13 Lecture Psychology PDF
Document Details
Uploaded by GreatBromeliad7187
Tags
Summary
This document provides an overview of social and psychological conflict. Types of conflict, conflict functions, and example situations are also discussed.
Full Transcript
Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы 13.1 Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері 13.2 Психологиялық конфликтілердің түрлері 13.3 Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары 13.4 Конфликтінің даму сатылары Әлеуметтік-психологиялық конфликт – бұл адам...
Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы 13.1 Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері 13.2 Психологиялық конфликтілердің түрлері 13.3 Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары 13.4 Конфликтінің даму сатылары Әлеуметтік-психологиялық конфликт – бұл адамдар арасындағы өзара қарым- қатынаста туындайтын, олардың көзқарастарының, мүдделерінің, мақсаттарының қарама-қайшылығынан туындайтын жанжал. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Мысалдар: Жеке деңгейде: Екі адамның ортақ көзқарас, шешімдерінің болмауы, бәсекелесуі. Топтық деңгейде: Ұжымдағы, топтағы қарама-қайшылықтардың орын алуы Қоғамдық деңгейде: Әлеуметтік , саяси мүдделердің қайшылығы. Конфликтіні зерттеген ойшылдар Философиялық негізін қалаушылар Гераклит (б.з.д. 535–475 жж.): Оның "барлығы қайшылықтан туындайды" деген идеясы қақтығыстың әлем дамуының қозғаушы күші екенін көрсетті. Томас Гоббс (1588–1679): Адам табиғатын өзімшіл және бәсекеге бейім деп сипаттап, "барлығы барлығына қарсы соғысы" жағдайын түсіндірді. Қақтығысты шектеу үшін күшті мемлекеттің қажеттігін айтты. Психологиялық тұрғыдан зерттегендер Зигмунд Фрейд (1856–1939): Қақтығыстарды адамның санасы мен бейсанасының арасындағы қайшылық ретінде сипаттады. Адамның инстинкттері мен қоғамның талаптары арасындағы қайшылықтар жеке тұлға ішіндегі қақтығыстарға себеп болады. Курт Левин (1890–1947): Топтық динамика және жеке тұлғааралық қақтығыстарды зерттеді. Конфликттің мінез-құлыққа әсерін талдап, оны басқару әдістерін ұсынды. Ғылыми-педагогикалық және 1 тұлғааралық қақтығыстар психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфликт)тің отбасылық - тұрмыстық мынадай түрлерін атауға болады: 2 қақтығыстар 3 “басшы-бағынушылар” арасындағы қақтығыстар 4 әлеуметтік қақтығыстар 5 тұлғаішілік қақытығыстар Конфликтінің функциялары: конструктивті деструктивті Конструктивті функциялар – бұл Деструктивті функциялар – қақтығыстың позитивті нәтижелері, қақтығыстың жағымсыз салдары, оның арқасында қатысушылар олар қатысушылар мен олардың арасында прогресс немесе жетілдіру қоршаған ортасына теріс әсер етеді. байқалады. Мысал: Ұжым ішіндегі Мысал: Отбасылық дау салдарынан міндеттерді дұрыс орындалмауы ерлі-зайыптылардың ажырасуы. қақтығыс арқылы анықталып, әділ шешім қабылданады. Конфликт элементтері: Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық Екі тараптың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы. Конфликт даму сатылары – бұл қақтығыстың басталуынан шешілуіне дейінгі кезеңдерін сипаттайтын жүйелі процесс. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыда конфликттің дамуында бірнеше маңызды кезеңдер бар: 1. Латентті ( Жасырын кезең ) 2. Қақтығыстың өршу кезеңі 3. Постконфликттік кезең Конфликт даму сатылары Сипаттамасы: Конфликттің алғышарттары пайда болады. Бұл кезеңде қайшылықтар әлі ашық түрде байқалмайды, бірақ шиеленіс көзге көрінбейтін деңгейде жүреді. Латентті кезең Негізгі ерекшеліктері: 1. (жасырын немесе Мүдделер, құндылықтар немесе мақсаттар арасындағы қайшылықтар байқала бастайды. жасалу кезеңі) Қатысушылар арасындағы қарым-қатынаста «қысым» сезіледі. Мысалы: Ұжымдағы әділетсіз шешімдерге наразылық ішкі деңгейде сақталады. Сипаттамасы: Қатысушылар арасындағы қайшылық ашық көрінеді. Бұл оқиға конфликттің дамуына түрткі болады. Негізгі ерекшеліктері: 2. Инцидент кезеңі Қатысушылар арасындағы қайшылықты сыртқы әрекеттерден байқауға болады. Қарым-қатынаста шиеленіс артады. Мысалы: Ресурстарды бөлуде келіспеушілік болған кезде, ашық пікірталас немесе наразылық білдіру. Сипаттамасы: Конфликт шарықтау шегіне жетеді. Қатысушылар арасында эмоциялар мен қарсылық күшейеді. Негізгі ерекшеліктері: Шиеленісу кезеңі Қақтығыстың ауқымы ұлғайып, қатысушылар арасындағы түсіністік төмендейді. 