Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен кемшіліктер (1) PDF

Document Details

Uploaded by Deleted User

Жаушықұм мектеп-лицейі

2024

Миржанова Гульнар Досановна, Əбді Батырбек Тагайұлы, Жусипбекова Алия Калдаршаевна, Кулиева Эльмира Онгаров

Tags

білім сапасы педагогика әдістемелік құрал білім беру

Summary

Бұл құжат "Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен кемшіліктер" атты әдістемелік құралдың мазмұнына шолу жасайды. Құжат білім сапасын жақсарту жолдары, оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдістері, баланың қабілетін дамыту мен шығармашылық ойлауды дамыту сияқты мәселелерге тоқталады. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талдайды.

Full Transcript

Əдістемелік құрал Миржанова Гульнар Досановна Əбді Батырбек Тагайұлы Жусипбекова Алия Калдаршаевна Кулиева Эльмира Онгаровна «БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР МЕН КЕМШІЛІКТЕР» Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық- тəрбиелік журналының кезекті № мəжіл...

Əдістемелік құрал Миржанова Гульнар Досановна Əбді Батырбек Тагайұлы Жусипбекова Алия Калдаршаевна Кулиева Эльмира Онгаровна «БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР МЕН КЕМШІЛІКТЕР» Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық- тəрбиелік журналының кезекті № мəжілісінде қаралып, баспаға ұсынылған Құрастырушылар: Миржанова Гульнар Досановна - Түркістан облысы Шардара ауданы “Жаушықұм мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Әбді Батырбек Тагайұлы - Түркістан облысы Шардара ауданы “Жаушықұм мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жусипбекова Алия Калдаршаевна - Түркістан облысы Жетісай ауданы С.Қожанов атындағы N42 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кулиева Эльмира Онгаровна - Түркістан облысы Шардара қаласы “Шардара” мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен кемшіліктер» (Әдістемелік құрал) - Алматы, 2024 жыл. ISBN ©Миржанова Г.Д., Әбді Б.Т., Жусипбекова А.К., Кулиева Э.О. КІРІСПЕ ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. 3 қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдың мақсаты: Мектеп, ата - ана бірлесе жұмыс істеудің тиімдігін ұғыну және кедергілерді жою барысында қандай жұмыстар атқару керектігін анықтау Міндеттері: Өзара бірлесе отырып тиімді шешім қабылдауға, білім сапасында кездесіп жатқан кедергілерді бірлесе шешуге топта талдауға, анализ жасауға, бірлесіп жұмыс істеуді, бір - бірін тыңдауды, басқаның көзқарасымен санасуды қалыптастырады. Күтілетін нәтиже: Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін біледі; Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін түсінеді; Кедергілерді жою барысында қандай іс - шаралар атқару керектігін анықтайды; Өзара талдайды; Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімдігін ұғынып, кедергілерді жою барысында қандай іс - шаралар атқару керектігін бағалайды; 4 БІЛІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. «Адамға құлақпен тіл қалай керек болса, білім де дәл солай қажет» деп А.Байтұрсынұлы атамыз айтқандай, қазіргі таңда адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғұрлым өз ісінде табанды, табысты, мығым болмақ. Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру. Қазіргі таңдағы оқытудың әдіс - тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек»,- деп айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірде – 5 бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша саралау. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін – өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал – критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі - спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын- ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ). Баланың жан - жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, 6 Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы - баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Зерттеу дағдысын барлық пәндердің аясында қарастыруымыз керек. Осы бағыттағы ерекшелік – сабақты жоспарлау барысында тапсырмаларды саралау. Ол да педагогикалық әдіс-тәсілдің бірі, яғни тапсырманы оқушының деңгейіне қарай беру. Сол тәсіл саралау деп есептеледі. Білім беру мазмұнындағы жаңалық – осы саралау тәсілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында пән бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасында оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттарын саралау жұмысы тұр. Ол оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру және кері байланыс жаңа оқу бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуге маңызды рөл атқарады. Бірінші кезеңнің маңызы оқушылардың мықты тұстары мен олардың кездестіретін қиындықтарын анықтаудан тұрады. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарынан бақылау арқылы және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр оқушының үлгеріміне мықты тұстары мен олардың кездестіретін қиындықтарын анықтаудан тұрады. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау 7 арқылы және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр оқушының үлгеріміне көмектесетін педагогикалық қызметтерді жоспарлау үшін пайдаланылады. Бұл үдерісті нәтижeлі етуге көмектесетін бірнеше элементтер бар: Мұғалімдер оқушылар қателік жіберсе де қорықпау керектігін қолдайды; Әр оқушының өздігінен шешім қабылдау мәдениетін қолдайды; Мұғалімдер барлық оқушымен қарым-қатынас жасайды, бұл оқушылар жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін қалыптастыруға көмектеседі; Мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін сабақ мақсаттарын құру және кеңейту арқылы, мақсаттарды бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; Мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады. Жалпы оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету дегенді қалай түсінеміз? Барлық мұғалім балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысу керек. Кейбір мұғалімдер түсінбей жатады. Әр мұғалім күнделікті сабақ жоспарын құруда оқу мақсатын басшылыққа алып, сабақ мақсатын да нақты саралай алуы керек. Мысалы, барлық оқушылар; оқушылардың көпшілігі; кейбір оқушылар. Оқушы осылай сараланады. Бірақ бала кім қандай деңгейде екенін білмеуі керек. Енді кезектапсырмалар дайындау. Қалай? Барлық балаларға арналған тапсырмалар оңай тапсырмалар болуы керек. Тапсырмаларды сыныптағы барлық оқушылар орындай алса дейміз. Одан соң оқушылардың көбісі не 8 басым бөлігіне берілетін тапсырмалар енді сәл күрделірек болып,ал кейбір оқушылардың тапсырмасы одан да күрделірек болса. Сыныптағы кейбір балалар талантты,дарынды. Ол оқушыларға шығармашылық тапсырмалар, жоба жасау тапсырмалары берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жерде тапсырмаларды саралауда оқушылардың жас ерекшелігі мықты ескерілуі тиіс, яғни мұғалім оқушылардың жекелеген танымдық дамуын зерттеп алуы керек. Танымдық даму дегеніміз- баланың оқуға деген қабілеттілігі, сондай- ақ зейіні, сөз сөйлеу дағдылары, ойлауы, жадысы (материалдарды қай бала қалай еске сақтай алады), пайымдауы, шығармашылығы. Міне, осы жайттарды ескере отырып, сыни ойлай алатын тапсырмалар дайындау керек. Тапсырмалар дайын болды. Енді оны оқушыларға қалай береміз? Осы кезде мұғалімге тиімді әдістер ауадай қажет. Сондықтан ол әдістерді таңдау мұғалім шеберлігіне байланысты. Саралаудың мәні мынада: бір сыныпта, бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқи отырып, оқушылар оқу материалын әр түрлі игереді. Бұл жерде анықтаушы ретінде міндетті дайындық деңгейін атауға болады. Оның жетістіктері материалды игеру бойынша қажетті шағын талаптарды оқушының орындағанының айғағы болып табылады.Осының негізінде материалды игерудің жоғары деңгейі қалыптасады. Өскелең және жасөспірім шақтарында балаларда танымдық қабілетінің белсенді үрдісі жүреді. Жасөспірімдер қисынды ойлай алады, өзіндік талдауды біледі, теориялық жағынан ой саптай алады. Олар адамгершілік, саяси және басқа да тақырыптарда өз ойларын еркін жеткізе біледі. Сондықтан шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін оқушылар үшін талдауға, салыстыруға қатысты, дәлелдеуді, мәндісін бөліп алуды және бағалауды қажет ететін тапсырмалар беруге болады. Сонымен қатар, егер бала тек маңызды проблемаларға назар аударса, онда кейбір маңызы бар мәселелер 9 назардан тыс қалуы мүмкін. Материалды игеру деңгейін, оны оқу жылдамдығын, бақылау тәсілдерін таңдауға оқушыларға ерік бере отырып, тек қарқынды, мақсатты еңбек арқылы ғана еркін бола аламыз, өз білім, білік дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді. Сараланған тапсырмалармен жұмыс істегенде көкейтесті, жақын даму аймақтарын есепке алу маңызды. Ол үшін жұмыс нәтижелеріне үнемі бақылау жасап отыру қажет. Жалпы өз тәжірибемде сабақ барысында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану оқушылардың орындаған тапсырмалары олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретінін түсіндім. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасау үшін сыныпты топқа бөліп оқытқан дұрыс деп санаймын. Кез келген мектептерде орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінде оқушыларды топқа бөлу қарастырылған, ал білім беруді, соның ішінде, өз тіліміз бен тарихымызды танытқымыз келсе, негізгі пәндерді мысалы қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, математика пәндерінен топқа бөліп оқытуды алдағы уақытта қарастырған жөн деп ойлаймын. Өйткені оқушыларды топқа бөлу сыныптағы әр оқушымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Себебі бұл пәндер Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) және Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жасауда үлкен рөл атқарады.Қазіргі таңда мектептердің білім сапасы осы мониторинг арқылы анықталып отыр. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірдегі қажеттіліктеріне жарата білсе,осының өзі біз үшін улкен жетістік.Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздар алдында жауапты да улкен міндет тұр. 10 Ол-оқушыларды ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында білімділігі мен және бойындағы қажетті дағдыларымен табысты болуға жетелеу. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасы Білім берудің қазіргі кезеңі мұғалімнен кәсіби деңгейін, әсіресе оқушылардың сабақтағы танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін, жаңартылған білім технологияларын тұтастай жетілдіруді талап етеді. Осы міндеттерді шешу үшін оқу процесін ұйымдастыруда ұтымды технологиялар мен негұрлым икемді тәсілдерді табуға тура келеді. Дәстүрлі педагогикалық технологиялардың ұтымды жақтары бар: мысалы, оқу үрдісін нақты ұйымдастыру, оқытудың жүйелік сипаты, мұғалімнің жеке тұлғасының сабақтағы қарым-қатынасының оқушыларға әсері. Инновациялық технологиялар оқушыны білім беру процесінің басты кейіпкері ретінде анықтайды, бірақ мұғалімнің рөлі білім алудың өзгеруіне байланысты арта түседі, өйткені қазір сабақтың мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Заманауи сабақ - оқытуда демократиялық және жеке тұлғаға бағытталған тәсілдер қолданылған, тиімді ақпараттық-дамытушы технологиялар түрткі болатын шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім мен ойланатын оқушының белсенді ынтымақтастығы. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасының мақсаты - оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың стандартты емес, тиімді формалары мен әдістерін табу және дамыту. Бұл - оқу процесінің сапасын арттырудың негізгі факторы, оқушының сабақтағы білімдік мақсатты жүзеге асыруда жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 11 Міндеттері: - білім беру үдерісінде тиімді инновациялық технологияларды қолданатын мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау; - әдістемелік идеялардың электрондық банкі мен мұғалімдерді өзара әдістемелік қолдау үшін жұмыс істейтін виртуалды алаң құру, тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу; - мұғалімнің қашықтан оқыту технологияларын толық меңгеруі және цифрландыру жағдайында өзін-өзі үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігінің өсуін қамтамасыз ету; - оқыту үдерісінің сапасын арттыру; - оқушының ақыл-ой, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету. Сабақ - оқу процесін жүзеге асыратын негізгі түрі, басты құрамдас бөлігі. Мұғалімнің басшылығымен сабақта оқушының оқу- танымдық іс-әрекеті жүзеге асады. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» - дәстүрлі емес сабақ, оны құрудың үлгілері мен стереотиптерін болжауға мүмкіндік беретін, сабақ туралы түсініктерін кеңейтеді. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» - бұл жаңашыл сабақ, яғни сабақтың білімдік кезеңін нақты айқындайтын, оқушының танымдық іс-әрекетін анық, мазмұнды болуына қол жеткізетін динамикалы, вариативті жағынан жоғары, нәтижелі түрі. Тиімді, инновациялық сабақты модельдеу негіздері Білім берудегі тиімді тәсілдер мен жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа әдісті жүзеге асыратын «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» мына принциптерге негізделген: 1) «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы керек; 12 2) «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» тиімді мақсат қою ұстанымдары бойынша ұйымдастырылуы керек (SMART мақсаттары); 3) «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» «SMART технологияларының» ең жоғары деңгейін қолдану арқылы ұйымдастырылуы керек. Қағидалардың сипаттамалары Тәуелсіз, таным мазмұнына мотивациялық (қалау) және процедуралық (қабілетті) жақтар кіреді. Оқушы шындықты өз бетінше танып білуі үшін, алдымен оған түсіндіріп, таным механизмін игеруге көмектесу керек, яғни танымдық дербестіктің қалыптасуы мен дамуының, ізденіс қызметінің табысты өтуінің, оқушылардың сыни, шығармашылық ойлауын дамытудың шарты болып табылатын оқу- танымдық іс-әрекет әдістерінің жүйесін түсіну және меңгеру. Оқу-танымдық іс-әрекет әдістерінің жүйесіне жалпы интеллектуалды дағдылар немесе ақыл-ой әрекетінің жалпы әдістері және нақты, пәндік дағдылар кіреді. Ақыл-ой қызметінің логикалық ойлауына: салыстыру, жіктеу, талдау және синтездеу, абстракциялау, жалпылау және нақтылау, сонымен қатар ұқсастық, тұжырымдаманы қорытындылау (немесе тану), салдарын шығару, өз іс-әрекетін жоспарлай білу, объектіні ескеру, әртүрлі нысандардан, бірқатар объектілерді бір көзқараспен қарау сияқты әдістер кіреді. Ерекшелігіне тек осы білім саласында ғана қолданылатындар жатады. Оқу-танымдық және болашақтағы ізденушілік қызметтің сәтті өтуі үшін оқу іс-әрекетінің, әсіресе ізденіс қызметімен тығыз байланысты әдістердің толыққанды қалыптасуы ерекше маңызды шарт болып табылады. 13 Көптеген тәсілдер бойынша оқу барысында төмендегі іс-әрекет дағдыларын атап өтуге болады: 1. Тапсырманың мақсаттарын жүзеге асыру және анықтау. 2. Зерттелетін нысанды белгілеу. 3. Зерттелетін нысанға қатысты мәселелер ауқымын анықтау. 4. Берілген тапсырма үшін маңызды объектінің элементтерін байқау және анықтау. 5. Таныс жағдайдан жаңа мәселені анықтау және тану. 6. Зерттелген тақырыпты, нысанды бұрын алынған біліммен байланыстыра білу және олардың мазмұнын жадында сақтау. 7. Іс-әрекет жоспарларының, шешімдерінің нұсқаларын құру. 8. Міндеттерді шешудің белгілі әдістерін бір-бірімен біріктіру. 9. Жоспарланған іс-шаралар жоспарының тапсырманың мақсаттарына сәйкестігін бақылау. 10. Белсенділіктің нәтижесін мақсатпен байланыстыру. Ізденушілік қызметіне дайындық міндетті түрде білімді өз бетінше алуға, таным процесіне деген эмоционалды қатынасты қалыптастыруды қамтуы керек. Ол ізденушіліктің, танымдық мотивтің, қызығушылықтың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ізденімпаздық оқушылардың танымдық сұрақтарды тұжырымдауынан көрінеді, жаңалық ашуға талпындырады. Танымдық сұрақтардың пайда болуының басты шарты - сабақта оқушыларды рефлексияға бейімдейтін, шешілмегенді жеңуге, өз-өзіне сенім тудыратын атмосфераны құру. Оқу үдерісінің әдістемесі оқушының ішкі әлеміне терең енуге бағытталған, оның бойында қызығушылық мен бейімділікті, шығармашылыққа ынталандыруды ояту мақсатында құрылуы қажет. Сабақ материалын ұсыну көбінесе оқушылардың өмірлік тәжірибелеріне негізделген, сондықтан сенімін нығайту, алғашқы 14 кезде балаларды іздену іс-әрекеттеріне тарту маңызды рөл атқаруы тиіс. Мазмұнның эмоционалдылығы да маңызды: сабақта балалар күтпеген әсер алады немесе оқу материалына балаларға өмірлік тәжірибесінен алынған фактілерді енгізеді, бір нәрсені салыстыруға, жаңа байланыстар табуға, біреудің қатесін түзетуге үйренеді. Ынталандырушы фактор - мұндай тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда, оны орындау арқылы балалар танымдық қиындықтарға тап болып, оқушыдан «жаңалық ашуды» талап етеді. Ізденіске деген қызығушылық іс-әрекетте туындайды және оқушылар осы іс-әрекет тәсілдерін (оқу-танымдық іс-әрекет техникасы) игерген кезде дамиды. Бұл элементтердің барлығы өзара байланысты. Ақыл-ой әрекетінің әдістері әртүрлі сипаттағы оқу тапсырмаларын орындауда, оның ішінде ізденіс процесінде қалыптасады. Іздену тапсырмаларын орындау процесінде білім дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі. Бұл тапсырманы қалай орындауға болады? Оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеті мен танымдық ынталандыру әдістері қалай қалыптасады? Тәсіл қандай болуы керек? Танымдық іс-әрекеттің техникасы оқу процесінде оқушылардың іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы игерілуі мүмкін. Ақыл-ой әрекеттерінің әдістерін қалыптастыру мектеп оқушыларын қосымша білім алуға мейлінше сәтті дайындауды қамтамасыз етеді, психикалық іс-әрекеттің жалпы әдістерінің құрылымдық- компоненттік негізін құрайды. Әр тәсілдің құрылымдық компонентін ақыл-ой әрекетінің жалпы тәсілдері жүйесінен салыстыру, жіктеу, талдау, жинақтау, абстракция, қорытындалауды ұсынуға болады. 15 Әр тәсілді қалыптастыру үшін ақыл-ой әрекеттерінің келесі кезеңдері ұсынылады: 1) тәсілдің мағынасын түсіндіру, әрекеттердің құрамын және олардың тәртібін ашу; 2) мұғалімнің басшылығымен осы әдістерді қолдана отырып, оқушылардың тапсырмаларды орындауы; 3) әртүрлі жағдайда тәсілді өз бетінше қолдану. Осылайша ақыл-ой іс-әрекеттің барлық әдістері көмек көрсетуді біртіндеп төмендетіп (мұғалімнің кеңестері) жүйелі түрде (мүмкін болса, оқу материалы) игеріледі. Логикалық ойлау әдістерін меңгеру жалпы интеллектуалды қызметтің басқа түрлерін қалыптастыруға ықпал етеді, мысалы, ұқсастықтарды таба білу және тұжырымдама жасау, салдар тудыру, болашақ әрекеттерді жоспарлау қабілеті,нысанды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыру, бірқатар нысандарды бір көзқарас тұрғысынан қарастыру. Оқытуда бірқатар нысандарды бір көзқараспен қарау, әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыру маңызды рөл атқарады. Олар іздеу аумағын анықтайды, белгілі бір шарттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, мұнда тұжырымдаманың қажетті ерекшеліктерін іздеген жөн. Оқушыларды жеткілікті жоғары деңгейдегі ізденгіштікке жан- жақты дайындау бастапқы кезеңнен бастап бүкіл оқу кезеңін қамтуы керек, осылайша оқыту білімді терең игеруге, танымдық дербестіктің дамуына және жалпы ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді. Smart-білім Smart термині ағылшын тілінен «тиімді» деген мағынаны білдіреді. Біздің жоба тұжырымдамасына сәйкес Smart дегеніміз сабақты тиімді түрде жоспарлау деп түсінуге болады. 16 Тиімді ұғымының өзі қарапайым және түсінікті компоненттерге бөлінеді. Әр сөздің мағынасы бар, мұның сыры осында: әр жүйе тәжірибеге мәніне енгенше мақсат қоюға арналған тиімді жүйе жұмыс істемейді. Немесе ол өз функциясын нашар шешеді. Тиімді жүйені мынадай түрде ұсынуға болады: 1) S - нақты мақсат – сәттілікке жартылай қол жеткізу. Бұл не деген сөз? Оқушы осы мақсатта қандай нәтиже болу керек екендігін нақты білуі керек. 2) М - мақсаттар - Smart жүйесі бойынша мақсаттар өлшенуі тиіс. Олардың сипаттамалары болуы керек, нәтижесінде олар мақсатқа қалай қол жеткізгенін көрсетеді. 3) A - Smart жүйесіндегі мақсаттарға қол жеткізу қажет. Бұл сабақты жоспарлау кезінде қол жетімді ресурстар мен оқушылардың мүмкіндіктерін (қызығушылық, білім, дағды, уақыт) қажетті нәтижемен байланыстыру маңызды екенін білдіреді. 4) R - мақсаттар шынайы, өзекті және оқушы үшін маңызды болуы керек. 5) T - мақсатқа жету уақыты шектеулі және нақты белгіленуі керек. Қажетті жоспар жүзеге асырылуы керек, уақыт аралығы сақталуы маңызды. Осылайша, тиімді мақсат қою ұстанымына бойынша ұйымдастырылған «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» қажеттілер: - оқушыларға сабақтың нақты мақсатын анықтап және түсіндіру – нақтытмақсатқа қалай жету керек (S-нақты мақсат қою); - оқушыларға нәтиже нені өлшейтінін, қол жеткізілген мақсат қалай анықталатынын анықтау және түсіндіру (m-нәтиженің өлшемі); - оқушыларға мақсатқа қол жеткізу қалай жоспарланғанын анықтау және түсіндіру (A-мақсатқа қол жеткізу); 17 - оқушы үшін мақсаттың өзектілігі мен маңыздылығын, оған қол жеткізу қажеттілігін сипаттау (R-мақсаттың маңыздылығы); - мақсатқа жетуге бағытталған уақытты белгілеу (T-уақыт шектеулі). «Тиімді сабақ» «SMART технологияларды» қолдану арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Бұл - оқу процесінде тиімді тақта, тиімді экрандар, интербелсенді тақталар. Интернетке кез-келген уақытта кіру сияқты технологияларды қолдану қажет дегенді білдіреді. Осы технологиялардың әрқайсысы оқу, мазмұнды дамыту, оны жеткізу және жаңарту процесін жаңаша құруға мүмкіндік береді. Оқу тек сыныпта ғана емес, үйде, мұражайларда , театрлар, тарихи немесе мәдени орындар сияқты қоғамдық орындарда, кез-келген жерде жүзеге асады. АКТ дамуының қазіргі кезеңінде классикалық білім беру технологияларымен ғана емес, сонымен қатар электронды оқыту технологияларымен де қанағаттандыра алмайтын қажеттіліктер көбірек пайда болады. Қазіргі уақытта электронды оқудан Smart (ағылшынша – тиімді, ұшқыр ойлы, жігерлі) электронды оқытуға және Smart Education (тиімді білім) жүйесіне көшуде. Тиімді білім беру тұжырымдамасы – бұл көптеген дереккөздердің болуын, мультимедияның максималды түрлері, тыңдаушының деңгейіне және қажеттіліктеріне қарай тез әрі оңай бейімделуге қабілеттілігі, білім мазмұнының сапалы өзгеруі. Дәстүрлі білім беру жүйесі адамдарды Smart-қоғамдағы еңбек пен өмірге даярламайды. Smart технологияларынсыз инновациялық белсенділік мүмкін емес. Егер білім беру жүйесі бұл даму бағытынан артта қалса, онда ол тежегішке айналады. 18 Жаңа Smart технологиялары білім беру және Smart құрылғыларын кеңінен қолдану үшін пайдаланатын платформаларды өзгертуді талап етеді. Microsoft Power Point немесе Macromedia Flash сияқты бағдарламалық платформа пакеттерінде жасалған мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы тренингтер өткізу қалыпты жағдайға айналды. Алайда білім беру саласына әдеттегі презентация технологияларымен (Microsoft Power Point, Macromedia Flash) қатар жаңа, интербелсенді технологиялар еніп жатыр, бұл слайд-шоу түрінде презентациядан алыстауға мүмкіндік береді. Интербелсенді жабдықты қолдану арқылы материалды ұсынудың жаңа түрі (интербелсенді SMART Boards тақталары, интербелсенді Sympodium дисплейлері) – бұл сөйлеушінің осы және дәл қазір сәттегі сөйлеу кезінде жасаған презентациясы. SMART Boards интербелсенді тақталарында арнайы маркермен жазуға, оқу материалын көрсетуге және экрандағы жазбаша кескінге жазбаша түсініктеме беруге болады. Сонымен бірге SMART Boards интербелсенді тақтасында жазылғандар оқушыға беріледі, магниттік тасымалдағыштарда сақталады, басылады және электронды пошта арқылы сабаққа келмеген оқушыларға жіберіледі. SMART Board интербелсенді тақтада жасалған сабақ материалы кіріктірілген видео тіркеме арқылы жазылады және оны бірнеше рет қосуға болады. Тақтаны интербелсенді ету үшін бірнеше технологиялар бар. Бірі – резистивті сенсорлық технология, екіншісі - SMART Technologies компаниясының DviT технологиясы. Мұнда экранның бұрыштарында орналасқан арнайы сандық бейнекамералар қолданылады. Сонымен қатар, арнайы қондырғының 19 көмегімен кез келген плазмалық тақтаны интербелсенді тақтаға айналдыра аласыз. Әрине, Smart тақталарының барлық қасиеттерін барынша арттыру үшін арнайы бағдарламалық платформа (SMART Notebook, Bridgit, SynhronEyes) жасалды. Осы бағдарламалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. SMART Notebook сізге мәтінмен және объектілермен жұмыс жасауға, ақпаратты сақтауға және жазылған мәтінді терілген мәтінге айналдыруға мүмкіндік береді. Bridgit бағдарламасы әлемдік серіктестерге презентацияларды тез әрі оңай өткізуге, құжатыңыз бойынша кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Жалпы жұмыс үстеліндегі сөйлеуіңіздің негізгі позицияларын бөле салысымен, бағдарлама сіздің барлық жазбаларыңызды конференцияның қалған қатысушыларының экрандарында нақты уақыт режимінде дереу көрсетеді. Synhron Eyes бағдарламалық жасақтамасының көмегімен мұғалім оқушылардың жағдайын қадағалай алады, барлық оқушылардың мониторларын тақтаға шығарады, оқушылардың мониторларын бұғаттайды, интербелсенді тақтадан оқу материалын, яғни барлық компьютерлерге тест жібере алады. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау кезінде оқушылардың зейіні тұрақталады, оқу материалын тез қабылдайды, нәтижесінде әр оқушының білім сапасы артады. Тиімді, инновациялық сабақты модельдеу оқу-танымдық үдерісті ұйымдастырудың келесі формаларына негізделеді: - көркем бейнелеу арқылы оқыту; - шығармашылық іс-әрекеттің белсенді әдістері арқылы мектеп оқушыларының қабілеттерін ашу (театр, музыка, кино, бейнелеу өнері элементтерінің көмегімен); 20 - оқушылардың ақыл-ой жұмысының ерекшеліктерін аша отырып, оқу үдерісінде әдістемелік білімді белсенді қолдануды көздейтін зерттеу қызметі; - оқушылардың ұжымда қарым-қатынас сипатын көрсететін психологиялық білімді пайдалану және т.б.; - сыныптан тыс жұмыс элементтері, зертханалық және практикалық жұмыстар, экскурсиялар, сыныптан тыс жұмыстардың формалары. Инновациялық процесс – жаңа идеяны шығармашылық үдеріске және тиімді нәтижеге дәйекті түрде айналдыру. Мұғалім - бұл іс-әрекетте оқушыларды инновациялық оқу- танымдық процеске қатысушы ете алатын басты тұлға. Инновациялық сабақта мұғалімнің шығармашылық белсенділігі әртүрлі сипатта көрінеді: стандартты емес тапсырмалар, әдеттен тыс әрекеттер, сындарлы ұсыныстар, ойын-сауық жаттығулары, сабақ барысын құру, оқу жағдаяттарын, ерекше дидактикалық материалдарды құру, ғылыми фактілерді таңдау, дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру. Инновациялық сабақ түрлері Инновациялық сабақтың төмендегі түрлері қолданылады: - өзіндік оқу-танымдық іс-әрекет жұмыс сабақтары; - оқушылардың зерттеушілік әрекетін белсендіретін сабақтар; - топтық - танымдық технология негізінде құрылған сабақтар; - мәселені тұжырымдау және шешу сабағы; - саралап оқыту сабақтары; - жоба қызметіне негізделген сабақтар; жаттығу сабақтары және т.б. 21 Сонымен, инновациялық сабақтардың ауқымы едәуір кең, бірақ білім беру мазмұнын жаңарту процесінің талаптарын, қазіргі уақытта білім беру процесі мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын қашықтық форматының жағдайларын ескере отырып, ең алдымен, мектеп оқушыларының өзіндік танымдық белсенділік сабағына тоқталу қажет. Оқушының өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеті - мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын іс-әрекет, бірақ оның ойластырылған тапсырмаларына сәйкес, арнайы берілген уақытта оқушылар өз қабілеттерін, дағдыларын, мүмкіндіктерін қолдана отырып, мақсатқа жетуге саналы түрде ұмтылады. Өз бетімен жұмыс істеу – бұл өзіндік мақсат емес. Бұл - оқушылардың терең және тиянақты білімі үшін қажырлы еңбек құралы, сабақтың тиімділігін арттырудың, оқушының шығармашылық белсенділігін жандандырудың ең қолжетімді және тәжірибеде сыналған тәсілдерінің бірі. Бұл қызметте мұғалімнің міндеті - мектеп оқушыларын білімді өз бетімен алуға үйрету, өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру үшін жүйелі түрде дағдыландыру. Өзіндік жұмыс барысында мектеп оқушылары ақыл-ой әрекетінің мына компоненттерін игереді: бақылау, салыстыру, талқылау, жалпылау, пайымдау, логикалық әрекеттерді меңгеру. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру формалары әртүрлі болуы мүмкін және мұғалімнің қойған міндетіне сәйкес оларды: жеке, топтық, жұптық, сонымен қатар іштей, сырттай және т.б. деп жіктеуге болады. Сабақтың мақсаты - мектеп оқушыларының өзіндік іс- әрекетінің тетіктерін қалыптастыру және дамыту, белсенді өмірлік позициясы мен алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу сияқты тұлғалық қасиеттерді дарыту, өзекті мәселелерді шеше білуге үйрету. 22 Оқушының сабақтағы өзіндік танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай негізгі талаптарын орындау маңызды: 1) кез-келген өзіндік жұмыс нақты мақсатты көздейді; 2) әр оқушы жұмысты орындау тәртібі мен тәсілдерін біледі; 3) жұмыс міндетті түрде оқушының білім беру мүмкіндігіне сәйкес келеді; 4) танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады; 5) оқушының қызығушылығын, оны орындауға деген құштарлығын оятуы тиіс. Мұғалімге өзіндік танымдық сабақтарын өткізуге арналған кеңес: - сенім білдіру; - оқушының өзі көмек сұрамайынша, тапсырманы орындауға кедергі жасамау; - қателіктері үшін сын айтпау; - нақтылау мақсатында сұхбат жүргізу; - оқушы өзінің күшін есептей алатындай нақты жұмыс көлемін анықтау; - жұмысты аяқтау уақытын белгілеу; - оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің нәтижесін өзі бағалауына жағдай жасау; - - өзіндік жұмысты орындау өлшемдерін анықтау; - өзіндік белсенділікті бақылау нысандарын, мұғалім қызметінің нәтижесін бағалау критерийлерін әзірлеу. Оқушылардың өзіндік жұмысын басқару үш бағытта жүзеге асырылады: танымдық, тәжірибелік және ұйымдастырушылық- техникалық. Әрбір кезеңде тәуелсіз қызметті талдау пайдалы – жедел тәсіл (қолданылған іс-әрекеттер мен оларды алу тәсілдері) енгізе отырып, (алынған білімдерден) тиімдіге (жинақталған тәжірибе, жаңа 23 идеялар және т.б.) нәтиже алғанға дейін жүзеге асырылады. Оқушыларға өзіндік жұмыс міндеттерін қойып, мұғалім өзі үшін осы процеске көшбасшылық кезеңдерін анықтайды: Бірінші кезеңде оқушыны алдағы жұмысқа қызығушылық тудырып, оның құндылығы мен мақсаттарын түсіндіре отырып дайындайды. Әрі қарай, жұмысты орындау тактикасын белгілейді, көлемі мен мазмұны бойынша нақты нұсқаулар береді. Екінші кезеңде жұмыс өз бетінше орындалады. Үшінші кезеңде алынған нәтижелер талқыланып, қорытынды шығарылады. Мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жіберетін типтік қателері: 1. Жұмыстың мақсатын анықтау, оның орындалуын барлық оқушылар үшін бірдей уақыт аралығын сақтау. 2. Оны жүзеге асыруда барлық оқушылардан бірдей нәтиже күту. 3. Әр оқушының алдында сол жұмыстың мақсаттарын түсіндіруде, бірдей әдістерді қолдану, мотивацияны таңдауда қателесу. Осы мазмұндас сабақтарға дайындалу кезінде оқушылардың дағдылары мен қабілетінің деңгейлерін, олардың өз бетімен жұмыс жасауын зерттеу; оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің мазмұны мен бағытын анықтау қажет. Әр оқушы үшін өзіндік жұмыс моделі жасалады: оқыту технологиясы; оқу материалының көлемі мен мазмұны; әдебиет және дидактикалық материал; оқу процесінің техникалық және технологиялық құралдары таңдалады. Әр оқушыға жазбаша немесе ауызша түрде тиісті ұсыныстар беріледі. Өзіндік танымдық іс-әрекет қызметі сабағында мұғалім мен оқушының ұстанымдары нақты айқындалуы керек: 24 - мұғалімнің позициясы: білім беру процесінде оқушының субъективті тәжірибесін қалыптастыру және оның жеке қабілеттерін дамыту; оқыту технологиясын таңдау (қалай және нені үйретемін); - оқушының ұстанымы: белгілі бір уақыт аралығында оқыту технологиясын таңдау (өзім қалай үйренемін). Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің деңгейін, анықтап айтқанда басқалар сияқты өз бетінше танымдық әрекет ету сабақтары көрсетеді. Педагогтер мен психологтар тек қана өз бетінше әрекет ету сабағын қолдану сабақ түрлерін біріктіру әдістемесін қолданумен салыстырғанда тиімді емес деп санайды. Бұл - объективті, өйткені тапсырмаларды орындау барысында оқушылар зерттеу мақсаттарын қояды, мұғалім дифференциациялық оқытуды қолданады, жобалық қызметке жүгінеді, кейс әдісін қолданады және оқушылардың оқу материалын толық игеруіне мүмкіндік жасайды. Зерттеу сабағы - бұл қоршаған ортаны тану негізіндегі оқыту формасы, белгілі бір пәнді немесе құбылысты зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеу сабағының мақсаты - оқушылардың тәжірибесі мен олардың әлем туралы түсініктерін пайдалану, дамыту және қорыту. Мұндай сабақтың негізі проблеманы немесе тақырыпты тәжірибелік, зертханалық зерттеуді ұйымдастыру болып табылады. Оқушылар өздері зерттеуге арналған сұрақтарды таңдайды, проблеманың шешімін іздейді, пікір алмасады, тәжірибе жасай отырып, идеалды нұсқаны дамытады. Зерттеу сабағындағы оқушылардың іс-әрекетінің мақсаты - нақты нәтижеге жету. Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін қалыптастыру мен зерттеу сабағын біріктіру технологиясының басты ерекшеліктері: 25 - оқушылар өз бетінше тапсырманы орындап қана қоймай, сонымен бірге оқу материалын немесе нақты ғылыми фактіні зерттейді; - тақырыпты зерделеп, соңғы нәтижені зерттеуге ұмтылады; - сабақтағы өзгеріс, мұғалім мен оқушы арасындағы жабық қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетке және ынтымақтастыққа бағытталады. Топтық технологияға негізделген сабақ шағын топтық жұмыс, нұсқау бойынша, жұпта және т.б. болуы мүмкін. Топтық технологияның мақсаты - ұжымда жұмыс істей білуге үйрету. Топтық іс-шаралардың әрбір қатысушысы еркінен тыс бірлескен танымдық-ізденушілік жұмысқа қатысады немесе таңдайды: барлығы сияқты жұмыс істейді, не өзі топтағы рөлі мен функциясын анықтауы қажет. Сыныптастарының арасында өзін-өзі көрсетуге ұмтылатын оқушылар үшін өзін-өзі танытудың маңызы зор. Тәжірибе көрсеткендей, егер мұғалім оқу тапсырмаларын тарату процесін ұйымдастырса және оларды топта талқылау технологиясын ойластырса, топтық жұмыс тиімді болады. Мұғалім оқушылармен ақылдаса отырып, шешім қабылдау процесі талқылау, олардың пікірін тыңдап, бағыт беру негізінде жүзеге асады. Мұғалімнің бұл ұстанымы оқушыларға оқу үдерісін мақсатты түрде жүзеге асыруға және өздеріне сенімді болуға көмектеседі. Диалог, сұхбат, пікір алмасу, бірлескен іс- әрекет әдістеріне негізделген топтық технологиялар сабағы тиімді. Проблемалық сабақ – проблемалық жағдаятты құру негізінде оқытуды ұйымдастыру формасы. Проблемалық оқытудың мақсаты – себеп-салдарлық байланыстарды айқындау негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру. Оқушылар мәселенің кез келген әрекетте көрініс табатын қарама- қайшылық екенін білуі тиіс. Проблемалық оқыту – нақты 26 сипаттамалар бойынша көру мен айқындау біліктілігіне, сондай-ақ, мәселелерді шешуге бағытталған оқыту технологиясы. Проблемалық сабақтар мұғалімнен оқушылардың өздері ашуы тиіс беймәлім ұғым ретінде оқу материалын беру шеберлігін талап етеді. Проблемалық оқыту – қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешудің жаңа тәсілдерін табуға баулу. Мұғалімнің міндеті – сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық ойлау қызметін жандандыру негізінде оқу қызметін ұйымдастыру, бұл жағдайда кейбіреулері таңдау әдісін, ал басқалары жоққа шығару әдісін, т.б. қолданады. Оқушылардың ойлау қызметінің заңдылықтарын білмей, проблемалық оқытуға бағытталған сабақ беру мүмкін емес. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасын іске асыру «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасы қалалық «Педагог- шебер – озат тәжірибе» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасының мәні қызықты әдістемелер мен тиімді тәсілдерді іздеу мен құрастыруда, оларды сабақта қолдануда жатыр. Жоғарыда қарастырылған сабақтардың түрлерін мұғалім «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» құрастыру үшін тиімді қолдана алады. Мұғалім нақты әдіс, тәсіл, технологияның оқыту тиімділігін арттыруда қалай жұмыс істейтіндігін көрсетуі керек. Сабақ кезінде мұғалім сынып және жеке оқушылармен өзара әрекетінде практикалық жағынан өзінің теориялық білімін, жұмыс әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын мақсатқа бағыттай отырып, талдау жасайды. Бұл – сабақтың ұтымды жақтарын бағалауға, ықтимал резервтері мен мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін рефлексия. 