СМ Шаблон БТЗ 2024-2025 Exam Template (PDF)

Document Details

PleasurableBowenite8168

Uploaded by PleasurableBowenite8168

2024

Tags

construction materials building materials exam engineering

Summary

This document is an exam template for construction materials. It includes a list of questions about different types of building materials and their properties, such as mechanical, physical, and chemical characteristics. The exam is scheduled for 30 minutes and includes testing of theoretical knowledge regarding construction material acquisition technologies.

Full Transcript

**Халықаралық білім беру корпорациясы** Изображение выглядит как логотип, Графика, Шрифт, круг Автоматически созданное описание **Международная образовательная корпорация** **Оқу жылыСеместр [осенний] **Факультеті**/ Факультет [СТИМ] **Емтихан бағдарламасыДисциплина: **[Құрылыс материалдары]*...

**Халықаралық білім беру корпорациясы** Изображение выглядит как логотип, Графика, Шрифт, круг Автоматически созданное описание **Международная образовательная корпорация** **Оқу жылыСеместр [осенний] **Факультеті**/ Факультет [СТИМ] **Емтихан бағдарламасыДисциплина: **[Құрылыс материалдары]** **Білім беру бағдарламалары**/Образовательные программы: [6В07321 -- «Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау»; 6В07322 -- «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы»; 6В07327 -- «Құрылыстағы ақпараттық технологиялар»; 6В07342 -- «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы»; 6В07351 -- «Жылумен газбен жабдықтау және желдету»; 6В07352 -- «Сумен жабдықтау және кәріз»] **Топтар үшін/Для групп:** [РПЗС-23-1,4 (24)к, РПЗС-23-1,2,3,4,5,6\*, ТГВ-23-1,2(24)к, ТГВ-23-1,2\*, ИТС(BIM)-23-1\*, ИТС(BIM)-23-1\*(24), РПЗС-23-7,8,9,11,12\*, ВИПУ-23-1\*, ВИПУ-23-1\*(24), ТПГС-23-1,2,3,4,5,6\*, ТПГС-23-3(24)к, ТПГС-23-8(24)к] **Оқыту түрі мен тілі** /Форма и язык обучения: [күндізгі, орыс] **Кредиттер/сұрақтар саны** /Количество кредитов/вопросов: [5 кредит (300 сұрақ)] **Отырыста бекітілген Зав. кафедрой ТМиМС \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Ибраимбаева Г.Б. **Бағыт бойынша жауапты**/**Разработчики \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Ибраимбаева Г.Б., Байсариева А.М., Орынбеков Е.С. **\ МАЗМҰНЫ** **1. Пән бойынша емтиханның мақсаты мен міндеттері:** ***Емтиханның мақсаты*** **-- Құрылыс материалдарын алу технологиясының түрлері, қасиеттері мен негіздері туралы қалыптасқан теориялық білімді бақылау** ***Емтихан міндеттері* -- құрылыс материалтану бойынша алған білімдерін бекіту: жіктелуі, функционалдық қасиеттерінің ерекшеліктері, өндіріс негіздері және әртүрлі мақсаттағы құрылыс материалдарын қолдану салалары** **2. Емтихан өткізу нысаны --** компьютерлік тестілеу **3. Емтиханды бағалау критерийлері:** Тест тапсырмаларының санына байланысты әрбір тест сұрағының өзіндік салмағы болады. **90-100 баллдық «өте жақсы» баға** -- 27-30 дұрыс жауап **70-89 баллдық «жақсы» баға** -- 21-26 дұрыс жауап **50-69 баллдық «қанағаттанарлық» баға** -- 15-20 дұрыс жауап **0-49 баллдық «қанағаттанарлықсыз» баға** -- 0-14 дұрыс жауап **4. Емтиханға бөлінген уақыт:** 30 минут **5. Тапсырмалар тізімі:** 1. 2. **Заттық құрам** A. затты құрайтын химиялық элементтердің жиынтығы B. тотықтардың жиынтығы C. өлшемдері мен пішіндері әртүрлі түйіршек немесе дәндердің жиынтығы D. жүйедегі қасиеттері мен физикалық құрылысы бойынша бірыңғай бөлшектердің жиынтығы 3. **Химиялық құрам** A. тотықтардың жиынтығы B. дененің тұтастығын қамтамасыз ететін тұрақты байланыстар жиынтығы C. табиғи немесе жасанды химиялық қоспалардың (минералдар) жиынтығы D. затты құрайтын химиялық элементтердің жиынтығы 4. **Минералдық құрам** A. табиғи немесе жасанды химиялық қоспалардың (минералдар) жиынтығы B. тотықтардың жиынтығы C. затты құрайтын химиялық элементтердің жиынтығы D. жүйедегі қасиеттері мен физикалық құрылысы бойынша бірыңғай бөлшектердің жиынтығы 5. **Фазалық құрам** A. жүйедегі қасиеттері мен физикалық құрылысы бойынша бірыңғай бөлшектердің жиынтығы B. тотықтардың жиынтығы C. табиғи немесе жасанды химиялық қоспалардың (минералдар) жиынтығы D. өлшемдері мен пішіндері әртүрлі түйіршек немесе дәндердің жиынтығы 6. **Құрылыс материалдарының механикалық қасиеттеріне жатады** A. беріктік, серпімділік, иілімділік, морт сынғыштық, қаттылық, үйкелушілік B. суға төзімділік, аязға төзімділік, сығымдылық, кристалдылық C. жылуға төзімділік, отқа шыдамдылық, су сіңіргіштік, жабысқақтық D. тығыздық және кеуектілік 7. **Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне жатады** A. жылуөткізгіштік, тығыздық, кеуектілік B. сенімділік, үйкелу, анизотроптық, ұзақ мерзімділік C. отқа төзімділік, себілмелілік, жабысу беріктілігі D. беріктік, ұзақ мерзімділік, қаттылық, сығымдылық 8. **Материалдың химиялық қасиеттері** A. сілтіге төзімділік, ерігіштік B. атмосфераға төзімділік, дисперстік C. аязға төзімділік, жабысуға беріктік D. жылу өткізгіштік, гигроскопиялық 9. **Материалдардың микроқұрылымы бола алады:** A. кристалды және аморфты B. кеуекті және қатты C. қабатты және конгломератты D. себілмелі және талшықты 10. **Материалдардың макроқұрылымы бола алады:** A. талшықты, ұялы, түйіршекті, конгломератты B. сұйық, қатты, газтәріздес, кристалды және аморфты C. иондық, молекулалық, гидрофобты, жылуфизикалық D. амортық, ұнтақ, поликристаллды 11. **Микроқұрылым материалдардың келесі қасиеттеріне әсер етеді** A. жылуөткізгіштікке, ұлғаюға, гигроскопиялылыққа B. отқа төзімділікке, сілтіге төзімділікке, ыстыққа шыдамдылыққа C. кеуектілікке, коррозияға төзімділікке, сусіңіргіштікке D. механикалық және химиялық қасиеттеріне 12. **Заттың ішкі құрылысы материалдардың қандай қасиеттеріне әсер етеді** A. қаттылық, беріктік, сыртқы әсерлерге төзімділік B. отқа төзімділік, коррозияға төзімділік C. химиялық және эксплуатациялық әсерлер D. кеуектілік, гигроскопиялылық, сусіңіргіштік 13. **Материалдың кеуектілігі әсер етеді** A. беріктікке, жылуөткізгіштіктке B. қаттылыққа, отқа шыдамдылыққа C. термиялық, химиялық төзімділікке D. ядролық сәуленің өтіп таралуына 14. **Орташа тығыздық -- ол** A. материалдың табиғи күйіндегі салмағының көлеміне қатынасы B. материалдың тығыздығының судың тығыздығына қатынасы C. материалдың мүлде тығыз күйіндегі салмағының көлеміне қатынасы масса единицы объема D. кеуекті материалдардың нығыздалған күйіндегі тығыздығы 15. **Кеуектілік -- ол** A. материал көлемінің кеуектермен толу дәрежесі B. материал көлемінің қатты заттармен толу дәрежесі C. материалдың ылғал ауадан су буын сіңіру қасиеті D. материалдың қысыммен су өткізу қасиеті 16. **Гигроскопиялылық дегеніміз материалдың мынандай қабілеті** A. капиллярлы-кеуекті материалдың ылғал ауадан су буын сіңіріп алу қасиеті B. материалдың қысыммен су өткізу қасиеті C. материалдың суды ұстап тұру қабілеті D. материал көлемінің сумен толу дәрежесі 17. **Материалдың аязға төзімділігі дегеніміз --** A. сумен қаныққан материалдың бірнеше мәрте кезекпен мұздатып және еріткенде беріктілігін сақтау қабілеті B. материалдың теріс температуралар әсеріне шыдау қасиеті C. материалдың суық суда бүлінбеу қасиеті D. сумен қаныққан материалдың беріктілігінің құрғақ материалдың беріктілігіне қатынасы 18. **Беріктік -- материалдың мынандай қасиеті** A. ішкі кернеулерді туғызатын жүктеулер немесе басқа әсерлерді бұзылмай қабылдауы B. өзіне басқа материалдардың енуіне қарсыласуы C. соққыдан деформацияланбауы және жарылмауы D. сыртқы физикалық әсерлерді қабылдауы 19. **Материалдың себілме тығыздығы тәуелді** A. оның ылғалдығы мен түйіршіктерінің ірілігіне B. материалдың кеуектілігіне C. материал түйіршіктерінің пішініне D. ірілігіне ғана 20. **Жұмсару коэффициенті дегеніміз** A. сумен қаныққан материал беріктігінің құрғақ материал беріктігіне қатынасы B. материалдың ылғалдың әсерінен жұмсару дәрежесі C. материалдың әртүрлі органикалық еріткіштер әсерінен жұмсару дәрежесі D. материалдың суөткізгіштігін сипаттайтын мән 21. **Жылуөткізгіштікті төмендетуге болады** A. жалпы кеуектілікті жоғарылатып B. тығыздықты арттыру арқылы C. кеуекті құрылымды тығыз құрылымға өзгерту жолымен D. материалды ылғалдап 22. **Материалдың отқа төзімділігі** A. материалдың өрт жағдайында от әсерінен және судан бұзылмау қабілеті B. материалдың жоғары температуралық жағдайларда ұзақ уақыт деформацияланбауы және бұзылмауы C. отта жанбау қасиеті D. жоғары температураларда балқымау қабілеті 23. **Материалдың отқа шыдамдылығы** A. материалдың жоғары температураларға ұзақ уақыт деформацияланбай және жұмсармай шыдауы B. бұйымның өрт немесе ыстық климат жағдайында жоғары температура әсерінен бұзылмау қабілеті C. материалдар мен бұйымдардың отта жанбау қасиеті D. материалдың өрт жағдайында әсемдік және беріктілік қасиеттерін сақтауы 24. **Құрылыс материалдарының жылуфизикалық қасиеттеріне жатады** A. жылуөткізгіштік, отқа төзімділік, отқа шыдамдылық B. атмосфераға төзімділік, ұнтақтық, сілтіге төзімділік, C. аязға төзімділік, жабысуға беріктік D. жылуөткізгіштік, гигроскопиялылық, ерігіштік 25. **Қаттылық дегеніміз материалдың \...\... қарсыласуы** A. өзінен қатты дененің батуына B. сыртқы июші жүктемелерге C. ішкі кернеуші жүктемелерге D. бұратылуға 26. **Гидрофизикалық қасиеттер:** A. сусіңіргіштік, гигроскопиялылық, суөткізгіштік, аязға төзімділік B. аязға төзімділік, жабысуға беріктік, жылуөткізгіштік, коррозияға төзімділік C. жылуөткізгіштік, гигроскопиялылық, жұмсару коэффициенті, атмосфераға төзімділік D. жылуөткізгіштік, гигроскопиялылық 27. **Серпімділік -- ол** A. материалдың сыртқы күш әсерін деформацияланып, кейін бастапқы формасы мен өлшемдерін өз еркімен қайтадан қалыптастыру қасиеті B. сыртқы күш әсерінен материалдың формасы мен өлшемдерін жоғалтып, оларды өз еркімен қайтадан қалыптастыра алмау қасиеті C. дененің еш қалдықсыз деформациясыз бүлінуі D. атомдардың ығысуымен сыртқы әсерлерден деформациялануы 28. **Тау жыныстары пайда болуы бойынша топтарға бөлінеді** A. магмалық, шөгінді, метаморфтық B. ақтарылған, сынған, химиялық тұнба C. магмалық, төгілмелі, цементтелген D. ақтарылған, жанартау шөгінділері, органогендік 29. **Магмалық тау жыныстары пайда болған** A. жер қыртысының әртүрлі тереңдігінде және бетінде магманың қатып қалуынан B. жер қыртысында физика-химиялық процесстер нәтижесінде C. желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында D. жоғары температуралар мен қысымдар нәтижесінде 30. **Метаморфтық тау жыныстары пайда болған** A. шөгінді және магмалық тау жыныстарының физика-химиялық жағдайлардан өзгерістерге ұшырап, түрленуі нәтижесінде B. жер қыртысының әртүрлі тереңдігінде магманың қатып қалуынан C. әртүрлі тау жыныстарының желге мүжіліп бұзылу нәтижесінде және сондай өнімдердің басқа жерлерге тасымалдану жағдайында D. жанартау әсерінен азғантай тереңдікте магманың кристаллдануы нәтижесінде 31. **Шөгінді тау жыныстары пайда болған** A. желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында B. жер қыртысында физика-химиялық процесстер нәтижесінде C. жоғары температуралар мен қысымдар нәтижесінде D. жанартау әсерінен азғантай тереңдікте магманың кристалдануы нәтижесінде 32. **Базальт пайдаланылады** A. бетон толтырғышы ретінде, минералдық мақта өндірісінде, арматура ретінде B. дөрекі керамика, көбікшыны өндірісінде C. нәзік керамика өндірісінде, беріктілігі жоғары бетондар құрамында D. гипсокартон және гипсталшықты парақшалар өндірісінде 33. **Мәрмәрды ғимараттардың сыртқы өңдеуіне пайдаланбаудың себебі** A. оның атмосфералық әсерлерге бейімділігі, аязға төзімділігінің төмендігі және үйкелушілігінің жоғарылығы B. гранитпен салыстырғанда мәрмәр тақталарды тегістеп, жалтырату қымбат C. мәрмәр өте морт сынғыш, сондықтан өңдеулік тақталарды дәстүрлі тәсілмен қабырғаға бекіту қиындық туғызады D. эстетикалық көркемдігі жеткіліксіз 34. **Механикалық шөгінді тау жыныстарына жатады** A. саз, құм, қиыршықтас B. андезит, құм, шағылтас, гипс C. гипс, гранит, бор, гранит, әктас D. мрамор, гнейс, кварцит 35. **Жарылу бағыты бар дегеніміз** A. кейбір минералдардың соққыдан жазықтықтар бойынша жарылу қабылеті B. материалдың жылуизоляциялық сапасын сипаттайтын қасиет C. материалдың созылу беріктігін сипаттайтын қасиет D. кейбір минералдардың соққыдан шайқалмау қабылеті 36. **Метаморфтық тау жыныстарына жатады** A. мәрмәр, гнейстар, кварциттар B. базальт, ұлу тас, гипс C. гранит, сиенит, диабаз D. әктас, жанартау күлі, саз 37. **Органикалық шөгінді тау жыныстарына жатады:** A. ұлутас, әктас, бор, диатомит B. мәрмәр, гнейс, кварцит, порфирит, диабазы, базальт C. габбро, гранит, диорит, сиенит, туф D. базальт, перлит, вермикулит, лабрадорит, құмтас 38. **Магмалық жыныстардың жыныстүзуші минералдары** A. слюда, кварц, дала шпаттары B. глинозем, опока C. гипс, роговая обманка (мүйізді қоспа) D. ангидрит, каолинит 39. **Шөгінді жыныстардың жыныс түзуші минералдары** A. гипс, кварц, кальцит, каолинит B. кварц, дала шпаты, слюда, роговая обманка (мүйізді қоспа) C. слюда, магнезит, опал, кремнезем D. силикат, плавик шпаты, флюорит, гипс 40. **Тығыз және суға төзімді тау жыныстары** A. гранит, сиенит, габбро, лабрадорит B. брекчия, ангидрит, туф, пемза, гипс C. доломит, трепел, құмтас, әктас D. пемзалар, туфтар доломит, магнезит, әктас-ұлутас 41. **Тау жыныстарының қаттылығын анықтайды** A. Моос шкаласы бойынша B. Гарри аспабында сынап C. гидравликалық прессте сынап D. Бринель бойынша 42. **F25 деген білдіреді** A. материал 25 цикл кезекпен мұздатылып, ерітілгенін B. материалдың мұздатылған күйіндегі сығым беріктілігі 25 МПа- ға тең C. материал кеуектілігі 25% құрайды D. материалдың сусіңіргіштігі 25% құрайды 43. **Байланыстырғыш затты алу үшін қолданылатын тау жынысы** A. әктас B. гранит C. цемент D. асбест 44. **Табиғи тас материалдарының сығым беріктіктері** A. М0,4...М100 B. М15...М50 C. М200...М600 D. М500...М1000 45. **Табиғи тас материалдарының аязға төзімділігі бойынша маркалары** A. F10...F500 B. F30...F50 C. М30...М125 D. М150..М300 46. **Ыстыққа төзімді табиғи тас материалдары мен бұйымдарын алады** A. базальттан, жанартау туфынан B. гипстен, әктасынан, вермикулиттен C. граниттен, кварциттен D. доломиттен, ангидриттен, бордан 47. **Сілтіге төзімді тау жыныстары** A. әк тас, мәрмәр B. гранит, құм C. жанартау күлі, пемза D. кварцит, ұлу тас 48. **Қышқылға төзімді тақтайшаларды алуға болатын тау жыныстары** A. гранит, кварцит B. әк тас, саз C. әк тас туфы, гранит D. ангидрит, пемза 49. **Түрпілі өңдеумен алынатын фактура** A. қырналған, тегістелген, жылтыратылған B. араланған, бұдырланған, айғыздалған C. «жар тас», қайралған, тегістелген D. шақпақталған, жонылған, бұдырланған 50. **Жанбайтын құрылыс материалдары** A. кірпіш, жабынқыш, болат, гранит B. фибролит, асфальт бетон, алюкобонд C. ағаш, киіз, битум, торф тақталары D. пенополистирол, ксилолит, қамыс тақталары 51. **Дайындалу тәсілі бойынша табиғи тас материалдары мен бұйымдары келесі түрлерге бөлінеді** A. араланған және шақпақталған B. фрезерленген және шақпақталған C. түрпіленген және бұдырланған D. қырналған және жылтыратылған 52. **Керамикалық деп аталады \....** A. минералдық шикізатты технологиялық өңдеу процесі және жоғары температурада күйдіру арқылы алынған жасанды тас материалдар мен бұйымдар B. құрамындағы байланыстырғыш қатайған соң ғана беріктілікке ие бола алатын жасанды тас материалдар мен бұйымдар C. кварц құмы, әк және судан тұратын қатаң араласпаны қысыммен пресстеп және автоклавта қатайту жолымен дайындалатын бұйымдар D. минералдық силикатты балқымалардан алынатын бұйымдар 53. **Кірпіш маркасын анықтайды** A. иілім және сығым беріктігі бойынша B. тығыздығы және су сіңіргіштігі бойынша C. ақаулары бойынша D. стандарттық өлшемдерден ауытқуы бойынша 54. **Тиімді қабырғалық қыш бұйымдарына жатады:** A. орташа тығыздығы бойынша класы 0,7 ден 1,4-ке дейінгі B. беріктігі мен аязға төзімділігі жоғары бұйымдар C. ұсақ бұйымдар D. бағасы арзан бұйымдар 55. **Қарапайым қыш кірпішінің маркалары** A. М100...300 B. М10...25 C. М25...150 D. М700...1000 56. **Қыш кірпішінің аязға төзімділігі бойынша маркалары** A. F15...F50 B. F300...F600 C. F50...F1000 D. F0,5...F0,465 57. **Қыш кірпішін қалыптау әдістері** A. иілімді қалыптау, жартылай құрғақтай престеу B. экструзия, жаншып шығару C. қысыммен құю, ортадан тебу; D. құйма, дірілдетіп штамптау 58. **Керамикадағы жанғыш қоспаларға жатады** A. ағаш үгінділері, пенополистирол, көмір B. перлит құмы, күбінген вермикулит C. керамзит түйіршіктері, қождар мен күлдер D. күбінген перлит, аглопорит 59. **Глазурь керамикалық денемен жабысады** A. күйдіру арқылы B. автоклавтау нәтижесінде C. булау арқылы D. кептіріп 60. **Қыш бұйымдары өндірісіндегі бұйымдарды кептірудің мақсаты** A. деформациялар мен сызаттарды болғызбау B. кеуектілікті азайту C. беріктікті арттыру D. күйдіру уақытын қысқарту 61. **Жалаң (бір қабатты) қарапайым керамикалық кірпіштің өлшемдері, мм** A. 250х120х65 B. 250х120х88 C. 250х120х140 D. 250х125х65 62. **Қалыңдатылған керамикалық кірпіштің өлшемдері, мм** A. 250х120х88 B. 250х120х65 C. 250х120х140 D. 250х125х65 63. **Қуыстары жоқ немесе куыстылығы 13% -дан аспайтын кірпіштердің аталуы** A. толық денелі B. қуыс денелі C. қарапайым D. тығыз 64. **Жылутехникалық сипаттамалары бойынша орташа тығыздық класына (0,7-2,4) байланысты керамикалық бұйымдар келесі топтарға жіктеледі** A. тиімділігі жоғары, тиімді, тиімділігі аса жоғары, тиімділігі төмен (қарапайым) B. қарапайым, тиімді, аязға төзімді C. тығыз және кеуекті, дәстүрлі, тиімді, тиімді емес, қарапайым D. ірікеуекті және тығыз 65. **Қыш бетін глазурлеудің мақсаты** A. су өткізбегіштігін, әсемдігін арттыру B. беріктігін арттыру C. бұйымдарды бояу және жалтырату D. суға төзімділігін арттыру 66. **Кептіру және күйдіру кезіндегі шөгуін төмендету және деформациялануы мен сызаттануын тежеу үшін майлы (илемді) саздарға қосады** A. майсыздандырғыш қоспалар B. кеуек түзуші қоспалар C. балқымалар D. арнайы қоспалар 67. **Керамикалық құрылыс бұйымдарын өндіру технологиясы келесі операциялардан тұрады** A. шикізатты өңдеу, бұйымдарды қалыптау, оларды кептіру және күйдіру B. массаны дайындау, бұйымдарды қалыптау, буландыру C. шикізатты табу, бұйымдарды қалыптау, күйдіру D. шикізатты табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, глазурлеу 68. **Шыны (әйнек) -- ол** A. тез салқындатылған минералдық балқымалардан жасалған аморфты материал B. балқымалардан жасалған кристаллды материал C. тез салқындатылған металл балқымалардан жасалған аморфты материал; D. салқындатылған минералдық балқымалардан жасалған шыны кристалды материал 69. **Жылу сақтайтын әйнекті алады** A. әйнек бетіне күн сәулесінің өтуіне кедергі жасайтын металл тотықтарының қоспасы қабатын жағып B. әйнектің бетіне күн сәулесінің өтуін азайтатын жалтыратылған мөлдір полимер қабыршақ жабыстырып C. әйнек арқылы жойылатын жылу мөлшерін азайтатын түрпілі өңдеу арқылы D. шихтаға күн сәулесінің өтуін тежеп қалатынарнайы қоспа қосу жолымен 70. **Құрылыстық әйнек өндірісі келесі негізгі әрекеттерден тұрады:** A. шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау және оны қайнату; бұйымдарды қалыптау және жасыту B. шикізаттық материалдарды өңдеу; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау және шынықтыру C. шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау және күйдіру D. шихта дайындау; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау және күйдіру 71. **Шыны шихтасы деп айтады:** A. мөлшерленген шикізатты құрайтын материалдардың бірқалыпты араласпасы B. шикізатты електен өткізгеннен кейінгі қалдық C. шыны балқымасынан қалған тұнба D. ұнтақталған шыны компоненттерінің араласпасы 72. **Әйнектің құрылымы** A. аморфты B. кристаллды C. ұсақ түйіршікті D. порфирлі 73. **Әйнекті беріктеуге болады:** A. жасытып, шынықтырып B. флоат-әдіспен, пластификациялап C. кристаллдап, ыстықпен өңдеп D. бетіне органикалық қабыршық жағып 74. **Әйнек қоспасын қайнатудың максималды температурасы, ^о^С** A. 1550 B. 1000 C. 1450 D. 1800 75. **Парақша әйнекті алуға болады:** A. кварц құмы, әк тас, доломит, каолин, сақар, содадан тұратын шикізаттық шихтаны балқыту арқылы B. саз, бор, кварцит, каолин араласпасын біріккенше күйдіріп C. сақар, саз балқымасынан D. гипс, әк тас, каолин араласпасынан 76. **Парақша шыныны алу әдістері** A. тік және көлденең созу, жаншу (прокат), флоат-әдіс B. дірілдетіп біліктеу, сүйреп-тарту, орау C. престеу, созу, кесу D. ортадан тебу, үрлеу, пресстеу 77. **Шыныкристаллит деп аталатын әсемдік тақтайшалар алынады** A. әйнекті желбезекпен байланысқан әйнек түйіршіктерінің, тау жыныстарының араласпасын күйдіру арқылы B. шыны және кристаллит қоспасынан C. кристалданған түсті айнектен D. кристаллит бетіне әйнекті балқыту арқылы 78. **Шыны блоктары деп аталады** A. тығыз жабыстырылған әйнек қораптар B. қабырғалық мөлдір шыны конструкциялардың үлгісі C. есік-терезені әйнектеуге арналған блоктар D. көпқабатты әйнек 79. **Ситаллдардың сипаттамасы** A. шыныкристалды құрылым, беріктігі жоғары, химиялық төзімді, қатты B. поликристалды құрылым, термиялық төзімсіз C. аморфты құрылым, соққыға беріктігі жоғары D. ірі кристалды құрылым, морт сынғыш, сығым беріктігі жоғары 80. **Ситаллдардың әйнектерден ерекшелігі** A. шыныкристаллды құрылымға ие B. соққы әсеріне шыдамдылығы төмен C. аморфты құрылымға ие D. серпімді 81. **Жылу- және дыбыс оқшаулау үшін қолданылатын шыны бұйымдар:** A. көбік шыны, шыны мақта B. витрасил, марблит C. стемалит, увиолды шыны D. шыны блоктар, шыны пакеттер 82. **Шынының негізгі кемшіліктері** A. аса морт сынғыш B. өте тығыз C. жылу өткізгіштігі жоғары D. аязға және ыстыққа төзімсіз 83. **Әйнек негізіндегі сәулеттік-құрылыстық бұйымдарға жатады** A. шыныпрофиллит, шыныблоктар, айналар және кілемше-мозаикалық тақталар B. терезелік, тегіс қырналған бұйымдар, жалпақ тілікшелер, ұнтақтар C. ситалл және шлакоситалл тақташалар, талшықтар, төсеніштер D. құбырлар, сүзбелер, терезелер, құбырлар 84. **Увиолды әйнек қабылетті** A. ультракүлгін сәулені өткізуге B. ультракүлгін сәулені сіңіруге C. инфрақызыл сәулені сіңіруге D. инфрақызыл сәулені өткізуге 85. **Қауіпсіз шыныларға жатады** A. арматураланған, ламинатталған көпқабатты B. шыныблоктар, шыныпакеттер C. флоат-әйнек, марблит D. стемалит, шыныкристаллит 86. **Арматураланған парақша әйнек -- ол** A. боялмаған немесе ішінде металл тор орнатылған прокатты парақша әйнек B. саз, бор, кварцит, каолиннің бірігіп піскен қоспасы C. сақар мен саз қоспасынан жасалған бұйым D. гипс, әктас, каолиннен жасалған материл 87. **Көпқабатты әйнек (триплекс) -- ол** A. бір-бірімен полимер қабыршақпен нығыз жабыстырылған екі немесе бірнеше әйнек қабатынан тұратын арматураланған немесе арматураланбаған парақша әйнек B. вибропрокатпен, сүйреп тартумен және ораумен алынған әйнек материал C. қайталанып отыратын бірнеше декоративтік қағаз бен әйнек қабатынан тұратын парақша материал D. әйнектің үш жұқа қабатынан тұратын бұйым 88. **Көбікшыныны алуға болады** A. газдандырғыш ұнтағымен араластырылған әйнек ұнтағын термиялық өңдеу арқылы B. техникалық көбік пен шыны балқымасын араластырып C. техникалық көбікке шыны балқымасын қосып араластырып және жасытып D. шыны шихтасын мөлдірегенше термиялық өңдеу жолымен 89. **Қорытпа болып есептелетін металл** A. болат B. мыс C. мырыш D. темір 90. **Металлдар мен қорытпалар қатты күйінде -- олар** A. кристалдық денелер B. аморфтық денелер C. морт сынғыш денелер D. мүлде қара денелер 91. **Дюралюминдердің ерекшеліктері:** A. жоғары беріктілі, тығыздығы төмен, коррозияға төзімді B. тығыздығы және беріктігі жоғары C. жылу өткізгіштігі және беріктігі жоғары D. тығыздығы, беріктігі және деформациялануы жоғары 92. **Легирленген болаттарды алу мақсаты** A. болаттың сапасын арттырып, оған арнайы қасиеттер беру B. морт сынғыштығын және коррозияға төзімділігін арттыру C. иілімділігін арттыру және әсемдік беру D. термиялық өңдеу мүмкіндігін арттыру 93. **Болат құрамындағы көміртегінің мөлшері көбейген сайын** A. қаттылығы артып, иілімділігі төмендейді B. беріктігі және сызықты термиялық керілу коэффициенті төмендейді C. аса қатты болып, морт сынғыштығы азаяды D. өңделуі жақсарады 94. **Легирленген болаттарды алу үшін қолданылатын заттар** A. никель, хром, вольфрам, мыс және т.б. B. көміртегі, оттегі, азот және т.б. C. күміс, алюминий, темір, магний және т.б. D. кальций, магний, натрий, сурьма және т.б. 95. **Болат -- ол** A. темірдің 0,1-2,14% көміртегімен қорытпасы B. темірдің 20-40% көміртегімен қорытпасы C. темірдің 40-60% көміртегімен қорытпасы D. темірдің 6-8% көміртегімен қорытпасы 96. **Металл бұйымдарды коррозиядан қорғау тәсілдері** A. цинктеу, легирлеу, никельдеу B. сүйреп тарту, шынықтыру C. дуплекс-процесспен D. алюминиймен, бронзамен, күйдіріп 97. **Темірбетон арматурасын әзірлейді** A. болаттан B. әртүрлі темір-көміртектілі қорытпалардан C. құрамында С\>2% темір-көміртектілі қорытпалардан D. темірден 98. **Алюминий қорытпаларын шойын және болатпен салыстырғанда олардың тығыздығы** A. 2,7-2,9 есе төмен B. 0,27-0,3 есе жоғары C. бірдей D. 20-30 %-ға жоғары 99. **Мысты қортпаларға жатады** A. жез, қола B. қорғасын C. болат, шойын D. алюминий 100. **Жез деген -- \...** A. мырыш пен цинктің қорытпасы B. жеңіл қара металлдардың бір түрі C. мырыш пен қалайының қорытпасы D. мырыш пен алюминийдің қорытпасы 101. **ЛАЖ 60-1-1 маркалауы білдіреді** A. жездің құрамында 60% Cu, 1 % Al, 1% Fe және 38% Zn бар B. алюминиймен және темірмен легирленген болат C. жеңіл алюминий конструкциялар D. өрнектелген (ажурлы) линолеум 102. **Қара металлдарға жатады** A. болат, шойын B. темір C. алюминий D. кремний 103. **Болаттың тығыздығы, кг/м^3^** A. **7850** B. **100-150** C. **1000-1050** D. 1010-1500 104. **Алюминийдің тығыздығы, кг/м3** A. 2700 B. 100-150 C. 1000-1050 D. 1010-1500 105. **Құрылыста жиі қолданылатын металлдар** A. қара және түсті B. асыл C. ауыр D. сирек 106. **Ауада қатаятын байланыстырғыштарға жатады** A. гипс байланыстырғышы, магнезиалды байланыстырғыштар, еритін (сұйық шыны) B. портландцемент, глиноземді цемент C. әк-құмды байланыстырғыш, гипсоцемент-пуццоланды байланыстырғыш D. фосфор-қожды байланыстырғыш, күлді байланыстырғыш 107. **Гипс байланыстырғыштарын қолдануға болады** A. бөлмелердің ішкі өңдеу жұмыстарында, құрғақ араласпалар өндірісінде B. керамикалық бұйымдар өндірісінде C. кірпіштерді қалауғанда D. темірбетон конструкциялары өндірісінде 108. **Гипс тасын күйдіргенде жүретін процесс** A. дегидратация B. балқу C. бірігу D. клинкерлік минералдардың пайда болуы 109. **Гипс байланыстырғыштарының маркалары** A. Г-2 -- Г-25 B. Г-10 -- Г-20 C. М2 -- М25 D. G-2 -- G-20 110. **Вик аспабын пайдаланады** A. гипс байланыстырғышы мен цементтің қатаю мерзімін анықтау үшін B. гипс пен цементтің ұнтақтың дәрежесін анықтауға C. гипс және цемент тастарының сығым беріктігін анықтау үшін D. ерітінділер мен бетондардың жылжымалылығын анықтауда 111. **Суттард вискозиметрін пайдаланады** A. гипс қамырының қалыпты қоюлығын анықтау үшін B. гипс пен цементтің ұнтақтың дәрежесін анықтауға C. подвижности растворов и бетонов D. ерітінділер мен бетондардың жылжымалылығын анықтауда 112. **Гипсокартон парақша -- ол** A. шыныталшықпен арматураланған және екі жағынан картонмен қапталған құрылыс гипсінен дайындалған парақшалы әрлеулік материал B. картонды құрылыс гипсі ерітіндісімен сіңдіру жолымен дайындалған парақшалы әрлеулік материал C. құрылыс гипсінен, түтілген целлюлоза макулатурасынан және қоспалардан дайындалатын парақшалы әрлеулік материал D. құрылыс гипсінен дайындалған екі пластинаны біріктіру негізінде жасалған герметикалық жабық бұйымдар 113. **Ауа әгін алуға болады** A. карбонатты кальций-магнийлі тау жыныстарын 900 -1200 ^0^С температурада күйдіріп B. мергельді біріккенше күйдіру арқылы C. карбонатты және сульфатты тау жыныстарын 500-600^0^С температурада күйдіріп D. кальций және магний карбонаттарын клинкер алғанша күйдіру арқылы 114. **Ауа әгінің негізгі пайдалану саласы** A. силикат бұйымдар дайындау B. бояулар құрамына қолдану C. құрылыс ереітінділерінде қолдану D. акустикалық материалдар дайындау 115. **Баяу ұстасып, баяу қатаятын гипс байланыстырғыштарына жатады** A. ангидрит цементі B. жоғары беріктілі гипс C. супер-гипс D. құрылыстық гипс 116. **Қатайғанда ширамайтын минералды байланыстырғыш** A. құрылыс гипсі B. портландцемент C. тез қатаятын цемент D. саз 117. **Төменгі температурада күйдіріліп алынатын гипс байланыстырғышын алу үшін табиғи гипс тасын өңдеу температурасы, ^о^С** A. 110-180 B. 80-120 C. 300-350 D. 150-280 118. **Жоғарғы температурада күйдіріліп алынатын гипс байланыстырғышын алу үшін табиғи гипс тасын өңдеу температурасы, ^о^С** A. 600-900 B. 100-190 C. 900-1200 D. 500-600 119. **Гидравликалық әкті алу үшін әктастың құрамындағы саздың мөлшері** A. 6-20% B. 6 %-дан төмен C. 20 %-дан жоғары D. 50 %-ға жуық 120. **Әкті күйдіруге арналған пештер** A. шахталы және айналмалы B. шахталы және вагранкалық C. туннелді және айналмалы D. айналмалы және вагранкалық 121. **Минералдық қоспаларсыз цементтің шынайы тығыздығы, кг/м^3^** A. 3,05-3,15 B. 3,0-5,0 C. 1,5-3,0 D. 0,5-3,15 122. **Гидравликалық байланыстырғышқа жатады** A. гидравликалық әк, портландцемент B. гидратты әк, күйдіргіш (каустикалық) доломит C. сұйық шыны, ангидрит D. эстрих-гипс, ангидриттік цемент 123. **Портландцемент алу үшін реттегіш қоспалар қосылған әк және сазды жентектеп күйдірілген қоспасы** A. клинкер B. фритта C. силикат-кесек D. шихта 124. **Портландцемент алынады** A. клинкерге ұнтақ гипс тасын қосып ұнтақтап майдалау арқылы B. шихтаға ұнтақ гипс байланыстырғышын қосып ұнтақтап майдалау арқылы C. араласпаға пластификатор қосып майдалау арқылы D. компонеттерді нақты фракцияға дейін уату арқылы 125. **Портландцемент клинкерін күйдіру температурасы, ^о^С** A. 1450 B. 3000 C. 250 D. 800 126. **Портландцемент клинкерін алу үшін шикізат түрлері** A. әктастар және саздар B. саз және әк C. саз және гипс тасы D. әктас және кварц құмы 127. **Қоспасыз портландцементтің су тұтынушылығы** A. 28%-дан жоғары B. 22-28% C. 22% -дан төмен D. белгісіз 128. **Портландцементтің қатаю процесі нәтижесінде** A. клинкер минералдары гидролизденеді және гидратацияланады B. цемент тасы құрғайды C. цемент тасы ұстасады D. тығыздалады және минералдар химиялық әрекеттеседі 129. **Беріктігі бойынша портландцемент маркалары** A. 400; 500; 550; 600 B. 150; 400; 550; 750 C. 400; 600; 800; 1000 D. 200; 400; 700; 1200 130. **Портландцементтің маркалық беріктігін анықтау үшін қатаю мерзімдері** A. 28 тәулік B. 28 сағат C. 10 сағат D. 3 тәулік 131. **Цемент маркасын анықтайтын негізгі көрсеткіш** A. иілім және сығым беріктігі B. ұстасу мерзімі C. клинкердің минералдық құрамы D. цементтің ұнтақтық дәрежесі 132. **Портландцемент клинкері құрамындағы цемент беріктігін қамтамасыз ететін минералдар** A. алит, белит B. селит, бейделлит C. хромит, бентонит D. полевой шпат 133. **Портландцементті алады** A. портландцементтік клинкер мен гипс тасын бірге ұнтақтап B. портландцементтік клинкер мен әкті бірге ұнтақтап C. әктасы мен сазды көмірқышқыл газ толық жойылғанша бірге күйдіріп D. кварц құмы және доломитті бірге күйдіріп 134. **Бейорганикалық байланыстырғаш заттар дегеніміз -- ол** A. сумен араластырғанда иленетін масса түзіп және уақыт өткен сайын бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын ұнтақ заттар B. сумен араластырғанда иленетін масса түзетін түйіршікті заттар C. меншікті беті жоғары ұсақ дисперсиялы заттар D. әктасы мен саздың ұсақ дисперсиялы күйіндегі қосындысы 135. **Тағайындалуы бойынша ауыр бетондардың түрлері** A. конструкциялық және арнайы B. суға төзімді және суға төзімді емес C. жолдық және ыстыққа төзімді бетон D. жеңіл және ауыр бетон 136. **Классификациялық белгілері бойынша ауыр бетондардың маркалары** A. D2000-D2500, D1800-D2300 B. М100-М500, D2500-D4500, C. М80-М120 D. D200-D800 137. **Ауыр бетонның орташа тығыздығы, кг/м^3^** A. 2000-2500 B. \< 500 C. 500-1200 D. 1200-1800 138. **Ауыр бетон үшін толтырғыш ретінде қолданылатын тау жыныстары** A. гранит, диорит, габбро, базальт B. гранит, пемза, туф, құм тас C. гранит, диатомит, кварцит D. гранит, трепел, магнезит, керамзит 139. **Бетон араласпасының жайылымдылығын Абрамс конусымен анықтайды және \.... бағалайды** A. жылжымалылығы немесе қатаңдығы бойынша B. тұтқырлығы немесе илемділігі бойынша C. судың және цементтің мөлшері бойынша D. араластыру және қалыптану жеңілдігі бойынша 140. **Цемент бетоны қатаяды** A. толтырғыштарды біріктіретін цемент тасының түзілуі арқасында B. байланыстырғыш пен толтырғыш арасындағы өзара әрекеттесу есебінен C. кебуінің арқасында D. судың байланыстырғыш және толтырғышпен әрекеттесу есебінен 141. **Бетон қатаюын тездетуді қамтамасыз етеді** A. химиялық қоспа қосу, жылу-ылғалмен өндеу B. нығыздау, кептіру C. пластификатор қосу, гидроизоляциялау D. гидрофобизатор қосу, жылуоқшаулағыш материалмен қорғау 142. **Бетон класы деген -- бұл** A. оның беріктігінің 0,95-ке дейін кепілдікпен қамтамасыз етілуінің нормалық мәні B. бетонның максималды беріктігінің нормаланған мәні C. бетон тығыздығының 95% дәлдігін сипаттау D. бетонның төзімділігінің 95%-дық қамтамасыз етілуінің шамалық мәні 143. **Ауыр бетондар үшін жобалық мерзімде сығым беріктігі бойынша белгіленген класстары** A. В3,5...В100 B. В3,5...В10 C. В10...В25 D. М В3,5...В35 144. **Ауыр бетонның аязға төзімділігі бойынша маркалары** A. F50...F1000 B. F0,1...0,5 C. F300...600 D. F10...35 145. **Бетон беріктілігінің негізгі заңы бойынша бетонның беріктілігі байланысты** A. цемент активтілігіне, цемен-су қатынасына, толтырғыш сапасына B. цемент пен судың шығынына, толтырғыш ірілігіне C. толтырғыштың шығынына және түріне, цемент беріктілігіне D. ірі немесе ұсақ толтырғыш түріне 146. **Бетонның қасиеттерін анықтауға арналған стандартты үлгі-кубтардың өлшемдері, см** A. 15x15x15 B. 16x16x16 C. 7,07x7,07x7,07 D. 2x2x2 147. **Бетондағы майда толтырғыштардың (құмның) өлшемдері, мм** A. 0,14-5,0 B. 0-0,14 C. 5-10 D. 10-20 148. **Жоғары беріктілі бетонның маркалары** A. М600-М1000 B. М500-ге дейін C. М300-ден жоғары D. М50-М500 149. **Қатаюына байланысты ауыр бетондар бөлінеді \...** A. табиғи қатайған бетон және атмосфералық қысыммен үдемелеп қатайған бетондар B. буланған және автоклавтық қатайған бетондар C. пластификациялайтын қоспалар және сұйылтқыш қоспалар қосылған бетондар D. автоклавтық және термоөңделген бетондар 150. **Толтырғыштар түріне байланысты ауыр бетондар бөлінеді** A. тығыз толтырғыштар қолданылған және арнайы толтынғыштар қолданылған бетондар B. кеуекті толтырғыштар және тығыз толтырғыштар қолданылған бетондар C. никельдік қождар және түсті металлургияның мыс қорытпалары қождарынан жасалатын бетондар D. домналық қождар және қара металлургиялық ферроқорытпалық қождар қолданылған бетондар 151. **Бетон толтырғыштарына қойылатын талаптар** A. минималды түйршікаралық қуыстылық, беттің кедір-бұдырлығы, беріктігін төмендететін қоспалар дың болмауы B. жоғары беріктілік, төмен кеуектілік, қосындылардың болмауы C. аз салмақ, беріктілік, қарақошқыл түс D. құмды қосындылардың аз мөлшері, жоғары беріктілік 152. **Сәндік бетон арналған** A. ғимараттың сәулеттік айқындығын және сәндік-қорғау қасиетін қамту үшін B. конструкцияны беріктендіру үшін C. жол құрылысы үшін, қалыптастыру қасиеттерін жақсарту үшін D. гидротехникалық құрылыс үшін 153. **Қиыршық тас (гравий) пен шағыл (щебень) тастың айырмашылығы** A. түйірлерінің пішіні мен бет құрылысында B. түйірлерінің өлшемдерінде C. фракциялық құрамында D. зиянды қоспалардың болуында 154. **Бетонның ірі толтырғыштарының өлшемдері, мм** A. 5...80 B. 0,14\...5 C. 2...50 D. 10...30 155. **Радиациялық сәулеленуден қорғау үшін пайдаланылатын бетон** A. гидратты (толтырғыш-лимонит), баритті (толтырғыш-барит кені) B. ыстыққа төзімді, өте жеңіл және ірі кеуекті, тығыз және ұсақ түйіршекті C. полимер бетон және полистиролбетон, аглопориттік және қождықбетон D. қышқылға төзімді және сілтіге төзімді, коррозияға төзімді бетондар 156. **Ыстыққа шыдамды бетондарды алуға болады** A. глиноземді цементтен, базальт толтырғышынан B. портландцементтен, гранит толтырғышынан C. гипс байланыстырғышынан немесе әктен, кварц құмынан D. әк-кремнезем байланыстырғышынан, гранит толтырғышынан 157. **Суөткізбегіштігі бойынша ауыр бетондардың маркалары** A. W2\...W20 B. В1\...В13 C. D2000-D2500 , D2000-D2500 D. W2\...W12 және В6\...В10 158. **Бетон дегеніміз** A. белгілі пропорциямен алынған байланыстырғыш, ұсақ және ірі толтырғыштардан, судан және химиялық қоспалардан тұратын мұқият дайындалған араласпаның қатаю нәтижесінде алынған жасанды тас материалдар B. цемент, шығыршық тас және қиыршық тастан тұратын араласпаны мұқият араластыру нәтижесінде алынатын материалдар C. байланыстырғыш және толтырғыштардан тұратын араласпаны мұқият араластыру нәтижесінде алынатын материал D. байланыстырғыш, ұсақ толтырғыштар және судан мұқият дайындалған араласпа негізіндегі материал 159. **Бетонның ұзақмерзімділігін сипаттайтын қасиеттері** A. суға төзімділік, аязға төзімділік B. беріктілік, кеуектілік C. қаттылық, ыстыққа төзімділік D. сызатқа төзімділік, тығыздық 160. **Бетонның суөткізбегіштігін арттырады** A. гидрофобтық-пластификациялағыш қоспаларды қолдану B. бейорганикалық қышқылдар C. булау D. мұздату 161. **Бетон жақсы қарсыласады** A. сығымдауға B. созуға C. қиюға D. майыстыруға 162. **Бетонның F50 білдіреді** A. бетонның 50 цикл бойы кезекпен тоңазу және еруі бойынша аязға төзімділік маркасын B. бетонның сығым беріктілігінің шегі C. форс-мажорлық жағдайлар D. бетонның 50 цикл тоңазуы нәтижесінде 50% салмағының жойылуын 163. **Бетондағы М200 білдіреді** A. бетонның сығым беріктілігі бойынша маркасын B. бетонның суөткізбегіштік бойынша маркасын C. бетонның отыруын D. бетонның ісінуін 164. **Ауыр бетон өндірісінде байланыстырғыш ретінде қолданылады** A. портландцемент және оның түрлері B. гипс және оның түрлері C. органикалық асфальт байланыстырғышы D. әк және әкқожды байланыстырғыш заттар 165. **Ауыр бетонның жылуөткізгіштігі керамикалық кірпішпен салыстырғанда** A. 1,5-2 есе жоғары B. 20%-ға жоғары C. бірдей D. 0,5 есе төмен 166. **Байланыстырғыш түріне қарай бетондардың түрлері** A. силикат бетон, гипсбетон, цемент бетон, қожды бетон және т.б. B. перлитбетон, қожбетон C. жолдық, ыстыққа шыдамды бетон D. ауыр, жеңіл бетондар 167. **Ауыр бетон дегеніміз** A. цементті байланыстырғыш негізіндегі тығыз ірі және ұсақ толтырғышты тығыз бетон B. органикалық байланыстырғыш негізіндегі ірі және ұсақ толтырғышты тығыз бетон C. цемент байланыстырғышты және ұсақ толтырғышты бетон D. цементті байланыстырғыш негізіндегі тығыз ірі және ұсақ толтырғышты кеуекті бетон 168. **Ауыр бетон маркасын анықтау мерзімі, тәулік** A. 28 B. 3 C. 1 D. 7 169. **Талшықты бетонда (фибробетонда) цемент тасымен жақсы ұстасатын (адгезиясы жоғары)** A. асбест талшықтар, болат талшықтар B. полимер және ағаш талшықтар C. керамикалық және минералдық талшықтар D. шыны талшықтар 170. **Бетон бұйымдарын арматуралаудың мақсаты** A. созылым және сығылым беріктіктері жоғары материал алу B. ұзақ мерзімді материал алу C. тығыздығын арттыру D. бетонның шөгуін төмендету 171. **Ауыр бетон үшін қолданылатын ұсақ толтырғыштар** A. табиғи құм немесе металлургиялық қождар, тау жыныстарын ұсақтау елеулері, доманалық және металлургиялық қождар, қож-күлді араласпалар және ұшпа-күлдер B. ірі және ұсақ құмдар, кварц және дала шпаты құмы C. жеңіл және ауыр, жеңілдетілген тығыз, органикалық және бейорганикалық құм D. кеуекті және тығыз, ірі кеуекті және ұсақ түйіршікті толтырғыштар, жұмырланған 172. **Ауыр бетон үшін қолданылатын ірі толтырғыштар** A. тығыз тау жыныстарынан алынатын қиыршық тас және малта тас, металлургиялық және домналық қождадан алынатын толтырғыштар, ЖЭО қождары B. тығыз тау жыныстары мен ұсақтау арқылы алынатын толтырғыштар, тығыз тау жыныстары мен тақтатасты майлалау арқылы алынатын толтырғыштар C. аглопориттік қиыршық тас, керамзит қиыршық тас, әк тас-ұлутастан алынатын қиыршық тас, баритті қиыршық D. табиғи және жасанды қиыршық тас, жеңіл және ауыр, ірі және ұсақ түйірлі 173. **Бетон жұмыстарына қиыршық тасты (щебень) алады** A. тау жыныстарын ұсақтау және елеу арқылы B. өзендердегі тау жыныстарын жуу және елеу жолымен C. тау жыныстарын жарып және елеп D. химиялық заттардың тау жыныстарын әсерімен, артынша елеу арқылы 174. **Бетон жұмыстары үшін малтатасты (гравий) алады** A. тау жыныстарын жуу және елеу арқылы B. тау жыныстарын ұсақтау және елеу жолымен C. химиялық заттардың әсерімен тау жыныстарын елеу арқылы D. тау жыныстарын ұсақтап және ұнтақтап 175. **Бетон құрылымын жақсарту тәсілдері** A. химиялық қоспалар қолданумен, бетон қоспасын тығыздау, бетон беріктігін сақтау B. термоөңдеуді қолдану C. ренген сәулелерімен өңдеу D. бетон бетіне минералдық түйіршектер себу арқылы 176. **Бетон құрамын анықтайды** A. 1000 л -ге B. сыйымдылығы 12 л бетонараластырғыш көлеміне C. өлшемдері 10x10x10 см үш кубик-үлгілерге жетерліктей көлемде D. 1 шелек мөлшеріндегі көлемге 177. **Ыстыққа төзімді ұялы бетондардың шыдау температурасы, ^о^С** A. 700 B. 400 C. 1000 D. 200 178. **Жеңіл бетонда толтырғыш ретінде қолданылады** A. кеуекті жасанды және табиғи материалдар B. табиғи малта тас және қиыршық тас C. баритті қиыршық тас D. кварц құмы ғана 179. **Жеңіл бетон үшін толтырғыш ретінде тау жыныстары** A. керамзит, аглопорит, пемза, туф, перлит, вермикулит, қож B. мәрмәр, әйнек және кірпіш сынықтары, шамот, кварцит C. гнейстар, ұлутас, андезит, диабаз, диатомит D. тақтатас, гипс, базальт, сиенит, дала шпаты 180. **Жеңіл бетондар үшін жасанды кеуекті толтырғыштардың түрлері** A. вермикулит, перлит, керамзит, аглопорит, қождар B. гранит, әктас, мәрмәр, ферроқорытпа қождары, туф C. күл, қож, пемза, доломит, диатомит D. қара металл өндірінен домналық қождар, түсті металл қождары, туф, пемза 181. **Байланыстырғыш зат ретінде әк қолданылатын бетон түрі** A. силикат бетон B. полимербетон C. цемент бетон D. гипсбетон 182. **Бетон қоспасының жылжымалылығын арттырады** A. пластификаторлармен B. бейорганикалық қышқыл тұздарымен C. илемді масса дайындаумен D. минералды, белсенді қоспалар қосумен 183. **Тығыздығына байланысты бетондар бөлінеді** A. ауыр, жеңілдетілген, жеңіл және өте жеңіл B. тығыз және кеуекті C. тұтас және қуысты D. жеңіл және ауыр 184. **Байланыстырғыш түрі бойынша темірбетон бұйымдарының түрлері** A. цементтік, силикаттық, гипстік, арнайы бетондар B. цементтік және саз-гипстік C. әк-цементтік және полимер-гипстік D. цементтік, әк және қожды 185. **Бетонды жылу-ылғалмен өңдеудің максималды температурасы, ^о^С** A. 80-95 B. 175-200 C. 100-120 D. 50-75 186. **Бетонды жылу-ылғалмен өңделген бетонның беріктігі маркасының неше %-ын құрайды?** A. 65-80 B. 100 C. 30 D. 50 187. **Темірбетон -- ол** A. бетон мен болат арматура негізінде дайындалған материал B. металл қабаттары бар бетон C. ерітіндімен толтырылған металл қаңқа D. темір толтырғышы бар бетон 188. **Темірбетон бұйымдарын қалыптау тәсілдері** A. агрегаттық-ағынды, стендтік, конвейерлік B. стендтік, құйма, дірілдету C. дірілдету, пресстеу, штамптау D. ортадан тебу, таптау, дірілдету 189. **Ішкі құрылымы бойынша темірбетон бұйымдардың түрлері** A. тұтас және қуыс денелі B. бір қабатты және көп қабатты C. тығыз және кеуекті D. тығыз және ұялы 190. **Құрама темірбетон -- ол** A. құрылыс алаңында толық аяқталған нысан тұрғызуға мүмкіндік беретін зауытта дайындалған бұйымдар топтамасы B. бетон және болатты арматура негізіндегі ғимарат C. зауытта дайындалатын біртипті бұйымдар D. құрылыс алаңындағы бетон нысаны 191. **Арматуралау түрі бойынша темірбетон бұйымдардың түрлері** A. алдын-ала кернелген және қарапайым арматураланған B. асбест талшықтарымен және болат өзектермен арматураланған C. алдын-ала кернелген және артынша арматураланған D. полимер талшықтарымен және болат арматурасымен арматураланған 192. **Құрылымы және алу әдісі бойынша жеңіл бетонның түрлері** A. кеуекті толтырғыштар негізінде, ұялы, ірі кеуекті B. кеуектелген және кеуектелмеген C. майда және ірі толтырғыш негізінде D. бетон және газбетон 193. **Ұялы бетон үшін газдандырғыш ретінде қолданылады** A. алюминий ұлпасы, сутегі асқын тотғы, алюминий пастасы B. көмір, нафтенат сабыны C. әк, желімді канифольдық эмульсия D. гидролизденген қан, полимер қиқымы 194. **Газобетон өндіру үшін қолданылатын құрам** A. цемент, ұнтақталған құм, газтүзгіш, су B. күл немесе қож, құм, су, гипс C. вермикулит, цемент, су D. гипс, көбіктүзгіш, ірі толтырғыш, су 195. **Өте жеңіл жылуоқшаулайтын бетондардың** A. тығыздығы 500 кг/м^3^ - тен төмен B. толтырғыштарының ірілігі 10 мм-ден кем емес C. сығым беріктігі 100 МПа-дан кем емес D. су сіңіргіштігі 1-2 % 196. **Бетонның үздік жылу техникалық қасиетін қамтамасыз ететін макроқұрылым** A. ұялы B. кеуекті цемент тасымен тығыздандырылған C. тығыз D. тығыз кеуекті толтырғышты 197. **Тағайындалуына байланысты ұяшықты бетондар бөлінеді** A. жылу оқшаулайтын, жылу оқшаулайтын - конструкциялық, конструкциялық B. жылу оқшаулайтын - конструкциялық, конструкциялық C. жылу оқшауланған, құрылымдық D. конструкциялық 198. **Кеуектендіру тәсілі бойынша ұяшықты бетондардың түрлері** A. көбікбетон, газобетон, аэрацияланған бетон B. фибробетон және газобетон C. газобетон және силикатбетон D. ұяшықты бетон, жеңіл бетон 199. **Ұяшықты бетондардың маркасын анықтайды** A. сығым беріктігі мен орташа тығыздығы бойынша B. аязға төзімділігі бойынша C. орташа тығыздығы бойынша D. су өткізбегіштігі бойынша 200. **Ұялы бетондардың орташа тығыздығы, кг/м^3^** A. 200-1200 B. 100-1000 C. 600-2500 D. 1000-1850 201. **Құрылыстық ерітінді -- бұл** A. байланыстырғыш, су, ұсақ толтырғыш және қоспалардың араласпасының қатаю нәтижесінде алынатын материал B. мұқият араласқан цемент, қиыршық тас және малта тас қоспасынан алынатын материал C. байланыстырғыш және толтырғышты мұқият араластыру арқылы дайындалатын қоспа D. мұқият таңдалған байланыстырғыш және ірі толтырғыштарды мұқият сумен араластырып алынған материал 202. **Қолдануы бойынша ерітінділердің түрлері:** A. қалаулық (кладочный), әрлейтін, арнайы B. арнайы және конструкциялық C. қалаулық (кладочный) және жапсарды толтыру үшін D. еден мен қабырға үшін 203. **Құрғақ құрылыс араласпасының дәстүрлі ерітіндіден ерекшелігі** A. қасиетінің тұрақтылығы, функционалдық қасиеттерінің, технологиялылығының артықшылығы B. әсемдігі, беріктігі жоғары C. ақ түсты және икемді D. аз мөлшерде су қолдану немесе теріс температураларда қолдану мүмкіншілігі 204. **Әсемдік (декоративті) сылақты алуға болады** A. түсті цементтен, декоративті тау жыныстарынан алынған толтырғыштар қолданып, бетін арнайы өндеуден өткізу арқылы B. тек полимерлі түсті байланыстырғыш және толықтырғыш қосу арқылы C. желімді полимерцементті құрам қолданып D. түсті әк және гипс байланыстырғыштарын, полимерлі толтырғыштар қолданып, бетін механикалық өндеу арқылы 205. **Декоративтік ерітінділерде толтырғыш ретінде пайдаланылады** A. таза кварц құмы немесе ақ әктастан, мәрмәрдан ұнтақталған құмдар және т.б. B. бархан құмы немесе электротермофосфорлы қож C. ақ әктастан, мәрмәрдан ұнтақталған құмдар D. домналық қождан ұнтақталған құмдар 206. **Ерітінділік араласпаның негізгі қасиеттеріне жатады** A. жылжымалылық, су ұстау қабілеті, қабатталуы, ұстасу беріктігі B. жылжымалылық және орташа тығыздық, қатаю мерзімі C. су ұстау қабілеті, аязға төзімділік, кеуектілік D. қабатталуы, су өткізішілігі, иілу беріктігі 207. **Ерітінділердің сығым беріктігі бойынша маркалары** A. М4...М200 B. М4...М50 C. М100, М200, М300 D. М25, М50, М75 208. **Заманауи құрғақ құрылыс араласпаларының құрамына кіретін компоненттер** A. байланыстырғыш зат, толтырғыштар және функционалды қоспалар B. байланыстырғыш зат және ірі толтырғыш C. байланыстырғыш және қоспалар D. цемент, құм және гипс 209. **Құрғақ құрылыс араласпалары өндірісінде байланыстырғыш материал ретінде қолданылады** A. портландцемент, гипс, әк және магнезиалдық байланыстырғыш B. портландцемент және қожды портландцемент C. портландцемент және сұйық шыны D. қожды-сілтілі байланыстырғыш заттар 210. **Құрылыстық ерітіндінің кеуектілігі әсер етеді** A. жылуөткізгіштікке B. материал түсіне C. материалдың өлшеміне D. бұйымның құрамына 211. **Құрылыстық ерітінділердің бетондардан айырмашылығы --** A. құрамында ірі толтырғыш болмайды B. көптеген қуыстары бар C. ірі кеуекті құрылымға ие D. құрамында ірі және ұсақ толтырғыштар бар 212. **Асбест -- табиғи жіңішке талшықты минерал, құрамына кіреді \...** A. сулы және сусыз магний, кальций және натрий силикаттары B. магний және кальций сульфаттары немесе карбонаттары C. алюмосиликаттар D. жануарлар мен өсімдіктердің органикалық қалдықтары 213. **Асбестоцементтің құрамы:** A. цемент, асбест және су B. цемент, асбест, сұйық шыны және су C. цемент, асбест, гипс және су D. цемент, асбест, әк және су 214. **Асбестцементтің қасиеттері** A. жұқа қабатты, тығыздығы төмен бола тұра беріктігі жоғары, су өткізбейді, бірақ морт сынғыш B. тығыздығы мен беріктігі жоғары, қатты, аязға төзімділігі төмен C. суға төзімді, беріктігі төмен, тығыздығы, аязға төзімділігі жоғары D. соққыға беріктігі төмен, жылу өткізгіштігі жоғары, қатты 215. **Асбестоцемент бұйымдарын дайындау үшін цемент пен асбесттің қатынасты мөлшері** A. Ц=90...80%, А=10...20% B. Ц=10...20%, А=90...80% C. Ц=50%, А=50% D. Ц\>90%, А\>0,5% 216. **Асбест қолданылады** A. жабын материал, қоршаулық конструкция, жылуоқшаулық мастика түрінде B. жолтақтасы, маңдайша арқалығы, жылуоқшаулағыш материал ретінде C. құрылыс араласпасы, ғимараттың жүк көтергіш элементтері үшін D. іргетас блоктары, сылақ немесе толтырғыш ретінде 217. **Силикат кірпіш үшін қолданылады** A. ғимараттар қабырғасын, жертөле қабырғаларын және құрғақ топырақтағы іргетастарды қалағанда B. химиялық өндіріс ғимараттарының қабырғаларында C. ғимараттардың жүктемеленетін қабырғаларын, жертөле қабырғаларын және құрғақ топырақтағы іргетастарды тұрғызғанда D. химиялық өнеркәсіп ғимарттарының қабырғаларын жасауда 218. **Силикат кірпішінің