Summary

This document is about the history of the Kara-Khitai, a historical empire that existed in Central Asia. The document covers the formation, rule, and decline of the empire. It includes the influence of the empire on the economies and societies of Central Asia, particularly in modern-day Kazakhstan.

Full Transcript

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §12. ҚАРАҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТI (1128–1212 жылдар) Тақырыпты оқу барысында: – Қарақытай мемлекетінің басқару ерекшелігін; – мемлекеттің құлау себебін білесіңдер; – қидан, гурхан жаңа ұғымдарымен танысасыңдар....

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §12. ҚАРАҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТI (1128–1212 жылдар) Тақырыпты оқу барысында: – Қарақытай мемлекетінің басқару ерекшелігін; – мемлекеттің құлау себебін білесіңдер; – қидан, гурхан жаңа ұғымдарымен танысасыңдар. Мемлекеттiң құрылуы. IХ ғасырда Ұйғыр қаға­ наты құлағаннан кейiн Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстiкке қа­рай өмiр сүрген монғол тiлдес тайпалар ретiнде атап өтiледi. 1125 жылы Қытайдың бiрiккен күштерi мен оның одақтастары Қидан мемлекетiн талқандады. Қидандардың бiр бөлiгi жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлiгi Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетiсудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергiлiктi түркi халқымен арала- сып, қарақытайлар деген атпен белгiлi болды. Қарақытай жауынгері Бастапқы кезеңде Жетiсуға қоныстанған қи­дандар жергiлiктi билеу­ шiлерге бағы­натын­дық­тарын бiлдiрдi. 1128 жылы Баласағұн билеуші­ сі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретiнде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздерi Баласағұн қаласын ба- сып алды. Сол жылы қидандар Жетiсуда Қарақытай деген атпен, орда- сы Ғұзорда болған өз мемлекетiнiң негiзiн қалады. Мемлекеттiң негiзiн қалаушы Елюй Даши 1141 жылы бiрiккен салжұқ-қарахан әскерiн талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкiл орталық Мауараннахр­ ды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңiлiске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Жетiсу, Мауараннахр және Шығыс Түркiстан Қарақытай мем­ле­ кетiнiң құ­ра­мына ендi. Алайда қарақытайлық гурхан қара­хандықтар әулетiн жойған жоқ. Өзiнiң вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алу- мен шектелді. Қара­қытайлар қарахандықтардың басқару жүйесiне өзгерiс енгiзбедi және өлке экономикасына, қоғамдық өмiрi мен мәдениетiне ықпал еткен жоқ. 59 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қарақытай мемлекетін Мемлекеттiк құрылымы. Қидандар би­леу­шi­сi құруға әкелген тарихи гурхан лауазымын иелендi. Бұл «хан­дардың ханы» оқиғаларды түсіндіріңдер.мағынасын бiлдiрдi. Бас ордасы Баласағұнға жақын ХІІ ғасырдағы қарақытай­ жерде, Шу өзенiнiң бойында орналасты. Гурхан лар­дың басқыншылығын қатаң салық енгізді. Өз маңайындағыларға еншi атаңдар. жер бермедi себебi өзара қырқыстан және олардың күшейiп кетуiнен қауiптендi. Қарақытайлар әске­ рiнде тәртiп күшейтілді. Гурханның өкiлеттi басқарушылары өздерiнiң бағыныштыларына бақылау жасап қана қоймай, салық жинаумен де айналысты. Әр отбасы- нан бiр динардан салық алды. Мемлекеттiң негiзiн салушы Елюй Даши 55-беттегі картадан қарақытайлар мекен­деген 1143 жылы қайтыс болып, билiк оның жесiрiнiң аумақты көрсетіңдер. қолына өттi. Қарақытайларда билiкке мұрагерлiк Қарақытай мемле­кеті ету құқығына ерлер ғана емес, билеушi рудың құры­лымының ерек­ әйелдерi де ие болды. Қарақытай тарихында Елюй шелік­терін айтыңдар. Дашидiң қызы да билiкке ие болғандығы белгілі. Маңайындағыларға Гурхан билігінің Салықтарды жеткізу жер бөліктерін бермеді күшеюі жергілікті ақсүйектерге тапсырылды Қарахандықтар Халықты тонауға Қатаң салық жүйесі билігін сақтады тыйым салынды орнықты Мемлекеттiң құлауы. ХII ғасырдың ортасы- Гурхан билігінің нығаюына қан­дай шара­ нан бастап қарақы­тайлар өздерiнiң салық саяса- лар ықпал етті? тын өзгертiп, ашық тонауға көштi. Қа­ра­қытайлар исламға түсініс­тікпен қарады, алайда ХII ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетiсуда қара­қытайларға қар­сы мұсылман қозғалысы күшейе түстi. Бейбiт тұрғындарды тонаушылық, шап­қыншылық және мұсыл­ мандарды ығыс­ты­ру қарақытайлардың Жетiсудағы билiгiнiң одан ­әрi әлсiреуiне әкелдi. Қарақытайлар Хо­резмшахтар мемлекетінің би­ леушісі Мұхам­медпен соғыс­ты бастап, жеңіліске ұшы­рады. 1208 жылы Монғолиядан Шыңғыс­хан ығыс­тырған Күшлiк басқар- ған най­мандар Жетісуға келедi. Олардың келуi­мен Жетiсу­дағы жағдай күрт өзгердi. Қарақытайлар Же­тісудағы саяси ықпа­лынан айырылды. 60 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Күшлiк хан және оның одақтас­тары қарақытай Қарақытай мемлекетінің билеушiсiн ­тұтқындады. 1212 жылы Қарақытай құлау себептерін түсін­ мемлекетi өмiр сүруiн тоқтатты. Жетiсудағы би­ діріңдер. лiк найман билеушісі Күшлiк ханға өттi. Жетiсу жері қырғын соғыстар, бүлiк­тер мен мұсылмандар көтерi­ лiстерiнiң ошағына айналды. Осы жағдай 1218 жылға дейін, яғни Шың­ ғыс­хан Жетісуға келгенге дейiн жал­ғасты. Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерi Орталық Азиядағы тайпалардың көшi- Тайпалардың батысқа қарай қоны туралы ХII ғасыр басындағы араб авто- жылжуын айтып беріңдер. ры әл-Марвази былай деп жазды: «...Құндар ХII ғасырда қандай оқиға кезектi (қидандар) Қытай жерiнен келдi. Олар нес­ қоныс аударуға себеп болды? ториан христиандары болатын, өздерiнiң Автор қидандардың дiни наны­ тұрған жерiнен көшпелiлердiң қысымымен мы туралы не айтады? кет­тi. Сонда құндар сарылардың (қып­ шақ­тар­дың бiр бөлiгi) жерiне жылжыды, ал сарылар түрікмендер жерiне кеттi. Түрікмендер ғұздардың (оғыздардың) жерiне ойысты. Ғұздар Армян теңiзi (Қара теңiз) жағалауына жақын бажноктар (печенегтер) жерiне қоныс ­аударды». Ортағасырлық автордың бұл хабарында «ха­лықтардың қоныс ауда­ руының» бүкiл бiр дәуiрi, VIII–ХI ғасырларда Еуразияны шарпыған ұлан- ғайыр көшi-қон тарихы орын алған. Бұл көші-қонда қидандар батысқа қарай жылжыды. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. IХ ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейiн Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті _______ тайпалары басып алды. 1.2. Жазба деректерінде қидандар _______ тілдес тайпалар ретінде айтылады. 1.3. Х ғасырда қидандар мемлекеті құрылып, тарихқа _______ империясы де- ген атпен енді. 1.4. Гурхан қарахандықтар әулетiн өзiнiң _______ болуға көндiрдi. 1.5. ХIII ғасырдың басында қарақытайлар Жетiсудағы саяси ықпалын шығыстан қоныс аударған _______ бердi. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Қытайдың бiрiккен күштерi мен оның одақтастарының қидандарды талқандаған жылы А) 1219 жыл Ә) 1141 жыл Б) 940 жыл 61 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ В) 1125 жыл Г) 960 жыл 2.2. Қидандардың Жетiсуға орнығып, жергiлiктi түркi тiлдес тайпалармен аралас­қаннан кейiнгi атауы А) саманилер Ә) түргештер Б) қарлұқтар В) қарақытайлар Г) салжұқтар 2.3. Монғолиядан Шыңғысхан ығыстырған наймандардың Күшлiктiң басқа- руымен Жетi­суға келген жылы А) 960 жыл Ә) 1141 жыл Б) 1125 жыл В) 1219 жыл Г) 1208 жыл 2.4. Шыңғысханның шапқыншылығы қарсаңындағы Жетiсу аумағындағы оқи­ ғалар 1) исламның кеңiнен дамуы 2) христиан көтерілістері 3) өзара соғыстар 4) мұсылман көтерiлiстерi 5) иқталық жүйенің қалыптасуы 6) сауданың қарқынды дамуы 7) бүлiктердің кең таралуы 8) тәңiршiлдiктiң таралуы §13. НАЙМАНДАР, КЕРЕЙIТТЕР, ЖАЛАЙЫРЛАР (ХII–ХIII ғасырдың басы) Тақырыпты оқу барысында: – наймандар мен керейіттер мемлекеттерінің пайда болуын және даму үрдісін білесіңдер; – наймандар мен керейіттерде мемлекеттердің құрылуына қандай жағ- дайлар әсер еткенін түсінесіңдер. Наймандар мен керейiттердiң ерте тарихы. Монғол кезеңiне де­йiн Ба­тыс Монғолияда наймандар мен керейiттердiң iрi тайпалары қоныс­ тан­­ды. Наймандар VIII ғасырдың ортасында Ертiс пен Орхон өзендерi ара- лығында қалыптасқан. 62 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Use Quizgecko on...
Browser
Browser