Медеу Сәрсеке-Қазақтың Қанышы PDF

Summary

Медеу Сәрсеке жазған «Қазақтың Қанышы» – Қаныш Сәтбаевтың өмірі туралы деректі ғұмырнама-роман. 2015 жылы жарық көрген бұл кітап, мемлекеттік мұрағаттарды, замандастары мен туыстарының естеліктерін пайдаланып жазылған. Романда ғалымның өмірі шынайы оқиғалармен қызықты өрілген.

Full Transcript

УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз)-44 С 28 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді С 28 Сәрсеке М. Шығармалары / М. Сәрсеке. – Астана: Фолиант, 2015. ISBN 978-601-7...

УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз)-44 С 28 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді С 28 Сәрсеке М. Шығармалары / М. Сәрсеке. – Астана: Фолиант, 2015. ISBN 978-601-7568-20-7 Т.4. Қазақтың Қанышы. Деректі ғұмырнама-роман. – 640 б. ISBN 978-601-302-247-5 Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәт- баевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жар­ қын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман- дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай- даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқи- ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес- терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ер­лікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз... Қолыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз. УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз)-44 ISBN 978-601-302-247-5 (Т.4) © Сәрсеке М., 2015 ISBN 978-601-7568-20-7 © «Фолиант» баспасы, 2015 ШЫҒАРМАЛАРЫ Бірінші бөлім БАЯНАУЛА АЯСЫНДА «Адам ата-анадан туғанда естi болмайды: естiп, көрiп, ұстап, татып ескерсе – дүниедегi жақсы-жаманды таниды дағы, сондай iстен көргенi көп... адам бiлiмдi болады. Естiлердiң айтқан сөз­ дерiн ескерiп жүрген кiсi өзі де естi болады. Әрбiр естiлiк жеке өзi iске жарамайды. Сол естiлерден естiп, бiлген жақсы нәрселердi ескерсе, жаман дегеннен сақтанса – сонда iске жарайды...» Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ, 19-сөз, 1893 жыл «...Ме­нің тұлғамды Сіз жет­кі­лік­ті білесіз: мен қазақпын – жаратылысым да, жаным да қазақы; ой-түйсігім бойынша да қазақпын; алдағы өмірімді тек қана туып-өскен Қазақстанда өт­кізбекпін; бұл жолда айға қол созған армандарға беріліп асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз кездесер қиыншылықтан алабөтен безінгім кел­мей­ді; жан тыныштығын да шат-шадыман тұрмыстан гөрі рухани күрес жолында өткізгенді жөн көремін; сол үшін тір­ші­лік­тің барлық күйтінен бас тартып, Қазақстан қиырында «кезбе» болып, өмір-бақи кен іздеуге құштармын...» Қаныш СӘТБАЕВ, 8 ақпан, 1927 жыл Таисия Сәтбаеваға Мәскеуден жолдаған хатынан «Әлемнiң отыз алтыдан бiр бөлігiн бостандық сүйгiш қазақ халқы жайлап отыр. Қазақ деген сөздiң өзiнде еркiндiк рухы атойлап тұр. Сол үшiн де бiздiң халық талай ғасырды үздiксiз күреспен өткiздi. Оның сана-сезiмiнде бұл сөз киелi де ұлы ұғым болып қалыптасқан...» Қаныш СӘТБАЕВ, 1949 жыл 3 Медеу СӘРСЕКЕ КЕНЖЕТАЙ I Сәтбай қажыға қарасты Кіші ауылдың тұрғындары көктем шуағы жылт еткенде-ақ қыстауды тастап, Қарамұрын қырқасына қоныс аударған. Рас, бәрі емес, жол-жөнекей тігетін ұранқай үйлерімен ғана көшкен. Ас-су, қазан-аяқ қорада. Жайлауда, күн қызған шақта тігіле­тін үлкен үйлер де қоймада жатыр. Бұлар қора іргесінен аулаққа қонып жұрт ауыстырып жатқанда, төңірек­те- гі ауылдар жайлауға көшуді бастаған. Соның алғашқы белгілері қыр астындағы қара жолдың бойынан белең беріп, кешелі-бүгінді боздаған түйелер даусы мен арбалар ши­қылы, үрген ит, дабырла- ған адамдар үні ес­тіл­ген. Сәтбай ауылы бірақ қыбыр еткен жоқ, жайбарақат қалпында отыра берді: күннен-күнге қы­зуы молайып жадырай түскен күн- шуақты сезбегендей, бірер апта бейғам отырса – қаржас ауылда- рының қалың көшінен қара үзіп, күллі Ақкелін атырабында со- пиып оңаша қалатынын біл­мегендей сыңай аңғартты... Сәтбайдан екі ауыл тарайды. Бірі – қажы­ның қарашаңыра- ғы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен ауыл да; екінші- сі – Қарамұрын дөңі­нің түстік етегінен ірге тепкен Кіші ауыл – Имантайға қарасты екі-үш үй. Екі ауылдың арасы қозы көш жер. Ортада шалғыны белуардан келетін кең өлке жатыр, оны қақ жа- рып, Айырық атты жіңішке өзен ағады. Айырықтың теріскей жағасына Имантай ауылы шаңырақ кө- тергенде небәрі екі түтін еді – Имантайдың отау үйі мен аталас ағайын Қасен­нің отбасы. Бертінде бұларға тағы да екі үй қо­сыл­ ды. Айналасы бес-алты жылда жатаған қырқаның етегі өріске шығарар қараң-құраңы едәуір, көрікті мекенжай болып бой көтерді. Бүгінде Кіші ауылдың түтіні бұрынғыдан да жоғары. Екі ауылдың үлкен-кіші­сінен бір жан Имантайға: «Би-аға, мұның не? Топырақ қауып ескі қыстауда қашан­ғы отырамыз?» – дей алмай- ды. Қайсысы болсын, алдына шақырса – бидің қабағын бағып, не айтасыз дегендей қол қусырып қарап тұрады... Имантай бидің қадірі өзіне қарасты екі ауылмен ғана шектелмейді, оның бірауыз 4 ШЫҒАРМАЛАРЫ сәлемін ат шаптырым төңіректегі қаржас, бабас, атығайда, бүкіл Ақкелін болысында екі айтқызбай орын­дау – соңғы 10-15 жылда бұлжымас рәсімге айналған өнеге. Сөйте тұра ол да кеудесін кернеген өксіктен құралақан емес-ті. Имантайдың өмірдегі зор өкініштерінің бірі – бала зары. Бәйбішесі Нұрым Тасболат­қызына ол алпысыншы жылдары үйленген. Со- дан бері отыз жыл өтті. Жастай қо­сылған жарына өкпесі жоқ, өмірдің небір қы­зық, бақуатты кезеңдерін жарастықпен өткізіп келеді. Тағдырдың қатал жазасына не шара, ертеректе көрген Күнше есімді қыз бала ғұмырлы болмады, жүгіріп жүргенде дүниеден өтті. Ал бала зары жасы ұлғайған сайын зорайып, жү- регін сыздатады... Имантай би мен Нұрым бәйбіше осы өксік­ті сәби үнімен басу үшін ырым етіп, бала баланы шақырады деген жорамал үмітпен жас­тары елуге еңкейгенде тетелес інісі Жәміннің Әбсәләм есімді ұрпағын жөргегін құрғатпай бауырына салған. Сол жылы Үлкен ауылдан бө­ лі­ ніп, өзен­ нің теріскей жағасына, Қара­ мұрын қыр- қасының етегіне жұрт ауыстырды. Екі-үш жыл өтті. Бүкіл әулет сол күнде қазақ қауым­ына міндет еткен орыс рәсіміне ден қойып Сәтбаев атанғанда, Әбсәләм балақан Имантаев болып жазылды (Осы кісіден тараған неше тізе әулет күні бүгінге дейін сол уәжді бұзбай, Имекең есімін иеленіп келеді). Әбсәләм мұ­сыл­маншылық парызын өтеп, сүндет атына ие болды. Кіші ауылдың еркетотайы атанса да соңынан не іні, не қарындас ертпеді. «Бала­сыз үй – қу мазар, ұрпақсыз ата – жұртта азар» қаупі кіші ауылдың иесінің жасы ұлғайған сайын көңілін құлазытып бұрынғыдан да ұлғая түсті. Құса күндердің бірінде Имекең әлде­ қайдан келе жатып иесіз далаға түнейді. Айдалада жалғыз жатқаны көңілін елегізітті ме, кім білсін, әлден уақытта ақбоз атты, ақ сәлделі, ақ шапанды әулие кейпіндегі жан иесі үстіне төне түсіп: «Ей, пенде, құла дүзде жападан-жалғыз жатқаның қалай?» – деп шүйіледі білем. Жолаушы аң қуып жүріп, серік­терінен адасып қалғандығын айтады. «Е, байғұсым, жоққа жеткен жүйрік көрдің бе, сағым қуған адамда ырыздық болмай­тынын білсең керек-ті. Бұдан былай жалғыз жүрмін деп бе- керге налыма, жарқыным, қойныңа жаратылыстың үш шаранасын салдым, соларға емініп мау­қыңды бас!» – деп ғайып болады. Әлденеге күсталанған жолаушы олай-бұлай қарманса – түлкі­нің, қасқырдың жә­не барыстың (кей- бір айтушылар арыстанның деседі) көзін енді ғана ашқан күшік­тері екен, бейкүнә мақұлықтар қашудың орнына қолтығына кіре түседі-міс... 5 Медеу СӘРСЕКЕ Таң саз бере біржола оянған би өрекпі­ген көңілін баса алмай, әлгі бір ғажап көрініске жан дүниесі елжіреп біраз жатады да, едәуір бұрыс болса да, Төр­туыл* жұртының батагөй қарты Құр­мантай абыздың ауылына ат басын бұрады. «Жақсылықтан үмітіңді үзбе, қадірменді Сәтекем ұр­пағы! – дейді абыз Имантайдың түсін қуанышқа жорып. – Ауылыңа барған соң әке- шешеңнің алдынан өтіп, төсек жаң­ғырт. Алла хош көрсе – үш перзент көре­ сің, біреуі түлкідей сылаңдаған көрікті қыз бала болар, екеуін бөрідей айбар- лы, арыс­­тандай қайратты ұлдарға жорыдым... Аққа оранып келіп аян берген, сірә, Қыдыр атаң, өзің ұзақ жасап, бақ-жұлдызың жар­қырап, перзенттерің атыңды алты алашқа таратып, бақытқа шаш етектен кенеледі екенсің. Тәубе деп, хақ тағаланың шексіз құдіретіне құлшылық етуден жаңыл­ма...» Астындағы жүйрік торыны батагөй абыз­ ға ата­ ған Имантай ауылына жеткенше асығады. Келе-ақ көрген-білгенін сол күнде жетпісті еңсерген әкесі Сәтбай мен шешесі Күнсұлуға жеткізеді. Олар да тәубе десіп, боз бие сойғызып, құрмалдық жасау­ дың соңында ибалы қылығымен өздеріне сүй­ кім­ді келін болған Нұрымға сөз салады һәм еріне кіші қосақ таңдауды оның өзіне міндеттейді. Шарасыз жағдайды жүрек ділімен түсінген Кіші ауылдың бәйбішесі төсек күндес жанды алты шақырым жердегі жақын ағайын Шор­ман ауылынан таңдайды: ол – күйеуі Қанафия (Қашапеддин) Мұстафаұлы жастай өліп, жесір қалған Әли­ ма, имандылығымен елге танылған Иса қажының қызы еді... Имантайдың төсек жаңғыртуы – 1890 жыл. Әлиманың жасы сол күнде жиырма сегізде деседі. Аққұбаның әдемісі, қой көзде- рі адамға жылы шыраймен жымия қарайтын тәрбиелі Әлима жаңа жұр­тында да үлкен-кішіге бірдей сыйлы болып, жұғымды қылығымен танылады. Үлкен шаңырақтың қадіріне лайық иба- лы мінез көр­сетіп, кең пейілді, қолы ашық, абы­сын-ажынға жа- ғымды жан болған. Ауыл-аймағы оны «То­қал», «Кіші қатын» деп кемсітпей, «Ақ жеңе­ше» атандырады. Әлиманың қадірі, әсіресе перзент көтеріп, ауыл ағасының өзегін өртеген өмір бойғы зар- күйігін іңгәлаған бала даусымен тарқат­қаннан беріде өзгеше арта түседі. 1882 жы­лы туып, ақсақалы төртінші мүшеліне тақаған шағында сүйген тұңғышының есімі – ҚАЗИЗА. Екі жылдан соң Әлима тағы да перзент көтереді. Жасы қырық тоғызға шыққанда төртінші мүшелінде зарығып та, сағынып та көр­ген ұлына Име- кең ерекше қуанып, ат жарыстырып, палуан күрестіріп той жа- саған деседі. * Арғын тайпасының бір тармағы Сүйіндіктен тарайтын төрт ру жұрт Төртуыл деген, түп негізі – төрт ауылдың қысқарған түрі. 6 ШЫҒАРМАЛАРЫ Қасиетті Құран кiтабын қолына ұстап отырып, азан айтып, аузы дуалы Құр­ мантай абыздың нәрестеге еншілеген есiмi – FАБДУЛҒАЗИЗ, арабшадан аударғанда FАБДУЛ – құл, FАЗИЗ – адал деген ұғым­ның баламасы, демек ол адамның емес, Алланың адал құлы болуға тиіс. Алайда адам баласы долбарлайды, ал жаз- мыш өзiнше жасайдының керi болды: Имантай шаңырағына мол қуаныш әкелген сәби анасының сол сәтте аузына оралған Бөкеш деген ба­йырғы қазақы есiммен ауыл-аймағына танылды. Тек рес- ми құжаттарына азан аты қысқарып, Fазиз деп жазылмақ. Көшіп-қонумен күн ұзатқан қазақ ауылының ежелгі тірлігі- мен аттай бес жыл өттi. О күндегі жұрт алға ентелеуді тілемеген, уақыттың шабан өгiздей сылбыр жылжығанына тәубе деген. Тұла бойы тұңғышы Қазиза жетiге шықты. Қолаң шашы екі бұрым боп өріліп, үкілі тақия киіп бұлаң өскен, кезек әлпештеген екі ана- сының қойнына алма-кезек жатып жүрген еркетотай бүлдiршiн де қазақтың етене ғұрпынан құтылған жоқ, жасы беске жетер- жетпесте Мырза ауылынан құдалар келiп, баланың шашбауына жiп тақты: сірә, Әлимаға әмеңгерлік құқын сақтамай, Сәтбай ауылына жол берген есесін қайтаруды ниет еткен; сол күннен бас- тап Қазиза қыз Шорман биден туған «төрт асыл тастың» (Бiржан сал Қожағұлұлының Сара ақынмен айтысында қолданған теңеуi) бiрi – Әужанның (Әбу-Сина, Әбуғали) Ақыш деген жасөспірім ұрпағына атастырылды. Ал бiр өзi екi есiмге ие Fазиз-Бө­кеш болса бұл кезде сүндет атына мiніп, екi ауылдың ортасында оны-мұны шаруаға жүріп-тұруға жарап қалған-ды. Ырымшыл Имантай әулие абыздың баяғы жорамал сө­ зi­ не имандай сеніп, нәресте күтуден жаңылмаған. Қос қосағынан сол ойын жасырмай: «Құдай берерiнен жазбасын деңдер, тағы бiр мәрте бала сүйемiн. Бiздiң әулеттiң атағын тегiнде шартарапқа жаятын нағыз барыс сол болады», – дейдi екен. Әлиманың алғашқы күйеуі Қанафия мар­құм өкпе­сін денде- ген құрт ауруынан опат болған. Құдай қосқан жарына марқұм- ның қалдырып кеткен «мұрасы» да – кеуде дерті. Сол дерт байғұс әйелді жаңа жұртында да босатпай, балалы болып, бағы жанып, қадірі артқан сайын бойын меңдеп, шыр айналдырып баққан. Әсіресе, биылғы қыс. Бір күн сау болған жоқ, ыңқыл-сыңқылы көбейіп, көш-қонды, жол тауқыметін көтере алмайтын дәрменсіз халге жеткен. Оның үстіне байғұс әйелдің аяғы ауыр, босанатын мезгілі таяу-ды. Сол мезет жақындаған сайын қажыға қарасты екі ауыл жүкті ананың қасына кексе әйелдерден күтуші қойып шы- дамсыздана тосуда... 7 Медеу СӘРСЕКЕ Көкек айының туарына бір тәулiк қалғанда ақ түйенiң қарны ақтарылды. Әлима ұл туды. Бұл жолы да Құрмантай абызға жаушы жiбер­iледi. Жайлауға ұзап кеткен жолынан батагөй қарт кейiн қайтады. Екi ауылдың үлкен-кiшiсi Имантай бидiң қонақ үйiне жиналып, алқа-қотан отырады. Енесiн арда емген жабағының астау толы етi желiнгеннен кейiн дастарқанға бата жасалады. Исi қаржастың үлкенi сана- лып, дүйiм ел қадiр тұтатын Құрмантай ақсақалдың (Бұқар жы- рау Қалқаман­ұлының ақындығы дарыған, XIX ғасырдағы Құреке аталған ұрпағы) алдына құндақтаулы нәресте келтіріледі. – Қадiрмендi Имеке, – дейдi абыз ауыл иесiне қарап, – мына балаңды ел билейтiн бек, иә болыс, мырза, әлқисса батыр деген балама есімге байламаймын. Мұның да есімін ат ұстар үл­кенiң Fаб­дул­ғазизге ұқсатып Fабдул қоя­мын. Тәу­бәшіл көңiлiң разы болғай, жа­да­­ғай-жабы құл емес, еңсесi биiк һәм мәр­­­­те­белi құл атансын деген үмiтпен Fаб­дул­ғани атаймын... – Қарт абыз нәрес­те­ нiң үлбіреген бетiн ашып, ашық маңдайын емiне иiс­кеп, құлағына тақай түсіп, – Ей, бейкүнә балақан, бұдан былай сенiң есiмiң FАБ­ ДУЛ­ҒАНИ, FАБДУЛҒАНИ, FАБДУЛ­ҒАНИ болады! – деп үш мәрте қайталап, дұ­ға оқып, рәсiмдi батасын жасап, бетiн сипады. Нәресте қыбыр еткен жоқ. Өзі үшін өзгеше оқиғаны сезбеген, маужыраған қал­пы Нұрым шешесiнiң алдына қайтарылды. – Fабдулғани! Fабдулғани! – деп қостайды үйдегi үлкендер. Төл шаңырағындағы осы оқиғаны Иман­тай би қастерлеп ұс- тайтын Құ­ ран кiта­бы­ ның қалың мұқабасының ашық жер­ iне: «Доңыз жылында, жаңа есеппен 1899 жы­ лы наурыз айында, яки марттың 31-жұлдызында мейi­р­iмi мол Жаппар Жаратушы Имантай есiмдi құлына ұл сыйлады. Есiмiн Қасиеттi кiтаптан қарап, Fабдулғани қойдық», – деп тәптiштеп жазып қойыпты. Есімге ие болған балақан сәлден соң өз анасының қасына апа- рылады. Алды-артына тау ғып үйілген құс жастықтардың қым- тауында, үлкендi-кiшiлi абысындарының қоршауында отырған бақытты Әлима кiшкене бөбе­гiн мейiрлене иiскеп: – Мәртебелi құл дедi ме абыз ата? – деп қайыра сұрайды да, кенет ойнақы қылықпен жымиып, басын шайқайды. – Жоқ, Би- атаң перзентi ешкiмге құл болмайды, иә, иә, құлдың мәртебесi биiк еңселiсi де… Ең абзалы, бұл шiркiндi FАНИ деймiз. Қыс­қа әрi нұсқа! Әлде FАНЫШТАЙ дейміз бе? Иә, тап солай, есiмiң құтты болсын, Fаныш­тайым менiң, ұзақ жаса, мәңгi менің қызығым! 