Исламдағы бала тәрбиесі PDF
Document Details
Uploaded by SincereProsperity
null
2011
null
Құдайберді Бағашар
Tags
Summary
Бұл кітапта бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары қамтылған. Кітапта қалыңдық таңдау мен жанұя құрудың мән-маңызы, ұрпақ тазалығы, сәби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-жоралғылар, баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері және мұсылмандық тәрбиенің мәйегі мен негіздері баяндалады.
Full Transcript
Құдайберді Бағашар ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ Алматы 2011 УДК 297 ББК 86.36 Б 13 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған Бағашар Қ. Б 13 Исламдағы бала тәрбиесі – Алматы; “Көкжиек-Б” баспасы, 2011. – 228 бет. ISBN 978-601-7271-25-...
Құдайберді Бағашар ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ Алматы 2011 УДК 297 ББК 86.36 Б 13 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған Бағашар Қ. Б 13 Исламдағы бала тәрбиесі – Алматы; “Көкжиек-Б” баспасы, 2011. – 228 бет. ISBN 978-601-7271-25-1 Қолдарыңыздағы еңбекте бала тәрбиесінің мұсыл- мандық бастаулары қамтылған. Дәлірегі, кітапта қалыңдық таңдау мен жанұя құрудың мән-маңызы, ұрпақ тазалығы, сәби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-жоралғылар, баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері және мұсылмандық тәрбиенің мәйегі мен негіздері баяндалады. Еңбек бала тәрбиесіне жауаптылықпен қарайтын барша оқырман қауымға арналған. УДК 297 ББК 86.36 ISBN 978-601-7271-25-1 © “Көкжиек-Б” баспасы, 2011 Кіріспе Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі, − деп кемеңгер Абай ақын өлеңмен өрнектегендей, перзент сүю – адамзат тарихы- мен бірге жасасып келе жатқан ең бір хикметті құбылыс, әр ата-ананың жан қалауы. Өйткені, бала − өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Құдай тағаланың берген сыйы, аманаты. Шал ақынның «Босағасын алтыннан соқсаң- дағы, Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас» деуі де осыдан шығар. Зарығып күткен перзенті дүниеге келгендегі Мұқағали ақынның тебіренісі әрбір жанның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей: Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?! Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?! Шырылдаған үніңнен айналайын, Шыныменен өмірге келгенің бе?! Қызым болсаң − қырымда құралайсың, Ұлым болсаң − ұлы бір мұрадайсың. Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние, Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Шындығында, баланың шыр етіп өмірге келуі − зор қуаныш. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. 3 Исламдағы бала тәрбиесі Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Өйткені, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген. Иә, жаңа туылған сәби тап-таза, ақ парақ секілді. Оған не жазылатыны, қалай жазылатыны ата-анасына байланысты. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі − қай кезде де ең өзекті тақырып. «Тәрбиә» – арабтың сөзі. «Көктету, өсіру, жетіл- діру» деген мағынаны білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғысөзінде адамның басқа жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстыр- ғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал бо- лып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы − туғанда іңгәлаған айғайы мол бір ке- сек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды». Тәрбие кешенді түрде жан-жақты қолға алынуы тиіс. Алайда тәрбиенің өзегін қайдан алу керек? Кемел тәрбиені қайдан табамыз? Қала берді, тәрбие берудегі мақсатымыз не болуы тиіс? Тәрбиеден не күтеміз? Бұл мәселеге аталмыш еңбегінде М.Жұмабаев төмендегідей жауап айтады: «Тәрбиеден мақсұт − адамды һәм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. 4 Исламдағы бала тәрбиесі Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты бол- са, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт − адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару». Демек, баланы тәрбиелеудегі мақсат − оны жан- жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Осы орайда, Ислам дінінің ке- мел тәрбиеге қосар үлесі зор. Ал, Исламдағы тәрбие негіздерімен танысуға руханият дамып келе жатқан бүгінгі күні толық мүмкіндік туып отыр. Исламда бала тәрбиесі жігіттің өзіне қалыңдық таңдау сәтінен-ақ басталады. Өйткені, болашақ ананың ары бар, ақылы бар, ұятты, көргенді, діндар болуы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Исламда жанұя құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – өмірге ұрпақ әкелу, иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Хадисте бұл турасында «Балаға әкенің берер ең жақсы сыйы − ол тәрбие» делінген. Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы мұсылман, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру – үлкен сауапты істің бірі. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата- аналарға: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру − бір сағ1 көлемінде садақа бергеннен де жақсы»,2 «Кімде- кім жылаған баланы жұбатса, Аллаһ тағала жан- натта оған қалағанынша сый-сияпат береді»3− деп, 1 (бір сағ ─ 2120 граммға тең) 2 Тирмизи, Бирр, 33. 3 Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б. 5 Исламдағы бала тәрбиесі балаға көңіл бөлудің сауап жағынан да артықшылығын ұқтырған. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөздің мәні терең. Өйткені, тәрбиелі ұрпақ − ата- ананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халық- тың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі бұлыңғыр тартпақ. Сөз жоқ, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттың келешегіне ата-ана жауапты. Сондай-ақ баланың тар ойлы, жетесіз болып өсуіне, парықсыз қылық таны- туына тәрбиешінің кінәланғаны тегін емес. Тіпті «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» де- ген Иран елінің мәтелі де осыдан туған. Сол себепті ұрпағының өзінен оза туғанын қалаған мұсылман халықтары бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Халқымыздың бір ерекшелігі − тәрбиеге үлкен мән беруінде. Өйткені, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген. Бірақ, өкініштісі, соңғы жылдары қазақ қоғамында да ұлттық тәрбие жүйесі қағажу көріп, тәрбиелік ырғағы бұзылып, бала тәрбиесінің тым нашарлап кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер, жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі т.б. дәлел. Себептер де аз емес. Көбіне іскерге қоймадағы жүгі, 6 Исламдағы бала тәрбиесі саудагерге сатқан малы, шенеунікке шен-шекпенінің қымбат болуы, үй ішіндегі күйбең тіршіліктен шешенің қолының бір босамауы, жұмысбастылықтан әкенің уақыт таппауы т.б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс-шабыс, төбелес, қирату, ұру, сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұлалдың санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиян- ды екені айтпаса да түсінікті. Ұлыбританияда теледидардың әсері жайын- да жазылған 2286 мақаланы сараптағанда, көптеген зерттеушілердің ортақ ой тоғыстырған тұсы – теледидар- дан көрсетілетін қатігездік пен озбырлық әрекеттердің көрермендерге де жұғатындығы. Бұл жағдай, әсіресе, бала санасына көбірек әсер қалдырады. Баланың теледи- дардан не көрсе соны істейтіндігі, жағымды-жағымсыз қылық болсын өзіне үлгі ретінде қабылдап, соған қатты еліктейтіндігі байқалған. Америкада 8 жасынан 30 жасына дейінгі адамдардың өмірі зерттелгенде, жас кезінен ұрыс- төбелеске жақын бағдарламаларды көбірек көріп өскен адамдардың кейін өскенде де мейірімсіз, тасжүректеу келетіндігі, қылмыс істеуге де жақын тұратындығы анықталған. Сондай-ақ олардың өз балаларын сотқар қылып өсіретіндіктерімен қоймай оларға күштеп жаза беруге де дайын тұратындықтары байқалған. Міне, бұлар бала тәрбиесінің негізін шайқалтатын кері іс- әрекеттер болып табылады. Бұл сондай-ақ егер бала тәрбиесімен саналы түрде айналыспасақ, болашақта бізді үлкен қауіп-қатер күтіп тұрғанын ұқтырады. Бұл кереғарлықтардың қатарына дәстүрден қол үзгенімізді, 7 Исламдағы бала тәрбиесі дініміздегі тәрбие құндылықтарымен жете таныс болмағанымызды да қосыңыз. Біз бүгін осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Исламдағы бала тәрбиесі» атты еңбекті әзірлеп отырмыз. Кітапта негізінен «Мұсылман жанұясында бала тәрбиесі қандай болу керек?», «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі қандай?», «Бала тәрбиесінің кезеңдік ерекшеліктері нелер?», «Балаға діни құндылықтар қалай үйретілуі керек?», «Пайғамбарымыз балаларға қалай қараған?» деген секілді т.б. өзекті мәселелер қамтылған. Сондай-ақ баланың әр жас мөлшері жеке-жеке ескеріліп, діндегі сол жасқа сай тәрбие ұстанымдары анықталды. Баланың өмірге келгенінен бастап, физиологиялық-психологиялық даму ерекшеліктері көрсетілді. Кітап жазу барысында Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадистері негізге алынды. Мұсылман ғұламалардың ақыл-кеңестері де ұмыт қалмады. Әсіресе, хадис саласының білгірі проф. Ибраһим Жананның «Хаз- рети пейгамберин сүннетинде тербие» (Хазірет пайғамбардың сүннетіндегі тәрбие) (Измир, 2008) кітабы мен қазіргі заманғы танымал мұсылман ғалымы, ойшыл һәм ағартушы Фетхуллаһ Гүленнің «Чекирдек- тен чынара» (Бесіктен беласқанға дейін) (Станбул, 2002) кітабынан үзінділерге орын берілді. Сондай- ақ тақырыптың мазмұнын ашатын ғибратты қысқа әңгімелер де келтірілді. Бір ескерте кетерлігі, бұл кітап бала тәрбиесіне қатысты басқа да педагогикалық, психологиялық тұрғыдан жазылған кітаптардан ислами негіздерімен, 8 Исламдағы бала тәрбиесі діни тәрбие мәйегіне басымдық беруімен ерекшеленеді. Еңбекте Ислам дініндегі бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бәрі толық қамтылды деу қиын. Неге десеңіз, баланың өзі кішкентай болғанмен, мәселесі үлкен. Үлкен мәселені толық қамту көлемді уақытты қажет етеді. Бала тәрбиесіне қатысты мұсылмандық негізді, діндегі тағылымды мүмкіндігінше жинақтап оқырман назарына ұсына отырып, еңбектің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі, халқымызға тигізер пайдасы мол болар де- ген үміттеміз. Бүкіл мақтау мен мінсіздік Хақ тағалаға ғана тән! Өнегесі өміршең ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салауат айтып, сәлем жолдаймыз! Автордан 9 10 I-ТАРАУ ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БЕСІГІ Отау тігу «Отан – отбасынан басталады». Ата-бабамыз осы- лайша атан түйенің белін қайыстырар алапат ойды жалғыз ауыз сөзге сыйдырыпты. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы ана сүтімен бойға дарытқан қазақ үшін ары жанынан жоғары тұрған. Сол себепті де, жарық дүниеге шыр етіп келген сәбидің күні ертең-ақ ержетіп отбасын құрайтынын ескеріп, ерте қам жасапты. Қазақтың бел құда, бесік құда болатын ежелгі дәстүрі осыдан бастау алған. Бұдан «он үште отау иесі» деген аталы сөздің де бекер айтылмағанын байқаймыз. Қазақтың баласы мен қызының отау тігуіне қатыс- ты айтылған даналық сөздерін, сан ғасыр сұрыпталып бізге жеткен әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт- жоралғыларын жиып-теріп қарастырсақ, кешегі көшпелі жұрттың өмір салтынан тұтастай ислам пәлсапасы айқындала түсер еді. Ол пәлсапаның өзегінен ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тапқан үлкен өнегені аңғарамыз. Осы өнеге негізі Ислам дінімен сабақтасып, бір-бірін қуаттайды. Бұл қазақ халқының Ислам дінін берік ұстанғанын аңғартады. Халық даналығын Құранның 11 Исламдағы бала тәрбиесі аят-сүрелерімен шегелеп, бекіте түседі. Мысалы, Құран Кәрімде: «Араларыңдағы бойдақтарды, сондай- ақ қолдарыңдағы құл мен күңдеріңнің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ өз игілігімен байытады. Аллаһ (игілігі) өте кең әрі бәрін білуші»4 – деген аят бар. Қасиетті Құран Кәрімнен отба- сына қатысты, үйленген ер мен әйелдің құқықтары мен міндеттері хақында мұнан да басқа көптеген аяттарды кезіктіруге болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің көптігімен мақтанамын»5 деп, үмбетіне отбасы құруды және ұрпақ өрбітіп, өріс кеңейтуді насихаттайды. Мұсылмандықты діңгек еткен қандай да бір ұлт- тың немесе қоғамның өз кемеліне келуі әрбір керілген керегенің мығым боп, әрбір көтерілген шаңырақтың шайқалмауына тәуелді. Сондықтан отбасы − ұлт дәнегі, қоғам тірегі. Бұрынғы ойшылдар бұл тірек берік бол- са, ұлт та, сол ұлт ұйыстырып отырған мемлекеттің іргетасы да бекем болатынын айтып кеткен. Отбасы қалай бой түзесе, қоғам да соның ырқында болады. Адам ата ұрпақтары осы қағидалардың барлығын білсе де, мұның бастау бұлағы мен шешімі Ислам дінінде тұнып тұрғанына көз жеткізе алмай-ақ келеді. Ислам діні мұсылман пенденің үйін «жаннаттың бір пұшпағына» теңейді. Сол себепті де «Жұмақтың бір пұшпағына» баланған шаңырақтың астында бүлдіршіндер имани тәрбие алуы тиіс. Осындай құтты 4 «Нұр» сүресі, 32-аят. 5 Абдурразззақ, Мүсаннаф, 6/173; Ажлуни, Кәшфул Хафа, 1/318, 319. 12 Отбасы – тәрбие бесігі шаңырақтағы бүлдіршіндердің үйді бастарына көтеріп, шулағанының өзі періштелердің құлшылықтағы тәс- бихын еске салатындай тым тәтті болмақ. Үйленуді әрі ғибадат, әрі сүннет деп ұғу керек. Сондықтан да ата-ананың мұсылмандық міндеттерінің бірі − мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды пер- зент тәрбиелеу. Осы арқылы екі дүниеде де Аллаһтың разылығына бөлену. Шаңырақ көтеретін екі жас алда- рына осындай асыл мақсат қойса, болашақта отбасы- мен басталатын отаны берік болады. Ислам діні бозбала мен бойжеткеннің осы бағыт- ты көздей отырып, шаңырақ көтеруін сауапты әрі құптарлық іс деп таниды. Бас-аяғын терең ойластырып, ыстық сезім мен нұрлы ақылды басшы етіп тігілген отау баянды, сол отауда жарық дүние есігін ашқан ұрпақ та қайырлы болмақ. Болашақ күйеу мен қалыңдық Баяғыда бір кісі ойшылға барып: «Балам бір жасқа толды. Тәрбиесін қай кезден бастаған дұрыс?», – деп сұрағанда, әлгі ойшыл: «Сіз тәрбиені бір жылға кешіктіріпсіз ғой», – деген екен. Мұнан тәрбиенің сәби жарық дүниеге келген сәттен бастап қолға алынуы керектігін байқаймыз. Ал дінімізде ұрпақ тәрбиесі тіпті одан да ерте, жар таңдаудан басталады. Себебі, Ислам дінінің шаңырақ құруға байланысты ұстанымдарына зер салсақ, шаңырақта дүние есігін ашатын ұрпақтың да қамы алдан ала ойластырылып қойғанын аңғару қиын емес. Өскен ортасының балаға міндетті түрде әсер ететіні айтпаса да түсінікті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін» бала үшін әке-шешенің әрбір іс-әрекеті 13 Исламдағы бала тәрбиесі маңызды. Сондықтан болашақ қалыңдық пен күйеу бір- бірінің бойынан имандылықты, салиқалықты (дініміз талап еткен асыл қасиеттерді) іздегені жөн. Аллаһ тағала Құранда мұсылмандарға былай деп бұйырады: «(Ей, мұсылмандар!) Мүшрік (Аллаһқа серік қосқан) әйелдер иманға келмейінше олармен үйленбеңдер. Мұсылман күң − саған ұнаған мүшрік әйелден қайырлы. (Ей, мұсылмандар! Қыздарыңды) мүшріктерге олар иман етпейінше қалыңдыққа бермеңдер. Мұсылман құл − саған ұнаған мүшрік ерден қайырлы. Олар (мүшріктер) сендерді тозақтың отына шақырса, Аллаһ сендерді жаннатына және кешіріміне бөленуге шақырады. Аллаһ адамдарға ғибрат алсын деп аятта- рын осылай түсіндіреді»6. Демек, адамзат өмірлік серік болар жарын таңдауда ең бірінші оның имандылық қасиетіне мән беруі қажет. Құран аятымен әспеттеліп, бізге жеткен қастерлі жар таңдау ұғымының имандылыққа баса назар аударуы адамзат бақыты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Өнегелі өмірдің жарқын үлгісін адамзатқа танытқан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да: «Жар таңдаған жан әйелдің төрт қасиетіне көңіл бөледі: дүниесі, тектілігі, әдемілігі және діндарлығы. Діндарын таңдаған бақытқа кенеледі»7, деу арқылы болашақ қол ұстасқан жүрек қалауыңның иманды болуын өсиет еткен. 6 «Бақара» сүресі, 221-аят. 7 Бұһари, Никаһ 15; Әбу Дауыд, Никаһ 2; Нәсаи, Никаһ, 13; Ибни Мәжә, Никаһ, 6. 14 Отбасы – тәрбие бесігі Көрген жанды тамсандырар сыртқы сұлулық пен шалқыған дәулет − қолдың кірі секілді өткінші дүние. Басты байлық – руханият байлығы, жан сұлулығы. Бұл – хақтың бірлігін таныған иманның жемісі. Аят пен хадистерде ең әуелі иман мәселесінің айтылуы − ертең дүниеге келер иманды, парасатты ізгі ұрпақтың мәңгілік бақыты үшін деп түсінуіміз керек. Құран Кәрім жүрегі иман сәулесімен нұрланған ерлі-зайыптылар хақында былай дейді: «Мұсылман ер кісілер, мұсылман әйелдер, мүмин ер кісілер, мүмин әйелдер, бойұсынған ер кісілер мен бойұсынған әйелдер, шыншыл (шын сөзді) ер кісілер мен шыншыл (шын сөзді) әйелдер, сабырлы ер кісілер мен сабырлы әйелдер, кішіпейіл ер кісілер мен кішіпейіл әйелдер, ар-ұятын қорғайтын ер кісілер мен ар-ұятын қорғайтын әйелдер, ораза ұстайтын ер кісілер мен ораза ұстайтын әйелдер, Аллаһты көп зікір ететін ер- лер мен әйелдер, міне, оларды Аллаһ толық кешіреді әрі оларға үлкен сый әзірлейді»8. Яғни, обал-сауапты білетін дінге берік әрі Ұлы Жаратушыға құлшылық жасайтын ерлі-зайыптылар- дың тілегі мен тірлігі жарасып, сөзі мен ісі бір жерден шығып, айрандай ұйыған отбасы болады. Адамның айнаға қарап, өзін түзегені секілді, балалары да ата- анасынан өнеге, ғибрат алып, иманды болып өседі. Себебі, иманды әке-шеше − күнә мен қиындыққа сабыр танытады, күпірліктен бойларын алыс ұстайды. Осы- лайша иманды отбасының иләһи рухани қуаты бала- шағасына да оң әсерін тигізеді. Аллаһты құрметтейтін, 8 «Ахзаб» сүресі, 35-аят. 15 Исламдағы бала тәрбиесі ақыретіне алаңдайтын, өз міндетін адал атқаруға ты- рысатын, ажалды үнемі қаперде ұстайтын ата-ананың балалары салмақты, байсалды, барлық жағынан үлгілі болып өседі. Біреудің ала жібін аттамайды. Айналасы- на ұдайы мейірім шуағын шашып, ораза ұстап, намаз оқиды. Яғни, Аллаһтан әмір болған бес парызды өтеп, харамнан бойын аулақ ұстайтын әйел мен ер кісі құрған шаңырақтың іргесі берік болады. Қоғамды ізгілікке ба- стайтын мұндай парасатты отбасының балалары мен немерелері де өз ұлтының барлық құндылықтарын терең игермек. Бойына діні мен ділін қатар сіңірген ұрпақтың рухы да биік болмақ. Қазақ «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді. Осы мәйекті сөзде айтылғандай, жар таңдағанда ең әуелі көрікке емес көргенді жерден шыққанына көңіл бөлген абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Қоқыста өскен қызыл гүлге қызықпаңдар!» деп ескертеді. Мәнісін сұраған сахабаларына «Айтпағым, нашар ортада өскен сұлу әйел», − деп түсіндіреді9. Хазірет Омар (р.а.) хадисті тарқатып: «Жаман ортада өскен сұлу әйелден сақтаныңдар! Себебі, одан туған бала негізге тартпай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын таңдаңдар! Себебі, ол өзінің әкесіне, көкесіне, бауыр- ларына тартқан ұрпақты дүниеге әкеледі», − деген. Ата-бабамыз да ұрпағына көргенді жердің қызын алуды үгіттеп былай деген: Жал-құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз. 9 Қари, Ш. Айнул-илм. 1/234. 16 Отбасы – тәрбие бесігі Қалыңмалы арзан деп, Жаманнан қатын алмаңыз. Айтқанымды тексермей, Алды-артыңды тектемей, Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Ақылымды ескермей, Жаманнан қатын алсаңыз, Топқа түсер ұл тумас... Жаманнан – жақсы туса да, Жақсыдан – жаман туса да, Тартпай қоймас негізге. (Бұқар жырау) Парасатты отбасы құру − болашақ ошақ иесі мен отағасына да сын. Халқымыз ертеректе ер жігіттерді былайша сынаған екен: «Күйеу жігіт білім-білігі бар, шаруашылыққа икемді, епті болуға тиіс. Ата- бабаларымыз «Пайғамбардың сүннетін өтей алсаң, үйлен», − дейді екен. Ол үшін ат үстінен аударысу, жамбы ату, садақ тарту, шауып бара жатып шұқанаққа салынған затты ілу, күрестіру, отын жарғызу, мал бақтыру, диқаншылық, қонақ күту, той-томалақты өткеру, өлең айту, мал сою, пышақ қайрау, шалғы, кет- пен шыңдау, т.б. сияқты сынақтардан өткізген. Сөйтіп, өз беттерімен жандарын бағып, үй болып кете ала- тындарына көздерін жеткізген. Ұстанымдық жағынан, бүгінгі таңда да дәл аталғандардай болмаса да, сол си- паттас шарттар қоюдың қажеттілігі артпаса, кеміген жоқ. Бірақ бұған әр түрлі себептермен елеусіз қалудың салдарынан кейбір жас жігіттер отбасылық өмір шындығымен бетпе-бет келгенде, осалдық танытып, 17 Исламдағы бала тәрбиесі жаңа көтерген шаңырақтарын шайқалтып алып жүр»10. Демек, қалыңдық та жар таңдау барысында жігіттің бойынан нағыз ер-азаматқа тән қасиеттерді іздегені жөн. Ислам дінінде иманды, ибалы жар таңдау − ең әуелгі міндеттердің бірі. Хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған кезінде бір кісі келіп баласының қылықтарына көңілі толмай- тынын айтады. Сөз тыңдамай, қит етсе өзіне қарсы келетінін сөз етеді. Халифа баланы шақыртып, бұның себебін сұрайды. Бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, әкенің бала алдында ешқандай міндеті жоқ па?» − деп сұрайды. «Әрине, бар», − деген халифа Омар ол міндеттерді былай деп тізбектейді: «Әке ең алдымен болашақ ұрпағына ары таза, мінез-құлқы жақсы ана таңдауы керек (яғни сондай әйелді жар етуі қажет). Со- сын баласына жақсы ат қоюы әрі оған Құран Кәрімді үйретуі қажет». Мұны естіген бала: «Ендеше, әкем бұлардың ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде таңдаған әйелі мәжуси (отқа табынушы), қойған аты «тасбақа» деген мағынаны береді. Ал Құраннан бір әріп те үйреткен емес», − дейді. Сонда хазірет Омар баланың әкесіне қарап: «Негізінде сенің үстіңнен балаң шағым жасауы қажет екен. Баланың алдындағы парызыңды орындамасаң, бала да әкенің алдындағы өз міндетін орындамасы анық», − деп кінәнің әкеде екенін түсіндірген екен. 10 Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы, Әдептану, 218-б. 18 Отбасы – тәрбие бесігі Міне, мұсылмандықта дүниеге келген баланың тәрбиесі, шаңырақ құрылмай тұрып ойластыру қажеттігі осыдан. Ислам отау құрмаған бозбала мен бойжеткен- ге ана әрі әке ретінде қарап, болашақ бала тәрбиесіне қаншалықты үлес қосатынына баса назар аударады. Де- мек, қыз бен жігіт қол ұстасып, жанұялық өмірге қадам баспай тұрып, бір-бірінің бойынан осындай қасиеттерді іздестіруі керек. Себебі, ұрпақ тәрбиесі ер мен әйелдің үйленуге шешім қабылдаған сәтінен бастау алады. Қазіргі кезде көптеген жастар осы бір өміршең мәселеге атүсті қарайды. Тіпті, көшеде, кафеде, клуб- та кездескен кез-келген біреумен асығыс жанұя құрып кете барады. Отбасы мәселесіне жан-жақты қарап, тәжірибесі бар кісілердің пікіріне құлақ асқан жөн. Кейде сезімге беріліп үйленуден бақыт күткен жанұя оба жайпап, ойраны шыққан тамұққа айналуы мүмкін. Діндар деген кейбір кісілердің өзі осы мәселеге келгенде орашолақтық танытып, кейбір жайттарды ескермей шалыс басып жатады. Ондайда жанұяның берекесі қашып, ырың-жырыңнан көз ашпайды. Ұрыс-керіс те үзілмейді. Өйткені, отағасының діндарлығы әйеліне, ал әйелінікі еріне ұнамай ырду-дырду күй кешеді. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар тіл табыса алмай, екеуі екі бөлек әлемде өмір сүреді. Күйеуі діндар, әйелі діннен хабарсыз (немесе керісінше) жанұяда екі түрлі кітап, екі түрлі га- зет оқылады, екі түрлі әңгіме айтылады. Әйелі бір нәрсені қаласа, оны күйеуі жақтырмайды. Әйелі діни заңдылықтарды, иманды, тәрбиені айтса, күйеуі оны 19 Исламдағы бала тәрбиесі жанжалға айналдырады. Мұндай сүреңсіз өмірді өмір деуге келе ме, келмей ме, төрелігін сіз айтыңыз11. Ақ неке Отбасы ұғымы тек ұрпақ жалғастығымен өлшенбейді. Отбасы – қоғамның маңызды бір бөлігі, ұлттың бүгіні мен ертеңі. Сол қасиетті шаңырақтың сүттей тазалығын, шатттығы мен бақытын ақ неке одан әрмен бекіте түседі. «Неке» дегеніміз үйленуге ниет еткендерге қойылатын діни талаптарды орындай оты- рып, екі жастың қол ұстасып, өз қалауымен бас қосып шаңырақ көтеруі. Өйткені оның белгілі бір мақсаты бар. Аллаһ тағала некенің шарттарын тәрк еткен отауға разылық танытпайды. Дін − адал некеге құрылған отбасын ұлттың негізіне, іргетасына, тірегіне балайды. Сондықтан Ислам ғалымдары некелесу мәселесін адамның жеке жағдайымен байланыстыра отырып, үйленудің па- рыз, уәжіп, сүннет, харам, мәкруһ секілді дәрежелерін анықтаған. Яғни, үйлену әркімнің рухани һәм материалдық жағдайына қарай әр түрлі сипат алуы мүмкін. Осы себепті үйлену − біреуге уәжіп болса, енді біреуге мәкрүһ. Енді осы мәселеге жеке-жеке тоқтала кетейік: Парыз: Зина жасау қаупі төнген бойдақ кісі егер үйленгеннен кейін отбасын асырай алатындай жағдайы болса, онда оның күнәдан сақтануы үшін үйленуі − па- 11 Бұл пікір мұсылман ғалым, ағартушы М. Ф. Гүленнің «Чекирдек- тен чынара» атты кітабынан алынды. Нил йайынлары. 2002. Б. 45-46. Ендігі жерде осы еңбектен алынған пікірлер курсивпен берілетінін ескертеміз. 20 Отбасы – тәрбие бесігі рыз. Яғни, харам істерге бой алдыру қаупі төнген адамға ең абзалы – үйлену. Өйткені оның үйленуден тартынуы өзіне де, қоғамға да зиянды. Сүннет: Зина жасау қаупі жоқ болса да, шаңырақ көтеруді қалаған адамның үйленуі − сүннет. Харам: Үйленгеннен кейін де теріс жүрісін тоқ- татпайтын немесе отбасын бағу үшін ұрлық-қарлық, парақорлық сияқты түрлі теріс әрекеттерге, яғни діни тұрғыдан тыйым салынған істерге баратын адамның үйленуі − харам. Ғалымдар бұл үкімді жұбайына зәбір көрсететіндерге де қатысты деп санайды. Мәкрүһ: Үйленгеннен кейін жұбайына қиянат жа- сайтыны анық білінбесе немесе отбасын асырау үшін харамға баруы мүмкін болса, ондай адамның үйленуі − мәкрүһ. Мүбах: Табысы адал, зина жасау ықтималдығы жоқ (діндар, тақуа), мәхір беретін жағдайы бар, ісі тыңғылықты адамның үйленуі мәмдух не мүбах, яғни құптарлық. Ондай адам қаласа үйленеді, қаламаса үйленбейді. Міне, Ислам дінінде үйленудің өзін жақ-жақты талдап, қандай жағдайда оның парыз, сүннет немесе харам болатынын анықтау арқылы үйленуге атүсті, жеңіл қарауға болмайтыны ескертілген. Егер мұндай аса маңызды мәселе барлық жағынан көңілге қонымды ұстанымдарға негізделмесе, сот орындары жесір әйел мен жетім балалардан көз ашпас еді. Дін некеге қатысты барлық мәселелерді әу бастан таразылап, соңы түрлі келеңсіздіктерге ұшырататын некелесуді харам не мәкрүх секілді категорияларға бөліп қарастырып, көбіне сезім билейтін мұндай жағдайда ақыл мен ойды 21 Исламдағы бала тәрбиесі бірінші кезекке қойған. Сондықтан да бір басын екеу етуге ниеттенген нағыз мұсылман некеге тән құмарлығы ретінде ғана емес, тұтас бір ұлттың, қоғамның болашағы ретінде қарай білуі керек. Ал, тәндік тояттау мен ләззат алуды осындай ұлы мақсатты жүзеге асыру үшін адам баласына Аллаһтың берген кішігірім сыйы деп түсінген жөн. Былайша айтқанда, ұлттың байрағын желбірете- тін адамгершілігі мол ұрпақ өсіруі үшін берілген ынта- ландыру «сыйлығы» деп қабылдау керек. Сонымен, неке Хақ тағаланың рұқсаты аясын- да қиылғаны абзал. Себебі, неке дегеніміз – көзге көрінбейтін рухани жіп. Оның кереметтігі – Аллаһпен байланысында. Неке барысында дұға оқылып, ислами ұстанымдар шеңберде қиылуы және мәхір бекітілуі тиіс. Өз атымен қиылған некені Жасаған Ие құтты әрі берекетті етеді. Мұндай неке – баянды болашақ пен жа- расымды өмір сүрудің кепілі. Ұрпақ сүю Өмірлік серік ретінде бір-бірін таңдап, ақ некесін қиған жас жұбайлар жанұялық өмірдің табалдырығын аттаған күннен бастап, болашақ сәбиінің жағдайын да ойластыруы керек. Себебі, дүниеге келетін сәбидің тәрбиесінде жүктілікке дейінгі кезеңнің де өзіндік орны бар. Бұл кезең туралы ерлі-зайыптыларға Құран аят- тары мен Пайғамбарымыздың хадистерінде өсиет- тер айтылып, бағыт-бағдар көрсетілген. Мысалы, Құран Кәрімде: «Оларға (яғни әйелдерге етеккірден) тазарғанға дейін жақындаспаңдар»,12 − деп, он- 12 «Бақара» сүресі, 222-аят. 22 Отбасы – тәрбие бесігі дай күндері төсек қатынасына тыйым салады. Түрлі ауруларға себеп болатындықтан бұған медицина бойын- ша да рұқсат етілмейді. Ал, мұсылман ғалымдарының пайымдауынша, осы тыйымның бір ұшы болашақ ұрпаққа әсер етіп, баланың ауру болып туылуына жол ашуы мүмкін13. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Жұбайларыңа жақындайтын кезде «Бисмилләһ, Раб- бым, мені шайтаннан, шайтанды да бізге нәсіп ететін перзенттен алыстата гөр!» – десе әрі осыдан кейін Аллаһ оларға перзент нәсіп етсе, шайтан ол балаға ешқашан жамандық жасай алмайды»14, – деп баяндай- ды. Хадистің мазмұнына терең үңіліп қарайтын болсақ, болашақ ұрпақтың шайтанның тұзағына түспейтін, ақылды, адал ниетті болуын ақ отаудың алғашқы күнінен-ақ ойластыру керек екенін байқаймыз. Демек, отау құрған күннен бастап, ерлі-зайыптылардың әрбір әрекеті болашақ баланың тәрбиесіне әсер етпек. Ғұламалар кейбір хадистердегі ескертулер шайтанның жамандығынан сақтану мақсатын көздейді деп топшылайды. Мысалы, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде, ерлі-зайыптылардың түнде төсекке жатқанда, денелерін жамылуы қажеттігі ескертіледі15. Хадисті талдаған ғалымдардың пікірінше, оның бір себебі – адамның әурет жерлері ашылған кез- де періштелер ұялғандарынан бөлмеден шығып кетеді. Ал періште жоқ жерге шайтан үйірсектейтіні белгілі. 13 Имам Ғазали, Ихия улумуддин, II-т., 131-б. 14 Бухари, Никаһ, 67; Муслим, Никаһ, 116; Тирмизи, Никаһ, 8; Әбу Дәууд, Никаһ, 45. 15 Ибн Мажә, Никаһ, 28; Тирмизи, Әдеп, 42. 23 Исламдағы бала тәрбиесі Сондықтан сол түні Аллаһ тағала оларға бала нәсіп етсе, балаға шайтанның серік болатыны айтылады. Ал кей ғалымдар мұндай баланың ұяттан кенде болып ту- ылатынын алға тартады16. Бала тәрбиесіне қатысты еңбектерде жас отаудың түрлі нәзік мәселелерін қозғайтын құнды деректер бар. Мысалы, ерлі-зайыптылар лықа тойып жатып, сол түні оларға бала нәсіп етілсе, баланың жайбасар, ал егер асқазаны қалыпты жағдайда болса, баласының ширақ болатыны баяндалады17. Сонымен қатар, ғалымдардың топшылауынша, егер ерлі-зайыпты жандар жыныстық қатынастан соң: «Уа, Раббым! Бала берсең атын Мұхаммед деп қойдым» деп тілек тілесе немесе әйел оң жағына қарап жатып аз ғана ұйықтаса, онда дүниеге ұл келуі мүмкін18. Дей тұрғанмен, бұл айтылғандардың шариғатта бекітілген нәрселер емес, тек мұсылман ғұламаларының түйген ой-пікірлері екенін есте ұстаған абзал. Бұл жерде ескеретін бір мәселе, дініміздің ерлі- зайыптылардың әрбір әрекетінің болашақ баланың мінез-құлқына, болмысына әсер ететіндігіне басты на- зар аударуы. Бала жатырға түскенге дейінгі оның болашақ тәрбиесіне қатысы маңызды қадамдардың бірі – ұрық тазалығы. Бұл жайында педагог ғалым С. Ғаббасов өз ойын былай білдіреді: «Семья (отбасы-ав.) құруға да- йындалу кезеңінде, екінші бір көңіл аударатын үлкен 16 Изники Мехмед ибн Кутбуддин , Муршид-и Мутәәһһилин, 56-б., Станбул, 1273. 17 Әбул-Ләйс әс-Сәмарқанди, Бустанул-арифин, 161-б., Матбаатул- Амирә, 1289. 18 Бұл да сонда, 161-162-бб. 24 Отбасы – тәрбие бесігі мәселе, бұл осы уақытқа дейін ескерілмей де, тіпті ай- тылмай да келген ұрық тазалығы жайындағы түсінік. Адамзат қауымы бүкіл саналы тіршілігінде – өзі өсіріп отырған өсімдіктің дәнінің сорттылығын жетілдірумен болса, ал үй хайуанаттарының тұқымын асылдандыру- ды ойлап, арып-шаршай жүріп, өз ұрпағының келешегін мүлдем естен шығарып алғандығына не деуге болады? Тіпті, ол өзінің ұрпақтарын асылдандырмақ түгілі, ұрығының тазалығын сақтауға да тырыспайтындығын қалай түсінеміз?»19. Ары қарай жазушы тіпті табиғат қойнауында тіршілік ететін күллі жан-жануардың ұрпақ қамына кірісерде судың тек тұнығын ішіп, шөптің асылын жеуге тырысатынын айта келіп, ал халық тәрбиесінің тәлімінен көптен бері қол үзіп қалған жандардың керісінше, ақ отауға кірер алдында той жасап, той- да арақ-шарапты судай сіміріп, екі жасқа да ішкізіп, соның салдарынан уланған ұрпақтың дүниеге келетінін, осылайша болашағымызға өз қолымызбен балта ша- уып жатқанымызды баяндайды20. Негізінде бұл – өмір салтының мұсылмандық дәстүрлерінен қол үзіп қалғандығымыздың белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде ішке түскен бір түйір харам азықтың қырық күн бойы адам денесінен кет- пей қанында жүретіндігін ескерткен. Қырық күн бойы қанның құрамында сақталатын харам азықтың адам ұрығына да әсер ететіні даусыз. Харамнан сақтанып, тек адал ырзықпен қоректенген пенденің ұрығы да, 19 С. Ғаббасов, Халық педагогикасының негіздері, 59-б., Алматы, 1995. 20 Бұл да сонда. 25 Исламдағы бала тәрбиесі перзенті де қай жағынан болсын мұнтаздай таза бола- ры анық. Әңгіме! Қайырлы ұрпақ қайтсе туады? Сәбиттің жігіт кезі еді. Бірде ол арықта ағып келе жатқан қып-қызыл алманы көреді. Іле қолына алып қызықтап тұрып, шыдамай бір тістейді. Артынша: «Бұл ісім дұрыс болды ма өзі? Мүмкін бұл алманың иесі бар шығар? Байқамай біреудің ақысын жеп қоймадым ба?» – деп күдіктеніп, өзен бойымен жоғары қарай өрлеп, алманың иесін іздеуге шығады. Әлден уақытта алдынан бір бау кезігеді. «Жеген алмам осы баудан шығар» деп ойлаған Сәбит баудың иесіне барып жолығып, мүмкін болса, кешіруін өтінеді. Бағбан үш жыл өзіне қызмет етсе ғана кешіретіндігін айтады. Амал жоқ келіседі. Жігіт үш жыл өткен соң, кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан оған: «Тағы бір шартымды орында, менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол-аяғы сал, өзі мылқау. Соған үйленесің», – дейді. Жігіт тағы да келісімін береді. Бірақ жігіт қызды көргенде таңғалады. Өйткені, қыздың еш кемістігі жоқ сап-сау әрі сұлу еді. Бағбаннан мұның мәнісін сұрайды. Сонда бағбан: «Қызым ұят нәрселерге қарамайтын, сол үшін оны «соқыр» дедім; ал «керең» деуімнің мәні − қызым балағат сөздерді естіген емес. Харам нәрсеге қол созған емес, харам жерге аяқ басқан емес, сол себепті оның «қол-аяғы сал» дедім. Аузынан ғайбат сөз шықпағандықтан оны «мылқау» дедім. Қызымды сен сияқты кісі ақысын жемейтін, тақуа, иман жүзді жігітке берсем деген арманым бар еді. Бір көргенде-ақ сенің адал екеніңді байқадым. Сонда да сынап көргім келді. Бұдан былай ерлі-зайыпты болып, бірге тату-тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар!», – деп ақ батасын береді. 26 Отбасы – тәрбие бесігі Міне, осындай пәк, тақуа, текті отбасында әлемге әйгілі ғалым имам ағзам Әбу Ханифа дүниеге келген. Мүбәрак күйеу бала Ертеде Мәрв қаласының қазысы бойжеткен қызына жар іздепті. Хабар елден-елге тарап, құда түсушілердің саны күннен- күнге артса керек. Бірақ, неге екенін, айттырушылардың ешқайсысына қазының көңілі толмапты. Сөйтіп жүргенде бір күні түс көріпті. Түсінде қызының теңі есігінде жүрген Мүбәрак деген құл екендігі аян болыпты. Түсті қатарынан бірнеше рет көрген соң лажсыз құлын ары-бері сынапты. Сенімді, салиқалы екеніне көз жеткізгеннен кейін қызын ешкімнің қарсылығына қарамастан құл да болса соған некелеуді ұйғарыпты. Арада бір айдан аса уақыт өтеді. Бір күні қазы қызының қал- жағдайын біліп қайтайын деп жас жұбайлардың үйіне барыпты. Оңаша әңгіме барысында қыз күйеуінің өте жақсы кісі екенін, алайда осы уақытқа дейін қасына әлі жақындамағанын білдіреді. Қазы дереу күйеу баласын шақыртып, істің мәнісін сұрайды. Жігіттің жауабын естігенде, қазының еріксіз көңілі босапты. Қызын нағыз өзі арман еткен жігітке қосқанына көзі жетіп, Аллаһқа мың мәрте шүкіршілік айтыпты. Атасының сауалына күйеубаласы: «Қаланың атақты биі болғандықтан сізге келіп- кетушілердің көп екендігі белгілі. Сыйлықтар мен сый-сияпаттар да әкеліп жатады. Сол сый-сияпаттардан қызыңыз аңдаусызда дәм ауыз тимеді ме екен деген ой келді. «Харам ас жесең, оның әсерінен қырық күн өтпейінше толықтай арылмайсың» дегенді хадистерден оқып едім. Сол үшін қымбатты жұбайымды алдымен қырық күн өз маңдай теріммен тапқан адал табыспен асырағанды жөн көрдім. Сонда ғана Аллаһ тағаланың нәсіп етер ұрпағы ертең иманды, көргенді болар деп үміт еткен едім», − деп жауап берген екен. 27 Исламдағы бала тәрбиесі Кейіннен осы шаңырақта дүниеге келген Абдуллаһ ибн Мүбәрак өскенде беделді ғалым әрі әулие кісі болыпты. Бір ескерте кетерлігі, біз бұл жерде ерлі-зайыптылар осылай міндетті түрде қырық күн тазару керек деген ой айтудан аулақпыз. Өйткені, бұл шариғат белгілеген нәрсе емес. Тек бұрынғы тақуа мұсылмандардың қайырлы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барған қадамдары ғана. Бәлкім, осы ғибратты әңгімелер біздің де бала тәрбиесіне деген жауапкершілігімізді арттырар. Дұғаның маңызы Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылмандағы асқақ арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы асқақ арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Бірақ сұраған ұрпақ қандай болуы қажет? Бұл мәселеге қатысты да Құран аяттары пайғамбарларды мысалға келтіре отырып, ерлі-зайыптыларға ұрпақ сұрағанда қалай дұға жа- сау керектігін үлгі етеді. Мысалы, Құран Кәрімде Зәкәрияның (а.с.) шын жүрегімен Аллаһқа жалбары- нып, былай деп тілегені баяндалады: «Ол жерде Зәкәрия дұға жасады: Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз, сен дұғаны шын мәнісінде естушісің!»21. 21 «Әли Имран» сүресі, 3/38 28 Отбасы – тәрбие бесігі Зәкәрия пайғамбар (а.с.) жай ғана ұрпақ тілеп тұрған жоқ, Аллаһты сүйіндіретін, пайғамбарды қуантып, әкенің көңілін марқайтатын, ұлттың тірегіне айналатын таза, арлы ұрпақ сұрап тұр. Ибраһим пайғамбар (а.с.) ауылынан шығып бара жатқанда: «Аллаһ тағалам, маған салиқалы бір ұл бере гөр»22 деп дұға жасайды. Жаратушы Ие дұғасын қабыл алып, Исмайыл пайғамбарды (а.с.) береді. Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмайыл (а.с.) Қағбаны салып жатқанда да былай деп дұға жасаған: «Уа, Раббымыз! Бізді Саған бас иетіндерден қыла гөр! Ұрпағымыздан саған бағынатын үмбет шығара гөр! Бізге ғибадат жөнін көрсет, тәубаларымызды қабыл ала гөр! Өйткені, Сен тәубаларды қабыл етуші әрі өте мейірімдісің»23. Олар шынайы мұсылман, саналы ұрпақ тіледі. Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмайыл Қағбаны тұрғызу барысында Жаратқанға көп жалбарынады. Сол дұға- тілектің бірі – сауапты іске үйір, өнегелі ұрпақ еді. Хақ тағала олардың шынайы көңілмен жасаған дұғаларын қабыл алып, Ибраһим пайғамбардың ұрпағынан жүздеген пайғамбар, ал оның ұлы Исмайылдың ұрпағынан адамзаттың асылы – Мұхаммед пайғамбарды (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) дүниеге әкелді. Ибраһим пайғамбар: «Уа, Раббым, мені және ұрпағымды намазын тастамай оқитындардан ете гөр! Уа, Раббым, осы 22 «Саффат» сүресі, 37/100. 23 «Бақара» сүресі, 2/128. 29 Исламдағы бала тәрбиесі дұғамды қабыл ете гөр!»24 − деп діндар әрі тақуа ұрпақ тілейді. Ал Адам пайғамбар (а.с.) мен Хауа анамыз былай деп дұға жасаған: «Ант етейік, егер бізге игі бала берсең, Саған шүкіршілік білдіретін боламыз»25. Құран тәпсіршілері бұл дұғадағы «игі баланың» он екі мүшесі сау, ақыл- есі дұрыс бала екенін білдіреді. Демек, дұғада болашақ баламыздың денсаулығын да тілеу артық емес. Құран Кәрімде пайғамбарлармен қоса игі кісілердің де Аллаһ тағаладан ізгі ұрпақ тілегені баяндалады: «Және ол кісілер: Раббымыз, бізге көзіміздің нұры боларлық ұрпақ нәсіп ете гөр! Әрі бізді тақуа жандарға имам қыла гөр!» деді»26. «Көздің нұры» боларлық ұрпақ – ата-анасын қуантатын, адамзаттың қамын ойлайтын, халқына пай- дасы тиетін ұрпақ емес пе?! Олай болса, Құран кәрім осындай ізгі ұрпақ тілеу керектігін үйретуде. Ал Имранның жұбайы Мәриямды туған кез- де: «Оны (Мәриямды) және оның ұрпағын қуғынға ұшыраған шайтанның жамандығынан сақтай гөр»27 − деп тілеген екен. Бұл дұға көбіне әйелдер босанатын кезде айтылады. Дегенмен, бұл тілекті жалпы ұрпаққа қатысты да айтқанның артықтығы жоқ. Құранда берілген дұғалардан адамзат үшін ізгі ұрпақтың қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Себебі, пайғамбарлардың өзі кейінгі ұрпағының 24 «Ибраһим» сүресі, 14/40. 25 «Ағраф» сүресі, 189-аят. 26 «Фурқан» сүресі, 25/74 27 «Әли Имран» сүресі, 36-аят. 30 Отбасы – тәрбие бесігі тақуалығын тілеген. Біз пендешілікпен әйтеуір бір ұрпақ бере гөр немесе ұл не қыз болсын деп сұрап жатамыз. Ал оның қандай болып өсетінін көп ойлана бермейміз. Сондықтан Ұлы Жаратушыдан салиқалы ұрпақ сұрау керек. Ол үшін ұрпағымыз өмірге келмей тұрып аталмыш мазмұндағы иләһи дұғаларды көбірек жасаған абзал. Жүктілік Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері: «Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет Жаратушы»28 − деп ба- яндалады. Осы кезеңді XIX ғасырдың дүлдүл ақыны Мәделі Жүсіпқожаұлы былайша жырға қосқан: Басында қатыра судан болдық пайда, Неше күн шайқатылып жүрдік бойда. Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып, Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда. Тарықпай тар құрсақтан тауып қорек, Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда. 28 «Муминун» сүресі, 12-14. 31 Исламдағы бала тәрбиесі Ал хадисте бұл кезеңдер: «Әрбір адамның жаратылысы ана жатырында қырық күнде ретке келеді. Сосын тағы сондай кезеңде алақа, тағы сонша күнде мудғаға айналады. Со- сын бір періште арқылы рух беріледі. Әлгі періштеге «Енді сәбидің рызығын, ажалын, бақытты немесе бақытсыз болатынын жаз» деген бұйрық келеді»29 деп түсіндірілген. Кейбір хадистерде сол аралықта сәбидің жынысы, ұзын немесе қысқалығы, ауру немесе сау бо- латыны да белгіленеді делінген30. Жүктілік кезең – бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды кезеңдердің бірі. Себебі, қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша, баланың мінез-құлқының кейбір тұстары осы кезеңде қалыптаса бастайды екен. Мысалы, гине- кология саласының білікті мамандары жүктілік кезеңде ананың әрбір әрекеті мен сезімдерінің іште жатқан сәбиге жағымды немесе жағымсыз түрде әсер ететінін айтып, былай дейді: «Іште жатқан сәбидің қимылдары анасының қуанғанына немесе қайғырғанына қарай өзгереді. Анасы мұңайғанда қимылсыз жатқан сәби, анасы қуанғанда жыбырлап қозғала бастайды. Осы- лайша сәби жатырда жатқан кездің өзінде анасының психологиялық күйіне қарай көңілді, мұңды немесе томаға-тұйық мінезді бойына сіңіреді». Ананың психологиялық көңіл-күйі (ұрыс-керіс, қуаныш-қайғы т.б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер етеді. Егер ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша 29 Бухари, Бәдул-халқ, 6; Муслим, Қадәр, 1. 30 Муслим, Қадәр, 2; Муснәд, 1-т., 374-375-б. 32 Отбасы – тәрбие бесігі балада да сондай көңіл-күй пайда болады. Аяғы ауыр әйел баспалдақтан шыққанда немесе темекі тартқанда, іштегі сәбидің де жүрек соғысы жиілей түсетін көрінеді. Ал анасы шаршағанда, жатырда жатқан баланың қимыл-қозғалысы үдей түседі екен. Ғалымдардың айтуынша, аяғы ауыр кезде темекі шеккен әйелдер қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкелетін көрінеді. Себебі, темекінің уы жатырдағы сәбидің миын зақымдайды екен. Ал шетелдік зерттеуші Ж.Суседик баланы жатыр кезеңінде-ақ тынышталдыру керектігін алға тартады. Оның айтуынша, егер болашақ ана жатырдағы баласы- мен тыныш жерде көп сөйлессе, онда баланың бойында ата-анасына деген сенім қалыптаспақ. Бес айлық кезінде жатырдағы баланың есту мүшесі жетіліп, сырттан келген дыбыстарды ажырата бастайды. Осы кезеңде балада өмір бойы қолданатын ми клеткаларының жартысынан көбі пайда болады. Ал жүктіліктің 28-аптасынан бастап іштегі баланың қабылдау қабілеттері артып, тіпті анасы жеген тәттіні сезіп, қуанады екен. Сондай-ақ ғалымдардың пікірінше, жүктілік кезеңіндегі стресс бала денсаулығындағы кінәраттарға жол ашады. Демек, жүктілік кезеңінде ананың жеген тағамнан бастап, көңіл-күйі, өмір сүріп жатқан ортасына дейін бәрі баланың мінез-құлқына әсер етеді. Осы орайда, Жүсіп Баласағұн бабамыздың «Құрсақта біткен қылық, қара жерге бірге кіреді» деген сөзінің мәні тереңде жат- са керек. Жүктілік кезінде ана Құранды көп тыңдап, оны өзі де дауыстап оқитын болса, баланың жа- тырда жатып-ақ Құранмен танысуына жол аша- 33 Исламдағы бала тәрбиесі ды. Құлшылығын атқарып, дұғасын жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Анасы әрбір әрекетіне мұқияттылық танытып, мұсылмандыққа сай өмір сүрсе, іштегі баласы сол кезде-ақ бақыттылардың қатарына қосылады. Себебі, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай деген еді: «Бақытсыз адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытсыз, бақытты адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытты»31. 31 Бухари, Қадар, 1; Муслим, Қадар, 3; Ибн Мажә, Муқаддимә, 7. 34 II-ТАРАУ СӘБИДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ Бала – аманат Психология ғылымы бала тәрбиесін физиология- лық-психологиялық әрі сана-сезімнің даму ерекшелік- теріне сай кезеңдерге бөліп қарастырудың пайдалы екенін айтады. Себебі, даму барысындағы әрбір кезең баланың тіршілігі, айналасындағылармен қарым- қатынасы, ой-сананың даму дәрежесі және белгілі бір физиологиялық ерекшеліктері арқылы сипатта- лады. Соған орай психолог ғалымдардың бірқатары баланың өсу шағын «сәбилік шақ, балдырған шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш сынып кезеңі» деп сатылап қараса, бірқатары «алғашқы сәбилік, сәбилік, естиярлық, ересектік» деген тәрізді топтарға бөледі. Бұл бала жасының әрбір кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Сонымен қатар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөліп қарастыру олар- ды физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дұрыс тануға жол ашады. Ата-ана жылуын шашқан күн секілді, сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай алғанда ғана оны жете тани алады. Сонда ғана баланың әлсіз тұстары дәл анықталып, соған сай жұмыс жаса- лады. Пайғамбарымыз да (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Әркімнің 35 Исламдағы бала тәрбиесі деңгейімен санасуды»32 өсиеттейді. Баланың деңгейін дұрыс анықтағанда ғана тәрбие әдісін белгілеуге бо- лады. Ал бала дегеніміз – тылсым дүние. Осы тыл- сым дүниенің сырына қаныға түссек, оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады. Егер баланы өз қабылдау деңгейіне сай үйретсек, кішкене кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады. Ал егер керісінше ой-пікірімен санаспай, үйреткіміз келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ, онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз. Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет. Бала тәрбиесін жас ерекшеліктеріне орай белгілі кезеңдерге бөліп қарастырудың маңыздылығын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан біз де Құран аяттары мен хадистердегі балаға қатысты мағлұматтарды және Ислам ғалымдарының тәрбиеге қатысты көзқарастарын ескере отырып, дін негізінде бала тәрбиесін келесі топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік: Сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы Бүлдіршін кезең: 2-6 жас аралығы «Тәмииз» кезеңі: 7-9 жас аралығы «Мураһиқ» жасы: 10-15 жас аралығы Балиғат жасы Адам баласының болашағы үшін балалық шақтың мәні зор. Себебі, оның негізгі қасиеттері осы кезеңде қалыптасады. Алғашқы жылдары бала белгілі бір деңгейде әке-шешесіне тәуелді болғандықтан, оның болмысының қалыптасуына ата-ананың әсері 32 Әбу Дәууд, Әдеп, 22. 36 Сәбидің дүниеге келуі әдеттегіден мол болмақ. Сондықтан бала тәрбиесінің қыр-сырынан бейхабар ата-аналар осы бір жауапты кезеңді жемісті өткізе алмайды. Мүмкіншіліктерді дұрыс пайдалана алмау, баланы рухани-моральдық жетістіктерден тежейді. Енді жоғарыда аталған кезеңдерді жеке-жеке қарастырайық: Сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы «Балалық шақтың» әдепкі баспалдағы – сәбилік кезең. Қасиетті Құран кәрімде бұл шақ бірнеше мәрте қайталанған. Сәбилік кезеңнің бірнеше мәрте Құранда тілге тиек етілуі мәселенің аса маңыздылығын білдірсе керек. Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жа- йында: «Оның сүт анасы жаннатта. Қалған сүтін сонда еміп, екі жылын тәмамдайды»33, – деп, сәби үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген. Көбіне ата-аналар бала тәрбиесінде сүт ему кезеңінің маңыздылығына аса мән бермейді. Алайда, баланы тазалыққа, белгілі бір тәртіпке үйрету кезі нағыз осы айлар болса керек. Сонымен қатар сәби кездегі қорек баланың болашақтағы денсаулығына бірден-бір әсер ететін маңызды фактор екенін медицина да дәлелдеп отыр. Психологтардың айтуынша, баланың өзіне деген сенімділігі, тұйық немесе ашық мінезділігі, тартыншақ немесе батыл болуы да осы кезеңде қалыптасады екен. Тіпті ата-ананың, әсіресе сүт емізіп жатқанда сәбиді 33 Муслим, Фәдаил, 63; Ибн Мажә, Жәнаиз, 27. 37 Исламдағы бала тәрбиесі шешесінің мейірлене құшағына басуының өзі маңызды. Осыған қарай баланың бойында оптимистік немесе пессимистік қасиет пайда болады. Сондай-ақ баланың зерек, еңбекқор, өмірге бейімді боп өсуіне әсер ететін жүйке жүйесі де осы кезден қалыптаса бастайды. Сондықтан сәбилік кезең де өз алдына маңызды. Енді сәбилік кезеңнен бастап бала тәрбиесінде қандай амал-әрекеттердің өсиет етілгеніне тоқталайық: Алғашқы жөргек Ислам діні сәбидің болашақ тәрбиесі үшін алғашқы қадамдарды қалай бастау керектігін, ата- аналық жауапкершілікті рет-ретімен үйреткен. Мы- салы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, Пайғамбарымыз оның үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған34. Бұл әр бала өз жынысына сай түспен киінуі керек дегенді білдірмек. Алғашқы қорек Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, сахабалар жаңа туылған нәрестелерді алдымен Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алып келетін. Пайғамбарымыз он- дайда нәрестені құшағына алып, игі дұға тілеген, со- сын құрманың сөлін таңдайына жағып, дәм таттыратын болған35. Яғни дүниеге келген сәбидің тәрбиесі үшін алғашқы қадамдар осылай басталатын. Жаңа туған нәрестенің таңдайына құрма жағу мәселесін ғалымдар әртүрлі жорамалдайды. Бірқатары бұл нәрестені тамақтануға үйрету десе, енді біреулері құрманың адам ағзасына деген пайдасын алға тартқан. Қалай десек 34 Ибн Абдилбәрр, әл-Исабә фи тәмиизис-сахабә, 4-т., 337-338-б. 35 Муслим, Таһарәт, 101. 38 Сәбидің дүниеге келуі те, жаңа туған сәбиге құрманың дәмін алдыру сүннет амалдардың бірі болып табылады. Алғашқы тілек Хадистен жас нәресте үшін жасалған келесі бір игі істің − дұға оқу екенін көреміз. Айша ана- мыз: «Пайғамбарымыз өзіне әкелінген нәрестелердің әрбіріне береке тілеп, дұға оқитын», – дейді36. Бұған қоса, нәрестелі болған сахабалар Пайғамбарымызды не- месе басқа мұсылмандарды қонаққа шақырып ақ тілегін алған. Мысалы, Мұғауия ибн Қурра ұлды болған кез- де кейбір сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін оларға дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі ақылды болуы үшін тілек тілегенін, қонақтардың бұл тілекке «әмин» деп қосылғанын баяндайды37. Балаларды жақсы көріп, оларды жүректің жемісіне, көздің нұрына теңеген мейірім жаршысы ардақты Елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әртүрлі жағдайда пайдаланып, оларға дұға жасап отырған. Мысалы, немерелері Ха- сан мен Хұсейінге мынандай дұға жасаған: «Аузу кумә бикәлимәтиллаһит-тәммәти мин кулли шайтанин уә һәммәтин уа мин кулли айнин ләммәтин»38. (Сендерді әр түрлі шайтаннан, зиянды жән- діктен, әр түрлі сұқ көзден сақтасын деп Аллаһтың толық сөздеріне (Құранға) сиынамын). Пайғамбарымыз қасына жүгіріп келген балалар- мен амандасып, жақсылық тілеп, оларға дұға жасайтын. Абдуллаһ ибн Аббас бала кезінде Пайғамбарымыздың оған: «Иә, Аллаһ тағалам, бұған хикмет үйрете 36 Әбу Дәууд, Әдәб, 108. 37 Әдәбул-Муфрәд, 429-б. 38 Әбу Дәууд, Сүннет, 22. 39 Исламдағы бала тәрбиесі гөр!» деп дұға жасағанын айтады39. Ал хазірет Әнәсқа байлығы мен бала-шағасының көп болуын, ұзақ өмір сүруін, берген садақаларының қайырлы болуын тілеген40. Бала тәрбиесінде ең күшті қарудың Аллаһтан тілек тілеп, дұға жасау екенін осылай көрсеткен. «Ата- ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады» деп мәлімдеген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, тәуекел етуді естен шығармау керектігін өзінің сүннет жолымен үйреткен. Себебі, дұға – тәрбиенің тірегі. Дұғасыз бер- ген тәрбиенің жемісті болуы екіталай. Сүйінші Алғашқы мұсылмандардың арасында кең тараған дәстүрдің бірі − нәрестенің дүниеге келгеніне қуану, сүйінші сұрау болатын. Ұлы Ибраһим туылғанда, сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға Пайғамбарымыз сый-сияпат тарту еткен. Кей сахабалар қуаныштарын бөлісу үшін қонақ шақырған. Хадисші ғалым Имам Бу- хари өзінің «әл-Әдәбул-муфрәд» атты кітабының бір бөлімін, арнайы осы мәселеге арнап, «әд-Дауату фил- уәлади» (Бала туылғанда қонақ шақыру) деп атаған. Жаһилия кезеңінде адамдар тек қана ұл бала дүниеге келгенде қуанса, иман шуағына кенелген мұсылмандар ұл баламен қатар қыз баланы да Аллаһтың берген сыйы- на балап, екеуіне бірдей шүкіршілік етіп, зор қуанышқа кенелген. 39 Тирмизи, Мәнақиб, 50; Ибн Мажә, Муқаддимә, 11. 40 Муслим, Фәдаилус-сахабә, 141-144; Тирмизи, Мәнақиб, 50. 40 Сәбидің дүниеге келуі Балаға ат қою Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас бала туылғаннан кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың сүннет екенін мәлімдеген: ат қою және сүндетке отырғызу; туылғанда нәрестенің денесіне жағылып қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау; егер қыз болса, құлағын тесу; ақиқа құрбанын шалу; шашын алу; алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру41. Бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндерде күн тәртібінде ат қою мәселесі тұрады. Хадисте бұл жайлы «Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай бол- са балаға әдемі есім қойыңдар»42, − делінген. Жақсы ат қою − әкенің бала алдындағы борыштарының біріне жатқызылған. Пайғамбарымыздың нәрестелерге туы- ла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ, көбіне бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс көрген. Ең абзал есімдердің санатында Абдуллаһ (Аллаһтың құлы) және Абдуррахман (Рахманның құлы) деген қос есімді жатқызған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұсылмандықты қабылдаған кей кісілердің нашар аттарын мәнді әрі жағымды есімдерге 41 Ескерту: Кітаптың алдыңғы басылымында берілген ақиқа құрбанының қанын баланың маңдайына жағу мәселесі (Қараңыз: Ибн Хажар, Фәтхул-бари, ХІІ, 5 б. ) Исламға дейінгі жахилия әдеттерінің бірі болғандығы үшін кейіннен мәнсух етіліп, үкімі жойылған. Қатадан Хәммам жеткізген аталмыш хадиске Әбу Дәуіт сынмен қараған. Ибн Хажар болса, ол хадистің үкімі кейіннен жойылғандығы жайлы әр түрлі риуаяттар да келтірген (Қараңыз: Фәтхул-бари, 12/11). 42 Әбу Дәуд, Әдеп, 70. 41 Исламдағы бала тәрбиесі өзгерткен. Сондықтан мұсылман ғұламалары адамға қойылған аттың кейінгі өмірге әсері болатынына сен- ген. Халқымыз да осы себепті нәрестеге ат қойғанда «Атына заты сай болсын» деген тілектерін білдірген. Құлағына азан шақыру Жас нәресте үшін өмірінің алғашқы күндері жасалатын келесі салт – құлағына азан шақыру. Адамның сыртқы дүниені тануына жол ашатын бес сезім мүшесінің бірі құлақ екені белгілі