3. (эскалация) Эмоциялардың, ашудың немесе агрессияның өсуі байқалады. Рационалды диалог жүргізу қиындай түседі. Конфликт даму сатылары Сипаттамасы: Қатысушылар конфликтті реттеудің немесе оны азайтудың жолдарын іздей бастайды. Негізгі ерекшеліктері: Шешу жолдарын 4. Конфликттің барлық тараптары өз мүдделерін қорғау үшін келіссөз жүргізуі мүмкін. іздеу кезеңі Ықтимал шешімдер қарастырылады: ымыраға келу, компромисс немесе үшінші тараптың араласуы (медиация). Мысалы: Басшылықтың қызметкерлер арасындағы келіспеушілікті шешу үшін араласуы. Сипаттамасы: Конфликт реттеледі немесе тоқтатылады. Қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасы қалыптасады. Негізгі ерекшеліктері: 5. Шешілу кезеңі Мәселе шешіледі немесе уақытша бәсеңдейді. Қатысушылар келісімге келеді немесе бір тарап жеңіске жетеді. Кейбір жағдайларда конфликт толық шешілмей, қайта пайда болуы мүмкін. Мысалы: Келіссөздер нәтижесінде келісімшарттар жасау. Сипаттамасы: Қақтығыс салдары жойылады немесе оның әсері бағаланады. Негізгі ерекшеліктері: Постконфликттік Қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру әрекеттері жүзеге асады. 6. кезең Конфликттің себептері мен оны шешу әдістері талданады. Конфликтіні зерттейтін саланы КОНФЛИКТОЛОГИЯ деп атайммыз. Конфликтология – бұл конфликтілердің пайда болу, даму және шешілу механизмдерін зерттейтін ғылыми сала. Ол әртүрлі әлеуметтік, психологиялық, саяси, экономикалық және мәдени деңгейдегі қақтығыстарды қарастырады. Сонымен қатар, конфликтоген дегеніміз – қақтығысқа әкелуі мүмкін сөздер, әрекеттер (немесе әрекетсіздік). Инцидент – конфликтіге себеп болатын жағдайлардың жиынтығы. Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмысшеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер. Конфликтінің зардаптары қандай? Конфликтілер қатысушылардың психологиялық жағдайын нашарлатады, оларда стресс, алаңдаушылық немесе депрессия туындауы мүмкін. Қақтығыстар адамдардың бір-біріне деген сенімін төмендетіп, қорқыныш сезімін тудыруы мүмкін. Тұрақты конфликттер эмоционалдық сарқылуға, шаршауға әкеліп соғуы мүмкін. Конфликт адамдар арасындағы байланыстарды бұзып, достық, туыстық немесе ұжымдық қатынастарды әлсіретеді. Конфликтілер ұйым ішінде тиімді шешімдер қабылдауды баяулатуы мүмкін, себебі тараптар бір-бірін тыңдамайды немесе қолдау көрсетпейді. Конфликттер денсаулыққа да кері әсер етуі мүмкін. Стресс - жүрек- қан тамырлары ауруларына, ұйқының бұзылуына және басқа да кедергілер әкелуі мүмкін. Әртүрлі мәдениеттер мен топтар арасында туындаған қақтығыстар әлеуметтік теңсіздік пен этникалық немесе діни бөліну тудыруы мүмкін. Тұлғаішілік конфликттердің себебін ең алдымен адамның өзінен іздеу керек. Бұл үшін сіздің негативті реакцияңызды тудыратын осы секілді бірнеше жайдайға талдау жасап, бірнеше сұрақ қою керек: Бұл жағдайда мені не ашуландырады? Бұл жағдайда мен өзімді қалай ұстаймын? Бұл жағдайда басқалар неге өзгеше әрекет етеді? Мен бұл жағдайда қаншалықты адекватты әрекет етемін? Менің ашулануымның себебі неде? Танымал психотерапевт Максуэлл Мольцтің (1899-1975) «Мен – бұл Мен, немесе Қалайша бақытты болу керек» атты кітабында тұлғалық конфликтерді шешуде адамға көмектесетін бірнеше пайдалы кеңестерді береді. Өзі туралы бар шындықты білу; Шындыққа тіке қарай алу; Сыртқы әсерге тым эмоционалды түрде әрекет етпеу, оларға деген реакцияны кідірте білу; Реніш, өзіне деген аяныш сезімдерін өзінде сақтамау; Өзіңді және өзгені кешіре алу, кешіре білу; Өз агрессияңды дұрыс арнаға жұмсай алу.