8Т2 Class 2023-02-20 Lesson Plan PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Атырау қаласы
2023
Tags
Summary
This is a lesson plan for an 8th-grade Kazakh language class, focusing on literary analysis and poetic interpretation. The lesson plan includes objectives, activities, and assessment criteria related to Kazakh poetry.
Full Transcript
**САБАҚ:** 17-18 **Мектеп:** Атырау қаласы **Күні:20**.02 2023 **Мұғалімнің аты-жөні:** Кабдулова Г.У **Сынып:** 8Т2 Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспағандар: 0 **Сабақтың тақырыбы** *Су -- әдебиет әлемінде* **Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары** 8.А3. Ауызша мәтіндер құрауда ек...
**САБАҚ:** 17-18 **Мектеп:** Атырау қаласы **Күні:20**.02 2023 **Мұғалімнің аты-жөні:** Кабдулова Г.У **Сынып:** 8Т2 Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспағандар: 0 **Сабақтың тақырыбы** *Су -- әдебиет әлемінде* **Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары** 8.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту 8.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына талдау жасау. **Сабақтың мақсаттары** Екпін түрлерімен таныса отырып, сөйлем ішінде орынды қолданып айту. Поэзиялық шығармадағы әдеби-көркемдегіш құралдарды анықтай отырып, автор ұсынған шығармадағы кейіптеулерге талдау жасау **Жетістік критерийлері** Екпін түрлерін қолдана отырып, сөйлемді мәнерлеп оқи алады Поэзиялық шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды анықтай алады.\ Шығармадағы образдарға талдау жасай алады **Тілдік мақсаттар** **Оқушылар**: жас, жабағы, лег, тума, жара, елес, жанар, аймақ, түп, үн, маңдай, мұнарлы, тұтыну, қарайлау, тұну, үңілу, бас ұру т.б сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, мағынасын түсінеді.\ **Пән лексикасы және терминология**: екпін, әдеби-көркемдегіш құралдар, риторикалық сұрау, кейіптеу, т.с.с **Мектеп құндылығы:** Жауапты азаматтық ұстаным. Ынтымақтастық. **Осыған дейін меңгерілген білім** Су туралы мағлұмат. «Су -- әдебиет әлемінде» тақырыбы бойынша көркем шығарманы тыңдау. **Жоспар** **Жоспарланатын уақыт** **Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер** **Дереккөздер** Сабақтың басы Оқушылар назарын сабаққа аудару.\ Сабақ мақсаттарымен таныстыру.\ Күтілетін нәтижелерді белгілеу.\ Интерактивті тақтаға мына суретті шығару. C:\\Users\\sambetova\_n.atr\\Desktop\\ural.jpg Сурет бойынша ойларына келген 10 сөйлем жазу. Сөйлемдерін қажетті екпімен мәнерлетіп оқыту. Оқыған соң әр оқушы жазған мәтінінен 5 тірек сөз белгілеп алып, сыныпқа оқиды. Оқушылар сабақ тақырыбына келеді. Сол күнгі сабақта жерлес ақын Ж.Нәжімеденовтің «Жайық жағасында» өлеңі оқылып, талданатыны айтылады. Ж.Нәжімеденовтің табиғат тақырыбындағы өлеңдерін атап кетуге болады. Сабақтың ортасы **Оқушыларға теориялық жадығат таратылады.**\ Екпін --- сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді. 1\. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі. 2\. Ой екпіні --- сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: **Айбек** ерте тұрды. Айбек **ерте** тұрды. Айбек ерте **тұрды.** Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді. 3\. Тіркес екпіні --- бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б. 4\. Дыбыс екпіні --- сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді. Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңбермен отырғызу. Мәнерлеп оқығысы келетін оқушыларды ішкі шеңберге отырғызып, сөз, тіркес, дыбыс екпінін қолдана отырып, нақышына келтіріп, дауыстап оқу тапсырмасы беріледі. (өлең 3 бөлікке бөлінеді) (Сыртқы шеңберде 6 оқушы, екі-екіден және бір өлеңді баяндаған оқушымен бір топ) Сыртқы шеңбердегі оқушы өлең мазмұны, идеясын түсіндіреді. ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА Ақ Жайық жарға бас ұрып, \ Асығып кейін қайтады. \ Толқынды толқын асырып, \ Жасырып сырлар айтады.\ \ Мұнарлы арна ыңқылдап, \ Жабағы жалдар ұйысып; \ Күледі тағы сыңқылдап, \ Толқын мен толқын сүйісіп.\ \ Жүзінде көшіп жыл легі, \ Қарайып барып тұтылды. \ Жылағаны, күлгені -- \ Бәрі жалған сықылды.\ \ «Мен -- Жайықпын, тумаңмын, \ Жоқ шығар-ау таласың. \ Тазартып қаннан жуғанмын \ Махамбет ердің жарасын.\ \ Немене? Таң қаласың! \ Деміңді ауыр аласың -- \ Жалғыз сен бе жан ашыр? \ Баласың-ау, баласың!»\ \ Бір салмақ түсті сезімге, \ Аумады көзім елестен: \ «Жарасын жуып, өзін де \ Жұтқан өзің емес пе ең!--»\ \ Дегім келді мен кенет, \ Жайыққа жардан үңіле. \ Тарих тұнды дөңгелеп \ Жанарымның түбіне.\ \ Ағады Жайық қарайлап. \ Көрінді қатпар бір маңдай,-- \ Батырды еске ап бар аймақ \ Бөріксіз, үнсіз тұрғандай. 2-тапсырма **Өздеріне бөліп ұсынылған өлең шумақтарынан әр топ жаңа сөздерді түсіндірме сөздіктен қарап, анықтама ұсынады.*\ *3-тапсырма\ Әр топқа қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі. (Төменде ұсынылды)** Сабақтың соңы Сабақтың соңында оқушылар: Үйренгендері туралы ойланады, басқа топтарға төрт сөйлеммен баяндайды.\ Топтар бір-бірін мына кесте бойынша бағалайды. (кесте жанына смайлик жапсырады)\ Сары -- толық келісемін\ Қызыл -- келісемін\ Жасыл -- келіспеймін\ Көк -- мүлдем келіспеймін Екпін түрлерін біледі, сөйлемде қолдана алады. Мәнерлеп оқи алады ------------------------------------------------ ---------------------------------------------------------- Әдеби көркемдегіш құралдарды анықтай алады. Автор ұсынған шығармадағы образдарға талдау жасай алады. **Қосымша ақпарат** **Дифференциация -- Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?** **Бағалау -- Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?** **Пәнаралық байланыс** **Қауіпсіздік ережелері** **АКТ-мен байланыс\ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)** ***Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.*** ***Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.*** ***Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.*** ***Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?*** ***Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?*** ***Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?*** ***Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?*** **Ойлану** Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? **Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.** **Жалпы баға** **Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?** **1:** **2:** **Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?** **1:** **2:** **Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?** **1-топ** Пәні: қазақ тілі\ Сыныбы: 7Т2 +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Бөлім/тақырып | **Су, оның музыкада, әдебиетте | | | және визуалды өнерде | | | бейнеленуі/** *Су -- әдебиет | | | әлемінде* | +===================================+===================================+ | Оқу мақсаты | Поэзиялық шығармадағы | | | әдеби-көркемдегіш құралдарды | | | анықтай отырып, автор ұсынған | | | шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасау | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Ойлау дағдысының | Білу/түсіну | | | | | деңгейі | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Тапсырма:\ | | | Өлең үзіндісін оқыңыз. | | | | | | **Ж.Нәжімеденов «Жайық | | | жағасында»** | | | | | | Ақ Жайық **жарға бас ұрып,** \ | | | Асығып кейін қайтады. \ | | | Толқынды толқын асырып, \ | | | **Жасырып сырлар** айтады.\ | | | \ | | | **Мұнарлы арна** ыңқылдап, \ | | | **Жабағы жалдар** ұйысып; \ | | | Күледі тағы сыңқылдап, \ | | | Толқын мен толқын сүйісіп.\ | | | \ | | | Жүзінде көшіп **жыл легі,** \ | | | Қарайып барып тұтылды. \ | | | Жылағаны, күлгені -- \ | | | Бәрі жалған сықылды. | | | | | | 1.Өлең үзіндісін қысқаша | | | мазмұнда, талдау жасап көр | | | | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | | | | 2\. Өлеңде автор ***Нені*** жан | | | бітіртіп сөйлетіп тұр? | | | Кейіптеуді, эпитетті тап. | | | | | | 3\. Қарамен жазылған сөздер мен | | | сөз тіркестерінің мағынасын | | | түсіндір. | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Дискриптор | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **2-топ** Пәні: қазақ тілі\ Сыныбы: 7Т2 +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Бөлім/тақырып | **Су, оның музыкада, әдебиетте | | | және визуалды өнерде | | | бейнеленуі/** *Су -- әдебиет | | | әлемінде* | +===================================+===================================+ | Оқу мақсаты | Поэзиялық шығармадағы | | | әдеби-көркемдегіш құралдарды | | | анықтай отырып, автор ұсынған | | | шығармадағы образдарға талдау | | | жасау | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Ойлау дағдысының | Білу/түсіну | | | | | деңгейі | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Тапсырма:\ | | | Өлең үзіндісін оқыңыз. | | | | | | «Мен -- Жайықпын, **тума**ңмын, \ | | | Жоқ шығар-ау таласың. \ | | | Тазартып қаннан жуғанмын \ | | | Махамбет ердің **жара**сын.\ | | | \ | | | Немене? Таң қаласың! \ | | | **Дем**іңді ауыр аласың -- \ | | | Жалғыз сен бе **жан ашыр**? \ | | | Баласың-ау, баласың!» | | | | | | 1.Өлең үзіндісін қысқаша | | | мазмұнда, талдау жасап көр | | | | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | | | | 2\. Автор «*кімнің»* атынан | | | сөйлеп тұр? *«Кімге*» жан | | | бітіріп тұр? Әдеби-көркемдегіш | | | құралдарды тап. | | | | | | 3\. Қарамен жазылған сөздер мен | | | сөз тіркестерінің мағынасын | | | түсіндір. | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Дискриптор | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **3-топ** Пәні: қазақ тілі\ Сыныбы: 7Т2 +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Бөлім/тақырып | **Су, оның музыкада, әдебиетте | | | және визуалды өнерде | | | бейнеленуі/** *Су -- әдебиет | | | әлемінде* | +===================================+===================================+ | Оқу мақсаты | Поэзиялық шығармадағы | | | әдеби-көркемдегіш құралдарды | | | анықтай отырып, автор ұсынған | | | шығармадағы образдарға талдау | | | жасау | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Ойлау дағдысының | Білу/түсіну | | | | | деңгейі | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Тапсырма:\ | | | Өлең үзіндісін оқыңыз. | | | | | | Бір **салмақ** түсті сезімге, \ | | | Аумады көзім **елес**тен: \ | | | «Жарасын жуып, өзін де \ | | | Жұтқан өзің емес пе ең!--»\ | | | \ | | | Дегім келді мен **кенет,\ | | | **Жайыққа **жардан үңіле**. \ | | | Тарих **тұнды** дөңгелеп \ | | | **Жанар**ымның түбіне.\ | | | \ | | | Ағады Жайық **қарайла**п. \ | | | Көрінді **қатпар** бір | | | **маңдай**,-- \ | | | Батырды еске ап бар **аймақ** \ | | | Бөріксіз, үнсіз тұрғандай | | | | | | 1.Өлең үзіндісін қысқаша | | | мазмұнда, талдау жасап көр | | | | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\ | | | _\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ | | | | | | 2\. Автор «*кіммен» (немен)* | | | сөйлесіп тұр? Аллитирацияны | | | тап. | | | | | | 3\. Қарамен жазылған сөздер мен | | | сөз тіркестерінің мағынасын | | | түсіндір. | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жетістік критерийі | Дискриптор | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | | Поэзиялық шығармадағы әдеби | | | көркемдегіш құралдарды анықтай | | | алады.\ | | | Шығармадағы кейіптеулерге талдау | | | жасай алады. | +-----------------------------------+-----------------------------------+