🎧 New: AI-Generated Podcasts Turn your study notes into engaging audio conversations. Learn more

Жасуша мембранасы PDF

Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...

Summary

Бұл мақалада жасуша мембранасы туралы, оның қызметі және екі түрлі тасымалдау механизмі пассивті және белсенді тасымалдау туралы сипатталған.

Full Transcript

Жасуша мембранасы - бұл жасуша мен оның қоршаған ортасы арасындағы шекара. Ол өткізгіштік қасиетке ие. Кейбір заттар мембрана арқылы өте алады, кейбіреулері өте алмайды. Мембрана арқылы су, тұздар, иондар, глюкоза, майлар және нәруыздар өтеді. Жасушаішілік тасымалдаудың екі түрі бар: пассивті және а...

Жасуша мембранасы - бұл жасуша мен оның қоршаған ортасы арасындағы шекара. Ол өткізгіштік қасиетке ие. Кейбір заттар мембрана арқылы өте алады, кейбіреулері өте алмайды. Мембрана арқылы су, тұздар, иондар, глюкоза, майлар және нәруыздар өтеді. Жасушаішілік тасымалдаудың екі түрі бар: пассивті және активті тасымалдау.   Белсенді тасымал --- бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады. Бұл қозғалыс әдетте бір бағытты, ал диффузия екі бағытта да бола алады. Энергия көзі ретінде АТФ қолданылады. АТФ тыныс алу процесі кезінде түзілетін қосылыс, сондықтан белсенді тасымал тыныс алу болмаса жүзеге аспайды. Белсенді тасымал плазмалық мембранада орналасқан нәруыз-тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады. Бұл нәруыздарға, жеңілдетілген диффузияға қатысатын нәруыздармен салыстырғанда, конформацияның өзгеруі үшін энергия қажет. Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1 ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, электролитте зарядталған бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары j1 ортадан, потенциал шамасы төмен j2 ортаға қарай тасымалдауды немесе электрохимиялық потенциалы жоғары m1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен m1 нүктеге қарай тасымалдауды атайды. Аталған тасымалдаудың бұл түрлерінде сырттан энергия жұмсалмайды, жүйе ішінде концентрациялық, электрлік т.б. градиентте жинақталған энергия қоры есебінен жүреді.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser