АБ 2 ЖМ бактерия PDF

Document Details

EntrancedJadeite1181

Uploaded by EntrancedJadeite1181

Tags

microbiology exam questions bacteria medical science

Summary

This document contains microbiology exam questions. It covers various concepts related to bacterial identification, pathogens, and infection mechanisms.

Full Transcript

**АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №2** 1.Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы ұрықтың туу жолында инфекциямен зақымданып, нәрестелердегі менингиттің дамуына әкеледі: A. Staphylococcus epidermidis B. Staphylococcus aureus C. Staphylococcus pyogenes D. Streptococcus agalactiae E. Stretococcus pne...

**АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №2** 1.Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы ұрықтың туу жолында инфекциямен зақымданып, нәрестелердегі менингиттің дамуына әкеледі: A. Staphylococcus epidermidis B. Staphylococcus aureus C. Staphylococcus pyogenes D. Streptococcus agalactiae E. Stretococcus pneumoniae \*\*\* 2.Стрептококктар эритрогенді токсин бөледі, ол ненің туындауына себепші: A. скарлатина (жәншу) B. созылмалы тонзиллит C. тілме D. терінің іріңді зақымдануы E. флегмона \*\*\* 3.Стрептококктан туындайтын қай аурудан соң тұрақты иммунитет қалыптасады: A. ревматизм B. созылмалы тонзилит C. гломерулонефрит D. скарлатина E. флегмона \*\*\* 4\. Стафилококкты инфекцияға күдіктенгенде, зерттелетін материалды себеді: A. СТА және қанды агарға B. Қантты сорпа және қанды агарға C. Казеинді-көмірлі агарға D. Сарысулы агарға E. Теллурит қосылған қоректік ортаға \*\*\* 5.Жаңа туған сәбидегі стафилококкты күлбіреуік кезіндегі ең маңызды патогендік факторы болып табылады: A. плазмокоагулаза B. эксфоллиатин C. лецитиназа D. фибринолизин E. гемолизин \*\*\* 6.СТА (саруызды тұзды агар) ортасындағы S.aureus-тің дақылдық ерекшелігі: A. Бұлыңғыр аймағы бар алтын түсті колониялар B. Бұлыңғыр ұсақ колониялар C. Ұсақ жылтыр колониялар D. Мөлдір, көгілдір реңді колониялар E. Орталығында тығыздалған ұсақ колониялар \*\*\* 7.S.aureus-тің стафилококкты инфекция патогенезіндегі тұрақты ферменті: A. Плазмокоагулаза B. Оксидаза C. Протеинкиназа D. Фосфотаза E. Муромидаза \*\*\* 8.Стафилококк үшін дифференциалды-диагностикалық маңызы бар тест: A. Анаэробты жағдайда маниттің ыдырауы B. Серологиялық зерттеулер C. Нативті ақуыз кезіндегі өсу D. Крахмалдың ферментациясы E. Уреазды белсенділік \*\*\* 9.Стафилококкты сепсистің микробиологиялық диагностикасында қолданылады: A. Қанның тура микроскопиясы B. Эндо ортасына қанды себу C. Агглютинация реакциясы D. Иммундыфлюросценті әдіс E. Қанды қантты сорпаға себу \*\*\* 10.Бөлініп алынған алтын түсті стафилококктың идентификациясы үшін қолданылатын ерекшеліктерін атаңыз: A. Глюкозаның ферментациясы B. Глицериннің ашуы C. Эндо ортасында өсу D. Оксидазаны анықтау E. Плазмокоагулазаны анықтау \*\*\* 11.Стрептококктардың токсині: A. энтеротоксин B. эксфолиатин C. цитотоксин D. эндотоксин E. тетаноспазмин \*\*\* 12.Стрептокококк түзеді: A. энтеротоксин B. каталаза C. гиалуронидаза D. уреаза E. лизоцим \*\*\* 13.Скарлатинаның микробиологиялық диагностикасында қолданады: A. Науқастан алынған қанды қантты агарға себу B. Жұтқыншақтан алынған материалды қоректік ортаға себу C. Жұтқыншақтан алынған материалды микроскоптау D. Қан микроскопиясын өткізу E. Преципитация реакциясын өткізу \*\*\* 1.Скарлатина ауруына иммунитеттің бар-жоқ екендігін тексеретін реакция: A. Дик реакциясы B. Шик реакциясы C. Бюрне сынамасы D. Манту сынамасы E. Мицуда сынамасы \*\*\* 15.Staphylococcus және Streptococcus туыстықтары арасындағы дифференциация жүргізіледі: A. Эндо ортасында өсу сипаты B. Каталазаға тест C. Мальтозды ыдырау D. Глюкозаны ыдыратуы E. Қанды агардағы өсу \*\*\* 16.Науқастың құсығынан, қаймақ пен ірімшіктен коагулаза оң стафилококк анықталды. Қоздырғыштың түрлік идентификациясына қандай әдістер қолданылады: A. фаготиптеу реакциясын өткізу B. гемолитикалық қасиеттерін анықтау C. СТА-ға себінді жүргізу D. агглютинация реакциясын жүргізу E. сахаролитикалық белсенділікті анықтау \*\*\* 17.Менингококкты инфекция қоздырғышы қай туысқа жатады: A. Branhamella B. Moraxella C. Acinetobacter D. Neissеria E. Francisella \*\*\* 18.N.meningitidis морфологиялық қасиетіне тән: A. Грам теріс таяқшалар B. Грам оң таяқшалар C. Грам оң спора түзуші таяқшалар D. Грам теріс диплококктар E. Грам оң кокктар \*\*\* 19\. Менингококк қоздырғышы қандай ортада өседі: A. Сабуро ортасы B. Раппопорт ортасы C. Плоскирева ортасы D. Сарысу қосылған орта E. ВСА ортасы \*\*\* 20.Жедел соз диагностикасы: A. Аллергиялық B. Биологиялық C. Бактериоскопиялық D. Бактериологиялық E. Агглютинация реакциясы \*\*\* 21.Соз кезіндегі иммунитет: A. Ұзақ мерзімді B. Табиғи, енжарлы C. Антитоксикалық D. Стерильді емес E. Тұрақты \*\*\* 22.Бленнорея -- бұл: A. Гонококкты артрит B. Гонококкты цистит C. Гонококкты конъюнктивит D. Гонококкты сепсис E. Гепатит \*\*\* 23.Энтеробактериялардың дифференциясын қандай ортаның көмегімен анықтауға болады: A. Эндо, Плоскирев, Левин B. Сары-тұзды агар C. Клауберг D. Китта-Тароцци E. Казеинді-көмірлі агар \*\*\* 24.Энтеробактериялардың соңғы идентификациясын өткізеді: A. Микроскоппен қарау B. Биохимиялық зерттеу C. Поливалетті сарысумен АР D. Дифференциалды --диагностикалық ортаға себу E. Бірвалентті сарысумен АР \*\*\* 25.Дайындалған жағындыда энтеробактериялар қандай көрініс береді: A. Грам теріс таяқшалар B. Грам оң таяқшалар C. Грам оң кокктар D. Грам тері диплококктар E. Грам теріс коккобактериялар \*\*\* 26.Зәр жолының өрлемелі инфекциясын жиі туындататын бактерия: A. Klebsiella pneumoniae B. Serracia marcescens C. Citrobacter freundii D. Enterobacter cloacae E. Escherichia coli \*\*\* 27.Ішек инфекциясы кезінде таралу жолы: A. аэрозольді B. жыныстық C. алиментарлы D. парентеральды E. трансплацентарлы \*\*\* 28.Ішек таяқшасының морфологиясы: A. ірі грампозитивті таяқша B. тізбектеле орналасқан таяқша C. спорасы ортасында орналасқан таяқша D. грамнегативті ұшы дөңгеленген таяқша E. организм мен қоректік ортада анық капсула түзеді \*\*\* 29.Эндо ортасында ішек таяқшасы колония түзеді: A. көк-қара B. айналасында гемолизі бар C. жасыл-қоңырқай D. күңгірт-қызыл металл жылтыр түстес E. түссіз, R-пішінді \*\*\* 30.Ішек таяқшасының биохимиялық қасиеті: A. Лактозаны қышқылға дейін ыдыратады: B. Аммиак түзеді: C. Күкірт сутегін түзеді: D. Лактозаны қышқылға және газға дейін ыдыратады : E. Сахарозаны ыдыратпайды \*\*\* 31.Ішек таяқшасына тән антигендер: A. Тек пептидогликан B. О, Н, К --антигендер C. Н және Vi-антиген D. Протективті антиген E. Тек О-антиген \*\*\* 32.Эшерихияның патогенді факторлары: A. энтеротоксин B. плазмокоагулаза C. лецитиназа D. каталаза E. лейкоцидин \*\*\* *33.Колиэнтеритпен ауыратын науқас баланың нәжісінен энтеропатогенді ішек таяқшасы бөлінді. Бөлінген микробтың биохимиялық қасиетін Гисс ортасында анықтаңыз:* A. лактоза, глюкоза, маннит, мальтоза, сахарозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады B. лактоза, глюкоза, маннит, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады C. лактоза, глюкоза, маннит, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады D. лактоза, глюкоза, маннит, мальтоза, сахарозаны қышқыға дейін ыдыратады E. глюкоза, маннит, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады \*\*\* 34.