Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті (PDF)
Document Details
Uploaded by Deleted User
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
2024
Пулатова Зарина
Tags
Summary
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің студенті Пулатова Заринаның мәдениеттану бойынша рефераты. Рефератта әлеуметтік мәдениеттің құрылымы мен мазмұны қарастырылады.
Full Transcript
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті РЕФЕРАТ Пәні: Мәдениеттану Тақырыбы: Әлеуметтік мәдениет Орындаған: Пулатова Зарина Тексерген: Жахина Айнур Курманбаевна Көкшетау 2024ж Мазмұны Кіріспе\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті РЕФЕРАТ Пәні: Мәдениеттану Тақырыбы: Әлеуметтік мәдениет Орындаған: Пулатова Зарина Тексерген: Жахина Айнур Курманбаевна Көкшетау 2024ж Мазмұны Кіріспе\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\.....3 I. Мәдениет социологиясымен құрылымы және мазмұны\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....5 II\. Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....9 III\. **Мәдениеттің бірлігі мен әр түрлілігі\.....**\...\.... \...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...13 Қорытынды\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...16 Қолданылған әдебиеттер тізімі\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\...\....17 Кіріспе \"Мәдениет\" түсінігі ежелден бері түрлі мазмұнда қолданылады. Ежелгі Римда жер өңдеуді, тәрбиені, білім беруді «cultura» деген сөзбен ғылыми тілде қолданған. ХҮІІІ ғ. Еуропа ғалымдары мәдениет түсінігін осы күнгі мағынада қолдана бастады. Оны Д. Вико, Й.Г. Гердер, Ш. Монтескье шығармаларынан көруге болады. Бұл дәуірде жаңа жерлердің, елдердің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігі кеңейе түскен. Сондықтан алыс елдердің өмір қалпының өзгешіліктері еуропалықтардың мәдениеттерді салыстыруға қызығушылығын күшейтті. XIX ғ. 2-ші жартысында \"мәдениет\" түсінігі ғылыми мәртебе иеленеді. Егер де Ағартушылар дәуірінде бағалаушылық қырынан ғана қарап ол қоғамның жоғары даму деңгейін білдірсе, енді оның мағынасы күрделене түсті. \"Мәдениет\" түсінігі \"өркениет\'\", \"қоғамдық-экономикалық формация", "Жаһандық аймақтану" ұғымдарымен қиылысып жатады. Адамдардың басқалардан маңызды өзгешелігі - олардың өзі тұрған қоршаған ортасын өзі жасауы. Адамның тәжірибесі дәлелдегендей еңбек құралдарымен, материалды игіліктермен қатар адамдар бір-бірімен қарым-қатынас құндылықтарын да жасайды. Әр елдің өзінің ережелері, мөлшерлері, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қалыптасады, оларды өзіндіктілінен, жүріс-тұрысынан, дінінен, талғамдық көзқарастар жүйесінен әлеуметтік институттардан көруге болады. Күнделікті ауыз екі тілде мәдениет ұғымын бұрмалап түрлі құбылыстарға қолданады. Ғалымдар 500-дей мағынада пайдаланатьшын көрсетеді. Мысалы, білімді, шетел тілін білетіні, киінгені, өзін ұстауы, сөйлеуі, әдептілігі, жұмысты атқаруы, тамакты ішкенде шанышқыны орынды қолдануы кезекте тұрғанда, көпшілік жиналған жерде тағы көптеген жағдайларда адамдар өзін мәдениетті немесе мәдениеті жеткіліксіз болып көрінгенін көпшілік айтатыны жиі кездеседі. Бірақ басқа елдерде қолмен тамақ жейтін немесе әйелдер мен ерлер бөлек отырып тамақ қабылдауы сияқты дәстүрлері бар. Ол мәдениет түсінігін қолдануда қайшылық тудыруы мүмкін. Күнделікте тілде қолданатын сөздің көп мағыналығы кездессе, ғылымда дәлдік пен бір мағыналығы керек. Мәдениет түсінігіне ғылымның түрлі саласында көптеген анықтаулар берілді. Соның ішінде ағылшын этнографы Э. Тайлор 1871 ж. біршама сәтті анықтама берген. \"Мәдениет, этнографиялық кең мағынада ол өзіне білімдерді, сенімдерді, өнерді, өнеге-ғибратты, заңдарды, әдет-ғұрыптарды тағы басқа қоғам мүшесі ретінде адамның иеленетін және қолы жететін қабілеттері мен дағдыларын кіргізетін біршама тұтастық\". Бұларға әрине материалды игіліктерді, барлық өндірілетін өнімді қосса, онда мәдениет бөлігіне оның қоғамның мүшелерінің қабылдауына байланысты, қуатталатын санада заттандырылған өнім жазу арқылы немесе жадығат түрінде меңгеріліп, келесі ұрпаққа мұраға қалдыратыны анықтаманы толықтырар еді. Мәдениетті адамдар өздері жасайды, оған үйретеді. Әрбір жекелік мәдениетті әлеуметтік мұра ретінде қабылдап, қажет болғанда оған өзгертулер ендіреді. Егерде мұны келесі ұрпақ қабылдаса, ол мәдени мұраға айналады. Сондықтан соғыс немесе апаттар кезіңде қираған ғимараттар, көпірлер адамдардың санасындағы мәдениеттің бөлігі ретінде қайтадан қалпына келтіріле алады. Сөйтіп мәдениет екі бөліктен тұрады: материалды және рухани. Материалды мәдениет (артефактар) қолмен жасалынады, рухани мәдениет, ол - парасаттың жемісі. Материалды мәдениетті сақтап қалу үшін ол материалды емес мәдениеттегі сөздерге, ойларға, дағдыларға, әдет-ғұрыпқа және сенімдерге меңгеріліп алынған рухани дүниесіне айналуы керек. Жалпы алғанда, француз антропологы К. Леви-Стростың пайымдауы мәдениет ұғымын толық ашады. Ол мәдениетті \"табиғилықтан\" таңдалып алынған, адамның өзінің қажеттілігіне айналдырған жасанды ортасы ретінде көрсетеді. Әлеуметтік өмірдің мазмұнын айтқанда біз мәдениеттің оған толық қатысы барын көреміз, әлеуметтік өмір әр түрлі және өзара әрекеттерден тұрады. Белсенділіктің заттық мазмұнын материалды объектілер, технологиялар, қуатталатын рәмізді объектілер, бағалау өлшемдері мен құндылықтардың өлшеуіштері құрайды. Оларды адамдар өздері жасайды, пайдаланады және қиратады. Ол жағдайлардың өзгеруіне бейімделу барысында жүзеге асырылады. Мәдени ақпарат (білім, бейнелер, түсініктер, сезімдер) адамдар арасында алмасу арқылы байланыс мазмұнын құрайды. Әлеуметтік мәдени ортаның мазмұнына адамдар бірлесіп өмір сүруі барысында олардың белсенділігінен пайда болған оқиғалар мен үдерістер жатады. Қоғамның өзі әлеуметтік өмірдің және адам әрекетінің құрылымдық жағына жатса, ал мәдениет бұл құрылымның мазмұнымен толықтырылуы болып саналады. Мәдениеттің нақты өмір сүруі өзара әрекеттестікте, адамдар араларындағы ақпараттық, мазмұндық айырбаста ғана көрініс табады. Бұл мәдени объектілердің әлеуметтік құбылысқа жататынын дәлелдейді. Сонымен, мәдениет --- ол парасатты адамға тән, материалды объектілермен ажырамас байланыста қаралатын жүріс-тұрысы. Мәдениет тілден, ойлардан, сенімдерден, дәстүрлерден, заңнамалардан, институттардан, құралдардан, технологиялардан, өнер шығармаларынан, салт-жоралардан, рәсімдерден т.т. тұрады. Яғни адамның бірінші табиғаттан алып жасалған ^"^екінші-табиғатты" - адамның өзі тұратын әлемі. Мәдениеттің дамуы адамның үйренуі мен келесі ұрпақтарға жеткізу қабілетіне бай-ланысты. Мәдениет жеке тұлғаларды қоғамда өмір сүруге дайындайды, әлеуметтендіреді. Қоғамдағы қабылданған ережелерді мойындаған ол өз жүріс тұрысын мәдени үлгілерге бағындырады. \"Мәдени үлгілермен. шартты таңбалардың мәнді жүйелерімен се-бептелінбеген адамның мінез-құлқы мүлдем басқарусыз болар еді, ол өз-өзінен ойға сыймайтын қылықтарға және ұстатпайтын сезімдерге бой беретін еді. Адамның өмірлік тәжірибесінің қалыптасуы мүмкін болмас еді\". Гирц мәдениетті шартты таңбалардың -нышандардың жүйесі ретінде қарайтын осы шартты таңбалардың интерпретациясын --- талдап беруін, түсіндіруін іздеп табу керек дейді. \"Вебердің адамды өзі тоқитын мағыналар торына өрілген жануар деген пікіріне қосылып, мен, - деп жазады Гирц, -мәдениетті осындай тор деп қараймын, сондықтан оны талдау заңды іздейтін экспериментті ғылым болып табылмай, мағынаны іздейтін интерпретация болып саналады\". Әлеуметтік өмірді мәдениетсіз елестету мүмкін емес. Оның рухани мәдениетпен тығыз байланыста, өзара әрекет ететінін ескеру қажет. Рухани мәдениет, әсіресе жаңа демократиялық қоғам және құқықтық мемлекетті қалыптастыру жағдайында аса маңызды орын алады. Рухани мәдениеттің ықпалымен жан-жақты дамыған және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігін арттыру қажет. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді. Рухани мәдениет материалды мәдениетпен дамиды. Қоғамның тұрпатына сай рухани мәдениеті дамиды. Антагонистік таптық қоғамдарда мәдени даму таптық күресті бейнелейді, ал қазіргі демократиялық әлеуметтік кіріктірілген қоғамдарда жаңа жалпы адамдық қалыптастыру бүкіл адамзаттың мүдделері мен құндылықтар негізінде жасалуына бет бұрды. Қазіргі дамыған мәдениетті талдау ерекшелігі бойынша назарды мәдени-әлеу-меттік объектілер мен үдерістерден адамға қарай бүрды. Адамдар өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын әлеуметтік әрекеттер барысында жасайды, оның бөлшектерін қолдайды және өзгертеді. Мәдениеттіңсоциологиялықзерттеуі осы өзгермелі ортаны тұлғалардың меңгеруі, зерделеуі және өзгертуі күрделі әрі көп өлшемді қоғамдық үдеріс ретінде алынып қаралады. Мәдениеттің социологиялық талдауы адамдардың мәдени объектілерді игерудің, пайдаланудың және жасаудың нысандары мен тәсілдерінің қоғамдағы әлеуметтік және аумақтық үлестірілуін зерттеуге мүмкіндік береді. Одан мәдени жылжымалығының тұрақты және өзгермелі үдерістері мен олардың себепшісі болатын әлеуметтік тетіктерін ашуға мүмкін болады. Осыдан әр түрлі әлеуметтік топтардың мәдени өмірге және оның қозғалу бағытына қосқан үлесі анықталады. **I. Мәдениет социологиясымен құрылымы және мазмұны.** Мәдениеттану әлеуметтану сияқты екі негізгі бөлімнен құралады: **мәдениеттік статика** және **мәдениеттік динамика.** Біріншісі мәдениетті қозғалыссыз қалпында, ал екіншісі қозғалыс күйінде суреттейді. Мәдениеттік статикаға мәдениеттің ішкі құрылысын жатқызады, яғни мұнда базистік бөлшектердің жиынтығын және мәдениеттің нысандарын қарастырылу көзделеді. Мәдениет динамикасына құралдар, механизмдер мен үдерістер жатқызылады. Ол мәдениеттің өзгеруін, трансформациясын, бейнелеуін көрсетеді. Мәдениеттің құрылуы, сақталуы, бұзылуы, сонымен қатар әр түрлі метаморфоздардың болуы мүмкін. Көптеген ғалымдар мәдениет деген ұғымды екі түрлі негізде өлшейді: материалдық және материалдық емес. Материалдық мәдениет - ол табыстан пайда болған адамдардың еңбектерінің жетістіктері. Материалды жадығаттар (артефактар) ұзақ сақталады. Рухани мәдениет - адамдардың айналаны қоршаған дүниені тани білу дәрежесін көрсетеді, яғни сол адамдардың сұлулыққа, жақсылыққа, жаңалыққа, білімге, ғылымға құштар сезімі болып табылады. **Оған мөлшерлер, ережелер, үлгілер, заңдар, құндылыктар,** рәміздер, таңбалар, **білімдер, ойлар, әдет-ғұрыптар дәстүрлер, тіл** жатады. Ол қолмен емес, **ақыл-парасатпен жасалынады. Рухани** мәдениетті қолмен **үстап көрмейді, ол адамның санасында өмір** суреді, қарым**-қатынаста білінеді және қолданады.** Мәдениетте **алғашқы** болып **зат емес, мән мен таң**ба алып **қаралады.** Кітап дайындауға **жұмсалған материал екінші** болады, **ал ондағы ақпараттың мазмұны алғашқы** болып **саналады.** Бұл ақпаратты **адамдардың** үлкен **тобына кітаптан белек радио,** теледидар **немесе интернет арқылы жеткізуге де болады. Әрине,** бұлар **мәдениеттің бөлшектеріне** қатысты **емес. Мысалы, киім** екі **түрлі қызметті атқарады** - физикалық **суықтан қорғайды және мәдениет жағынан әсемдікті бейнелейді.** Солтүстік **халықтарына бірінші киімді тігуге** қолданған **тері мен жүннің** сапасы **маңызды,** ал **оңтүстікте** ыстыққа байланысты киім жұқа **болады. Жабайы тайпаларда** киім **қажет болмаған, бірақ мәдени талаптарға** сай **әшекейлер** мойнына, **қолына тағатын немесе денесін** бояп **әшекейлеген. Демек,** өмір **сүру жағдайларына байланысты** киім жан бағу, жұмысқа **қолайлығына сай болуы керек, ал демалу, сал**танатты **жағдаяттарда** мәдени **талаптар алғашқы болады.** **Мәдениет** адамдардың өз ортасында өмір сүруге көмектесетін, басқа **қауымдастықтармен** әрекеттестікте өз **қоғамьның тұтастығы мен бірлігін сақтайтын адам** әрекеттестігінің **маңызды тетігі** болып **танылады. Сонда да әлеуметтануда маңыздысы рухани** мәдениеттегі көңілдің **түрлі бөлшектерінің қызмет етуіне ауда**рылады. Осы **бөлшектердің маңыздылары - тіл, құндылықтар,** мөлшерлер, **шартты таңбалар мен нышандар.** Бірінші **және ең негізгі бөлшек болып танымдық, шартты** таңбалық, **нышандық, басқаша айтқанда, белгілі** бір **ұғымдарға жинақталған және белгілі бір тілде айқындалған** білім **танылады.** Тіл **адамдардың тәжірибесін әділ түрде жинақтау, сақтау** және **беру қызметін көрсетеді. Тіл - мәдениеттің маңызды бөлшегі.** Тіл **дегеніміз - белгілі бір мәнді білдіретін белгілер мен рәміздердің жүйесі.** Мәдениеттің екінші және маңызды бөлігіне құндылықты танымдық жүйе жатады. Құндылық дегеніміз белгілі бір қоғамдық заттардың қасиеті, қажеттілік, тілек, ынтаны қанағаттандыратын құбылыс. Құндылық әлеуметтік субъектіні өзінің қажеттіліктерін қоршаған ортадағы заттар мен ара қатынасын түсіну нәтижесінде немесе бағалаудағы құндылық қатынасында пайда болады. Егер мөлшерлер --- ол мінез-құлықты реттейтін ережелер болса, онда құндылықтар - ол қоғамның көпшілігі нені қажетті, пайдалы және дұрыс деп ойлайтын жалпы түсініктері. Құндылықтар жал-пылама және дерексіз сипатта көрінеді. Олар жүріс-тұрыстың қай тұрпаттары жарамды екенін нақты көрсете алмайды. Құндылықтар оқиғаларды, заттарды және адамдарды, олардың абы-ройын, сүлулығын немесе өнегелік қасиеттерін бағалауға кө-мектесетін өлшемдерін береді. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде негізгі мәдени құндылықтар ретінде жұмыстағы табыс, ілгерішілдік, ұғымды іс атқару, отаншылдық пен демократияны түсінеді. *Мөлшерлік мәдениет ---* ол ұқыптылықпен жасалынған, қоғам мүшелері ұстануға тырысатын қалыптар жүйесі. Қоғамдағы өзгерістер адамдардың бірлесіп әрекеттенуінің жағдайын өзгертеді. Сондықтан кейбір мөлшерлер жаңа талаптарды қанағаттандырмайды немесе әлеуметтік қатынастардың одан әрі дамуын тежейді. Мысалы, бұрынғы социалистік қоғамның жойылуы және оның орнына нарық пен жеке меншікке негізделген әлеуметтік қатынастар қалыптаса бастады. Ол адамдық қатынастарды реттейтін ережелер мен маңызды экономикалық, саяси, мәдени өмірді реттейтін заңдардың шығуына әкеледі. Әлеуметтік мөлшерлер қоғамдық маңыздылығы бойынша әдет-ғұрып, құлықтылық мөлшерлері, институттық мөлшерлер, құндылықтар, заңдар болып таптастырылады. *Әдеттер, дәстүрлер* - ол адам қатынастарын реттейтін алғашқы ережелері. Бұл шарттылықтарды адамдар күнделікті өмірде аса қатал ұстана бермейді. Оларға уақтылы тұрып, тіс тазалап, ертеңгі ас ішіп, далаға шыққанда, жұмысқа келгенде таныстары мен әріптестерге сәлем беру, қоғамдық көлікте үлкендерге, екіқабат әйелдерге орын беру, кездесуге уақтылы келу т.с.с. жатқызады. Бұл шарттылықтарды бұзатындар мәдениеті темен, әдепсіз, ысылмаған адам ретінде бағаланады, бірақ олардың құлықтылығына мән берілмейді. Ондай ережелер үлгісі мыңдап саналады және әр елдікі басқаларға қисынсыз көрінуі мүмкін. Мысалы, ежелгі Ресейде екіқабат әйел ыстық моншаға босанатын, Оңтүстік Америкада үндіс әйелдері ағашта салбыраған күйде нәрестені дүниеге әкеледі. Батыста тамақты шанышқымен, Шығыста екі таяқшамен, ал Орта Азияда қолмен алу дәстүрін қалыптастырды. Еуропада қоштаспай қонақтан қайтса, қазақтар қонады немесе ұзақ қоштаспаса ыңғайсызданады. Осының бәрі ұрпақтан-ұрпаққа өткендері. Яғни, әдеттер, дәстүрлер - ол үйреншікті, қалыпты, ең ыңғайлы және жеткілікті тараған іс-әрекеттің амалдары. Бастапқы мағынасы басқа болған әдеттердің себептері жойылғанмен, ол ұрпақтан-ұрпаққа еріксіз сіңіп сақталады. Мысалы, оң қолды беріп сәлемдесу мыңдаған жылдар бойы қолында қару ұстап кел-мегенін дәлелдеу еді, енді ол ыстық ілтипатын білдірудің белгісі, дәстүрі. Батыстың нарық жағдайында бір-бірінің үйіне, мысалы немістер, жай жүздесуге барғанда кофесін, мейрамдауға тамағын бірге алып барады, тамақты қонаққа өлшеп береді, ал Кеңес Одағы халықтарында қонақжайлықты дәлелдеу үшін тамақты аямай ысырап етеді. Жаңа буын дәстүрлердің жарамсызын қолданыстан шығарады, жаңа жағдайға лайықтысын қалыптастырады. Бұрын социалистік кеңшілік кезенде жеңіл көлігі барлар мінгендерден ақы сұрамайтын, енді майдың қымбап ылығынан, нарықтың талабын ұстанып, ешкімді тегін тасымайтын болып қалыптасып келеді. Нарыққа дейін бөтен адамдардың өзін тегін жеткізе салатын. Осының бәрін жаңа буын санасыз еліктеу арқылы қабылдайды. Бір-екі ұрпақ ауысқанда бүл әдеттер үйреншекті, қалыпты болып қолданылады. *Құлықтық, өнегелік мөлшерлер.* Бұл мөлшерлерді бұзуға әдет, дәстүрді бұзғандай кешірімділік жасалынбайды. Адамға қастандық жасау, ұрлық, зорлау, жас балаларды азғындау, адам өлтіру - бәрі дамыған елдерде қатты айыпталып жазаланады. Қасық пен шанышқаны дұрыс пайдаланбаған адам үшін ыңғайсыздануы мүмкін. Ал отбасын, әйелі мен нәрестені тастап, баланы асырауға көмек көрсетпеу ауыр күнә ретінде бағаланады. Одан да ауыры, егер әйел нәрестені емізбей *-* басқа біреумен түрмыс құрып кетуі. Бұлардың қоғам үшін салдарлары ауыр. Сондықтан осы сияқты құлықтық мөлшерлердің бұзуын болдырмау шаралары қолданылады. Ежелгі қауымдарда ұрысу, мазақтаудан бастап, тәртіп бұзғандарды тайпадан қуатын, ұратын, зақым келтіретін азайтатын, ал дамыған өркениетті елдерде қамау шарасы қолданылады. Кейбір топтардың өнегелік мөлшерлері басқаларға түсініксіз. Үнділер сиыр етін қасиетті санайды, ал мұсылмандар шошқа етін жеуге тыйым салады. Сол сияқты әйелдерге сыртта жүргенде денесін ашып жүруге рұқсат етпейді. Осындай тыйымдарға сенетіндіктен оларды ұстанады. Бірақ кейбірі зиянсыз болуы мүмкін. Құлықтық, өнегелік мөлшерлер - олардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне сенім. Яғни өнегелік мөлшерлер жүріс-тұрыстың дұрыс немес дұрыс еместігі жөніндегі ойлар, олар бір әрекеттерге рұқсат береді және басқаларына тыйым салады. Бұл мөлшерлерді әдейілеп жасамайды, ойдан шығармайды. Олар күнделікті өмір тәжірибесінен бірте-бірте туындайды, саналы таңдаусыз және ақылға күш салмай пайда болады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа мызғымайтын қасиетті ережелер жүйесі ретінде тапсырылады. Нәтижесінде қүлықтық мөлшерлері берік орнығып, өз-өздігінен орындалады. Жекеліктер оларды игергеннен кейін жүріс-тұрысты өнегелік бақылау жүзеге асырады. Жекелік бұл талап-тарды бұзуы психологиялық түрғыдан қиынға соғады. Құлықтық мөлшерлері берік орныққан қоғамда оларды бұзу сирек кездесетін *құбылыс.* Заңдардың шығуы --- мөлшерлік мәдениеттің жоғары шыңы. Құлықтық мөлшерлер адамгершілік тыйымдар мен рұқсаттарға негізделеді, оларды адамдар өзінен-өзі, дағды бойынша орындайды және осылай істегенін дұрыс санайды. Бұлай мойындаудың жағдайында әр кезде өнегелік мөлшерлерді бұзуға еліктеушілік көп кездеседі. Ондай адамды мөлшерлерге бағындыру заңда отырылған жазалаумен қорқыту арқылы іске асырылады. Сөйтіп, құлықтық мөлшерлерді қайта құру және күшейту жолымен заңға айналдырылады, заңды бұлжытпай, мүлтіксіз орындауды талап етеді. Заңды жүзеге асыру үшін арнаулы институтар құрылады: милиция, сот, абақты қылмыскерлерді қоғамнан оқшауландырып ұстайтын орын. Сонымен, заңдар - ол арнаулы саяси ұйымның өкілдерінің өздеріне берілген күш қолдану құқын пайдаланып жүзеге асырылатын ережелер. Кеңес Одағында жеке меншікке және дінге тыйым салмақ болған, бірақ ол адамдарға керек болғандықтан сақталып, жаңа демократиялық жағдайда кең өріс алды. Алайда, әр кезде жеке әлеуметтік топтарды кейбір заңдар қанағаттандырмайды. Ол үшін заң құлықтық, адамгершілік мөлшермен барынша үйлесімді болуы қажет. Бірақ бұл заң халықтың қолдауынсыз іске аспай қалды. Сол сияқты маскүнемдікке қарсы күрестің нәтиже бермеуі көпшіліктің құлықтық түсінігіне сай келмеуінен. Қазіргі қоғамда құлықтық мөлшерлер жүйесі қамтылмайтын жүріс-тұрыстың көп түрлерін заңдар реттейді. **II.** **Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері** Мәдениеттің бөлшектеріне Э. Хобель **\"жүріс**-тұрыстық **үлгінің** немесе **материалдық** өнімнің бұдан басқа бөлінбейді деп саналатын **бірлігі\"** жататынын пайымдады. Мысалға, қалам қалпақ, құрал, кілем, **соқа,** үй, әлеуметтік теңдік **пен** әлеуметтік **ойы,** әр түрлі дәстүрлер (сәлем беру, қонақ **күту, той жасау).** Әр **мәдениеттің** мындаған бөлшектері болады. Би **көптеген бөлшектерден** құралады. Бөлшектердің **жиынтығын** мәдени кешен деп **атайды.** Бір бөлшек арқылы жалпы **мәдени кешенді тұтас елестетуге** болады. **Мәдени кешен бөлшектерден қиылыстырады.** Әр бөлшектің **мағыналық** жүктемесі **болады. Мысалы,** спорттық **ойынды, фут**болды алсақ. Онымен **байланысты** мәдени бөлшектері **мынандай: стадион,** жанкүйерлер, төрешілер, ойыншылар, шабуылшылар, **жартылай** қорғаушылар, қақпашы, киімдері т.т. **Мәдени** кешендер --- кітап басу, компьютерді ойлап **шығару, өнер көрмесі,** оқыту, үйлену дәстүрі. Мәдени кешен мәдени бөлшек **пен** мәдени институттың **аралығында орналасады.** Инс**титуционалды** мәдениет **бірқатар мәдени кешендерден тұрады. Мысалы, отбасы институты келесі мәдени кешендерден тұрады: өзіне өмірлік серігін таңдау, үйлену тойы, үйленгеннің балдай** тәтті **алғашқы айы, балаларға қамқорлық жасау.** Бірақ мәдени кешеннің **бәрі** әлеуметтік **институттарға жатпайды. Олар маңызды** емес **мәдени кешендерге жатады. Мысалы,** әр **түрлі заттардың** жиынтығы **(маркалардың, ыдыс-аяқтың, қарулардың, темір,** күміс, қағаз **ақшалардың). Сонымен адам қызметінің қандай түрі болма-сын** ерекше **мәдени кешендерден тұрады, ал олардың бөлшектерін** талдаота **болады.** 1**) Жоғары дамыған мәдениетке таңдаулы мәдениет жатады,** ол қоғамның **қалаулы тобының тапсырысымен немесе пұрсатты** өкілдерімен **жасалынады. Бұлар** кәсіби **жасаушылар: өнер,** музыка, **әдебиет шығармаларын тудырады. Оны** тұтынушылар жоғары **білімді** қоғамның **мүшелері:** сыншы, жазушы, суретші. 2) Халық мәдениетін белгісіз жасаушылар дүниеге әкеледі. Ол екі түрден - көпшілік қолды және халықтың ауызша шығармашылығынан тұрады. Көпшілік қолды мәдениет қазіргі халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, әдеттерін, өлеңдерін билерін суреттейді. Халықтың ауыз әдебиеті шығармашылығында олардың өткен кезеңі суреттеледі. 3) Бұқаралық, көпшілікке түсінікті мәдениет таңдаулы топтың талғампаздығымен жасалынбайды. Жаппай мәдениеттің кең тарай бастауы XX ғ. ортасы - поп музыка (рокэнролл, битлз, рэп) халыққа тез жететін болды. Өйткені ақпаратты - радио, басылымдар, теледидар, үнтаспалық жазулар, енді бейнефильмдер арқылы дүниенің барлық түпкірлерінде, әр үйде, әлеуметтік топтардың қайсысы болмасын қысқа мерзім ішінде, әрі қолайлы жағдайлы арда тұтынатын болды. Жаппай көпшілікке арналған музыка мен кино ешбір білімді, мәдениеттілікті талап етпейді. Көпшілікке оның көркемдік құндылығының төмен болғаны толғандырмайды. Оған ойсыздық, тәндік сезімдерден ләззат табумен шектелу, өмір күрделілігінен қашып құтылам деген алдамшы сенімге белену тән. Мәдениет белгілі нақты нысандарда әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста өмір сүріп, міндетті қызмет атқарады. Мәдениеттің болмысын нақты нысанда көрсететін түсінікті әлеуметтану ғылымында субмәдениет деп атайды. Ол - жалпы мәдениеттің бір ерекше бөлігі. Өйткені әр қауымдастық пен әлеуметтік топ өзінің шартты таңбалар, сенімдер, құндылықтар, мөлшерлер, жүріс-тұрыстың үлгілерінің жиынтығын жасап шығарады. Жалпы адамзаттың мәдениетін жоққа шығармай, суб-мәдениет өзінің айырмашылықтарынсыз болуы мүмкін емес. Себебі әр қауымдастықтың өзіндік тіршілік әрекеті болады. Қазіргі қоғамның мәдениеті көптеген мәдени кешендерден тұрады. Олар өзара байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамдарды басқару мәдени кешені. Немесе белгілі шамада оқшаулануы мүмкін. Мысалы, гүл өсіру немесе бағалы заттардың жиынтыгын жасау. Әр қоғамда барлық мүшелері қабылдайтын және қолдайтын мәдени үлгілердің әлдебір жиынтығы бар. Бұл жиынтықты үстем немесе жалпыға бірдей мәдениет деп **атайды.** Сонымен қатар кейбір әлеуметтік топтар, осы қоғамның барлық мүшелері қолдамайтын мәдени белгілерді, мәдени кешендерді дамытады. Мысалы, басқа елден көшіп келген топтар аралас мәдени кешенді дамытады. Сол сияқты әр түрлі экономикалық, демографиялық және әлеуметтік топтың адамдары өзіндік мінез-құлық пен мәдениетін дамытады, жасөспірімдер өздерінің ерекше жүріс-тұрысын, тілін, киінуін қалыптастыратын жастар мәдениетін дамытады. Әр әлеуметтік институт өзіне тән, ерекше мінез-құлықтың үлгілерін жасайды және енгізеді. Сол сияқты \"әскери өмір\", \"жатақханың тұрмысы\" деген ұғымдар мәдени ерекшеліктерді көрсетеді. Осындай мәдени үлгілердің үстем мәдениетпен тығыз байланысымен қатар оның айырмашылығы бар, сондықтан бұл субмәдениетті білдіреді. Субмәдениеттік айырмашылықтар ұлттың, айналысатың істің, жыныстың, жасының, әлеуметтік-таптық тағы басқа белгілердің ерекшеліктерімен анықталады. Жекеліктердің өмірі әр түрлі субмәдениеттер аясында өтеді. Келімсектер өз ортасында, әскери адам өз ортасында, жастар өз ортасында оқшауланып өмір сүреді. Нашақорлардың, мылқаулардың, спортшылардың, жалғызбастылардың өзіндік мәдениеті бар. Ақсүйектердің және орташа тап өкілдерінің балалары өздерінің мінез-құлықтарымен төменгі топтың балаларынан айқын ажыратылады. Себебі, олар әр түрлі ақпараттан сусындайды: олар әр түрлі ортада тәрбиеленеді, әр түрлі кітаптар оқиды, әр түрлі мектептерде оқиды және әр түрлі мақсаттарға бағытталады. Әр ұрпақтың және әлеуметтік топтардың өзіндік мәдени дүниесі қалыптасады. Аулада үнемі араласатын кішкентай балдырғандар тек қана өздеріне түсінікті өзіндік субмәдениетін жасайды. Ал хайуанаттар арасында өзара әрекет жасағанмен, олар мәдениеттің нышанын туғызуға қабілетті емес. Себеп - тілдің жоқтығында. Субмәдениеттер батыстық, шығыстық, ұлттық, діни, кәсіби, ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, жастардың, студенттердің, бандалардың т.т. болып бөлінеді. \"Ұлттық мәдениет\" түсінігі бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдастығының шартты таңбаларын, сенімдерін, құндылықтарын, жүріс-тұрыстың мөлшерлері мен үлгілерін анықтауын сипаттайды. Ұлттық құрамы бір тектес және бір тілді мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Бірақ елдердің басым көпшілігінде бірнеше әр түрлі ұлттық мәдениеттер кездеседі. Діни субмәдениеттер ортақ дінге сүйеніп қалыптасады. Дүниежүзінде жалпы христиандық, мұсылмандық, буддалық мәдениеттер бар. Олардың жеке тармақтары өзінің субмәдениетін жасайды. Христиан діні православтық, католиктік, протестанттық, ал мұсылмандар шииттік және сунниттік болып тармақталады. Оның үстіне олардың секталары бар, осының бәрі өзінің субмәдениетін қалыптастырады. Қарсы мәдениеттің пайда болуы --- қалыпты және кең таралған құбылыс. Үстем болатын мәдениет белгілі қоғамның символикалық кеңістігінің бір бөлігін жөнге салады. Ол құбылыстың алуан түрлерінің бәрін қамтуға қабілетті емес. Қалған кеңістік өзінің арасында субмәдениет және қарсы мәдениет болып бөлінеді. Біреуіне сенімсіздікпен, ал басқаларына қастықпен қатысса да, олар үстем тұрған мәдениетке өте қажет. Қарсы мәдениет ретінде жаңа заманның басындағы алғашқы христиандык діншіл секталар, орта ғасырдағы утопиялық коммуналар және большевиктердің идеологиясын айтуға болады. Кейде субмәдениет пен қарсы мәдениеттің арасындағы айқын айырмашылықты көрсету қиын немесе тіпті мүмкін емес. Мұндай жағдайда бір құбылысқа тең құқықтағы екі аталымы да қолданылады. Мысал ретінде \"көшелік мәдениет\" аталымы жатады. Америка әлеуметтанушысы және антропологы Д. Хортонның ойы бойынша, егер ол адамдар қарым-қатынасына ашық болса, \"көшелік мәдениет\" әлеуметтік кеңістіктің әр нүктесінде тіршілік етеді. Тұрғындардың аз қамтылған топтары, үйсіздер, зейнеткерлер, жұмыссыздар, ұлттық азшылықтар, қиын жасөспірімдер мен хиппи өкілдері осындай субмәдениеттің әлеуметтік негізін және қозғаушы күшін құрайды. Бұл топтың әрқайсысы өзіндік субмәдениетін иеленіп, сонымен бірге жаңа аутсайдерлер субмәдениетін --- олардан үстем тұратын \"көше мәдениетін\" құрады да, оларды біріктіріп, бірақ жалпы ұлттық мәдениеттің бөлшегі ретінде танылады. "**Көшелік мәдениет**" өкілдері өздерін \"көшенің адамдары\", салқынқанды \"байсалды\" немесе жай \"жүйе\" деп санайды. Олар **қандай** да бір лақап атты иемденгенімен, өткен-кеткендер оларды бұзақылар қатарында қарайды, яғни көшеде және көше арқылы **өмір** сүретін адамдар деп қарайды. Олар киімі, әдеп-ғұрпы, сөйлеу **мәнері** арқылы ажыратылады. Олар мойындатуға тек өздерінің арасында ғана қол жеткізуге ұмтылады, бірақ бұл жанжағындағыларға әрқашанда қолайлы бола бермейді. \"Көшелік мәдениеттің\" өкілдері өздерінің оғаш мінез-құлықтарының көріністері арқылы, яғни өткендерге әкіреңдеп және жәбірлеп, өкіметке бағынбай, жұмыс істеуден бас тартып, ыңғайсыздық көрсете алады. Субмәдениеттік мінез-құлық оның субъектілерінің қандай әлеуметтік топқа, ұлтқа~,~ нәсілге жататынына байланысты ажыратылады. Тағы айтатыны - жас айырмашылығы. Өскіндік, жастық, бозбалалық жасөспірімдік, жеткіншектік сияқты мінез-құлықтарымен төменгі топтың балаларынан қатты ажыратылады. Олар әр түрлі кітаптар оқиды, әр түрлі мектептерге барады, әр түрлі мақсаттарға ұмтылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар барлық жағынан әлеуметтік арақашықты сақтаушылар ретінде ересектер сияқты өздерін ұстай біледі. Әр әлеуметгік топтың өзіндік дүниесі және өзінің мінез-құлықтық жүйесі болады. Олар қиылысқан кезде, тіресулері әрқашан да бейбітшілік жолмен аяқтала бермейді. \"Жасыл\" қоғамның **белсенділері** және жеткіншектік бандалар, кәсіби спортшылар, **анаша** сатушылар, жезөкшелер мен ғылыми қалаулы топ бір қоғамда тіршілік етеді, бір елде бір үкімет пен заңын иемденеді. Алайда мінез-құлық мәнерінің, киім түрінің, тіл **және** әдет-ғұрпының әр **түрлілігі** сияқты олардың көзқарастары **мен** өмірлік мүдделері де **әр** түрлі. Олар кеңістік арқылы кейде уақыт арқылы **бөлінуі** мүмкін, бірақ оларды жалпы **негіз**-жастық субмәдениет **біріктіреді.** Бірақ **хиппи** қозғалысы сияқты жастар субмәдениеті үстем мәдениетке қарсы мәдениет болып шығуы мүмкін. Ал қарсы мәдениеттің ең айқын көрінісін қылмыстық топтардың, мафиялық ұйымдардың, астыртын секталардың субмәдениеті бейнелейді. *Қьтмыстың субмәдениет.* Өздерін \"зорлық-зомбылықтың фабрикасы\" деп атайтын абақтылардың түлектері өзіндік мінез-құлықтары, ережелері және тілдерін қалыптастырып ерекшеленеді. Бұл жерде өзінің иерархиялық жүйесі және пұрсаттары орнықтырылады. Үстем жікті блатнойлар деп атайды, олар \"аса пұрсаттылар\" (босс, адыр, бүкір, кернеу, мүйіз) және \"жәй пұрсаттыларға\" (тұлпар, тазы,..) бөлінеді. Біріншілері бейресми жетекшілері, екіншілері --- босстың кеңесшілері, қолғанаттары, олардың қалауын орындаушылар мен бейресми ережелерін түсіндірушілері. Таңдаулы жіктің өкілдері қоғамдық жұмыстардан бас тартуға бел буады, Есесіне басқаларының - \"шаруалардың\" жұмыс істегенін, жылу жинауын қалайды. Пұрсаттылар өздерін тұрмыстық артық жағдайларды қамтамасыз етеді, дәреже бойынша сотталғандардың қарым-қатынасын реттейді. Ережені қатал бұзғандардың абыройынан айырып, лас жұмыс істетеді және еркектердің нәпсіқұмарлығына қызмет етеді. Осындай \"құдай өкпелеткендерге\" қол беру, бір ыдыстан ішу, көмек беруге тыйым салынады. Ішкі жіктелу құрылымын қуаттау мақсатында \"тіркеу\" ресімін қолданады. Ол ойын, жұмбақ және басқа да сынама қимылдар түрінде жүргізеді. Жоғарғы жіктегі мәртебесін сақтау үшін олар күнделікті ресми билік қоятын талаптарын орындамай, тәртіп бұзушыларды қатал жазалаудан қайтпайтынын дәлелдеп береді. **III.** **Мәдениеттің бірлігі мен әр түрлілігі** Әлеуметтанушылардың алдында тұрған маңызды мәселе адамзаттың мәдени әмбебаптықтарының болуын анықтау еді. Американдық ғалым Джордж Мердок барлық қоғамдарға ортақ болатын 88-ден аса мәдени әмбебаптықтарды ашып көрсетті. Шығу реті бойынша барлық мәдениеттерге тән бөлшектер мыналар:1) ым; 2) тіл; 3) қоректенуді іздеу; 4) мекендеу орны; 5) киім; 6) еңбек құралдарын жасау; 7) адамға ат қою; 8) жасына қарай дәрежелеу; 9) тамақты дайындау; 10) тамақты қабылдау уақыты, 11) тазалықты сақтау; 12) би; 13) сәндік әшекейлер; 14) неке; 15) отбасы; 16) сан; 17) ауа райын болжау; 18) күнтізбе; 19) еңбек бөлінісі 20) мүлік; 21) меншік; 22) шартты таңбалар; 23) өнеге-ғибрат; 24) дін; 25) заң; 26) үй шаруасы; 27) меншік құқығы; 28) жазалау шаралары; 29) сәлем беру; 30) түс жору; 31) мұрагерлік құқық; 32) жазалау шаралары; 33) жыныстық-тәндік қатынастардағы шектеулер; 34) тәртіп сақтау; 35) қауымдық ұйым; 36) қонақжайлылық; 37) мейрамдар; 38) емдеу; 39) сыйлықтар тарту ететін әдет; 40) ырымшылдық; 41) сиқыршылық; 42) жерлеу салт жоралары; 43) қайғылы күн; 44) жан туралы ілім; 45) ақырзаман; 46) ойындар; 47) спорт; 48) туысқандық қатынастар; 49) әзілдесу; 50) өкімет; 51) саяси мінез-құлық; 52) ән айту; 53) бейнелеу өнері; 54) жол жүру мен тасу т.т. Олардың ең маңыздылығы адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік талаптарын қанағаттандыруы. Адамдар өмір сүру барысында ұқсас мәселелерді шешуге мәжбүр. Баланың туылғанынан өлгенінше күнкөріс, тәрбиелеу, білім беру, қиыншылықтарды жеңу қалыпты мөлшерден ауытқыған жүріс-тұрыспен кездеседі, отбасын құру т.с.с. көптеген өмірлік маңызы бар мәдени талаптарды орындайды. Яғни биологиялық табиғат пен өмір сүрудің жалпы заңдылықтары ұқсас әмбебапты мінез-құлықты тудырады. Бірақ әмбебаптықтар нақты мінез-құлықтың нақты бөлшектерін көрсетпейді. Әмбебаптықтар жалпылама ұғымдарға жатады, олар мәдениеттің мазмұнын көрсетпейді. Мысалы, әр түрлі мәдениеттерде отбасылық өмірдің тұрпаттарының айырмасы бар. Бір жұптан тұратын отбасымен (моногамия) қатар, полиандрия (көп күйеуінің болуы) немесе полигиния (көп әйел алу) кездеседі. Қоғам мүшелерінің мәдениетті қабылдауы әрқилы. Мәдениет адамның өзара әрекетінің маңызды тетігі ретінде олардың өмір сүруін, қауымдасудың бірлігі мен тұтастығын сақтап қалуды және басқа қауымдасулармен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Сондықтан, әсіресе XX ғ. басындағы ғаламдық деңгейдегі аласапыран, астан-кестеңнің, діндердің, өркениеттердің қарама-қарсылығы негізінде шиеленісуі басқа мәдениеттерді бағалаудың қайшылықты үдеріс екені адамзатты толғандырады. Адамдар даму барысында өз тарихының ұзақ кезеңін оқшауланып өмір сүрді. Сондықтан өз қауымында қалыптасқан мәдени өмірін зерделеу қажеттілігі халық саны көбейіп, елдердің бір-бірімен түйісуі жиіленгенде ғана пайда болады. Антрополог Р. Линтон алғашқы қауымның адамдары өз мәдениеті барын көмескі түсіне бастауының себебін басқа дәстүрлермен танысуы арқылы түсіндіреді. Басқаларды бағалауын әуелден өз мәдениеті тұрғысынан қарайтын болып қалыптасқан. Бұл - барлық елдерге тән этноцентризм құбылысы. Этноцентристік көріністер барлық деңгейде, отбасынан бастап мемлекет басқаруында да байқалады. Бір жағынан сана ұлттық отбасынан бастап әлеуметтік байланыстарды нығайтады және қоғамның бірлігін, орнықты болуына, таптық қайшылықтарды шешуге негіз болады. Ал екінші жағынан басқа қауымдардан оқшауландыруы, жек көрушілікті, өзін басқа ұлт өкілдерінен артықшылық сезімін қалыптастыруға әкеліп, ұлтаралық қақтығыстарға дейін жеткізетіні әлі күнге кездесетін шындық. Мәдени этноцентризм басқа ұлттарды, олардың мәдениетін дұрыс зерттеуге кедергі жасайды. Басқа халықтардың мінез-құлқын өз мәдениетімің қалыптастырған құндылықтары, сенімдері мен дәлелдері арқылы түсіндіру мүмкін емес. Этноцентристе көзқарасқа қарсы релятивизм қалыптасты. **Relativus** - салыстырмалық деп аударылады. Мәдени релятивизм халықтың мінез-құлқын оның өз мәдениеті тұрғысынаи алып қарайды. Мәдени релятивизм М. Вебер ұсынған бағалаудан азат бейтарап амалды таңдайды. \"Әр елдің салты басқа\" болғандықтан, \"бізде осындай салт-дәстүр\" деп басқаға оқшау көрінетіннің сол ел үшін дұрыс болғанын ұғыну аса маңызды. Иннуит деген елде, әлі кеткен қарт адамды суықта өлгенінше тастап кетеді. Бұны олар адам-гершілік шара ретінде қолданады. Иннуиттер о дүниеге тез жетсін деген оймен қартты өлімге бұйырады. Ол өздерінің қатал табиғи, қауіп-қатері мол, ал азық-түлігінің жетіспейтін жағдайында қалыптастырған әдет-ғұрпы. Әлсіз адамдар артық ауыз саналады. Басқаларға бұл мейірімсіздік болса, иннуиттер бұны адамгершілік-ке жатқызады. Бір елде шіркеуге барғанда бас киімін ер адамдар шешіц кіреді (Еуропа), иудаизм дінінде керісінше және мешіт-те мұсылмандар бас киіммен сыйынып, намаз оқиды. Еуропада өлгенді шығарып саларда қара жамылса, Қытайда киімі ақ түсті болады. Папуастар тайпаларында қонақ өзіне ұсынған қүстың сүйегін кеміріп, жартысын көсемге ұстатып сый-қүрмет білдіреді. Басқалар өзгелердің дәстүрін олардыц өздері үшін дұрыс деп қабылдауы қажет. Сондықтан басқа мэдениеттің ерекшеліктерін дұрыс қабылдау үшін~?~ оның нақты белгілерін оны қалыптастырған жағдайлармен байланыста алып қарау қажет. Әр мәдени бөлшектің құндылығы мен маңызы белгілі мәдениеттің қүрамында және даму ерекшеліктерімен байланыста ғана қаралуы тиісті. Қатал суық жағдайында Сібір халықтары сол жағдайға лайықты жылы киім щығарған, көшпенді қазақ елі көшуге ыңғайлы киіз үй, теріден жасалған саба сияқты т.б. ыдыстар жасап тұтынған. Әр түрлі құбылыстарды мәдени салыстырмалық тұрғысынан бағалау ол басқа мәдениеттердің өзгешеліктерінің себептерін түсіндіріп, оларды занды екенін мойындау. Мәдени релятивизмнің негізгі қағидасы бойынша белгілі жеке мәдени жүйенің бөл-шектері дұрыс деп саналып және бәрі қабылдайтыны олар осы жүйеде өзін жақсы таныта алғандықтан. 1891 ж. Н. Ядринцев орыс жағрапиялық қоғамында жасаған баяндамасында этноцент-ристік көзқарастар нәсілшілдік тудыратынын эшкерелеген. Орыс пен еуропалық интеллигенцияның бір бөлігі көшпенділердің тұрмысын отырықшылықтың болмысы тұрғысынан бағалауы үлкен жаңылысу мен жаман әдетке айналып, негізі жоқ қастандық көзқарасты қалыптастыратыны айыпталған. Басқа мәдениеттерді кемсіту ол ұлттық өзімшілдік, оның салдарынан өзара әрекетке, ьгнтымақтасу мен өзара мәдени баюға зияны тиеді. Баскалардың мәдени өзгешілігін қабылдай алмау, оған дұрыс емес деп менмендікпен қарау жанжалды жағдайларды тудырады. Мәдени релятивизм этноцентризмнің жұмсаруына әсер етеді. Жекелік өз мәдениеті үшін мақтаныш сезімге бөленіп, сонымен қатар басқа мәдениеттің өкілдері де өз мәдениеті үшін дәл осындай сезімге толық құқылы екенін мойындауы қажет. Қазіргі жаһандану және бұқаралық ақпараттар құралдарының өте дамыған кезеңінде мәдениеттердің өзара байытылуы асқан қарқынмен жүріп жатыр. Жердің қай түкпірінде болмасын бәрі дамыған 30-50 елдерде шығарылатын киім, ыдыс, жиһаз, жеңіл көлік, теле, радио, музыка ақпараттарын, компьютерді кеңінен қолданып жатыр. XXI ғ. тағылық қатынастардың сарқыншақтарын жоюға тиіс. Онсыз адамзат өз-өзін жоюға жол ашады. Қорытынды. Сонымен мәдениет бұл -- әлеуметтік категория, қоғамдағы шындықты, үстем болып отырған қоғамдық қатынастарды көрсететін көпқырлы құрал. Мұнымен бірге "мәдениет" деген ұғымның тар мағынасы да бар. Себебі әрбір әлеуметтік субъект өмір шындығын өзінше түсініп, дамытады. Қорыта айтқанда әлеуметтануда басты назарды рухани мәдениеттердегі мына элеметтердің қызмет жасауына аударады: Ең бірінші және неғұрлым маңызды элемент, бұл - тілде белгіленген және белгілі ұғымдар мен түсініктерде көрсетілген білімдер. Ал, тіл дегеніміз адамзат тәжірибесінің жинақталуының, с инақталуының із адамзат тәжірибеінің т, бұл - тілде белгіленген және белгілі ұғымдар мен түсініктерде көрсетілген ақталуы мен сабақбақтастығының объективтік бейнесі. Мәдениеттің екінші маңызды құрамды бөлімі құндылықтаным жүйесі болып табылады. Мәдениеттің қорытынды -- біріккен бейнесі болып жүріс-тұрыс,тәртіптің үлгілері: әдет-ғұрыптар, дағдылар, дәстүрлер саналады. Мәдениеттің қоғам өміріндегі рөлі оның мына қызметтері арқылы іске асады: 1. Білім беру -- тәрбие қызметі. Бұл қызметке сүйене отырып адамды адам қылатын мәдениет деп айтуға болады: 2\. Мәдениеттің біріктіруші және айырушы қызметі. Яғни бір жағынан мәдениет адамдарды, халықтарды топтастырып, біріктіреді, екінші жағынан кей уақыттарда біреулерді біріктіре отырып, оларды басқаларға қарсы қояды да кең қауымдастықтарды бөлшектейді. Бұдан мәдениет саласындағы қақтығыстар туып, ол айырмашылық та рөл атқарады. Мәдениеттің реттеп отырушы қызметі. Мұнда мәдениет адамдардың әлеуметтендірілуінің процесінде құндылықтар, мұраттар, жүріс-тұрыстың, тәртіптің ережелері мен үлгілері тұлғалар сана-сезімнің бөлігіне айналады. Әдебиеттер тізімі 1. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология.-Алматы,2001 2. Қарабаев Ш.К. ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ оқу құралы Экономика баспасы Алматы, 2007ж. 3. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев Әлеуметтану Алматы, 1999ж. 4. Әбсаттаров Оқу құралы 5. Әбдімәлік Нысанбаев Социология Алматы, 2002ж.