3rd Grade Kazakh Literature Textbook PDF
Document Details
Uploaded by MatureArchetype2323
2018
Б.Т. Қабатай, Ү.К. Зейнетоллина, В.А. Қалиева
Tags
Summary
This is a 3rd grade Kazakh literature textbook. It covers various literary works, including stories, poems, and cultural elements. The textbook aims to teach Kazakh language and culture.
Full Transcript
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Б.Т. Қабатай, Ү.К. Зейнетоллина, В.А. Қалиева Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтын...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Б.Т. Қабатай, Ү.К. Зейнетоллина, В.А. Қалиева Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді Алматы «Атамұра» 2018 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях 1–3378 согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 821.512.122.0я72 Қ 13 Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды. Шартты белгілер: – бөлімнің аты – жеке жұмыс – жаңа сабақ – жұптық жұмыс – суретпен жұмыс – топтық жұмыс – шығармашылық – жазу жұмысы жұмыс – сөздік – тыңдалым Қабатай Б.Т. т.б. Қ 13 Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыны- бына арналған оқулық: 2 бөлімді. / Б.Т. Қабатай, Ү.К. Зей- нетоллина, В.А. Қалиева. – Алматы: Атамұра, 2018. – 128 бет. ISBN 978-601-331-084-8 1-бөлім. – 2018. – 128 б. ISBN 978-601-331-083-1 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 821.512.122.0я72 © Қабатай Б.Т., Зейнетоллина Ү.К., ISBN 978-601-331-083-1 (1-бөлім) Қалиева В.А., 2018 ISBN 978-601-331-084-8 © «Атамұра», 2018 2 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Жас дос! Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл» деген. Сен бұл «Әдебиеттік оқу» кітабынан көркемсөз өнерін, сөйлеу мәдениетін үйренесің. Ең бастысы,халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-тал дау арқылы қазақ тілінің бай мұрасымен танысып, қазақтың ұлттық мәдениетінен мәлімет аласың. Оқу лықта қызықты әңгімелер, ертегілер, өлеңдер және басқа да шығармалар берілген. Сондай-ақ шешендік сөздер мен нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді жаттайсың. Оларды күн делікті өмірде қажетіңе қарай қолдануға жаттық. Сенің көркемсөз өнерін игерудегі қадамың сәтті болсын! Оқулық авторлары 3 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1. Мәтін бойынша сұрақтар қоясың және жа уап бересің. 2. Көркем шығарма бөліктерін салыстырасың. 3. Оқиға желісін болжау арқылы мәтінді жос- пар бойыншажалғастырып әңгімелейсің. 4. Сөйлеуде бейнелі сөздер, нақыл сөздер, су- реттер, фотосуреттерді қолданасың. 5. Мәтінді түсініп, мәнерлеп, рөлге бөліп, теріп оқисың. 6. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бересің. 7. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайсың. 8. Мысал, өлең, бата, нақыл сөздің басты белгілерін білесің. 9. Кейіпкердің портретін сипаттайсың. 10. Өлең, мәтін құрастырасың. ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАНДЫ ТАБИҒАТ ЖАМАННАН ЖИРЕН УАҚЫТ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ 4 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Жанды ТАБИҒАТ 1 Оқуға шақыру Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қоясың және жауап бересің. 1. Суреттерге зер сал. Тәуліктің қай кезі деп ойлайсың? Бәріне ортақ болатын тақырып ойластыр. Оны түсіндір. 2. Өлеңді түсініп оқы. Оқуға шақыру данал ық Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, оқу Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана, әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап. ну Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, ізде Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да. Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға. үйрен Балалар, бұл жол басы – даналыққа, у Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та. 5 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! Ахмет Байтұрсынұлы 3. Түсініп оқы, автор туралы әңгімеле. Ахмет Байтұрсынұлы – ұстаз, ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. «Әдебиет танытқыш», «Қырық мысал», «Тіл – құрал» атты еңбектері бар. 4. Сұрақтарды жалғастыр. 1) А. Байтұрсынұлы кім? 2)... ? 3)... ? 5. Сызбадағы ойды өз сөзіңмен түсіндір. Оқысаң, Ізденсең, адам боласың. білімді боласың. Даналық Үйренсең, деген не? талапты боласың. Оқу Іздену Үйрену Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық. 6 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 6. «Оқуға шақыру» өлеңін шумақтарға бөліп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сүйеніп, әр шумаққа 1 сұрақ құрастырып, жауап бер. 2 Күн шыққанда Өлеңдегі маңызды жолдарды тауып жазасың. 1. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Бәріне ортақ болатындай тақырып ойластыр. Оны түсіндір. 1. Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. 2. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. тан» і л і м кітап сың б 3. Күш – білімде, «Ала Білім – кітапта. 4. Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. 2. Өлеңді тыңда. Күн шыққанда Шырт ұйқыда жатқанда, Шырылдайды торғайым. Ұйқыны ашты, оятты. Мал масайрап өрісте, Құрт-құмырсқа бәрі істе, Тұр, көкешім, күн шықты. Қалыпсың ұйықтап, қарағым, Қалады-ау сенің сабағың, Жуын, жүгір мектепке. 7 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ашасың көзді сабақтан, Аласың білім кітаптан, Боласың адам мектепте. Ілияс Жансүгіров Масайрап – еркін, рақаттанып. 3. Түсініп оқы, автор туралы әңгімеле. Ілияс Жансүгіров – ақын, аудармашы, драматург Ілияс Жансүгіров (1894–1938) Ал- маты облысының Ақсу ауданында туған. «Балаларға базарлық», «Мектеп» атты кітаптары бар. 4. Өлеңнің алғашқы екі шумағын дауыстап оқы. Өлең жолдары бойынша қандай сурет салуға болатыны туралы досыңмен ой бөліс. 5. Ақын ойын түсіндің бе? Қорытынды ой айтылған жол- дарды тауып жаз. 8 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 3 Есеннің кірпісі Шығарманың тақырыбын анықтайсың. 1. Жұмбақты шеш. Тұмсығында түймесі бар, Үстінде сұр жейдесі бар, ғы ұқсасты Жейдесінде инесі бар. 2. Мәтінді түсініп оқы. Есеннің кірпісі шылығы (Әңгіме) айырма Есен үйінің айналасында зәулім ағаш көп. Бірінде алма, бірінде алмұрт, тағы біреуінде моншақтай қызыл шие, уылжыған өріктер өсіп тұр. Ағаштардың арасын- да қызғылт бүлдіргендер де жасыл жапырақ арасынан қылтиып бой көрсетеді. Есеннің аса бір күтетіні – өзі егіп өсірген гүлден тіккен шатыр сияқты дөңгелене өскен шоқ ағаш. Оның ішіне Қаби екеуі үйінен тартылған 9 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ электр сымына шам орнатты. Түнде оны жағып, екеуі сабаққа дайындалады. Есеннің асыранды кірпісі электр шамы жанған кез- де ағаштардың арасынан шығып, жаздық күркедегі кереуеттің астына кіріп кетеді. Ол кереует астынан шығып, қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай кішкене тұмсығын шығарып қарап- қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «кірпім-кірпім» деген дауысы шыққанда тұмсығын шығарып, азығын іздейді. Есен оның азығын күні бұрын дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды. Есен кереуеттің бас жағында тұрған мандолинасын алып тартты. Мандолинаның дыбысы түнгі тынық кеш- те өте ашық, әдемі еді. Біраздан соң кірпі домаланып кереует астынан шықты да, дыбысты аңғарып, тура Есеннің алдына келді. Сөйтті де әуенді анық тыңдағысы келгендей тұмсығын сәл көтеріп, аз тұрды. Кітап оқып отырған Қаби басын көтергенде: – Мына кірпінің тыңдап тұрғанын қарашы. Әуен ырғағын сезеді өзі, – деді Есен күлімсіреп. Сапарғали Бегалин 3. Түсініп оқы. Әңгіменің авторы туралы әңгімеле. Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы, ақын Сапарғали Бегалин (1895–1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылында туған. Шоқан Уәлиханов туралы жазған «Шоқан асулары» атты кітабы бар. 4. Әңгімеден табиғат суреттелген жолдарды тауып оқы. Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің? 10 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 5. Есен кірпісіне қандай азық дайындап қояды деп ойлайсың? 6. Әуен тыңдаған кірпі туралы не айтасың? Осыған ұқсас оқыған, көрген оқиғаларыңды әңгімелеп бер. 7. Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір. Мәтінді бас қаша тағы қалай атар едің? 4 Табиғат тағылымы Мысалдың басты белгілерін білесің және қойылым түрінде көрсете аласың. 1. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер. Оқылатын мәтін не туралы екенін болжа. л · Суреттен нені көріп тұрсың? мыса · Жылдың қай мезгілі бейнеленген? · Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? · Шегірткенің көңіл күйі қандай деп ойлайсың? Неліктен? іпкер кей 11 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Мысалды тыңда. Шегіртке мен құмырсқа шыр (Мысал) ылд шегі ауық ртке Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыгүні жапырақтың Бірінде – тамақ, бірінде – үй. Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң, кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан, Ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. е к с үйгіш еңб рсқа Сауықшыл сорлы бүкшиді, қ ұ м ы Тым-ақ қиын іс болды. Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Сабанда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады. Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра: – Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра! – Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең? 12 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ – Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? қоры тын Көгалды қуып, ән салып, ойы ды Өлеңнен қолым тиді ме? – Қайтсін қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер! Иван Крыловтан Аударған Абай Құнанбаев Қабағын қайғы жабады – қатты көңілсізденеді, мұңға батады. Абай Құнанбаев орыс тілін жақсы білген. Бұл оған орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне ау- даруына мүмкіндік берді. Абай Иван Крыловтың 13 мысалын аударған. Рас, олардың барлығын бірдей бірыңғай таза аударма деу де қиын. Ақын негізінде И. Крылов мысалының жалпы мазмұнын алады да, өзінше еркін баяндайды. 3. Түсініп оқы, ақын туралы әңгімеле. Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны, аудармашы Абай Құнанбаев (1845–1904) Семей өңі ріндегі Шыңғыстауда дүниеге келген. Ол орыс тілін жетік меңгеріп, орыс тілінде жазылған әдеби шығармаларды көп оқыды. Орыс және батыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне асқан шеберлікпен аударды. 13 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4. Мысалдан кейіпкерлерге қатысты сөздерді тауып жаз. жұмсақ илеу... өлеңші, әнші... 5. Мысалға сүйеніп, кейіпкерлерді салыстыра сипаттап жаз. 6. Мысалдан көңілдеріңе не түйдіңдер? Құмырсқа мен ше гірткенің әрекетіне баға беріңдер. Құмырсқаның жауабы- мен келісесіңдер ме, әлде келіспейсіңдер ме? Ойларыңды дәлелдеңдер. Шегірткеге қандай кеңес берер едіңдер? 7. Мысалды сахналаңдар. 8. Мысалды талда. Авторы Басты Бөлімдері Қорытынды және атауы кейіпкерлері ойы Басталуы: Жалғасуы: Аяқталуы: 14 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 5 Құмырсқаның қанағаты Ертегінің түрлерін білесің және кейіпкерді сипаттайсың. 1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Осы сөздер қай шығарманы есіңе түсіреді? Әрқайсысы туралы өз ойыңды білдір. 2. Ертегіні түсініп оқы. Құмырсқаның қанағаты ертегі (Ертегі) Ертеде бір ғұлама болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануардың, жәндіктің, өсімдіктің тілін түгел біле ді екен. Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Ол бір құмырсқаны ұстап алады да: – Сенің белің неге жіңішке? – деп сұрайды. – Қомағай емеспін, – дейді құмырсқа. – Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? – деп сұрайды. – Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа. Ғұлама құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидай дың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң, сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі-беріден кейін бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады. – «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрайды ғұлама. – Иә… Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір 15 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан-босқа аштан өлген болар едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, – деп жауап береді құмырсқа. Ғұлама құмырсқаның шыдамдылығы мен қанағатына қайран қалыпты. Содан кейін ғұлама қанағаттық қасиетін адам бала- сына үйретіпті. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том 3. Оқыған мәтіндеріңе сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жаз. Мәтіннің Мәтіннің Құмырсқаның аты түрі сипаты И. Крылов «Шегіртке мен құмырсқа» «Құмырсқаның қанағаты» (Ертегі) 4. Сенің бойыңда осы аталған сипаттар бар ма? Бір-біріңмен пікірлес. Аталған сипаттар Иә Жоқ Не қосар едің? 5. Ертегілердің қандай түрлері болатынын есіңе түсір. Беріл ген ертегі қай топқа жататынын айт. Ертегiлер Тұрмыс-салт ертегілері 16 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 6. Суретке қарап, ертегіні әңгімеле. Жоспар құр. таби ғат ағат қан 6 Қанатты достарым Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоясың және қажетті ақпаратты табасың. 1. Тыйым сөздерді құрастыр және оның мағынасын түсіндір. Өз ойыңды дәлелде. аққуды құстардың лақтырма құсқа атуға болмайды жұмыртқасын досыңды тас болмайды сатуға жарма жұмыртқасын 2–3378 17 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Мәтінді түсініп оқы. Қараторғай Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр. Күнгей жақтың қары ери бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар ата бірдеңе істеп отыр. Қасында балалар жүр. – Ата, не істеп жатырсыз? – Қонағыма үй істеп жатырмын. табиғатты қорғау – Сіздің қонағыңыз кім? – Қонағымды көрерсің. – Қонағыңыз қандай? – Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай, – деп қарт жымияды. Қарттың сөзін түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты. Қар кетті. Көк шықты. Күн ашық. Бір топ қара торғай ұшып келе жатыр. Ауылдың үстіне келіп жалт бұрылды, олай-бұлай айналды. Биік ағаштың басында Қамбар атайдың кішке не үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің аузына қонды. Жан- жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті. Өзге торғайлар да ағаш-ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр. Бауда көк шөптің арасында жыбыр- лап қоңыздар жүр еді. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе қалып, қоңыздарды теріп жей бастады. Шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонды. Тынығып алған соң, ән салды. Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қара торғайы шегіртке қырады. Құрт, шегіртке, инелік, маса, шыбын – бәрі де егіннің жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы ұшан-теңіз. 18 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені – сол қараторғай екен. Жүсіпбек Аймауытов Күнгей жақ – күн түсетін оңтүстік жақ. 3. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле. Жүсіпбек Аймауытов – жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) Павлодар облысы Баянауыл ауданы қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылында туған. Ол 13–14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. 4. Мәтінге сүйеніп, суреттегі кейіпкерлер арасында диалог құрастыр. ұ с т арға қ қ қ о рлы қам 19 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 5. Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің? Кластер құ растыр. Табиғатты қорғау 6. Мәтінді оқиға желісіне қарай бөліктерге бөл. Жоспар құр. 7. Әңгімеде қараторғайдың пайдасы туралы не айтылған? 7 Қамқорлық Көркем шығарманы көрген кинофильміңмен салыстыра аласың. 1. Жұмбақтарды шеш. 1. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды. балапан Көзі шамға ұқсайды. 2. Өзі баспай, басқаға мәпелеу Жұмыртқасын бастыратын. Қайталап өз атын, қамқорлық Қулығын асыратын. 3. Аққу емес, мойны ұзын, Тырна да емес, сирақты. Аулайды балық күнұзын, Түсіреді еске жирафты. «Алтын абдыра» кітабынан 20 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Мәтінді түсініп оқы. Қамқорлық Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының астындағы шарбақ ағашы сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгергенше балапан торғай жанталасып ұша жөнелді. Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Көшенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талықсып әрең жетіп қонды. Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты. Жантас ентелеп тағы жетті. Зақпысын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап өтті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды. Бала бала- пан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр ай- налдырып қуа берді. Өкпесі өшіп әлсіреген балапанның енді көтеріліп ұшуға халі де қалмады. Үрейі ұшқан балапанның жүні үрпиіп, дуалға жа- быса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап, «Аяшы!», «Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр ете ді. Бірақ безбүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады. Кенет Жантастың арт жағынан: – Әй, о немене? – деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқанда да тимесе, онда бас салып Қожадан бұрын ұстап алмақ. Бірақ бұл жолы атылған тас иесінің жауыз ниетін құптап ұшты. Дәл топшысынан дөп тиген тас балапан торғайды домалатып түсірді… Торғайды Қожа ұстап, мәпелеп үйге әкелді. Га- зет бетіне нанның үгіндісін сеуіп, «же» деп торғайға 21 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ апарды. Бірақ балапан жемек түгіл, басын оңды-солды бұрып, татып алмады. Қожаның босатып қоя беруі мұң екен, балапан жор ғалап барып кереуеттің астына еніп кетті... Бердібек Соқпақбаев Безбүйрек – қатігез, мейірімсіз. 3. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле. Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев (1924–1991) Алматы облысы Райымбек ауданында туған. Балаларға арналған «Менің атым – Қожа» деген қызықты шығармасы бар. Осы кітап туралы жазушы: «Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушы- мын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды», – дейді. 4. Суретке қарап, берілген сұрақ-тапсырмаларды орында. 22 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ · Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? · Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта. · Сенде торғайға деген аяушылық сезім пайда болды ма? Неліктен? · Жантастың әрекеті дұрыс па? «Менің ойымша,...», «Менің айтайын дегенім...», «Өз пікірімді айтар болсам, … » деген сөз тіркестерін қолдану арқылы өз пікіріңді білдір. 5. Мәтіннің қалай аталып тұрғанына мән бер. Бұл сөз қай кейіпкерге қатысты? Дәлелде. 6. Осы бөлімде торғай туралы қандай мәтіндер оқыдың? Кестені толтыр. Мәтін Авторлары Кейіпкерлері Негізгі ойы 7. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығар масының желісімен 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы «Менің атым – Қожа» атты балалар фильмін түсірді. Режиссёрі – Абдол- ла Қарсақбаев. Мүмкіндігің болса, ғаламтордан фильмді көруіңе болады. Өзің оқыған мәтіннің сол шығармадан алынған үзінді екендігіне көз жеткізе аласың. 8 Туған өлке гүлдері Мәтінді әңгімелегенде көркемсөзді қолдана аласың. 1. Мына пікірге мән бер. Осы пікірдің дұрыстығын дәлелде. Туған өлкем гүлдерімен көрікті. Өйткені... 1. … 2. … 3. … 23 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Өлеңді тыңда. Сен де мәнерлеп оқуға жаттық. Гүлдер Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. «Жайнар кезім келді» деп, Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып, Күн нұрына боянып, Көрік бердің далаға. Гүлдер, гүлдер, не түрлі Құлпырды да жетілді. Барлық дала өртеніп Бара жатқан секілді. Өрт дегенім – гүл екен, Отқа ұқсап тұр екен. Лүпіл қағып жүрегім, Үзіп алдым біреуін, Сыйлайын деп анама. көп гүлдер Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. ақ гүлдер Тұра берші ырғалып, Тұра берші нұрланып, қызыл гүлдер Сол тұрғаның ұнайды, көк гүлдер Құлпырғаның ұнайды, Ұқсап сәби балаға. Тұманбай Молдағалиев 24 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле. Тұманбай Молдағалиев – ақын, аудармашы Тұманбай Молдағалиев (1935–2011) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жар- су ауылында туған. Балаларға арналған «Жаңа дәптер» және т.б. өлең жинақтары бар. Халық арасында кең тараған «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» әнде рінің сөзін жазған. 4. Өлеңнен гүлдерге қатысты көркем-бейнелі сөздерді тап. Оларды қолдана отырып, өлеңнің қысқаша мазмұнын айт. Бір нәрсенің айрықша сипатын анықтау үшін оны көркейтетін, айқындайтын бейнелі сөз қосылады. Бұл көркемсөз эпитет деп аталады. 5. Анаңа, ұстазыңа және досыңа сыйлайтын гүлдеріңе көр кем-бейнелі сөздердің көмегімен сипаттама бер. · Гүл туралы 5 жол өлең құрастыр: 1-жол – тек 1 сөзбен беріледі: зат есім. 2-жол – тақырыпты 2 сөзбен сипаттау: сын есім. 3-жол – тақырыпқа қатысты 3 қимыл атауын жазу: етістік. 4-жол – сезімді білдіретін 4 сөзден тұратын бір сөйлем. 5-жол – тақырыппен мәндес 1 сөз: синоним. 25 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 9 Табиғаттағы байланыс Шығарманы өз ойыңмен толықтырасың. 1. Әр қатардағы сөздер арасына байланыс тізбегін құр. Әң гімеле. 1. Гүл, ара, бал. 2. Бидай, тышқан, түлкі. 3. Жемістер, адам, денсаулық. 2. Мысалды рөлге бөліп, түсініп оқыңдар. Терек пен қабығы (Мысал) Терек: Қабығым-ау, қабығым, Қатты қыстың денемді. 26 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Айтшы өзің анығын, Не үшін тұрсың сен енді?! Қабығы: тер Терегім-ау, терегім, ек Қайтып алғын сөзіңді. Жоқ болса егер керегім, Жоғалтайын көзімді. Терек: Айтар болсам шынымды, Қабықсың бар болғаны. Менсіз тіпті күніңді Көре алмайсың сен-дағы! рлік ауызбі Қабығы: Қатты екен тым қарқының, Жоқ болса егер керегім, Ашуланбай, Ал тыным, Кеттім, қош бол, терегім. Кенет терек үстінен Қапа болған сол қабық Сыпырылып түсті де, Жатты жолға қамданып. Болмай ауызбірлігі, аб ығы к т ің қ е Қабық кетті өкпелеп. тер Осылайша, бір күні Қурап қалды көктерек. Сорасы аққан көзінің Жасын көрсең бүгінгі. Қателігін өзінің Терек кештеу ұғынды. Бейсебай Кірісбайұлы 27 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 3. Түсініп оқы, мысалдың авторы туралы әңгімеле. Бейсебай Кірісбайұлы – балалар ақыны Бейсебай Кірісбайұлы (1955–2003) Алма- ты облысында туған. Балаларға арнап өлеңдер, мысалдар жазған. Оның «Піл неге жылады?», «Аппақ бақбақ» және т.б. өлең жинақтары бар. 4. Мысалға сүйеніп, кейіпкерлер арасында диалог құра. 5. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер. 6. Мысалға басқаша қандай атау беруге болады? Өз ойыңды дәлелде. · Мысалдың қорытынды ойына сәйкес келетін мақал ойлас тыр. Нақыл сөзді қойып, мысалды анықта. Үлгі: «...» дер едім. 10 Мен қалада тұрамын Шығармадағы оқиғаларды салыстырасың. 1. «Ауыл таңы». «Қала таңы». Осы тақырыптарға қандай сурет салар едіңдер? Ойларыңды әңгімелеп айтыңдар. 2. Мәтінді түсініп оқы. Сен ұйықтап жатқанда І …Сағат түнгі он екі болып қалды. Жұрт аяғы ба- сылды. Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагонда үш-төрт адам көрінеді. 28 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, авто- бустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар. Олар әлгі мәшинелерді таңертеңгі сапарға әзірлейді. Күндіз бүлінген жерлері болса, жөндейді. Іші- сыртын сүртіп, еденін жуып тазалайды. Таңертең трол- лейбус, трамвай, автобустар тап-таза болып, жарқырап шығады. ІІ...Бүйірінде «Жедел жәрдем» деген жазуы бар мә шине қақпадан шығып келеді. Әне, жоғары қарай бұрылып, зырлап ала жөнелді. Әлдебіреу аяқастынан қатты ауырып қалған болар. «Жедел жәрдем» оны 29 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ тез арада ауруханаға жеткізеді. Онда ұзақ түнде көз ілмей, адамды ажалдан арашалайтын кезекші дәрі герлер бар. Қалада бірнеше жедел жәрдем стансысы бар. Оларда жұмыс күндіз-түні бірдей қызу жүріп жатады. Бердібек Соқпақбаев 3. Әңгімені жазған кім? Ол туралы не білесің? 4. Мәтіннің әр бөліміне ат қой. 5. Өлеңді тыңда, мазмұнын ауызша мазмұнда. Таң Аспан нұрға боянады, Көшелер де көріктенеді. ауы л та ңы Біздің қала оянады, Оятады көліктерді. Бау-бақ бейне той алаңы Шашты сәуле ұшқындарын. Біздің қала оянады, Оятады құстың бәрін. таң Кептер жемге тояды әлі, Қоқым-дәмді ептеп терді. Біздің қала оянады, Оятады мектептерді. қал а та ңы Келді, міне, Күз бұлдана, Жапырақтар желбіреді. Біздің қала оянады, Оятып тұр енді мені. Ертай Ашықбаев 30 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 6. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле. Ертай Ашықбаев – ақын, аудармашы Ертай Ашықбаев 1956 жылы Ақтөбе облысы Теміртау ауданы Бабатай ауылында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы баға» және т.б. өлең жинақтары бар. 7. Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Мәтін Шығарма- Тәуліктің Оны Тағы ның түрі қай мезгілі неден қандай сурет аңғардың? оқиғалар телген? қосар едің? Б. Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда» Е. Ашықбаев «Таң» Кестені толтыр. Мәтін Екі мәтінге ортақ Айырмашы- тақырып бер лығы неде? Б. Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда» Е. Ашықбаев «Таң» 31 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 11 Бау-бақша аясында Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бересің. 1. Өлеңге сай ырғақты таңдап, мәнерлеп оқы. Жеміс бағында Бау-бақшаға сән-көрік: ша Жүзім, бау-бақ Шие, Алма, Өрік. жем істе Бағбан ата жемісін р Қарай бердік таң болып. Айтады ата елге сыр: – Жемісіңді жерге өсір. Ерінбегін ешқашан, Еңбек еткін көл-көсір… Бейсебай Кірісбайұлы 32 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Суреттегі жемістерді айқындайтын эпитет ойластыр. Жемістің түрі Эпитет 1. 1. 2. 2. 3. 3. 4. 4. 3. Ертегіні зейін қойып тыңда. Ертегіні басқаша тағы қалай атар едің? Жүзім жегісі келген қасқыр ім жүз (Ертегі) Бір түлкі жүзімге тойып, баудан шығып келе жата- ды. Оны көрген қасқыр: – Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Егер айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып. – Ойбай, Қасеке, құлдық! – дейді Түлкі жымыңдап. – Сізден несін жасырайын, анау баудың ішінде жүзім дегенің толып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын… Түлкі осыны айтады да, Қасқырды ертіп апарып, өзіне үйреншікті тесіктен бауға кіргізіп жібереді. Қасқыр таңсық көрген жүзіміне әбден тойып, баудан қайта шығайын десе, әлгі тесіктен өте алмай, кептеліп қалады. Мұны көрген Түлкі: – Қасеке, тым көрсеқызар екенсіз! Артын ойлама ғанға сол керек! – деп әрі қарай жүре беріпті. көрсеқ ызар «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том 3–3378 33 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4. Суретке қарап, ертегіні әңгімеле. 5. Түлкі қасқырдың іс-әрекетіне қандай баға берді? Сен оған келісесің бе? Қасқырға қандай кеңес берер едің? 6. «Менің бау-бақшам» жобасын жасаңдар. 1. Бау-бақшаңда қандай жемістер өскенін қалайсың? 2. Әр жемісті сипаттайтын 5 сөз айтыңдар. Мысалы: қарақат – қара, қызыл, қышқыл, тосап, «С» дәрумені. 3. Бау-бақшаға қатысты еңбек түрлерін ата. 12 Алмастың ағашы Мәтіннен өзіңе қажетті ақпаратты аласың. 1. Жұмбақты шеш. ауа Көзге ілінбейді, ғаш таза жас а Жұтсаң білінбейді. 34 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Мәтінді түсініп оқы. Алмастың ағашы ерте тұр у Биыл қалада шілде өте ыстық бол ды. Балалардың жаңбырды аңса ғаны сонша, қайта-қайта аспан ға қарағыштай береді. Көктен тек шаңытқан күнді ғана көреді. Көздері жыпылықтап, танаула ры желбіреп, көлеңке іздейді. Әрине, мұндайда жапырағы қою ағашқа не жетуші еді. Жел жоқ болса да, ағаштар жа пырағын қимылдатып, желпігендей болады. Ал Ал- мастар тұратын жаңа ықшамауданда ағаш әлі аласа. Көкесі кеше кешкі тамақ үстінде: – Таңертең күн салқын, ауа таза. Ерте тұрған адам күні бойы онша ыстықтамайды. Жұмысты да өнімді істейді, – деді. Алмас оны құлағына құйып ала қойды. Алмас ертеңіне ерте тұрып, киініп далаға шықты. Аула да бірде-бір бала жоқ. Маңай тып-тыныш. Күн салқын. Ауа