Жасуша (Биология) PDF

Summary

Бұл мақала жасуша туралы, оның құрылымы, функциясы және маңызды бөліктері туралы ақпарат береді. Жасуша биологиясының негіздерін қамтиды.

Full Transcript

**Жасуша** --- тірі организмдердің ([вирустардан](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81)басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда,...

**Жасуша** --- тірі организмдердің ([вирустардан](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81)басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір [балдырлар](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80) мен [саңырауқұлақтарда](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B)) немесе көп жасушалы жануарлар, [өсімдіктер](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80) және [саңырауқұлақтардың](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80)тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек [вирустардың](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81) тіршілігі жасушасыз формада өтеді. Жасуша «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 -- 1703) енгізген. Тіршілікті жасуша тұрғысынан зерттеу -- қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Жасушаның диаметрі 0,1 -- 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер жасушасының диаметрі 10 -- 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде -- 2×1012 жасуша, ал ересек адамның организмінде -- 1014 жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты -- протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері -- цитоплазма және ядродан тұрады. Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды -- - рибосома, - [митохондрия](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%85%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%8F), - [эндоплазмалық тор](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BD%D0%B4%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%82%D0%BE%D1%80), - [Гольджи кешені](https://kk.m.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%93%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%B6%D0%B8_%D0%BA%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D1%96&action=edit&redlink=1), - [лизосома](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D0%B7%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%BC%D0%B0), - [клеткалық мембрана](https://kk.m.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%BB%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B0&action=edit&redlink=1) деп атайды. *Рибосома* Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 -- 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің жасушасында кездеседі. [Цитоплазма](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A6%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D0%B0) -- ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар ([ақуыздар](https://kk.m.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%9B%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1), [көмірсулар](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80%D1%81%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80), липидтер, [нуклеин қышқылдары](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D1%83%D0%BA%D0%BB%D0%B5%D0%B8%D0%BD_%D2%9B%D1%8B%D1%88%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B), [гормондар](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80), [ферменттер](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80), [витаминдер](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80), тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. [Митохондрия](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%85%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%8F) -- Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser