ЖМҚ және коллоидты ерітінділердегі өзгерістер (Тatar) PDF

Summary

Бұл құжат жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) және коллоидты ерітінділердің өзгерістеріне (коацервация, сілбілену және т.б) арналған. Гетерогенді жүйелердің агрегативті, кинетикалық және конденсациялық тұрақтылығы қарастырылған. Құжат жоспары мен кіріспе бөлігін ұсынады

Full Transcript

РЕФЕРАТ **Тақырып**: ЖМҚ және коллоидты ерітінділердегі өзгерістер (коацервация, сілбілену және т.б.). Гетерогенді жүйелердің агрегативті, кинетикалық және конденсациялық тұрақтылығы. Орындаған:Оспанова Ж.С. Топ: ФӨТҚБ-01-22 Қабылдаған:Асылова Н.А. Шымкент 2024ж. **Жоспар**: Кіріспе Негізгі бө...

РЕФЕРАТ **Тақырып**: ЖМҚ және коллоидты ерітінділердегі өзгерістер (коацервация, сілбілену және т.б.). Гетерогенді жүйелердің агрегативті, кинетикалық және конденсациялық тұрақтылығы. Орындаған:Оспанова Ж.С. Топ: ФӨТҚБ-01-22 Қабылдаған:Асылова Н.А. Шымкент 2024ж. **Жоспар**: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Сақтау кезінде ерітінділерде өзгерістер тудыратын тұздану, коацервация, сілбілену және басқа процестер. 2. Гетерогенді жүйелердің агрегативті, кинетикалық және конденсациялық тұрақтылығы. Қорытынды Пайдаланылған әдебиетте **Кіріспе** **Жоғары молекулалы қосылыстар** немесе **полимерлер** ([гр.](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%BA_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96) *πολύ-* --- көп, *μέρος* --- бөлік, бөлігі) --- [молекула](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0) құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. Жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы --- [полиэтилен](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%8D%D1%82%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BD), оның мономері --- [этилен](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%82%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BD) (Ch2=Ch2). Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, [нуклеин қышқылдары](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D1%83%D0%BA%D0%BB%D0%B5%D0%B8%D0%BD_%D2%9B%D1%8B%D1%88%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B), табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар [биосинтез](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D1%81%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B7) барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған. Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМК) - молекулалық салмағы бірнеше мыңнан миллионға дейін және одан да жоғары болатын заттар. ЖМК молекуласының құрылысы сфералы және тізбекті жіп тәрізлі больп келеді. Молекула ұзынлығы, мысалы целлюлоза молекуласьның 500 нм дейін , ал көлденеңнен 0.5 нм дейіи болуы мумкін. ЖМК молекулалық салмағы үлкен болғандықтан, ұшкыш емес, белгілі балқу температурасы жок, сыртқы факторларға сезімтал, қасисеті тек мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар молекула туріне де байланысты болады. Көптеген ЖМК тән ерекшілік - олардың молекулаларында көп рет қайталанатын буындарының болуы. Ол полимеризация дәрежесіне байланысты болалы. Осыдан олардың екінші --- полимерлер деген атауы бар. Қaзіргі кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. **Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуі.** Алыну әдісіне байланысты: -табиғи жоғары молекулалық қосылыстар - ақ уыздар (желатин, желатоза, коллаген, казеин және т.б.), ферменттер (пепсин., трипсин, лидаза және т.б.), жоғары полисахаридтер (крахмал, целлюлоза, декстриндер, пектинді заттар, шырыштар, шайырлар); -синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар - целлюлоза туындыларыу (мегилцеллюлоза МЦ, натрий метилиеллюлоза - Nа-МЦ, натрий карбоксиметилиеллюлоза - Nа-КМЦ, поливинил спирті, поливинилпирролидон, полиэтилен, полистирол жэне т.б.) **Жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша**: дәрілік заттар; көмекші заттар (негіздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшін негіз компоненті, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консервантгар орамдаушы жэне тығындаушы материалдар және т.б.). **Ісіну қабілеті бойырнша**: шексіз ісінетін; шекті ісінетін ЖМК. Жоғары молекулалық қосылыстар молекулалық салмағына байланысты келесі қаснеттерге ие: ұшпайды, су буымен айдалмайды, тутқырлығы өте жоғары, сыртқы факторлардың әсеріне сезімтал, жоғары температураның әсерінен ыдырайды. Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері нағыз ерітінлілер және коллондты ерігінділер аралығында аралық орын алады. Нағыз ерітінділерге ұқсас қасиеттері: еріткішпен жанаса отырып, нағыз ерітінділер тузеді, жоғары молекулалық қосылыстар ерінтінділері, термодинамикалық тұрақты. Коллондты ерітінділерге ұксас қасиеттері: молекула мөлшерінін үлкенлігінен еру процесі баяу журеді, диффузия баяу өтеді, жоғары молекулалық қосылыстар ерітінлілері жартылай өткізгіш мембранадан өте алмайды, диализдеибейді, жоғары молекулалық қосылыстар ерітінлілерінде осмос қысымы өте төмен, сырткы факторлардың әсеріне сезімтал.Осы қасиеттер жоғары молекулалық қосылыстарының барлық ерітінлілеріне тән және жоғары молекулалық қосылыстар ерітінлілерін коллойлты ерітінлілерімен жақынластырады. Жоғары молекулалық қосылыстар ерітілілерінде ерітілген зат молекулаға дейін ыдыраған, ерітінді гомогенді жене бір фазалы жүйе. Жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түріне қарай екі топка бөледі: сфералық (ак уызлар) және тізбекті (крахмал, целлюлоза туынлылары) құрылысты. ЖMҚ ерітінділерінің тұтқырлығына баланысты оларды негізінен үлкей саңылаулы материалдардан --- дәке, мaқта, үлкен саңлаулы шыны фильтрлер арқылы сүзелі. Сонымен бipге тaрмақты жене кеңістік, немесе үшөлшемді ЖМҚ кездеседі.Тармақты ЖМҚ макромалекулалары бүйір тармақтары бар ұзын тізбектен тұрады. Ісіну- төмен молекула еріткіші сіңіру арқылы , жоғары молекулалы заттың көлемінің ұлғаюымен аяқталатын өздігінен жүретін процес. Сонымен, ісіну процесін екі сатыда өтетін процесс ретінде қарастыруға болады: біріші саты- сольпватация-гидратация (жылу бөле) жүрелі; екінші саты -ісіну (сұйнқтық жылу бөлінусіз жұтылады). Егер сольватация кезінде бөлінген энергия аралық байланыстарды үзуге жеткілікті болса, онда ісіну процесі ерумен бітеді. Мұндай ісіну шексіз деп аталады. Ісіну көлеміне әртурлі факторлар әсер етеді. **ЖМҚ молекуласының түрі.** Изометрлік макромолекулалы ЖМҚ- полярлы және қзындық өлшпемдері бірдей. Сфера түріндегі ЖМҚ шексіз ісінетінге жатады. Олар аз ғана ісінеді, пепсин, лидаза, трипсин және т.б. Асимметриялық ЖМҚ-ұзыидығы көлденең өлшемінен (енінен) кқп есе үлкен шекті ісінетін ЖМҚ жатады- еріу кезінде ісінеді (желатин, целлюлоза және оның туындылары)және жоғары тұткыр ерітінділер түзеді. **Температура**. Желатин мен крахмал ерітінділерін дайындау үшін температураны жоғарлату қажет. Қыздыру - бөлме температурасында ерімейтін сілбінің ерітіндіге өтуіне жағдай жасайды, ал метилцеллюлозаның ерітіндісін дайындау үшін температураны төмендету керек. **Электролиттік қасиеті**. Егер жазылымдағы дәрілік заттар электролит немесе су сіңіретін болса, онда олар ісіну көлемін төмендетеді. **Дисперстік дәрежесі**. Жоғары молекулалы затгардың майдалану дәрежесі: алдын ала майдалу ісіну процесінің жылдамдығын жоғарлатады. ЖМҚ ерітінлілері - тұрақты жүйелер, бірақ кейбір жағдайларда (тұдану, коацервациялану) тұрактылығы бұзылып сілбіге айналуы мүмкін. ЖМҚ тұрактылығына әсер ететін факторлар: **Тұздану** --- еріген ЖМҚ тұнбага тусуі, ерітінліге көп мөлшерде электролиттер және су сіңіруші заттар затгар (қант шырыны, спирт, глицерин) қоскан кезде жұреді. Тұзданудың алдын-алу үшiн электролиттерді және су сіңіруші заттарды ЖМҚ ерітінділеріне ал мөлшерде араластара отырып ерітінді түрінде қосу керек. **Коацервация** --екі сұйықтық фазалардың түзілуі , біреуі -- крнцентрлі ЖМҚ ерітіндісі , ал екіншісі -- сұйытылған ЖМҚ ерітіндісі. Коацервация ЖМҚ ерітіндісіне төмен молекулалы электролит (қарапайым коацервация) немесе жоғары молекулалы электролит (күрделі коацервация) қосқан кезде байқалады. **Уакыт әсері** - сақтау кезінде ЖМКҚ ерітінлілері өздерінің аққыштығын жоғалтып , сілбеге айналады. Бұл ЖМҚ макромолекулаларының сольваталанбаған бөліктерінің әрекеттесуі есебінен жүреді. Бастапқы сатыда бұл процесст қайтымды: сілбі температура, сілкілеу, араластыру әсрінен ерітінліге өтуі мүмкін. Бұл құбылысты тиксотрония деп айтайды. Сондықтан дәрілік түрді босатар кезде ескерту жазылымдары болуы керек : «Қолданар алдында қыздыр». «Қолданар алдында шайқа». **ЖМҚ ерітінділерінің жеке технологиясы**. Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділері: пепсин жэне фермент топтарының ерітінділері, шайыр, шырыш ерітінділері, экстракт ерітінділері (құрғақ, қою экстрактар). **Экстрактылар ерітінділері**.Экстрактылар құрамында шырышы заттар шайырлар, өсімдік ақ уыздары, крахмал болады. Экстракты ерітінділері құрғақ экстракт, қою экстрактылармен дайындалады. 1. **Құрғақ экстрактымен ерітінді технологиясы**. Ыдысқа 140 мл тазартылған су құйып, 0,3г итжидектің құрғақ экстрактысын ерітіп, бостатын құтыга сүзіп құяды. 20 мл аммоний хлоридінің 10% ерітінлісін және 40 мл натрий бромидінің 10% ерітіндісін қосып, араластырып, тығындап босатуға безендіреді. 2. **Қою экстрактымен ерітінді техиологиясы**. Ыдыска 140 мл тазартыған су өлшеп алады, 0,l5 г итжидектіқ қою экстрактысын дөнгелек фильтр кағазына өлшеп, келсап басына жапсырып келіге салады, суды бөлшектеп құйып, аратастырып, бостатын құтыға сүзелі. Бірден босататын құтыға 20 мл аммоний хлорилінің 10% ерітіндісін 40мл натрий бромилінің 10% ерітіндісін қосады. Содан соң араластырып, тығындап, босатуға безендіреді. 3. **Қою экстрактының ерітіндісімен ерітінді технологиясы**. Босататын құтыға 140 мл тазарғылган су, 20 мл- аммоний хлоридінің 10% ерітіндісін және 40 мл натрий бромилінің 10% ерітінлісін өлшеп құяды. Қою экстрактын ерітінлісінен 12 тамшы ең сонында қосады. Безендіру: негізгі этикетка:- жасыл тусті «ішуге», ескерту этиксткалары «Балалардан сақта», «Қолданар алдынла шайқа». **Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділері**. Шекті ісінстін ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллолоза, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), поливинилтирралидон (ПВП) және т.б. жатады. **Метилцеллюлоза (МЦ) ерітінділері**. МЦ ақ немесе әлеіз сарғыш түсті талшықты үлпектер, тек суық суда ериді. Егер МЦ алдын ала ыстық сумен өңдесе, еру процесі жылдам жүреді (судың көлемі ерітінлінің көлемінің 0,2- 0,5 бөлігін құрауы керек). Содан соң суық суды қажетті көлемге дейін жеткізіп. МЦ толық ерігенше араластырады. Мөлдір ерігінді алу ушін МЦ еріту процесінде мұзбен салқындату немесе мұздаткышқа қою қажет. **Натрий-карбоксиметилцеллюлоза (Nа-КМЦ) ерітінділері**. Nа-КМЦ сұр түсті, дәмсіз, иіссіз, аморфты ұнтақ. Суық суда да, ыстық суда да жақсы ериді. **Поливинил спирті (ПВС)** ақ немесе әлсіз сарғыш түсті ұнтақ. Молекулалық салмағы (М.с.) 10 000-нан 40 000 және одан да жоғары болуы мүмкін. Суда қызлыру арқылы ериді. **Поливинилпирролидои (ВП)** төмен-, орға- және жоғары молекулалы болуы мүмкін. Төмен молекулалы ПВП (М.с. 2 600-2 700) сула және 95% спиртте жеңіл ериді. Орта молекулалы ПВП (М.с. 30 000-40 000) суда ериді спиртте баяу ериді. **ЖМҚ ерігінділерінің технологиясын жетілдіру**. ЖМҚ ерітінділерінің технологиясын жетілдіру жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі: -ЖМҚ ерітінділерінің химиялық, физикалық, микробиологиялық құрақтылығын арттыру; -ЖМҚ ерітінділерінін орамдалуың жетілдіру; -ЖМҚ сулы ерігінділерінінң сапасын бағалаудың белгілі әдістерін жетілдіру және объективті әдістерін ойлап табу. **Коллоидты ерітінділер** **Коллоидты ерітінділер** - құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын молекулалар мена атомдар комплексі болып табылатын ультра-микрогетерогенді дәрілік түр. Коллоидты ерітінділер дисперстік фаза мен дисперстік ортадан тұрады. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері 1 нм-ден 100 нм-ге дейін (0,1 мкм -0,001 мкм) болады. **Коллоидты ерітінділердің ерекшеліктері**: -агрегатық және термодинамикалық тұрақсыз. Коллоидты ерітінділер тек құрамына үшінші компонент-құрақтандырғыш енгізген кезде ғана, құрақты болады. Тұрақтандырғыш дисперстік орта бөлшектері бетіне адсорбцияланып, олардың коагуляциясын болдырмайды. Коллоидты жуйенінің тұрақтылығы сонымен бірге, бөлшектердің айналасына еріткіш молекулаларынан сольватты қабат түзу есебінен артады; -коллоидты ерітінділердің кері қайту касиеті жоқ. Сулы коллоидты ерітіндіні буландырып, су қосылса, қайтадан коллоидты ерітінді түзілмейлі. Осы қасиетімен олар нағыз ерітінділерден ерекшелінеді; \- коллоидты ерітінділердің бөлшектері кәдімгі микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектері едәуіро үлкен боліандықтан, олар арқылы жарық өтпейді. Осыған орай коллоидты ерітінділер шашыраған жарықта лайлы болып көрінеді; \- коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы төмен. Көлем бірлігінде бөлшектердің салыстырмалы салмағы, үлкен нағыз ерітінлілерге қарағанда олар ондаған және жүз мын есе аз; -бөлшектерінің мөлшерінің өлкендігінен коллоидты ерітінділер ЖМҚ ерітінділері сияқты әлсіз диффузияланады. Бірақ коллоилты ерітінділердің бөлшектері оларды фильтрлеуге мүмкіндік береді. Филтрлеуші материалға бөлшектердің абсорбцияланып қалу мүмкіндігі болмаса, фильтрлен оңай отеді -коллоидты ерітінділер - лабильді, бұл олардың сезімталдығының жоғары болуымен тусіндіріледі. Өте аз мөлшерде электролит қосылса немесе температура сәл жоғарылатылса, тінті кейде өзлігінен себепсіз коллоилты ерітінділер бұзылып, коагуляцияға ұшырайды. Коагуляция кезінде еріген заттың бөлшектері іріленелі, сұйыктық лайланып, суспензияға айналады, бірнеше уақыт өткен соң коагулянт тұнбаға түседі; \- коллоидты