Биология сынақ сұрақтары PDF
Document Details
Uploaded by InvaluableFactorial
НАО «Медицинский университет Астана»
Tags
Summary
Документте биология бойынша сұрақтар жинақталған. Сұрақтар медицина, физиология, анатомия, және физикалық дамуды қамтиды.
Full Transcript
1.Иммунитеттің фагоцитарлық қағидасын ұсынған: Илья Ильич Мечников 2. Гомеостаз деген не Ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығы 3. Баланың денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, түрлі ұсыныстар жасайтын: Педиатрия, Гигиена 4. Балалардың физикалық өсіп-дамуын бағалайтын...
1.Иммунитеттің фагоцитарлық қағидасын ұсынған: Илья Ильич Мечников 2. Гомеостаз деген не Ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығы 3. Баланың денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, түрлі ұсыныстар жасайтын: Педиатрия, Гигиена 4. Балалардың физикалық өсіп-дамуын бағалайтын әдіс? Антропометриялық өлшеу 5. Баланың физикалық даму көрсеткіштері М+2-дан М+3ға дейінгі аралықта болғанда, оның физикалық дамуы қалай бағаланады? Жоғары 6. Бала өсуінің алғашқы қарқыны қашан байқалады? Туғаннан 1 жасқа дейін 7. Физиометрияға физикалық дамудың қандай белгілері жатады? Сүйек-бұлшықет жүйесінің даму дәрежесі 8. Әйел адамдар шамамен неше жасқа дейін өседі? 20-22 жас 9. Пубертаттық немесе жыныстық жетілу жас кезеңі 12-15 жас 10. Өсу мен даму процесінің гетерохрондылығы: Өсу мен дамудың әркелкілігі 11. Баланыңң психикалық және функциональдық дамуының тездеуі қалай аталады? Акселерация 12. Жаңа туған нәресте кезеңі қай уақытқа дейін созылады? Туғаннан 10 күнге дейін 13. 4-7 жас қандай кезеңді құрайды? Бірінші балалық шақ 14. Нейрон неден тұрады? Дене мен өсінділерден 15. Тітіркенуді қабылдаушы: Рецепторлар 16. Нейрон өсіндісі аксонның негізгі қызметі: Нерв импульсын басқа жасушаға жеткізу 17. Синапста қозуды бір нейроннан екінші нейронға немесе нейроннан жұмысшы мүшеге жеткізетін химиялық белсенді зат – Медиатор 18. Жұлыннан неше жұп жүйке тарайды? 31 19. Шайнау, жұтыну, ему, сілекей бөлу сияқты әрекеттерді реттейтін орталықтар мидың қай бөлімінің қызметіне тәуелді? Сопақша 20. Ортаңғы мидағы қызыл ядроның қызметі қандай? Қанқа бұлшықеттерінің тонусын реттеу 21. Сыртқы ортаның өзгерісін қабылдайтын рецепторлар: Экстерорецепторлар 22. Қозудың орталық жүйке жүйесінде таралуы қалай аталады? Иррадиация 23. Балалардың үзіліс кезіндегі қозғалу белсенділігінің жоғары болуын қалай түсіндіруге болады? Бір ізді индукция 24. Дәм сезу сенсорлық зонасы үлкен ми сыңарларының қай бөлігінде орналасқан? Төбе 25. 12-15 жас аралығында балалардың эмоциялық реакцияларының тұрақты болмауы мидың қай бөлімінің қызметіне тәуелді ? Аралық 26. Рефлекс дегеніміз: ОЖЖ қатысуымен әр түрлі тітіркендіргіштерге организмнің жауап беру реакциясы 27. «Ми рефлекстері» деген еңбектің авторы: Сеченов 28. Шартсыз рефлекстердің ерекшеліктері: Туа пайда болған, тұрақты, тұқым қуалайды 29. Жоғары жүйке әрекетінің типтері жіктелуінің негізіне не жатады ? Жүйке процесстерінің күші, ширақтығы және тепе теңдігі 30. Адамның жоғары жүйке әрекеті процестерінің ерекшелігі: Адамға сөйлеу және абстрактылы ойлау қабілеті тән 31. Оқушылардың жұмыс қабілеттілігі көбінесе қыркүйек айында қалай болады? Төмен 32. Төмен қозғалыс белсенділігі – бұл: Гиподинамия 33. Жоғары сынып оқушыларының жұмыс қабілеттілігі жоғары: 2-4 сабақ 34. 2-4 сабақтарда жоғары сынып оқушыларының жұмыс қабілеттілігі: Жоғары 35. Оқушыларда жұмыс қабілеттілігі жоғары болады: Аптаның ортасында 36. Төменгі сынып оқушыларының жұмыс қабілетті сабақта жоғары: 37. 2-3 сабақта 38. 1-2 сабақта 39. 1-4 сабақта 40. 2-5 сабақта 41. 1-6 сабақта 42. Ересек адамның түнгі ұйқысының ұзақтығы: 6-8 сағаттан кем емес 43. Баланың мойын лордозы қалыптасады: 2-3 айда 44. Кеуде және сегізкөз кифоздары қалыптасады: 6 айда 45. Баланың ең ірі маңдай еңбегі қатаяды: 1-1,5 жаста 46. Сүйекке серпімділік беретін заттар: Органикалық заттар 47. Сүйекті отқа күйдіргенде оның құрамында сақталады: Органикалық заттар 48. Ай аралығында баланың отырып, тұру қабілеті қалыптасу: 6-8 айда 49. Балаларда күрделі қозғалыстар (жүгіру, секіру, шаңғы тебу, жүзу, гимнастикалық жаттығулар) дамуы: 4-5 жаста 50. Дене келбетінің қалыптасуы: 6-7 жаста 51. Балалар мен жасөспірімдердің сүйегінің құрамында көп заттар: Органикалық заттар 52. Омыртқа жотасының барлық иілімдері пайда болуы: 1-жас шамасында 53. Тірек-қимыл аппаратының қызметіне жатпайды: Ақуыздардың алмасуы 54. Сколиоз – бұл: Омырытқа жотасының бүйір жаққа қисаюы 55. Сары дақ – бұл: Анық көру аймағы 56. Көздің әр түрлі қашықтықта көру қабілеттілігі: Аккомодация 57. Көру анализаторының рецепторлық аппаратына жатады: Торлы қабықшаның таяқша мен сауытша клеткалары 58. Көздің қосымша бөлімдері: Қабақ, Кірпік, Қас 59. Анализаторлардың перифериялық (шеткі) бөлімінің қызметі: Рецепторларды тітіркендіріп , нерв импулистарын тудырады 60. Есту сүйекшелері: Балғаша, үзеңгі, төсше 61. Есту рецепторы орналасатын жері: Корти мүшесі 62. Есту мүшесі үш бөлімі: Сырытқы,ортанғы және ішкі құлақ 63. Барлық талдағыштар бөлімдері: Шеткі бөлім, Ортаңғы бөлім, Өткізгіш бөлім 64. Көздің оптикалық жүйесі: Қасаң қабық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене 65. Ақуыз ас қорыту жолында ыдырайды: Амин қышқылдарына 66. Май ас қорыту мүшелерінде ыдырайды: Глицерин және май қышқылына 67. Күрделі көмірсулар ыдырайды: Глюкозаға 68. Ауыз қуысында тамақ қандай өзгерістерге ұшырайды? Тамақ ұсақталады, крахмал ыдырайды 69. Ас қорыту жолында қоректік заттар не арқылы ыдырайды? Ферменттер 70. Көмірсулар қандай ферменттердің әсерінен ыдырайды? Амилаза 71. Балада сүт тістері қай кезде шыға бастайды? 6-8 айда 72. Тұрақты тістер неше жаста шығып бітеді? 14-жаста 73. Қандай ферменттің әсерінен ақуыздар ыдырайды? Пепсин 74. Ыдыраған заттар қайда сіңіріледі? Ащы ішекте 75. Қандай витамин жетіспеген жағдайда «соқыр тауық» ауруы дамиды? А 76. Аскорбин қышқылы (С витамині) жетіспегенде туындайтын ауру: Цинга 77. Тағамдарда кальциферол (D витамині) жетіспегеннің салдарынан туындайтын ауру: Рахит (мешел) 78. С витамині қандай тағам түрлерінде көп: Қара қарақат 79. Организмдегі бүйректің қызметі: Несеп қышқылдарын бөледі Амиакты бөліп шығарады Ортаның тұрақтылығын сақтайды Су мен тұздапды бөледі Барлық жауап дұрыс 80. Бір айлық нәресте тәулігінде неше мл зәр бөледі? 350-380 мл 81. Балаларда еріксіз зәрін ұстай алмауы: Энурез 82. Ішкі секреция бездерінің сыртқы секреция бездерінен айырмашылығы: Сөл бөлетін өзектері болмайды, өнімдерін тікелей қанға бөледі 83. Ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді зат: Гармон 84. Аралас секреция бездері: Ұйқы бездері мен жыныс бездері 85. Қайсысы ішкі секреция бездерінежатпайды? Сілекей безі 86. Ұйқы безінің гормон: Инсулин, Глюкагон 87. Ұйқы безінің қызметі бұзылғанда ауру пайда болады: Қант диабеті 88. Қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде ауру пайда: Базед ауруы 89. Организмдегі инсулин гормонының қызметі: Көмірсулардың алмасуын реттеу 90. Ер адамдардың жыныс гормон: Андроген 91. Әйел адамның жыныс гормон: Эстроген 92. Организмде қан қызмет: Тыныс алу Транспорттық Жылуды реттеу Қорғаныс Барлық жауап дұрыс 93. Қан тұрады: Плазма мен формалы элементтерден 94. Өкпеден мүшелерге оттегін, мүшелерден өкпеге көмір қышқыл газын тасмалдайтын эритроцит құрамындағы ақуызды зат: Гемоглобин 95. Қанға түскен микроорганизмдер мен токсиндерден организмді қорғайтын қан клеткасы: Лейкоциттер 96. Қан жасаушы мүшелер: Лимфа түйіндері Көк бауыр Сүйек кемігі Бауыр Барлық жауаптар дұрыс 97. Қанның ұюына қатысатын қан клеткасы: Тромбоциттер 98. І қан тобындағы адамдарға қай топтың қанын құюға болады? Өз тобын ғана 99. ІV қан тобындағы адамдарға қай топтың қанын құюға болады? Барлық топтардың 100. Қан аздық кезінде қандай белгілер байқалады? Бастың ауруы Жұмыс қабілетінің төмендеуі Естен тану Бастың айналуы Барлық белгілер дұрыс 101. Қан айналу жүйесіне не жатады? Жүрек және тамырлар 102. Үлкен қан айналу шеңбері: Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жүрекшеден аяқталады 103. Кіші қан айналу шеңбері: Оң жақ қарыншада басталып, сол жақ жүрекшеден аяқталады 104. Жүрек қақпақшаларының қызметі қандай? Қанның бір бағытта қозғалуын қастамасыз емеді 105. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мин жүректің жиырылу жиілігі нешеге тең? 75 106. Жаңа туған нәрестелердің 1 мин жүректің жиырылу жиілігі: 140 107. Партада отырған оқушының көкірегі мен парта шетінің арасы неше см болуы керек? 3-5 см 108. Шеткі оқу стол мен қабырға аралығы неше см болуы тиіс? 70-80 109. Парталар қатарының аралығы неше см болуы тиіс? 60 110. Алдыңғы парталар мен тақта аралығы: 2,4-3 111. Соңғы парталар мен тақта аралығы неше метр болуы тиіс? 8-6 м 112. Жаңа туған балаларда тыныс алу типі қандай? Құрсақтық 113. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу үшін құрал қолданылады: Спирометр 114. Спирометр нені өлшеуге арналған құрал? Өкпенің тіршілік сыйымдылығын 115. Тыныс алу типінің жыныстық айырмашылықтары қай кезде байқалады? 7-8 жаста 116. Тыныс алу орталығы мидың қай бөлімінде орналасқан? Сопақша мида 117. Әйел адамдардың тыныс алу типі қандай? Көкіректік 118. Ер адамдардың тыныс алу типі: Құрсақтық 119. Ересек адамдар минутына шамамен неше рет дем алады? 16-18 120. Сергектік кезде нәрестенің тыныс алу жиілігі минутына нешеге тең? 50-60 121. Спортпен шұғылданбайтын ересек адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қанша? 3500см 122. Эфферентті нейронды басқаша қалай атайды? Қимыл 123. Ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер жүйке жүйесінің қай бөліміне жатады? Шеткі 124. Сөйлеу, ойлау, еске сақтау сияқты жоғары дәрежелі қызметтерді реттеу қай мидың қызметіне байланысты? Үлкен ми сыңарлары 125. Аденогипофиздің гормон: Өсу гармоны (Соматотропин) 126. Постнаталдық онтогенез – Туғаннан кейінгі даму кезеңі 127. 10 жаста айқын көрудің ең жақын нүктесі қашықтықта болуы мүмкін 7см 128. 30 жаста айқын көрудің ең жақын нүктесі қашықтықта болуы мүмкін 25см 129. Дені сау балада оң және сол жүрекшенің арасында орналасқан сопақша тесік жазылады Ашық сопақ терезе 130. Балада жас шығу рефлексі кезеңі Туғаннан бастап 1 жасқа дейін