Реферат Қазақ хандығын нығайтудағы Шыңғыс тұқымдарының рөлі PDF
Document Details
Uploaded by MajesticRomanesque
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп
Ізекенова Данагүл Асылбекқызы
Tags
Summary
Реферат Қазақ хандығын нығайтудағы Шыңғыс тұқымдарының рөліне арналған. Қазақ хандығының құрылуы, оның тарихи рөлі мен ішкі/сыртқы саясатын зерттейді. Реферат ғылыми-зерттеу жұмысын қолдайтын пайдаланылған материалдар тізіміне ие .
Full Transcript
**№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп** **Тақырыбы:** «Қазақ хандығын нығайтудағы Шыңғыс тұқымдарының рөлі» **Орындаған:** 9-сынып оқушысы Ізекенова Данагүл Асылбекқызы **Жетекшісі:** Омарова Айгуль Саденбаевна **Жоспар** **І. Кіріспе**\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....
**№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп** **Тақырыбы:** «Қазақ хандығын нығайтудағы Шыңғыс тұқымдарының рөлі» **Орындаған:** 9-сынып оқушысы Ізекенова Данагүл Асылбекқызы **Жетекшісі:** Омарова Айгуль Саденбаевна **Жоспар** **І. Кіріспе**\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\.....3 бет 1\. 1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\.... 4 бет **ІІ. Негізгі бөлім**\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\.....6 бет 2.1. Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құру жолындағы күресі\...\...\....6 бет 2.2. Қазақ хандығын нығайтудағы Қасым, Хақназар, Тәуекел хандардың тарихи рөлі\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\..... 8 бет 2.3. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\.... 10 бет **ІІІ. Қорытынды**\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....12 бет **ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі**\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\... 13 бет **КІРІСПЕ** **Өзектілігі:** Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде**.** Зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі -- кезінде қазақ қоғамында билеуші топ болып есептелген Шыңғыс хан тұқымынан шыққан тарихи әулеттердің тарихы. Қазақ тарихындағы Шыңғыс хан әулеті туралы «Қазақ мемлекетінің іргетасын төре тұқымының өкілдері қалады. Қазақ қоғамында жоғары мәртебе иесі сұлтандар, яғни Шыңғыс ханның еркек кіндікті ұрпақтары -- шыңғысзадалар болды. Шыңғыс тұқымының балалары туғаннан-ақ сұлтан атағын иемденіп, осынау әлеуметтік топтың тұқым қуалайтын мүшесі ретінде құқыққа ие болды. Әрбір шыңғысзада Шыңғыс хан ұрпақтарының қай әулетіне жататынына қарамастан хан тағына таласқа түсуге хақылы болды. Сонау алыс-жақын ғасырлардың өн бойында дала билеушілері аса қуатты империялардың қысымына және ішкі алауыздықтың дүмпуіне төтеп бере жүріп, ең басты байлығымызды -- ұлттық тұтастық пен ұлттық жер аумағын сақтап қала алды. Тарихтағы өз рөлдерін түйсіне білген олар ұлттық мүдде үшін өлшеусіз қызмет етіп, пайдалы іс тындырып кетті» \[1, 209-210 бб.\], - деу арқылы мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақ хандары мен сұлтандарының Отандық тарихтағы орнына жоғары баға берді. **Мақсат-міндеттері:** Тарихты жасайтын халық десек те, тұлғалардың алатын орны ерекше. Қай заманда да көшбасшысының ұстанған саясаты елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалуға бағытталды. Қазақ халқы әрқашан көрегендік пен кемеңгерлік танытқан билеушілерін, ғұламалары мен ержүрек қаһармандарын биікке көтеріп, ұлықтаған, ұлықтайды және ұлықтай бермек. Қазақ мемлекеттілігі тарихы өрлеу мен құлдырау, нығаю мен әлсіреу, жоғалту мен қайта ие болу сияқты талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Осы тұрғыда ұлт тарихындағы Қазақ мемлекеттілігін сақтау жолындағы жанкешті еңбек сіңірген Шыңғыс тұқымдарының жүргізген саясатына баға беру. Осыған байланысты жұмыстың міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды: - Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтау; - Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құру жолындағы күресін ашып көрсету; - Қазақ хандығын нығайтудағы Қасым, Хақназар, Тәуекел хандардың тарихи рөлін айқындау; - Есім, Жәңгір, Тәуке хандар тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатынының ерекшеліктерін анықтау. **Құрылымы:** Кіріспеден, бір тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «\...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең\... Бұл оқиғаның саяси Һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр». Н. Ә. Назарбаев Тарихтағы кез келген ауқымды тарихи оқиғаның маңызы қандай болса, сол оқиғаның тарихи алғышарттары да сондай болады. Қазақ хандығының құрылуы қазақ тарихындағы дәл сондай әрі маңызды, әрі алғышарттары тереңнен бастау алатын оқиғалар қатарына жатады. Хандықтың құрылуының қазақ халқы үшін маңызы өте зор. Ұлттық сипаттағы қазақ мемлекетінің тарих төріне шығуымен Дешті Қыпшақ аумағында көптеген өзгерістер болады. XV ғасырдың ортасында жаңа мемлекетті құру үшін тиімді жағдайлар қалыптасты. Әбілқайыр хандығын ішкі талас-тартыстар жайлап, хандық ыдырау алдында тұрды. 1457 жылы хан әскерлеріне қалмақтар күйрете соққы берді. Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан мемлекеттік басқаруды қалпына келтіру үшін жаңа, қосымша салықтар мен міндеткерліктер жариялаған. Бұған наразы болған қатардағы көшпелілер хан саясатына қарсы шыққан Керей мен Жәнібекке қолдау көрсеткен. М. Х. Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» шығармасында айтылған басты саяси себептің бірі -- Орыс хан әулетінің Әбілқайыр ханнан қысым көруі. Керей мен Жәнібек сұлтандардың бұл батыл қимылы Қазақ хандығының құрылуын және қазақ халқының бірігуін тездетті. Қазіргі қазақ тарихнамасында Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа хандық құру әрекетінің себептеріне тоқталумен қатар, бұл қай жылы болды деген жорамалдарды ұсыну жиі кездеседі. Енді сол жорамалдарға тоқталсақ: Ш. Құдайбердиев «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде «1455 жылы, Әбілқайырдың бұл бақытсыздығының (ойраттардан жеңіліс табуы) үстіне, қол астынан қырғыз, қазақ һәм басқа бірталай елін алып, Әбілқайырға өкпелеп Әз Жәнібек хан мен Керей хан ауып, Шудағы Шағатай нәсілінің ханына барды» -- деп жазып келе қазақ хандығы 1456 жылы құрылды деген пікір айтады \[2, 35 б.\]. Қазақ хандығы тақырыбына қалам тартқан М. Тынышбаев «Түрік-монғол тарихы» атты еңбегінде «Ең ескі заманнан бастап 1456 жылға шейін (Өзбек-қазақ айырылған жыл)» деп бөлімге бөледі. Сөйтіп, 1456 жылдың қазақ мемлекеттігінің алтын табалдырығы екенін аңғартып өтеді \[3, 62 б.\]. Ал жазушы М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде былайша тұжырымдайды: «Кеше ғана Көк Ордада тежеусіз билік құрған Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр билігінен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен түп көтеріле көшіп, Қозы-Басы дейтін байтақ қоныспен Шу өзенінің бойында дербес хандықтың туын көтереді, бұл жаңа ұлыс Қазақ Ордасы деп аталады. Бұл 1456 жылы болған оқиға» \[4, 12 б.\]. 1983 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихы» 5 томдықтың 2-томында және ғалымдар В. В. Вельяминов-Зернов, А. А. Абусейітова, В. А. Мойсеев, Ә. Х. Марғұлан және өзге де ғалымдар Қазақ хандығының басталуын 1456 жыл деп көрсетеді. Қазақтардың жаңа хандық құруы М. Х. Дулати «Тарих-и-Рашиди» жылнамасында баян етіледі. М. Х. Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазуы бойынша Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылған. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көптеген мәліметтер келтірілген. Алайда бұл пікірдің қате екендігін алғаш рет өз еңбегінде Т. И. Сұлтанов дәлелдеген болатын. Қысқаша түрде айтсақ, сол кездегі Моғолстан ханы Есен Бұғаның нақты 1461-1462 жылдары қайтыс болғандығын М. Х. Дулати тайға таңба басқандай етіп көрсетеді де, 1465-1466 жылдары Есен Бұғаның Керей мен Жәнібекті Моғолстанға қабылдауы қисынға келмейді. Дегенмен Қазақ хандығының құрылған жылы ретінде көптеген ғылыми еңбектер мен зерттеулерде аталмыш жылдар көрсетіліп жүр. Және де биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы да осы жылдарды басшылыққа алғанның бір айғағы \[5, 78 б.\]. Келесі тарихшы-ғалым Б. Б. Кәрібаевтың зерттеулері бойынша , 1457-1458 жылдар деп есептелінеді. Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келуі 1457 жылдың күзінде болған оқиға деп, ал Керейдің хан сайлануы 1458 жылдың күзінде жүзеге асқан деп есептей келе 1457-1458 жылдарды айтады. Сонымен қатар 1470-1471 жылдар деп те аталып жүр. Бұл жыл бойынша 1469 жылы Әбілхайырдың қайтыс болуы, Мауеренахр билеушісі Әбу Сайт мырзаның қайтыс болуы және осы жағдайдан кейінгі пайда болған оқиғалар қазақ хандығының Моғолстан «шекпенінен» шығып, дербестенуіне мүмкіндіктер береді. 1470-1471 жылдары Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп, оның орнына жаңа әулеттің қазақ хандары әулетінің келуі \[5, 79-80 бб.\]. **2.1. Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құру жолындағы күресі** Қазақ хандығының құрылуы -- қазақ халқының тарихындағы аса маңызды белестің бірі. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиген болатын. Керей мен Жәнібектің келуіне Моғолстан ханы Есен Бұға қарсы болмаған. Оның себебі бауыры Жүніс хандыққа таласып жеңіліп қалған соң Әмір Темір ұрпақтарынан қолдау табу үмітімен Орта Азияға кетіп қалуы. Бауыры Жүністен қауіптенген Есен Бұға қазақ сұлтандарын Батыс Жетісуға қоныстандырған қауіпсіз болады деп есептеген. Қазақ сұлтандары [Моғолстанның](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D2%93%D0%BE%D0%BB%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD) батысындағы [Шу](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%83) бойы мен [Қозыбасы](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%B7%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B) өңірі аралығына келіп қоныстанған болатын. Бұл аймақ -- сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есен Бұға хан мен оның туған ағасы [Жүніс хан](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%AF%D0%BD%D1%96%D1%81_%D1%85%D0%B0%D0%BD) иеліктерінің арасы болды. Енді Қазақ Ордасының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек туралы деректерге тоқталар болсақ: Керей хан (туған жылы белгісіз) -- Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Керей ханның шығу тегіне келсек, ол -- Жошы ханның үлкен ұлы -- Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. Т. И. Сұлтанов аударған «Муизз ал-ансабтың» мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған, делінеді де: «Бірінші ұл -- Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған. 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди», -- деп айтылады. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі -- Керей хан. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы -- Керей хан болып жалғасады. XV ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Тек М. Х. Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген. Жәнібек хан -- Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы. Оның шын есімі -- Әбу Сайд. Ол Орыс ханның Құйыршық атты ұлының ұрпағы, Ақ Орданың соңғы ханы, атақты Барақ ханның Мір-Сайд, Мір-Қасым атты ұлдарынан кейінгі кіші ұлы. Жәнібек хан әкесі Барақ хан қайтыс болғаннан соң, 1428-1457 жылдары Сыр өңірінде ұлыс басқарған Жәнібек ханның билігі 6-7 жылға созылады. Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады \[5, 120-121 бб.\]. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзені құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Батысында Сырдарияның оң жағалауындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын қамтыған. Солтүстігінде Сарысу өзеніне дейінгі аймақты алып жатқан. Әбілқайыр хандығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хандығынан Қазақ Ордасының құрамына келіп қосылушы қазақ тайпаларының санында шек болмаған. Бұл жағдай Қазақ Ордасының нығаюына және ұлыстың жер көлемінің кеңейіп, ұлғаюына ықпал етті. Сонымен қатар Қазақ Ордасының сұлтандары көршілес орналасқан елдермен қарым-қатынас орната білді. Қазақ Ордасының алғаш қарым-қатынас орнатқан орнатқан елі Шағатай ұлысының ұрпақтары Моғол хандығы болатын. Керей мен Жәнібек хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатқан. Жаңадан құрылған Қазақ Ордасының алғашқы кездегі көрші жатқан елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде болған. Керей мен Жәнібек басқару ісін бір-бірімен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген. Жаңадан құрылған Қазақ Ордасы өз алдына мынадай тарихи міндеттер қойды: 1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында әуелден қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Йасы, Сығанақ, Созақ, Отырар және өзге де қалаларды қол астына қарату, себебі Сырдария қалаларының саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор болатын; 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Қазақ Ордасының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек өз алдарына қойған мақсаттарын орындау үшін Сыр бойындағы қалалар үшін Шайбани ұрпақтарымен күрес жүргізе бастады. Бұл күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан бастаған топ Созаққа шабуыл жасады. Осы жорықтар нәтижесінде Созақ пен Сауран Қазақ хандығының құрамына кірді. Алайда Шайбани хан Ноғайлықтармен одақ құрып Аркөк пен Сығанақ қалаларын басып алды. Қазақ хандарының жіберген әскерлері олардан басым түсіп, бірлескен әскерді талқандап, Сығанақ қаласын қайтарып алады. Осылайша Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына өтеді. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Созақ, Сауран Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті, қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарды бірінен соң бірі жеңіп, оны қорғап қалды. XV ғасырдың аяғында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы, түптеп келгенде қазақ хандарының басымдылығын танытты \[5, 135-136 бб.\]. **2.2. Қазақ хандығын нығайтудағы Қасым, Хақназар, Тәуекел хандардың тарихи рөлі** Қазақ хандығы Қасым хан тұсында мейлінші күшейіп, сол кездегі қазақ елінің өрлеуі халық есінде сақталып жетті. Қасым хан билік құрған жылдары Жетісу қазақтары да толығымен дерлік Қазақ хандығының құрамына алынып, мұндағы Моғол ханның билігі шектелді. Көрші елдер Қасым тұсындағы Қазақ Ордасын қуатты мемлекет ретінде таныған. Шайбани мемлекетінің жеңілуі Қасым ханға оңтүстік Қазақстан жеріне билігін жүргізуге мүмкіндік берді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының өзге жұрт жеріне көз алартпай, өз елін біріктіру саясаты орныға түсті. Ноғай мырзаларымен қарым-қатынастар да осы саясат аясында болған. Қасым хан қазақ жерлерін біріктіру саясатын тұрақты жүргізді. Нәтижесінде 1513-1521 жылдары Қазақ хандығы Еділ-Жайықты саяси бақылауына алып, Батыс Қазақстан түгелдей дерлік Қасым ханның қол астына өтеді. 1513 жыл шамасында Қасым ханның қол астындағы әскер саны 300 мыңға жуық деп шамаланса М. Х. Дулати дерегі бойынша 1515-1518 жылдары бір миллион деп есептеледі. Бабыр өз естелігінде «Жошы ханнан соң ешкім де ол ұлысты Қасым хандай басқара алмады» -- деп атап көрсеткен. Қасым хан ел мүддесіне сай саясат жүргізді. Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатты. Қазақ хандығы алыс елдерге де осы жылдары таныс бола бастады. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен өзара тиімді саяси байланыс орнатты. Қасым хан тұсында мемлекет басқару ісінде де алға басу байқалды. Ұлыс билеушілерінің билігі реттелді. «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған заңдар жинағы қабылданып, ол қазақтың дербес руханияты мен саясатының негізіне айналды. Қасым хан Сыр өңіріндегі сауда-экономикалық орталықтарды хандық құрамына қаратып, сонымен бірге Ноғай Ордасының көптеген ұлыстарын бақылауына алады. Қазақ хандығының жан-жақты өрлеуі Қасым хан қайтыс болған 1521 жылдың басына шейін созылған болатын \[6, 142-143 бб.\]. Хақназар 1510-1581 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ халқын біріктіруге, мемлекеттігін нығайтуға айырықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері. Қасым ханның кіші ұлы. Хақназар алдымен Ноғай Ордасының қол астындағы ұлысты басқарды. Осы тұста Қазақ хандығы әлсіреп, сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшырайды. Осындай қиын кезеңде билікті қолына алған Хақназар елінің еңсесін көтеріп, сыртқы жағдайларды Қазақ Ордасының мүддесіне пайдалана білді. Ол Қасым ханның ісін жалғастырып, Ноғай Ордасының бір бөлігін Қазақ хандығына қосты. Башқұрт халқының Ресейге мойынсұнбаған бөлігі де Қазақ Ордасының құрамына кірді. Хақназар Сібір хандығымен күрестің нәтижесінде Орта жүздің шетте жүрген руларын оңтүстікке топтастырды. Ойраттарға күйрете соққы берді. Моғолстан ханы Абд әр-Рашид ұлы Абд әл-Ләтиф сұлтанды жеңіп 1555 жылы Ұлы жүз руларының көпшілігін қосып алды. Түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қайтарып алды. Қырғыздардың бір бөлігі Хақназарды хан деп таныды. Шайбани ұрпақтарымен саяси-мәмілегерлік тәсілдермен де, қарудың күшімен де шешуші ұрыстар бастады. Хақназар оңтүстік және оңтүстік-шығыста Қазақ хандығынан бөлініп қалған аймақтарды біріктіруге күш жұмсады. 1568 жылы Хақназар хан, Шығай сұлтан мен Жалым сұлтанның біріккен қолы Еділ-Жайық аралығын басып өтті. Осы жорықтың нәтижесінде Қазақ хандығының аумағы кеңіп, ұлғайды. Хақназар хан тұсында қазақтардың қырғыздар, қарақалпақтар, башқұрттар, ноғайлар, өзбектер және Сефевилік Иран, Османлы, Мәскеу мемлекеттерімен байланыстары нығайды. XVI ғасырдың 70-жылдары қазақ хандығы көрші мемлекеттермен соғыспаған. Елдің ішкі басқаруына көбірек назар аударды. Қасым хан заманынан кейін екінші рет Хақназар хан Мәскеу мемлекетімен тиімді саясат және сауда байланыстарын орнатты. 1571-1572 жылдары ол Мәскеуге өз елшілігін жіберген. Бұқар ханы Абдолла мен Ташкент уәлаятының әмірі Баба сұлтанның алауыздығын пайдаланып, Ташкентті қосып алдуы көздеді. Алайда сыртқы жауларының әрекетінен қаза тапты Хақназар хан соңғы мүмкіндігіне дейін қазақ елінің дербестігін сақтау үшін күресті. Ардақты ханның үш жүзді біріктірмек асқақ арманы ел көкейінде қалды \[7, 132-134 бб.\]. XVI ғасырдың 80-жылдарының басындағы қиыншылықтардан кейін елдің бірігуі Тәуекел есімімен байланысты. Оның тұсында мемлекет Қасым хан мен Хақназар хан замандарындағы күш-қуатқа қайтып оралып, тәуелсіз жағдайын бекітті. Тәуекелді қолдаған қазақтар Бұқар хандығының қол астында қалған Оңтүстік жерлерді және қалаларды қайтарып алуға үміттенді. Елдің дені біріккен соң, Тәуекел хан осы істі қолға алды. 1598 жылдың басында Тәуекел бастаған қазақтардың Ташкент, Бұқар хандығына қарсы жорығы басталды. Аз уақыт ішінде қазақ ханының билігі Түркістан, Сайрам мен Ташкент аймағына орнады. Елді біріктірген Тәуекел хан қалмақтарды қол астына алды. Соған байланысты деректерде Тәуекел қазақтар мен қалмақтардың ханы деп аталады. Тәуекел ханның қалмақтарды бағындыруы Қазақ хандығының Шығыс Түркістан иеліктеріне қуатты саяси ықпал жасауына жол ашты. Шығыс Түркістан иеліктеріндегі бектер Тәуекел ханның ризалық қолдауымен ғана өз биліктерін жүргізді. Тәуекел алыс мемлекеттердің ішінде қуат алып келе жатқан Мәскеу мемлекетімен Қасым хан, Хақназар хан замандарындағы тең қатынастарды дамыту жолын іздеді. Бұқар хандығымен арпалыс жылдарында Тәуекел хан алыстан оқ-дәрі қаруын алудың да маңызын білді. 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге Құлмұхамет бастаған елшілік жіберді. Елшілік екі мәселеге зор көңіл бөлді. Біріншісі -- Бұқар хандығына қарсы Мәскеуден оқ-дәрі көмегін алу. Екіншісі -- 1588 жылы Ертіс жағалауында аң аулап жүрген кезде Тобыл әскербасы Д. Чулковтың тұтқындауымен Мәскеуге әкетілген Оразмұхамет сұлтанды қайтару. Келіссөздер кезінде Мәскеу аталған талап-ұсыныстарды қабыл алып, екі елдің арасындағы қатынастардың жақсаруына септігін тигізген болатын \[7, 149-150 бб.\]. XVIІ ғасырдан бастап Қазақ хандығының сыртқы жағдайы ауырлай түсті. Ертіс бойы арқылы Солтүстік Қазақстан жеріне ағыла түскен ойраттар қазақты жеріне ығыстыру мақсатында сан рет шабуыл жасады. Ойрат шапқыншылығы ұзаққа созылып ел тыныштығын алды. Осы жағдай Есім ханның билігі тұсына сәйкес келді. 1598 жылы Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырды. 1599 жылы Бұқар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды. Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейітті. Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім ханға арнап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салынса, Есім хан Ташкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатқан. Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейді. Есім хан Жетісу жеріндегі Қазақ хандығының ықпалын күшейту мақсатында Шығыс Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Ішкі ынтымақты нығайтуға бағытталған Есім хан саясаты нәтижесінде қазақ заңдары қайта қаралып, толықтырылып, «Есім ханның ескі жолы» атанған заңдар қабылдады. Қазақтардың қиын-қыстау заманда жауға тойтарыс беріп, ел ынтымағы мен мемлекет тұтастығын сақтап қалуда Есім ханның рөлін халқы жоғары бағалады. Қазақ хандығының бірлігін нығайтып, шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты \[7, 160-161 бб.\]. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Есім ханнан соң тұрақты болмады. 1631 жылы қалмақтар қазақтар мен ноғайларға соққы беріп, екі халықты бір-бірінен ажыратып жіберді. Қазақтар шапқыншылыққа қарсы тұрды. 1643 жылы бұл жорыққа тақ мұрагері Есім ханның ұлы Жәңгір аттанды. Шайқаста Жәңгір қолбасшы, батыл жауынгер ретінде танылады. 1643 жылы Жәңгір Қазақ хандығының билігін қолына алды. Мұндай жағдайда қазақтарға ішкі ынтымағын нығайта отырып, бауырлас түркі-мұсылман халықтарымен жақындасу аса қажет болды. Заман үрдісін ұғып, белсенді саясат жүргізген қайраткер, ел ынтымағын ойлап сан толғанған көсем Салқам Жәңгір хан даналық пен парасаттылық танытты. XVІI ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ-өзбек арасында берік достық одақ орнайды. Екі бауыр халық жауға күш біріктіреді. Сол уақыттан бастап қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарының саяси ынтымағы артып, ортақ мүдде, татулық үстемдік етеді. Жәңгір ханның билік жылдары ат үстінде, қалмақпен арпалысумен өтеді \[7, 168 б.\]. XVIІ ғасырдың 90-жылдары Қазақ хандығының қалыпты жағдаймен тұрақталуы, ел басқару мен ынтымағын арттырудағы игі істері Тәуке хан есімімен тығыз байланысты. Тәуке жастық шағында жоңғар әскерлеріне қарсы ұрыстарда сәтті жауынгерлік қимылдармен атағы шыққан қазақ ханы Жәңгірдің баласы болатын. Бұл жылдары мемлекетті басқару түзеліп, Әз Тәуке хан билігін үш жүз қазақтары мойындап, хандық биліктің мәртебесі жоғарылады. Әз Тәуке хан үкіметі жер көлемі өсіп, қуаттана түскен Ресей патшалығымен бейбіт қатынастарды баянды етуге зор көңіл бөледі. Әуелі, XVIІ ғасыр соңында қазақ жері мен Ресей арасында сауда байланыстары нығая түсті. Елшілік байланыстары жиіледі. XVIІ ғасыр соңында қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасында бейбіт және өзара тиімді қатынастардың сақталуы -- қазақ дипломатиясының жетістігі, сыртқы саясаттағы ата-баба жолына деген табандылық еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Үш жүзге билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар саны 32-ге жуық болды. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «алтын ғасыры» саналды. Тәуке қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын нығайтуға өзіне дейінгі «Қасым ханың қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты әдет нормаларына сүйене отырып «Жеті Жарғыны» қабылдаған. Қазақ хандығында Тәуке тұсында сыртқы жағдай бірсыпыра тұрақтанып, нығая түсті. Тәуке сауданы дамыту мақсатында елшілік алмасып тұрды. Тәуке көрші жатқан Ресей елімен мәмілегерлік қатынас орнатқан. 1686-1693 жылдары Тәуке Ресейге бес елшілік жіберген. Тәуке өзінің әкесі Жәңгірдің ісін жалғастырушы болды. Оның әскердің білгір қолбасшысы болғандығын ойраттармен жүргізген соғыстары дәлелдеп берді. Тәукенің жалпы қазақ ханы ретінде тақта ұзақ, әрі сәтті отыруы, әдетте басқа хандарда жиі ұшырасатын әскери қуатының күштілігінен емес, ең алдымен ой-өрісінің жоғарылығы, басқару ісін халықты дәстүрлі әдет заңдары мен сот ісін жүргізу саласындағы тәжірибесімен ұштастыра білуі, сондай-ақ рулар арасындағы дауларды шешудегі жеке басының сыннан өткен тапқырлығы мен жетілген шешендік шеберлігі арқасында қамтамасыз етілді. Қарапайым қазақтар арасында барынша жоғары бағаланатын көсемнің жеке басының бұл артықшылықтары Тәуке ханның барлық Үш жүзде беделінің тез өсуіне жағдай жасады \[7, 174-175 бб.