МӘТІН PDF

Summary

Мұнда мектепте оқу және ақша туралы мақала бар. Мақалада ақшаны үнемдеу туралы кеңестер беріледі. Жазба оқудың маңыздылығына баса назар аударады. Мектепте оқудан басқа, басқа қызығушылықтарда да болғаны қажет.

Full Transcript

Мен әлі мектепте оқимын. Әзірше жұмыс істемеймін, тұрақты табысым жоқ. Маған ақшаны ата-анам береді. Ал менің міндетім --- сабақ оқу. Бірақ кейде ұсақ-түйек жұмыстар орындаймын. Сөйтіп, күнделікті ата-анам беретін қалта шығынымды толтырып отырамын. Мен Герберт Ньютон Кэссонның кітабын оқығаннан кейі...

Мен әлі мектепте оқимын. Әзірше жұмыс істемеймін, тұрақты табысым жоқ. Маған ақшаны ата-анам береді. Ал менің міндетім --- сабақ оқу. Бірақ кейде ұсақ-түйек жұмыстар орындаймын. Сөйтіп, күнделікті ата-анам беретін қалта шығынымды толтырып отырамын. Мен Герберт Ньютон Кэссонның кітабын оқығаннан кейін ақшаны үнемдеп ұстайтын болдым. Кез келген нәрсеге шаша бермеймін. Көбінесе түскі ас кезіндегі тамаққа, оқуға қажетті құрал-жабдыққа жұмсаймын. Сатып алған заттарымның түбіртегін сақтап қоямын. Айдың аяғында кеткен шығынымды есептеймін. Бірақ кейде достарыммен қыдыруға да ақша қалдырып отырамын. Егер өзіме қажетсіз зат болса, бас тартамын. Өйткені ол мен үшін маңызсыз. Сондықтан пайдалы әрі керек заттарды сатып алуға тырысамын. Ата-анасы берген ақшаны қалай болса, солай ұстайтын балаларға таңғаламын. «Олар ақшаның қандай еңбекпен келгенін біле ме екен?» --- деп ойлаймын. Оны қосымша жұмыс істеген кезде сезіндім. Әр жұмыстың өз қиындығы болатынын түсіндім. Өскенде бай әрі жақсы өмір сүруді мектеп қабырғасынан бастап ойлау керек екен. Егер сен білімді болсаң, ақша табуға болады. Білімді адам кез келген жерде бағаланады. Сондықтан мен уақытымның көбін сабақ оқуға жұмсаймын. Түрлі үйірмеге қатысамын. Ата-анама қолғабыс жасаймын. Олар жұмыстан келгенше үйдегі жұмыстарды істеп қоямын. Пәтерақы төлеймін. Жақын адамдарымды бағалай білу керектігін өмір туралы кітаптарды оқыған кезде түсіндім.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser