Білім туралы Заң PDF
Document Details
Uploaded by StrongerComposite
2007
Tags
Related
Summary
Бұл Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Білім туралы заңының үзіндісі. Мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелер қарастырылған. Заңның негізгі бағыттары ретінде білімге тең құқық, білім берудің дамуы мен әрбір адамның дамуы баса айтылған.
Full Transcript
**Білім туралы** Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319\_ **3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері** 1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады: ...
**Білім туралы** Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319\_ **3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері** 1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады: 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; 4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; 5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; 7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; 8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі; 9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы; 10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы. 2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.