Geography Research Methods PDF
Document Details
Uploaded by PowerfulPenguin2802
Tags
Related
Summary
This document provides an overview of geography research methods. It discusses different approaches, including field methods, cartographic techniques, and theoretical methods. The document also explores various concepts like geographic models, and the importance of data analysis. It's suitable for a secondary school level geography curriculum.
Full Transcript
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ============================= \*Табиғи және қоғамдық жағдайлар мен үдерістердің күрделі жүйесі, өте ауқымды, қарама-қайшылыққа толы біртұтас әлем -- **Географиялық орта** \*Географияның басқа ғылымдардан ерекшеліктері қандай: ==========================================...
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ============================= \*Табиғи және қоғамдық жағдайлар мен үдерістердің күрделі жүйесі, өте ауқымды, қарама-қайшылыққа толы біртұтас әлем -- **Географиялық орта** \*Географияның басқа ғылымдардан ерекшеліктері қандай: ====================================================== 1. География -- географиялық орта элементтерінің кеңістіктегі орны мен олардың арақатынасы туралы ғылым 2. География -- табиғат және қоғам туралы ғылымдардың тоғысында дамитын ғылым 3. География -- табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен үдерістердің өзара байланыстары, әрекеттесуі, шарттастығы, кеңістіктік таралуы туралы ғылым 4. География көптеген ғылым салаларымен байланысады, алуан түрлі ақпаратты пайдаланады және оның ақпаратын басқа ғылымдар да пайдалана алады \*Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты зерттейтін ғылым салалары -- Табиғи қоғамдық ғылымдар. ========================= \*Географияның зерттеу нысандарының кеңістік моделін жасауына байланысты география ғылымымен қатар дамып жатқан ғылым саласы -- **Картография.** -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- \*География ғылымының маңызды зерттеу бағыттары: ================================================ 1. Табиғатты пайдалану және қорғау мәселелерін зерттеу -- Құрлықтар мен мұхиттардың табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және аумақтық экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. 2. Қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуын зерттеу -- Табиғи және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды анықтайды. 3. Тұрақты дамудың кеңістіктік әлеуетін қамтамасыз ету -- Экологиялық, әлеуметтік, ұлттық, саяси, әскери жанжалдар мен апаттардың қаупін азайту мақсатын көздейді. 4. Қолданбалы картографиялық зерттеулер -- Сандық карталарды құрастыруда статистикалық, жедел ақпараттармен қатар, ғарыштық түсірілімдер пайдаланып, жер бетіндегі құбылыстар мен нысандарды танып білу, олардың өзгерістерін бақылауға, болжам жасауға мүмкіндік береді. 5. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері ======================================== \*Зерттеу пәнін жан-жақты және шынайы бейнелеуге, оның мәнін ашып көрсетуге, заңдылықтарын танып білуге жалпы тәсілі (Б.М.Кедров) -- **Ғылыми әдіс.** \*Белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау, өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректер жинақтау және өңдеу әдістері -- **Далалық әдіс.** \*Ұйымдастырылуы бойынша далалық зерттеу әдістерінің түрлері -- Экспедициялық, стационарлық. ============================ \*Мерзімдік сипатта болатын далалық зерттеу әдісі -- **Экспедиция.** \*Тұрақты сипатта болатын далалық зерттеу әдісі -- **Стационар.** \*Жұмысы алдын ала бекітілген жоспар мен маршрут бойынша ұйымдастырылатын далалық зерттеу әдісі -- **Экспедиция.** \*Қазақстанның Антарктидаға алғашқы ғылыми экспедициясы ұйымдастырылған уақыт -- **2011 жылы.** \*Бақылау стансылары, ғылыми лабораториялар, орталықтарда жүргізілетін далалық зерттеу әдісі -- **Стационарлық.** \*Экспедиция кезінде қолданылатын тәсілдер: =========================================== 1. Маршруттық байқаулар 2. Өлшеулер жүргізу 3. Су, топырақ, ауа сынамаларын алу 4. Тау жыныстарын, топырақ үлгілерін жинау 5. Өсімдіктер мен жәндіктердің коллекцияларын жинақтау 6. Далалық эксперимент 7. Фото, бейнетүсірілімдер жасау 8. Сауалнамалар жүргізу \*Нысанның, құбылыс пен үдерістің кеңістік және уақыт ішіндегі өзгерістерін нақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс -- **Стационарлық әдіс.** \*Картаны дереккөз ретінде, бейнеленген нысандар, құбылыстар мен үдерістерді жаңа білім алу үшін пайдалану әдісі -- **Картографиялық әдіс.** \*Карта бойынша арақашықтықтарды, координаталарды, биіктіктер мен тереңдіктерді, бағыттарды анықтау -- **Картометриялық талдау.** \*Ауаның ластану картасы мен тыныс жолдары ауруларының деңгейі берілген картаны талдау -- **Статистикалық талдау.** \*Зерттелетін нысанды танып білу мақсатында ой әрекетіне негізделетін әдістер жиынтығы -- **Теориялық әдіс.** \*Ғылыми зерттеулерде ең кең қолданылатын теориялық әдіс -- **Жүйелеу.** \*Зерттелетін географиялық нысанды немесе құбылысты құрамдас бөліктерге ойша жіктеп алып, оның құрылымын, қасиеттерін, байланыстарын зерттеуге бағытталатын теориялық әдіс -- **Жүйелеу.** \*Зерттелетін географиялық нысанның немесе құбылыстың құрамдас бөліктерін, олардың қасиеттерін, байланыстарын ойша біріктіру арқылы нысанды біртұтас түрде танып білу -- **Жалпылау.** \*Нысанның элементтеріне тән ерекшеліктерді анықтайтын теориялық әдіс -- Жүйелеу. ======== \*Нысанның жалпы қасиеттерін анықтайтын теориялық әдіс -- **Жалпылау.** \*Геродот, Страбон, Аристотель еңбектерінде қолданылған әдіс -- Салыстырмалы-географиялық әдіс. =============================== \*Салыстырмалы-географиялық әдістің негізін салған неміс ғалымы -- А.Гумбольдт. ============ \*Деректерді өңдеу мен талдаудың мақсаттары: ============================================ 1. Бастапқы материалды реттеу және деректерді біртұтас жүйеге келтіру 2. Деректердегі қателіктерді, жетіспейшілікті табу және қою 3. Байқалмайтын тенденция, заңдылықтар мен байланыстарды анықтау 4. Зерттеу барысында күтпеген, байқалмаған жаңа фактілерді табу 5. Жинақталған деректердің дәлдігін анықтап, қорытындылар жасау \*Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды дәл сипаттап, олардың өлшемдері, ауқымдары, мерзімдері туралы нақты мәлімет береді -- **Сандық деректер.** +-----------------------------------+-----------------------------------+ | | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы | | | -- жер қыртысы. Оның орташа | | | қалыңдығы мұхиттар астында 5-10 | | | км, материктерде 35-40 км, биік | | | | | | тауларда 70 км-ге дейін жетеді | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ Географиялық модельдер ====================== \*Алгоритмдер мен үдерістерді сызықтар арқылы байланысқан әртүрлі пішіндегі блоктар түрінде бейнелеу -- **Блок-сызба.** \*Бірнеше шамалардың арақатынасын көрсететін деректердің графикалық көрсетілімі -- **Диаграмма.** \*Модельді құрастыру кезеңдерін түгел қамтитын үдеріс -- **Модельдеу.** \*Нақты нысанның, құбылыс немесе үдерістің жеңілдетілген үлгісі -- **Модель.** \*Географиядағы ғылыми негіздегі алғашқы модельді жасаған мекленбургтік (Германия) помещик -- **Иоган Генрих фон Тюнен.** \*Ғылыми негіздегі алғашқы модель жасалған уақыт -- **1826 жылы.** ![](media/image2.jpeg) \*Нысан, құбылыс немесе үдерістің қасиеттері мен күйін, маңызды байланыстарын сипаттайтын ақпараттардан жинақталатын модель түрі -- **Ақпараттық модель.** \*Нысандар, құбылыстар немесе үдерістерді графикалық бейнелер түрінде көрнекі түрде көрсету тәсілі -- **Графикалық модель.** \*Нысандар, құбылыстар, үдерістер немесе олардың қасиеттері тізім түрінде болатын модель түрі -- **Кестелік модель.** \*Нысандар, құбылыстар, үдерістердің шамалары ұяшықтарға орналастырылатын тікбұрышты болатын модель түрі -- **Кестелік модель.** \*Нысанның, құбылыс немесе үдерістің сандық сипаттамалары математикалық формулалар арқылы жасалатын модель түрі -- **Математикалық модель.** Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары =================================== ---------------------------------------- -- Ғылыми есеп, баяндама, мақала, реферат ---------------------------------------- -- \*Зерттеудің әдістері, кезеңдері, мазмұны мен нәтижелері баяндалатын құжат түрі -- Ғылыми есеп. =============== \*Зерттеу нәтижесін белгілі бір ғылыми іс-шара кезінде ауызша айтып беру -- Баяндама. ========= \*Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде тыңдаушылар алдында айтылып шығуы тиіс маңызды ақпарат -- **Баяндама.** \*Ғылыми немесе бұқаралық баспасөз үшін жазылады -- **Мақала.** \*Ғылыми мақаланың құрылымы: ============================ 1. мақаланың атауы 2. автор туралы деректер (аты-жөні, қызметі, мекеме атауы) 3. аннотация (қысқаша сипаттама) 4. кіріспе (зерттеудің мақсаты мен практикалық маңызы) 5. негізгі бөлім (талдау, салыстыру және зерттеу әдісін сипаттау) 6. қорытынды (зерттеу нәтижелері) 7. әдебиеттер тізімі \*Зерттеу нәтижелерін қысқаша түрде баяндау, әдебиеттерге шолу жасау -- Реферат. ======== \*Ақпаратты көрнекі және қабылдауға қолайлы түрде ұсыну -- **Таныстырылым.** \*Мультимедиялық құралдар көмегімен ұсынылатын таныстырылым түрі -- Электрондық таныстырылым. ========================= \*Қысқа сөйлемдер, символдар, сызбалар келтірілетін таныстырылым түрі -- Электрондық таныстырылым. ========================= \*Зерттеудің нәтижесін ауызша баяндауды қажет етпейтін, тек көрнекі және қысқа түрде көпшілік назарына көрсету тәсілі -- **Қабырғалық баяндама.** \*Ақпараттық плакат немесе демонстрациялық модель түрінде болатын ұсынудың көрнекі формасы -- **Қабырғалық баяндама.**