27 Талдау барысында педагогикалық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілер өзара тығыз байланыста болуы тиіс. Маңызды шарттар: 1. Ұсынылып отырған әдіс немесе тәсіл бірегей, яғни мұғалімнің өзі құрастыруы керек немесе маңызды тұста жаңа идеямен толықтырылуы тиіс. 2. Бейнероликтің ұзақтығы бойынша 10 минуттан аспауы тиіс, осы уақыт аралығында тұтас сабақ (немесе оның үзіндісін) көрсетуге рұқсат етіледі. 3. Оқушылардың білімді меңгерудегі ең тиімді нәтижесі көрсетуі қажет. 4. Штаттық, сондай-ақ, қашықтағы форматтағы ұсынылған әдістер мен тәсілдер қолданылады. 5. Эстетикалық жағынан тартымды және технологиялық жағынан негізделген болуы тиіс. Жобаның қатысушылары: Жалпы орта және кәсіби білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері. Жоба қашықтағы форматта жүзеге асырылады. Жүзеге асырылу мерзімі: 2021 жылдың 1 қаңтарынан 25 сәуіріне дейін. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасының қатысушысы жобаның атауы мен арнайы белгісін (танымбелгісі), білім беру ұйымы атауын, аты-жөнін, сабақтың тақырыбы мен сыныбын көрсетіп, ұзақтығы 10 минуттан тұратын бейнеролик ұсынуы тиіс. 28 Бейнежазба MP4, AVI форматында кәсіби түрде жазылып, электронды тасығышта ұсынылуы тиіс, «үй (әуесқойлық) бейнежазба» форматында түсіріліп, сараптамалық комиссияға тапсырылуы тиіс. Қатысушының ұсынатын бейнероликтерінің саны шектеусіз. «Тиімді сабақ» үзіндісін өткізу техникасына қойылатын талаптар: - Эмоционалды, оқуға қызығушылық тудыруы және білімге қажеттілікті тәрбиелеуі; - әдіс - тәсілдің жаңашылдығы мен бірегейлігі; - қарқын мен ырғақ үйлесімді, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы; - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетіндегі қарым-қатынас, педагогикалық әдептің сақталуы; - тілектестік пен белсенді шығармашылық ахуал; - әр оқушы белсенді қатысуы тиіс. Бейнероликтерді бағалау критерийлері: - Ұсынылған материалдың бағдарламаға сәйкестігі; - ұзақтығы 10 минуттық бейнеролик; - ұсынылған тәсілдің жаңашылдығы мен бірегейлігі; - әдістемелік материалды құрастырудағы дифференциалды қатынас; - бақылау-бағалау жүйесінің болуы;- негізгі дидактикалық ұстанымдарға сәйкестігі; - бейне мен дыбыстың сапасының жақсы болуы. Күтілетін нәтижелер Өмірлік ұстаным – тұлғаның ішкі болмысы, оның дүниетанымдық, моральдік және психологиялық сапаларын, білімі мен қоғамға деген субъективті қатынасын көрсететін бағдар. Бұл 29 айқындаманың белсенді танымдық қызметінде қалыптасатын практикалық бағыты болуы керек. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оны оқыту ғана емес, сонымен қатар тәжірибеде білімін қолдануға үйрету мұғалімнің басты міндеті және оның жүзеге асырылуы үшін әр баланың жеке білім траекториясын құруы қажет. Бұл тиімді педагогикалық технологияларды, стандарттан тыс жаңа әдістерді таңдау кезінде іске асуы мүмкін. «Тиімді сабақ – білім сапасын көтеру» жобасын іске асыру нәтижесінде мұғалім қашықтан оқытатын технологияларды толық меңгереді және өз білімін үздіксіз көтеру, кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік алады, әдістемелік идеялардың электронды қоры, тәжірибе алмасуға, шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізу үшін виртуалды алаң құрылады. 30 БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасының қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынандай 3 міндетті орындау шарт: 1. Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру; 2. Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау; 3. Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау. Мониторинг –мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым(қасиет) білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары (құралдары) да ортақ бұл элементтер мынандай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау. Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер: мектеп білім беру жүйесінің мақсаты; хал-ахуалы 31 және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және атқару ; оқу мекемесі қызметін түзету. Мониторинг басқару ісін ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған. Ол кез келген уақытта объекті туралы, оның хал-ахуалы жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Мониторинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, білім беру ісін ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және мектепті дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты мектеп білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау болып табылады. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу біздің мектепте мынадай міндеттерді жүзеге асыру жолдарымен шешіледі: - Мектептегі педагогикалық жүйенің хал-ахуалын және сол жүйе бойынша жүзеге асырылатын білім беру сапасын тұрақты түрде және жан-жақты зерделеп отыру. - Шынайы ақпараттар негізінде бағалау және көмекші оқу персоналын қамтамасыз етудің шарттарын жетілдіру - Көмекші оқу персоналының мынадай салалар бойынша жқмыс тиімділігін басқару; - Психикалық –педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда - Функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда; 32 - Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процесіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау; оқу сапасын басқару. - Мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмін жетілдіру. - Мектеп білім беру жүйелерін мониторингілеу, субъектілерін қызметтерін үйлестіру. Мониторинг объектілері. Біздің мектепте мониторинг объектілері оқушы мен оқытушы, оқу нәтижелері(ағымды, қорытынды) , көмекші оқу персоналдарының ресурстық базасы. Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мониторинг мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектеп білім беру жүйесінің сапасы мына бағыттар бойынша айқындалады: -оқушылардың оқып-үйренудегі(білім алудағы) қол жеткізген деңгейі; - Педагогтардың кәсіби шеберліктері; - Инновациялық қызмет - тәрбиелеу жүйелерінің тиімділігі. Мектеп білім беру қызметін мониторингілеу мынандай өлшемдер түрін қамтиды: - Педагогикалық (біліктілік, оқу құрылымындағы жаңалықтар) - Психологиялық(мінез-құлық, тұлғаның бағдарлануы, жеке тұлғалық қарым-қатынастар жүйесі, негізгі психологиялық сипаттамалар) - Дидактикалық (оқушылардың іс-әрекеттерін басқаруға және түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдері) Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады: -Бастауыш буында 1-4 кластар; -Орта буында 5-9 кластар; -Жоғары буында 10-11 кластар. 33 Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді. Осы буындар ішінен негізгі мектептің нәтижесі ҰБТ дайындық бойынша көрінетіндіктен, осы ҰБТ дайындық қалай жүретіндігіне тоқталып кетсем ҰБТ дайындықты ұйымдастыру бойынша Мақсатымыз: оқушыларды ҰБТ форматындағы қорытынды аттестаттауға дайындау сапасын арттыруға және сапалы әдістемелік оқытуға бағытталған жағдай жасау арқылы пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейін арттыруға жағдай жасауға ықпал ету. Міндеттеріміз: -оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауды ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін тереңдету және жетілдіру үрдісін бақылау және бағалау; -білім беру ірдісін ұйымдастыру барысында оның сапасын арттыруға ықпал етуші тиімді басқарушылық шешімдерді анықтау; -сабақты сапалық әдістемелік қамтамасыз етілуіне, пән мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған жағдайларды анықтау және қалыптастыру; -ҰБТ-ға дайындық жөнінде жүйелі қызметті ұйымдыстырудың проблемалық сапаларын анықтау; - педагогтердің ҰБТ-ға дайындық жөніндегі жүйелі қызметтін ұйымдыстыру барысында жеке мекен-жайлық әдістемелік көмек көрсету; 34 - қорытынды аттестаттауға дайындау барысында бақылау- сараптамалық және түзету қызметтерін ұйымдастыру бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету; -гимназияның басқарушылық қызметі жүйесінің оқушыларды оқыту сапасын көтеру деңгейіне пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейіне ықпал ету нәтижелерін бақылау; -педагогтер мен оқушылардың сұраныстарын ескере отырып,түзету жұмыстарын жүзеге асыру; Міне, осы міндеттерді атқару үшін бүгінгі кеңеске «Сараптамалық –консультациялық кеңес» құруды ұсыныс ретінде айтқым келеді: Сараптамалық Консультациялық Кеңес қызметінің негізгі бағыттары мен уәкілеттілігі 1.Осы бағыттағы қызметтерді ары қарай түзету жөнінде ұсыныстар жасайды. 2.Пән бойынша, бейін бойынша «Алтын белгіге» үміткерлерге жүргізілген сынақ тестілеу нәтижелерін талдайды. 3.ҰБТ-ға дайындық сапасына кедергі келтіруші проблемалар мен факторларды анықтайды. Заманауи білім беру ұйымдарында педагогикалық процесс әр баланың бірегейлігі мен ерекшелігін сақтауға, қабілеттілігін ашу мүмкіндіктерін құруға, олардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан әр баланың қызығушылығы, мүмкіндіктері мен проблемалары туралы ақпараттың педагогте болуы педагогикалық үдерістің тиімді кепілі болып табылады. Балалардың интеллектуалдық, физикалық, тұлғалық дамуы мен білімдік жетістіктерінің динамикасының педагогке қадағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық үдерістің сапасын бақылау жүйесінің қажеттілігі туындайды. 35 Білім беру практикасының қажеттілігімен қатар педагогикалық процестің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігі Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттардада көрсетілген. Мысалы, білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға мінтетті стандартында (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген) «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар оқушының жасына сәйкес оның жетістіктерін мониторингілеу негізінде үлгілік оқу бағдарламасында күтілетін нәтижелер түрінде анықталған» делінген. Сондықтан үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру барысында жас ерекшеліктеріне сәйкес балалардың дамуын бағалау, яғни мониторинг өткізіледі. Білім беру ұйымдарында білім беру жүйесінде «мониторинг» – біршама жаңа түсінік, сондықтан оның тұрақтанған «педагогикалық диагностика» және «бақылаумен» байланысын нақтылау керек. Басқару іс-әрекетінің түрі ретінде бақылау аясында бақыланатын объекттің жоспарланған және шынайы жағдайы салыстырылады, мысалы, білім беру саласын игеру аясында балалардың жетістіктері. Ақпараттың едәуір санын жинау білім беру ұйымның іс-әрекетін бақылауды ұйымдастыру барысында жиі кездесетін проблема болып табылады. Білім сапасына білім беру жүйесінің талаптарының ұдайы артуы МДҰ-ғы мониторинг жүйесін қалыптастыру туралы шешімді қабылдаудың басқа негізі болып табылады. Білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түсінудің жалпы тәсілдеріне сүйеніп және білім беру ұйым буынның ерекшелігін ескере отырып білім берудің сапасын балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінің нәтижелігі мен жағдайын анықтайтын әлеуметтік категория ретінде қарастыру 36 керек. Сонымен бірге білім берудің сапасы, білімдік қызметтерден педагогтер мен ата-аналардың күтулерін қанағаттандыру деңгейі мен МДББ ғылыми негізделген мақсаттар мен міндеттерге жету деңгейі ретінде түсіндіріледі. Мониторингтің өлшеуіш құралдарын әзірлеудің қарастырылуы келесі қадамдағы бағыттылығын анықтау болып табылады, ол мониторинг аясындағы диагностикалық шараларды өткізудің критерийлері мен әдістері. Критерий (грек тілінен kriterion – пайымдау құралы) – бағалаудың негізінде жасалатын, бір нәрсенің класификациясы немесе анықтамасының қасиеті деп түсіндіріледі, бұл пайымдаудың, бағалаудың өлшеуіші. Критерий – объект, құбылыс немесе үдерісте қандайда болсын қасиеттің барын көрсетеді. Мысалы, балалардың денсаулық сақтау құзыреттіліктерінің критерийлері келесідей анықталады:  денсаулық, салауатты өмір сүру салтымен байланысты әңгімелер, ойындық міндеттер мен проблемалық жағдаяттардың мазмұнына баланың қызығушылығы;  негізгі қимылдарды орындау кезінде шығармашылық таныту;  топтағы балалармен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру;  қауіпсіздік ережелерін са

Use Quizgecko on...
Browser
Browser