Қорытынды емтихан сұрақтары PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
This document provides a set of examination questions on stylistics and language use in Kazakh literature and media. It covers various topics including analyzing the language and style of publications, different writing styles (formal, informal, scientific), and the use of figurative language. The questions require in-depth knowledge and understanding of the respective fields.
Full Transcript
**Емтихан сұрақтары** 1. Баспасөздің тілі мен стилін әсерлі және ықпалды етудің жолдарын талдау. А.Байтұрсынов шығармалары толық жинағының «Сөз өнерінің ғылымы» атты тарауындағы: «Әсерлеу» деген ұғымға түсініктеме беріңіз. 2. Редактор Гүлнар Салықбайдың жазбаларына талдау жасау. Әр с...
**Емтихан сұрақтары** 1. Баспасөздің тілі мен стилін әсерлі және ықпалды етудің жолдарын талдау. А.Байтұрсынов шығармалары толық жинағының «Сөз өнерінің ғылымы» атты тарауындағы: «Әсерлеу» деген ұғымға түсініктеме беріңіз. 2. Редактор Гүлнар Салықбайдың жазбаларына талдау жасау. Әр сөзді орнымен қолдану керек. Кейде сөздердің орны ауысып кеткендіктен немесе журналист айтар ойын дұрыс жеткізе алмағандықтан, сөйлемнің мағынасына нұқсан келіп жатады. Мысалы, (*«Қазақстан» телеарнасының жаңалықтарынан*) «**Қостанайда пара алған кеден бекетінің (?) басшысы ұсталды**». Пара алған кеден бекеті ме, басшы ма? Дұрысын жазып көрсетіңіз. 3. Стилистика ғылымына түсініктеме беру. «Стиль сөзі -- латынша stylos (қазақша -- жазу құралы) деген мағынаны білдіреді. Оның осы мағынасы Еуропа білімпаздарының арасында көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль -- сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика -- риторика (шешендік) өнері болып саналған. Қазақстанда стиль ұғымы қалай қалыптасқанын түсіндіріп беріңіз. 4. Стиль ұғымы. Стильдің түрлерін сипаттау. «Стиль» термині әдебиет тану, бейнелеу өнері, музыка сияқты ғылым салаларына да қатысты. Себебі, стиль терминінің мазмұны ауқымды болғандықтан, оның қолданыс табатын аясы кең. Себебін түсіндіріп беріңіз. 5. Іс-қағаздар стилі туралы талдау жасау. Ресми-іскерлік стиль адамның қажеттілігіне бүкіл ғұмыр бойы қызмет етеді. Себебін ашып көрсетіңіз. 6. Публицистикалық стиль туралы баяндау. Публицистикалық стиль -- сөйлеудің қоғамдық-саяси, мәдени, спорт және т.б. осы сияқты әлеуметтік қатынастардың кең көлемін қамтитын функциональдық стильдердің бірі. Функциональдық стиль деп аталу себебін айшықтап көрсетіңіз. 7. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшеліктерді ашу. **Ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі** -- оның белгілі заңдар мен қағидаларға сүйеніп, белгілі шарттылық ұғымын қанағаттандыру идеясын қамтиды, яғни қарастырылып отырған зат пен құбылысты дамытуға, түрлендіруге, басқаша сипаттауға, толықтыруға, теңестіруге, қарсылық жасауға т.б. ой мен тұжырым негіздерін басшылыққа алады. Ғылыми стильдің етістіктеріне мысалдар келтіріңіз. 8. Көркем әдебиет стиліндегі «шеберлік» ұғымының маңызын ашу. Тіл шеберлігі, стиль ерекшелігі мерзімді басылымның, телерадио хабарларының сапасын арттырады, әр журналисті басқалардан даралап тұрады. Осы даралықты айқындап тұратын мысалдар келтіріңіз. 9. Стилистиканың қалыптасу тарихы және даму кезеңдеріне баға беру. Стилистика ұғымы тіл білімінің бір саласы ретінде ерте дәуірлерден бастап дамып келеді. Стилистиканың мәселелері жайлы ғылыми тұжырымдарға тоқталыңыз. 10. Ауызекі сөйлеу тілі лексикасының айырмашылықтарын талдау. Ауыз-екі сөйлеу тілі мен көркем әдебиет стилінің бірнеше жақындықтары бар. Әдеби нормадан тыс тілдік құралдардың қолданылу мүмкіндігі жоғары болады. Осы тілдік құралдарға мысалдар келтіріңіз. 11. Махамбет стилистикасындағы түр мен түс және сан ұғымдарының фразеологиялық мағыналарына анықтама беру. Мысалы, [**Қызыл** түс атауына қатысты] -- ***қызыл гүл, қызыл көйлек*** («әдемі»), ***қызыл сырлы жебе*** («ең тәуір», «өткір», «қауіпті», «шапшаң»), ***қызыл изен*** («жақсы», «жаңа көктеп келе жатқан», «жас») т.б. Махамбеттің «Сары», «қоңыр», «боз» түс атауларын мысалдармен талдап беріңіз. 12. Махамбет стилистикасындағы сөз қолданыстарының ерекшеліктерін жеткізу. Махамбет өлеңдерінде мәнерлегіш-көркемдік бояуы басым фразеологиялық сөз орамдары көптеп кездеседі: ***көз көрім жер, мейманасы тасу, ат салу, әзіреттен ант ішу, ата жау, еңселігім екі елі, ер көңілін желдету, маңдайынан күн өтіп, жауырынан жел өту, еңсесі түсу, ат үстінде күн көру, тебінгі теріс тағыну. Осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп беріңіз.*** 13. Ахмет Байтұрсыновтың тұңғыш лингвист-ғалым екендігін дәлелдеу. Жалпы қазақ тілінің лингвистикасы деген ұғымды түсіндіріп беріңіз. Лингвистика ғылымын игеру журналистерге не үшін қажет? 14. Сараптамалық мақала жанрының талаптарына тоқталыңыз. «Қай елдің азаматысыз?» тақырыбында жазылатын сараптаманың құрылымын жасаңыз. 15. Стилистиканың мәнерлегіш құралдары туралы жалпы түсінік беру. Қазіргі БАҚ-тағы ойды мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобына мысалдар келтіріңіз. **2-блок** 1. Әдеби тіл және оның нормасына анықтама беру. Жалпы әдеби тілдің бір бөлігі бола тұрып, көркем әдебиет тілі әдеби тіл нормаларының шегінен жиі шығып кетеді. Осы ұғымды түсіндіріп беріңіз. 2. Қазіргі БАҚ тілінің экспрессивтік-стилистикалық ерекшеліктерін талдау. Қазақ тілінде экспрессивті бояу-реңкі өте жоғары лексикалық-фразеологиялық тіркестер қалыптасқан. Олардың басым көпшілігі жағымды мәнді білдіреді. Олар: *құлын мүсінді, бота көз* -- сұлулық символын білдірсе, ата-ана баласын еркелеткенде, *қоңыр қозым, жәудіреген ботақаным,* *«құлыным»* т.б. жағымды мәндегі бейнелі тіркестері болса, жағымсыз мәндік реңктердегі тіркестерді мысалға келтіріңіз. 3. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» оқиғасындағы экспрессивті-эмоционалды сөздерді талдау. 4. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабындағы сөз бен стиль туралы ғылыми тұжырымдар желісіне баға беру. 5. Рабиға Сыздықованың «Сөз сазы» кітабындағы орфоэпиялық даралықты бейнелеу. 6. Рабиға Сыздықованың «Сөз құдіреті» кітабындағы сөз ұғымын ғылыми тұрғыда таразылау. 7. БАҚ-тағы стандарт және штамп сөздердің қолданыс табу ерекшеліктерін талдау. Шаблондар мен стандарттар - ресми-іскерлік стильге тән, қажетті элементтер. Ойды анық, қысқарақ етіп жеткізеді. **Мысалы:** заңға сәйкес, белгіленген тәртіппен, міндеттелсін, орындалсын, тиісті шара қолданылсын. т.б. стандарт сөздерді қолданып мысалдар келтіріңіз. 8. Қоғам қайраткері Әділ Ахметовтың «Генрий Киссинджер таразылаған Қытай» атты рецензиясындағы ғылыми деректерді талдау. Кез-келген халықты жаулау үшін «жігерін алу қажет» дегенді қалай түсінесіз. Оның БАҚ-тағы көрінісін сипаттап беріңіз. 