маркалары** A. 100, 125, 150, 200, 250 B. 150, 200, 250, 300, 400 C. 75, 150, 200, 300, 500 D. 50, 75, 100, 200, 400 219. **Силикат кірпішінің құрамы:** A. кварц құмы + ауа әгі + су B. кварц құмы + ЖЭС күлі + су C. кварц құмы + саз балшық + су D. кварц құмы + сұйық (силикатты) шыны 220. **Силикат кірпішін қалыптау әдісі** A. жартылай құрғақтай пресстеу, Р=30 МПа B. құйма C. иілімді қалыптау Р=3-5 МПа D. түйіршектерін нығыздау Р=1-3 МПа 221. **Силикат кірпішін керамикалық кірпішпен салыстырғанда** A. су мен жоғарғы температураға төзімділігі төмен B. беріктігі және қаттылығы жоғары C. беріктігі және қаттылығы төмен D. су мен жоғарғы температураға төзімділігі жоғары 222. **Силикат бетонын алуға қолданылатын байланыстырғыш** A. әк-кремнеземді B. сұйық шыны C. полимерлер D. глиноземді цемент 223. **Силикат кірпішті өндіру әдісі** A. жартылай құрғақ тәсілмен қалыптап, артынша автоклавта өңдеу B. қалыптау, кептіру, күйдіру C. илемді қалыптау және одан кейін табиғи жағдайда қатайту D. жартылай құрғақ тәсілмен қалыптап, бумен өңдеу 224. **Силикат бұйымдары қатаяды** A. автоклавта өндеуде кальций гидроксиді мен кремний қос гидроксидінің әрекеттесуі нәтижесінде B. 20±2 ^о^С температурада табиғи кептіру арқылы C. туннелді кептіргіште кептіру жолымен D. сақиналы пеште күйдіргенде 225. **Автоклавтық өңдеу жүзеге асырылады \...** A. 175-200 ^0^С температурада жоғары қысымды (0.8-1,3 МПа) қаныққан бумен өңдеу арқылы B. 75-100 ^0^С температурада қаныққан бу ортасында C. 10-20 ^0^С бөлме температурасында D. 200-300 ^0^С жоғары температурада жоғары қысымды бумен (1,5-2 МПа) қаныққан ортада 226. **Ағаштың ерекше қасиеттері** A. жылуөткізгіштігі төмен,созылым беріктігі жоғары B. анизотроптылық, дыбыс оқшаулау қабілеті жоғары C. биотөзімді, тығыздығы жоғары D. конструкциялық сапасының коэффициенті төмен, қатты 227. **Ағаштың құрамына кіреді** A. целлюлоза B. сахароза C. глюкоза D. лактоза 228. **Ағаш бұйымдарының отқа төзімділігін арттыру тәсілдері** A. антипирендер сіңдіру B. фосфаттау C. антисептиктеу D. ацетилдау 229. **Ағашты шіруден қорғау үшін** A. антисептиктер сіңдіреді B. сілті ерітіндісін сіңдіреді C. кептіреді D. антипирендермен өңдейді 230. **30% ылғалдықта ағаш беріктігі** A. төмендейді B. жоғарлайды C. өзгермейді D. температураға байланысты өзгереді 231. **Ағаш қасиеттерін салыстыру үшін оларды стандартты ылғалдыққа келтіреді** A. 12% B. 8% C. 10% D. 18% 232. **Өңдеу тәсілі бойынша араланған ағаш материалдар келесі бөлінеді түрлерге** A. жиектері кесілген және кесілмеген B. фрезерленген және фрезерленбеген C. тегістелген және тегістелмеген D. араланған және жарылған 233. **Ағаштың жіңішкеру ақауы (сбежистость):** A. жұмыр ағаш материалдарының жуан жағының жіңішкеруі B. жылдық қабаттарындағы кеш қалған ағаштың дұрыс жуандамауы C. бөрененің көлденең қисаюы D. ағаштың талшықтарының параллель емес болуы 234. **Ағаштың өгей бұтағы (пасынок) дегеніміз** A. жансызданған екінші ұшы B. діңгегінің шіріген бөлігі C. өзегінің шіруі D. қабығының шіруі 235. **Құрылыста қолданылатын негізгі ағаш тұқымдары** A. қылқанды B. жапырақты C. тектурасы әдемі D. емен, шамшат 236. **Фанера дегеніміз -- ол** A. фенол-формальдегидті, карбамидты, ақ уызды желімдермен біріктірілген шпондардан тұратын көп қабатты парақша материал B. фенол-формальдегидті желім сіңдірілген ағаш тақтайша C. полимерлі желімдермен жабыстырылған пресстелген жаңқа қабат D. арнайы полимерлі лакпен жабыстырылған ағаш талшықты қабаттар 237. **Ағаш үгінділері мен жаңқалардан жасалатын конструкциялық композициялық материалдар** A. АЖТ (ДСП), арболит, фибролит B. АТТ (ДВП), жабыстырылған ағаш конструкциялары C. АТТ (ДВП), фанера D. цементті жаңқа тақталары, модифицикацияланған ағаш 238. **Жабыстырылған (клееные) ағаш конструкцияларын алады** a. рейкалар мен тақтайларды полимерлі желім қолданып жабыстырып A. шпонды пресстеп жабыстырып желімдеу арқылы B. OSB-ны желімдеу, ламинаттау арқылы C. арамен кесілген ағаш материалдарын біріңғай желімдеп біріктіру 239. **Табиғи каучук, целлюлоза, жібек, жүн және янтарь жатады** A. полимерлерге B. олигомерлерге C. целлулоидтарға D. мономерлерге 240. **Пластмасса толықтырғыштары:** A. күйе, ағаш шпоны, шыныталшықтар, тығын ұнтағы (пробковая мука) B. майда ұнтақталған құм, қиыршық тас, жаңқа C. ағаш шпоны, малта тас, шыныматасы D. ауа әгі, кварц құмы, минералды талшықтар 241. **Пластмассалардағы байланыстырғыштарға жатады:** A. полимерлер B. толықтырғыштар C. гомогенизаторлар D. катализаторлар 242. **Полимерлерге пластификаторды қосудың мақсаты** A. морт сынғыштығы азаяды B. қалыптануы жақсарады C. полимер шығыны азаяды D. пластмасса қатаюын тездетеді 243. **Көп мәрте жұмсарып, қатаюға қабілетті полимерлер** A. термопластикалы B. термореактивті C. карботізбекті D. кремнийорганикалық 244. **Термоиілімді пластмассалар** A. қыздырғанда жұмсарады, ал салқындатқанда қайтадан қатаяды B. қатайған соң қайтып жұмсармайды C. қатаймайды D. жұмсармайды 245. **Термореактивтік пластмассалар** A. қатайған соң қайтып жұмсармайды B. майысады C. қатаймайды D. қыздырғанды жұмсарады, салқындатқанда қайтадан қатаяды 246. **Шыныпластикте толықтырғыш ретінде қолданылады** A. шыныталшық, шынымата B. ағаш үгінділері мен талшықтары C. асбест, қамыс сабақтары D. тальк, бор 247. **Шыныпластик -- ол** A. артынша қатайтылған термореактивті полимерлермен сіңдірілген шыны талшықтар немесе шыны матасынан тұратын парақша материал B. термореактивті полимер және шыны балқымасы негізіндегі өндеулік материал C. органикалық шыны (метилметакрилат) сіңдірілген полимерлі талшықты материал D. органикалық шыны және термопластикалық полимер негізіндегі жабын материал 248. **Пластмасса бұйымдарының негізгі кемшіктері** A. ыстыққа төзімділігі салыстырмалы төмен, оңғыш, термиялық ұлғаюы жоғары, жанғыш B. кемшілігі жоқ C. морт сынғыш, түсін өзгерткіш, ыстыққа төзімділігі салыстырмалы жоғары, ескіруге бейім D. беріктігі төмен, үйкелулігі жоғары, термиялық ұлғаюы жоғары, созымдылығы төмен E. үйкелгіш 249. **Бетонополимерлер дегеніміз -- ол** A. полимермен сіңдірілген қатайған бетон B. полимер қоспалы цементті бетон C. полимер толтырғышты бетон D. полимер бетті бетондар 250. **Полимербетон деп аталады** A. термореактивті органикалық байланыстырғыш пен ұсақ толтырғыштар тұратын бетондар B. құрамына полимер толтырғын және цемент кіретін бетон C. қож, цемент және полимерден алынған бетон D. байланыстырғаш ретінде битум қолданылатын бетон 251. **Құрылыста пайдаланылатын мұнайдан айдалып алынатын өнім** A. битумдар B. олифтер C. нафтен майлары D. қарамайлар 252. **Битум маркасын анықтайды** A. қаттылығы, балқу температурасы және созылуы бойынша B. су және сілтілерге төзімділігі бойынша C. химиялық төзімділігі және созылуы бойынша D. органикалық ерітінділерде еруі және деформациясы бойынша 253. **Асфальтті байланыстырғыш араласпасының құрамы** A. майда ұнтақталған минералды ұнтақ қосылған мұнай битумы B. мұнай битумы мен құм араласпасы C. қара май мен асбест D. қара май мен саз 254. **Шынырубероид алынады** A. битумды байланыстырғышын шыны талшықты матаға жағу арқылы B.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser