Есет Көтібарұлының азаттық жолындағы күресі PDF

Document Details

Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі

Мауешова Арайлан Серікбайқызы

Tags

қазақ тарихы азаттық күресі тарихи тұлғалар ХІХ ғасыр

Summary

Бұл жұмыста Есет Көтібарұлының өмірі мен қазақ халқының азаттық жолындағы күресі қарастырылады. Жұмыс XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Мақсаты Есет Көтібарұлының өмір жолын, тарихи тұлғалық сипатын, козғалыстын шығу себебін, басты мақсатын және тарихи маңызын қарастыру.

Full Transcript

**Есет Көтібарұлының азаттық жолындағы күресі** **Мауешова Арайлан Серікбайқызы** **Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі** Қазақ халқы тамыры жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар төңірегіне тарап осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудар...

**Есет Көтібарұлының азаттық жолындағы күресі** **Мауешова Арайлан Серікбайқызы** **Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі** Қазақ халқы тамыры жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар төңірегіне тарап осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымыз қарысып, өсіп-өркендеп келе жатырған халық. Оның тарыхы, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХҮ ғасырдан басталмайды. Бүгінгі қазақ халқы сонау есте жоқ ескі замандарда -- ақ тұлпарының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртқа сақтап қалған халық. Жанқиярлық, табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік берекесін сақтап қана қоймай, ХҮ ғасырды қуатты қазақ мемлекетін құрды. Бірақ ұлан -- байтақ елімізге көз тігіп қызығушылар, ойран салушылар көбейді. Патшалық Ресей қазақ елінде ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесіне «Феодалдық патрирхиалдық» деп алдарқатып оны күйретті. Сөйтіп отарлық елді «бөліп ал да, билей бер» тілегімен иеленуге бейімделген империялық жүйені нығыздап енгізу саясатын сыналып жүргіздң. Орыс империясының отаршылдары өз мақсатын іске асыруды шапшаңдату үшін қазақ халқының басты байлығы болып есептелетін ұлан байтақ жерін, әуелі ең шұрайлыларын орыс казактарына, Касапий теңізінен бастап Зайсанға дейінгі аралықты белдеулеген әскери бекіністеріне тартып алып берді. Келесі қадамында қазақ далалығының бір тірегімен орыс империясының меншігінде деп жариялап бүкіл қазақ қауымын зар илетті. Қазақ халқының бас бостандығын елінің егемендігі толықтай жоылды. Қазақ орыс империясының шикізаттық қорына, орталық Ресейде өндірілетін өнімді үстемелеп пұлдайтын май шелпекті базарына бас бостандығынан айырылған қазақ жамағаты «айдауға көнер, жартылай жабайы тобыр» ретінде арзан жұмысшы күшіне айналды. Дей келе патшалық самодержавие және кеңестік билеп-төстеу заманында халқымыздың жұмылған аузы құрсаулана байланып келеді. Оның тарихы даңқты жолдарды, ұлдары мен қыздарының тамаша үлгі боларлық істері олардың өз халқына және атамекеніне деген шынай сүйіспеншілігінен туындайтын жан қиярлық тарихы. Соның бірі -- Есет Көтібарұлының күрес жолдары. XIX ғасырдың 40-50 жылдарында патша үкіметі Қазақстан және Орта Азия аймақтарын орталық картаға толық шолып ұсындырып, өз үстемдігін жүргізу мақсатында пәрменді шаралар алу кезеңі туды деп есептеді. Осылардың барлығы салып келгенде XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі, XIX ғасыр бойғы азаттық қозғалыстарының басты себебі болды. **Зерттеу жұмысының мақсат міндеттері:**Тақырыпты таңдаудағы негізгі мақсатты айта кеткен ретте басты міндеттерге де тоқтала кеткен жөн. Олар Есет Көтібарұлының қысқаша өмір баянын, өмір жолындағы кезеңдерін, тарихи тұлғалық сипатын, ол бастаған көтерілістің шығу себебін, басты мақсатын, жүру барысын, тарихи маңызын қарастырып және де талдау. **Мәселенің хронологиялық шегі:** Өмір жолы 1803 жылдан басталса, көтерілісі үш кезеңді қамтиды.