19 ғасырдағы қазақ даласындағы сауда жәрмеңкелері PDF
Document Details
Uploaded by BeneficentArchetype
Tags
Summary
Мақалада 19 ғасырда қазақ даласында пайда болған жәрмеңкелер туралы жазылған. Жәрмеңкелер қазақ даласында сауда капиталының енуіне қолайлы жағдай жасаған. Ортаазиялық қалалардан келген тауарлар саудаға қосылған.
Full Transcript
19 ғасырда қазақ даласында сауда-саттықтың жаңа түрі -- жәрмеңке -- пайда бола бастады. Көрші елдерден келген көпестер сауданың көбін Жібек жолының бойындағы ірі қалаларда ғана жүргізді. Ал 19 ғасырда ірі қалаларда емес, әртүрлі өлкелік, уездік аймақтар таңдап алынып, жылдың бір мерзімінде сауда-сат...
19 ғасырда қазақ даласында сауда-саттықтың жаңа түрі -- жәрмеңке -- пайда бола бастады. Көрші елдерден келген көпестер сауданың көбін Жібек жолының бойындағы ірі қалаларда ғана жүргізді. Ал 19 ғасырда ірі қалаларда емес, әртүрлі өлкелік, уездік аймақтар таңдап алынып, жылдың бір мерзімінде сауда-саттық жірмеңкелер өтіп тұрды. Қарқара жәрмеңкесі саудагерлерлің жыл сайын базар ұйымдастыратын жері еді. Алыс қалалардан келген көпестер оның атын әр тарапқа таныта бастады. Жәрмеңке ресми 1893 жылы 29 наурызда ашылды. Жәрмеңкелер қазақ даласында сауда капиталының енуіне қолайлы жағдай жасады. Ортаазиялық Бұхара, Ташкент, Тобыл, Том, Қазан қалаларынан тауарлар әкелініп, сауда дамыды. Ресей мен Орта Азия хандықтарындағы сауда қатынастарының бір қалыпқа түспеуі қазақ жерінің транзиттік сауда көпірі ретінде рөлін арттырды.