PDF Educational Article on Adaptive Physical Education for Children with Hearing Impairments (2024)

Document Details

Uploaded by Deleted User

null

2024

Tags

adaptive physical education children with hearing impairments pedagogical organization special education

Summary

This article details the pedagogical and organizational aspects of adaptive physical education for children with hearing impairments in a Kazakhstan special school. The study highlights the importance of adapted physical education in improving the physical and social development of these children in the context of a modern, inclusive education framework.

Full Transcript

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. of the Republic of Kazakhstan on the development of domestic education and science]. Available at: https://primeminister.kz/ru/news/reviews/novye-podhody-k-obucheniyu-i-podderzhka-molodyh-talantov-mon-rk-o- razvitii-ote...

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. of the Republic of Kazakhstan on the development of domestic education and science]. Available at: https://primeminister.kz/ru/news/reviews/novye-podhody-k-obucheniyu-i-podderzhka-molodyh-talantov-mon-rk-o- razvitii-otechestvennogo-obrazovaniya-i-nauki-9102812/. – 2020 (date of implementation 12.09.2023). 9. Otchet o deyatel'nosti AO «Nacional'nyj centr povysheniya kvalifikacii Өrleu» za 2021 god [Otchet o deyatel'nosti AO "Nacional'nyj centr povysheniya kvalifikacii Өrleu" za 2021 god]. – Nur-Sultan, 2021. – 42 p. (In Russian). 10. Hasenova M.T. Metodicheskie osnovy realizacii kejs-metoda v processe obucheniya himii kak sredstva povysheniya estestvennonauchnoj gramotnosti uchashchihsya obshcheobrazovatel'nyh uchrezhdenij (na primere Pavlodarskoj oblasti, Respubliki Kazahstan) : dis... kand. ped. nauk : zashchishchena 13.00.02 [Methodological foundations for the implementation of the case method in the process of teaching chemistry as a means of improving the natural science literacy of students of general education institutions (on the example of the Pavlodar region, the Republic of Kazakhstan) : dis... Candidate of Pedagogical Sciences : defended 13.00.02 – Tajik State Pedagogical University named after S. Aini, Dushanbe] – Tadzhikskij gosudarstvennyj pedagogicheskij universitet im. S. Ajni, Dushanbe, 2021–173 p. (In Russian). 11. Okslejd K Nauchnye opyty dlya detej [Scientific experiments for children] [Text] : [dlya mladshego i srednego shkol'nogo vozrasta][ for primary and secondary school age] / Kris Okslejd ; [per. s angl. A. O. Kovalevoj]. – Moskva : Eksmo, 2013. – 95 p. (In Russian). 12. Vahromeeva O.B. Himiya i himiki na Bestuzhevskih kursah [Chemistry and chemists at Bestuzhev courses] [Text] / O. B. Vahromeeva. – Sankt-Peterburg : Art-Ekspress, 2017. – 119 p. (In Russian). 13. Rocha H.H.X., Dantas D.de S., Farias, R.F. Contextualization and interdisciplinarity in chemistry teaching in Brazil: After two decades, everybody knows but nobody understands // African Journal of Chemical Education. – 2017. Т. 7. №. – 1. P.– 31-36. 14. Bandaev S.G., Hasenova M.T. Rol' kejs-tekhnologii v formirvoanii himicheskoj gramotnosti uchashchihsya [The role of case technology in the formation of chemical literacy of students] [Text] // Vestnik pedagogicheskogo universiteta. – 2018. – Т. 5. – №. 1. – P. 8–12. (In Russian). ҒТАМР 14.29.09 https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.035 Ш.А.Балгимбеков, 1* К.Е.Күшназарова, 2 Р.Б.Қадырбеков, 1 Ж.Т.Әмитова 1 1 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан 2 Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебі, Алматы облысы, Қазақстан ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа Мақала есту қабілетін жоғалтқан балалар үшін мамандырылған түзету мектеп-интернатындағы бейімдік дене шынықтырудың педагогикалық-ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеп, жинақталған оң тәжірибені теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 5000- нан астам мүгедек бала тіркелген және республика бойынша осы санаттағы балаларға арналған мамандырылған 24 мектеп жұмыс істейді. Есту қабілеті жоғалған балалардың 62%-да денелік дамудың дисгармониясы, 43%-да тірек-қимыл аппаратының бұзылулары, 60%-да вестибулярлық талдағыш қызметінің жеткіліксіздігі анықта- лады. Баланың кеңістікті бағдарлауы төмендеп, қозғалыс дағдыларын игеру бәсеңдейді, дене күшінің нашар- лауы, секіруде артта қалу, қозғалыстардың төмен қарқыны, қимыл-қозғалысты еске сақтаудың әлсіздігі байқа- лады. Зерттеу жұмыстары орындалған есту қабілетін жоғалтқан оқушы балалар тәрбиеленетін Алматы қаласындағы №1 мектеп-интернатындағы оқу-тәрбие үрдісі жастарға орта білім берумен қатар, мүгедек жандардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған педагогикалық, медициналық және қалпына келтіру кешені ретінде ұйымдастырылып, заманауи дене мәдениеті мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Авторлар бейімдік дене шынықтыру пәні бойынша жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын сараптап, есту қабылетінің бұзылыстары бар оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарында тыныс алу гимнастикасы, вестибулярлық жаттығулар, координация- лық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар мен ырғақтық-иілімділік жаттығулар кешенін пайдалануға ұсынады. Түйін сөздер: бейімдік дене шынықтыру, балалар, есту бұзылыстары, даму ерекшеліктері, қозғалыс дағды- лары, түзету, дене жаттығулары. 390 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. Балгимбеков Ш.А.,1* Кушназарова К.Е.,2 Кадырбеков Р.Б.,1 Амитова Ж.Т.1 1 Казахский национальный педагогический университет имени Абая, г.Алматы, Казахстан 2 Средняя школа имени А.Бейсеуова, Алматинская область, Казахстан ПЕДАГОГИКО-ОРГАНИЗАЦИОННЫЕ ОСОБЕННОСТИ АДАПТИВНОЙ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЯМИ СЛУХА Аннотация Статья посвящена изучению педагогико-организационных особенностей адаптивной физической культуры в условиях специальной (коррекционная) школы-интерната для детей с нарушениями слуха, а также теоретико- методическому обоснованию накопленного положительного практического опыта. В настоящее время в Казахстане состоят на учете более 5000 детей с потерей слуха и по республике функционируют 24 специализированной школы для обучения и воспитания детей данной категории. У 62% детей с потерей слуха выявляются дисгармония в физическом развитии, 43% имеют различные нарушения опорно-двигательного аппарата, 60% – недостаточность функции вестибулярного анализатора. Для детей с тугоухостью характерны снижение пространственной ориентации, замедление усвояемости двигательных навыков, уменьшение физической силы, отставание в прыжках, низкая двигательная активность и слабость двигательной памяти. Результаты изучения показали, что в специальной (коррекционная) школе-интернате наряду с получением среднего образования детьми с нарушениями слуха, создана целостная педагогико-медицинская и реабилита- ционная система, обеспечена необходимая инфраструктура для занятий адаптивной физической культурой. Авторы провели анализ обновленной программы образования дисциплины адаптивной физкультуры и предложили комплекс упражнений, состоящий из дыхательной гимнастики, вестибулярной тренировки, развития координационных способностей и ритмико-пластических упражнений. Ключевые слова: адаптивная физкультура, дети, нарушения слуха, особенности развития, двигательные навыки, коррекция, физические упражнения. Balgimbekov Sh.,*1 Kushnazarova K., 2 Kadyrbekov R., 1 Amitova Zh.¹ PEDAGOGICAL AND ORGANIZATIONAL FEATURES OF ADAPTIVE PHYSICAL EDUCATION FOR CHILDREN WITH HEARING IMPAIRMENTS Abstract This article is dedicated to the study of pedagogical and organizational features of adaptive physical education in the conditions of a special (corrective) boarding school for children with hearing impairments. It also provides a theoretical and methodical justification for the accumulated positive practical experience. Currently, in Kazakhstan, more than 5000 children with hearing loss are registered, and there are 24 specialized schools across the republic for the education and upbringing of children in this category. Among children with hearing loss, 62% exhibit disharmony in physical development, 43% have various musculoskeletal disorders, and 60% experience vestibular analyzer insufficiency. Children with mild hearing loss typically show a decrease in spatial orientation, slowed motor skill acquisition, reduced physical strength, lagging in jumping abilities, low motor activity, and weak motor memory. The study results indicate that in the special (corrective) boarding school, along with receiving basic education, a comprehensive pedagogical-medical and rehabilitation system has been established for children with hearing impairments. The necessary infrastructure for adaptive physical education is provided. The authors analyzed the updated curriculum of the adaptive physical education discipline and proposed a set of exercises, including respiratory gymnastics, vestibular training, development of coordination abilities, and rhythmic-plastic exercises. Keywords: adaptive physical education, children, hearing impairments, developmental characteristics, motor skills, correction, physical exercises. Кіріспе. Соңғы жылдары ел тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен шұғыл- дануы халықтың өмір сүру жағдайының бағалы сипаттамасы ретінде танылып, адамдардың денсаулығы мен рухани дамуына оң әсерін тигізетін әлеуметтік саладағы мемлекет саясаты- ның маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Осымен қатар біздің елімізде денсау- лығының мүмкіндіктері шектеулі жандардың дене мәдениетінің негізі болып табылатын – бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға да кейінгі кезде ерекше көңіл бөліне бастады. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы №228-V Заңында денсаулығына байланысты мүгедек жандарды дене тәрбиесінің жатты- 391 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. ғуларына және спортқа тарту механизмдері анықталған. Аталған Заңның «Бейімдік дене шынықтыру мен спорт, денені сауықтыру және әлеуметтік бейімделу» атты 19-шы бабына сай мүгедектердің дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын ұйымдастыру, әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және т.б. іс-шараларды жүзеге асыру дене тәрбиесі және спорт органдарына жүктеледі. Бейімдік дене шынықтыру денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін аса маңызды, себебі арнайы дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен айналысу жас ағзаның жан-жақты дамып, мүгедек баланың әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне септігі мол әдістері мен жолдарының жиынтығы болып табылады. Баланың бейімдік дене шынықтырумен және спортпен айналысуы барысында өскелең организмнің денелік-психикалық қасиеттері жасына сай дамып, толыққанды тұлға ретінде қалыптасу мүмкіндіктері жоғарылайды, оның бойында арнайы білім жүйесі мен болашақ мамандығына қажетті қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасады[3,4]. Бұл саладағы белгілі ғалымдар Kohl H.W., Craig C.L., Lambert E.V. және әріптестері дене шынықтыру мен спорттың пайдасы күнделікті өмір сүрудегі дағдыны игерумен қатар, қоғамдық ортада қатарлас құрдастарымен теңдей әлеуметтенуіне мүмкіндік беретінін атап өтеді. Қазіргі кезде денсаулығына байланысты мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі – адамның есту қабілетінің бұзылулары екендігі белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының бағалауы бойынша бүгінгі таңда әлемде 1,5 миллиардтан астам адам есту қабілетінен айырылған, ал 430 миллион ересек адам, 34 миллионнан астам балалар есту қабілетінің бұзылуы себебінен мүгедек болып отыр. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта естімейтін және нашар еститін 150 мыңнан астам адам тұрады, оның 10 мыңы – Алматы қаласының тұрғындары. Елімізде есту қабілеті бұзылған 5400-ге жуық мүгедек бала тіркелген және республика бойынша осы санаттағы балаларға арналған мамандырылған 24 мектеп жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Л.В.Нейман бойынша есту қабілетінен айырылу жіктемесі қолданылады: есту мүкістігінің 1 дәрежесі – 50 Дб-ден, 2 дәрежесі – 50-70 Дб-ден, 3 дәрежесі – 70-80 Дб- ден асады. Ал «саңыраулық» диагнозы 75-80 Дб кезіндегі естудің жоғалуы анықталғанда қойылады. Бұл жағдайда бала сөзбен айтылмайтын, ысқырықпен, қоңырау немесе барабан соққанда шығатын дыбыстарды ғана қабылдауға қабілетті. Балаларда есту функциясының нашарлауы мен жоғалуының себептері әр түрлі болып келеді. Жиі кездесетін себептерінің бірі – жүктілік немесе босану кезінде анасының науқасы және есту талдағышының дамуын бұзатын химиялық препараттарды қолдануы. Есту қабіле- тінің туа біткен бұзылулары немесе отбасылық тұқым қуалайтын түрлері де кездеседі. Туылған соң есту қабілетінен айырылу ортаңғы құлақтың қабынуы – отитпен, менингит, тұмау, қызылша, т.б. жұқпалы дерттермен ауырса, әр түрлі дәрілік және химиялық заттармен уланумен байланысты болуы мүмкін. Есту қабілеті баланың денелік және психикалық дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті жоғалған балалардың 62%-да физикалық дамудың дисгармониясы, 43%-да тірек- қимыл аппаратының бұзылулары (сколиоз, майтабандылық) анықталады. Саңырау адамдардың 60%-да вестибулярлық аппараттың жетімсіздігі дамиды. Бұл статикалық және тепе-теңдікті сақтауға теріс әсерін тигізеді, нәтежиесінде қимылдардың үйлесімсіздігі мен сенімсіздігі орын алады. Балада кеңістікті бағдарлаудың төмендеуі, қозғалыс дағдыларын иемденудің бәсеңдеуі, тұлға күшінің нашарлауы, секіруде артта қалу, қозғалыстардың төмен қарқыны, қимыл-қозғалысты еске сақтаудың әлсіздігі байқалады. Баланың есту қабілетінің бұзылуы оның айтылған сөздерді қабылдау, түсіну, есте сақтау және тағы да басқа көптеген танымдық қасиеттерінің дамуына теріс әсерін тигізеді. Осының салдарынан мектеп оқушыларының айналасындағылармен қалыпты қарым-қатынасы қиындайды, материалдарды меңгеруі шектеулілігі байқалады. Есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың танымдық және сөйлеу қызметінің ерек- шеліктері қозғалыс талдағышының дамуында да өз ізін қалдырады және қимыл-қозғалыс 392 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. дағдыларының жеткілікті деңгейде игерілуіне, дененің қозғалыс қасиеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Құлағы естімейтін баланың басқалармен сөйлесу қабілетінің бұзылуы қимыл- қозғалыстарды үйретуге қажетті әрекеттер мен дағдыларды суреттейтін ақпаратты қабыл- дауды да қиындатады. Бейімдік дене шынықтыру білім мен ғылымның ірі үш саласын біріктіреді: дене мәдение- ті, қалпына келтіру педагогикасы мен психологиясы және медицина. Сондықтан денсаулы- ғының мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың дене тәрбиесімен айналысатын педагог-маман- ның бейімдік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесінен, балалардың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері туралы, спорт медицинасы, қалпына келтіру педагогикасы және психологиясы салаларынан теориялық-қолданбалы дайындығы терең, ал көру, есту, сөйлеу және т.б. қабілеттерінің бұзылулары мен оларды түзетудің және алдын алудың заманауи әдістерінен хабардарлығы жоғары болуы керек. Алайда, қазіргі кезде еліміздің дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушы мамандар мен педагогикалық оқу орындарының бітіруші түлектерінің бейімдік дене шынықтырудың теориясы, әдістемелері және ұйымдастырылуы туралы білімдері өте жеткіліксіз, мүгедек балалармен жұмыс істеуге практикалық дағдылары қалыптаспаған. Сондықтан, елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы жағдайында есту қабілетінің бұзылуымен байланысты оқушы балалардың бейімдік дене мәдениетінің теориялық және әдістемелік негіздерімен қаруландыру жоғарғы педагогикалық оқу орындары мен колледждерде білім алушы болашақ мамандарды дайын- даудағы өзекті міндеттің бірі ретінде танылып отыр. Біздің жұмысымыздаң мақсаты – есту қабілетінен айырылған оқушы балалар тәрбиеле- нетін арнайы білім беру мекемелерінде бейімдік дене шынықтырудың педагогикалық-ұйым- дастыру жағдайын зерттеп, саңырау оқушылармен бейімдік дене шынықтыру сабақтарын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерімен мұғалімдер мен жаттықтырушыларды таныстыру болып табылады. Негізгі ережелер. Қазіргі кезде денсаулығына байланысты мүгедектіктің басты себепте- рінің бірі болып отырған есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін елімізде бейімдік дене шынықтыру және спорт бағытын дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Есту қабілеті нашарлаған балалардың денелік даму көрсеткіштері төмендеу, әрі кеңістік- те дененің тепе-теңдігін сақтай алуы мен қимыл-қозғалыстарының дәлдігі, үйлесімділігі және жылдамдық-күштік қасиеттерінің кемшінділігі байқалады. Қозғалыс талдағышының функциональдық күйінің жеткіліксіздігі баланың кардио-респираторлық жүйесінің дамуына теріс әсер етіп, денелік жүктемелер берілген кезде жүректің соғуы мен тыныс алуының тез жиілеуіне әкеп соғады. Сондықтан есту қабілеті бұзылған оқушы балалардың бейімдік дене шынықтырумен және жеңіл атлетика, семсерлесу, шаңғымен жарысу, хоккей, спорттық би, теннис, жүзу және т.б. спорт түрлерімен шұғылдануы өте маңызды. Біздің ойымызша, есту қабілетінің кемістігі бар оқушылардың бейімдік дене шынықты- румен және жоғарыда ұсынылған спорт түрлерімен шұғылдануын педагогикалық-ұйымдас- тыру тұрғысынан толық қамтамасыз ету келесі міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: - білім беру: балада дене мәдениеті бойынша арнайы білім жүйесін қалыптастыру, түрлі қозғалыс дағдылары мен дене жаттығуларын үйрету; - түзете-дамыту: денелік қасиеттері мен үйлестіруші қабілетін түзету және дамыту, қимыл-қозғалыстарды түзету, сенсорлық жүйелердің қызметін түзету; - сауықтыру: дене сымбатын қалыптастыру, майтабандылық пен соматикалық аурулардың алдын алу, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесін нығайту; - емдеу: созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарын емдеу, жоғалтқан функ- цияларын қалпына келтіру; - спорттық – жас спортшының таңдаған спорт түріне қажетті физикалық, техникалық, тактикалық, психикалық және теориялық дайындығын жетілдіру; - рекреациялық: оқушы баланың сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыру, демалыс және түрлі ойындар өткізу. 393 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. Зерттеу жұмыстарын орындау нәтижесінде Алматы қаласындағы саңырау оқушыларға арналған арнайы мектеп-интернатындағы бейімдік дене шынықтырудың педагогикалық- сауықтыру инфрақұрылымына жан-жақты сипаттама берілді. Аталған мекемеде бейімдік дене шынықтыру жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асыры- лып, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыруда заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдану нәти- жесінде қамтамасыз етілетіні көрсетілді. Есту қабілетінің бұзылыстары бар оқушылардың бейімдік дене шынықтыру пәнінің бағдарламасының мазмұны «Бейімделген дене шынықтыруы туралы білім негіздері», «Гимнастика», «Кеңістікті бағдарлауды дамытуға арналған қозғалмалы ойындар», «Жеңіл атлетика», «Ұлттық және зияткерлік ойындар», «Шаңғы дайындығы», «Спорт ойындары» бөлімдерінен тұрады. Есту қабілеті бұзылған балалардың бейімдік дене шынықтыруында келесі жаттығулар кешендерін қолдану ұсынылады: тыныс алу гимнастикасы; вестибулярлық жаттығулар; координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар; ритмикалық-иілімділік жаттығулары. Бейімдік дене шынықтыру сабақтарын аптасына үш рет өткізіп, оның біреуінде негізінен вестибулярлық ауытқуларды түзету мен тепе-теңдік функциясын дамы- туға арналған жаттығуларды, ал екеуінде – баланың жылдамдық-күштік қасиеттерін дамыту- ға бағытталған жаттығуларын орындаған тиімді нәтиже береді. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары Алматы қаласындағы №1 есту қабілетін толық жоғалтқан балаларға арналған түзету мектеп-интернатында орындалды. Бұл мектеп- интернатта білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы жалпы білім меке- мелері жүйесінің құрамында толық емес орта негізгі білім беруді қамтамасыз етеді. Мектеп-интернатта саңыраулық себебінен мүгедек болған 123 оқушы бала тәрбиеленеді. Олардың басым көпшілігіне III және IV дәрежелі «нейросенсорлық саңыраулық» диагнозы қойылған. Жұмысты орындау мақсатында төмендегі зерттеу әдістері қолданылды: 1) теориялық талдау – заманауи педагогикалық, әлеуметтік және медициналық әдебиет көздерінде, ресми құжаттарда өзекті мәселенің зерттелуін талдау және зерделеу; 2) эмпирикалық бақылау – есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға орта білім беретін арнайы мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы іс-тәжірибесі мен медициналық-қалпына келтіру шараларының жүзеге асырылуын бақылап зерттеу және жинақталған ақпараттарды өңдеп, дәйектеу; 3) сараптама әдісі – мектеп-интернатта саңырау оқушылармен жүргізілетін бейімдік дене шынықтыру пәнінің оқу бағдарламасына сараптама жасау. Мектеп-интернаттығы оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты – саңыраулық себебінен мүгедек болған балаларға білім беріп, тәрбиелеу, олардың есту қабілеті мен сөйлеу қабі- летінің кемістіктерін еңсеріп, орнын толтыру мақсатында арнайы көмек ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, саңыраулықпен байланысты психикалық дамуындағы бұзылу- ларды түзетіп, әрбір мүгедек баланың әлеуметтік ортаға бейімдеу. Есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға №1 арнайы мектеп-интернатында білім беруде төмендегі міндеттерді шешу қойылған: - оқушы баланың білім алуға компенсаторлық мүмкіндіктерін дамыта отырып, жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру; - есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерін анықтап, ауызша және жазбаша тілін қалып- тастыру және ым-ишаратпен сөйлесуге үйрету; - баланың ойлау және танымдық қабілеттерін дамытудың негізі ретінде ғылыми және білім көздерін меңгерту; - таңдаған мамандығы бойынша еңбектенуге қажетті дағдылар мен шеберлігін қалып- тастыру. Тәрбиелеу бағытында оқушыларды жалпы адамзаттық рухани және мәдени құндылық- тарды меңгерген, туған елі мен жеріне адал, отанын сүйгіш патриот қазақстандық азамат 394 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. қалыптастыру міндеті жүйелі түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мүгедек баланың шығармашылық қабілетін дамытып, саламатты өмір сүру салтының талаптарын күнделікті тіршілігінде ұстанып, дене шынықтырумен және әр түрлі спортпен айналысуға бейімділігін қалыптастыру міндеттері де атқарылады. Аталған арнайы түзету мектеп-интернатында білім алып, тәрбиеленген оқушыларға мектепті аяқтаған соң мемлекеттік үлгідегі аттестат беріледі. Сонан соң мектеп-интернат түлектері оқуларын колледждерде жалғастырып, орта білім алады және белгілі бір мамандық бойынша кәсіби дайындықтан өтеді. Ары қарай өз таңдаулары бойынша қала кәсіпорын- дарында жұмысқа орналасып, толыққанды өмір сүріп кетеді. Нәтижелер мен талқылау. Есту қабілетінің бұзылуына байланысты денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы түзету мектеп-интернатына қалалық психологиялық және медициналық-педагогикалық Кеңестің шешімімен оқуға қабылданады. Мектеп-интер- наттағы 20 сыныптың басым көпшілігінде (16 сынып) білім беру орыс тілінде, қалған 4-інде – қазақ тілінде жүргізіледі. Дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда білім беру арнайы оқу бағдарламалары мен арнайы Оқу-әдістемелік кешендер негізінде жүргізіледі. Ал 8-11 сынып- тарда жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары негізінде, сол сыныптарға арналған оқулықтарды қолданып жүзеге асырылады. Оқушылар мектепте бір ауысымда оқиды, сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Педагогикалық Кеңестің шешімімен 1-6 сынып оқушылары аптасына 5-күндік режимде, ал 7-11 сынып оқушылары – 6-күндік режимде білім алады. Білім беру мекемелерінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жасалған жағдайлар мүгедек балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының қалыптасуында маңызды роль атқаратындығы белгілі. Мектеп ортасының жағдайы білім алушы балалардың денсаулығы мен аурушаңдық көрсеткіштеріне әсер ететін көптеген факторлардың ішінде 30%-ын құрай- ды. Гигиеналық тұрғыдан толыққанды сипатталатын білім беру ортасы мектеп-интернаттың материалдық және санитарлық жағдайымен анықталады. Біздің зерттеу жұмыстарымыз орындалған мектеп-интернаттар бірнеше блоктан тұратын жеке ғимаратқа орналасқан. Блоктар бірімен бірі жылытылған дәліздермен жалғастырылған. Мектеп-интернаттың ғимараттары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай екі қабаттан тұрады, себебі мүгедек балалардың физикалық дамуындағы кемістіктері, қимыл-қозғалыс- тың үйлесімсіздігі қабаттан қабатқа көтеріліп-түсуге, интернаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне өтуде қиындықтар тудырады. Ғимараттың құрамындағы оқу-тұрғын және жалпы- мектептік бөлме-жайлары топтастырылып бөлек блоктарда орналасқан. Оқу-тұрғын мақса- тындағы топқа оқу бөлмелері (сыныптар), демалыс бөлмелері (рекреациялық және қонақтарға арналған бөлме), жатын бөлмелері, санитарлық бөлмелер, киім мен аяқкиімдерді тазалайтын бөлме, кезекші тәрбиешінің бөлмесі, қосалқы және басқа да жайлар жатады. Сонымен қатар жалпымектептік оқу бөлмелері мен зертханалар, оқушыларды еңбекке баулу мен кәсіби дағдыларды меңгеруге арналған кабинеттер, дене шынықтыру залы, жиналыс өткізуге арналған үлкен бөлме, ас дайындау блогымен оқушыларды тамақтандыру залы, мектеп кітапханасы, түрлі үйірмелер өткізуге арналған бөлмелер, арнайы медициналық- сауықтыру кабинеттері және әкімшілік-шаруашылық блогына қарасты бөлмелер қарасты- рылған. Мектеп-интернатта да оқу бөлмелерінің ауданы 1 оқушы балаға шаққанда талапқа сай жеткілікті шамада – 2,5 кв.м. Оқушыларға жеке қосымша кеңес беру сабақтарын өткізу үшін жасақталған бөлмелер, арнайы ритмикалық дайындық сабақтары мен жаттығулар жасауға арналған залы да бар. Зал гимнастикалық және хореграфиялық қабырғалармен жабдықталған және бір қабырғасына үлкен айна бекітілген. Айна балалардың жаттығуларды орындау барысын бақылауға мүмкіндік береді. Оқушылармен жеке дара сабақтар өткізетін бөлмелердің ауданының шамасы талапқа сай жеткілікті (бір оқушыға 4,0 кв.м. келеді). Есту қабілетінің кемістіктері бар оқушылармен жеке сабақтар өткізуге арналған оқу бөлмелерінде бірорындықты парталар қойылған, олар жеке пульттермен (микрофон жиынтығы, есту 395 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. құралы) жабдықталған. Мұғалімге арналған үстел басқару пультімен (күшейткіш құрал және комутатор) жабдықталып, әрбір оқушы орындарымен байланыстырылған. Оқушыларға білім беру барысында арнайы құралдар мен сурдопедагогикада қабылданған әдістемелер қолда- нылады. Барлық оқу кабинеттері арнайы стационарлы дыбыскүшейткіш «Унитон» аппара- тымен жабдықталған. «Унитон» аппаратын жекеленіп те (есту кабинетінде), бүкіл сынып болып та (6 оқушыға арналған) пайдалануға болады. Оқу кабинеттерінде оқушылармен сабақ өткізуге арналған арнайы компенсаторлық-дамытушы және интерактивті құрал-жабдық қойылған. Мектепте осындай құралдармен 54 пәндік кабинет жабдықталған. Мүгедек оқушылар тәрбиеленетін мектеп-интернаттың оқу сыныптары, рекреациялық және жатын бөлмелері балалардың күшін сақтап, демалуға, уақытын үнемдеу және тәрбиеші ұстаздардың балаларға қарауын жеңілдету үшін бір-біріне жақын, жапсарлас орналасқан. Арнайы мектеп-интернатта тәрбиеленуші мүгедек оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту инфрақұрылымының құрамына спорт залы, емдік дене шынықтыру каби- неттері және тренажерлармен жабдықталған гимнастика залы кіреді. Спорт залы ғимараттың бірінші қабатында орналасқан және одан жеке жол арқылы сырттағы спорт алаңына шығуға болады. Спорт залының ауданы есту қабілетін жоғалтқан балаларға арналған түзету мектеп- интернатында – 162 кв.м. Спорт залына жапсарлас оқушылар шешінетін және душ қабылдайтын бөлмелер, әжет- хана, оқытушыға арналған бөлме бар. Мүгедек балалар үшін әжетхана арнайы сүйеніп, тұруға көмектесетін тіренішпен жабдықталған және памперстерді ауыстыруға мүмкін болатын жағдай қарастырылған. Барлығы оқушылар дене шынықтыру сабағына келген соң, сабақ басталғанда көңіл-күйі бұзылмау және спорт залының тазалығын сақтау үшін бөгде адамдармен кездеспейтіндей орналасқан. Спорт залдағы ауаның температуралық режимі тұрақты, шамамен 15-22°С құрайды. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу үшін мектеп-интернаттың ғимаратының қасындағы ашық алаңда орналасқан стадион қолданылады. Спорт залы мен стадионында оқушылардың қатысуымен ірі спорттық-сауықтыру шаралары да өткізіледі. Саңырау балалардың психикалық дамуында ерекше ауытқулардың байқалатындығы белгілі жайт. Осыған байланысты, арнайы мектеп-интернатта тәрбиеленуші оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту жүйесінің маңызды құрамдас бөлімі психологиялық түзету қызметі болып табылады. Мүгедек баланың психикасындағы ауытқуларды түзету алдында психолог маман психодиагностикалық тексеру жүргізеді. Оның нәтежиелері бала- дағы психикалық бұзылулардың сипаты мен ауырлығын анықтап, түзету жолдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Мүгедек балалармен психологиялық түзету іс-шара- ларын жүргізу үшін мектеп-интернатта психокоррекция қызметі жұмыс істейді. Психокор- рекция қызметінің жалпы ауданы – 55 м2, екі кабинеті бар. Онда педагог-психологтардың өз қызметтерін атқаруына және балалардың түрлі ойындар ойнап, сурет салып, демалуына жағдай жасалған. Біздің зерттеу жұмыстарымыз орындалған мектеп-интернатта есту қабілетінің бұзылыс- тары бар оқушылармен дефектолог-мамандар да арнайы сабақтар өткізеді. Бұл сабақтардың әдістемелік негізін итальяндық педагог, ойшыл-ғалым Мария Монтессори ұсынған педагогикалық жүйе құрайды. Әлемнің 146 мемлекетінде кең қолданысқа ие болған М.Монтессори әдістемесінің басты мақсаты – баланы еркін орта жағдайында тәрбиелеу, оның бойында өзінің өмірлік мақсаты бар екені туралы сенім қалыптастыру, өзін оқып- үйрену мен дамытуға ынталандыру болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін алдымен баланың жеке басының қабілетін көрсете алатын және көрсетуге ұмтылатын арнайы Монтессори ортасын құру ұсынылады. Педагог өзін сабырлы кейіпте ұстап, барынша психологиялық жайлы орта қалыптастырып, сабақ барысында балаға орындалатын жұмыс түрін таңдау еркін береді. Бала негізгі түстерді ажырата білуді үйренеді, бастапқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қабылдайды, ұсақ 396 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. моторикасын дамытатын жаттығулар орындайды. Мұғалім балаға өз жұмысын басқаруға көмектесіп, тәртіпке үйретеді. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі оқушылар денсаулығын сақтау мен нығайту инфрақұрылымының маңызды компоненті – медициналық реабилитациялау бөлімінің кабинеттері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай толық жабдықталған. Медициналық кабинетте дәрігер-педиатр мен медбикелер жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің мектеп-интернаттарда тәрбиеленуші мүгедек балалар- дың денсаулығын сақтау мен нығайту жүйесінде алатын орыны ерекше. Дәрігер-педиатр балаларды тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектермен, дәрумендік препараттармен жалпы нығайту ем-шараларын тағайындайды. Медициналық реабили- тациялау бөлімінде балаларға емдік дене шынықтыру, массаж, парафинмен емдеу сияқты әдістер қолданылады. Емдік дене шынықтыру жаттығулары денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалыс функцияларын жақсартып, бұлшық еттердің күші мен төзімділігінің қалпына келуіне, қимыл-қозғалыстардың үйлесімділігін түзетуге, эмоциональ- дық жағдайының дұрысталуына жәрдемдеседі. Сонымен, Алматы қаласындағы №1 есту қабілетін толық жоғалтқан балаларға арналған түзету мектеп-интернатында тәрбиеленуші балаларды толыққанды, қоғамға пайдалы білімді азамат ретінде оқытып, тәрбиелеу мен денсаулығын нығайтудың қазіргі уақыттағы озық технологияларын қолдануға толық жағдай жасалған. Осы инфрақұрылымды тиімді пайдала- нып, бейімдік дене шынықтырудың заманауи педагогикалық технологияларын денсаулығы- ның мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісіне белсенді түрде енгізу қажет. Арнайы дене жаттығуларымен және бейімдік спорт түрлерімен шұғылдану саңырау баланың қозғалыс саласындағы осы кемшіліктерін түзету мен орнын толтыруда және орга- низмнің функциональдық мүмкіндіктерін арттыруда маңызды роль атқарады. Сондықтан, қазіргі кезде бұл санаттағы денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі балалардың бейімдік дене шынықтыруына зор мән берілуде. Есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың бейімдік дене шынықтыру сабақтарына кірісер алдында арнайы сауалнама жүргізіп, баланың дене жаттығулары мен спорт түрлеріне қызығушылығы мен таңдауы анықталады. Сонан соң дене шынықтыруымен және спортпен шұғылдануға медициналық тұрғыдын көрсетімдер, қарсы көрсетімдердің бар-жоқтығы тексеріледі, мектеп-интернат дәрігерінің денсаулығына байланысты ұсыныстары ескеріліп, дене қасиеттерінің даму деңгейін бағалау жүргізіледі. Есту қабілетінің бұзылуымен байланысты функционалдық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жылдамдықты, үйлестіруді және кеңістіктік-уақыттық байланыстарды қалыптас- тыру дағдысын зерттеуге тереңдеу мән беру қажет. Осы мақсатта 30 метр қашықтыққа жүгіру, бір орныннан ұзындыққа секіру, салмағы 1 кг шамасында болатын нығыздалған допты аяқтарды екі жаққа жіберіп отырған бастапқы қалыптан екі қолмен бастан асыра лақтыру, динамометрия әдісімен қолдың білек күшін өлшеу сияқты тез орындалатын тесттер қолданылады. Осы тестердің нәтежиелерін талдап, дене шынықтыру оқытушысы мүгедек балалардың жас тобына, жынысына, денсаулығының ерекшеліктері мен денелік дайынды- ғына қарай бейімдік дене шынықтыру сабағында беретін жүктемені мұқият мөлшерлейді. Күзгі және көктемгі мерзімде мүгедек оқушылармен бейімдік дене шынықтыру сабақ- тары міндетті түрде мектеп-интернаттың спорттық залында немесе спорт алаңында өткізі- леді. Ал қыс айларында ауа температурасы −10°С-ден төмен болмаса сабақтарды ашық ауада өткізуге болады. Бейімдік дене шынықтыру сабақтары өткізілетін залды дыбыс күшейткіш аппаратурамен және қажетті спорт құралдарымен толық жабдықтау керек. Мектеп-интернатта саңырау оқушылармен жүргізілетін бейімдік дене шынықтыру пәнінің оқу бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады: 397 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. - Бейімделген дене шынықтыруы туралы білім негіздері; - Гимнастика; - Кеңістікті бағдарлауды дамытуға арналған қозғалмалы ойындар; - Жеңіл атлетика; - Ұлттық және зияткерлік ойындар; - Шаңғы дайындығы; - Спорттық ойындар. Бағдарламаның «Бейімделген дене шынықтыру туралы білім негіздері» бөлімінде дене шынықтыру оқытушысы балаларды сабақтарды өткізудің тәртіп сақтау Ережелері және қауіпсіздік техникасы негіздерімен, оқушының жеке бас гигиенасына қойылатын талаптар- мен таныстырады. Бағдарламаның «Гимнастика» бөлімі дененің тұрақтылығын сақтау және қозғалыстар- дың дәлдігін дамытуға арналған жаттығуларды, тұлға сымбатын дұрыс қалыптастыруға және тірек-қимыл аппаратының жиі кездесетін бұзылыстары – омыртқа бағанасының қисаюы (сколиоз) мен жалпақ табандылықтың алдын алуға бағытталған жаттығулар, өрмелеу және асып түсу, құралдармен орындалатын жаттығуларды, дем алу жаттығуларын қамтиды. Келесі «Кеңістікті бағдарлауды дамытуға арналған қозғалмалы ойындар» бөлімінде оқу- шылар дененің тепе-теңдігі мен қозғалыстар үйлесімділігін дамытуға бағытталған, түрлі кедергілерден өту және кеңістікті бағдарлауды дамытатын ойындармен айналысады. «Жеңіл атлетика» бөлімінде оқушылар үдемелі қозғалыстармен (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру) жүзеге асатын жаттығуларды орындайды. «Ұлттық және зияткерлік ойындар» бөлімі балаға асық ату, тоғыз құмалақ, дойбы, шах- мат ойындарын үйретіп, оқушылар арасында осы ойындардан жарыстар ұйымдастырып, өткізу шараларын қарастырады. «Шаңғы дайындығы» бөлімінде шаңғымен жүру адымдарын бекітуге арналған жатты- ғулар, жылдамдық пен шыдамдылықты дамытуға арналған жаттығулар орындалады. «Спорт ойындары» бөлімі бойынша оқушыларды футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты ойындарға тарту қажет. Есту қабілеті бұзылған балалардың бейімдік дене шынықтыруында келесі жаттығулар кешендерін қолдану ұсынылады: - тыныс алу гимнастикасы; - вестибулярлық жаттығулар; - координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар; - ырғақтық-иілімділік жаттығулар. Тыныс алу гимнастикасының мақсаты – баланың тыныс алу үрдісінің сипаты мен ұзақтығын ерікті басқару, оқушыны тиімді тыныс алу дағдыларына үйрету. Саңырауларда дем шығарудың қорлық көлемі, өкпеде оттегіні пайдалану коэфициенті сияқты көрсет- кіштері аз болуымен сипатталады. Ал, тыныс алу жаттығулары ағзада дем алу және дем шығаруды реттеу механизмдерін, орталық жүйке жүйесіндегі тыныс алу орталығының жұмысын жақсарту негізінде дұрыс тыныс алуға үйретуге мүмкіндік береді. Бала мұрын арқылы ішке дем алып, ауыз арқылы сыртқа дем шығару, ұзартылған дем шығаруды игереді, жеңіл тыныс алуды терең дем алып, дем шығаруға ауыстыра алуды мүмкін етеді. Вестибулярлық жаттығулар бала ағзасындағы тоникалық және вегетативтік рефлекстерді азайтып, тепе-теңдік сезімін қалыптастырады, вестибулярлық функциялар үшін тиімсіз жағдайларда дәл үйлестірілген қимылдарды дағдыландырады. Сонымен қатар, дене мүсінінің дұрыс қалыптасып, шыңдалуына ықпал етеді. Вестибулярлық функцияны түзету жаттығуларын баланың ерте жасынан бастап қолдану нәтижелі болатыны дәлелденген. Вестибулярляқ функцияны жаттықтыру әдетте 2-3 айға созылады. Жүктемелер біртіндеп әр сабақта және сабақтан сабаққа қиындығы өспелі түрде артып отырады. 398 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. Координациялық қабілеттерді дамыту жаттығулары көру, вестибулярлық және кинеста- тикалық қабылдауларды дамытады, бағыттар мен қашықтықтарды ажырату жақса-рады, қозғалыс уақытын бағалау және оны саралау қабілетін арттырады. Ырғақтық-иілімділік жаттығулар жүректің жиырылу ырғағына және моторлық рефлекс- терді үйлестіруге қолайлы әсер етеді, қозғалыс әрекеттерінің дәлдігі мен ептілікті дамытуға мүмкіндік береді. Есту қабілеті бұзылған балаларды күнделікті өмірде маңызды әрі жиі қажет болатын жылдамдық-күштік сипаттағы қозғалыстарды (жүгіру, секіру, лақтыру, т.б.) дұрыс және сенімді орындауға үйрету қажет. Жылдамдық-күштік бағыттағы жаттығуларды мақсатты пайдалану саңырау баланың дене сапаларының даму деңгейін арттыру үшін де, координа- циялық қабілетін түзету үшін де қолайлы алғышарттар жасайды. Дене шынықтыру сабағын- да оқушының жылдамдық-күштік қасиеттерін дамыту құралдары жүгіру, секіру, лақтыру, салмағы 0,5-1 кг нығыздалған доптармен жаттығулар, волейбол, теннис болып табылады. Нығыздалған доптармен жаттығулар кешенін жұп болып орындаған тиімді. Допты жоғары- дан, төменнен, кеудеден, серкітес оқушыға арқамен тұрып, отыру қалпынан, кеуде мен арқа- ға жатып, бастапқы тұру және отыру қалыптарынан аяқпен лақтыру жаттығуларын орын- датудың оң әсері мол. Сонымен, есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың бейімдік дене шынықтыруын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін қорытындылай келе, мұғалімге бұл санаттағы мүгедек оқушылармен сабақтарды өткізу бойынша арналған нұсқауларды ұсынамыз: - Нашар еститін балалармен тілдесу әдістерін (ауызша әдіс – еріннен оқу, ымдау тілі) жеткілікті меңгеріп, ауызша әдіс пен ымдау тілін үйлестіре тілдесуді үйрену қажет. - Саңырау баламен сабақ барысында жеке қарым-қатынас жасау үшін көру байланысын сақтап, ым-ишаратпен толықтыру үшін қалам-қағаз пайдаланған жөн. - Қашықтықта сөйлесу үшін жақсы ажыратылатын және оңай көрінетін сигналдарды пайдаланған жөн, ал оқушыға еріннің қозғалысы мен бет көрінісі жақсы көрінетіндей қалып- та тұру керек. - Әрбір мүгедек баланың есту қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған себебін, оның физикалық дамуы мен қозғалыс қасиеттерінің ерекшеліктерін жақсы білу. - Мүгедек балаларды сабақ өту кезінде сақтауға міндетті қауіпсіздік ережелерімен мұқият таныстыру. - Балаларды түрлі қимыл-қозғалыстарға үйретудің негізгі тәсілі – сабақ басталар алдын- да көрнекі оқу материалдарын пайдаланып түсіндіру және дене жаттығуларының қалай орындалатынын көрсету болып табылады. - Сабақ басталар алдында баланың тепе-теңдік сақтау қабілетін бағалау керек. Тепе- теңдік сақтау қабілетінде ауытқулар болса, оны жақсарту үшін жаттығуларды қолдану қажет. - Тепе-теңдікті сақтау қабілетінің бұзылуымен байланысты бас айналу байқалса, оқушы- ның жарақат алу мүмкіндігін болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажет - Балаға сабақ өту барысында орындауға ұсынылатын дене жаттығулары мен спорт түр- лерін таңдағанда оның психофизикалық және қозғалыс қабілеттерінің жай-күйіне сәйкестігін ескерген жөн. - Әр сабақтың басында бағдарламада қарастырылған спорт түрінде жасайтын қимылдар туралы балаға түсінікті тілде баяндап беру керек. - Арнайы түзету жаттығуларын жалпы дамытатын және профилактикалық жаттығу- лармен кезектестіріп отыру. Дене шынықтыру оқытушысы мүмкiндiгi шектеулi балалармен дене тәрбиесi сабағын, көбiне, олардың жанына жақын болып келетiн ойындар түрiнде өткiзудің тиiмдiлігін білгені жөн, себебі балалардың эмоциялық көңiл-күйi көбiнесе ойын және қимыл-қозғалыс әрекетiнде көрiнiс табады. Ойынның психологиялық-педагогикалық негiздемесі ретінде бала жаны сезiмдерінің басымдылығы, оны айқындаудың еркiндiгi, ұтса шынайы қуанып, күлу, мәз болу, 399 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. ал ұтылса ренжу, қапалану немесе жылау сияқты эмоционалдық аяда көрiнiс беретiн сезiмдiк толқыныстары болып табылады. Бұл үдерiстiң құпиясы балалардың психо-физиологиялық ерекшелігі аясында жатыр. Шынымен де, егер бала қозғалыссыз қалыпта ұзақ уақыт бойы қалса, онда организм қозғалысқа деген қажеттiлiгiн сезіне бастайды да, еш бiр мақсатсыз түрлі сипаттағы қимылдар жасай бастайды: жүгiредi, секiредi, жұлмаласа итередi, т.б. Дене шынықтыру сабақтарында балалардың эмоциялық көңіл-күйін ерекше күшейтетiн ойындардың iшiнде секiрiп ойнауды, қуып жетудi, ұстап алуды әртүрлi нұсқаларымен қол- дану тиiмдi. Қатысушы балаларды ширақ қимылға тарта отырып, бұндай ойындар жас ағза- дағы қан айналымын жақсартып, тыныс алуды тереңдетедi, құрсақ қуысындағы, бас сүйегi мен аяқтағы қанның ұю үрдісіндегі теріс құбылыстарды жоюға көмектеседi. Сонымен қатар, сабақ өткізу барысында мүмкiндiгi шектеулi балалардың танымдық құзiреттiлiгiн қалыптас- тыру мақсатында арт-терпиялық әр түрлi әдiстердi қолдану да аса маңызды. Қорытынды: 1) Бейімдік дене шынықтыру есту қабілеті бұзылған балалар ағзасының физикалық және психикалық қасиеттерiн барынша дамытып, арнайы бiлiм беру, қозғалыс дағдылары мен машықтарының кешенiн қалыптастыруға бағытталған денелік, психикалық және әлеуметтiк бейiмделудiң өте тиiмдi амалдары мен әдiстерiнің жиынтығы болып табы- лады. 2) Есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатта оқу-тәрбие үрдісі мүгедек баланың білім алуға компенсаторлық мүмкіндіктерін дамыта отырып, жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мен денсаулығындағы кемшіліктің салдарын түзе- туге бағытталған педагогикалық және медициналық оңалту жүйесі ретінде ұйымдастыры- лып, бейімдік дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. 3) Қазіргі кезде есту қабілетінің бұзылуымен байланысты денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға арнайы білім беру мекемелерінде бейімдік дене шынықтыру жаңа- ртылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып, бейімдік дене тәрбиесі құралдары кешенін (тыныс алу гимнастикасы, вестибулярлық функция мен координациялық қабілеттерді дамытатын жаттығулар, ырғақтық-иімділік жаттығулары, жылдамдық-күштік бағыттағы жаттығулар) тиімді қолдану нәтижиесінде қамтамасыз етіледі. 4) Есту қабілетін жоғалтқан балалар тұлға күшінің төмендеуі, қозғалыс дағдыларын ием- денудің бәсеңдеуі, дене қозғалыстарының тиімсіз үйлестірілуі және төмен қарқынымен, қимыл-қозғалыс есінің нашарлауымен, вестибулярлық және қозғалыс талдағыштарының функционалдық жеткіліксіздігімен ерекшеленеді, бұл олармен бейімдік дене шынықтыруды ұйымдастыруда ескерілуі керек. Алғыс. Есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған Алматы қ. №1 мектеп- интернат әкімшілігіне, мұғалімдері мен дәрігер-мамандарға зерттеу жұмыстарын орындауға көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдеде бекітілген № 228-V Заңы /https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/Z1400000228 2. Евсеев С.П. Теория и организация адаптивной физической культуры: учебник. 2-е изд., стер. // Москва. – Издательство "Спорт-Человек", 2020. – 616 с. 3.Марчибаева У.С., Тоқтарбаев Д.Г., Стоцкая Е.С. т.б. Бейімдік дене шынықтыру және спорт. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, баспа, 2019. – 408б. 4.Өтемұрат О. Ерекше балаларды бейімдік спорт шыңдайды//Egemen Qazaqstan, 06 қазан, 2020. Мақала адресі: https://egemen.kz/article/251157. 5.Kohl H.W., Craig C.L., Lambert E.V., Inoue S., Alkandari J.R., Leetongin G. Lancet Physical Activity Series Working Group // The Pandemic of physical inactivity: Global action for public health. The Lancet. – 2012. – №380 (9838). – P. 294-305. 6.World Health Organization. Deafness and hearing loss. Fact sheets, 27 February 2023// URL: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/deafness-and-hearing-loss 400 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(83),2024 ж. 7.Бигалиева Г. Алматыда есту қабілеті бұзылған 10 мыңнан астам адам тұрады./ https://kz.kursiv.media /kk/2022-10-06/almatyda-estu-abileti-b-zyl-an-10-my-nan-astam-adam-t-rady/ 8.Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи: Учеб. для студентов высших педагогических учебных заведений //Под ред.В. И. Селиверстова//Москва. – Издательство «ВЛАДОС», 2001. – 224 с. 9.Усенова М.Э., Жиенбаева Н.Б. Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік белсенділігін дамыту жолдары// Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы.- 2020. – №2(66), б. 362-366. 10.Тимошенко И.В. Особенности речевого развития младших школьников с нарушениями слуха в разных условиях обучения// Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – Санкт-Петербург: Типография РГПУ им.Герцена. – 2006. – 22с. 11.Күшназарова К.Е. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімдік дене шынықтыруын педа- гогикалық-ұйымдастыру ерекшеліктері (Магистрлік диссертация). Ғылыми жетекшісі – м.ғ.д., профессор Балгимбеков Ш.А.// – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – 2021. – 84 б. 12.Конкаева О.Б., Жолаева Қ.М. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында М.Монтессори әдістемесін қолдану// –Атырау, 2018. -70б. References: 1. Qazaqstan Respublikasynyŋ «Dene şynyqtyru jäne sport turaly» 2014 jylğy 3 şıldede bekıtılgen № 228-V Zaŋy /https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/Z1400000228 Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдеде бекітілген № 228-V Заңы /https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/Z1400000228 2.Еvseev S.P. Teoriıa i organizatsiıa adaptivnoi fizicheskoi kultury: uchebnik. 2-e izd., ster. // Моskva. – Izdatelstvo "Sport-Chelovek", 2020. – 616 s.Syzdykova S.J., Marchibaeva U.S. Razvitie аdaptivnoi fizicheskoi kültury v Qazaqstane na sovremennom etape// Materialy I Mejdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferensii «Adaptivnaia fizicheskaia kültura i sport: sostoıanie i perspektivy razvitiıa», 19-20 sentıabrıa 2019 g. – Nur-Sultan. – s.53-57. 3.Marchibaeva U.S., Toqtarbaev D.G., Stotskaıa E.S. t.b. Beiımdık dene şynyqtyru jäne sport. Oqu qūraly// Nūr- Sūltan. – L.N.Gumilev atyndağy Euraziıa ūlttyq universitetınıŋ baspasy, 2019. – 408 b. 4.Ötemūrat O. Еrekshe balalardy beiımdık sport şyŋdaidy //Egemen Qazaqstan, 06 qazan, 2020. Maqala adresі: https://egemen.kz/article/251157. 5. Kohl H.W., Craig C.L., Lambert E.V., Inoue S., Alkandari J.R., Leetongin G. Lancet Physical Activity Series Working Group // The Pandemic of physical inactivity: Global action for public health. The Lancet. – 2012. – №380 (9838). – P. 294-305. 6.World Health Organization. Deafness and hearing loss. Fact sheets, 27 February 2023// URL: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/deafness-and-hearing-loss 7. Bigalieva G. Almatyda estu qabıletı būzylğan 10 myŋnan astam adam tūrady./ https://kz.kursiv.media/kk/2022- 10-06/almatyda-estu-abileti-b-zyl-an-10-my-nan-astam-adam-t-rady/ 8. Anatomiıa, fiziologiıa i patologiıa organov sluha i rechi: Ucheb. dlıa studentov vysşih pedagogicheskih uchebnyh zavedenii //Pod red.V. I. Seliverstova//Moskva. – Izdatelstvo «VLADOS», 2001. – 224 s. 9. Usenova M.E., Jienbaeva N.B. Estu qabıletı zaqymdalğan bastauyş synyp oquşylarynyŋ äleumettık belsendılıgın damytu joldary// Abai atyndağy QazŪPU-ŋ HABARŞYSY, «Pedagogika ğylymdary» seriıasy.- 2020. – №2(66), b. 362- 366. 10. Timoshenko I.V. Osobennosti rechevogo razvitiıa mladshih shkolnikov s narusheniıami sluha v raznyh usloviıah obucheniıa// Avtoreferat dissertatsii na soiskanie uchenoi stepeni kandidata pedagogicheskih nauk. – Sankt- Peterburg: Tipografiıa RGPU im.Gertsena. – 2006. – 22s. 11. Kushnazarova K.E. Densaulyginin mumkindigi shekteuli balalardin beyimdik dene shynychtiruin pedagogical- uimdastyru erekshelicteri: magistrlik dyssertacia. Gylymi jetekshisi – m.g.d., professor Balgimbekov Sh.A.// – Almaty: Abai Kazakh ulttykh pedagogical university. – 2021. – 84b. 12.Konkaeva O.B., Jolaeva Q.M. Mektepke deiıngı bılım beru ūiymdarynda M.Montessori ädıstemesın qoldanu: ädıstemelık nūsqaulyq// –Atyrau, 2018. -70b. 401

Use Quizgecko on...
Browser
Browser