Олар бірінші кезең 1847-1854 жылдар, екінші кезең 1854-1855 жылдар, үшінші кезең 1855-1858 жылдың тамызға дейінгі уақытты қамтиды.Қазіргі уақытта 1993 жылғы мерейтойы айтылады. **Географиялық аумағы:**.Кіші жүз руының территориясы, яғни Батыс Қазақстан жері **Өзектілігі**:  Есет Көтібарұлы есімі халық санасында ел қорғаған батыр, аруақты ер, батыл қолбасшы ретінде мәңгілік сақталып қалды. Бүгінгі ұрпақ, жас буын үшін де батыр баба рухы елдік пен ерлікке жігерлендіре берері анық. Есет Көтібаров -- ұлттық тұлға. Оның тарихи ортасы Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұханбетов сол кездегі орталық және жергілікті шонжарлар тепкісімен зар илеп, жарқын болашақ, бас бостандығын армандаған, бірақ бұл құр сайдан шығарудың жолын таппай қиса болған қазақ халқы. Иә, сонымен қатар Есет Көтібарұлының қанды көмек жолдастары Ерназар, Бекет, Әзберген, Айназар, Мәуміт, Шиет деген батырлар болған. Олардың ерлігі, тапқырлығы жөнінде ел аузында қалған көптеген аңыз әңгімелер бар./16/ Ал енді Есет батырдың тарихи ортасы мен өмір жолындағы кезеңдерді бөліп қарайтын болсақ. Бірінші кезең -- балалық, жастық, жігіттік, таластап азаматтық болмысқа енген шағы. Бұл кезең ХІХ ғасырдың басынан 1833 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Есет осы уақыт ағысында әкесі Көтібар, әкесімен қатар тумасы Арыстан, өңірге сұрапыл батырларымен аян болған Қайдауыл, тағы да басқа ел өмірінде арала бастады. Оңтүстігіндегі Орта Азия хандықтары, батысындағы орыс империясының сығымының ортасынан жол табу тәсілдеріне машықтануға бой ұрды. Екінші кезең - 1833 жылдан басталып, 1847 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде батыр әкесі Көтібардан кейін Шекті қола берді. Әлім тайпалық одағындағы саяси өмірдің белсенді қайраткері дәрежесіне жетіп, Ресей империясының жүргізіп отырған отарлық сұрқия саясатының сырын толық түсінеді. Одан құтылудың жолын ойластырады. Осы кезде бүкіл қабақ руының аға биі дәрежесіне көтеріледі. Кенесары бастаған халық-азаттық қозғалысына тілекші болып қоймай, оған араласты. Үшінші кезең -- 1848 жылдың ортасынан 1858 жылдың шілдесіне дейінгі аралықты алып жатады. Осы кезеңде Есет Көтібаров патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы халық-азаттық қозғалысын бастайды. Осы бір 11 жыл оның өмірінің биігі. Шындығында Есет Көтібаров бастаған қозғалыс қазақ халқының өз бостандығы үшін ХVII ғасырдан басталған тарихи күресінің жалғасы еді. Оны Сырым Датов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұханбетов ХХ ғасырдың басында 30 жылдардағы Созақ, Ырғыз көтерілісінен, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан бөліп алып таңбалауға болмайды деп ойлаймын. Өйткені, Есет Көтібаров 1847-1858 жылдары Ресей патшалық отарлау, ұлттық езу, ел байлығын топтау, қазақ қауымының ар-намысын таптау саясатына қарсы халық азаттық қозғалысын басқарды. Төртінші кезең -- Есет бастаған 1858 жылы, ондаған жылға созылған халық азаматтық көтеріліс жеңіліспен аяқталды. Бірақ бұл көтерілісінің тарихи маңызы ерекше болды. Есет Көтібаров өз халқын қан төгістен аман сақтап қалу мақсатын көздеп, күрес қаруын бастайды. Бірақ ол көзқарасын өзгерткен жоқ. Көтеріліс бүгін Ақтөбе облысын түгел қамтиды. Сонымен ол 1858-1868 жылдары қабақ руының аға биі, оған демек Есетке 1868-1680 жылдары Орынбор генерал-губернаторының Торғай облысы, Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі міндетін атқару жүктеледі. Бұл қызмет артында зілі бар шартты түрде ұсынылған еді. Сондықтан Есет бұл міндетті атқарған жоқ. Бұл арада мынаны айтқан жөн, әрі орынды деп санаймын. Патша әкімшілігінің саясатшылары өздерінің отарлаушылық саясатын одан әрі жүргізу үшін Есет Көтібарұлының халық арасындағы зор беделін пайдалануды көздеді. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің қарсаңында Кіші жүз көлеміндегі ең ірі тайпалық бірлестік 12800 түндіктегі 85 мың жанды біріктірген Шекті елінің дені бүкіл қазақ қауымындай төрт қырлы құрсау қысымында болатын: біріншіден, халық мойнына ілінген патша үкіметі отаршылдық саясатының құрығы. Екіншіден, Хиуа хандығының тотыққа жеткізер зекет, ұшыр тағы басқа алым салықтары, осының негізінде оның қазақ жеріне дүркін-дүркін жапқыншылықтары. Үшіншіден, рулар арасындағы қырғи -- қабақ тіпті қан төгіске соқтыратын тартыстары. Төртіншіден, патша үкіметінен шек-шекпен киіп, алтын алқа таққан, оған жанын тіреп қуат алған Баймағанбет Айшуақов, Арыстан Жанторин, Мұханбетқали Тәукин тағы басқа сықылды феодалдық --патриархалдық топтың қалың қазақ жамағатын үстемелеп тонауы еді. Қазақтар құнарсыз, тартан-сазды, құм-шағылды, шөлейт далаға ығыстырылды. Осының бәрі халықтың әшейіндегі ауыр өмірін оданда қапастандыра түсті. Бұлар көтерілістің басты себебі болды. Өмір жолы бұралаң, өлең жолы шырғалаң. Ұлы адамның бәрі бірдей ұлы атанбайды. Уақыт талқысын көріп, замана тезінен өтіп барып, ұлылығы айқындалады. Елу жыл, бес жүз жыл арғыны қозғасақ ғана тарих, тарих болмақшы. Халық тіршілігінде елеулі саналып, кейінгі ұрпақты толғандырған, көкірек төріне қонған оқиға ғана тарих. Сал заманда өмір сүрген адамдар көп. Алайда олар есепте болса да халақтың саналық «жылнамасында» жазылмаған. Есет Көтібарұлы ұлттық тұлға. Есет Көтібарұлы бастаған 1847-1859 жылдардағы көтеріліс жеңіліс тапқанымен оның тарихи маңызы болды. Ең бастысы көтеріліс қазақ халқының азаттық жолындағы жалпы қозғалысың құрамдас бір бөлігі болды. Оның қозғаушы күші -- қалың қазақ қауымы, шаруалар. Көтеріліс қалың қауымды бостандыққа апарар жол тек қана толассыз күрес жолы екендігі айқындалады. Күрес барысында патшалы Ресейдің отарлау саясатының ішкі астары, мәні мен мақсаты айқындала түсті. **Қорытынды:** Есет бастаған көтеріліс мерзімі жағынан, көлемі жағынан да біршама болды. Ол қазіргі Ақтөбе облысының территориясын түгел қамтыды. Бұған сонымен қатар қазіргі Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының да бірсыпыра халықтары қатысты. Есет Көтібарұлы іңгіме етіліп отырған көтірілісті ұйымдастырушы, өзіндік тактикасы бар әскери қолбасшысы, бұқара халықтың қиыннан сөз тапқан, тұйықтан жол тапқан көсемі болды. Ол қарулы күресті тоқтатқанмен халық бостандығы жолындағы көзқарасын көзқарасын өзгерткен жоқ, ол ұлт мүддесін сатқан жоқ. Оның өмірі қазақ халқына азаттық алып беру, ұлттық езгіден құтқару үшін патша үкіметінің экспансиялық саясатына қарсы үлкен күреспен, кескілескен шатыспен өтті. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Байзосов З.Б., Төлепбергенов Т.Т. «Есет батыр» - Атырау 1993 ж 2. Байдосов З.Б., Асқаров И «Азаттық сұңқары» - Ақтөбе 1993 ж 3. Байдосов З.Б. «Үш ғасыр перзенттері» - Ақтөбе 2005 ж 4. Материалы по историй Қазахский ССР -- Москва 1940 ж 5. Шалқар газеті 1993 №2 6. Шалқар газеті 1992 №19 7. Байзосов З.Б., Асқаров И «Азаттықтың сұңқары» - Ақтөбе 1993 ж 8. Есмағанбетов Қ. «Қазақтар шетел әдебиетінде» - Алматы 1994ж 9. Егеменді Қазақстан 1992 ж

Use Quizgecko on...
Browser
Browser