TURLÄWSIZ SÖYLEM MÜŞELERİ PDF

Document Details

SmartEvergreenForest

Uploaded by SmartEvergreenForest

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі

Толқын Еркінқызы

Tags

kazakh grammar kazakh language kazakh linguistics kazakh phrases

Summary

This document provides a detailed explanation of subordinate clauses in the Kazakh language. It covers different types of subordinate clauses, their roles in sentences, and how to identify them. The document also details the elements that build up the structure and their types.

Full Transcript

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері Жанайдарова Толқын қазақ тілі мұғалімі Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ЖОСПАР Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Тұрлаулы мүшелердің түрлерін меңгереміз Пысықтауыштың мағыналық...

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері Жанайдарова Толқын қазақ тілі мұғалімі Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ЖОСПАР Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Тұрлаулы мүшелердің түрлерін меңгереміз Пысықтауыштың мағыналық түрлерін меңгереміз Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ТОЛЫҚТАУЫШ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады. Сұрақтары: Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? Қазақ тілі Толқын Еркінқызы НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ТҮРЛЕРІ ТУРА ЖАНАМА табыс септігіндегі сөз, барыс, жатыс, шығыс, көмектес сабақты етістікпен байланысты септік жалғауындағы сөз, салт болып, тура объектіні білдіріп етістікке қатысты болып, жанама тұрады. объектіні білдіреді. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ДАРА КҮРДЕЛІ Ертең әжеме барамын. Мен анамның не айтқысы ҮЙІРЛІ келгенін түсінбедім. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы АНЫҚТАУЫШ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ДАРА КҮРДЕЛІ Ұлпан Керей еліндегі Елімізде орманды жерлер көп кездеседі. ҮЙІРЛІ Байтүменов Бекбердінің қызы екен. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ПЫСЫҚТАУЫШ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін? Қазақ тілі Толқын Еркінқызы НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын- қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ДАРА КҮРДЕЛІ Ертең әжеме барамын. Арғы күні нағашыма барамын. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы мезгіл мөлшер МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ мекен себеп-салдар мақсат амал Қазақ тілі Толқын Еркінқызы МЕЗГІЛ ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Қашан? Қай кезде?Қай уақытта? Жасалу жолдары: а) мезгіл үстеулерден жасалады: Анасы жұмыстан қазір келді. ә) мезгіл мәнді зат есімнен + жаз, көктем, қыс, күз сынды сөздерден және олардың жатыс/шығыс/барыс/көмектес септікте келуі арқ. жасалады: Жер жұмыстары көктемнен басталады. б) жатыс септігіндегі -ған, -ар тұлғалы есімшелерден ж/е -а, -е, -й, -ғалы, -гелі тұлғ. көсемшелерден жасалады: Туғанда дүние есігін ашады өлең. в) көмекші есімді ж/е демеулік тіркескен түйдекті сөз тіркестері арқ. жасалады: Сол кезде шаруалары біткен еді. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы МЕКЕН ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Қайда?Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Жасалу жолдары: а) жоғары/төмен, ілгері/кейін,, әрі/бері, алда/артта сияқты мекен үстеулерінен ж/е жатыс/шығыс/барыс жалғаулы сөзден және -рақ, -рек қосымшалы сөздерден жасалады: қалада екен ә) жатыс/шығыс/барыс/көмектес септ. қабылдаған кез келген сөз табынан жасалады (заттанған): Қазақ тілі Толқын Еркінқызы б) сілтеу есімдіктері мен жақын/алыс, жер/жақ, алаң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, кейде соңғы сөздердің алдынан бір/оң/сол сөздері тіркесіп келіп жасалады: мына жақтан в) көмекші есімдермен тіркескен зат е. жатыс/шығыс/барыс септ. келіп жасалады г) қарай/таман/шейін тіркестері тіркескен барыс/жатыс/шығыс жалғаул. сөздерден жасалады: құрылысқа қарай бет алды Қазақ тілі Толқын Еркінқызы МАҚСАТ ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Жасалу жолдары: а) әдейі/жорта/қасақана/ бекер/босқа/арнайы мақсат үстеулерінен: ә) зат есімдерге -ғалы, -гелі көсемшенің тіркесуі арқылы: Бөжейлер арыз айтқалы келіп жатыр. б) у тұлғалы қимыл есімдері барыс жалғаулы болып, кел/шақыр/ әкел/кет/бер тәрізді етістік баяндауышпен тіркесіп келгенде мақсат п. болады: Аяқтан шалуға шақырды. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы в) барыс жалғаулы есім сөздерге бола көмекшісінің тіркесуі арқылы: Сізге бола келді. г) есімдерге үшін шылауының ж/е көмектес септ. мақсат/ниет сөзд. тіркесуі арқылы: Осы мінезі үшін үнемі таяқ житін. ғ) қалау/бұйрық рай тұлғалы етістіктен кейін деп көмекші етістіктің тіркесуі арқылы ж/е -а, -е, -й, -ып, -іп, -п көсемше арқылы. Мен әдейі жағдайын білейін деп келдім. в) болымсыз есімшеге барыс септік жалғауы жалғанғанда: Іс-әрекетін елемеске болмас. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы АМАЛ ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Жасалу жолдары: а) бірден, бір-ақ, көзбе-көз, қолма-қол, зорға, әрең, тез, дереу, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, жалма-жан, шұғыл, қайта-қайта үстеулері, -рақ, -рек жалғауларының жалғануы арқылы: Дереу атқа мін. ә) еліктеуіштерден: қалт тоқтады. б) көсемше арқылы: күле қарады. г) бейнелік үстеулерден жасалады. ғ)-сыз, -сіз, д-ай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы туынды сын есімдерден: әлсіз сарнады д) -ша, -ше жұрнағынан жасалған туынды үстеулерден: таспаша созылады. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы СЕБЕП-САЛДАР ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Неліктен? Не себепті? Жасалу жолдары: а) -ған тұлғалы есімшеге -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы н/е есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауынан кейін шығыс септ. жалғану арқылы: Қатты ұйықтағандықтан естімедім. ә) есімшеден кейін себепті, соң, үшін шылауларының тіркесуі арқылы: Ашыққан соң Қазақ тілі Толқын Еркінқызы б) -дық, -дік жұрнағы арқылы жасалған абстрактілі зат е. шығыс септікте келуі: Кедейліктен қол қысқа в) босқа, құр босқа, бостан-бос, амалсыздан, лажсыздан, амал жоқтықтан, әшейін, жай, жайдан-жай үстеулері: Амалсыздан қосып жаздым. г) кей көсемшелер де себеп-салдарлық мағынада: Қалың малын да түгендемей, өз әйелінен аса да алмай шырмалып жүр. Қазақ тілі Толқын Еркінқызы МӨЛШЕР ПЫСЫҚТАУЫШ Сұрақтары: Қанша? Қалай? Жасалу жолдары: а) сан есімдер ж/е олардың шығыс жалғаулы түрлері мен өлшемдік мағынадағы көмекші сөздермен есе, рет, шақырым, бойы, құлаш, қарыс т.б тіркес: Бригадир колхоз басқармасының кеңесіне үш келді. ә) заттың нақты санын білдірмей, мөлшерін ғана білдіреді: сын есімдер ұзақ, қысқа, модаль сөздер аз, көп, мөлшер үстеулер тегіс, жаппай, онша, сонша т.б. : Бас инженер ұзақ сөйлейді. б) сан есімдердің мөлшерлік зат есімдермен тіркесінен: Омбы станциясында біз айға жақын тұрдық. “АРМАНДАРЫҢ БИІК БОЛСЫН, БІРАҚ МАҚСАТТАРЫҢ НАҚТЫ БОЛСЫН”

Use Quizgecko on...
Browser
Browser