Тамақ өнімдері өндірісінің жабдықтары тест сұрақтары PDF
Document Details
Uploaded by RapidConnemara7004
Tags
Summary
Документте тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары туралы тест сұрақтары мен жауаптары қарастырылған. Документте жабдықтардың жіктелуі, механизациялау дәрежесі, физика-химиялық, биохимиялық, термиялық өңдеу және жұмыс циклі туралы мәліметтер бар.
Full Transcript
**СҰРАҚ:** Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары келесідей тораптардан тұрады: **\...**. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қоректендіру (қозғалтқыш) құрылғысынан, беріліс механизмінен, жұмыс органдары бар орындаушы механизмнен, басқару және реттеу құрылғысынан **СҰРАҚ:** Өңделетін **\...** технологиялық машинал...
**СҰРАҚ:** Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары келесідей тораптардан тұрады: **\...**. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қоректендіру (қозғалтқыш) құрылғысынан, беріліс механизмінен, жұмыс органдары бар орындаушы механизмнен, басқару және реттеу құрылғысынан **СҰРАҚ:** Өңделетін **\...** технологиялық машиналар мен жабдықтар келесідей болады: механикалық өңдеуге арналған машиналар, физика-химиялық, биохимиялық және термиялық өңдеуге арналған машиналар, өңдеудің бірнеше түрін қамтитын машиналар кешені. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: өнімге әсер ету сипаты бойынша **СҰРАҚ: \...** технологиялық машиналар мен жабдықтар келесідей екі топқа бөлінеді: мерзімді және үздіксіз. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жұмыс циклінің құрылымы бойынша **СҰРАҚ: \...** технологиялық машиналар мен жабдықтар келесідей жіктеледі: автоматтар, жартылай автоматтар және автоматтар емес ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Механизациялау дәрежесі бойынша **СҰРАҚ: \...** технологиялық машиналар мен жабдықтар: жеке тұрған машиналар мен автоматтар, агрегаттар мен кешендер, жабдықтардың біріктірілген (комбинированный) түрлері болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Өндірістік ағындағы үйлесімділік принципі бойынша **СҰРАҚ: \...** тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары келесідей жіктеледі: шикізатты дайындауға, қайта өңдеуге арналған жабдықтар, бөлу арқылы механикалық қайта өңдеуге арналған жабдықтар, қосыпаларды механикалық өңдеуге арналған жабдықтар, жылу және масса алмасу процестерін жүргізуге арналған жабдықтар, микробиологиялық процестерді жүргізуге арналған жабдықтар, соңғы (финишных) операцияларды орындауға арналған жабдықтар. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Функциональдық белгілері бойынша **СҰРАҚ:** Адам жасаған және адамның физикалық және ақыл-ой еңбегін толығымен ауыстыруға немесе жеңілдетуге, оның өнімділігін арттыру мақсатында энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіру үшін механикалық қозғалыстар жасайтын құрылғы **\...** деп аталады ЖАУАП НҰСҚАСЫ: машина **СҰРАҚ: \...** жабдықтарда көмекші операциялар мен ішінара негізгі операциялар қол еңбегін қолдана отырып орындалады ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Автоматтандырылмаған **СҰРАҚ: \...** жабдықтарда негізгі операцияларды жабдық, ал көмекші операцияларды --- адам орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жартылай автоматтандырылған **СҰРАҚ: \...** жабдықтарда барлық операцияларды жабдық орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Автоматтандырылған **СҰРАҚ:** Өндіріс ағынындағы технологиялық жабдықтардың **\...** байланысты жеке бірліктер (бір операцияны орындау), қондырғылар (әр түрлі операцияларды орындау), аралас жабдықтар (операциялардың толық циклін орындау) және өндірістік технологиялық желілер (барлық операцияларды үздіксіз ағынмен орындау) деп жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: үйлесуіне (сочетания) **СҰРАҚ:** Технологиялық жабдықтың **\...** бір операцияны орындайды ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жеке бірліктері **СҰРАҚ:** Азық-түлік өндіретін **\...** әр түрлі операцияларды жүйелі түрде орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: агрегаттар **СҰРАҚ:** Тамақ өнімдерін өндіретін **\...** операциялардың аяқталған циклын орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: құрама (комбинированное) жабдықтар **СҰРАҚ: \...** барлық операцияларды үздіксіз ағынмен орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Ағынды технологиялық желілер **СҰРАҚ: \...** жабдықтың барлық бөліктерін, оның жұмысы үшін қажетті қосымша құрылғыларды (тасымалдау, көтеру және т.б.) бекітуге арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Тұғыр (станина) **СҰРАҚ: \...** қозғалысты орындаушы механизмі немесе жабдықтың орындаушы органдары арқылы беру үшін қолданылады ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жетек (немесе қозғалтқыш механизмі) **СҰРАҚ: \...** жетегі ең көп таралған және электр қозғалтқыш оның негізгі бөлігі болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Электр **СҰРАҚ: \...** жетек гидрожүйеге жұмыс сұйықтығын (минералды және кастор майы, глицерин, су және т.б.) беретін және ондағы қысым мен ағынды ұстап тұратын сорғыдан; гидроқозғалтқыштан; құбырдан; жұмыс сұйықтығын жинағышынан; бақылау-реттеу аспаптарынан; жұмыс сұйықтығын тазалауға (сүзуге) және салқындатуға арналған құрылғылардан тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Гидравликалық **СҰРАҚ: \...** жетекте сығылған ауа жұмыс ортасы болып табылады. Жетектің құрамына жүйеге ауаны айдайтын компрессор; ауа қорын құруға арналған ресивер (герметикалық ыдыс); сүзгі; құбырлар; пневмоқозғалтқыш; бақылау және автоматика аспаптары кіреді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Пневматикалық **СҰРАҚ:** Өніммен байланысқа түсіп, оған әсер ететін және технологиялық процестің жүруін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір қозғалыс заңын орындайтын машинаның бөліктері жабдықтың **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс органдары **СҰРАҚ:** Жабдықтың **\...** өңделетін өнімге энергетикалық (механикалық, жылу) әсер ете отырып, өнімнің жұмыс орталарымен немесе энергетикалық өрістерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс органдары **СҰРАҚ:** Құрылымы (конструкция) бойынша жабдықтың **\...** --- қалақты, бұрандалы және бұрамалы, барабанды, білікті, мембраналы және құбырлы, таспалы, торлы, үйкелісті (фрикционный), цилиндр-поршень, саптама (сопло), форсункалы және дискілі болуы мүмкін. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: орындаушы органдары **СҰРАҚ:** Шикізатқа әсер ету әдісіне сәйкес **\...** тазартуға, қажауға (истирание), араластыруға және жылу беруге және т.б. деп бөлуге болады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: орындаушы органдарды **СҰРАҚ: \...** дегеніміз өндірілетін өнімнің күйін өзгертуге арналған жұмысты қамтитын өндірістік процестің бір бөлігі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Технологиялық процесс **СҰРАҚ: \...** технологиялық және көмекші (тасымалдау, орнату-шешу, тиеу- түсіру және т.б.) операциялардан тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Технологиялық процестер **СҰРАҚ:** Жабдықта шикізатты өңдеу уақыты **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: цикл **СҰРАҚ:** Өнімді машинада өңдеу уақыты, яғни бастапқы шикізат жабдыққа өңдеуге түскен сәттен бастап дайын өнім жабдықтан шыққан сәтке дейінгі уақыт **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: технологиялық цикл **СҰРАҚ:** Жабдық бір немесе бірнеше (егер жабдықта екі немесе одан да көп қатар өңдеу ағындары болса) дайын өнімді шығаратын уақыт **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс циклі **СҰРАҚ:** Жабдықтың жұмыс органдары мен орындаушы механизмдерінің бастапқы орындарына орналасулары арасындағы уақыт **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кинематикалық цикл **СҰРАҚ:** Машинаның белгілі бір уақыт бірлігінде өндіретін (өңдейтін, қайта өңдейтін, шығаратын) өнімнің мөлшері оның **\...** деп аталып, сағатына (минутына, секундына және т.б.) тоннамен (килограмм, текше және шаршы метр, дана және т.б.) өлшенеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: өнімділігі **СҰРАҚ:** Жабдықтың **\...** деп жабдықты баптауға (наладка), жөндеуге, реттеуге және басқа да тоқтап тұруға кететін әртүрлі уақыт шығындарын қоса алғанда, ауысым немесе басқа күнтізбелік кезеңде немесе уақыт бірлігінде өндіретін өнімнің нақты шамасын айтады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: нақты (іс жүзіндегі) өнімділігі **СҰРАҚ: \...** дегеніміз машинаның үзіліссіз жұмыс істеу уақыт бірлігінде шығуы мүмкін өнім мөлшерімен анықталады, яғни жабдықты жөндеуге, тоқтап қалуына және т.б. уақыт шығындарын есепке алмайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Теориялық өнімділік ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жабдықтың өнімділігін пайдалану коэффициенті (немесе пайдалану коэффициенті) **СҰРАҚ:** *Р~о~=Р/η* теңдеуімен жабдықтың жұмыс істеуіне қажет қуат есептеліп, теңдеу **\...** анықтауға арналған теңдеу деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жабдықтың жалпы қуатын **СҰРАҚ:** Кәсіпорындарға шикізат пен қосалқы материалдарды жеткізу, сондай- ақ дайын өнімді жіберу **\...** жүзеге асырылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: сыртқы көлікпен **СҰРАҚ: \...** кәсіпорын аумағында қолданылады және цехаралық және цехішілік болып бөлінеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Кәсіпорын ішіндегі көлік **СҰРАҚ:** Еденде қозғалып, жылжитын көліктер **\...** бойынша жүк тиегіштерге, электрлендірілген көлікке және қолмен жылжытып қозғалтатын құралдарына бөлінеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетегінің сипаттамасы **СҰРАҚ:** Электр тартқыштар, өздігінен жүретін арбалар немесе электр карлар, электрлі жетекті тиегіштер мен қаттауыштар (штабелёр) **\...** көліктерге жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: электр жетекті **СҰРАҚ: \...** дегеніміз өздігінен жүретін арба, ол аккумулятормен жұмыс істейтін электр қозғалтқышты жетек көмегімен қозғалып, жылжиды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Электрокар **СҰРАҚ: \...** сөрелер арасындағы тар жолдары бар қоймаларда тиеу-түсіру және қойма жұмыстарына орындауға арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Электрқаттауыштар (электроштабелер) **СҰРАҚ: \...** қолмен қозғалтып, жылжытатын құралдарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жүк арбалары мен аспалы шөміштер (подвесные ковшы) **СҰРАҚ: \...** келесідей үш топқа жіктеледі: қарапайым көтергіш механизмдер, крандар және көтергіштер. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жүк көтергіш машиналар **СҰРАҚ: \...** келесідей 2 топқа жіктеледі: икемді тарту органы бар (таспалы, пластиналы, шынжырлы және т.б.) және икемді тарту органы жоқ (ет өнімдерін құбырмен тасымалдауға арналған жабдықтар, бұрандалы конвейерлер (шнектер)). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Тасымалдағыштар (конвейерлер) **СҰРАҚ:** Малды **\...** дегеніміз -- малдың организміне әсер етіп, қозғалу қабілетін жоғалту, бірақ оның жүрегі жұмысын жалғастыруы керек, бұл қанның толық ағып шығуына ықпал етеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: естен тандыру **СҰРАҚ: \...** тәсілдері: механикалық, химиялық, физикалық, электрлік. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Естен тандыру **СҰРАҚ:** Малды естен тандырудың **\...** тәсілі малдың басына балғамен пневмопистолетпен және т.б. соққы жасай отырып орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: механикалық **СҰРАҚ:** Малды естен тандырудың **\...** тәсілі малға көмірқышқыл газымен немесе басқа анестезиялық заттармен әсер ете отырып орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: химиялық **СҰРАҚ:** Малды естен тандырудың **\...** тәсілі малды вакууммен (тұншықтыру) естен тандыру арқылы орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: физикалық **СҰРАҚ:** Малды естен тандырудың **\...** тәсілі малдың жүйке (нерв) жүйесіне электр тогымен әсер ете отырып орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: электрлік **СҰРАҚ:** Малды естен тандыруға арналған **\...** келесідей жіктеледі: 1) мерзімді және үздіксіз әрекет ететін; 2) бір және екі орынды (бір немесе екі малды орналастыру үшін); 3) карусельді және әмбебап. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: бокстар **СҰРАҚ:** Шошқаларды бекітпей (байламай) электрлік естен тандыру тоқ кернеуі 70-90 В болатын электр қысқыштарымен жүзеге асырылады, естен тандыру ұзақтығы -- **\...** сек. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: 30 **СҰРАҚ:** АГП-2 типті аппарат **\...** естен тандыруға қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тауық, қаз және үйректерді **СҰРАҚ:** Шошқаларды естен тандырғаннан кейін **\...** минут ішінде қансыздандырады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: 1,0 **СҰРАҚ:** Қанды \... мақсатта пайдалану мақсатында қуыс пышақтармен (жабық тәсіл) жинайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тамақ және емдік **...** әдіспен теріні сыдыру кезінде сығылған ауа немесе қысыммен су терінің астына жіберіледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Пневматикалық және гидравликалық **...** әдіспен теріні сыдыру кезінде малдың тері асты қабатына электротокпен қыздырылған жіңішке сымды сұғу арқылы орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жылулық **...** әдіспен теріні сыдыру кезінде малдың тері асты қабатына залалсыз реагент жіберіліп, тері асты қабатын ерітеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Химиялық **...** әдіспен теріні сыдыру кезінде малдың тері асты қабатын жырту немесе кесу арқылы орындайды ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Механикалық Мал терісін механикалық жолмен сыдыру кезінде қолданылатын жабдықтарды **\...** бойынша: үздікті және үздіксіз жұмыс істейтін жабдықтар деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс істеу принципі жабдықтарды **\...** бойынша: ірі қара малға, ұсақ қара малға және шошқаға арналған деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: өңделетін мал түрі **СҰРАҚ:** Мал терісін механикалық жолмен сыдыру кезінде қолданылатын жабдықтарды **\...** бойынша: бір немесе екі кезеңді деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кезеңдер саны **СҰРАҚ:** Мал терісін механикалық жолмен сыдыру кезінде қолданылатын жабдықтарды **\...** бойынша: канатты, шынжырлы, білікті және барабанды деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тарту органының түрі **СҰРАҚ:** Мал терісін механикалық жолмен сыдыру кезінде қолданылатын жабдықтарды **\...** бойынша: көлденең, бойлық және аралас сыдыратын деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: теріні сыдыру бағыты **СҰРАҚ:** Мал терісін механикалық жолмен сыдыру кезінде қолданылатын жабдықтарды **\...** бойынша: тельферден, лебедкадан, электроқозғалтқыштан, гидро- және превможетектен қозғалысқа келетін деп жіктейді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетек түрі **СҰРАҚ:** Мал ұшаларын кесуге арналған аралар **\...