Ермұхан Бекмаханұлының өмірі және қайраткерлігі (PDF)

Document Details

BeneficentSet

Uploaded by BeneficentSet

Қ. Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Tags

history kazakhstan biography historical figures

Summary

Мақалада тарихшы Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен кәсіби жолын, тарихты зерттеуге және ғылыми жұмыстарға деген арманын, Қазақстан тарихына қосқан үлесін баяндайды. 1915 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, ол білімін Тамбов және Воронеж университетінде алған. Қазақ КСР-нің халық ағарту комиссариатында жұмыс істеген.

Full Transcript

Бір туар тарихшы Ермұхан Бекмаханұлы 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Алты жасында әкесі Бекмахан қайтыс болып, жетім қалған Ермұхан анасы Бәпіштің қолдауының арқасында жоғары білім алды. Алдымен 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Бұдан кейін Ермұхан С...

Бір туар тарихшы Ермұхан Бекмаханұлы 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Алты жасында әкесі Бекмахан қайтыс болып, жетім қалған Ермұхан анасы Бәпіштің қолдауының арқасында жоғары білім алды. Алдымен 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Бұдан кейін Ермұхан Семейдегі Жұмысшы факультетін бітіріп, 1933 жылы Тамбов педагогикалық институтының тарих факультетіне түсті. Екі жылдан кейін ол жабылып, студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. Сөйтіп 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Бұл жерде оның ұлттық сана-сезімінің күшейгенін айта аламыз. Өйткені мұнда айдауда жүрген Алаш қозғалысының белгілі қайраткерлері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлымен танысып, араласып жүреді. Кейбір зерттеушілер олардың жас Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына, тіпті кейін зерттеу тақырыбы болатын Кенесары Қасымұлы туралы көзқарасының қалыптасуына ықпал жасағанын айтады. 1937 жылы Воронеж педагогикалық институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында бастады.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser