МОДО оқу сауаттылығы PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Мәтінде оқу сауаттылығына қатысты әр түрлі тақырыптар қамтылған. Бір үзім нан және суықторғай туралы әр түрлі мәліметтер берілген. Мәтінде көптеген сұрақтар мен жауаптар бар.
Full Transcript
**Бір үзім нан** Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып ж...
**Бір үзім нан** Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: \- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтында ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. \- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. Жоқ, бере алмаймын, деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен. **- Бай мен кедей қаншалықты араз?** A. Бір - бірін көргісі келмейді. B. Бір-бірімен салқын амандасады. C. Кейде амандасады, кейде амандаспайды D. Бір - бірінің үйіне кірмейді. **- Кедей апаттан қалай аман қалды?** A. Байдың алтынын алып қалды B. Аштыққа үйренген C. Бір көмеш нанын азық қылды D. Өзінің төзімділігі **- Бай суға неге құлады?** A. қорыққаннан B. кедеймен бір жерде болғысы келмеді C. аштықтан D. ағаштың бұтағы сынып кетті **- Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?** A. қарақшылардан қашты B. су тасқыны болды C. малға қасқырлар шапты D. жер сілкінісі болды **- Қарны ашқан бай кедейге бір үзім нан үшін не ұсынды?** A. мал B. ақша C. бір қап алтын D. бір кесек алтын **- Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал** A. Су -- ырыстың көзі, еңбек -- кірістің көзі. B. Алтынды тот баспайды. C. Кедейдің қолы қысқа. D. Бақыт -- қолға қонған құс, байлық -- қолға ұстаған мұз. **2. Суықторғай** Суықторғай - қыста ұшып келіп, қар жамылған ағаштарға қонатын құс, шын мәнінде, қысқы табиғатқа сұлулық береді. Суықторғай өлшемі жағынан кәдімгі торғайдай, денесінің ұзындығы шамамен 18 см. Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры (аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. тұмсығы шомбал, көлемді, қысқа, қара түсті болып келеді. Суықторғайлар әдетте шағын үйірімен мекендейді. Алғашқы қар жауғаннан кейін, суықторғайлар туған ормандарын тастап, еліміздің барлық аймақтарына дерлік ұшып бара бастайды. Олардың суықторғай аталуы да қар түскеннен кейін адамдар өмір сүретін елді мекендер мен қалалардың, бақтардың, саябақтардың маңында пайда болуымен байланысты болу керек. Аяз неғұрлым күшті болса, суықторғайлар үйірі соғұрлым тыныш отырады. Кейде орнынан ұшып барып жидекті жұлып жеп, содан кейін біраз уақытқа дейін қайтадан қозғалыссыз отырады. Күні бойғы әрекеті сол. Қараңғылық түсісімен барлық үйір бұталарға немесе ағаштарға қонып, сол жерде түнейді. Олар жақсы ұшады, ағаштар мен бұталардың түбінде тез қозғалады. Қалың тұмсығымен ол жидектердің немесе кішкентай жаңғақтардың тұқымын шағады. Суықторғайлар шетен жидектерімен, мамыргүлдің, қалақайдың тұқымдарымен, немесе бүршіктермен, сондай-ақ басқа да жемістермен қоректенеді, **оларды тұмсығымен сым кескіштер сияқты тістейді**. Шетеннің жидегін жегеннен кейін тұмсығын тазартады, себебі шетен тұқымдары оған жабысып қалады. Тұмсығын тазалау кезінде шетен тұқымдары жерге түсіп, көктемде өніп шығады. Суықторғай - сенімді және көпшіл құс. Үйірден бір құс қақпанға түсіп қалса, қалғандары дереу құтқаруға асығады. **- Мәтінге сәйкес келетін мақал** A. Әр құс өз ұясын жақсы көреді. B. Бірі - барлығы үшін, барлығы - бірі үшін C. Құс патшасы -- бүркіт, аң патшасы -- арыстан D. қыста қысыл, жазда жадыра **- Мәтінде қарамен берілген -** A. салыстыру B. бейнелеу C. метафора D. эпитет **-Суықторғайлар қалай мекендейді?** A. топтасып B. жалғыз C. үйірімен D. жұбымен **- Суықторғайлар қайда сұлулық береді? ** A. қысқы табиғатқа B. жазғы табиғатқа C. күзгі табиғатқа D. көктемгі табиғатқа - **Қатты аязда суықторғайлар....** A. ағашта қозалмай отырады B. ағаштан ағашқа ұшады C. жерге түседі D. жорғалап жүреді - **Үйірден бір суықторғай қақпанға түсіп қалса, қалғандары қайтеді?** A. жерге қонады B. ағашқа қонады C. бұталарда отырады D. құтқаруға асығады **3.** Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды. Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес: 1\) Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген. 2\) Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. 3\) Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз. 4\) Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол -- шетел тілін үйренуде жақсы көмекші. Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық! - **Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?** A. Әуезді саз тыңдау арқылы B. Музыка жазу арқылы C. Ән шырқау арқылы D. Көп әңгімелесу арқылы **- Атақты неміс археологы кім?** A. М. Фарадей B. Г.Бельгер C. А.П. Чехов D. Г. Шлиман - **Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?** A. Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. B. Басқа пәле - тілден. C. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. D. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. - **Сөйлемді толықтырыңыз. Ол орыс тілін \...** A. үйренуде жақсы көмекші. B. 6 апта ішінде үйренген. C. түсіндіруге тырысу керек. D. үйрену қорықпау керек. - **Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет** A. Қорқынышты жеңе білу B. Музыка тыңдау C. Тілдердің ұқсастығы D. Күн сайынғы жаттығу - **«Полиглот» деп кімдерді айтамыз?** A. Он шақты тіл меңгергендерді B. Екі тілді меңгерген адамдарды C. Жазушылық қабілеті бар адамдарды D. Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды **4. Аралар** Ежелгі уақыттан бері адамдар балдың керемет қасиеттерін бағалады. Олар ормандағы ескі ағаштардың қуыстарынан жабайы бал жинады. Ара үйіндісінің шабуылы адам үшін қайғылы аяқталатын болған. Бірақ біртіндеп адамдар араларды үйрете бастады, қазір ара ұяларындағы омарталарда тұрады. Аралар кейбір жөке, акация, қарақұмық сияқты гүлді өсімдіктерден қант шырынын (балшырындарды) жинайды. Олар қант шырынын жинау үшін шуақты, тыныш күндерді қалайды. Бал - бұл аралардың қысқы тамағы. Өйткені, қыста аралар ұйықтамайды, ал бал жинайтын гүлдер жоқ. Сондықтан олар жаз бойы жұмыс істейді. Жұмыс істейтін аралар, аналық ара мен аталық аралар болып үшке бөлінеді. Жұмыс істейтін аралардың жұмысы қатаң бөлінеді: кейбіреулері «олжа» әкеледі, басқалары ара ұяшықтарын салады, үшіншілері ара ұяшықтарын тазартады, төртіншілері қанаттарымен желдеткіш сияқты, омартаны желдетеді, бесіншісі «күзетші қызметін» атқарады, алтыншысы балаңқұрттарды тамақтандырады. Аналық ара ешқандай жұмыс істемейді және үнемі күтімді қажет етеді. Жұмысшы аралар аналық араға «күтім жасайды» және ара сүтімен тамақтандырады. Аталық ара -- нағыз арамтамақ деуге болады. Ол жұмыс істейтін аралардан әлдеқайда үлкен, ол еш нәрсеге алаңдамай, қиындықсыз өмір сүреді. Аралармен бұрыннан келе жатқан «достыққа» қарамастан, адамдар олар туралы көп нәрсені білмейді. Мысалы, омартаға оралғанда, аралар айнала -- «билей» бастайтынын адамдар байқаған. Осылайша аралар бір-біріне табылған бал орындары туралы хабарлайды. Ызылдау да белгілі бір мағынаға ие, қазіргі кезде ғалымдар зерттеу барысында. - **Неліктен аралар ұяға оралып келгенде «билейді»?** A. басқалардың алдында жинаған балшырындарымен мақтанады B. үйге оралғандарына қуанады C. табылған бал орындары туралы хабарлайды D. адам жақындап келе жатқанын ескертеді - **Төменде айтылғандардан тек жұмысшы аралар ғана істейтін жұмыс түрі?** A. уайымсыз өмір сүреді B. көп бал жейді C. ұяшықтарды тазартады D. арамтамақ -- жатып ішерлер - **Жұмысшы аралар аналық араға\.... ** A. алаңдамайды B. күтім жасайды C. олжа әкеледі D. балшырын жинайды - **Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемді белгілеңіз.** A. Аралар -- адамға шабуыл жасайтын жабайы аңдар. B. Жұмыс араларының еңбектері қатаң бөлінген. C. Аналық ара ұяның анасы болып есептеледі. D. Аз мөлшердегі ара уы -- құнды дәрі болып табылады. - **Аналық араның істейтін жұмысы** A. ара ұяшықтарын салады B. ешқандай жұмыс істемейді C. табылған бал орындары туралы хабарлайды D. балаңқұрттарды тамақтандырады - **Қысқы уақытта аралар үшін бал -...** A. қарақұмық B. дәрумен C. тамақ D. олжа - **Неліктен аралар ұяға оралып келгенде «билейді»?** A. табылған бал орындары туралы хабарлайды B. үйге оралғандарына қуанады C. басқалардың алдында жинаған балшырындарымен мақтанады D. адам жақындап келе жатқанын ескертеді **5. Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.** Арман күш-жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын. Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып-соғып, қыздарды айырсадақпен ататын. Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып, кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін. Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты. Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні шығаруға тырысты, еш нәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді. Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір бұрышында жарма сұрыптап, көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра берді. Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан жалғыз қалды. - **Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал** A. Жақсы мінез -- сүйінтер, жаман мінез -- күйінтер B. Бала -- қымбат, немере -- ыстық C. Досы көпті жау алмайды D. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады - **Әжесі Арманға не үшін ренжіді?** A. Арман үй шаруасына көмектеспейтін. B. Арман серуеннен үйге кеш келетін. C. Арман әжесіне жиі дөрекі мінезін көрсететін. D. Арман кішкентай кірпіні үйден қуып шыққан. - **Арман неге жалғыз қалды?** A. Әжесі Арманды үйге қамап қойды. B. Арман бәрінің мазасын алып, дөрекі мінезін көрсетті. C. Арман жалғыздықпен өзін сынап көрді. D. Арман жалғыз жүргенді ұнататын. - **Арман нені мақтан тұтты?** A. Жігерлі болуды B. Ешкімнен қорықпауды C. Әжесіне дөрекі мінезін көрсетуді D. Жалғыз қалғанын