** түрі бойынша келесідей жіктеледі: таспалы; дискті; шынжырлы (жүздері тегіс және тісті болуы мүмкін). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кесу органдарының **СҰРАҚ:** Мал ұшаларын кесуге арналған аралар **\...** түрі бойынша келесідей жіктеледі: электрлі, пневматикалық және гидравликалық. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетегінің **СҰРАҚ: \...** дегеніміз жартылай ұшаларды бөліктерге бөліп кесу. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Ұшаларды кесу **СҰРАҚ: \...** сылу дегеніміз бұлшықет, дәнекер және май тіндерін сүйектен бөлу. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Етті сүйектен сылу **СҰРАҚ:** \... дегеніміз сүйектен сылынып алынған еттен сіңірлерін, шеміршектерін, майын, ұсақ сүйектерін, ұйыған қандарын бөліп алу. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Сіңірсіздендіру **СҰРАҚ:** Малдың **\...** келесідей 4 топқа жіктеді: ет-сүйекті (мясокостные), шырышты (слизистые), жүнді (шерстные), жұмсақ етті (мякотные). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: субөнімдерін **СҰРАҚ:** Ішек шикізаты **\...** өңдеуден өтуі мүмкін. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: толық емес (бастапқы) және толық **СҰРАҚ: \...** өңдеу 2 түрлі операциядан тұрады: шлямдау -- ішектің ішіндегі шырыштарын тазалау; пензеловкалау -- ішекті шырышты және серозды қабықтардан сыртын тазарту. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Ішекті **СҰРАҚ: \...** дегеніміз ішектің ішіндегі шырыштарын тазалау ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Шлямдау **СҰРАҚ:** \... дегеніміз ішекті шырышты және серозды қабықтардан сыртын тазарту. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Пензеловкалау **СҰРАҚ:** Пензеловкалау-шлямдау операцияларын орындау үшін **\...** жұмыс органы бар пензеловкалау-шлямдау машиналарын қолданады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: білікті **СҰРАҚ:** Малдың барлық түрлерінің ішектерін балласты қабықтардан тазалау үшін **\...** машиналар қолданылады. Оларда резеңке және металл пластиналар пайдаланады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: пластиналы **СҰРАҚ:** Ұсақтау жабдықтары **\...** бойынша үздіксіз және үздікті жұмыс істейтін деп жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс істеу түрі **СҰРАҚ:** Ұсақтау жабдықтарын **\...** қарай келесідей жіктеледі: қатты шикізатты ұсақтауға арналған жабдықтар (блокты қатырылған еттер, ет-сүйекті және сүйек шикізаттары, дәмдеуіштер) және жұмсақ шикізатты (бұлшықеттерді, майды және дәнекер тіндерді) ұсақтауға арналған жабдықтар. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ұсақталатын шикізат түріне **СҰРАҚ:** Ұсақтау жабдықтары **\...** байланысты келесідей жіктеледі: ірі ұсақтауға арналған, орташа ұсақтауға арналған, ұсақ ұсақтауға арналған, майдалап ұсақтауға арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ұсақталған түйірлердің өлшемдеріне **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін өндіруде волчоктар (ет тартқыштар) мен шпиккескіштер етті **\...** ұсақтайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: орташа **СҰРАҚ:** Волчктар (ет тартқыштар) келесідей негізгі үш механизмдерден тұрады: **\...**. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ұсақтау, ұсақтауға беру және жетектен **СҰРАҚ: \...** шпик пен етті әр түрлі өлшемді, дұрыс пішінді кесектерге кесуге арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Шпиккескіштер **СҰРАҚ:** Шпиккескіштер... ұсақтау жабдықтарына жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ірі және орташа **СҰРАҚ:** Куттерлер ет шикізатын **...** ұсақтауға және оны бір текті гомогенді массаға айналдыруға арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: майдалап **СҰРАҚ:** Қоллойдты диірменнің **\...** механизмі келесідей кесу пышақтарының жұбынан тұрады: айналмалы ротор және қозғалмайтын статор. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кесу **СҰРАҚ: \...** кесу механизмі келесідей кесу пышақтарының жұбынан тұрады: айналмалы ротор және қозғалмайтын статор. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: коллоидты диірмен **СҰРАҚ:** Коллойдты диірменнің кесу механизмінің **\...** тісті және тегіс болулары мүмкін ЖАУАП НҰСҚАСЫ: роторы мен статоры **СҰРАҚ:** Дәнекер тінінің (соединительная ткань) көп мөлшері бар етті орташа және ұсақ ұнтақтау үшін **\...** қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: эмульситаторлар **СҰРАҚ:** Гомогендендірілген консервілерге арналған етті жоғары дәрежеде ұсақтау **\...** орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: гомогенизаторлар мен дезинтеграторларда **СҰРАҚ:** Дәмдеуіштерді (специй) ұнтақтау әртүрлі құрылымды (конструкция) **\...** жүзеге асырылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: перцемолках и измельчителях (бұрыш тартқыштар мен ұсақтағыштарда) **СҰРАҚ:** Тартылған етті (фарш) араластыруға арналған жабдықтарды **\...