ерітінділердің сақталу мерзімі шектеулі, тіпті мұкият, барлық жағдайларды жасаған кезде де, уақыт өткен сайын ерігінді --- «ескіреді». Жоғары тұрақсыздығы, технологиясының қиындығы фармацияда коллоидты ерітінділердің қолданылуын шектейді. Фармацевтік практикада қорғалған коллоидты ерітінділер қолланылады. Тұрақты коллоидты ерітінділер алу үшін коагуляцияны тудыратн факторларды білу керек: жазылымда төмен молекулалы электролиттер мен электролит еместердің (қант және жидек шырындары, глицерин, спирт) болуы және олардың мөлшері, температураның өзгеруі, механикалық әсер, әр түрлі сәулендірулердің (жарықтың) әсері. **Қорғалған коллоидтар** - гидрофильді қасиеті бар ЖМҚ және гидрофобты коллоилты заттан төратын жасанды препараттар. **Жоғары молекулалы қосылыстар** - беттік активті заттар коллоидты бөлшектердің бетіне адсорбцияланып, беттік энергияның төмендеуіне әсер етіп коллоилты жүйені тұрақтандырады. ЖМҚ макромолекуласымен қорғалуы нәтижесінде, гидрофобты коллоидтар практикада жоғары бағаланатын жаңа қасиетке- тұрақтылыққа ие болады. Қорғалған коллоидардың ерігішігі ЖМҚ секілді шексіз. Медициналық практикала үш коллоидты препарат кеңінен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллондты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид). **Протаргол ерітіндісін дайындау**. Протаргол - ақ уыздардың сілгілі гилролиз өнімдерімен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күміс тотығының коллоидты заты. Күміс тотығы-8% ,қалған мөлшері --ЖМҚ қорғанысы. Протаргол қоңыр-сары немесе қоңыр түстң , иіссіз, әлсіз ащы дәмді жеңіл ұнтақ. Суда жеңіл ериді, 95% спиртте, эфирде, хлороформда ерімейді, Гигроскопиялық зат, Протаргол ерігіндісің дайындаған кезде пептизация, яғни еріту сатысы, колларголдағы ісіну сатысына карағанда ұзақ жүреді. **Қорытынды** Қортындылай келе,жалпы жоғары молекулалы қосылыстар фармацевтикада маңызды рөл атқарады, себебі олар дәрілік заттардың әсерін, олардың жеткізілуін, және организмдегі биологиялық реакцияларын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады екен. Жоғары молекулалық қосылыстарға (ЖМҚ) молекулалық салмағы бірнеше мыңнан миллионға дейін немесе одан да көп болатын әртүрлі табиғи және синтетикалық заттар жатады. ЖМҚ тұрақты болуына әсер ететін факторлар: тұздану, коацервация, уақыт әсері. Ісіну қабілетіне байланысты шексіз және шекті болып қарастыралады. Сонымен қатар, құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын ультрамикрогетерогенді дәрілік түр аталды оны коллоидті ерітінділер деп атаймыз. Ол агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз, оның бөлшектері қарапайым микроскопта емес,оны ультрамикроскопта байқалады. Осмостық қысымы төменділігімен және қасиеттерімен ерекшеленеді. Медициналық практикада үш коллоидты препарат кеңінен қолданылады: колларгол, протаргол және ихтиол. **Пайдаланылған әдебиеттер** 1. Сағындықова **Б.А.,** Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. - Қарағанды: Medet Group, 2021. - 556 бет. 2. Сағындықова **Б.А.,** Анарбаева Р.М. Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық. - Қарағанды: Medet Group, 2021. - 427 бет. 3. **Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М.** Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық. - Алматы: Эверо, 2016. - 464 бет. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-286/2020 бұйрығы «Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы»

Use Quizgecko on...
Browser
Browser