Іш сүзегінде бактерия тасымалдаушылықты қалай анықтайды: A. гемодақылды бөліп алу B. О-диагностикуммен Видаль реакциясын қою C. Vi-диагностикуммен гемагллютинация реакциясын қою D. нәжісті Эндо ортасына себу E. монорецепторлы диагностикумдармен агглютинация реакциясын қою \*\*\* 35.Патогенді ішек таяқшасын патогенсізден ажыратады: A. Эндо ортасында өсу сипаты бойынша B. АВСДЕ сарысуларымен агглютинация реакциясы бойынша C. ОК-сарысумен агглютинация реакциясы бойынша D. көмірсуларды ыдыратуы бойынша E. индолды түзуі бойынша \*\*\* 36.Shgiella туыстығының жіктелуі неге негізделген: A. биохимиялық құрылымына B. токсин түзілуіне C. тинкториальді құрылымына D. антигендік құрылымына E. морфологиялық ерекшеліктеріне \*\*\* 37.Shgiella туыстығының сипатамасы : A. Организмде капсула түзеді B. Қозғалғыш бактериялар C. О және К-антигені бар D. Қоректік ортаға талғамды: E. Vi- және Н -- антигені бар \*\*\* 38.Shigella flexneri Плоскирев қоректік ортасында колониялар түзеді: A. боялған B. металды жылтыры бар қызыл C. түссіз тегіс D. ақшыл-жасыл E. түссіз кедір-бұдыр \*\*\* 39.Шигелланың резистенттілігі : A. Дезинфекциялық заттарға сезімтал емес B. Суда және сүтте, азық-түліктерде ұзақ сақталады C. Асқазан сөлінің әсеріне сезімтал емес D. Қайнату кезінде сақталады E. Нәжісте ұзақ сақталады \*\*\* 40.Шигелланың антибиотикке резистенттілігі байланысты: A. РНҚ-ның берілуімен B. Организм реактивтілігінің төмендеуімен C. Генетикалық рекомбинациямен D. Мутуализммен E. R-плазмидамен \*\*\* 41.Созылмалы дизентерияны емдеуде қолданады: A. аутовакцина B. антитоксикалық сарысу C. спецификалық гаммаглобулин D. антимикробты сары су E. эубиотиктер (лактобактерин, бактисубтил) \*\*\* 42.Ішек таяқшасының О-антигені: A. ж**асуша қабырғасының ЛПС** B. талшықтарда орналасады C. термолабильді D. ф**лагеллин** ақуызы E. вирулентті антиген \*\*\* 43\. Салмонелла үшін дифференциалды диагностика ортасын таңдаңыз A. висмут-сульфит агары B. сарыуызды-тұзды агар C. селенит сорпасы D. қан қосылған агар E. ет-пептонды сорпа \*\*\* 44.Іш сүзегін туындатады: A. S.typhi B. S. cholera-suis C. S.typhimurium D. S.enteridis E. S.paratyphi A \*\*\* 45.Іш сүзегінің диагностикасында қолданатын Видаль реакциясының механизмі A. агглютинация B. преципитация C. комплементті байланыстыру D. бейтараптау E. лизис \*\*\* 46.Іш сүзегі кезінде гемодақылды қай аптада алады: A. бірінші аптада B. екінші аптада C. үшінші аптада D. 20 күнде E. әрқашан \*\*\* 47\. Сальмонеллаларды қанықтыру (жинақтау) ортасын таңдаңыз: A. Селенитті сорпа B. Қан қосылған агар C. Сарыуызды тұзды агар D. Мак-Конки ортасы E. Ет пептонды сорпа \*\*\* 48.Сальмонеллезді токсикоинфекция қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттері: A. лактозаны ыдыратады B. пептонды ыдырата отырып күкіртсутек түзеді C. желатинді ыдыратады D. глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады E. қанттарды қышқыл мен газға дейін ыдыратады \*\*\* 49.Іш сүзегі кезіндегі иммунитет: A. антитоксикалық B. әлсіз C. ұзақ, кернеулі D. стерильді емес E. енжарлы, табиғи \*\*\* 48.Іш сүзегі қоздырғышының антигендері: A. О, Н, Vi B. М-ақуыз C. О, К D. Гемагглютининдер E. Пептидогликан \*\*\* 50.Серологиялық қасиеттеріне қарай сальмонеллалардың жүйелілік кестесін ұсынған: A. Эберт B. Пастер C. Шотмюллер D. Кауфман және Уайт E. Кох \*\*\* 51.Іш сүзегінің патогенездік фазасы: A. Бактериемия B. Вирусемия C. Катаралды D. Конвульсивті E. Токсинемиялы \*\*\* *52.Науқастың қанынан іш сүзегі қоздырғышының дақылы бөлінді. Осы қоздырғышқа тән дақылдық қасиеттер қандай?* A. Эндо ортасында түссіз колонияның және висмут-сульфит агарда қара колонияның өсуі B. Эндо ортасында қызыл түсті колонияның және висмут-сульфит агарда қара колонияның өсуі C. Висмут-сульфит агарда түссіз колонияның өсуі D. қан агарында гемолиздің болуы, Эндо агарында металды жылтыры бар қызыл колонияның өсуі E. сілтілі пептонды суда нәзік қабықтың пайда болуы \*\*\* 53.Тырысқақ қоздырғышының тұқымдасы: A. Vibrionaceae B. Brucellaceae C. Spirillaceae D. Micrococcaceae E. Enterobacteriaceae \*\*\* 54.Тырысқақ қоздырғышының антигендері: A. О және Н антиген B. О және Vi-антиген C. капсулалы D. протективті E. толық емес \*\*\* 55.Тырысқақ қоздырғышының патогенділігі: A. Капсула B. Энтеротоксин C. Эритрогенді токсин D. Летальді токсин E. Некротоксин \*\*\* 56.Тырысқақ қоздырғышын басқа вибриондардан идентификациясы қалай жүргізіледі: A. Морфологиясы мен қозғалғыштығын анықтау B. Холероген әсерінен эритроциттерді лизиске ұшырату C. Лактозаны ыдыратуы мен индолды түзуі D. О1 мен О139- сарысулармен агглютинациялау E. Сілтілі агарда және 1% пептонды суда өсуі \*\*\* 57.Тырысқақтың алдын алуда қолданылады: A. Антитоксикалық сарысу B. СТИ вакцина C. АКДС D. Холероген-анатоксин E. Тірі вакцина \*\*\* 58.Тырысқақ кезінде нәжіс: A. Түрі өзгермейді B. Қанмен аралас C. Көпіршікті,сулы D. Қайнатылған күріш суына ұқсас E. Тығыздалған күйде \*\*\* 59.Ақтау қаласында тырысқаққа ұқсас инфекцияның тұтануы байқалды. Минимальді мерзімде нақты диагноз қою үшін қандай қоректік орталарды пайдалануға болады? A. Сілтілі агар B. Плоскирев ортасы C. Сарыуызды-тұзды агар D. Сабуро ортасы \*\*\* 60.Тырысқақтың жедел диагностика әдісі: A. Ермольева әдісі B. Шик реакциясы C. Дик реакциясы D. Асколи рекциясы E. Манту сынамасы \*\*\* 61\. Сібір күйдіргісінің туыстығы: A. Bacillus B. Shigella C. Klebsiella D. Bordеtella E. Legionella \*\*\* 62\. Бруцеллалардың морфологиясы: A. грам теріс, ұсақ пішінді B. грам теріс, қозғалғыш C. грам оң, спора түзеді D. грам теріс, ірі таяқша E. грам оң, ұсақ пішінді \*\*\* 63\. Туляремия қоздырғышының қасиеттерін толық зерттеген ғалым: A. Френсис B. Брюс C. Иерсен D. Чепин E. Штуц \*\*\* 64.Хеддельсон реакциясы ненің диагностикасында пайдаланылады: A. Бруцеллез B. Іш сүзегі C. Дизентерия D. Тубереркулез E. Бөртпе сүзегі \*\*\* 65.Райт реакциясы қандай аурудың диагностикасында қолданылады: A. Іш сүзегі B. Дизентерия C. Бөртпе сүзегі D. Бруцеллез E. Туляремия \*\*\* 66.Туляремия қоздырғышының тыныс алуы: A. Анаэроб B. Капнофиль C. Микроаэрофиль D. Факультативті анаэроб E. Аэроб \*\*\* 67.Туляремия инфекциясының көзі: A. Жорғалаушылар, құстар B. Адам, маймылдар C. Жылқылар,түйелер D. Кемірушілер, буынаяқтылар E. Құстар, кеміргіштер \*\*\* 68.Туляремияны арнайы алдын алуы жүргізіледі: A. Анатоксинмен B. Өлі вакцинамен C. Тірі вакцинамен D. Фагтармен E. Химиялық вакцинамен \*\*\* 69.Сібір күйдіргісі қандай тұқымдасқа жатады: A. Brucellaceae B. Micrococcoceae C. Enterobacteriaceae D. Bacillaceae E. Mycobacteriaceae \*\*\* 70.Сібір күйдіргісі кезіндегі иммунитет: A. Тұрақты B. Тұрақсыз C. Кернеулі D. Стерильді емес E. Антивирустық \*\*\* 71.Сібір күйдіргісінің арнайы сақтандыруында қолданады: A. Сібір күйдірігісінің анатоксинін B. Сібір күйдіргісіне қарсы фагты C. СТИ тірі вакцинасын D. Антифагиндарды E. Бактериолизинді \*\*\* 72.Сібір күйдіргі қоздырғышының арнайы жедел алдын алуында қолданылады: A. Бактериофаг B. СТИ тірі вакцинасы C. Сібір күйдіргісінің иммуноглобулині D. Өлі вакцина E. Химиялық вакцина \*\*\* 73.Оба қоздырғышы қандай туыстыққа жатады: A. Shigella B. Yersinia C. Klebsiella D. Legionella E. Borditella \*\*\* 74.Оба қоздырғышы қандай тұқымдастыққа жатады: A. Brucellaceae B. Micrococcoceae C. Enterobacteriaceae D. Lactobacillaceae E. Mycobacteriaceae \*\*\* 75.Оба қодырғышын бояудағы ерекшелік: A. грам оң ұышқылға төзімді B. Нейссер әдісімен бояу кезінде полюстерінде волютин дәндері анықталады C. грам теріс биполярлы боялған D. қарапайым анилинді бояулармен боялмайды E. Романовский-Гимзе әдісімен бояу кезінде бозғылт қызыл түске боялады \*\*\* 76.Обаның R-пішінді колониясы неге ұқсайды: A. Медузаның басына B. Кестелі орамалға C. Қорғасын тамшыларына D. Арыстанның басына E. Қыртысты теріге \*\*\* 77.Оба қоздырғышының негізгі патогендік факторы: A. Жасуша қабырғасының май қышқылдары B. О-антиген C. «тышқандық токсин» D. Спора түзуі E. Гистамин сенсибилиздеуші фактор \*\*\* 78.Бубон -- бұл: A. Гиперсезумталдылық кезіндегі жасушалық инфильтрат B. Абсцесс C. Жақ-сүйек бөлігіндегі флегмона D. Лимфа түйіндерінің ісінуі E. Панариций \*\*\* 79.Оба кезіндегі иммунитет: A. Тұрақсыз B. Өмір бойына C. Кернеулі D. Антивурстық E. Вирусты бейтараптаушы \*\*\* 80.Сібір күйдіргісінің колониялары неге ұқсайды: A. Кестелі орамалға B. Қорғасын тамшыларына C. Қатпарлы теріге D. Шық тамшыларна E. Медузаның басына \*\*\* 81\. Сібір күйдіргісінің қоздырғышын укол түрінде сепкенде желатин қалай ыдырайды: A. Дискілі B. Диффузды C. Төңкерілген шырша D. Мамық E. Сталактит \*\*\* 82\. Пенициллині бар қоректік ортада өскен сібір күйдіргісі қоздырғышының колонияларынан дайындалған жағынды нені еске түсіреді: A. Арыстанның басын B. Медузаның басын C. Меруерт моншақтарын D. Шоқпар E. Шағала \*\*\* 83.Сібір күйдіргісінің патогенділігі байланысты: A. экзотоксинмен, ісіктік және протективті АГ фактормен B. адгезиямен, коллонизациялаумен, энтреотоксинді түзумен C. инвазивтілікпен, гистаминсинсибилздеуші фактормен D. Эндотоксинмен, жасуша қабырғасының майлы қабатымен E. Микроколонизациялаумен, тетаноспазминмен және тетанолизинмен \*\*\* 84.Сібір күйдіргі қоздырғышының морфологиясы бойынша: A. Кокктар B. Вибриондар C. Стрептобациллалар D. Спирохеталар E. Спириллалар \*\*\* 85.Туляремияның микробиологиялық диагностикасында қолданылады: A. Биосынама B. Қан жағындысын микроскопиялау C. Видаль реакциясы D. Бюрне сынамасы E. Дик сынамасы \*\*\* 86.Туляремияны қалай жұқтырады: A. Науқаспен тікелей қарым-қатынасқа түсу кезінде B. Трансмиссивті жолмен C. Жыныстық жолмен D. Трансплацентарлы жолмен E. Алиментарлы жолмен \*\*\* 87.Бруцеллалардың резистенттілігі: A. Жоғары температураға тұрақты B. Қайнату кезінде де сақталады C. Дезинфицирлеуші препараттарға сезімтал емес D. Төменгі температурада ұзақ сақталады E. УКС-не сезімтал емес \*\*\* 88.Бруцеллез диагностикасы кезіндегі аллергиялық әдісі: A. Дик сынамасы B. Шик сынамасы C. Туляринмен сынама D. Бюрне сынамасы E. Антитоксинмен сынама \*\*\* 89.Алиментарлы жолмен жұққан туляремия кезінде қандай инфекция түрі дамиды: A. Ішектік инфекция түрі B. Өкпелік инфекция түрі C. Септикалық инфекция түрі D. Терілік инфекция түрі E. Генерализденген инфекция түрі \*\*\* 90.Ауа-тамшылы жолмен жұққан туляремияда дамиды: A. инфекцияның көзді-бубонды формасы B. Инфекцияның ішектік формасы C. Инфекцияның сепcистік формасы D. Инфекцияның өкпелік формасы E. Инфекцияның генерализациялық формасы \*\*\* 91.Қарым-қатынас жолмен жұққан туляремияда дамиды: A. Инфекцияның ішектік формасы B. Инфекцияның көзді-бубонды формасы C. Инфекцияның өкпелік формасы D. Инфекцияның сепcистік формасы E. Инфекцияның генерализациялық формасы \*\*\* 92.Туляремия қоздырғышын алғаш рет бөліп алған: A. Мечников B. Кох C. Борде D. Пастер E. Мак-Коя және Чепин \*\*\* 93.Francisella tularensis қоздыратын ауру: A. Дифтерия B. Туляремия C. Бруцеллез D. Грипп E. Гонорея \*\*\* 94.Сібір күйдіргісінің жедел-диагностикасында қолданылады: A. Видаль реакциясы B. Асколи реакциясы C. Бюрне сынамасы D. Микроскопиялауда E. ГАТР \*\*\* 95.Туляремияның дигностикасындағы аллергиялық әдіс түрі: A. Дик сынамасы B. Шик сынамасы C. Манту сынамасы D. Бюрне сынамасы E. Туляринмен қойылатын сынама \*\*\* 96.Туляремия қоздырғышының туыстығы: A. Bordetella B. Brucella C. Francisella D. Streptococcus E. Staphylococcus \*\*\* 97.Бруцеллез қоздырғышын алғаш бөліп алған және зерттеген ғалым: A. Мечников B. Кох C. Брюс D. Борде E. Пастер \*\*\* 98.Бруцеллез диагностикасында Хеддельсон реакциясының қойылу мақсаты: A. Бактерия тасымалдаушылықты анықтау B. Жаппай жұқтыруды анықтау C. Фаготиптеу D. Бейтараптау реакциясы E. Аллергияны анықтау \*\*\* 99.Бруцеллин дегеніміз: A. Бруцеллезға қарсы өлі вакцина B. Бюрне сынамасына арналған аллерген C. Бруцеллезге қарсы тірі вакцина D. Мицуда сынамасына арналған аллерген E. Бруцеллезге қарсы химиялық вакцина \*\*\* 100.Туберкулез бактерияларын бояу әдісі: A. Бурри-Гинс B. Циль-Нильсен C. Романовский-Гимзе D. Нейссер E. Здоровский \*\*\* 101.Mycobacterium bovis морфологиясы: A. Полиморфты бактериялар B. Коккобактериялар C. Стрептобактериялар D. Шоқпар тәрізді бактериялар E. Арқан тәрізді бактериялар \*\*\* 102.Патогенді туберкулез бактерияларының негізгі факторлары: A. экзотоксиндер B. энтеротоксиндер C. капсулалар D. корд фактор E. F-фактор \*\*\* 103.Mycobacterium tuberculosis: тыныс алуы бойынша: A. Аэроб B. Анаэроб C. Капнофил D. Микроаэрофиль E. Дұрыс жауап жоқ \*\*\* 104.Туберкулезден арнайы сақтандыру: A. аттенуациялық вакцина B. өлі вакцина C. химиялық вакцина D. арнайы сақтандыру жоқ E. гумoральды қорғаныс туындайды \*\*\* 105.БЦЖ вакцинасы: A. өлі вакцина, нәтижесінде өмірлік иммунитет қалыптасады B. туберкулезбен ауыратын балаларға ревакцинация түрінде енгізу C. тірі вакцина, балаларға ауызға тамшылата енгізіледі D. әлсіреген жануарға салынған тірі бактериялар E. Кальмет пен Герен аттенуация нәтижесінде алған \*\*\* 106.Алапес микобактериясы: A. ланцет пішінді кокк B. грам теріс C. тура, иілген таяқшалар D. қораптағы темекі түрінде E. сыртқы ортада спора түзеді \*\*\* 107.Алапес кезінде инфекция көзі: A. науқас адам B. су және азық-түлік C. кеміргіштер D. жануарлар E. үй құстары \*\*\* 108.Алапес қоздырғышын атаңыз: A. Mycobacterium avium B. Mycobacterium leprae C. Mycobacterium tuberculosis D. Mycobacterium bovis E. Mycobacterium africanum \*\*\* 109.Mycobacterium tuberculosis-ті ашқан ғалым : A. Л.Пастер B. Р.Кох C. А.Хансен D. Д.Ивановский E. Р.Галло \*\*\* 110.Левенштейн-Йенсен ортасында туберкулезді бактериялары қандай колония түзеді: A. R пішінді, құрғақ пигменттер B. S форма C. M-форма D. Қара,түзу шеттерімен E. S форма, құрғақ пигменттер \*\*\* 111.Туберкулезді инфекция кезінде организм сенсибилизациясын туындатады: A. туберкулин B. Корд фактор C. Сульфатидтер D. Глицерин E. экзотоксин \*\*\* 112.Туберкулин: A. Микобактерияның токсинінен алынады B. Микобактерияның сорпалық дақылынан алынады C. Туберкулез инфекциясы кезінде ем үшін қолданады D. Туберкулез инфекциясынан сақтандыру үшін қолданады E. Құрамында тірі бактериялар бар \*\*\* 113.