9. Журналистикаға қатысты өзіңіз таңдаған бір кітапқа рецензия жазу. Ғылыми стильдің белгілері -- дәлдік, абстрактілік, логикалық, объективтілік. Дәлдік -- ғылыми стильдегі термин сөздердің қолданысынан көрінеді. Өз жазған рецензияңызда осы талаптарға сәйкес мысалдар келтіріңіз. 10. «Әдебиет порталындағы» публицист-жазушылардың бір шығармасына стилистикалық тұрғыда сараптама жасаңыз. Сөз қолданыстарын талдап беріңіз. 11. Р. Сыздықованың «Үш тілді бірдей оқыған баланың ана тілі болмайды» атты мақаласына журналистік көзқарасыңызды білдіру. 12. Метонимия дегеніміз не? Метонимияға екі сөйлем жазып беріңіз. Метонимия - бұл бір сөзді басқа сөзбен алмастыру, бейнелі мағынада. Метонимияның мысалдары: Абайды оқыды, Бетховенді тыңдады, Түргеневді (кітаптың мағынасында), шайнек ішіп, стақан ішуге кірісті. 13. Синекдоха дегеніміз не? Синекдохаға сөйлем түрінде үш мысал келтіріңіз. Мысалы, жүз бас қой, жиырма тұяқ мал, көп қол жұмысты өндіріп жібереді, т.б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздерді қолданып сөйлем құрастырыңыз. 14. Рабиға Сыздық -- тіл білімі саласының зергері. ***Эссе жазу.*** Рабиға Сыздық "Абай шығармаларының тілі" (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV -- XIX ғасырлардағы ақын-[жыраулар](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83) тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 15. Көркем әдебиет стилі мен әдеби тілдің айырмашылықтарын көрсетіп беріңіз. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіріп, бейнелеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: «Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар», «Ырысқа қарай ұл өсер, қонысқа қарай мал өсер», «Ел -- ырыстың орманы, ер -- ырыстың қорғаны» т.б. мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз. 1. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптарды сипаттаңыз. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, журналистің, сөйлеушінің еркіндегі нәрсе емес. Әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Осы талаптарды түсіндіріп беріңіз. 2. Мектеп оқулықтарындағы тілдік-стильдік және мазмұндық қателіктер туралы баяндап беріңіз. Мектеп оқулықтарын шығаратын баспаның Бас редакторы ретінде осындай кемшіліктерді болдырмау үшін қандай талаптар қоясыз? 3. «Фразеология» термині белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Тұрақты сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Қазіргі БАҚ-тағы фразеологизмдерді талдап беріңіз. 4. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фразеологизмдерді қолдану ерекшеліктерін айқындап беріңіз. Мысалы: *Көрсетіп әлсіздерге **жуан мойын*** (М-Ж.) дегендегі *жуан мойынның* номинативтік мағынасын ашып беріңіз. 5. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларындағы фольклорлық үлгілерге мысалдар келтіріңіз. *Дүниенің ең аяғы бір тиын ғой; Еңбексіз халал емес ішкен асы; Табанды айтқан жолдан біз тайдырсақ, түбінде жібермес деп тұз бен наны; Жаманнан бөз қалады, жақсыдан сөз, Дүниенің келуі оңай, кетуі тез; Ай -- кірсіз, Құдай -- мінсіз демеді ме» деген мақалдардың мағынасын түсіндіріп, жазыңыз.* 6. Редакциялау ұғымы туралы түсінік. Түзетудің түрлеріне анықтама беріңіз. *Редактор мамандығында **сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші** мамандығы ұштасады дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз.* 7. Қарагөз Смәділдің «Сөздің жауапкершілігін сезіну азайды» атты сұхбатындағы «Тіл», «Сөз» мәселелері туралы басты фактілер мен деректерді талдап беріңіз. //Ана тілі, 31 қазан, 2019. 8. Ұлттық фольклорлық шығармалардың БАҚ-тың тілі мен стилін қалыптастырудағы рөліне сипаттама беріңіз. Абай **фольклорды тек тарихтың ғана емес, өтіп жатқан өмірдің де айнасы деп білген, сондықтан да фольклорда әр дәуірдің шындығы көрініс тапқан деп ұққан. Осы тұстағы фольклордың публицистикамен байланысын талдап беріңіз.** 9. Қазақ фольклорының тарихын баяндап беріңіз. ***Мәшһүр Жүсіп фольклор үлгілерін жазып алғанда ескі сөздердің қалпын бұзбай жазып алуды мақсат еткен. Тіпті әзіл-қалжың үшін айтылған сөздерді де өзгертпей, қалай айтылса, сол қалпында қағазға түсіріп отырған. Тұтастай алғанда оның жинаған ескі мұралары табиғи көне түрін мол сақталғандығымен ерекшеленеді. Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті нұсқаларының ішінен жұмбақтарға мысалдар келтіріп, оның мағынасын түсіндіріңіз.*** 10. Редакторлық қызметтің ерекшеліктерін ашып беріңіз. Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі оған шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі дегенді қалай түсінесіз? 11. Редакторлық талдаудың жолдарын көрсетіңіз. Мәтінмен жұмыс істеу - өте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды, дәлелді деректер тапқан кезде қажетті сөздер ойға оралады. Бұл - өте кең тараған көзқарас. **«Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек»** деген тұжырымды түсіндіріп беріңіз. 12. Редактордың әдеби еңбегінің ерекшеліктерін айқындап беріңіз. Редактор қызметі қанша жерден көптүрлі болғанымен, ең алдымен ол - **әдеби қызметкер**. Редактор деп аталуға тек жан-жақты, білікті, логикалық ойлау машығына кенде емес, әдеби тілдің нормаларына қанық адам ғана лайық деген пікірді жалғастырыңыз. 13. Газет-журнал редакторына қойылатын талаптарға тоқталыңыз. Редакторлық жұмыс -- өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрлері болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Себебін түсіндіріңіз. 14. Редактор мен автор арасындағы қарым-қатынастың маңызын ашып көрсетіңіз. Автор-қолжазба-редактор-баспа-оқырман жүйесінде жеке пікірлер, редакторлық жеке талғам, тілдік және стильдік белгілер, автор стилі, баспаның коммерциялық бағыты, оқырман сұранысы, тағы басқа факторлар үлкен рөл атқарады. Осы талаптарды түсіндіріп беріңіз. 15. Әдеби шығарма редакторлық талдаудың объектісі бола тұра, көптеген басқа да, мысалы, логика, психология, лингвистика, кітап типологиясы салалары тұрғысынан да зерттеу жұмыстардың объектісі болып табылады. Осы ұғымдарды түсіндіріп беріңіз. 16. **Редакторлық бағалау** -- бұл шығармаға сырт, шебер, білімді сыншының бағасы. «Ең үздік редактор» тақырыбында эссе жазып беріңіз. 17. Корректор мен редактордың айырмашылықтарын көрсетіңіз. **Түзету түрлері.** Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: қ**айта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып, түзету. Осы түзетудің түрлеріне сипаттама беріңіз.** 18. Авторға өзінің стилін, түсінігі мен танымын, тілін, позициясын таңу, ілу редакторға абырой әпермесі анық. Осы тұста редактор қандай талаптарды орындауы тиіс? 19. Н. П. Колесников журналистік мәтінді түзетудің бірнеше басты мақсаттарын көрсетеді. Осы мақсаттарды талдап көрсетіңіз. 20. Ғаламтордағы тіл сауатсыздығы туралы баяндап беріңіз. Ауызекі сөйлеу тілінің элементтері болып табылатын жаргон, диалектизм, варваризмдер де жиі ұшырасады. Белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі сәнге айналған заманда жаргон сөздердің қолданыс аясы да кеңейіп келе жатқанын байқау қиын емес. Мысалы, мамбет (артта қалған адам), гламурно (сәнді) тәрізді сөздер, шоу-бизнес, жарнама, тауар және қызмет көрсету салаларында көптеп кездеседі. Мысалы:«Вооообще жок ко!», «Ол супермен ғой!», «Гламурно все таки, ия», «Мен саган звооондаган едим жоксин гой», «Конешно мен ренжимин саган», «Ойланшы осыган дурыстап» секілді сөздерде қандай мән-мағына бар? 21. Мәтіндегі дұрыс құрылмаған сөйлемдерді түзетіңіз: Академик Төрегелді Шармановтың «Құлыншақ» атты бие сүтінен дайындалатын балмұздақы мен шоколаты -- ел тұрғындары мен шетелдік азаматтарды таңдандыратын пайдалы өнім. Таза табиғи өнім өте пайдалы. Сонымен қатар балалар тағамына көңіл бөлген академик Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану академиясының жанынан «Амиран» зауытын салып, таза табиғи сиыр сүтінен, химиялық қоспасыз дайындалатын өнімдерді шығаруды қолға алған. «Амиран» тағамына ерекше көңіл бөлген зауыт қаймақ, сүзбе, йогурт, сүт өнімдерімен қатар, сарысуды да сатылымға шығарды. [[https://massaget.kz/men\_kasipkermin/biznes\_ideyalar/51393/]](https://massaget.kz/men_kasipkermin/biznes_ideyalar/51393/) 22. Мәтіндегі дұрыс құрылмаған сөйлемдерді түзетіңіз: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырылған «Бастау Бизнес» жобасы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке баулуды қолға аған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы бизнес идеяны нақты бизнес-жобаға ұластыра отырып, жеңілдетілген несие алуға дейінгі кезеңге шығаруды көздейтін бұл бизнес жоба қаншама азаматқа үміт отын сыйлап, ертеңіне деген сенімді күшейті. 23. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз: Сондай-ақ ағаштан ойылып, ұлттық өрнек салынған қазақша табақтарды пайдалану да сәнге айналған. Телевизор мен радио жарнаманың деңгейін төмендедіп, тұтынушымен тікелей жұмыс істеуде таптырмас құралға айналған Instagram әлеуметтік желісі арқылы «астау», «табақ» деп іздеп көрсек, қаншама «астау», «табақтарды» табуға болады. Түрлі пішімде, түрлі өрнек пен түрлі бұйым ұсынып отырған кәсіпкерлер нарықтың талабына бейімделе білген. [[https://massaget.kz/men\_kasipkermin/biznes\_ideyalar/51393/]](https://massaget.kz/men_kasipkermin/biznes_ideyalar/51393/) 24. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз: Сондай-ақ Ақмола облысы Бұланды ауданында түратын өнерлі кыз Ғайни Ахметова. Бүгінде Ғайни Ахметова «Бастау Бизнес» арқылы білім алып, автокөліктердің орындығын қаптауға арналға тыс тігу идеясын сәтті қорғап, тиісті қаржыландыруды қолға алды. Ою-өрнегін матаға сала отырып ерекше дүние жасауды қолға алған шебер Ақмола өңірінен ғана емес, өзге аймақтардан да тапсырыс түсіп келеді. [[https://massaget.kz/men\_kasipkermin/biznes\_ideyalar/51393/]](https://massaget.kz/men_kasipkermin/biznes_ideyalar/51393/) 25. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз: Міне, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық өнер, бұйым тағам бизнеске арқау болғанына көз жеткіздік. Өз еліміздің жауһарын пайдалана отырып, сырттан келген туристерге де ұсына білсек, танымалдықтың арқасында сапалы дүниенің табысы мен пайдасы артатыны анық. [[https://massaget.kz/men\_kasipkermin/biznes\_ideyalar/51393/]](https://massaget.kz/men_kasipkermin/biznes_ideyalar/51393/) 26. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз: Дегенмен, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмелерінің өткізілуі Қазақстанның әлемге танылуына, туристердің ағылуына айтарлықтай ықпал етті. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге әлемнің 115 мемлекетті мен 22-ұйымы қатысқан. Ал туристтер легі 187 елден ағылды. Сонымен қатар ЭКСПО кезінде тауар шығару 70 пайызға артып, туристік қызмет 80%-ға өскен. [[https://massaget.kz/men\_kasipkermin/biznes\_ideyalar/51393/]](https://massaget.kz/men_kasipkermin/biznes_ideyalar/51393/) 27. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз: Қытайдағы қазақтардың жағдайы тым ауырлап кетті. Қырық жылғы көрші геосаяси серіктесіміз деп сенген Қытай үкіметі қазақты террорист, экстремистердің сапына қосты. Құжаттарын тартып алып Қазақстанға келіп-кеткен әр қазақты түрмеге жапты. Үйінде Құран ұстаған, діни оқулықты ұстаған, діни кітаптарды сақтағандар сақшылардың жетегіне түсті. Жәбірін көрді. Қазақ жазушыларының кітаптарын оқығандар оқу-тәрбиелеу лагерлеріне айдалды. Себепсіз тергеліп, нақақ таяқ жеді. Тіпті, молда-қожалардың кейбірі түрмеде қайтыс болды деген ақпар да тарады. Қолыңнан келсе шауып ал деген бұл арандатушылықты, апербақандықты, әлімжетікті Ши тұтқасын ұстап отырған Қытай билігі күні бүгінге дейін жасап келеді. [[https://abai.kz/post/69023]](https://abai.kz/post/69023) 28. Депутаттың дегеніне генерал Қасымов жауап берген болды. Алпысты алқымдаған генерал Қасымов 2011 жылдан бері Қазақстаның ішкі істер министрлігін басқарып келеді. *«Оларға көп жағдай жеңілдетілген. Оралман мәртебесін алғаннан кейін бір жылдың ішінде бізге арыз беріп, азаматтық алу керек. Көпшілігі бір жылды өткізіп алып, 15-17 айдан кейін тапсырады. Сосын заң бойынша біз оны қайтарамыз. Енді қазір біз заңға өзгеріс енгізейін деп жатырмыз. Уақытты созып, жеңілдік жасайын деп жатырмыз. Қалған сұрақтарды түсіндік»,* --- деді Қалекең. *. *[[https://abai.kz/post/69023]](https://abai.kz/post/69023) 29. Мәтінге редакторлық түзету жасаңыз*: ***Депутаттың сауалы. Министрдің жауабы.*** «Қытайдан-Өзбекстаннан басқа алыс жақын мемлекетен Қазақстанға азаматтық аламыз деп тарихи отанына келіп, босып жүрген халық көп. Онсыз да құжатын реттей алмай, сандалып жүрген азаматтарды заңсыз жүрсің деп айыптап, соттың шешімін шығарып жатқанымыз өтірік емес. Біздің атымызға бала шағасы, отбасы мүшелері жан-жаққа шашылып кеткен азаматтардан арыз-шағымдар көптеп түсуде. Қандай да бір үкіметтік жеңілдікпен құжатын реттеп беруді сұрап жатқан ел көп-ақ. *[[https://abai.kz/post/69023]](https://abai.kz/post/69023) 30. ***Қазіргі БАҚ-тағы қате қолданыстағы ұғымдар мен тіркестер. Мысалы: баруым керекпін, баруларыңыз керексіздер, болады ма? Келеді ме? Қарайды ма? Ойымен, пікірімен бөлісті, аспазшы, нәзік жандыларға деген сөздерді түзетіп, мысалдар келтіріңіз.* «Менің үлесім осы қаржының 70 пайызын құрайды». Бұл - орыстың «составляет 70 процентов» деген тіркесінің көшірмесі. Осы сөйлемді түзетіп, жазыңыз.**