** бойынша келесідей жіктейді: мерзімді және үздіксіз. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс режимі **СҰРАҚ:** Тартылған етті (фарш) араластыруға арналған жабдықтарды **\...** бойынша келесідей жіктейді: ашық және герметикалық вакуумдалған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ауамен қатынасы бойынша **СҰРАҚ:** Тартылған етті (фарш) араластыруға арналған жабдықтарды **\...** бойынша келесідей жіктейді: көлденең және тік. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: дежа (ыдыс) мен араластырғыштың орналасуы **СҰРАҚ:** Тартылған етті (фарш) араластыруға арналған жабдықтарды **\...** бойынша келесідей жіктейді: электр және гидро жетекті. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетектің түрі **СҰРАҚ:** Тартылған етті (фарш) араластыруға арналған жабдықтарды **\...** бойынша келесідей жіктейді: қозғалмайтын дежалы (ыдысты) және аударылатын дежалы (ыдысты). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: түсіру тәсілі **СҰРАҚ:** Үздіксіз жұмыс істейтін **\...** тартылған еттің әртүрлі компоненттерін араластыруға және сонымен бірге алынған қоспаны қосымша ұсақтауға мүмкіндік береді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: араластырғыш-ұсақтағыш **СҰРАҚ: \...** үш негізгі әдісі бар: көлемі бойынша, деңгейі бойынша және салмағы бойынша. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Мөлшерлеудің **СҰРАҚ:** Құрылымы (конструкция) бойынша сусымалы және ұсақ кесекті ет өнімдеріне арналған **\...** келесідей жіктейді: барабанды, дискілі, шнекті, таспалы және жұмыс органы ілгерілемелі-кейінді қозғалатын. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: мөлшерлегіштерді (дозатор) **СҰРАҚ:** Котлет және түшпара (пельмен) жасайтын автоматтар **...** автоматтарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қалыптау **СҰРАҚ:** Ет нанын (мясной хлеб) қалыптап жасайтын жабдықтар **\...** жабдықтарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қалыптау **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: мерзімді және үздіксіз әрекетті. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс режимі **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: қолмен, электрлі, гидравликалық және пневматикалық. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетегінің түрі **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: бір немесе көп цевкалы. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: цевкалар саны **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: поршеньді, шестернялы, эксцентрикті-қалақты, бұрамалы (винтовой) немесе шнекті, ортадан тепкішті. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ығыстырғыш құрылымы (конструкция вытеснителя) **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: жабық және ашық. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ауамен қатынасы бойынша **СҰРАҚ:** Шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер **\...** бойынша келесідей жіктеледі: тік және көлбеу. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс органдарының орналасулары **СҰРАҚ:** Ет пен ет өнімдерін орау, буып-түю процесінің орындалуы қысымға байланысты **\...** қысым кезінде өнімдерді орап буып-түюге арналған жабдықтар деп бөлінеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қалдық және атмосфералық **СҰРАҚ:** Қалдық **\...** кезінде ет өнімдерін вакуумды жұмсақ қаптамамен қаптайды немесе жартылай қатты ыдысқа салады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қысым **СҰРАҚ:** Атмосфералық **\...** кезінде ет консервілері мен жартылай фабрикаттарын қатты немесе жартылай қатты ыдыстарға салады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қысым **СҰРАҚ: \...** ет өнімдері ұзақ сақтауға арналған (бір жылға дейін және одан да көп). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Ыдысқа салынып жабылған (закатанные в банки) **СҰРАҚ: \...** ет өнімдері қысқа уақыт сақтауға арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жұмсақ қаптамаға салынған (в мягкую упаковку) ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тұндыру ЖАУАП НҰСҚАСЫ: центрифугалау және сепарациялау ЖАУАП НҰСҚАСЫ: сүзу, елеу ЖАУАП НҰСҚАСЫ: престеу Сұйық ортадан және ондағы қатты бөлшектерден тұратын механикалық қоспалар **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: суспензия ЖАУАП НҰСҚАСЫ: эмульсия **СҰРАҚ:** Сұйықтық пен газдың механикалық қоспасы **\...** деп аталады ЖАУАП НҰСҚАСЫ: көбік **СҰРАҚ:** Газ қоспасы мен қатты дисперсті фаза қоспасы **\...** деп аталады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: шаң **СҰРАҚ:** Ет өңдеу өнеркәсібінде желатин сорпаларын тазарту үшін **\...** қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: рамалық сүзгі прессі **СҰРАҚ:** Ет өңдеу өнеркәсібінде сүйек ұнын өндіру барысында **\...** қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: таспалы сүзгі **СҰРАҚ:** Ет өңдеу өнеркәсібінде пульпаны сүзу үшін **\...** қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: барабанды және таспалы вакуум сүзгі **СҰРАҚ:** Ет өңдеу өнеркәсібінде **\...** сұйық қоспаларды сүзу үшін, мысалы шыжықты майлы судан бөліп алуда қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ротациялық сүзгі **СҰРАҚ:** Газдар мен ауаны шаңнан және қатты түйірлерден тазалау үшін **\...** қолданады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жеңді сүзгі, тұндыру камералары, циклондар ЖАУАП НҰСҚАСЫ: сепараторлар ЖАУАП НҰСҚАСЫ: центрифугалар, ортадан тепкіш тазалағыштар мен машиналар **...** центрифугалар мен сепараторлардың негізгі жұмысшы органдары болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: барабан табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: диффузялық Тері, ет тұздау жабдықтары, ыстау жабдықтары, диффузорлар мен экстракторлар **\...** жабдықтарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: диффузиялық **СҰРАҚ:** Теріні концентрленген тұзды ерітіндімен өңдеу **\...**. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тұздау **СҰРАҚ:** Теріні**\...** гашпильдерде, чандарда, аспалы және шнекті барабандарда орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тұздауды **СҰРАҚ:** Етті **...** тәсілдермен тұздайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: құрғақ, ылғал және аралас **СҰРАҚ:** Ет өнімдерін тұз немесе тұз қоспасымен өңдеу етті тұздаудың **\...** әдісі болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: құрғақ **СҰРАҚ:...** тұздау кезінде ет өнімдерінің үстіне құйылады немесе тұздау шприцтерінің көмегімен өңделетін өнімнің қабатына енгізіледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Ылғал **СҰРАҚ:** Етті **\...** тәсілмен тұздау кезінде ет шикізатына тұзды қоспаны (тұздық) тұздау шприцтерінің көмегімен өңделетін өнімнің қабатына енгізіліп, содан кейін оны тұз қоспасымен сүртеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: аралас **СҰРАҚ:** Етті тұздау заттарының ірі ет кесектерінің бүкіл көлемі бойынша біркелкі таралуы үшін тұзды ерітіндіні шприцтеу (инъекциялау) қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: шприцтеу (инъекциялау) **СҰРАҚ: \...** қолдана отырып етті тұздау кезінде тұздау заттарының таралуы екі фазада өтеді: тұздықты ет қалыңдығына тікелей енгізілуі және бүкіл көлемі бойынша біркелкі таралуы ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Шприцтеуді (инъекциялауды) **СҰРАҚ:** Ет өнімдерін шприцтеу арқылы тұздау **\...** орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тұздау шприцтерімен және тұздау автоматтарымен **СҰРАҚ: \...** дегеніміз жылу энергиясының ет және ет өнімдеріне тікелей немесе жылутасымалдағыш деп аталатын аралық орта арқылы әсер етуі (су, өсімдік майы және т.б.). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жылумен өңдеу **СҰРАҚ:** Шикізат пен ет өнімдерін жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдық **\...** бойынша келесідей жіктеледі: мерзімді және үздіксіз. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс істеу принципі **СҰРАҚ:** Шикізат пен ет өнімдерін жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдық **\...** бойынша келесідей жіктеледі: беттік және көлемдік өңдеуге арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жылудың өнімге ену дәреждесі **СҰРАҚ:** Ет өндірісінде **\...** жабдықтары үйіту мен жидіту (шпарка) үшін қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: беттік жылулық өңдеу **СҰРАҚ:** Ет өндірісінде **\...** жабдықтары пісіру, пастерлеу, стерилизациялау, салқындату, майды ерітіп алу, даэрациялау, қақтау, кептіру мен буландыру үшін қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: көлемдік жылулық өңдеу **СҰРАҚ:** Чандар, булы пісіру қазандары, су буымен қыздырылатын автоклав стерилизаторлар, бәлішті өсімдік майына батыра отырып пісіруге арналған пештер өнімді жылу беру ортасы болып табылатын **\...** өңдейтін аппараттарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қыздырылған сұйықтыққа батыра отырып **СҰРАҚ:** Өткір бумен өңдейтін автоклав-стерилизаторлар; пісіруге, қуыруға, ыстауға арналған жылукамералары; вакуум-көлбеу қазандары; ротациалық және үйіту пештері өнімді **\...** өңдейтін жабдықтарға жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: өткір бумен, бу-су қоспасымен немесе ыстық түтін-ауа газы ағынында **СҰРАҚ:** Күбілер (чаны) **\...** бойынша екі топқа жіктеледі: шошқа ұшаларын немесе сыртында жүні бар субөнімдерді жидітуге (шпарка) арналған және етті, ет өнімдерін пісіруге арналған ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тағайындалулары **СҰРАҚ:** Күбілер (чаны) мен пісіру қазандары **\...** жабдықтарына жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ет және ет өнімдерін пісіру **СҰРАҚ:** Пісіру қазандары пісіру ыдысындағы **\...** бойынша келесідей жіктеледі: атмосфералық немесе кіші артық қысымда жұмыс істейтін тамақ пісіру қазандары және жоғары қысымда (250 кПа) жұмыс істетін автоклавтар. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қысым бойынша **СҰРАҚ:** Пісіру қазандары **\...** бойынша келесідей жіктеледі: қатты отынмен, газбен, электр тогымен және бумен жұмыс істейтін. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қыздыру көзі **СҰРАҚ:** Пісіру қазандары **\...** бойынша келесідей жіктеледі: аударылмайтын, аударылатын және пісіру ыдысы алынып, салынатын ЖАУАП НҰСҚАСЫ: орнату тәсілі **СҰРАҚ:** Пісіру қазандары **\...** бойынша келесідей жіктеледі: тікелей және жанама қыздырылатын ЖАУАП НҰСҚАСЫ: қыздыру тәсілі **СҰРАҚ: \...** дегеніміз бумен барботаждау (барботирование) барысында, будың сумен араласып, конденсациялана отырып, оны қыздырып немесе бумен су қоспасын түзуі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Тікелей қыздыру **СҰРАҚ: \...** дегеніміз бу жейдесіне бу беріліп ыдыстың суық қабырғаларымен қатынасқа түсіп, қабырға арқылы өнімді қыздырып, конденсацияланып жейдеден шығарылуы. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Жанама қыздыру **СҰРАҚ: \...** сору мен айдау ауаның артық қысымында немесе вакуумда орындалады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Пневмо жетекті сорғыларда (насос с пневмоприводом) **СҰРАҚ: \...** - қатаң бекітілген тұтқасы бар цилиндрлік шелек болып табылады. Сүт өлшегіштің шелегіне тұтқаның ұяшығына енетін тік сызғышы бар қалтқы орналастырылған. Сызғыш литрге бөлінген және аз мөлшердегі сүтті өлшеу үшін қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Қалқымалы сүт өлшегіш (попловковый молокомер) **СҰРАҚ: \...** ағындағы сүт мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді және ағып тұрған сүт қысымымен ұсақ тістері бар сопақ шестернялар айналатын ағынды камерадан тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Шестернялы есептегіш (шестеренный счетчик) **СҰРАҚ:** Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар **\...** бойынша ашық және жабық болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: өнімнің қоршаған ауамен жанасу сипаты бойынша жалпақ және дөңгелек болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс органдарының пішіні бойынша құбырлы және пластиналы болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жұмыс органдары беттерінің профилі бойынша бір қатарлы және көп қатарлы болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: құрылымы (конструкция) бойынша бір секциялы және көп секциялы болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: секциялар саны бойынша бағыттас ағынды және қарсы ағынды болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: салқындатылатын өнім бағытына байланысты) **\...** тәуелді түрде үздіксіз жұмыс істейтін және үзілісті жұмыс істейтін болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: орындалатын операцияның сипатынан **\...** тәуелді түрде бумен және электр тогымен жұмыс істейтін болып жіктеледі. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: энергия көзінен Консервіленген сүт өнімдерін **\...** әр түрлі автоклавтар мен стерилизаторларда орындайды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жылулық өңдеуді **\...** сүт және сүт өнімдерін пастерлеуге арналған арнайы ыдыстар мен құбырлы пастерлеу қондырғыларының топтарына жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ұзақ пастерлеу ванналары мен әмбебап ванналар ЖАУАП НҰСҚАСЫ: тазалау Үздіксіз жұмыс істейтін сүзбе (творог) және сүзбе бұйымдарын өндіруге арналған аппараттарға **\...** жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: көп секциялы сүзбе дайындаушы және коагуляторлар Үздікті жұмыс істейтін сүзбе (творог) және сүзбе бұйымдарын өндіруге арналған аппараттарға **\...** жатады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: сүзбе дайындауыштар және сүзбе ванналары **СҰРАҚ:** ТИ-4000 престеу ванналары бар сүзбе дайындаушының **\...** төменгі бөлігінде орналасқан бітеу түбі мен келте құбыры бар тесіктері бар (перфорированный) металл цилиндр болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: іріктегіші (отборник) **СҰРАҚ: \...** дегеніміз 47\...48 °Т қышқылдыққа дейін ашытылған сүт берілетін конустық түбі бар цилиндрлік резервуар. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Сыйымдылықты коагулятор **СҰРАҚ: \...** -- ирек пішіндегі бұралған, тот баспайтын болаттан жасалған құбырдан тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Иректі түтікті (змеевиковый) коагулятор **СҰРАҚ: \...** - екі оқшауланған бөлікке бөлінген, бір жүрісті жылу алмастырғыш болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Құбырлы коагулятор **СҰРАҚ: \...** коагулятордың бірінші бөлігі сүтті гидродинамикалық тұрақтандыруға (для гидродинамической стабилизаций) арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Құбырлы **СҰРАҚ: \...** коагулятордың екінші бөлігі сүтті қыздыруға арналған. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Құбырлы **СҰРАҚ:** Тарелкалар орнатылған пакеті бар тарелка ұстағыш негізі болатын **\...**, сүзбе қойырпағын (творожный сгусток) сусыздандыруға арналған, ашық типті Ж5-ОТР сепаратордың негізгі жұмыс органы болып табылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: барабан **СҰРАҚ:** Дәстүрлі тәсілмен өндірілген сүзбені (творог) **\...** ашық және жабық салқындатқыштар қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: салқындатуда **СҰРАҚ:** Бөлек тәсілмен (разделный способ) өндірілген сүзбе құбырлы және пластиналы салқындатқыштарда **\...**. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: салқындатылады **СҰРАҚ: \...** өндіруге арналған жабдықтарға, ірімшік массасын балқытуға дайындау жабдығы мен оны балқытуға арналған жабдық кіреді ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Балқытылған ірімшік (плавленный сыр) **СҰРАҚ:** Я5-ОСЖ-1 ірімшік жасағышы жылу тасымалдағышты беруге арналған коллекторы бар, жылуалмастырғыш жейделі (теплообменная рубашка) **\...** тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: ваннадан **СҰРАҚ:** Я5-ОСЖ-1 ірімшік жасағышының **\...**, кесу-илеу құралының айналу жиілігін 2\...20 мин^-1^ аралығында және оның қозғалыс бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: жетегі **СҰРАҚ:** Сары май өндіруге **\...** қаймақты жетілдіруге (созревания) арналған сыйымдылықтар мен ұйытқыштарда (заквасочник) жүзеге асырылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: дайындық операциялары **СҰРАҚ: \...** өндіру барысында майдайындағыштар мен май түзгіштер қолданылады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Сары майын **СҰРАҚ: \...**, сары майды майлылығы 30-40% қаймақтан жабдықтың жұмыс органдарының қаймақты бұлғай отырып (сбивание) механикалық әсер ету арқылы алады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Май дайындағыштарда **СҰРАҚ:** Майлылығы жоғары қаймақтан сары майды, барабанды мен пластиналы **\...**, сонымен қатар вакуум-май дайындағыштардың көмегімен өндіреді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: май түзгіштердің **СҰРАҚ: \...** ішінде ұйытқыны дайындау үшін екі ыдыс орналасқан, тік бұрышты, термооқшауланған ваннадан тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Гб-03-40 ұйытқышы **СҰРАҚ:** Гб-03-12 ұйытқышы, Гб-03-40 ұйытқышынан **...** өзгешеленеді (отличается). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: сыйымдылығымен (12 л) және құлақты ағаш шелектер (ушат) санымен (3 дана) **СҰРАҚ: \...** май дайындағыштарда қаймақты ауырлық күшінің әсерімен жылжуы нәтижесінде бұлғайды (сбивает). ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Үздікті жұмыс істейтін (біліксіз) **СҰРАҚ:** Барабанды май түзгіштердің өнімділіктері **\...** аралығында болады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: 500\...600 кг/сағ **СҰРАҚ:** Т1-ОМ-2Т май жасағыш **\...** электр қозғалтқышы және жылдамдық қорабы кіреді, бұл өнімді әртүрлі қарқындылықпен --- араластырғыштың айналу жиілігін 3; 4 немесе 5,5 с^-1^ өзгерте отырып өңдеуге мүмкіндік береді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: араластырғышының жетегіне **СҰРАҚ:...** вакуум-камералардан, шнекті текстуратордан, буағынды вакуум сорғыдан, ұстағыштардан (ловушки), жабдыққа қызмет көрсету алаңы мен басқару қалқасынан (щит управления) тұрады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Вакумм**-**майтүзгіші **СҰРАҚ:** Құрғақ сүт өнімін өндіруде ылғалды жою әдістеріне байланысты **\...** келесідей әдістері қолданылады: пленкалы (контактылы), шашыратқышты (ауалы) және сублимациялы. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кептірудің **СҰРАҚ: \...** құрғақ сүт өндіруде білікті кептіргіштерді қолданады. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Пленкалы тәсілмен **СҰРАҚ: \...** құрамындағы құрғақ заттар шамасы 40 % дейін болатын суықпен қатырылған өнімнен ылғал бөлінеді. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: Сублимациялық кептіруде **СҰРАҚ:** Кептіру жабдықтарының негізгі топтарын **\...** бойынша келесідей жіктеуге болады: камералық, роликті, барабанды, таспалы, қырғышты және т. б. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: құрылымдық айырмашылықтары (конструктивным отличиям) **СҰРАҚ:** Кептіру жабдықтарының негізгі топтарын **\...** бойынша келесідей жіктеуге болады: тік ағынды, қарсы ағынды және аралас ағынды. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кептіргіш агент пен өнімнің қозғалу бағыттары **СҰРАҚ:** Кептіру жабдықтарының негізгі топтарын **\...** бойынша келесідей жіктеуге болады: конвективті, кодуктивті және аралас. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кептіргіш агент пен өнімнің қозғалу бағыттары **СҰРАҚ:** Кептіру жабдықтарының негізгі топтарын **\...** бойынша келесідей жіктеуге болады: ортадан тепкіш дискілі және форсункалы шашыратқышты. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кептірілетін өнімді шашырату тәсілі (диспергирования) **СҰРАҚ:** Кептіру жабдықтарының негізгі топтарын **\...** бойынша келесідей жіктеуге болады: бумен жұмыс істейтін калориферлі, отпен (газ, мазут) жұмыс істейтін жылугенераторлы. ЖАУАП НҰСҚАСЫ: кептіргіш агентті қыздыру тәсілі