\]. **ҚОРЫТЫНДЫ** Кез келген ұлттың, қоғамның тарихындағы кезеңдерді қарастырған уақытта «алтын ғасыр» деп атайтын дәуірлер болады. Қазақ тарихының қасиетті өткен шағын «алтын ғасыры» кезеңі деп айтуға болады. Ол қазақтың ешкімге бағынбаған, ешкімге телміріп қарамаған, өз төл мемлекетінің қалыптасқан кезеңі, яғни XV-XVII ғасырлар аралығы. Әлбетте, қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі жылдар, соның ішінде Керей мен Жәнібек хандар, Қасым мен Есім ханның, Тәуекел, Жәңгір, Тәуке хандардың кезіндегі дербестік кезеңін де алтын ғасыр деуге толық негіз бар. Керей мен Жәнібектен бастап, Тәуке ханға дейінгі аралықта қазақта 18 хан болған. Алайда біздер тек Қазақ хандығын ұзақ мерзім басқарған хандар тарихына ғана тоқталған болатынбыз. Бір орталықтан басқарылған кезеңде әрқайсысының өз орны бар. Керей мен Жәнібек бір-бірімен шөбере туыс. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алғандарының арқасында Шайбанилардан бөлініп шығып, осы хандықты құрды. Қасым хан он жылдай ғана билік құрып, қырық жыл ел билеген Бұрындықтан да асып түсер жағдай жасады. Батыстағы шекараны Еділге дейін жеткізді, қазақтың жерінің этникалық территориясын біріктірді. «Қасым ханның қасқа жолы» қалды. Одан кейін бірде дипломатиялық жолмен, бірде басқа тәсілмен бәрінің басын біріктірген -- Хақназар хан. Ешбірінің рөлін жоққа шығара алмаймыз. Шығайдан кейін екі жылдай Тәуекел ел биледі. Еңсегей бойлы Есім хан бар. Жәңгір хан 9 жылдай билік құрып, 600 сарбазымен жоңғар қоңтайшысының елу мыңдық әскерін тоқтатқан Орбұлақ шайқасын білеміз. Одақ құрған, ортақ майдан құрып, ақыры сол майданда қаза тапқан. Оның тарихи рөлін қалай жоққа шығарамыз? Одан кейін Тәуке. Отыз жылдан астам билік құрды. Әрқайсысының өз орны мен рөлі бар. Қазақ хандарының басты міндеттердің бірі -- орасан зор аумақты сыртқы жаулардан қорғау болып саналады. Қазіргі таңда әрбір Қазақ елінің азаматы өз елінің аумағы дүние жүзіндегі елдер ішінде тоғызыншы орын алатынын мақтан тұта отырып, оның қалыптасуы мен қорғалуы жолында шебер дипломатиясымен де, сан мыңдаған әскерлерге қолбасшылық жасап, қан майданда ұрыс салған тарихи тұлғаларымыздың рөлін білуі және олардың есімдерін әрқашанда естен шығармай құрметтеуі тиіс. **ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ** 1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. -- Алматы: «Атамұра», 1999. -- 296 бет. 2. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. -- Алматы: Қазақстан даму институы: ІІІ том. Шежіре. 1998. -- 370 бет. 3. Бегманова М. М. Дәуірдің жарық жұлдызы: Халқымыздың көрнекі саяси қайраткері М. Тынышбаевқа арналады. -- Алматы: Орталық ғылыми кітапхана. 2001. -- 273 бет. 4. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. -- Алматы: Қазақстан, 1995. 208 бет. 5. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. -- Алматы: «Сардар», 2014. -- 245 бет. 6. Сарайшық билеушілері мен батырлары. Жинақ. / Құраст. Қ. Орынғали -- Алматы: «Арыс», 2004. -- 320 бет. 7. Аяған Б. Ғ., Әбжанов Х. М., Исин А. И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. -- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. -- 320 бет.