Қазақтың Күйшілік Өнерінің Тарихы PDF

Summary

Мәтін қазақтың күйшілік музыкасы өнерінің тарихы туралы мәліметтер береді. Әртүрлі орындау мектебі мен шеберлерді атап көрсетеді.

Full Transcript

1.Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнеріне жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты 2\. Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп атала...

1.Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнеріне жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты 2\. Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. 3\. Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі -- Батыс Қазақстан аймағы. Батыс күйшілік дәстүрі күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері - Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Даулеткерей, Дина, Мәмен, Түркеш туындыларын қазақ өнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі музыкасының жетістігі деп айтуға болады. 4\. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы -- әлемдік өредегі алып композитор. Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық басуларының қанықтығымен, алапат тегеурін ырғақтық иірімдерінің алуандылығымен ерекшеленеді. 5\. Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан жүниесін толық танытатын, қуатты оттай бұрқыраған «Сарыарқа», «Төремұрат», «Кішкентай», «Серпер», «Терісқақпай», «Балбырауын» сияқты күйлерінің әр қайсысы қайталанбас туындылар. 

Use Quizgecko on...
Browser
Browser