8 ШЫҒАРМАЛАРЫ Жазмыштың жазуы десек те рауа, күллі ауыл қуаныштаған мерейлі сол кеште, орауда отырған Әлима анасы аузына алған есім нәрестеге бiржола бекіген: ауыл-аймағы баланың азан атын ұмытып, Fаныштай деп, бертінде Fаныш дейтiн болды (Шама- лауымызша, мектепке қатынап, сірә, орысша жазу үрдiсiне түс- кен кезде сол есім тағы да өзгеріп, ҚАНЫШ болып түрленген)... *** Сәтбай ауылы құртақандай Қаныш пен оның дiмкәс анасы Әлиманың бабын ойлап, қыстаудан көкектi ұзатып көшкен. Жол- шыбай да үдере қозғалмай, әлденеше жерде еру болып, ат-көлiк- терiн тынықтырып баппен жүріп отырып, мамырдың аяғында ғана Шабақай өзенiнiң жағасына жеткен. Бұрнағы жылдары олар Нияз тауынан да әрi асып тоқтайтын. Ақкелін болысының биінің қалауы биыл өзгеше болып, кiшкентай бөбегiнiң шiлдехана то­йын осы арада, исi қаржас ауылдары жиын отырған төр жайлаудың кіндік ортасында өткiзудi жөн көрді. Әкеден олар төртеу еді: Имантай, Әмiн, Зейiн, Жәмiн. Төртеуi де балалы-шағалы. Енші алып, бөлек ауыл шыққан Имантай ғана. Тетелес екi iнiсi кенже бол­ғандықтан қара шаңырақ иесi атанған Жә­ мiн­ нен iрге бөлмей, бірге отыруды жөн көрдi. Ағайынды үшеуiнiң өрiске шығарар малы – осы төңiректегi төрт түлiктi мың- мыңдап айдаған ағайындарының қатарына жеткен жоқ, бiрақ кейiндеп қалған сорлысы да емес… Ф.А. Щербина экспедициясы 1897 жыл­­ы күллі ресейлік санақ деректерiн әжетіне жаратып жарыққа шығарған «Павлодар уезi» кiтабының 152-бе­тiнде «Ақкелiн болысының №1 ауылында тұратын Сәтбай Шотектiң (кiтапта со- лай, «ауыл ақсақалы» деп көрсетiлген) қарауында 8 түтiн: адам саны – 60, олар 9 үй­де қыстап (бiреуi ағаштан бұралған), жайлауға 11 киiз баспанамен көшкен; ор­тақ малы – 265 бас жылқы, 119 iрi қара, 30 түйе, 611 бас қой мен 95 бас ешкiсі болған; соларды бағу үшiн отбасымен екі бақташы жалдаған, жаз бойы екi ауыл 650 шөмеле шөп шапқан; қыстауында суы кермек татитын екi құдығы болған, ал қыста қар суын пайдаланған» деп көрсетілген. Имантайға қарасты Кіші ауыл еншіге тиген бірер үйір жылқы мен жүз қаралы ұсақ малды көбейтпеген. Шақтап ұстаса, ел арасындағы дау-дамайға билік айтқан сайын құлқын қамын ұмытпаса – бөлек ауыл шыққаннан бергі жылдарда қо­лындағы дәулет қаншаға көбейер еді? Алайда Имантай би парамен мал 9 Медеу СӘРСЕКЕ жиып, шіріген бай болуды ту бастан тәрк еткен; алдына жүгініске келген даугерлерге әділ төрелік айтып, тура қазы атанудан айнымаған. Сол үшін де қаржастың мың айдаған байы болмай, қолы ашық, сері көңілді, аузы уәлі, билігі баянды әділ азаматы атанған. Қанағатшыл кексе би бұған да тәубе дейді. Дүниеден перзентсіз өткенде қайтер еді?.. Жасы елудің төртеуіне шығып, ел ағасы атанып, егде тартқан шағында үшінші мәрте балалы болған соң несіне тартынсын?! Шабақай жағасындағы ата қонысында Қаныштың шілдехана тойы өте­тінін жариялады: сөй­тіп, төр жайлаудың кіндік ортасы сойыстан құр болмады; думан-қызықтан екі ауыл да жаз бойы арылмады; белдеуден ат, жерошақтан от сөнбеген деседі осы тойдың дақпыртын естігендер... II Ресей империясы өзiне қараған бодан халықтардың жер ие- лігін шектеп, ақыр аяғын­да бiржола тартып алу саясатын бекем ұстан­ғаны мәлім. Соның жол-жобасы қазақ даласына күнбатыс пен теріскей шебінен кіріп, бекіністер мен іргелі қалалар сала бастағанда-ақ жасалған. Ал дала халқын біржола иеленуге бұғалық 1822 жылы «Сiбiр қазақтарын басқару Жарғысы» аталған жаңа низамның өмiрге енуімен түскен: Орта жүздегі хан билiгi жойылып, оның орнына се­­гіз дуан құрылады; солардың бiрi – 1833 жы­лы ашылған Баянауыл дуаны, оған 11 болыс ел қараған... Жаңа дуанның әкiмшiлiк орталығы 1826 жылы iрге тепкен Баянауыл станицасында орныққан. Станица атанғандықтан оның негiзгi тұрғыны казак-орыс­тар болуға тиіс. Соған орай нулы-су- лы өңiрдiң шұ­райлы жері мемлекет қарамағына алынып, жаңа қоныстанушыларға үлестірілген. Ал олар Ресейдің ішкі өңірінен мың-мыңдап көшірілетін крестьяндар мен казактар болмақ. Ақыры, солай болды. Қазақ сорлы неше атасынан бе­рi құтты ме- кен болған құнарлы аймақтарынан айырыла бастады. Шорман бидің әулеті ертеден орныққан ата қонысы Мырзашоқының да күндердің күнінде қазына жері атанып, станицадан алысырақ өңірден жер іздеуге мәжбүр болуы – соның салдары. Кім-кім, Баянауыл дуанына әлденеше жыл билік жүргізген полков- ник Мұса Шормановтың өзіне қарайтын жер-суды емін-еркін пайдалануға құзыры жетсе керек-ті. Жоқ, жетпеген!.. 10 ШЫҒАРМАЛАРЫ ҚР Мемлекеттік мұрағатының 345-қор, 329-ісінде Қаржас болысы- ның 18 азаматының Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған өтініші сақталған: «Біз төменде қол қой­ып, таңбаларымызды бердік. Үшбу хатны қазыға Баянаулаға, Диуан мах­кә­мәсін жері Ақкелінге ағаш үйлер салып, егін екпекші болдық, соның бәрін біз бес жылға келтірмекшіміз, есептеп бізге үшбу бұйрық болғаннан бастап. 1851 жылғы октябрьдің 17 күні. Управитель Мустафа Шор­ман­ұғлы, Әбуғали Шорманұғлы... Сәт­бай Шөтік­ұғлы қолым қойдым...» «Егiн екпекшiмiз…» деген уәждiң астарында жайылым мен шабындығы мол Ақ­келiн қорығын иемдену амалы тұрғандығын ескерту лазым: себебi, үкiмет егiн екпекші шаруаға жер бөлуге қолдау көрсетіп, алғашқы жыл- дары алым-салықтан босатқан; құ­ рал-жабдық сатып алуға қаражат та берген… Әсілі, бұл амалдың орыс заңына жүйрік Мұса Шорманұлының ақыл-кеңесімен жүзеге асқаны сөзсіз. «Павлодар уезі» кітабының 122-бетінде жарияланған мына дерек те осы қарекеттен туған: «54 года тому назад потомки Малкозы (Осы өңірге Төртуыл елін бастап келуші Олжабай Малқозыұлының бастапқы атақонысы – М.С.) были вытеснены из Аккелинских гор, которых захватил Муса Чорманов, добившийся к этому времени звания старшего султана, благодаря своей энергии и выдачи двух киргизских героев, братьев Тайжана и Сейтена (Ағайындылардың әкесі – Сәти мырзаның туған ағасы Азнабай Ақмырза баласы, Мырзағұлдан тарай- тын алты ұлдың үлкені. Демек, Мұса Шорманов Ресей өкіметіне жатты емес, немере ағаларын ұстап берген – М.С.), принимавших очень видное участие в движении Кенесары... Богатый, влиятельный хищник нередко захватывает пастбища, принадлежащие другому роду. Муса Чорманов, например, в быт- ность свою султаном, поселил на кочевьях рода Тайкельтыр свыше ста ки- биток своих родичей из рода Каржас...» – деп алмағайып уақыттың өрескел қиянатын бүкпесіз жария еткен. Жоғарыда келтірілген құжат Сәти мырзаның немересі Шор- ман әулетiмен қоса, Шөтiкұлы Сәтбайдың да Қызылтау қола- тындағы алғашқы қонысын тастап, 1851-1853 жылдарда Баян- ауланың күнбатыс бөктерiндегi Ащы өзенi­ нiң кеңқолтық бо- йына түпкiлiктi орныққанына куәлiк ете­дi. Шорман бидiң қара шаңырағы суы көк­ темде айран-асыр жайылып, қаулап өс­ кен шалғыннан ұсақ мал көрiнбейтiн кең қорық­тың ту ортасында- ғы Аралтөбе қолатына, ал Сәт­­ бай ауылы алты шақырым түс­ тiкке, Айырық өзенiнiң жағасындағы Обалы биiгi­ нiң етегiне қоныстанады. Сірә, Баянаула орманынан кесiлген қарағай үй де сол кезде бұрал­ған. Сәтбай Шөтiкұлы бұл қарсаңда отыз жас­та, бiрнеше баланың әкесi атанған шағы. Обалыдағы жаңа қоныс Сәтбай отбасына қайырлы болды: 1855 жылы ол төртiншi мәрте әке атанып, нәрестенің есiмiн 11 Медеу СӘРСЕКЕ Жәмiн қоя­ды. Шәмшiқамар атты кенже қызы үш жылдан соң туыпты. Сәтекеңнiң шөбересi Fалым­ тай Fазизұлы Сәтбаевтың (1912-1999) осы кiтап иесiне ұсынған жазбаша естелiгiнде үлкен атасының осы балаларды екi әйелден көр­гендiгiн ескерткен... Осы ауылдың көшбасшы ақсақалы ту­ра­лы екі дерек Қ. Исабай мен С. Байжан жа­рия­­лаған «Қажыға барған қазақтар» кi­­­та­­­б­ын­­­да келтiрiл- ген: алғашқысы – баянаулалық тәуеп етушiлердiң 1901 жыл­дың 31 жел- тоқсаны күнi Ресейдiң шекара кеденiне берген ресми қолхаты; екiншi құ­ жат – Ақке­лiн болысынан Меккеге аттан­ған сегіз адамның тiзiмi, үшеуi – 75 жастағы Иса Шорманов, 80 жастағы Сәтбай Шөтiкұлы Сатаев және 74 жас- тағы Алтыбасар Жыл­қыбаев сол сапардан туған жұртына оралмаған, үшеуі де Меккеде опат болған. ІІІ Әлиманың денсаулығы ораудан тұрып, жай­лауға шыққан соң да оңала қоймаған. Әлбетте, дiмкәс ананың омырауы нәрестенi жа- рыта алмаған. Балпаңдай толық, ұзара өскен қарын шашы қалың, басы бақырдай үл­кен, көзiн аша алмай, жарыққа сығырая қараған қызылшақа нәрестенi тұңғыш рет жерден көтеріп, кiндiгiн кескен Кiшi ауылдың байырғы қоңсысы, жылқышы Қасеннiң келiншегi Мейiз деген мейірманды кiсi екен. Ауыл иесінің айтуымен сол ана омыраудағы өз пер­зентi­нiң аузынан жырып, кiшкентай Қанышты да емiз­ген-міс. Әкесi кексе, шешесi саркiдiр тартқан шағында жарық дүниеге келген сәби, әрине, бүкіл ауылдың еркетотай сүйiктiсi болған. Шыр еткен дыбысы шықса-ақ қолдан-қолға көшiп, үл­кен-кiшi жабыла өбектеп, есi қалмай күтеді. Әсiр­есе анасы. «Өз шешемдi жете бiл­мей­мiн, есімде сақталмаған. Үлкендердiң айтуынша, керемет балажан кiсi болыпты. Әсiресе «Кенжетайым» деп менi ерекше жақсы көрген. Алдында жатып ұйықтап қалсам – оянып кетедi деп тырп етпей, қол-аяғы ұйығанын елең қылмай отыра бередi екен…» – деп сыр шерткен бертінде балаларына Қаныштың өзi. Сәтбай ауылының өткен ғасырдың 80-жылдарына дейiн өмiр сүрген есті егделерiнің жадында Әлима жайында бірлі-жарым айғақтар сақталған: ойлау қабiле­тi өте күштi, сөзге ұста болып- ты және орайын тауып сөйлеген; әсіресе ертек пен ескi жырларды сүйсіне шырқаған; жұмбақ, жаңылт­паш айтқанда қарсыластарын 12 ШЫҒАРМАЛАРЫ көп бiлетiндiгiмен, тапқырлығымен жеңеді екен. Ақ жеңешенiң ауылдастарына өз жанынан шығарып айт­қан көп жұмбағының біреуі мынау: «Алыстан қара көр­інді, қарайғанмен қара емес, қампайғанмен бөрi емес; арқасында азық көп, ірiмшiк емес, құрт емес, сары май емес, жент емес; жерге түстi, iн қазды, қарны өстi, сыздады, тиген жерi қызарды; бұл не?..» Қапелімде ешкім шеше алмайды, әлде өтірік білмегенсиді. Имекең­нің кіші қосағы кенет жайраңдай күліп, іргені нұсқап: «Әне, бүйі кетіп барады, біреуің өлтіре салыңдаршы!» – деп жұмбағын өзі шешіп, жұртты күлдіреді екен. Бергі жылдардағы сұхбат үстінде ғалым туған анасынан гөрі үлкен шешесі Нұрымды көбірек есіне алған. Нұрым бәйбіше ақсақалының кіші әйелінен туған балаларына ғана емес, барша ауыл-аймаққа мінезі жайлы, ешқашанда қа­бақ шытуды білмейтін сабырлы, сонысымен де үлкен-кішіге сыйлы, қолы ашық, мей­і­­ рімді кісі болған. Ауылдастары оны «Нұр апа» атандырып, ерек- ше құр­меттеген. Әлимаға да сал­қын қабақ көрсетпеген, әсіресе сырқаты меңдеген соңғы жылдарда бағып-күтіп, одан туған бала- ларды қағажусыз өсірген. Екі шешенің ортасында тел өскен, бүкіл ауылдың сүйіктісі болған еркетотай кенже ай санап жетіле берген. Қаз тұрды. Жүрген соң кешіккен жоқ, былдырлап тілі шықты. Үлкен-кішіні сәби қылығымен баурайтын бол­ды. Ат көрсе мінем деп ұмтылады, тұғырдағы құсты да қолына алам деп талпынады, қозы-лақты ұстаймын деп қуады. Қалайда ұзақты күнге дамыл көрмей тым- пыңдап жүгіруден жалықпайды. Көп жылдар өтсе де, ауылдастары жадынан кішкентай Қа- ныштың кейбір балалық қылықтары ұмытылмаған. «Қанкежан біржосын тыныш бала болды, – деп әңгімелейді оны бесікте тербеткен Нұрлан ҚАСЕНОВ. – Басы бақырдай үл- кен еді, көп ұйықтайтын. Жер басып отырған шағында, жүре бастаған кезінде басы ауған жағына құлап, зәремді алғанын қалай ұмытайын. Би атам сол күннің өзінде: «Менің осы балам не сөз ұқпайтын мау­бас, не елден асқан данышпан болады. Бас бітімі өзгеше зор жаралған дейтін-ді». Тағы бір ауылдасы САДЫҚ қарт: «Менің анық біле­тінім – Қаныш бала болып өскен жоқ, кішкентай кезінен онда үлкен­нің мінезі болды», – деп таңырқаса, ҚАМЫШ есімді замандасы: «Ойнап өспейтін бала бола ма? Қанышпен асық та ойнадым, алысып та ойнадым. Бізден ерекшелігі – бір ойынды көп ойнамайтын, тез зерігетін. Ойын үстінде әр алуан 13 Медеу СӘРСЕКЕ тапқырлық жасап, зейінімен ұтып кететін...» – деген куәлік ай- тады. Ғалымның дербес мұрағатында мұндай естеліктер әлденеше. Мұқыш ШӘДЕТОВ естелігін­де мынадай да оқшау ой айтылған: «Жайлауға шыққанда сиырдың өлі жүнінен доп жасап қақпақыл ойнайтынбыз, жалықсақ, әлдеқандай бір тақырды меншіктеп алып асық соғамыз. Қаныш та бізден қалмайды, тек ұзақ ойнап жарытпайды. Өзен табанынан ақ тас іздеп, көбіне өз бетімен лағып жүреді...» Әрнеге әсерленген балақай ақ тасты, сірә, бір ғана қасиетіне бола қызықтаған. Өйткені қараң­ғы түскенде, иә кешті күтуге шы- дамы жетпесе, атасының кү­пі­сін бүркеніп, ақ тастарды бір-біріне соққыласа – көк жасыл ұшқындар шашып, айналаны от жаңбыры орап, таң-тамаша қы­зыққа кенеледі. Есейе келе баланың талғамы өзгер­ді. Жуа іздеп тауға шықса, сасыр алу үшін сайға құласа, көбелек қуып өзен жа­­ғаласа – әлдебіреу жолына әдейі шашып кеткендей-ақ түрлі-түсті әдемі тастар көзіне бірден ілігеді: жылан жонды шұбар ала, аспан реңдес жасыл көк, сынған беті шырша кескінді ирек-ирек, иә қолдан қиғандай қошқар мүйіз өрнегі бар ақшағыл, мөлдірлігі шыныдай опырылмалы жұп-жұқа тастар – бірде-бірі даланың қара қошқыл жертасына ұқсамайды, жараты- лысы жұмбақ жыныстар... Қалайша тастап кетесің? Көтере