тап-таза екен. Мәдениет сарайын бір айналып келді. Салқын ауаның әсерінен қайнаған ыстықты онша елемеген секілденді. Ол осы күннен бастап ерте тұруды әдетке айналдырды. Көкесі мен апасы: – Үшінші кезекте тау ішіндегі лагерьге жібереміз, әзірше осылай дағдылана бер, – десті. Алмас күнде таңертең тұрып, Мәдениет сарайының маңында серуендейтін болды. Бір-екі бала ілесіп еді, уәделерінде тұрмады. Ұйықтап қала берді. Бір күні Алмас жол жағасындағы шөптің сытырлап жанып жатқанын көрді. Жалын сумаңдап, көктемде отырғызылған ағаштың түбін орай бастапты. Алмас енді шыдай алмады, жетіп барып, табанымен отты таптай бастады. От оған бой бе- 35 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ рер емес. Жас ағаштың қабығын жалап үлгерді. Алмас футболкасын шешіп алып, сонымен ұрды. Әзер дегенде өшірді. Ақ футболкасы қап-қара күйе болды. Бір-екі жері тесіліп те қалды. Оған өкінген жоқ. Әйтеуір іс тындырды ғой. – Жарайсың, балам! – деген дауысқа жалт қараса, таяғына сүйенген қарт кісі екен. Ерте тұратындардың бірі – осы кісі. – Мына ағаш енді сенікі болсын, балам! – деді қарт. – Өзің қарап, сақтап жүр енді. Атың кім? – Алмас. – Енді мұны «Алмастың ағашы» дейміз. Қай сынып- та оқисың? – Күзде екіншіге барамын. – Ой, айналайын. Мен сені үшінші не төртінші оқитын шығар десем… Таудай болып өсе бер, қарағым… Ақ футболка ештеңеге жарамай қалды. Көкесі мен апасы бұл ісі үшін ұрысқан жоқ, қайта құптады. Алмас әлі күнге дейін ерте тұрады. Мәдениет сарайын айнала жүгіріп шынығады. Мархабат Байғұт 3. Түсініп оқы. Мәтіннің авторы туралы әңгімеле. Мархабат Байғұт – жазушы, аудармашы Мархабат Байғұт 1945 жылы Оң түстік Қазақстан облысы Түлкібас ауда- ны Пістелі ауылында туған. Балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Оның «Шілде», «Интернаттың баласы» және т.б. кітаптары бар. 36 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4. «Алмастың ағашы» әңгімесін талда. Әңгіме қалай аталады? Кейіпкерлерді ата. Басты кейіпкер кім? Мәтіндегі ең көңілсіз оқиға не? Кішкентай Алмас қандай ерлік жасады? Оның іс-әрекетіне баға бер. Мәтіндегі Алмастың әкесінің сөзін тап. Сен Алмастың орнында болсаң, не істер едің? Әңгімеден қандай қажетті ақпараттар алдың? Алмастан не үйрендің? Алмастың әкесінің сөзіне мән бер. Оны дәптеріңе жазып ал. 37 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 13 Киіктің айласы Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгі қоясың. 1. Өлеңді түсініп оқы. Ақсақ киік Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген Жәндіктің киік деген баласы бар. лай құра Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты бұл бейшара қылған мекен. Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, ақбө кен Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді Адамның баласынан кем көрмедім. Сәкен Сейфуллин 2. Оқылатын шығармада қандай оқиға туралы айтылатынын болжап, өз ойыңды дәлелде. 3. Мәтінді түсініп оқы. Киіктің айласы Әрбір жабайы аң мен жануардың жауларынан сақта натын қару-құралы немесе айла-тәсілі болады. Қасқыр дың қаруы – тіс, қабанның қаруы – азу. Ақбөкен сияқты жануарларда ондай қару жоқ. Олардың сүйенері – аяқ тары. Қасқыр қуса, олар қашып құтылады. Күз айының шуақты бір күні еді. Сәске кезінде бір топ киік өзінің лақтарын ертіп, суатқа келді. Олар жапа-тармағай су іше бастады. Тоғай тасасында бір топ аш қасқыр оларды аңдып, күтіп отырған. Қасқырлар ауыздарын арандай ашып, киіктерге тап берісті. Дүр етіп үріккен киіктер жоса жөнелді. Ал бір 38 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ақсақ теке олардан дараланып, судың шығыс жағына қарай бөліне қашты. Көп киіктің алыстап кеткенін көрген қасқырлар «бұйырғаны осы болды» дегендей, тұс-тұсынан текеге лап қойды. Теке шоқақтай жортып, қасқырлардан қарасын үзер емес. Таяқ сілтем жерде ғана кетіп барады. Әне жетем, міне жетем деп қуған аш қасқырлар шаршап, талықси бастады. Қасқырлар баяуласа, теке оларға қарап тұра қалады. Аш бөрілер салпақтап тағы қуады. Осы шоқырақпен олар өзеннен жиырма шақырымдай ұзап шықты. Бір уақытта әлгі ақсақ теке орғып бір-екі секірді де, белден асып ғайып болды. Үздік-создық ырсылдай діңкесі құрыған қасқыр лар тілдері салақтап, әр жерде шоқиып отырып қалды. Әлгі теке, шынында, ақсақ емес еді. Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман сақтап қалу үшін өтірік ақсап айла етті. Сөйтіп, ол қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті. Киіктің бір текесі он шақты қасқырды осылайша алдап кетті. Дала жануарларының ішінде ақбөкеннен жүйрігі жоқ. Өздері мейлінше сұлу болады. Қой секілді, олар да шөп жеп қоректенеді. Олардың адамға ешбір залалы жоқ. Киіктің жаңа туған лағын құралай деп атайды. Оны атпайды. Әуелбек Қоңыратбаев 4. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле. Әуелбек Қоңыратбаев – ғалым, әдебиет зерттеушісі Әуелбек Қоңыратбаев (1905–1986) Қызылорда облысында туған. Балаларға арналған «Жеті алып», «Сұр көжек» де- ген кітаптары бар. 39 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 5. Суретті пайдаланып, мәтінді әңгімеле. 6. Мәтінге сүйеніп, байланысу сызықтарын жүргіз. таяқ сілтем жер шаршаған діңкесі құрыған жақын залалы зияны 7. Мәтіннен ақбөкен туралы қандай ақпараттар алдың? 14 Нені үйрендім? 1. Осы бөлімнен оқыған мәтіндердің мына тақырыптарға сай келетіндерін ата. 1. Таза ауа. жанды табиғат 2. Тамаша табиғат. 3. Табиғатқа қамқорлық. 40 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Түсініп оқы және жауап бер. Салыстыра сипаттап айтуға үйрен. – Сен екі затты салыстырып айта аласың ба? Оқушылардың арасында мынадай талас болды. Бі реуі: «Екі затты салыстыру – олардың қандай ұқсас тықтары, қандай айырмашылықтары бар екенін білу», – деді. Екінші біреуі: «Екі затты салысты- ру – олардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін білу», – деді. Ал үшіншісі: «Екі затты салыстыру дегеніміз – олардағы бірдей белгілерді анықтау», – деді. Төртіншісі: «Екі затты салыстыру – олардағы бөлек белгілерді анықтау», – деді. Оқушылардың қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?...... Салыстыру...... 3. Суретке қарап, оқыған шығарманы есіңе түсір. Қалай аталады? Авторлар жөнінде әңгімеле. ігі тіршіл құстар асы т тамаш табиға 41 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4. Екі шығарманы салыстыру кестесін толтыр. Мәтін Құстардың Күн көзі Таңғы тірші таңғы тірші суреттелген лік туралы лігі туралы өлең жол- суреттелген айтылған дары өлең өлең жолдары жолдары А. Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» І. Жансүгіров «Күн шыққанда» 5. Кластерді жалғастыр. Әр тақырыпқа сай келетін мәтін дерді орналастыр. Б. Кірісбайұлы Терек пен қабығы ? ағаштар Жанды табиғат ? ? ? 6. Бөлімдегі құстардың таңғы тіршілігі туралы айтылған шығармалар жұбын ата. · А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру». І. Жансүгіров. «Күн шыққанда». · Б. Соқпақбаев. «Қамқорлық». Т. Молдағалиев. «Гүлдер». · Б. Кірісбайұлы. «Жеміс бағында». Б. Соқпақбаев. «Сен ұйықтап жатқанда». 42 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 7. Түсініп оқы. Оқыған шығармаларыңдағы қай кейіпкерге осы өлеңді ақыл ретінде айтар едің? Түсіндір. Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң, болмайды. ну Кіп-кішкене торғайлар н ү йре а Ағаштарды қорғайды. и ғатт дің т а б е м істер ы ж йдас па Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Мұзафар Әлімбай таза а уаны ң пайда сы 43 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Жақсы деген немене, 15 жаман деген немене? Тақырыпты мультфильммен салыстырасың және қажетті мәліметті алып, сызбаға түсіресің. 1. Сабақ тақырыбының қалай аталып тұрғанына мән бер. Осы сұраққа сен қалай жауап берер едің? «Жақсылық пен Жамандық» ертегісін есіңе түсір (2-сыныптың хрестоматиясын- да берілген). 2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Әр мақалда не туралы айтылған? Негізгі оймен сәйкестендір. сы лық Анаңды Мекке- ан дық жақ ге үш қайтара жам арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың. Туған жердей Алтау ала болса, жер болмас, Ауыздағы кетеді. Туған елдей ел туған жерге Төртеу түгел болса, болмас. сүйіспеншілік Төбедегі келеді. ананы сыйлау дер намысшыл тел ал -мә мақтаншақтық мақ бірлік, ынтымақ Білемін деп Ерді намыс мақтанба, өлтіреді, Сенен де білгіш Қоянды қамыс табылар. өлтіреді. 44 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 3. Мүмкіндігіңе қарай ғаламтордан «Жақсылық пен Жа мандық» ертегісі бойынша түсірілген мультфильмді көруіңе болады. Сол мультфильмнен қандай жаман әдеттер мен жақсы қасиеттерді байқадың? Айтып бер. 4. Жақсы (сары жолақ) мен жаман (қоңыр жолақ) нәрсені айырып жаз. тар ы қ сұрақ а ш қтар сұра а б ық ж 5. Сұрақтардың әрқайсысына 5 мақалмен ауызша жауап бер. 1. «Жақсы деген немене?» 2. «Жаман деген немене?» 16 Жақсылық жасау – борышың Сурет бойынша мәтінді әңгімелей аласың. 1. Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің? Отбасы, табиғат, мектеп үшін қандай жақсылық жасай алатыныңды тізіп жаз. 2. Жақсылыққа жамандық бар ма? Осы сұраққа жауап іздей отырып оқы. Баланың айласы Бiр ғалым адам жапан далада келе жатып, аяқ астындағы бiр үлкен тасқа сүрiнiп жығылыпты. «Бұл тас адамға зиян келтiретiн тас екен, жолдан алып таста йын» деп ойлады. Сол оймен тасты көтерiп едi, астынан сандық шықты. Сандықты ашып едi,