамудың ерекшеліктері Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың когнитивтік дамуы да кейбір қиындықтарды туындатуы мүмкін. Олар жаңа сөздерді есте сақтау, сөйлем құрастыру және ақпаратты қайта жаңғыртуда қиындықтарға тап болады. Педагогтар мен логопедтер балаға ақпаратты жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізіп, оның есте сақтау және ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тапсырмалар қолдануы керек. ## Көз шарасы патологияларын емдеу олардың түріне және ауырлығына байланысты әртүрлі әдістерді қамтиды: * **Дәрі- дәрмекпен емдеу**: инфекция немесе қабыну жағдайында антибактериалды және қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. * **Хирургиялық емдеу**: ісіктер немесе сүйек жарықшақтары болған жағдайда хирургиялық операция қажет болуы мүмкін. Бұл операциялар көздің анатомиялық құрылымын қалпына келтіруге және ісікті жоюға бағытталған. ## 3.Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу әдістері Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға оқу және жазу дағдыларын игеру де қиынға соғады. Дисграфия және дислексия сияқты бұзылулар мектептегі үлгерімге де әсер етуі мүмкін. Бұл балаларға жеке педагогикалық қолдау қажет, мысалы, арнайы бағдарлама арқылы оқу дағдыларын біртіндеп дамыту немесе жазу барысында қажетті көмек көрсету. * **Логопедиялық жаттығулар:** Логопедтер баланың сөйлеу ақауына байланысты арнайы жаттығулар таңдайды. * **Психологиялық қолдау:** Психологтар балалардың сенімділігін арттыратын ойындар мен жаттығулар арқылы жұмыс істейді. * **Әлеуметтік дағдыларды дамыту:** Олар басқа балалармен бірге ойын ойнап, бір- біріне көмектесіп, қарым- қатынас дағдыларын дамытады. ## Қорытынды Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың психо- педагогикалық ерекшеліктерін ескеру оларға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оларды қолдау арқылы сөйлеу қабілетін дамытып, өзіне деген сенімділік пен әлеуметтік дағдыларды жетілдіруге болады. Психологтар мен педагогтар арнайы әдістер мен бағдарламаларды пайдалана отырып, балаларға сөйлеу қабілетін толыққанды дамытуға және өз ойын еркін білдіруге жағдай жасайды. ## **Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ** * Волкова Л.С., «Хрестоматия по логопедии». * Филичева Т.Б., «Логопедия. Теория и практика». * Жукова Н.С., «Основы теории и практики логопедии». * Смирнова И.А., «Логопедия. Иллюстрированный справочник». * Демина А.А., «Логопедия». * Давидович Л.Р., «Логопедия. Системное недоразвитие речи у детей школьного возраста. Учебное пособие». ## **Назарларыңызға рахмет**