8-сынып Қазақ тілі тесті PDF

Summary

Бұл құжат 8-сыныпқа арналған қазақ тілінен тест сұрақтары мен жауаптарын қамтиды. Тестте грамматика, септіктер және басқа да тілдік элементтер бойынша қолданылатын білімді тексеруге бағытталған сұрақтар бар. Қазақ тілінің 8-сынып деңгейіндегі мұғалімдер және студенттер үшін пайдалы материал.

Full Transcript

**Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған тест сұрақтары** **1-нұсқа** **1. Өткен шақ етістікті анықтаңыз** А) бардым В) бару С) бара жатыр Д) барамын Е) барғым келеді **2. Бұйрық райлы етістікті белгілеңіз** A\) Инең болса -- иінің бүтін. B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. C\) Ер жігіттің екі сөйлег...

**Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған тест сұрақтары** **1-нұсқа** **1. Өткен шақ етістікті анықтаңыз** А) бардым В) бару С) бара жатыр Д) барамын Е) барғым келеді **2. Бұйрық райлы етістікті белгілеңіз** A\) Инең болса -- иінің бүтін. B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. C\) Ер жігіттің екі сөйлегені -- өлгені. D) Жақсы адам жолдасынан танылар. E\) Армансыз адам алысқа бармас. **3. Шартты рай етістікті табыңыз** А) Қонақжайлылық - қазақтың ерекше белгісі. В) Қонақ, әсіресе қыз бала, төрде отыру керек. С) Қыз бала төрге отырса, байлық келеді деп түсінген. Д) Қонақ үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі. Е) Әдетте, төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. **4. Cөйлемдегі сызықшаның қойылу себебі.** *Бар қолынан келетіні -- тапжылмай отыру* A\) бастауыш зат есім, баяндауыш есімше B\) бастауыш тұйық етістік, баяндауыш зат есім C\) бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістік D\) бастауыш сілтеу есімдігі, баяндауыш зат есім E\) бастауыш есімше, баяндауыш тұйық етістік **5. Көмектес септігінің жалғауы бар сөзді анықтаңыз** А) Отанға В) Отансыз С) Отанмен Д) Отанның Е) Отанды **6. Көсемшені белгілеңіз** А) Бар В) Барғалы С) Бармақ Д) Барған Е) Барар **7. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз** А) Өткен В) Барады С) Кетіп қалды Д) Сөйлескен Е) Жатыр **8. Ашық райлы етістікті табыңыз** А) Еңбек етсем В) Бара жатырмын С) Айтқысы келген Д) Олар барсын Е) Қалаға барсам **9. Сұраулы сөйлемді табыңыз** А) Ежелгі қалалардың бірі -- Отырар В) Ол ірі мемлекеттің астанасы болған С) Х\\/І-Х\\/ІІ ғасырлар -- қаланың ең гүлденген кезі Д) Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған Е) Қалалардың көбі неге қирап, төбе болып қалды **10. Сөйлемнің басында келген қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз** А) нүктелі үтір В) қос нүкте С) көп нүкте Д) үтір Е) нүкте **11. Жалғаулық шылауларды анықтаңыз** А) арқылы, туралы В) дейін, шейін С) бірге, соң Д) мен, және Е) -ақ, -ау **12. Көсемшенің жұрнағын табыңыз**. А) -ар, -ер, -р В) -мақ, -мек С) -а, -е, -й Д) -ған, -ген Е) -атын, -етін, -йтын, -йтін **13. Осы шақтағы етістікті табыңыз** А) Айтып кетті В) Әкеле жатыр С) Келді Д) Сұрайды Е) Барып келді **14. Ашық рай етістігін анықтаңыз** А) Айтып келдім В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді Д) Қарама Е) Ойнап кел **15. Есімшенің жұрнағын анықтаңыз** А) -ғалы В) -р С) -а Д) -й Е) -п **Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған тест сұрақтары** **2-нұсқа** **1. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз** А) Домбыра тартады В) Домбыра тартпақ С) Домбыра тартпақшы Д) Домбыра тартып отыр Е) Домбыра тартып еді **2. Өткен шақ жұрнақтарын анықтаңыз** А) -а, -е, -й В-) -ды, -ді, -ты, -ті С) -сың, -сің Д) -лар,-лер Е) -мен, -бен, -пен **3. Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз** А) Әке де, балалар да ананы сыйлайды. В) Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. С) Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Д) Отбасының әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Е) Ата-бабаның салт-дәстүрлері сақталған. **4. Буын үндестігіне сай жазылған қосымшаны табыңыз** А) Жұмыскер В) Баланікі С) Парктен Д) Ұлттық Е) Әсемпаз **5. Көптік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз** А) Отбасында әкенің орны ерекше. В) Үлкендерді сыйлау -- әдептіліктің белгісі. С) Тіл -- халықтың байлығы. Д) Кітап -- ғылым, тілсіз мұғалім. Е) Кенже бала -- үйдің иесі. **6. Мақсатты келер шақ жұрнақтарын табыңыз** А) -атын, -етін, -йтын В) -ды, -ді, -ты, -ті С) -ға, -ге, -қа, -ке Д) -ар, -ер, -р Е) -мақ, -мек, -бақ, -бек **7. Шартты райлы етістікті табыңыз** А) Барсаң В) Бармақ С) Барғым келеді Д) Барсын Е) барады **8. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз** А) Бұны жазған Саят-ау деймін. В) Біз сабақ туралы сөйлестік. С) Ол тәрбиелі әрі жігерлі. Д) Отан үшін отқа түс -- күймейсің. Е) Батырлар елдің бірлігін сақтаған. **9. Көңіл-күй одағайын табыңыз** А) Тәйт В) Шөре-шөре С) Сатыр-сұтыр Д) Құрау-құрау Е) Бәрекелді **10. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз** А) отбасы В) Түркістан С) тыңдаймыз Д) немере Е) кетті **11. Жіктік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.** А) Астанамыз В) Отырмын С) Жалауы Д) Қазақстаным Е) Батырлары **12. Етістіктің ырықсыз етіс жұрнақтарын атаңыз** А) -а, -е В) -ыс, -іс С) -дыр, -дір Д) -ыл, -іл, -л Е) -тыр, -тір **13. Келер шақ жұрнақтарын анықтаңыз** А) -ша, -ше В) -ай, -ей С) -лық, -лік Д) -а, -е, -й Е) -қыз, -ғыз **14. Шартты рай етістікті табыңыз** А) Болмас В) Сүйе білсең С) Айтыс Д) Сұрасты Е) Биле **15. Сұраулық демеулік шылауды көрсетіңіз** А) ғана, кене В) ма, па С) -ақ, -ау Д) -ды, -ді Е) түгіл, тұрмақ **Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған тест сұрақтарының жауаптары** 1-нұсқа 2-нұсқа 1\. А 1. Д 2\. В 2. В 3\. С 3. А 4\. Е 4. Д 5\. С 5. В 6\. В 6. Е 7\. В 7. А 8\. В 8. А 9\. Е 9. Е 10\. Д 10. В 11\. Д 11. В 12\. С 12. Д 13\. В 13. Д 14\. А 14. В 15\. В 15. В **17. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз** А) Домбыра тартады В) Домбыра тартпақ С) Домбыра тартпақшы Д) Домбыра тартып отыр Е) Домбыра тартып еді **18. Шартты рай жұрнағын табыңыз** А) -са,-се В) -дар, -дер С) -ғы, -гі Д) -й Е) -ар, -ер. **21. Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз** А) Оның аты жүйрік-ақ екен. В) Ер жігіттің жүйрік аты -- қанаты. С) Құмай тазысы -- сенімді серігі. Д) Ауы -- әдіс-тәсілі. Е) Кездігі -- сұсы **29. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз** А) Алматыда көптеген мұражайлар бар. В) Ер жігіттің жүйрік аты -- қанаты. С) Әрине,төрт түлікті ерекше бағалаған. Д) Қазақ халқы -- әнқұмар халық. Е) Қазақ халқы мал өсірумен айналысқан. **12. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз** А) Ақынның В) Шеберхана С) Көшелер Д) Орманмен Е) Үйім **16. Өзгелік етіс жұрнақтарын табыңыз** А) -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -т В) -ыл,- іл, -ын, -ін С) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Д) -ыс, -іс, -с Е) -қой, -паз, -кер

Use Quizgecko on...
Browser
Browser