Туберкулезді алдын алуда БЦЖ вакцинасын қалай енгізеді: A. Интраназальді B. Теріасты C. Тері ішілік D. Бұлшық ет асты E. тамырішілік \*\*\* 114.Туберкулездің жедел диагностика әдісі: A. Ермольева әдісі B. Қараңғы өрісте микроскопиялау C. Иммундыфлюоресцентті әдіс D. Асколи рекциясы E. РПГА \*\*\* 115.Туберкулез кезіндегі аллергиялық жағдайды қалай анықталады: A. Бюрне сынамасы B. Туляремия сынамасы C. Мицуда сынамасы D. Манту сынамасы E. Асколи реакциясы \*\*\* 116\. Mycobacterium tuberculosis-ті басқа микобактериялардан ажыратуда қандай зертханалық сынама негізгі болып саналады: A. Эритрол ферментациясы B. Микол қышқылының гидролизі C. Жарықта пигмент түзу D. Ниацин түзуі E. Циль-Нильсон әдісімен бояу \*\*\* 117.Көкжөтел кезінде бактериоскопиялық зерттеуде алынатын материал: A. нәжіс B. қан C. асқазан шайындысы D. ликвор E. мұрынжұтқыншақ бөліндісі \*\*\* 118.Жүрек бұлшықетін, нерв ганглиилерін және бүйректерді зақымдайтын дифтерияның негізгі патогендік факторы: A. Эндотоксин B. Экзотоксин C. Гиалуронидаза D. Нейроминидаза E. Корд-фактор \*\*\* 119\. Экзотоксині биологиялық улардың ішінде ең күштісі болып саналатын жұқпалы аурудың қоздырғышы: A. Yersinia pestis B. Bacillus cereus C. Vibrio cholera D. Salmonella typhi E. Clostridium botulinum \*\*\* 120\. Терминалды спорасы бар микроорганизм: A. сіреспе клостридиясы B. ботулизм клостридиясы C. стафилококк қоздырғышы D. эшерихия таяқшасы E. микоплазма бактериясы \*\*\* \*\*\* 121.Сіреспеден шұғыл сақтандыру мен емдеуде қолданады: A. сіреспелік анатоксин B. өлі вакцина C. сіреспеге қарсы сарысу D. бактериофагтар E. эубиотиктер \*\*\* 122.Сіреспені арнайы сақтандыруда қолданады: A. сіреспелік анатоксинді B. тіріаттенуирленген вакцинаны C. өлі вакцинаны D. гендік-инженерлік вакцинаны E. антибиотиктер \*\*\* 123.Сіреспе қоздырғышының патогендік факторы: A. инвазивтілік B. нейротоксин C. гистотоксин D. ісіктік фактор E. энтеротоксин \*\*\* 124.Клостридияларды өсіру үшін қандай қоректік орта қолданылады: A. СТА B. Эндо C. Китта-Тароцци ортасы D. Левенштейна-Йесен E. Борде-Жангу \*\*\* 125.Газды гангренаның қоздырғышы: A. Clostridium perfringens B. Clostridium botulinum C. Clostridium intermedia D. Bacillus anthracis E. B. gracillis \*\*\* 126.Ботулизмнің негізгі патогендік факторына жатады: A. Спора түзуі B. Инвазивті ферменттер C. эндотоксин D. нейротоксин E. энтеротоксин \*\*\* 127.Клостридиялардың токсинін идентификациялау ненің көмегімен жүзеге асырылады: A. Тышқандарға биологиялық сынамаларда бейтараптау реакциясы B. Агар геліндегі преципитации C. Иммунды ферментті талдау D. Агглютинация реакциясы E. Комплементті байланыстыру реакциясы \*\*\* 128.Көкжөтел патогенезінде ең басты рөлді атқарады: A. капсула түзуі B. инвазия ферменттері C. Ent-плазмида D. термолабильді экзотоксин E. А ақуызы \*\*\* 129.Ілмек тәріздес бактериялар туындататын ауру: A. дифтерия B. амебиаз C. Шигеллез D. Иерсиниоз E. Туберкулез \*\*\* 130.Сыртқы қоршаған орта факторларына ботулизм қоздырғышының резистенттілігі сипатталады: A. Капсула түзуі B. Спора түзуі C. Анаэробты тыныс алуы D. Липидті қабаттарының болуы E. Аяқталмаған фагoцитозбен \*\*\* 131.Коринебактериялардың морфологиялық сипаттамасы: A. Грам теріс кокктар B. Грам теріс таяқшалар C. Эндоспоралы грам оң таяқашалар D. Волютин дәндері бар грам оң таяқшалар E. Иілген таяқшалар \*\*\* 132.