Физикалық География. Литосфера PDF

Summary

Бұл құжатта жердің ішкі құрылысы, Литосфера, Мантия және Ядроның сипаттамалары келтірілген. Құжатта жер қыртысының қалыңдығы және құрамы туралы мәліметтер бар, сонымен қатар жер бетіндегі геологиялық процестер туралы түсініктемелер қамтылған.

Full Transcript

ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ. ЛИТОСФЕРА ============================== \*Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалды тау жыныстарынан тұратын жердің қатты қабаты -- **Литосфера.** \*Жердің орталығында орналасқан қабат -- **Ядро.** \*Жер қыртысы мен ядроның аралығында орналасқан қабат -- **Мантия.** \*Гр...

ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ. ЛИТОСФЕРА ============================== \*Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалды тау жыныстарынан тұратын жердің қатты қабаты -- **Литосфера.** \*Жердің орталығында орналасқан қабат -- **Ядро.** \*Жер қыртысы мен ядроның аралығында орналасқан қабат -- **Мантия.** \*Гранит сөзінің мағынасы -- «**Дән».** \*Дала шпаты, слюда сияқты заттардан түзілген қабат -- **Гранит.** \*Магнетит, лабрадор, оливин сияқты заттардан түзілген қабат -- **Базальт.** \*Мантияның құрамындағы заттардан балқып пайда болған жердің беткі бөлігі -- Жер қыртысы. ============ ![](media/image2.jpeg) \*Мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы -- **5-10 км.** \*Жер қыртысының жазықтардағы қалыңдығы -- **30-40 км.** \*Жер қыртысының таулы аудандардағы қалыңдығы -- **70-80 км.** \*Жер қыртысында кең таралған элементтер саны -- **8 элемент.** \*Жер қыртысында кең таралған жетекші элемент -- **Оттегі.** \*Жер қыртысында салмағы бойынша жетекші орынды алатын элемент -- **Оттегі (47%).** \*Жер қыртысында көлемі бойынша жетекші орынды алатын элемент -- **Оттегі (96%).** \*Жердің ең тығыз ішкі қабаты -- **Мантия.** \*Жер қыртысының астында орналасқан қабат -- **Мантия.** \*2900 км тереңдікке дейін орналасып, ядромен шектесетін қабат -- **Мантия.** \*100 км тереңдіктегі температура мөлшері - **+50 ^о^С.** \*500 км тереңдіктегі температура мөлшері - **+2000 ^о^С.** \*Мантияның ядромен шектесетін аймағындағы температура мөлшері - **+4000 ^о^С.** \*Мантия құрамындағы заттардың күйі -- **Қатты.** \*Жоғарғы және төменгі мантиялардың шегарасы орналасқан тереңдік -- **900-1000 км.** \*Жер планетасының дәл ортасы -- **Ядро.** \*Жердің 2900 км-ден 6371 км тереңдікке дейінгі аралықта орналасқан қабаты -- Ядро. ===== Жердің тектоникалық құрылымы ============================ \*Жер қыртысы құрылымының өзгерісін зерттейтін геология ғылымының саласы -- Тектоника. ========== \*Жер қыртысының тұрақты, қозғалмайтын бөлігі -- **Платформа.** \*Платформа табанының жер бетіне шыққан тұрақты бөліктері -- **Қалқан (шит).** \*Платформалардың бүркеніш жабуы бар шеткі бөліктері -- **Тақта.** \*Жер шарындағы ірі тақталар саны -- **7 тақта.** \*Литосфералық тақталардың жылдық қозғалысы -- **2-5 см.** \*Материктердің жүзіп жүру мүмкіндігі туралы болжамның негізін қалаушы неміс ғалымы -- **Альфред Вегенер.** \*Материктердің көлденең бағытта қозғалатынын айтқан неміс ғалымы -- **Альфред Вегенер.** \*Материктердің көлденең бағыттағы қозғалысын құптай отырып, материктер жоғары және төмен бағытта қозғалуы -- **Мобилизм гипотезасы.** \*Орталық мұхиттық жоталар жүйесінің ұзындығы -- **60 000 км.** \*Мұхиттық ойыстардың базальтты қабаты мұхиттың ортасында қалыптасып, жан- жаққа және шетіне қарай ығысатындығын жариялаған ғалымдар -- **Г.Хесс, Р.Диц.** \*Спредингті жайылмалы, созылмалы құбылыстың авторлары -- **Г.Хесс, Р.Диц.** \*Мұхиторталық тау жоталарындағы рифтік аймақтарда литосфералық тақталардың бөлшектеніп және ығысып, Жер қыртысының жас мұхиттық тегінің пайда болуы -- **Спрединг.** \*Қарсы орналасқан тақталардың бір-бірімен соқтығысу жылдамдығы жылына 6 см-ден төмен болған жағдайда қалыптасатын нысандар -- **Қатпарлы таулар.** \*Үндістан мен Азия тақталарының соқтығысуынан пайда болған таулар -- Гималай. ======== ![](media/image6.jpeg) \*Жер қыртысының жаңа тегі құрылып жатқанда, планетаның басқа бір аудандарында литосфераның кейбір блоктары төмен түсіп, мантия қабатындағы заттармен араласуы -- **Субдукция.** \*Мантияның тығыздығы төмен, иілгіш жоғары қабатында жүретін процесс -- Тақталар қозғалысы. =================== \*Жер шарындағы ең ірі материк -- **Еуразия.** \*Жер қыртысының тұрақты, қозғалмайтын бөлігі -- **Платформа.** \*Жер қыртысының ауқымды, өте қозғалмалы ұзына бойы созыла орналасқан бөлігі -- **Геосинклинал.** \*Еуразиялық литосфералық платформаның үстінде орналасқан кембрийге дейінгі ежелгі платформалар -- **Шығыс Еуропа, Сібір.** \*Жер қыртысының жарықтары арқылы жоғары көтерілген бөлігі -- **Төбе.** \*Қатпарлы-жақпарлы таулы өлке -- **Алтай.** \*Геосинклиналды аймақтағы баяу тербелудің созылу аумағы -- **10-12 км.** \*Жер қыртысының өте баяу қозғалатын бөлігі -- **Платформа.** \*Платформадағы қыртыстың баяу тербелуі нәтижесіндегі төмен және жоғары көтерілген жерлердің ауданы -- **2-3 км.** \*Кристалды іргетасы жер бетіне шығып жатқан қалқан кездесетін платформалар -- Шығыс Еуропа және Сібір. ======================== \*Қазіргі кездегі геосинклиналды аймақтар -- Жерорта теңізі жағалауы, Испания, Италия, Альпі және Карпат тауы, Балқан түбегі, Кіші Азия түбегі, Қырым, Кавказ, Копетдаг, Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай, Гималай, Байкал маңы таулары, Тынық мұхит аралдары. ===================================================================================================================================================================================================================================================================== \*Қазақстанның орталығында орналасқан күмбез тәрізді көтеріңкі таулы өлке -- Сарыарқа. ========= ![](media/image8.jpeg) \*Материктің үстіңгі қабатындағы геосинклиналдар мен тақталардың тарихының бірнеше этаптарды қамтуы -- **Тектоникалық цикл.** Литосфералық катаклизмалар ========================== \*Жойқын апатты жағдай, табиғаттағы катастрофа -- **Катаклизм.** \*Дүмпудің жер бетіне шығатын жері -- **Эпицентр.** \*1954 жылы 4 желтоқсанда Моңғолия жерінде болған жер сілкінісі -- **Гоби-Алтай.** \*1954 жылы 4 желтоқсанда Моңғолия жерінде болған жер сілкінісінің әсерінен қалыптасқан жарықтың ұзындығы -- **270 км.** \*Арменияның Спитак қаласында апатты жер сілкінісі болған уақыт -- **1988 жылы.** \*Жамбыл облысы Құлан стансысында күші 7 балдық жер сілкінісі болған уақыт -- 2003 жылы. ========== \*Жер сілкінісі әсерінен теңіз жағалауында туындайтын толқындар -- **Цунами.** \*Күшті жер сілкінісінің әсерінен, мұхит бетінде қалыптасатын жойқын, өте биік толқын -- **Цунами.** \*Жер сілкінісі жиі болатын екі белдеу: ======================================= 1. 2. \*Терең магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, тау жыныстарының атқылап тұратын жер қыртысындағы жарықтардың үстінде пайда болған құбылыс -- **Жанартау.** \*Конус және күмбез тәрізді геологиялық жолмен пайда болған таулар -- Жанартау. ========= \*Жанартаудың шыңында болатын кесе немесе шұңғыма тәрізді ұңғы -- **Кратер.** \*Кратердің төменгі жағы бойлық канал арқылы жалғасатын жанартау бөлігі -- Көмей. ====== \*Жер бетіне төгілген магма -- **Лава.** \*Жанартау кратерінен лавамен бірге жер бетіне шығатын ең ірі қатты денелер -- Жанартаулық бомба. ================== \*Көмейінен ұдайы шаң-тозаң және магма атқылап тұратын жанартаулер -- Сөнбеген жанартау. ================== \*Жанартаудың атқылағаны туралы тарихи деректер кездеспеген жанартау түрі -- Сөнген жанартау. ================ \*Арагідік атқылайтын булы фонтан -- **Гейзер.** \*«Великан» гейзері орналасқан аймақ -- **Камчатка.** \*Камчаткадағы «Великан» гейзерінің биіктігі -- **50 метр.** \*Камчаткадағы «Великан» гейзерінің буының таралу биіктігі -- **300 метр.** \*Жер астынан шығатын термальды ыстық суды пайдаланады -- **Емдік бағытта.** Литосфералық катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері ========================================================= \*Жер қыртысында және Жер бетіндегі қауіпті және жойқын құбылыстардың бірі -- Жер сілкінісі. ============== -- ------------------------------------------------------------------------------- Тербелістер аспаптар арқылы тіркеледі Тербелістерді тыныштық жағдайдағы адамдар сезеді Тербелістер кейбір адамдарға сезіледі Тербелістерді көптеген адамдар сезеді, терезе әйнектері дірілдеуі мүмкін Аспалы заттар тербеледі; ұйқыдағы адамдар оянады Үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, аздаған зақым келуі мүмкін Үй қабырғаларының жеке бөліктері құлауы мүмкін Үйлердің қабырғаларында үлкен жарықтар пайда болады; мұржалар құлайды Үйлердің қабырғалары, төбелері құлайды Жеке құрылыстар құлап, жер бетінде ені 1 метрге жететін жарықтар пайда болады жер бетінде көптеген ірі жарықтар пайда болып, тауларда опырылу орын алады Жер бедері күрделі өзгерістерге ұшырайды -- ------------------------------------------------------------------------------- \*6-7 балдық жер сілкінісінен пайда болатын толқындар -- **Цунами.** \*Қазақстанның таулы аудандарында жиі кездесетін табиғи құбылыс -- **Қар көшкіні.**

Use Quizgecko on...
Browser
Browser