Маркетинг (PDF)
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл құжат маркетингке, жарнамаға, маркетинг-стратегиялануға, тұтынушылардың мінез-құлқына және нарықты сегменттеуге қатысты сұрақтар егжей-тегжейлі талдау жасайды.
Full Transcript
1.Маркетинг ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш қай мемлекетте пайда болды? - АҚШ (дұрыс) - Армения - Аргентина - Австралия - Ангола 2.Қашан маркетинг ғылыми негізделді және нар...
1.Маркетинг ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш қай мемлекетте пайда болды? - АҚШ (дұрыс) - Армения - Аргентина - Австралия - Ангола 2.Қашан маркетинг ғылыми негізделді және нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды? - XIX ғасырдың 60-жылдары (дұрыс) - XX ғасырдың 70-жылдары - XX ғасырдың 80-жылдары - XX ғасырдың 60-жылдары - XX ғасырдың 30-жылдары 3.Адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім бұл? - Тауар (дұрыс) - Сұраныс - Жылжыту - Сату - Жарнама 4\. Cатып алу қабілеті бар қажеттілік бұл?\* - Сұраныс (дұрыс) - Қызмет - Тауар - Ұсыныс - Мұқтаждық 5.Мичиган университетінің профессоры Е.Маккарти «маркетинг-микс» тұжырымдамасын дамыта отырып, 1960 жылы төрт элементтен тұратын «4Р» моделін ұсынды, олар қалай аталады? - өнім, баға, орын және жылжыту (дұрыс) - өнім, электронды коммерция, сұраныс және жылжыту - өнім, баға, сұраныс және жылжыту - өнім, баға, орын және бәсекелестік - өнім, баға, серіктестер және бәсекелес 6.Компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну бұл? - Маркетингтік зерттеу (дұрыс) - PEST талдау - Бенчмаркетинг - Тауар саясаты - Маркетингтік орта 7.Маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат бұл? - Екіншілік мәліметтер (Екінші ретті ақпарат) (дұрыс) - Төртіншілік мәліметтер (Төртінші ретті ақпарат) - Бесіншілік мәліметтер (Бесінші ретті ақпарат) - Біріншілік мәліметтер (Бірінші ретті ақпарат) - Үшіншілік мәліметтер (Үшінші ретті ақпарат) 8.Зерттеуші адамдардың нақты өмірде немесе белгілі бір жағдайларда араласусыз қалай әрекет ететінін қарастыратын әдіс бұл? - Бақылау (дұрыс) - Сауалнама - Сұқбат - SWOT талдау - Фокус топ 9.Адамдарға стандартты сұрақтар қою арқылы мәліметтер жинауды қолданатын зерттеу әдісі бұл? - Сауалнама (дұрыс) - Сұқбат - SWOT талдау - Бақылау - Фокус топ 10.Бір фактордың екіншісіне әсерін тексеру үшін арнайы жағдайлар жасалған зерттеу әдісі бұл? - Эксперимент (дұрыс) - Фокус топ - Бақылау - Сұқбат - Сауалнама 11.Микроортаға қай фактор жатпайды? - Экономикалық (дұрыс) - Бәсекелестер - Жабдықтаушылар - Маркетингтік делдалдар - Тұтынушылар 12\. Макроортаға қай фактор жатады? - Технологиялық (дұрыс) - Бәсекелестер - Жабдықтаушылар - Маркетингтік делдалдар - Тұтынушылар 13.Ішкі, яғни микро (бақыланатын) және сыртқы, яғни макро (бақыланбайтын) факторлар нені құрайды? - Компанияның маркетингтік ортасын (дұрыс) - Компанияның саяси ортасын - Компанияның экологиялық ортасын - Компанияның технологиялық ортасын - Компанияның экономикалық ортасын 14.Соңғы тұтынушылар арасында тауарларды жылжытуға, сатуға және таратуға көмектесетін компаниялар бұл? - Маркетингтік делдалдар (дұрыс) - Мемлекеттік мекемелер - Маркетингтік жабдықтаушылар - Тұтынушылар - Маркетингтік бәсекелестер 15\. \"ЖІӨ динамикасы\", \"ұлттық табыстың серпіні және халықтың нақты табыстары\", \"инфляция қарқынының серпіні\" және \"жұмыссыздық мөлшері\" қай макроортаның факторына тиесілі? - Экономикалық (дұрыс) - Әлеуметтік-мәдени - Экологиялық - Саяси - Технологиялық 16.Сыртқы ортаны талдауда қандай үлгіні (модельді) қолдануға болады? - PEST / PESTEL (дұрыс) - ТӨЦ - SMART - ABC - SWOT 17.Тұтынушы мінез-құлқына әсер ететін факторларды белгілеңіз - Мәдени, әлеуметтік, жеке, психологиялық (дұрыс) - Мәдени, әлеуметтік, топтық, психологиялық - Мәдени, саяси, технологиялық, психологиялық - Мәдени, саяси, жеке, психиатриялық - Мәдени, әлеуметтік, жеке, психотерапиялық 18.Нарықты әртүрлі қажеттіліктер, сипат немесе мінез-құлыққа байланысты және бөлек маркетинг стратегиясын немесе олардың жиынтығын талап ететін *нақты сатып алушы топтарына бөлуді қамтитын ұғым?* - Нарықты сегменттеу (дұрыс) - Фокус-топ - Нарықтық экономика - Нарықты зерттеу - Сауалнама 19.Географиялық, демографиялық (өндіріс, компания ауқымы) немесе **пайда, клиент мәртебесі, клиент деңгейі және ықылас деңгейі** бойынша сегменттеу бұл? - Бизнес-нарықты сегменттеу (дұрыс) - Маркетингтік талдау - Нарықты зерттеу - Тұтынушы нарығын сегменттеу - Халықаралық нарықты сегменттеу 20.Фирма нарық сегменті айырмашылықтарын елемеуге және бір ұсыныспен бүкіл нарыққа шығуға шешім қабылдайтын жағдай қандай таргеттеу стратегиясында қолданылады? - Дифференттелмеген маркетинг (немесе масс-маркетинг) (дұрыс) - Дифференттелген маркетинг (немесе сегменттелген маркетинг) - Бағытталған маркетинг (немесе нишалық маркетинг) - Халықаралық нарықты сегменттеу - Тұтынушы нарығын сегменттеу 21.Таргет тұтынушылардың ойындағы бәсекелес өнімдермен салыстырғанда таза, айрықша және қалаулы орынға орнықтыру мақсатында нарыққа орналастыруды ұйымдастыруды білдіретін ұғым бұл? - Позициялану (дұрыс) - Сұқбат алу - Сауалнама алу - Сату - Жылжыту 22.Тауардың нарықта болу уақыты бұл? - ТӨЦ (дұрыс) - SWOT - PEST - PESTEL - ABC 23.Тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі бұл? - Жаңғыртып, жетілдіру (модификация) (дұрыс) - Сегменттеу - Таргеттеу - Инновация - Позициялау 24.Нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар бұл? - Инновация (дұрыс) - Жаңғыртып, жетілдіру (модификация) - Сегменттеу - Позициялау - Таргеттеу 25.Тауардың өмір сүру циклінің қай кезеңінде сұраныс жоғары қарқынмен өседі? - Өсу (дұрыс) - Жоспарлау - Құлдырау - Кемелдену - Еңгізу 26\. Нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама əсер етеді, бұл?\* - Баға (дұрыс) - Тауар - Нарық - Жарнама - Инновация 27.«Қаймақ қалқып алу» стратегиясы нені көздейді? - Жаңа тауарларды жоғары бағамен сату (дұрыс) - Бағаны психологиялық тұрғыдан қабылдауға негізделу - Жеңілдіктерге негізделген баға белгілеу - Өзіндік құнға қарап баға белгілеу - Өзіндік құнға қарамай баға белгілеу 28.Тауарды немесе қызметті өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін таратуды басқару стратегиясы бұл? - Өткізу саясаты (дұрыс) - Жылжыту саясаты - Баға саясаты - Тауар саясаты - Экономикалық саясат 29\. Өнім мен қызмет түрін тұтынушы немесе бизнес-пайдаланушының қолдануы немесе тұтынуына көмектесетін өзара тәуелді ұйымдар жиынтығы бұл? - Маркетинг арнасы (тарату арнасы) (дұрыс) - Баға стратегиясы - Тауардың өмір сүру циклі - Сегменттеу - Тагеттеу 30\. Делдал деңгейлері жоқ маркетинг арнасы бұл? - Тікелей маркетинг арнасы (дұрыс) - Жанама маркетинг арнасы - Нарық тауашасы - Нарық сегменті - Нарық 31.Жанама маркетинг арнасы бұл? - Бір немесе одан да көп делдал деңгейі бар маркетинг арнасы (дұрыс) - Делдал деңгейлері жоқ маркетинг арнасы - Жылжыту арнасы - Нарық сегменті - Нарық тауашасы 32\. Компания нарықтың әртүрлі сегменттеріне немесе географиясына жету үшін тікелей және жанама тарату арналарының комбинациясын пайдаланған кездегі өткізу арналарын қолдану бұл? - Көп арналы стратегия (дұрыс) - Тікелей тарату арналары - Жанама тарату арналары - Баға стратегиясы - Жылжыту стратегиясы 33\. Компаниялар өз өнімдерін немесе қызметтерін тұтынушыларға сату үшін қолданатын нақты тәсілдер мен әрекеттер бұл?\* - Өткізу (сату) әдістері (дұрыс) - Жылжыту әдістері - Жарнама әдістері - Қоғаммен байланыс - Тауардың өмір сүру циклі 34\. Компанияның əлеуетті тұтынушыларына өнім туралы хабардарлықты тиімді қамтамасыз етуге жауапты маркетингтік қызмет бұл? - Жылжыту саясаты (дұрыс) - Тауар саясаты - Өткізу (сату) әдістері - Логистикалық менеджмент - Маркетингік зерттеу 35\. Маркетингтік коммуникация бұл? - Тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұранысты қалыптастыру жəне ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі (дұрыс) - Компанияның тұтынушылары мен персоналдың қарым-қатынасын зерттейтін ғылым - Логистикалық қызметтегі маркетингтік аспекті - Компанияның баға саясатын тиімді басқару - Баға белгілеуді басқару 36\. Маркетингтік коммуникацияның негізгі мақсаты? - Мақсатты аудиторияға брендтің бəсекелестік айырмашылығын жəне өнімге қатысты мақсатты аудиторияға негізгі ақпаратты жеткізу (дұрыс) - Компанияның басшылығы мен персоналдың қарым-қатынасын зерттеу - Компанияның тауар саясатын тиімді басқару - Тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұранысты қалыптастыру жəне ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі - Бағаны тиімді белгілеу 37.Маркетингтік коммуникациялар жəне оның түрлеріне жатпайтынын белгілеңіз? - Жарнама (дұрыс) - Бюджеттеу - Брендинг - Тауардың өзі, маркалау және орама (қаптама) - PR 38\. Ұйымның, брендтің немесе тұлғаның байланыстары мен қоғамдық қабылдауын басқару процесі бұл? - PR (дұрыс) - Ниеттестікті арттыру бағдарламалары - Персоналды немесе тікелей сату - Жарнамалау - Бағалау 39\. PR түрлеріне жатпайтынын белгілеңіз? \* - Сатып алушылар, дилерлік клубтар (дұрыс) - Корпоративтік PR - Медиа PR - Дағдарыс PR - Мемлекеттік PR немесе GR 40\. AIDA моделінің әр бас әріптерінің дұрыс түсініктемесін белгілеңіз? - Attention - Interest - Desire -- Action (дұрыс) - Attention - Input - Design - Action - Attention - Interest - Desire - Attack - Action- Interest - Decision -- Art - Ask- Interest - Decision - Aсtion 41\. Жарнама құрастыруда \"тақырып\" теориясын ұсынған әйгілі жарнама пірі кім? - Дэвид Огилви (дұрыс) - Филип Котлер - Рольф Йенсен - Джек Траут - Питер Друкер 42\. Тиімді болу үшін маркетинг қымбат болмауы керек деген идеяға негізделген маркетингтің түрі? - Партизандық маркетинг (дұрыс) - Нейромаркетинг - Сандық маркетинг - Синхромаркетинг - Брендинг 43\. \"Маркетинг стратегиясы -- ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуіне көмектесетін маркетингтік іс-шаралардың қисынды сызбасы\" деп маркетингтік стратегияға анықтама берген ғалым кім? - Ф.Котлер (дұрыс) - Д.Аакер - А.Чандлер - П.Диксон - П.Друкер 44\. Ғалым Эйл Смидтс \"тұтынушыны және оның мидағы процестерді тікелей өлшеу арқылы маркетингтік ынталандыруға реакциясын жақсырақ түсінуге\" және \"мидың реакциясын зерттеу арқылы маркетинг әдістерінің тиімділігін\"арттыруға көмектеседі.\" деп маркетингтің қай түрі жайлы айтқан? - Нейромаркетинг (дұрыс) - Партизандық маркетинг - Сандық маркетинг - Стратегиялық маркетинг - Брендинг 45\. \"Бұл бұрмалау оның құзыреттілігін бағаламау және басқалардың құзыреттілігін қайта бағалау арқылы көрінеді. Бұл бұрмаланудан зардап шегетін адамдар өздерінің кемшіліктерін білмей-ақ өздерінің білімдері мен дағдыларына тым сенімді бола алады\" деп қай когнитивті бұрмалау түрін айта аламыз? - Жауапсыздық (Даннинг-Крюгер эффектісі) (дұрыс) - Статус-квоға тәуелділік (Референтті топқа сенім) - Өз көзқарастарымызды растау - Ақпаратық қол жетімділік эффектісі - Топтық немесе тобырлық ойлану 46\. Компаниялар тұтынушы тартып, олармен берік қарым-қатынас орнатып, олар үшін жасаған құндылығының қайтарымына пайда алатын процесс бұл? - Маркетинг (дұрыс) - Сегменттеу - Таргеттеу - Логистика - Менеджмент 47\. Жоғары құндылыққа уәде беріп, жаңа тұтынушы тарту және құндылық пен қанағаттандыру арқылы қазіргі бар тұтынушыларды сақтап, санын арттыру бұл? - Маркетингтің екі жақты мақсаты (дұрыс) - Маркетингтің міндеті - Маркетингтік стратегия - Маркетингтік жоспар - Маркетингтік саясаты 48\. Сатып алу қабілеттілігі болғанда қалау неге айналады? - Сұраныс (дұрыс) - Ұсыныс - Нарық - Сегменттеу - Таргеттеу 49\. Мәдениет пен жеке тұлғаға байланысты қалыптасатын адам қажеттіліктерінің бір түрі бұл? - Қалау (дұрыс) - Сұраныс - Айырбас - Нарық - Ұсыныс 50\. Қайтарымына әлдене ұсынып, өзіңе қажет затты алу әрекеті маркетологтың кейбір нарық ұсыныстарына жауап қайтару талпынысы бұл? - Айырбас (дұрыс) - Нарық - Қалау - Сұраныс - Ұсыныс 51\. Өнім мен қызметтерді сатып алушылар мен ықтимал сатып алушылар жиынтығы бұл? - Нарық (дұрыс) - Тұтынушы - Сұраныс - Ұсыныс - Айырбас 52\. Мақсатты нарықты таңдап, олармен пайдалы қарым-қатынас орнату өнері мен ғылымы бұл? - Маркетинг-менеджмент (дұрыс) - Маркетинг-логистика - Маркетинг-аудит - Маркетинг-стратегия - Маркетинг-зерттеу 53\. Маркетинг менеджерінің мақсаты бұл? - Тұтынушы үшін жоғары құндылық жасап, таргет тұтынушыларды тарту, қарым-қатынас орнату және олардың санын арттыру (дұрыс) - Өнім мен қызметтерді сатып алушылар мен ықтимал сатып алушылар жиынтығы - Қайтарымына әлдене ұсынып, өзіңе қажет затты алу әрекеті маркетологтың кейбір нарық ұсыныстарына жауап қайтару талпынысы - Мәдениет пен жеке тұлғаға байланысты қалыптасатын адам қажеттіліктерінің бір түрі - Сатып алу қабілеттілігі болғанда қалау 54\. Әр ұйымның маркетинг стратегиясын құрып, жүзеге асыруына негіз болатын қандай балама тұжырымдама (концепті) жоқ? - Логистикалық (дұрыс) - Өндіріс - Өнім - Сату - Қоғамдық 55\. Фирма маркетинг стратегиясын жүзеге асыру үшін қолданатын маркетинг құралдары жинағы бұл? - Маркетинг микс (дұрыс) - Маркетингтік зерттеу - Маркетингтік сегменттеу - Жабдықтаушылар - Микроорта 56\. Маркетинг микс элементтеріне жатпайтынын белгіле: - Жоспарлау (дұрыс) - Өнім - Баға - Орын - Жылжыту 57\. Компанияның маркетинг ортасы неден тұрады? - Маркетинг-менеджменттің мақсатты тұтынушылармен табысты қарым-қатынас орнату және оны жалғастыру қабілетіне әсер ететін маркетингтен тыс субъектілер мен күштерден тұрады (дұрыс) - Фирма маркетинг стратегиясын жүзеге асыру үшін қолданатын маркетинг құралдарынан тұрады - Тұтынушы үшін жоғары құндылық жасап, таргет тұтынушыларды тарту, қарым-қатынас орнату және олардың санын арттырудан тұрады - Қайтарымына әлдене ұсынып, өзіңе қажет затты алу әрекеті маркетологтың кейбір нарық ұсыныстарына жауап қайтару талпынысынан тұрады - Өнім мен қызметтерді сатып алушылар мен ықтимал сатып алушылар жиынтығынан тұрады 58\. Маркетинг ортасы неден тұрады? - Микроорта және макроорта (дұрыс) - Микроорта және сегменттеу - Таргеттеу және позициялау - Ұсыныс және сұраныс - Нарық және айырбас 59\. Өз клиенттеріне -- компанияға, жеткізушілерге, маркетингтік делдалдарға, тұтынушылар нарығына, бәсекелестерге және қоғамға қызмет ету қабілетіне әсер ететін компанияға жақын субъектілерден құралатын орта бұл? - Микроорта (дұрыс) - Макроорта - Нарық - Сұраныс - Маркетинг микс 60\. Микроортаға әсер ететін ауқымды қоғамдық -- экономикалық, табиғи, технологиялық, саяси және мәдени күштерден тұратын орта бұл? - Макроорта (дұрыс) - Маркетинг микс - Баға - Өнім - Жылжыту 61\. Микроорта факторларына жатпайтынын белгілеңіз - Демография (дұрыс) - Компания - Жеткізушілер - Маркетинг делдалдары - Бәсекелестер 62\. Микроорта факторларына жататынды белгілеңіз - Тұтынушылар (дұрыс) - Саясат - Демография - Технология - Экономика 63\. Жаңа бәсекелестердің қаупі, өнімді немесе қызметтерді ауыстыру қауіпі, жабдықтаушы күші, сатып алушының күші, саладағы бәсекелестік дәрежесі компоненттерін қамтитын талдау үлгісі: - Майкл Портер (дұрыс) - SWOT - PESTLE - Сегменттеу - CJM 64\. Адам популяциясының мөлшері, тығыздығы, орналасуы, жасы, жынысы, нәсілі, кәсіптері және басқа да статистикасына қатысты зерттеу бұл? - Демография (дұрыс) - Экономика - Технология - Бәсекелестік - Мәдениет 65\. Макроорта факторларына жатпайтынын белгілеңіз: - Делдалдар (дұрыс) - Саясат - Демография - Қоршаған орта - Технология 66\. Макроорта факторына жататынды анықтаңыз: - Қоршаған орта (дұрыс) - Делдалдар - Тұтынушылар - Бәсекелестер - Жабдықтаушылар 67\. Тұтынушының мінез-құлқының маркетингтегі рөлі бойынша маркетологтар үшін басты сұрақты анықтаңыз: - Компания қолданатын маркетингтік талпыныстарға тұтынушылардың реакциясы қандай? (дұрыс) - Компанияның жоспарына не кіреді? - Компания тауарды жеткізу үшін қандай транспорт қолдану керек? - Компанияның басқару жүйесі қандай? - Компанияда қолданылатын корпоративті мәдениет қандай болу керек? 68\. Тұтынушының сатып алуына қандай факторлар әсер етпейді? - Геологиялық (дұрыс) - Мәдени - Жеке - Әлеуметтік - Психологиялық 69\. Бала өсе келе отбасы және басқа да маңызды институттардан негізгі құндылықтарды, қабылдау мен қалауды және мінез-құлықты үйренеді, бұл қандай тұтынушының мінез-құлқына қай фактордың әсер етуі деп саналады? - Мәдениет (дұрыс) - Саясат - Жұмыс уақыты - Экономикалық жағдай - Табыс мөлшері 70\. Жалпы өмірлік тәжірибе мен жағдайларға негізделген ортақ құндылықтарды бөлісетін адамдар тобы бұл? - Субмәдениет (дұрыс) - Әлеумет - Тобыр - Ұлт - Тайпа 71\. Қоғамның салыстырмалы түрде тұрақты және реттелген бөлімдері, олардың мүшелеріне құндылықтар, мүдде мен мінез-құлық ортақ тобы бұл? - Әлеуметтік тап (дұрыс) - Әлеуметтік рөл - Әлеуметтік саясат - Әлеуметтік көмек - Әлеуметтік қызмет 72\. Адамдар ақпарат пен пікір алмасатын немесе араласатын онлайн қауымдастықтар бұл? - Онлайн әлеуметтік желілер (дұрыс) - Отбасы - Әлеумет - Иерархия - Пікір көшбасшылары 73\. Қоғамдағы ең маңызды және кеңінен зерттелген сатып алушы тұтынушы ұйымы бұл? - Отбасы (дұрыс) - Онлайн әлеуметтік желілер - Әлеумет - Иерархия - Пікір көшбасшылары 74\. Әр топтағы адамның орны оның несі бойынша анықталуы мүмкін? - Рөлі мен мәртебесі (дұрыс) - Бойы мен салмағы - Физикалық күші мен тәбетіне - Тәбеті мен бойына - Жасы мен бойына 75\. Сатып алушының шешіміне сондай-ақ оның кәсібі, жасы және өмірлік кезеңі, экономикалық жағдайы, өмір салты, жеке тұлғасы және өзіндік тұжырымдамасы сияқты жеке қасиеттер әсер ететін факторлары қандай? - Жеке (дұрыс) - Геологиялық - Мәдени - Әлеуметтік - Психологиялық 76\. Маркетологтар шығын, жеке табыс, жинақ және пайыздық мөлшерлемелер бойынша нені бақылайды? - Трендерді (дұрыс) - Жүрек соғысын - Қаржылық сауаттылықты - Өмірлік кезеңді - Сейсмикалық белсенділікті 77\. Бренд тұлғасының бес қасиеті бұл? - Шынайылық, толқу, құзырет, талғампаздық, беріктік (дұрыс) - Шынайылық, жасандылық, құзырет, толқу, беріктік - Беріктік, толқу, құзырет, талғампаздық, көрегендік - Шынайылық, құзырет, беріктік, талаптану, көре алмау - Беріктік, талғампаздық, құзырет, танымалдылық, талаптану 78\. Адамның сатып алу шешіміне тағы төрт маңызды психологиялық фактор әсер етеді, олар: - Мотивация, қабылдау, үйрену және сенім мен ұстаным (дұрыс) - Трендтер, қабылдау, үйрену және сенім мен ұстанымы - Мотивация, қабылдау, үйрену және рөлі мен мәртебесі - Мотивация, қабылдау, үйрену және шешендік өнер - Шешендік өнер, қабылдау, үйрену және сенім мен ұстаным 79\. Адамның әлемнің мағыналы бейнесін қалыптастыру үшін ақпаратты таңдау, ұйымдастыру және түсіндіру процесі бұл? - Қабылдау (дұрыс) - Үйрену - Мотивация - Сенім және ұстаным - Көркем сөйлеу 80\. Адамды қанағат іздеуге бағыттау үшін итермелейтін мұқтаждық бұл? - Мотив (түрткі) (дұрыс) - Үйрену - Қабылдау - Сенім және ұстаным - Көркем сөйлеу 81\. «Адамның сатып алу шешіміне сатып алушының өзі де толық түсінбеуі мүмкін бейсана мотив (түрткі) ықпал етеді» деп айтқан ғалым? - Зигмунд Фрейд (дұрыс) - Филип Котлер - Питер Друкер - Виктор Франкл - Абрахам Маслоу 82\. Қай ғалымға сүйенсек, адам қажеттіліктері иерархиясы көрсетілгендей, адам болмысы үшін аса маңызды емес физиологиялық қажеттіліктерден өзін-өзі тануға дейінгі құнды қажеттіліктер бойынша анықталады? - Абрахам Маслоу (дұрыс) - Виктор Франкл - Зигмунд Фрейд - Карл Густав Юнг - Филип Котлер 83\. Абрахам Маслоу ұсынған қажеттіліктер пирамидасының ең төменгі сатысы бұл? - Физиологиялық қажеттіліктер (дұрыс) - Әлеуметтік қажеттіліктер - Құрмет қажеттіліктері - Өзін-өзі тану қажеттіліктері - Мәртебеге деген қажеттілік 84\. Адамның бір нәрсеге қатысты қалыптасқан ойы бұл? - Сенім (дұрыс) - Қабылдау - Мотивация - Көркем сөйлеу - Көркем жазу 85\. «Сатып алу процесі қажеттілікті мойындаудан, яғни сатып алушы мәселені не қажеттілікті мойындауынан басталады» деген сөздер қай ғалымға тиесілі: - Филип Котлер (дұрыс) - Әл-Фараби - Питер Друкер - Шоқан Уәлиханов - Абрахам Маслоу 86\. Нарықты әртүрлі қажеттіліктер, сипат немесе мінез-құлыққа байланысты және бөлек маркетинг стратегиясын немесе олардың жиынтығын талап ететін нақты сатып алушы топтарына бөлуді қамтитын құбылысты не деп атаймыз? - Нарықты сегменттеу (дұрыс) - Жылжыту - Сату - Нарықты зерттеу - Тұтынушы мінез-құлқын зерттеу 87\. Сегменттеудің қандай айнымалылары бар? - Географиялық, демографиялық, психографиялық, мінез-құлыққа қарай (дұрыс) - Геологиялық, демократиялық, психотерапиялық, әдепке қарай - Географиялық, психологиялық, физикалық, химиялық, технологиялық - Географиялық, мінез-құлыққа қарай, психологиялық, биологиялық - Гидрологиялық, демографиялық, психологиялық, мінез-құлыққа қарай 88\. Географиялық сегменттеуге жатпайтынын белгілеңіз? - Өмірлік цикл кезеңі (дұрыс) - Мемлекеттер - Аудандар - Штаттар - Аймақтар 89\. Демографиялық сегменттеуге жатпайтынын белгілеңіз? - Мемлекеттер (дұрыс) - Жасы - Өмірлік цикл кезеңі - Жынысы - Діні 90\. Мінез-құлыққа қарай сегменттеуге жатпайтынын белгілеңіз? - Этносы (дұрыс) - Жағдайлар - Артықшылықтар - Ықылас мәртебесі - Пайдалану дәрежесі 91\. Қандай сатып алушыларды географиялық, демографиялық (өндіріс, компания ауқымы) немесе пайда, клиент мәртебесі, клиент деңгейі және ықылас деңгейі бойынша сегменттеуге болады? - Бизнес сатып алушыларды (дұрыс) - Мемлекеттік сатып алушыларды - Түпкі сатып алушыларды - Қоғамдық мекеме сатып алушыларын - Шет елдік сатып алушыларды 92\. Нарық сегменттерін пайдалы ететін сипаттар - Өлшеуге келетін, қолжетімді, елеулі, дифференттеген, әрекет етуші (дұрыс) - Өлшеуге келетін, қолжетімсіз, елеулі, дифференттеген, әрекет етуші - Өлшеуге келмейтін, қолжетімді, елеулі, дифференттеген, әрекет етуші - Өлшеуге келетін, қолжетімді, елеусіз, дифференттеген, әрекет етуші - Өлшеуге келетін, қолжетімді, елеулі, дифференттеген, танымал 93\. Әр нарық сегментінің тартымдылығын бағалау және бір немесе бірнеше нарық сегментін таңдау бұл? - Нарықты таргеттеу (дұрыс) - Нарықты зерттеу - Нарықтың түрін анықтау - Нарықтағы сұраныс - Нарықтағы ұсыныс 94\. Компания қызмет етуге шешім қабылдаған ортақ қажеттіліктері немесе сипаттары бар сатып алушылар жиынтығы бұл? - Таргет нарық (дұрыс) - Макроорта - Микроорта - Нарықтық ұсыныс - Нарықтық сұраныс 95\. Қандай стратегияны пайдалана отырып, фирма нарық сегменті айырмашылықтарын елемеуге және бір ұсыныспен бүкіл нарыққа шығуға шешім қабылдайды? - Дифференттелмеген маркетинг (немесе масс-маркетинг) (дұрыс) - Бағытталған маркетинг (немесе нишалық маркетинг) - Дифференттелген маркетинг (немесе сегменттелген маркетинг) - Микросегменттеу - Макросегметтеу 96\. Қандай стратегияны қолданып, фирма бірнеше нарық сегментін таргеттейді және әрқайсы үшін жеке ұсыныс жасайды? - Дифференттелген маркетинг (немесе сегменттелген маркетинг) (дұрыс) - Бағытталған маркетинг (немесе нишалық маркетинг) - Дифференттелмеген маркетинг (немесе масс-маркетинг) - Микросегменттеу - Макросегметтеу 97\. Таргет тұтынушылардың ойындағы бәсекелес өнімдермен салыстырғанда таза, айрықша және қалаулы орынға орнықтыру мақсатында нарыққа орналастыруды ұйымдастыруды білдіретін ұғым бұл? - Позициялау (дұрыс) - Дифференттелмеген маркетинг (немесе масс-маркетинг) - Бағытталған маркетинг (немесе нишалық маркетинг) - Дифференттелген маркетинг (немесе сегменттелген маркетинг) - Макросегменттеу 98\. Брендтің дифференттелген және позицияланған артықшылығының толық жиынтығы не деп аталады? - Брендің құнды ұсынысы (дұрыс) - Брендің атауы - Брендің сипаттамасы - Брендтің танымалдығы - Брендің тұлғасы 99\. Қажеттілік пен қалауды өтей алатын, назар аудару, сатып алу, пайдалану немесе тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын кез келген нәрсе бұл? - Өнім (дұрыс) - Сұраныс - Сегменттеу - Брендтің құнды ұсынысы - Нарық 100\. Өнімнің деңгейлерін анықтаңыз? - Негізгі, нақты және толықтырылған (дұрыс) - Жеке, ортақ, жалпы - Негізгі, қосымша - Жеке, тұлғалық, толықтырылған - Нақты, негізгі, жеке, толықтырылған 101\. Маркетинг бағдарламаларын жобалау кезінде компания қызметтің қандай төрт арнайы сипатын қарастыруы тиіс? - Материалдық еместігі, ажырамайтындығы, өзгермелілігі және сақталмайтындығы (дұрыс) - Материалдық еместігі, ажырамайтындығы, өзгермелілігі және сақталатындығы - Материалдығы, ажырамайтындығы, өзгермелілігі және сақталмайтындығы - Материалдық еместігі, ажырайтындығы, өзгермелілігі және сақталмайтындығы - Материалдық еместігі, ажырамайтындығы, тұрақтылығы және сақталмайтындығы 102\. Жаңа өнім әзірлеу процессінің бірінші кезеңі қандай? - Идея генерациялау (дұрыс) - Өнімді әзірлеу - Бизнес-талдау - Концепті әзірлеу және тестілеу - Маркетинг стратегиясын әзірлеу 103\. Жаңа өнім әзірлеу процессінің соңғы кезеңі қандай? - Коммерциялау (дұрыс) - Идея генерациялау - Өнімді әзірлеу - Бизнес-талдау - Концепті әзірлеу және тестілеу 104\. Өнімнің өмірлік циклі (PLC) қандай кезеңдерден тұрады? - Өнімнің әзірленуі, нарыққа шығуы, өсуі, жетілуі және құлдырауы (дұрыс) - Өнімнің әзірленуі, нарықты талдауы, өсуі, жетілуі және құлдырауы - Өнімнің әзірленуі, нарыққа шығуы, өсуі, жетілуі және шарықтау шегіне жетуі - Нарықты талдау, нарыққа шығуы, өсуі, физикалық жойылуы - Өнімнің әзірленуі, нарыққа шығуы, құлдырауы және ұмытылуы 105\. Өнімнің өмірлік циклінің қай кезеңінде сатылым төмендеп, пайда азаяды? - Құлдырау (дұрыс) - Өсу - Жетілу - Нарыққа шығу - Өнімнің әзірленуі 106\. Өнім не қызмет үшін сұралатын ақша мөлшері немесе тұтынушы иеленетін немесе пайдаланатын өнім не қызметтің пайдасына айырбастайтын құн жиынтығы бұл? - Баға (дұрыс) - Технология - Жылжыту - Өткізу - Саясат 107\. «Экономикалық жағдайға қарамастан, компаниялар бағаны емес, құндылықты сата білуі керек» деп қай маркетинг ғалымы айтқан? - Филип Котлер (дұрыс) - Питер Друкер - Абрахам Маслоу - Стив Джобс - Зигмунд Фрейд 108\. Сатып алушылардың құндылық туралы түсінігіне сүйенетін баға белгілеу стратегиясы? - Тұтынушы құндылығына сүйене баға белгілеу (дұрыс) - Өнім шығынына сүйене баға белгілеу - Бәсекеге сүйене баға белгілеу - Халық пікіріне сүйене баға белгілеу - Табиғатқа сүйене баға белгілеу 109\. Тұрақты шығын және айнымалы шығын қосындысынан пайда болатын шығын түрі қандай? - Жиынтық шығын (дұрыс) - Ерекше шығын - Сандық шығын - Сапалық шығын - Маусымдық шығын 110\. Қандай қисық белгіленуі мүмкін түрлі бағамен белгілі бір уақыт аралығында нарықта қанша бірлік өнім сатылатынын көрсетеді? - Сұраныс қисығы (дұрыс) - Ұсыныс қисығы - Таңдау қисығы - Жұмыссыздық қисығы - Тұтынушылар қисығы 111\. Сұраныстың баға өзгерісіне сезімталдық деңгейі бұл? - Баға икемділігі (дұрыс) - Баға икемсіздігі - Баға белгілеу стратегиясы - Баға белгілеу әдісі - Бағалау шарттары 112\. Жаңа өнім шығаратын компаниялардың көбі нарықтан барынша көп пайда табу үшін бірінен соң бірі бастапқы бағаны жоғары қояды, бұл қандай баға белгілеу стратегиясы деп аталады? - Нарықтан «қаймақ алу үшін» баға белгілеу (дұрыс) - Тұтынушы құндылығына сүйене баға белгілеу - Өнім шығынына сүйене баға белгілеу - Бәсекеге сүйене баға белгілеу - Халық пікіріне сүйене баға белгілеу 113\. Өнім ассортиментіне баға белгілеу стратегиясына жатпайтынын белгілеңіз? - Нарыққа ену үшін төмен баға белгілеу (дұрыс) - Өнім желісіне баға белгілеу - Қосалқы өнімге баға белгілеу - Міндетті өнімге баға белгілеу - Жанама өнімге баға белгілеу 114\. Үлкен мөлшерде сатып алу, ерте төлеу не өнімді ілгерілету сияқты тұтынушының белгілі бір әрекеттерін марапаттау үшін бағаны төмендету бұл? - Дискаунт стратегия (дұрыс) - Психологиялық стратегия - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 115\. Бағаны түзету стратегияларына кірмейтінін белгіле: - Нарықтан «қаймақ алу үшін» баға белгілеу (дұрыс) - Дискаунт стратегия - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 116\. Қандай саясатта тауарды немесе қызметті өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін таратуды басқару стратегиясын қарастырады? - Өткізу саясаты (дұрыс) - Баға саясаты - Жылжыту саясаты - Тауар саясаты - Экологиялық саясат 117\. Қандай маркетингтік саясат компанияларға нарықта табысқа жетуге және бәсекелестік артықшылықтарды сақтауға мүмкіндік береді? - Тиімді (дұрыс) - Тиімсіз - Болжанған - Талданбаған - Жүйеленбеген 118\. Тұтынушыға құндылық жеткізудегі бүкіл жүйенің жұмысын жақсарту үшін бір-бірімен серіктес компания, жеткізуші, дистрибьютор және түптеп келгенде тұтынушыдан тұратын желі бұл? - Құндылықты жеткізу желісі (дұрыс) - Құндылықты анықтау желісі - Құндылықты талдау желісі - Құндылықты белгілеу желісі - Құндылықты таныту желісі 119\. Өнім мен қызмет түрін тұтынушы немесе бизнес-пайдаланушының қолдануы немесе тұтынуына көмектесетін өзара тәуелді ұйымдар жиынтығы бұл? - Маркетинг арнасы (тарату арнасы) (дұрыс) - Жылжыту арнасы - Құндылық жеткізу желісі - Нарық сегменті - Өнім ассортименті (өнім портфолиосы) 120\. Өнімді және оны иеленетін түпкілікті сатып алушыны жақындатуға арналған кейбір жұмысты атқаратын делдалдар буыны бұл? - Арна деңгейі (дұрыс) - Жылжыту арнасы - Құндылық жеткізу желісі - Нарық сегменті - Баға саясаты 121\. Делдал деңгейлері жоқ маркетинг арнасы бұл? - Тікелей маркетинг арнасы (дұрыс) - Жанама маркетинг арнасы - Жүйелі маркетинг арнасы - Таңдаулы маркетинг арнасы - Үздік маркетинг арнасы 122\. Өткізу саясатының негізгі принциптеріне жатпайтынын белгілеңіз? - Тұтынушы құндылығына сүйене баға белгілеу (дұрыс) - Нарықты зерттеу және тұтынушылардың мінез-құлқын талдау - Тарату арналарын таңдау - Логистикалық менеджмент (тасымалды басқару) - Сатушылармен қарым-қатынасты басқару 123\. Өткізу арналарының негізгі түрлерін белгілеңіз? - Тікелей, жанама, көп арналы (дұрыс) - Негізгі, қосалқы - Жоспарланған, жоспарланбаған - Айнымалы, тұрақты - Шағын, орта, ірі 124\. Өндіруші өз өнімдерін өзінің интернет-дүкені немесе бөлшек сауда дүкендері арқылы сатса, бұл қандай тарату арнасына тән болады? - Тікелей тарату арнасы (дұрыс) - Жанама тарату арнасы - Көп арналы стратегия - Логистикалық менеджмент (тасымалды басқару) - Сатушылармен қарым-қатынасты басқару 125\. Өндіруші өз өнімдерін көтерме дистрибьюторға сата алады, ол кейін оларды бөлшек саудагерлерге сатады, бұл қандай тарату арнасына тән болады? - Жанама тарату арнасы (дұрыс) - Тікелей тарату арнасы - Көп арналы стратегия - Логистикалық менеджмент (тасымалды басқару) - Сатушылармен қарым-қатынасты басқару 126\. Компания нарықтың әртүрлі сегменттеріне немесе географиясына жету үшін тікелей және жанама тарату арналарының комбинациясын пайдаланған кезде, бұл қандай тарату арнасына тән болады? - Көп арналы стратегия (дұрыс) - Жанама тарату арнасы - Тікелей тарату арнасы - Логистикалық менеджмент (тасымалды басқару) - Сатушылармен қарым-қатынасты басқару 127\. Компаниялар өз өнімдерін немесе қызметтерін тұтынушыларға сату үшін қолданатын нақты тәсілдер мен әрекеттер бұл? - Өткізу (сату) әдістері (дұрыс) - Маркетинг арнасы (тарату арнасы) - Жылжыту арнасы - Құндылық жеткізу желісі - Нарық сегменті 128\. Amazon, Alibaba, eBay және басқалары сияқты платформаларда онлайн-дүкендер мен электрондық коммерция арқылы өнімді немесе қызметті сату бұл? - Интернет сату (дұрыс) - Бөлшек сауда - Көтерме сату - Тікелей сату - Каталогтар арқылы сату 129\. Клиенттерді тарту және оларға сатып алу туралы ұсыныс жасау үшін телефон қоңыраулары арқылы өнімдерді немесе қызметтерді сату бұл? - Телемаркетинг (дұрыс) - Интернет сату - Бөлшек сауда - Көтерме сату - Тікелей сату 130\. Тауарларды немесе қызметтерді сату көлемін ұлғайту мақсатында әртүрлі маркетингтік әдістер мен стратегияларды қолдану процесі бұл? - Өткізуді ынталандыру (дұрыс) - Өткізу (сату) әдістері - Маркетинг арнасы (тарату арнасы) - Жылжыту арнасы - Құндылық жеткізу желісі 131\. Сатуды ынталандырудың әдістеріне жатпайтынын белгіле? - Тұтынушыларды сегменттеу (дұрыс) - Сатылымдар мен жеңілдіктер - Акциялар мен сыйлықтар - Бонустар мен адалдық - Тауар пакеттері 132\. Өткізу саясаты стратегияларына жататындарын белгілеңіз? - Қарқынды тарату, айрықша бөлу, селективті тарату (дұрыс) - Қарқынды тарату, баға түзету, тауарды жылжыту - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 133\. Қандай өткізу саясаты стратегиясы өнімді мүмкіндігінше тарату қажет болған кезде жаппай сұранысқа ие өнімдерге жарамды? - Қарқынды тарату (дұрыс) - Селективті тарату - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 134\. Қандай өткізу саясаты стратегиясы беделді тауарларға немесе жоғары құнды бірегей өнімдерге қолданылады? - Айрықша бөлу (дұрыс) - Селективті тарату - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 135\. Қандай өткізу саясаты стратегиясы арнайы техникалық қызмет көрсетуді немесе қолдауды қажет ететін өнімдерге қолданылады? - Селективті тарату (дұрыс) - Айрықша бөлу - Географиялық стратегия - Динамикалық стратегия - Халықаралық стратегия 136\. Компаниялар өз өнімдеріне немесе қызметтеріне назар аудару және тұтынушылардың қызығушылығын ынталандыру үшін пайдаланатын маркетинг кешенінің (немесе маркетингтік коммуникациялардың) төрт негізгі элементінің бірі бұл? - Жылжыту (дұрыс) - Өткізу - Баға - Тауар - Қызмет 137\. Компания тұтынушы тарту, тұтынушы құндылығын сенімді байланыстыру және тұтынушылармен қарым-қатынас орнату үшін қолданатын жарнама, қоғаммен байланыс, жеке сату, сатуды ілгерілету мен тікелей маркетинг құралдарының ерекше үйлесімі не деп аталады? - Промоушн-микс (дұрыс) - Маркетинг микс - Құндылық жеткізу желісі - Өнім ассортименті - Өткізу арналары 138\. Телевизиялық, баспа, онлайн, мобайл, сыртқы жарнама және басқа да формалар жататын маркетингтік коммуникацияның қай түрі болып табылады? - Жарнама (дұрыс) - Сауданы ілгерілету - Жеке сату - Қоғаммен байланыс (PR) - Тікелей және цифрлық маркетинг 139\. Жеңілдіктер, купондар, дисплейлер, көрсетілімдер мен шараларды қамтитын маркетингтік коммуникацияның қай түріне жатады? - Сауданы ілгерілету (дұрыс) - Жеке сату - Жарнама - Қоғаммен байланыс (PR) - Тікелей және цифрлық маркетинг 140\. Презентация, сауда шоулары, көрмелер және ынталандыру бағдарламалары жататын маркетингтік коммуникацияның қай түрі болып табылады? - Жеке сату (дұрыс) - Жарнама - Қоғаммен байланыс (PR) - Тікелей және цифрлық маркетинг - Сауданы ілгерілету 141\. Тиімді жарнама жасау, жағымды корпоративтік имидж қалыптастыру және жағымсыз сөздер, әңгімелер мен оқиғаларды болдырмау немесе реттеу арқылы компания мен әртүрлі қоғамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнату маркетингтік коммуникацияның қай түрі болып табылады? - Қоғаммен байланыс (PR) (дұрыс) - Тікелей және цифрлық маркетинг - Сауданы ілгерілету - Жеке сату - Жарнама 142\. Тікелей хат жолдау, электрондық пошта, каталогтар, онлайн және әлеуметтік медиа, мобайл маркетинг және тағы басқаларды қамтитын маркетингтік коммуникацияның қай түріне жатады? - Тікелей және цифрлық маркетинг (дұрыс) - Сауданы ілгерілету - Жеке сату - Жарнама - Қоғаммен байланыс (PR) 143\. Коммуникация қанша элементтерден тұрады? - 3 (дұрыс) - 6 - 9 - 7 - 5 144\. Сатып алушының дайындық сатыларын белгілеңіз? - Хабардар болу, білу, ұнату, қалау, көз жеткізу және сатып алу (дұрыс) - Хабардар болу, білу, ұнату, қалау, көз жеткізу және бас тарту - Хабардар болу, білу, ұнату, қалау, тану және құрметтеу - Хабардар болу, білу, ұнату, қалау, таңдау, қарап отыру - Хабардар болу, білу, қалау, көз жеткізу және біліп жүру 145\. Маркетингте әлеуетті клиенттің өнімді немесе қызметті білмеуден бастап сатып алуға дейінгі кезеңдерінің реттілігін сипаттау үшін қолданылатын тұжырымдама бұл? - AIDA үлгісі (дұрыс) - SWOT - PESTLE - Сегменттеу - CJM 146\. AIDA үлгісінің элементтері берілген нұсқаны белгілеңіз? - Назар аударту, қызығушылық ояту, тілек тудырту, әрекетке шақыру (дұрыс) - Назар аударту, қызығушылық ояту, тілек тудырту, ұмыттыру - Назар аударту, қызығушылық оятпау, тілек тудыртпау, әрекетке шақыру - Назар аудартпау, қызығушылық ояту, тілек тудыртпау, әрекетке шақыру - Назар аударту, қызығушылық ояту, тілек тудырту, еске салу 147\. Жарнама бағдарламасын әзірлеу барысында қандай төрт маңызды шешім қабылдау керек? - Жарнама мақсатын анықтау, жарнама бюджетін белгілеу, жарнама стратегиясын әзірлеу (хабарлама шешімі мен медиа шешімі), жарнама тиімділігін бағалау (дұрыс) - Жарнама мақсатын анықтау, жарнама бюджетін белгілеу, жарнама дизайнын құрастыру, жарнама атауын жоспарлау - Жарнама мақсатын анықтау, жарнама агенттігін табу, жарнама стратегиясын әзірлеу (хабарлама шешімі мен медиа шешімі), жарнама құнын есептеу - Жарнама миссиясын анықтау, жарнама орындаушыны белгілеу, жарнама стратегиясын әзірлеу (хабарлама шешімі мен медиа шешімі), жарнама жоспарын жаңарту - Жарнама міндеттерін анықтау, жарнаманың форматын белгілеу, жарнама жоспарын әзірлеу (хабарлама шешімі мен медиа шешімі), жарнаманы қайта қарастыру 148\. Ақпараттық жарнамаға жатпайтынын белгілеңіз? - Бренд ерекшеліктерін қалыптастыру (дұрыс) - Тұтынушы құндылығын хабарлау - Бренд пен компания имиджін қалыптастыру - Нарыққа жаңа өнім шыққаны туралы хабарлау - Өнім қалай жұмыс істейтінін түсіндіру 149\. Сендіру жарнамасына жататынын анықтаңыз? - Өнім құндылығы жайында тұтынушы түсінігін өзгерту (дұрыс) - Тұтынушы құндылығын хабарлау - Бренд пен компания имиджін қалыптастыру - Нарыққа жаңа өнім шыққаны туралы хабарлау - Өнім қалай жұмыс істейтінін түсіндіру 150\. Компания өз промоушн бюджетін анықтау үшін қолданылатын қандай төрт жалпы әдісті қарастырады? - Қолжетімді әдіс (арзан), сатудан түсетін пайыз әдісі, төмен паритет әдісі және мақсат пен міндеттер әдісі (дұрыс) - Назар аударту, қызығушылық ояту, тілек тудырту, әрекетке шақыру - Назар аударту, қызығушылық ояту, тілек тудырту, ұмыттыру - Қолжетімсіз әдіс (арзан), сатудан түсетін пайыз әдісі, жоғары паритет әдісі және мақсат пен міндеттер әдісі - Қолжетімді әдіс (арзан), сатудан түспейтін пайда әдісі, төмен паритет әдісі және миссия пен мақсаттар әдісі -