Дифтерия қоздырғышын қайда өсіреді: A. Етті-пептонды агарда B. Құрамында өті бар қоректік орталарда C. Эндо ортасында D. Қанды-теллуритті агарда E. Саруызды-тұзды аграда \*\*\* 133.C. Diphteriae-ның анилинді бояулармен толығымен боялмауы байланысты: A. Спора түзуімен B. Капсула түзуімен C. Талшықтардың болуымен D. Липидтердің жоғары мөлшерде болуымен E. Волютин дәндерінің болуымен \*\*\* 134.C. Diphteriae-ның негізгі патогенді факторы: A. Фтионды қышқыл B. ЛПС C. Гемолитикалық белсенділігі D. Гистотоксин E. А ақуызы \*\*\* 135.Дифтеряға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыруда қолданылады: A. Антитоксикалық сарысу B. Тірі вакцина C. Химиялық вакцина D. Анатоксин E. Интреферон \*\*\* 136.Clostridium tetani сипаттамасы: A. Грамтеріс таяқша B. Капсула түзеді C. Қоректік ортада өспейді D. Талшықтары перитрих E. Энтеротоксин бөледі \*\*\* 137.Сіреспе қоздырғышының патогенді факторы: A. инвазивтілік B. нейротоксин C. гистотоксин D. ісіну факторы E. энтеротоксин \*\*\* 138.Дифтерия ауруына иммунитеттің бар-жоқ екендігін тексеретін реакция: A. Шик реакциясы B. Дик реакциясы C. Бюрне сынамасы D. Манту сынамасы E. Мицуда сынамасы \*\*\* 139.Бозғылт спирохета туындататын ауру: A. гонорея B. көкжөтел C. мерез D. тұмау E. дифтерия \*\*\* 140.Бозғылт трепонема тыныс алу типі бойынша: A. аэроб B. анаэроб C. факультативті анаэроб D. капнофиль E. микроаэрофиль \*\*\* 141\. Микоплазманың биологиялық ерекшеліктеріне тән емес белгіні анықтаңыз: A. ригидті жасуша қабырғасы жоқ B. үш қабатты мембранадан тұрады C. полиморфты, минимальды метаболизм D. бета-лактамды антибиотиктерге сезімтал E. колониялары қуырылған жұмыртқаға ұқсайды \*\*\* 142.Хламидияларды өсіреді: A. Қарапайым қоректік орталарда B. Тауық ұрығында C. Сарысулы агарда D. Тасымалдаушы -- бунақденелілердің организмінде E. Анаэростатта \*\*\* 143.Хатчинсон триадасы қандай ауру кезінде кездеседі: A. туа біткен мерез B. хламидиоз C. микоплазмоз D. кандидоз E. трахома \*\*\* 144.Біріншілікті мерез қандай көрініспен сипатталады: A. Розеолезды бөрпемен B. Әр түрлі органдардағы гуммоздыинфильтраттардың пайдаболуымен C. Шанкрдың пайда болуымен D. \"Венера алқасы\" E. себорея \*\*\* 145.Екіншілікті мерез қандай көрініспен сипатталады: A. Жасушалық типті аллергиялықреакциялар B. Жүректің айнуы C. Жүйке жүйесінің зақымдану симптомдарымен D. Теріде және шырышты қабаттарда бөрпелердің пайда болуымен E. қатты шанкрдің пайда болуымен \*\*\* 146.Үшіншілікті мерез қандай көрініспен сипатталады: A. гуммозды инфильтраттардың пайда болуымен B. қатты шанкрдің пайда болуымен C. диареямен D. розеолезды бөрпелермен E. жүректің айнуымен \*\*\* 147.Микоплазмаларды дақылдандыру үшін қоректік ортаға қосады: A. β-лактамды антибиотикті B. аминогликозидтерді C. макролидтерді D. тетрациклиндерді E. гликопептидтерді \*\*\* 148.Mycoplasma pneumonia қоректік орталарда неге ұқсайды: A. «қуырылған жұмыртқаға» B. «тоқылған сүлгіге» C. «қыртысты теріге» D. «медузаның басына» E. «төңкерілген шыршаға» \*\*\* 149.Вирустар мен микоплазмаларға ортақ белгі: A. Бактериялық сүзгіден өтеді B. Жасанды қоректік ортада өспейді C. Жасуша ішілік паразиттер D. Жасушалық құрылымы жоқ E. Бірдей өлшемді \*\*\* 150.Микоплазмалар тыныс алу типі бойынша: A. факультативті анаэробтар B. облигатты анаэробтар C. облигатты аэробтар D. микроаэрофилдер E. капнофильдер \*\*\* 151.Хламидиялар мен вирустарға ортақ нәрсе: A. Бактериалды сүзгілен өтеді B. Жасанды қоректік ортада өспейді C. Грам теріс D. Жасушалық құрылымы жоқ E. Бірдей өлшемді \*\*\* 152.Хламидиялардың негізгі патогендік факторы: A. Жасуша қабырғасының липополисахариді B. Қышқылға тұрықтылық C. Антифагоцитарлы белседілік D. Мембрананы зақымдаушы әсер ететін механизмге ие токсин E. Энтеротоксин \*\*\*

Use Quizgecko on...
Browser
Browser