алса сол қалпында, әйтпесе бір мұртын сындырып әкетеді. Кіш­кен­тай Қаныштың қалтасын тесетін құрт, ірімшік, асық емес – даланың нақышы бөлек жабайы тасы. Үлкен апасы аузын бүрмелеп арнайы тіккен асық қалта да ақыр аяғында тас салатын дорбаға айналған... Сезімтал бала көңілі өзгеше ермек із­ дей­ді. Сайын даланың бұйығы тірлігінен жалығып, қанат біте бастаған қиялы қияға сам­ ғар кең өріс тілейді. Әттең, жүріс-тұрысына тежеу көп. Оған се- беп – екі ауылдың өзіне деген ерекше ілтипаты, әсіресе әкесінің өзгеше қам­қорлығы. Көзінен титтей таса болса, өзінен қар­ға адым қашық жүрсе, биден маза кетеді: кіші баласы әлдекімнен қағажу көретіндей күпір сезіктен сірә да арылған емес. Қаныш – соңғы қызығы әрі шаңырақ иесі. «Кенжетайым» деп марқұм анасы біліп атаған екен, бұл күнде ол шынында да кенже. Қаныш екіге толғанда Әлима қосағы дүние­ден қайтты. Ара ағайынның «тағы да төсек жаңғырт» деген қамқор сөзіне Имантай құлақ асқан жоқ, қалған ғұмырын үш қарғасының жолына бағыштап, өмір кешуді жөн көрді... Ойын баласына, әлбетте, ермек көп. Қаныш та барлық сәби атаулыға тән шалдуарлық қылықтың талайын көр­сет­кен. Ұйық- 14 ШЫҒАРМАЛАРЫ тап жатқан әпкесі Қазизаның қойнына құрбақа салып жіберіп, иә торға түскен жарқанатты қазандағы сүтке тоғытып үй ішін шошытқаны – Сәтбай ауылының үлкендері кейіннен ертегідей тамсана жыр ететін еркелік нышаны. Қыстаудың желкесінде бір беті түйетайланып біткен жалпақ тас бар. Балалар асықты көбіне соның үстінде ойнайды, ал қыста бұл жер – тамаша сыр­ғанақ. Шошақ төбенің желкесіне кө­­те­­р­і­­­­ліп, шанаңды ылдиға қарай қоя берсең – қарсы алдыңнан тымық күнде жел саулап, көзіңнен жас парлап құйындай ұшасың, ақыры өзен жарына барып бір-ақ тірелесің... «Қаныштың Алыпсоқ дейтін иті болған. Бір күні қызық бол- ды, – деп әңгіме шертеді Нұрлан ақсақал. – Күзеуден қораға ке­ ліп қонғанбыз. Шаруаның көбейіп, үл­кен-кі­ші түгелдей әбігерге түсетін беймаза мезгіл. «Пәлі, Кенжені қараңдар!» деген дауысқа жалт қарасам, қолында сүйреткен бірдемесі бар Қанкежан Қарамұрынның үсті­нен бері түсіп келеді, соңында арсалаңдаған Алыпсоқ. Тұра жүгір­дім. Қырдың сұр қояны екен, тамағынан ит қысып тастаған... Біз шаруа қамдап жүргенде, Қанкежан жаз бойы көрмеген үйреншікті ойын төбелерін аралауға шығады. Ажалы ғой, қалқан құ­лақ сорлы қараған түбінен тұра қашыпты. Жүйрік Алыпсоқ қоя ма, дөң асыр­май бас салған. Не керек, күздің қара суығында бүрсеңдеп жүр­ген бізге аяқ астынан себеп табыл- ды. «Балаң аңшы болды, өз бетімен қоян алды» деп, Нұр-апаның еркіне қоймай, марқа сойғызып, етке тойдық...» Дүз аңына әуейілік – құртақандай Қанышқа әкесінен ауысқан өнер. Әділін айтқанда, аңқұмарлық оған үлкен ағалары Әбсәләм мен Бөкештің әсерімен дарыған. Ауылға қо­нақ келсе, иә қар жау- са, жігіттер аттарын суытып, тазы, құстарын баптауға кіріссе, кенжеден маза кетеді: үл­кендердің соңынан қалмай елпілдеп жү­ гі­р­умен болады; аңшы меймандар неше түрлі әңгіме айтып, жоқ- ты бардай етіп өті­рік соғып жатса да, құлағы делдиіп, аузы ашы- лып тыңдап отырады. Әсір­е­се Бөкештің Қарашаңырақ аталған қыран қаршығасын айналсоқтап, құсты жемдеуге көмектесіп, ағасы жоқта «Кәл, кәл!» деп шақырып, тұғырда мүлгіп отырған қыранды елеңдетіп қояр еді. Көктем шыға ауыл жайлауға бет түзейді. Қаныш үшін бұл – сағынып күтетін ерекше күн! Бұл сәтті балалар қыс бойы шыдам- сыздана күтеді. Төр жайлауға жеткенше неше тәулік жол жүру керек. Үрдіс жүрмей, жолшыбайғы бұлақ, суларда екі ауыл бес- он күн тоқтап, мал мен жанға тыныс беріп, біртіндеп жылжып 15 Медеу СӘРСЕКЕ отырады. Көбіне қонатын жерлері – Батпақкөл, Шыбындыкөл, Шөптікөл, Айнабұлақ, Шабақайдың басы, Нияз таулары... Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері өзгеше. Шыр етіп жерге түскеннен бері ол соның аясында. Даланың шыжыған ыстығын да, қарлы боран, қақаған суығын да қаршадай кезінен көріп пісіп-қатқан, бәрі-бәріне көндігіп, күн санап, жыл санап қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап жеті­ліп те келеді... «ҚАШАҒАН ҚҰЛЫН ҚАСҚЫРҒА АЛҒЫЗБАЙДЫ» I Сол күндегi қазақ ауылының тiрлiгi сыпыра көшiп жүрiп, алдындағы малына жайы­­ лым iздеумен шектелмеген. Ертеңін ойлаған қамкөңiл ел жақсылары жан сақтау әрекетiмен қоса ке- лешек өмiрiне рухани азық болар кәсіп iздеп, iңкәр көңiлi тоят- тар суаттар да қарастырған. Осы жолда қанағат көрген бір нұсқасы – жасөспiрiм ұрпағының мұсылманша тiлiн сындыру. Шама-шарқы жеткен ауылдар молда ұстайды, балаларын ұрымтал жердегі медреседе оқытып жүргендер де аз емес. Баянауыл атырабындағы қалың елге осы үлгі дуан болған кезде-ақ тараған. Сол өнеге қазына қаражатына ағаштан қиылған алғашқы мешiт Баянауыл станицасында шаңырақ көтергенде-ақ етене болған. Алайда келiмсек ка- зак-орыстар өздері тұрақ еткен мекенде мұсылманшылық орталық болуын хош көрген жоқ: ағаштан қиылған мешіт 1844 жылы тып-типыл өр­тенiп кеткен. Мұса Шорманов дуанбасы болған кезде сол жерге тастан қалатып, кең де еңселi жаңа мiнәжатхана, ауласында ба­ла оқытатын медресе үйiн де тұрғызады. Мәш­­һүр Жүсiптiң Мұса мырзаны жоқтаған қазанамасында: «Дiн шырағын жандырдың, Баяндайын қалаға, Медресе-мешiт салдыр­дың. Нұр балқып раушан жүзiңнен, Жұр­­т­ың­­­ның мейiрiн қандырдың…» – дегенi тегін­де ақын-пірәдардың өз басынан кешкен жайт. Көпей перзенті сол медресеге бес жасында, 1863 жылы қабыл-данып, үздiк оқып, он алты жасы­нан былай өзi туған Әулиелi Қызылтауда ба­ла оқы­туға кiрiскен. Бірер жылдан соң Түркiс­ танға барып, одан Тәшкент, Самарқан, Бұхараны кезiп, ақырында мұ­сыл­ман жұртына атағы мәлiм Көкілташ медресесiнде жетi-сегiз жыл ұдайы бiлiмiн көтерiп, Баянаулаға сақа жігіт атанып есейген кезiн­де қайтып оралған. Өз ауылында ме­д­ресе ашып бала оқытқан, өлең кiтап­та­рын жазған, «Қазақ шежiресiн» толғаған, ел мен жер тарихын қағазға түсiрiп, қолжазба жияр «Қара месiне» тоғыта берген тамаша өнегесi Төртуыл жұртының үлкен- кiшiсiне үлгi боп тараған. 16 ШЫҒАРМАЛАРЫ Оқу-бiлiмнiң тiршiлiкке қажет екендiгiн Шорман бидiң iзба- сар тұяғы, тумысынан алғыр, аса зерек Мұса мырза да көрсеткен. Оқуы тек – «өмiр мектебi», би әкесiнiң Тұзқаладан (Ертiстiң оң жағасындағы Жәмiш бекiнiсi) шақырып, ауылында екi жыл ұстаған Александр Лукин деген казак-орыстан үйренген жазу- сызуының арқасында орыс тілін мектепсіз меңгеріп, өзi араласқан патша ұлықтарымен тiлмәшсiз тү­сi­нi­сiп, қазына қағаздарын да өзi оқитын бi­лiм­дарлыққа жеткен. Соның арқасында он алты жа- сынан бастап болыс упра­вите­лi­не сайланып, одан әрі Баянауыл дуанында қазы, аға сұлтанның кандидаты болып жүрiп, ақы­ры он бес жыл бойы, 1869 жылдың аяғына дейiн, яғни дуан тарағанша аға сұлтан мiн­ детiн үздіксіз атқарып, полковник дәрежесімен зейнетке шыққан. Әрине, орыс оқуына деген ділгерлікті Мұса Шорманұлы өз ұрпағына ғана емес, құзырындағы ағайын жұрты- на да таратқан. Мысалы, әр болысқа қарауындағы елден жыл са- йын бiрнеше баланы Павлодар мен Омбыда оқытып, қаражатын көтеруді мiндет қылған... Шорман бидiң естияр ұрпағын орыс тiлiне үйреткен үлгісi заманы бір ру басыларына, сол уақытта атқа мініп, ел билiгi­не шыққан игi жақсылардың бәрiне де өнеге болып тараған. Шоң, Қазанғап билердiң, Сүйiндiк-Айдаболдың сол күндегі iрi шонжар- лары Боштай, Айтбақы сияқты байларының iзбасар ұрпақтары Омбы қаласына барып, кейбiрi одан да ұзап, орысша бiлiм алуға құлықты болған. Кейбiрi Троицкiдегi мұсылман медресесiнде оқыған. Сол үлгiнi Сәтбай ауылының да жас құрақтай жетiлiп келе жатқан жас толқыны да қызу қолдаған... Әлбетте, бастапқы жол-жоба Сәтекеңнiң iзбасар үлкенi Иман- тайға түскен. Ауылда жүрiп мұсылманша сауатын ашқан соң-ақ ол 1862 жылы он жетi жасында ту қияндағы (салт атты жолау- шыға үш күндiк жол) Ом­бы шәрiне аттанып, Әбдiрахим есімді ғұламаның мед­ресе­сiн­де үш жыл дәрiс алып, араб, парсы, шаға- тай тiл­дер­iнде кiтап оқитын сауатқа же­те­дi. Орысшаға да тілі жаттығып, аз-кем түсiнiк ал­ған (1897 жылғы санақтың арнайы сұрауына Имантай Сәтбаев: «По-русски понимаю, читаю», – деп жауап берген). «Омбыда оқыған кезiнде Шоқан Уәлихановпен танысып, жа- қын араласып, бiр пәтерде бiраз уақыт бiрге тұрады», – дептi академик Ә.Х. Марғұлан «Қазақстан мек­ те­ бi» журналының 1969 жылғы 4-санында жариялаған естелiгiнде. Демек, Имантай жас жiгiт күнiнде Шоқан бiлiм­паз­дың кiмдi болсын өзiне баурай 2-0196 17 Медеу СӘРСЕКЕ бiлетiн игi әсе­рiн сезiн­ген. Шоқанның ұшан-теңіз бiлiмдарлы- ғына өмiр бойы тәнтi болып, өз ұрпағына сүйсiне әңгiмелеуден жаңылмаған. Соған дәлел: біртуар азамат 1865 жылы дүние салғанда, әкесi Шың­ ғыс төре Жетi­суға, марқұмның мүрдесi жерленген Алтын-Емелге өкілетті топ аттандырғанда, мiнәжат етушілердің санатында нағашы жұртынан да (Шоқанның анасы Зейнеп – Шорман бидiң тұңғышы) бiрнеше кiсi қосылған, алыс сапарға ықылас білдіргендердің бірі – жиырма жасар Имантай Сәтбайұлы... Имантай Сәтбайұлы Омбыдағы үш жылғы оқудан өзге мек- теп көрiп, бiлiм алмаған. Бiрақ өз бетiмен iзденіп, білімін мо- лайтудан өмiр бойы жаңылмаған, ескі тарих, шешендiк сөз- дерге, өлең-жырға, батырлық дастандарды тыңдауға ерекше құмар болыпты, кейбiр әндерді домбыра сүйемелімен өзі де көп-көрім шырқаған деседі. «Зарқұм», «Қызыл табан Хасен», «Шәкiрат» сияқты ұзақ қиссаларды әлденеше кеш жырлайтын дүлдүл жыршыларды ауылында қонақ етіп, сый-сыяпат берiп, құрмет көрсеткен. Жасырақ кезiнде Имекең аңшылық, құсбегi- лiк өнерді де меңгеріпті. Алайда ән-жырды қастерлегендей ұзақ елікпеген деседі. Бәлкiм, өз ауылынан бұл өнер­дің Мағаз (Жәмiн Сәтбаевтың баласы), өз ұрпағынан Әбсәләм, Бөкеш тәрiздi хас бiл­ гiрлерi жетiлген кезде құс баулып, тазы баптауды соларға артып, өзі қызықтаушы болып қалған... «Жас кiсiнiң Имекең алдынан өтуi оңай болмайтын. Тезге түскендей, не профессорға емтихан бергендей сезім кеше- тін, – депті академик Ә.Х. МАРҒҰЛАН ілгеріде біз сілтеме жасаған есте­лi­гiн­де. – Өйткенi Имекең жастарға сын көзi­ - мен қарап, олардың болашағына зор ынтамен ден қойған… Бұл туралы мынадай оқиғаны еске түсiруге болады: 1916 жылы, жаз күнi, Имекең мен Сәкең (Сәдуақас Мұса­ұлы Шорманов – М.С.) әңгiме­лесiп отыр­ ған­да, екеуінің үстіне Қазанда оқып жүрген бір топ студент кіріп келеді. Олардың ішінде заң факультетін бітір­гелі жүрген Мұқыш пен Базарбай бар. Студенттердің мі- незі, сөйлеген өрескел сөз­дері Имекеңе ұна­майды. Ол кісі көзінің қырын Сәкеңе тас­тап: – Мырза, осы балалардың оқуы, білімі Шоқанның оқуынан қалай? – депті. – Шоқанның оқуы бұлардан әлдеқалай төмен. Ол тек қана кадет корпусын бітірді. Бұлар университет бітірейін деп жүр. Арасы жер мен көктей. 18 ШЫҒАРМАЛАРЫ – Менің ойымша, бұлар мен Шоқанның арасы да жер мен көк- тей сияқты. Шоқанның ойына жете алмаса, бұлардың көп оқыға­ ны­нан не пайда? Шоқан аз оқыса да көп тоқыған. Оның білімі, ойы, бұларға қарағанда асқар таудай емес пе! Шоқан сөйлегенде кәрі де, жас та, білімпаз да оны тыңдауға құмартып, бар ынта- сын салып құлақ түруші еді. Шоқанның қасында бұлар кім? Екі сөздің басын құрап сөйлей білмейді, ешкімді Шоқандай өзіне тар- та алмайды. Тек тірі болғай... – деп ойшыл қарт сол кездегі жас- тарды қатты сынайды... Имекеңмен әңгімелесу бір ғанибет еді. Ол кісінің XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған оқиғаларды жүйрік білуі, оны төндіре айтуы жас кісіні білім са- ра­йына кіргізіп жібергендей әсер қалдыратын...» Қазақ даласын ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатымен XIX ғасырдың екінші жартысында Баянаулаға келушілердің Шорман мен Сәт­бай ауылдарына ат басын бұрмағандары кемде- кем. Сөйтудің түп себебі – өз заманының білгірлері Мұса, оның үлкен баласы Сәдуақас (Омбы қаласында гимназия тәмамдаған), солардың қақ ортасында зерделі білімпаз Имантай Сәтбайұлына жолығып, сұхбат құру... Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағының бірінші кітабының 653-бе- тінде «Жоқтау жырларының үлгісі» жазбасына мынадай түсінік беріл- ген: «Бұл нұсқаны Бұхар жыраудың ұрпағы, баянауылдық белгілі жыр- шы Құрекенің аузынан Имантай Сәтбаев 1880 жылы Г.Н. Потанин үшін жазып алған. Бұхар жыраудың осы жоқтауына белгісіз біреудің қазақ тілінде жазған хаты беріліпті. Оның орысша аудармасы мынау: «Привет г-ну Имантаю. Прошу записать от Куреке (внука певца) от- дельные эпизоды и повествования Бухар жырау об Аблае, в част­ности: осуждение Аблая, восхваление его коня, эпизод об отправлении сына своего Адиля вместе с Жарылгапом в Китай; на какую тему его послан- цы вели разговоры с императором Китая? Рассказы о войне с калмыка- ми – сколько раз воевали? Как именовали калмыкских ханов? Для за- писи этих рассказов (песни Бухар жырау) приехал товарищ Чокана Г.Н. Потанин с супругой...» Ш. Уәлиханов бұл жырларды 1855 жылы, қа­ зақтың халық поэзиясының үлгілеріне қы­ зығып жүрген шағында жазып алыпты. Имантай нұсқасы қағазға Шоқан жазбасынан 25 жыл ке- йін түскен. Екі нұсқаның да айырмашылығы жоқ, көшірмелердің мәтіні мен тілі бірдей, кейбір шумақтар мен өлең жолдары бірін-бірі толықты- ра хатталған. Сөйтсе де қазақ сөздерін нақтылап жазуы жө­нінен И. Сәт- баев нұсқасы анығырақ, Ш. Уәлиханов жазбасындағы танылмаған кей­бір сөздерді ажыратуға кілт ретінде құнды болмақ». 19 Медеу СӘРСЕКЕ Имантай ақсақалдың бұл – ғұмыр бойы тір­ нек­ теп жинаған әр алуан ізденістерінің бізге мәлімі. Ал белгісізі қаншама?! Мысалы, «Қаржас руының ата та­ралымының» қолжазбасы не- месе «Олжабай батыр Толыбайұлы» дастанының И. Сәтбаев көшірмесін қай қаладан, қандай ескі мұралар қоймасынан із- деймiз? Болмаса сегiзiншi атасы Олжагел­дiде қосылатын түбі бір қандас туысы Бұқар жы­рау Қалқаманұлының Имекең жинаған асыл жырларын? Бүгінде соның бәрі – сыпыра жұмбақ жайт- тар. Кезінде орыс зиялыларына өз қолымен тапсырғандарының біразы сол білімпаздардың ұқыптылығымен ескi мұрағаттар қорына өткiзiлген, кейбiрiнiң iзi бар. Тәубе делік. Ал өз қолында қалғанының тағдыры?.. (Имекең өз жазбаларын арнайы сандық- та ұстаған, сол қойма ол кiсi дүниеден оз­ғанда өзге мұрасымен қо­са үлкен баласы Fазизге ауысқан. Рухани мұ­раның одан арғы шерлi тағдырын филоло­ гия ғылымының докторы, Имекең не- мересі Шәмшиябану Қа­нышқызы Сәтбаева «Сәулелi әулет» кiта­ бында зор өкінішпен: «1937 жылы НКВД қызмет­керлерi Fазиз ағаны Омбыда ұстағаннан кейiн үйiн тiн­тiп, бiрсы­пыра кi­тап­ та­ рын, қағаздар салған бумаларын үш жәшiк­ ке толтырып… салып алып кеткен…» – деп мұңая шертеді. Естелік иесі сол кез- де тоғыз жаста, яғни алды-артына зердемен қарайтын шамада. Демек, ойда жоқта «халық жауы» боп шыққан бейкүнә жанның ескі кітаптары мен қолжазба қазынасы «ескі өмірді көксеуші» иесімен бірге құртылғаны айқын. Алайда бізге басқадай да ақиқат мәлім: Сәтбай ауылы жас- тарының бiлiмге құштар өнегесi құнарлы жерге түскен дәндей өнiктi болды. Осы жолда бұл әулеттен озық оқы­ ған Зейiннiң үлкенi Әбiкей едi. 1881 жы­лы дүниеге келген ол Үлкен ауылдағы молда алдынан өткен соң-ақ Омбыға аттанған. Сол шәрде жүрiп орыс оқуына құнығып, 2-басқышты орыс-қазақ учи­ ли­щесiне iлiгедi. Одан соң тоқтап қалмай, шалғай қала демей, Семей­ дегi мұ­ғалiмдер семинариясында оқып, 1908 жы­­лы тәмамдаған. Бұдан әрi жас бiлiм­пазды сайын даланың әр жерiнде ашыла бас­ таған бастауыш мектептерде сабақ беретiн алғашқы мұғалiмдер қатарында көремiз. Әбiкей Зейінұлының игі үлгiсi Сәтбай қа­жы­­ның немерелерiне де дарыды. Жәмiн­ нiң Ма­ғазы (1888-1944), сол шаңырақтың ән-әуен әлемiне әуей тұяғы Әбдi­ кә­рiм (1894-1937) де оқуды мұсылманша бастап, соңынан Омбыдағы орыс мектебiнде оқы- ған. Күндердiң күнiнде оқуға ынтығу кезегi Имантай ауыл­ының 20 ШЫҒАРМАЛАРЫ өлкелі жердің құрағындай бойлап өскен жастарына да дариды: ең әуелi Әбсәләм, одан кейiн Қазиза мен Fазиз Нұрым шешесi ою- мен көмкеріп, әдемілеп тiгiп берген боқ­ша­ларын арқалап, Үлкен ауылдағы молда алдына жаяу-жалпылап қатынай бастайды; бұл болса қыстауға қонған қара күзден көктемге дейiн, жайлауға шыққан жаз күн­ де­ рде де үзiлмейтiн тiрлiк; Сәтбай атасынан бастап ауыл ағасы Имантай, өзге де үлкендер, жетi-сегiз жасқа iлiккен бала атаулы мұсылманша хат танып, қасиеттi Құранның бiрнеше аятын жат­қа білу – парыз; ал одан әрi оқуыңды қай тiлде, қанша жыл оқысаң да – талабың мен зейінің шешер әрекет... 1910 жылы аймақтық көш-қон басқармасы жүргiзген қосымша санақ деректерi жарияланған анықтама кiтапта («Материалы по обследованию хо- зяйства и землепользования киргиз Семипалатинской области», 1 том, стр. 2-3, Семей, 1912 ж., «Плещеев жә­не К.» баспаханасы) екi ауылдағы күллі Сәт­баевтар әулетiнде 26 қыстау-қора (жайлауға олар 11 киiз үй және 9 қоспен шыққан), ат жегiп шөп шабатын 3 машина, 3 тырнауыш, 53 арба мен шана болып, ал төрт мүлiк малдан – 474 жылқы, 256 сиыр, 1240 қой, 111 еш­кi мен 36 түйеге иелiк еткендiгi нақты көрсетiлген. Ауыл дәулетi бұдан 13 жыл бұрынғы са­ нақ деректерiмен салыстыр- ғанда айтарлықтай өзгермеген, сол деңгейде сақталған. Оның есесiне Сәтбаевтар өзiмен көршi төрт түлiгi қо­ мақ­ тырақ ауыл тұрғындарынан рухани жоғары деңгейімен дараланғанын аңғарасыз: қа­ жының екi ауы- лында 1910 жылы 69 адам бо­ лыпты (34-i еркек кiндiк­ тiлер), олардың 55 жас­­тан асқаны – 7 адам, 18 бен 55 жас аралығындағы – 34 адам, 18 жасқа дейінгілер – 28 жасөспірім. Солардың iшiнен 8 бала санақ жүрген жылы болыстық орыс-қазақ мектебiнде бi­лiм алыпты. Көш-қон басқармасының есеп­ шiлерi ресми хаттаған анықтамада Сәт- бай әулетiнiң 21 адамы, яғни осы атадан тарайтын қомақты ұрпақтың әрбiр үшiншiсi: «Орысша не мұсылманша сауаттымын, жаза да, оқи да бiлемiн», – деп нақты жауап берген. Бұл XX ғасыр басындағы қазақ қауымы үшiн сирек те тағылымы мол дерек!.. Имантай ақсақалдың жас ұрпақ тәрбие­сiне талабы да аса қатаң болған: ес бiлiп, етек жиған бала ертелi-кеш ойын қумай, нақты қарекетпен айналысуға тиiс; молдалыққа жалдаған адамдары да – әсiре шариғатшыл немесе шала сауатты дүмшелер емес, оқуы озық қалаларда медресе тәмамдаған оқымысты жандар... Талабына қарай сұрауы демекші, алдындағы шәкiртке олар Құранның аят- тарын сыпыра жаттатудан гөрi оқығанын ұғып, жаза да бiлетiн сауатқа жетуiн көбiрек қадағалаған. Араб, парсы тiлде­ рiнде басылған кiтаптарды оқу – шәкiрт­тердiң бiрiншi парызы, ал аятты 21 Медеу СӘРСЕКЕ мақамдап жақсы оқу – екiншi, үшiншi жылдардың еншiсi... Бiр жайт анық: Обалыдағы осы мектептен сауатын ашқан бiрде-бiр шәкiрт кейiнгi ғұмырында дiн жолына құлай берiлiп, молда ата- нып, басына сәлде салмаған; көбi Имантай мен Әбiкей ағаларына елiктеп үлкен қалаларда, бiлiктi мектептерде оқуға құштарлық аңғарт­қан. Имантай бидiң кенжесi Қаныш та мұсылманша «тiл сындыру» мектебiнен қалыс қалмайды. Шәкiрт бала ұстаз алдында тiзесiн бүгiп, жазу тақтайын көлденең ұстап, қағаз-қарындашын сайлап, төмен қарап мөлиген қалыпта тым-тырыс отыруға тиiс. Молдекең кiтабын қолына алады да, қарсы алдында қойдай жусаған балалардың бірін таяғымен түртіп: «Бәтшағар, сен бастайсың!» – дейді. Таңдау түскен байғұс бала тамағын кенеп, молдекең қолына ұстатқан кітапты мақамдап оқи бастайды. Өзге шәкірттер біреу қуып келе жатқандай-ақ іле оны қостай жөнеледі. Сол-ақ екен, там үйдің іші жамыраған дауыстан у-шу болып күңіреніп шыға келеді. Еркі өзінде болса Қаныш бір күн де бұл үйде отырмас еді: Қарамұрынның басынан сырғанақ теуіп, болмаса құла тайын ерттетіп алып, екі ауылдың ортасында желмен жарысып жүруі хақ; немесе Бөкештің оқу кітабын тізесіне қойып, тасқа басылған терідей қалың беттерін сипап, суреттерін тамашалау қандай қызық!.. Иә, оның кітабы өзі­н­і­­кін­дей емес, ерекше әдемі безенген. Әсіресе суреттері керемет! Шауып бара жатқан құлын, жайқалған тоғай, сауыт киген орыс батыры айна-қатесіз дәл бейнеленген. Оның мұғалімі өздерін оқытатын молдадай қатыгез емес, қо­ лында таяғы да жоқ деседі. Қашан көрсең де: «Әйін, малай қазақ, минің мәктәбіме син қашан киләсің?» – деп күліп тұрады. Бірақ, амал қанша, өзі соны білмейді. Әкесінің құзыры солай. Бөкеш бастаған ересек балалар Мырза ауылындағы бастауыш орыс мектебіне қатынайды; олар атпен барады, ал өздеріне қар бірер жауғанша жөнді көлік тимейді, екі ауылдың арасында жаяу-жал- пы малтығып жүреді... Қаныштың бірақ жолы болды: ол оқуға барған кезде Обалыда Троицк медресесін тәмамдаған Жұмаш Жолдыбайұлы есімді жас білімпаз молдалық еткен (қазақ қауы­мы­на ол кезде мұға- лім түсінігі енбеген, болса да ондай жандарды «өшетел» неме- се бұрынғыша молда деп атаған). Жұмаш «молданың» алдында Қаныш екі жыл отырады. Көп жылдар Имекең тәрбиесінде болып, Кіші ауылда өскен Тармызи Әбсәләмұлы Имантаев бұл жайында: 22 ШЫҒАРМАЛАРЫ «Қанкенің оқуға зеректігі сонда-ақ мәлім болған. Ол біз құсап ескі оқуды әлденеше қыс мыжыған жоқ, сөзді де ежіктемей бірден оқып кетті. Мұхтасар мен биданды (арабша оқудың алғашқы басқыштары) тез меңгерді. Сол себепті би атам оны молда ал- дында көп ұстаған жоқ...» – деген куәлік айтады. Сол жылдарда кішкентай Қаныш тағы бір ұстаздан дәріс алған. Әдетте, бұл сабақ өз үйінде, әкесінің алдында өтеді. Әмбе оның кесулі уақыты болмайды, қысы-жазы бірдей, екеуінің көңілі қалаған кезде жүреді. – Балам, жыр сабағын ұмытпалық. Кітабыңды әкел, – дейді әкесі. Былғарымен тысталған қалың кітапты құшақтаған Қаныш әкесінің алдына келіп отырады да, саңқылдаған ашық дауыспен оқи бастайды. Оқуы аса жатық емес, әредік дұрыс оқып отырмын ба дегендей күдікпен әкесіне жаутаңдап қарайды. Кейде әлдебір сөзге тілі келмей кібір­тіктеп те қалады. Кітаптың тілі балаға аса ұғынықты емес, түркі-шағатайша, кейбірі парсыша жазылған. Ақындардың есімі де бейтаныс: Руми, Сағди, Хафиз, Жә­ ми, Науаи... Сөйтсе де бұларды оқу – молдекең алдында шарт жүгініп отырып, Құранның түсініксіз аятын жаттағаннан әлдеқайда қызық. Көбіне оқитыны жүздеген бет ұзақ жырлар: «Жүсіп – Зылиқа», «Ләйлі – Мәжнүн», «Гүлстан», «1001 хикмет», «Диуана пәни». Әкесі солардың кейбірін жатқа біледі. Кен­жесі әлдебір сөзді ажырата алмай ежіктей бастаса, тұтас бір шумақтарды жатқа ай- тып, солардың мазмұнын да қазақшалап түсіндіреді. Тек екінші қайтара оқығанда: – Қане, балам, енді өзің айт, – деп сабырмен тосып отырады. – Һауер – қорқу, үрейлену. Пақыр – бей­ша­­ра. Ал хәль... хәль... – деп Қаныш кібіртіктесе, әкесі жалма-жан: «бір уақыт, сәт мезгіл, қас қағым», – деп сүйемелдейді. Осылайша бірде парсыша, кейде арабша жүретін сабақ талай күн, талай сағаттарға созылып, айлап-жылдап жалғаса береді. Аны­ғында жыр оқу жас шәкірт зеріккенше созылады. Бірақ оны зеріктіру де оңай емес. Баланың ұғымталдығы ғажап. Небір қиын сөз­дерді, тұтас сөйлем, шумақтарды екі айтқызбайды, естіген сә- тінде қағып алады. Оқуға құштарлығы да өзгеше. Білсем, көрсем деп ынтығып тұрады. Сыншыл әке перзентін әлде қызықтап, әлде болашағынан үміт күтіп: «Осы баламның зейіні бөлек, мұны анау- мынау же­ңіл сөзбен шығарып сала алмайсың», – дейді екен... 23 Медеу СӘРСЕКЕ Әке еңбегі зая кеткен жоқ. Талапты шәкірт ескі заман ақын- дарының асыл мұраларын өз бетінше оқитын болды... (Арада көп жылдар өтеді. Сауықтыру орнында жатқанда, дос-жаран- дарымен бас қосқан мәжілістерде, оңаша қалып, ойға түскен сағаттарда Қаныш Имантайұлы парсы тілінде мақамдап сөйлеп кетер еді. Әдетте, бұл Қожа Хафиздің иә Омар Һайямның ғазалдары болады. Қасындағылар аң- таң. Қай уақытта оқыған, қалай үйренген?.. Шынында, ол парсы, араб ақындарының кейбір жырларын ғана білетін. Шаршаған, әлденеге қамық- қан кезінде солардың мөлдір қайнарынан ләззат алып, бойын сергітіп, өзінше демалып отырар еді). Баланың өлең-жырға, ән-думанға құштарлығын ауылдастары ерте аңғарған. Ауыл­ға қонақ келсе, әсіресе домбыралы, қобызды меймандар топтап түсті ме – кішкентай Қаныш дегбірсіздене бас- тайды. Қиыла сұрайтыны – қонақкәде алу. Оның өтеуі – ертегі, жыр, ән. Әкесінің бір тізесіне жайғасып алып, жыршының аузы- на қарап телміреді де отырады. Есейе келе өзі де Бөкешке еліктеп домбыра шертетін болды. Үлкендер мадақтап: «Біз­дің Қанкежан да әнші болады, айналайын, айта ғой!» – деп көтермелесе, шырқап та жібереді. Ақын-жыршылардың Айырықтағы Кіші ауылға ат басын жиі бұрып, еру болуы кездейсоқ емес-ті. Тегінде бұл – ауыл иесінің ел сөзін ұстап, би сайланғаннан бергі машығы емес, бойына ежел- ден біткен қалыбы. Сөз өнерін құдірет тұтқан сері һәм сауықшыл қауымға ол құрметпен қа­рай­­ды. Әсіресе шешен сөйлеп, ел ше- жіресін төндіре шерткен зиялылармен сұхбат құ­руға. Ал даулы іске билік айтқанда өзі де ескі билердің нақыл сөздерімен мақал- дап сөйлейді. Әрнеге еліктегіш кішкентай Қанышқа туған ағасы Бөкештің әуей өнегесі де айтарлықтай әсер еткен. Ғазекең келіні Шәрипа Смағұлқызының ауызекі әңгімеде бізге: «Ағатай қағазға өте ұқыпты кісі еді, әсіресе кітап жинауға. Семей мен Омбыға жо- лаушылап барғандарға ақша беріп, ылғи бір жаңа кітаптар алғызатын, – деген-ді. – Күн сайын бір беті ажырайтын күн- тізбек алдырып, бірақ оны жырт­ қызбай, өткен күннің бетін жіптің астына қыстырып қоятын. Сол бетке ауа райын, желдің бағытын жазып, жауын-шашын иә боран келе жатқанын күн ілгері есептеп шығарып, ел-жұртқа ескертіп отыратын-ды...» 24 ШЫҒАРМАЛАРЫ ІІ Орыс патшасы қазақ елін бодан еткелі бір ғасырдан асты: ұлан- байтақ жері­міз бен мал-жанымызға пана болады дегенбіз. Жүз жылдық қитұрқы һәм езгілеу саясатының нәтижесінде хан мен билердің өктем құзырынан ада болдық, бөтен жұртқа тәуел­ділік қамытын кидік, ақырында рухани азу­­­ға ұшырадық. Байырғы қазақ атымыз киргизға айналды, тіліміз татаршамен шұ­ бар­­ ланып, дініміз қыспаққа түсті, ежел­гі тарихымыз да тонауға ұшырап, өмірден өше бастады. «Орыстандыру саясатының зардабы қа­ зақ­ тардың мұсыл- маншылық парызын өтеу­ге де кеселін тигізуде, әкімшіліктің рұқсатынсыз олар ешқайда тырп ете алмайтын дәрменсіз халге жетті, – делінген 1905 жылдың 26 мау­сым күні Қоянды жәрмеңкесіне жиналушы 12767 қазақ қол қойған, Ресейдің Ми­ нистр­лер Кеңесінің төрағасына жолдаған құ­зыр­­хатта. –...Сол себептен де мешіт салу, медресе мен мектеп ашу туралы арыз- хаттарымыз әрдайым жауапсыз қалып келеді. Халықтың мүд­ десімен де, оның тарихи құқық­тарымен де санаспай, бәрі-бәрі соның орыстандыру саясатының жолына құрбандыққа шалы- нып отыр». Жә, сонда билеуші үкімет бодан халыққа қандай қам-қарекет, рухани тірлік ұсынған? XIX ғасырдың аяғында Павлодар уезінде 185787 адам тұрған, оның 169804-і, яғни 91,4 пайызы осы өңірдің ежелгі мекендеушілері – қазақтар. Казак-орыстың тұрақтағаны – 9031 адам, келімсек мұжықтар – 1839, ме- щандар – 3685 жан, яғни уездегі орыс тіл­ділердің жалпы үлесі – 7,83 пайыз. Татар мен өзге бұратана ұлттар өкілі – 1429 адам, яки 0,76 пайыз. Ояз орталығында сол жылдарда 14534 тұр­­ғын болыпты. Әлбетте, көп- шілігі орыс ұлты, сөйт­ се де бұл есепке бірлі-жарым қазақтар мен қала іргесіндегі «Көкжатақты» мекендеушілер де енген. Павлодарда сол кезде 3-сыныпты қалалық училище, қыздардың кәсіби гимназиясы, ауыл ша- руашылығының төменгі сатылы мектебі, бастауыш қыздар училищесі – жиы­ны 6 оқу ұясы тұрақты жұ­мыс істеген. Оларда шамасы үш-төрт жүздей шәкірт болған. Ояз есебіне 16 казак-орыс станицасы тіркеліпті, солардың үшеуінде ғана шағын шіркеу бол­ ған, демек, соншама приход мектебі де ашыл­ған... Қысқасы, бүкіл уездегі 27 оқу ұясында 45 мұғалім еңбек етіп, осы өңірге бертінде қоныстанған халықтың 7,83 пайызын құрайтын орыс тілді жұрттың рухани ділін қанағаттандыруға қызмет атқар­ ған. Ояз ор- талығындағы ауыл шаруашылығының төменгі сатылы мектебінде ғана он шақты қазақ шаруасының балалары бастауыш оқу бағдарламасы көлемінде 25 Медеу СӘРСЕКЕ орысша сауат ашып, көбіне жер өңдеу кәсібіне үй­ренген. Билеуші өкі­меттің бодан халықтарды сауаттандырып, дүниеге көзін ашуға ниеті болмаған, бұрынғыша қараңғы қалпында ұстауды көздеген. Керісі

Use Quizgecko on...
Browser
Browser