6 сынып Қ тарих NIS PDF
Document Details
Uploaded by ClearCornett
2018
Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Қ.Қ. Сүлейменова
Tags
Summary
Бұл оқулық Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын қамтиды. Оқулықтағы сызбалар мен кестелер тарихи оқиғаларды жүйелі түрде түсінуге көмектеседі. Тарихи карталар мемлекеттердің орналасуын, тарихи оқиғалардың өткен жерін, көші-қон бағытын нақты көрсетеді.
Full Transcript
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Қ.Қ. Сүлейменова Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Қ.Қ. Сүлейменова Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді Алматы «Атамұра» 2018 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях 1–3479 согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 63.3 (5 Қаз) я 72 Б 21 Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды. Пiкiр жазғандар: Қабылдинов З. Е., тарих ғылымдарының докторы, профессор Төлебаев Т.Ә., тарих ғылымдарының докторы, профессор Щеглов С.Г., ҚР ағарту ісінің үздігі, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Мәуленқұл Н.Ә., жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Шартты белгiлер: – Сұрақтар мен тапсырмалар – Ашық тест тапсырмалары – Бiр немесе бiрнеше дұрыс жауаптары бар жабық тест тапсырмалары – Тәжiрибелiк тапсырмалар – Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерi Бакина Н. С. т.б. Б 21 Қазақстан тарихы. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық/ Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Қ.Қ. Сүлейменова – Алматы: Атамұра, 2018. – 240 бет. ISBN 978-601-331-149-4 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 63.3 (5 Қаз) я 72 © Бакина Н.С., Жанақова Н.Т., Сүлейменова Қ.Қ., 2018 ISBN 978-601-331-149-4 © «Атамұра», 2018 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Құрметті оқушылар! Бұл оқулық Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын қамтиды. Тақы рыпты меңгеру барысында сендер өз ойларыңды еркін білдіріп, мәселе- лерді бірлесе талқылай аласыңдар. Сызбалар мен кестелер деректері есте сақтауға қолайлы, қысқаша берілген. Ол тарихи оқиғаларды жүйелі түрде түсініп, тақырыпты терең меңгеруге көмектеседі. Тақырып мәтінін оқу барысында тарихи карталарды пайдалану керек. Карталар мемлекеттердің орналасуын, тарихи оқиғалардың өткен жерін, көші- қон бағытын нақты көрсетеді. Тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды мұқият оқып шығыңдар. Жауапты оқулық материалдары негізінде дайындаңдар. Сұрақтар мен тапсырмалар ойлау қабілеттеріңді дамытуға ықпал етеді. Тарихи оқиғаларға қорытынды жасау, баға беру, салыстыру, жинақтау білімдеріңді жетілдіре түседі. Әр параграфтың соңында тест тапсырмалары келтірілген. Олар сен- дерді тақырыптың маңызды тұстарына назар аудартып, деректер мен ұғымдарды есте сақтауға үйретеді. Тест тапсырмалары білімдеріңді бекіту міндетін де атқарады. Өз беттеріңше білім алу, іздену талаптарыңды ұштайды. Сонымен қатар тест тапсырмаларын ұстаздарың дайындық деңгейлеріңді бақылау мақсатында да пайдаланады. Есте сақтауға тиісті тарихи есімдер мен даталар қара әріппен, жаңа ұғымдар курсивпен терілген. Олардың түсініктемесі оқулықтың соңындағы сөздікте көрсетілді. Оқулықтың алдыңғы және соңғы мұқаба беттерінде басты хронологиялық оқиғалардың тізімі келтірілген. 3 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ КIРIСПЕ Кіріспені оқу барысында: – Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын оқудың маңызын; – Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихының кезеңдерін; – «Түркі кезеңі» ұғымының мәнін білетін боласыңдар. – Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу жасайсыңдар. Кіріспені оқып шығып, Қазақстанның орта ғасырлардағы кезеңдерін жазып алыңдар. Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы VI–ХVII ғасырларды қамтып, негiзгi үш кезеңге бөлiнедi. Бiрiншi (VI ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейін) – Түркі кезеңі. Бұл кезеңде түркi тiлдес тайпалар бiрнеше iрi мемлекеттiк құ- рылымдар: Түрiк қағанатын, Шығыс Түрiк қағанатын, Батыс Түрiк қағанатын құрды. Сондай-ақ Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ, Қара- хан және Оғыз мемлекеттерiн қалыптастырды. Бұл мерзiм түркі кезеңi деп аталады. Осы кезеңде қазiргi түркi халықтарының түп негiзiн құраған тайпалар пайда болды. VI–ХIII ғасырларда халықтардың бір-біріне белсендi түрде ықпал ету үрдiсi белең алды. Ол Еуразия құрлығындағы мемлекеттердiң барлығының ортағасырлық мәдениет ескерткiштерiнен көрiнiс тапты. Осы кезеңде араб басқыншылығы түркiлер өмiрiне елеулі өзгерiстер әкелді. Араб әліпбиін енгізіп, жаңа дiн – исламды орнықтырды. Ортағасырлық түркi әлемi еуразиялық өркениетке, жалпы адамзат мәдениетiне өлшеусiз үлес қосты. Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Махмұд Қашғари, Жүсiп Баласағұни т.б. сынды ұлы ғалымдар мен ойшылдар шықты. Түркі кезеңі ерте және дамыған орта ғасырларды қамтиды. Екiншi (ХIII ғасырдың басы – ХV ғасырдың ортасы) – Монғол шапқыншылығы кезеңі. Бұл кезең орта ғасырларда орасан зор күй зелiске душар еткен монғол шапқыншылығымен басталды. Қазақстан жеріне басып кірген монғол тайпалары ХIV ғасырда толықтай түркіленді. Алтын Орда мен Шағатай ұлысы ыдырады. Нәтижесiнде Қазақстан аумағында түркi мемлекеттерi: Ақ Орда, Әбiл- қайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сiбiр хандығы құрылды. ХІV–XV ғасырларда түркі тілдес тайпалардан құралған қазақ хал қының қалыптасу үрдісі аяқталды. 4 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Үшiншi (ХV ғасырдың ортасы – ХVII ғасыр) – Қазақ мемлекетінің қалыптасып, даму кезеңі. ХV–ХVII ғасырларда Қазақ хандығы этникалық шегараларын белгiледi. Қазақ мемлекетiнiң нығаюына Қасым, Хақназар, Тәуе- кел, Есiм, Жәңгiр, Тәуке хандар маңызды үлес қосты. Олар қазақ жерiн сыртқы басқыншылардан қорғап, кейiнгi ұрпаққа ұлан-ғайыр аумақты мұраға қалдырды. ХV–ХVII ғасырларда Қазақ хандығы қа- лыптасу, өрлеу және құлдырау кезеңiн бастан кештi. ХVIII ғасырдың басында хандық жекелеген жүздерге бөлiнді. Хандықтың жер аумағы сан мәрте өзгердi. Кесте бойынша орта Соған қарамастан қазақ этносының Ертiстен ғасырлардағы Қазақстан Сырдарияға дейiнгi және Жайық алқабынан тарихының кезеңдеріне сипаттама беріңдер. Тянь-Шаньға дейiнгi қонысы өзгерiссiз сақ талып қалды. Монғол және Қазақ мемлекетінің қалыптасып, даму кезеңі кейінгі орта ғасырларды қамтиды. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кестесі Ғасырлар VI VII VIII IX X XI XII XIII XIV XV XVI XVII Ерте Дамыған Кейінгі орта орта орта Орта ғасырлар ғасырлар ғасырлар ғасырлардағы Қазақстан тарихының Монғол Қазақ кезеңдерi Түркі кезеңі шапқын- мемлекетінің шылығы қалыптасып, кезеңі даму кезеңі Оқулықта орта ғасырлардағы Қазақстанның саяси және мәдени та- рихын мүмкіндігінше кеңінен қарастырамыз. Саяси тарих адамзат қоғамының дамуы «Қоғамның дамуы», барысындағы оқиғалар үрдiсiн зерттейдi. «оқиғалар үрдісі» ұғымдарын түсіндіріңдер. Мәдениет тарихы халықтардың қалай өмiр сүргендiгi, Мәдениет наным-сенiмi, қандай мұра қалдырғандығы туралы мағ тарихы нені лұмат береді. зерттейді? 5 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Орта ғасырлар дәуiрiнде Қазақстан аумағы арқылы дүниежүзiлiк сауда жолдары өттi. Қазақ даласы әлемдік діндер мен тіл, нәсілдердің «тоғысу алаңына» айналды. Қазақстан бүкiл Еуразия құрлығының тағдырында маңызды рөл атқарды. Бүкiл адамзат тарихында көшпелiлер отырықшылармен тығыз байланыс орнатты. Дала аймағы қалалар мен отырықшы өмірдің ма ңызды бөлiгi болды. Отырықшы және көшпелі тайпалардың өзара тығыз ықпалдастығы қазақ халқы мәдениетiнің ерекшеліктерін айқындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жыл- ғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі негізінде тарихи сананы қалыптас- тыру «Мәңгілік Ел» идеясынан көрініс тапты. Құрметті оқушылар! Кіріспені оқу барысында «Түркі елі» мен «Қазақ елі» ұғымының, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің орта ғасыр дәуірінде қалыптасқанынан мағлұмат алдыңдар. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Орта ғасырлардағы Қазақстанның бүкiл Еуразия құрлығы тағдырында маңызды рөл атқарғанын дәлелдеңдер. 2. Мәтін мен кестені пайдаланып, Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің құрылу жүйелілігін анықтаңдар. *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ БIРIНШI ТҮРКІ КЕЗЕҢIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БӨЛІМ (VI–ХIII ғасырдың басы) Б i р i н ш i т ара у VІ–ІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН §1. ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552–603 жылдар) Тақырыпты оқу барысында: – Түрік қағанатының қалыптасу тарихын білесіңдер; – мемлекеттің құрылуы мен нығаюының себебін түсінесіңдер; – қағанат, ашина, ел, бұдун, бек, ер, этникалық сана-сезім ұғымдарымен танысасыңдар. Оқиғалардың өзара байланысы арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтайсыңдар. Түрiк қағанатының құрылуы. Қытай деректерi бойынша түркілер алғашқы кезде Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегiнде өмiр сүрдi. Кейін түрiк тайпаларының көсемi Бумынның басшылығымен иелiктерiн Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Ба- тыс Қытай билеушiсi жақын қоныстанған түркiлер жайлы дерек жи- най бастайды. Бұл деректер түрiк тарихының ерте кезеңi туралы негiзгi білім көзiне айналды. Қытай деректерiнде түркілерге қатысты алғашқы мәлiметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген. «Түрік» сөзi «берік, күштi» деген мағынаны бiлдiріп, билiк етушi ашина әулетiне байланысты айтылды. Кейiн олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Түркілер қандай оқиғаға бай Жужандардың тепкісін көрген түркілер ланысты және Қытай жылна маларында алғаш қашан ата оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қа латындығын анықтаңдар. лың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. Түрік қағанатының құрылу 552 жылы жужандар әскерi талқандалады. барысын түсіндіріңдер. Түрік Бумын түркі елiнiң қағаны болып жарияла- қағанаты қашан және қай жер нады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет – де құрылды? Түрiк қағанаты осылай пайда болды. 7 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Түрiк қағанатының негiзiн қалаушы Бу- Ұлттық сана-сезім – ха мын қайтыс болғаннан кейін билiкке келген лықтың өзіндік ерекшелік Мұқан қаған (553–572 жылдар) жужандарды тері мен әлемдегі өз ор талқандауды аяқтайды. нын ұғынуы, мәдени-тіл Түрік қағанатының нығаюы. Мұқан қаған ортақтығы. түркілердiң Орталық Азия мен Оңтүстiк Сiбiр дегi үстемдiгiн бекiттi. Иштеми (Iстеми) қаған қазiргi Қазақстан, Орталық Азия аумағын бағындырып, Едiл мен Сол түстiк Кавказға шықты. Қытай жылнамаларындағы деректер бо- Түркілер қашан және неліктен йынша Мұқан қаған «шегара (Ұлы қорған) сыр жужандарға қарсы көтерілді? тындағы барлық иелiктердiң зәресiн ұшырды». (Ұлттық сана-сезім ұғымын VI ғасырдың 60-жылдары Түрiк қағанаты сол пайдаланыңдар). кездегi iрi мемлекеттер – Византия, Иран, Қы таймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрiк қағанаты нығайған кезiнде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейiнгi жердi алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркiлер әскери жағынан қуатты империяға айналды. Жужан мемлекеті V ғасырда Монғолия Түркілердiң батысқа жылжуы тек мен Батыс Маньчжурия аумағында жаулап алушылық қана емес, түркi көшпелі тайпалар одағынан құрылған. тайпаларының iрi көшi-қонына ұлас Түркілер талқандаған жужандардың бір бөлігі Корея мен Солтүстік Қытайға, ты. Жергiлiктi тайпалар түркілерден басқалары – батысқа қоныс аударды. құралған мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. VI ғасырдың 80-жылдарының соңында түркілер Парсы елімен дақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азиядағы қуатты эфталиттер о мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақ тастар арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерiн керi алып кеткенi үшiн Парсы жағы оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттенді. Түркілер Орталық Азияны жаулап алып, Қытайдан Жерорта теңiзi елдерiне баратын Ұлы Жiбек жолының едәуір бөлігіне ие болды. Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жiбек матасын сатып алушы негiзiнен Византия еді. 568 жылы түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың елшiлiгiн басқарып барды. Император сарайы түркі елшiлiгiн аса жоғары құрметпен қабылдады. Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери- 8 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ сауда келiсiмi жасалды. Керi қайтқанда Маниах- пен бірге Византия елшiсi Земарх қаған ордасы- на келдi. Дереккөздерде Византия елшiлiгiнің түр кілерге бірнеше рет барғаны жайында айты- лады. Византиямен тұрақты сауда және дип ломатиялық байланыстар орнағандығын VI ға- сырдағы византиялық теңгелер растайды. Мемлекеттiң ыдырауы. VI ғасырдың 60–90-жылдарында Түрiк қағанаты iштей қуат ты және көршiлер үшiн қаһарлы еді. Түркілер Сауыт құрсанған ежелгi Қытайды өздерiнiң кiрiс көзi деп бiлді. Қытай түркі жауынгерi. Қайта қалпына лар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы келтiрiлген күрес олардың басты мiндетiне айналды. VI ғасырдағы түркілердің Қытай және басқа мемлекеттерден басымдығы жетілдірілген көшпелі ұйым, қарсыластардың әлсіздігі саяси бірлік қару-жарақ жылдам қимылдау және бытыраңқылығы VI ғасырдың соңы – VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюi билiк басындағы түркі әулетiнiң өз iшiнде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келдi. Мұның бәрi қағанатты дағдарысқа ұрындырды. «Түрік қағанатының Түркiлердiң қарсылығын әскери күшпен жеңе нығаюы» тақырыбына жоспар құрыңдар. алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жол мен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Бір тұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлін ді. Қағанат ыдырағанымен қуатты мемлекет болып қала берді. Әкiмшiлiк және әлеуметтiк құрылымы. Түрiк қағанаты Маньчжу- риядан Босфорға және Сiбiрден Парсыға (Иран) дейiнгi жерді алып жат- ты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелiк ету қажет еді. Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнектi билеушілер болды. Түрік қағанатында егiншiлiк пен қолөнер дамыды, түрлі дiндер бiр-бiрiмен үйлесiм тапты. Қытайдан Византияға апарылатын жiбектiң бiр бөлiгi қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тәртiп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестiгі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды. 9 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот мiндетiн атқарды, әскер- ге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйендi. Әскери және азаматтық билікті басқаратын жүйе – ябғу, шад т.б. құрылды. Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзi кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдiң қауiпсiздігін қамтамасыз етті. Билiк үнемi тәжiрибелi адамдардың қо лында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердiң байырғы қонысы – Алтайда орналасты. Түрiк мемлекетiнде қарапайым халық бұдун (мемлекеттiң қатардағы құрамы) аталды. «Бектер» ақсүйектер билiк то- бын құрады. Қаған ашина руынан шыққан түркi елiн- дегi ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушiлер «ашина» терминiн әрқилы саралайды, бiреулерi бұл сөздi «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратыл- ған» деп түсiндiредi. Түркілердiң шыққан тегі бір болғандық Ежелгi түркі жауынгерлерi тан, олардың жерге және соғыстан түскен 10 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ олжаға құқықтары бiрдей еді. Қауым iшiндегi бiрлiк таптық қарама- қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей ке ле, қатардағы бұдундардың қаған билiгiне қарсы көтерiлген бiрде-бiр оқиғасын кездестiре алмаған. Түркі қоғамының Түркi қоғамының бiрлiгi берік еді. Соғыста әлеуметтік бірлігі қалай сақталынды? ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы бе рілді. Бектiң ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тiптi ең кедей ердiң өзi бектiң алдында еркiндiгiн сақтап қалды. Түркi тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалып тасу ошағына айналды. Жаулап алғанға дейін бөлек жүр Елді қорғаушы – ер. Қазақтар: ген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, «Ер намысы – ел намысы» шаруашылығын дамытуға мүмкіндік дейді. Қазақ және түркі рухани алды. Түрiк қағанатында дала тайпа мәдениетінің сабақтастығын лары мен қала тұрғындары, будда, анықтаңдар. христиан дiнiн ұстанғандар және Тә ңiрге табынушылар бейбіт өмір сүрді. 1. Ашық тест тапсырмалары «Түркі мемлекетінің алғашқы 1.1. «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы бар билеушісі» тақырыбына эссе лық иелiктердiң зәресiн ұшырды» деп дайындаңдар. Қытай жылнамаларында ________ қаған туралы жазды. 1.2. Түрiк қағанаты өзiнiң нығайған кезеңінде (VI ғасырдың 70-жылдары) ________ бастап _______ дейiнгі жерді иеленді. 1.3. Түркілер Орталық Азияны жаулап алғаннан кейін Қытайдан ________ теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды. 1.4. Жiбек матасын сатып алушы негiзiнен _______ еді. 1.5. Түрiк мемлекетiнде қарапайым халық «_______» деп, ал үстем тап, яғни «________ » ақсүйектер билік тобын құрады. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Қытай билеушiсi түркілер жайлы барлық деректердi жинап берудi бұйырған кезде, Бумын басқарған түркi тайпалары қоныстанған жер А) Шанхай аймағы Ә) Пекин төңірегі Б) Хуанхэ жағалаулары В) Алтай таулары Г) Орхон жағалаулары 11 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2.2. 545 жылы түркілер тарих сахнасына шыққан кезде оларға елшілігі келген мемлекет А) Византия Ә) Қытай Б) Русь В) Парсы Г) Аштархан билеушiлерi 2.3. Бумын бастаған күрестегі оның басты жауы А) ғұндар Ә) үйсiндер Б) жужандар В) монғолдар Г) меркiттер 2.4. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет – Түрiк қағанаты пайда болған жыл А) 572 жыл Ә) 542 жыл Б) 532 жыл В) 562 жыл Г) 552 жыл §2. БАТЫС ТҮРIК (603–704 жылдар) ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРIК (682–744 жылдар) ҚАҒАНАТТАРЫ Бүгінгі сабақта мына сұрақтарға жауап бере аласыңдар: – Батыс түркілері неліктен өз мемлекетін құрды? – Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарының даму ерекшеліктері мен ұқсас тықтары және айырмашылықтары неде? – ябғу, шад, елтебер, тархан, бұйрық, қара бұдун, тат ұғымдары нені білдіреді? Тақырыпты оқу барысында: – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анық тайсыңдар; – «Ұлы Дала» ұғымымен танысасыңдар. Бiртұтас Түрiк қағанатының құлдырауы негізінде жаңа түркі мемле кеттерiқалыптасты. Осы мемлекеттер шеңберiнде Ұлы Далада көне түркi халықтары одан әрі дамып, айналасындағы тайпаларға ықпал ете бастады. «Ұлы Дала» ежелден қалыптасқан ұғым. Ұлы Далаға Алтайдан Қара теңізге дейінгі кең-байтақ аумақ жатады. Оның негізін қазақтың жері құрайды. Ұлы Даланы мекендеген түркілер өз кезінде қуатты мемлекеттерін құрған. 12 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Батыс түркілерінің өз мемлекетін құруының саяси себебі – қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді. Ал экономикалық себебі әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады. Халқы және мемлекеттік құрылымы. Батыс Түрiк қағанатында түркiлер халықтың аз бөлiгiн құрады. Осыған байланысты түркiлер жергiлiктi халықпен араласып, жойылуы немесе ығыстырылып кетуі мүмкін еді. Алайда жағдай басқаша сипатта өрбiдi. Жаулап алынған көшпелiлер де, сондай-ақ Жетісудан Қара теңізге дейін отырықшы тұр ғындар да түркілерге бағынды. Осылайша, түркiлер үстемдiкке ие болып шықты. Қағанат халқы «он оқ тайпа одағына» (он оқ Халықтың аз бөлігін елi) бірікті. Әр «оқ», яғни тайпа бiр түмен, қол құраса да, түркілер қалай үстемдікке қол жеткізді? басы басқарған он мың әскер шығарды және әр оқтың өз әскери жалауы болды. Иштеми қаған Қытай деректерiнiң бiрiнде 100 мың адамдық әскері бар «он тайпа қағаны» аталды. Л.Н. Гумилевтің зерттеуінше, Иштеми өлгеннен кейін, билікке Тардуш келді. Оның тұсында Батыс Түрік қа ғанаты түпкілікті жеке мемлекетке айналды. Қағанаттың негiзi (он тайпа) Қаратау тауларынан Жоңғарияға дейiнгi жерлердi алып жатты. Батыс Түрік қағанаты шығысында Ал- тай тауынан, солтүстік-батысында Каспий теңізіне дейінгі аумақты өзіне қаратты. Тардуш қаған кезінде Батыс Түрік қағанаты күшейді. Дулу және нушеби қағанаттың үстем тайпалары болды. Қағанатта қаған ұлы әмiршi, билеушi, әскери қолбасшы және барлық жердiң иесi саналды. Қағанаттың аумақтық өзегі Жетісуда қаланды. Себебі мұнда бар лық керуен жолдары түйісті, бай қалалар орналасты. Қауіпсіз аумақ саналып, жергілікті тайпалармен тұрақты қарым-қатынас орнады. Қағанаттағы ябғу, шад және елтебер сияқты жоғары лауазымдар қаған әулетіне тиесілі еді. Сот қызметiн бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негiзгi халқын ерiктi малшылар қауымы (қара бұдун) құрады. Түркілер отырықшы бағынышты халықты тат, яғни тәуелдi алым-салық төлеушiлер деп атады. Сыртқы және iшкi саясаты. Түркі қағандары жаулап алынған жер- лерде бұрыннан бар тәртіпті өзгерткен жоқ. Түркілер билігін бекітіп, салық алумен шектелді. 13 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың бірінші жартысында, Шегу мен Тон-ябғу қағандар тұсында өркендеді. Бұл кезеңдегі әскери жорықтар барысында қағанаттың аумағы ұлғайып, экономикасы дами түсті. Қағанның қысқы ордасы Шу өзенi алқа бындағы iрi сауда, қолөнер орталығы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Испиджаб ма ңындағы Мыңбұлақта (Түркістан қаласының маңы) орналасты. Тон-ябғу тұсында Орталық Азия мемле- кеттерiне қағанаттың қатаң бақылауы орнық- Түркі жауынгерi ты. Оның қол астындағы барлық иелiктерге қағанның өкілдері – тұдундар жiберiлдi. Тон-ябғу билiгi туралы Қытай шежiрешiсi: «Батыс варварлары ешқашан дәл осындай қуатты болған жоқ», – деп жазды. Ешбар Елтеріс қаған билікті күшейтіп, «он тайпа» –«он оқ бұдун» жүйесін енгізді. Қа ғанның он оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жа сағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық ұғымын білдіреді. Қағанаттың құлдырауы. Тон-ябғу өлімі Батыс Түрік қағанатының ішкі нен кейін мемлекетте ұзаққа созылған дағ және сыртқы саясатына тән дарыс басталды. Дулу және нушеби одағы белгілерді анықтаңдар. арасындағы билiк үшiн күрес дағдарыстың басты себебi болды. Орталық биліктің әлсіре- генін пайдаланып, Батыс түркілерден Еділ бұлғарлары, хазарлар мен қимақтар бөлінді. Соңғы Батыс Түрiк қағаны елдiң бiрлiгiн сақтауға тырысты. Қаған тайпа көсемдерiн тiкелей өзiне тәуелдi басқарушылар етiп тағайында- ды. Бұдан басқа бақылауды жүзеге асыру үшiн әр оққа қаған әулетiнiң өкілi – шад жiберiлдi. Ол орталық билік мүддесін қорғады. Алайда Ба- тыс Түрiк қағанаты әлсiрей түстi. Өзара тайпалық қырқыс және қаған билiгінiң әлсiреуi Таң импе- риясы әскерiнің Жетiсуға баса-көктеп кiруіне әкелді. Батыс түркiлер Қытайға тәуелдi болып қалды. Түркi тайпалары Батыс Түрiк қағанатының орнына бiрнеше мемлекет құрды. Төменгi Едiл бойында және Солтүстік Кавказдың шығысында Хазар қағанаты құрылды. Қазiргi Қазақстан аумағында 14 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ үш мемлекет: Қазақстанның батысында – Оғыз Қағанаттың әлсіреу мемлекетi, Солтүстiк-шығыс және Орталық себептерін анықтаңдар. Қазақстан аймағында – Қимақ қағанаты, ал Жетiсуда – Түргеш мемлекетi қалыптасты. Экономикасы. Батыс Түрiк қағанаты көшпелiлік дәстүр басым болған Шығыс Түрiк қағанатынан әлдеқайда өзгеше еді. Батыс Түрiк қағана тында көшпелi және отырықшы-егiншiлiктiң бiртұтас жүйесi дамыды. Қағанат халқы қолөнер, сауда, егiншiлiк және малшаруашылығымен айналысты. Батыс Түрік қағанатындағы VI–VIII ғасырларда Шу алқабында түр шаруашылықтың негізгі кі, соғды, сириялықтар мен парсылар қоныс салаларын және олардың танған 20-ға жуық iрi қалалар мен қоныстар Шығыс Түрік қағанатынан болды. VII ғасырдағы Қытай саяхатшысы айырмашылығын айтыңдар. Жетiсу өңірінде жер өңдеушілер мен қол өнершілердің көп екенін жазады. Бұл Жетiсуда сауда мен қолөнердің дамығанын көрсетеді. Шығыс Түрiк қағанаты. Түрiк қағанаты бөлiнгеннен кейiн олардың дамуы әртүрлі болды. 682 жылы Қытаймен соғыс барысында шығыс түркілер өздерi- нiң мемлекетiн қайта құрды. Қалпына келген мемлекет осы күнгі Монғолия аумағында құрылды. Шығыс Түрiк қағанаты Қапаған қаған тұсында Орталық Азияны бағындырды. 716 жылы Бiлге қаған Шығыс Түрiк қағанатының билеушiсi болды. Бiлге қаған мен оның iнiсi Күлтегiн Түрiк қағанатын қайта өркендеттi. Бiлге Қытаймен соғыстағы жеңiсi арқылы ұтымды бейбiт келiсiмге қол жеткiздi. Қытай императоры Түрiк ордасына үлкен көлемде жiбек жiбердi. Бұл Қытайдың солтүстік шегарадағы бейбiт өмiр үшiн төлемі еді. 731 жылы Күлтегiн, көп ұзамай Бiлге дүние салды. Орхон өзенi маңында Бiлге мен Күлтегiнге арналып құлпытастар орнатылды. Бұл құлпытастар Түрiк қағанаты тарихының жылнамасы болып табылады. Бiлге қаған мұрагерлерi кезінде қағанат құлдырады. 744 жылы бiрiк- кен ұйғыр және қарлұқ күштерi Шығыс Түрік қағанатын талқандады. Ашина әулетi өмiр сүруiн тоқтатты. 15 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Қытай деректерiнде ________ «он тайпаның» қағаны аталды. 1.2. Батыс Түрік қағанатының негiзiн құраған он тайпа ________ тауларынан _______ дейiнгi жердi иеленді. 1.3. Қағанатта ұлы әмiршi, әскери қолбасшы және барлық жердiң иесi _______ саналды. 1.4. Батыс Түрiк қағанатының қысқы ордасы iрi сауда, қолөнер орталығы _______ қаласы болды. 1.5. Қағанаттағы ябғу, шад және елтебер лауазымдары _______ әулетіне тиесілі болды. 1.6. Батыс Түрiк қағанатының дағдарысқа ұшырау себебi _______ және _______ тайпаларының арасындағы билiк үшiн күрес болды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы А) Суяб Ә) Тараз Б) Отырар В) Мыңбұлақ Г) Сығанақ 2.2. Батыс Түрiк қағанатындағы өзара қырқыстар, билiктiң әлсіреуі Жетiсуға басқыншылар әскерiнiң баса-көктеп енуіне әкелді А) Ұйғыр қағанаты Ә) Византия империясы Б) Таң империясы В) Шығыс Түрiк қағанаты Г) Қарлұқ қағанаты 2.3. Батыс Түрiк қағанаты орнына құрылған түркi мемлекеттерi 1) Хорезмшахтар мемлекетi 2) Оғыз мемлекетi 3) Қимақ қағанаты 4) Қарахан мемлекетi 5) Қыпшақ хандығы 6) Қазақ хандығы 7) Шайбанилер мемлекетi 8) Хазар қағанаты 2.4. Бiлге қаған және оның iнiсi Күлтегiн тұсында қайта өркендеген мемлекет А) Қарлұқ қағанаты Ә) Батыс Түрік қағанаты Б) Шығыс Түрік қағанаты В) Ұйғыр қағанаты Г) Түргеш қағанаты 16 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §3. ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (704–756 жылдар) Тақырыпты оқу барысында: – Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының тарихына салыстырмалы тал дау жасай аласыңдар; – Түргештердің қытай, араб, шығыс түркілерімен күрестері туралы білесіңдер; – Атлах шайқасының Орталық Азия үшін тарихи маңызын түсінесіңдер. Халқы және жер аумағы. Түргештер VI ғасырда Батыс Түрiк қаға натының құрамында болды. Олар Iле, Шу өзендерiнiң аралығын қоныс танып, Шу түргештерi (сары түргеш) және Iле түргештерi (қара түргеш) болып бөлiндi. VII ғасырдың соңында түркілердiң Қытайға қарсы күресi түргеш тайпаларының күшеюiне әкелдi. 704 жылы түргештер Жетiсуда өз саяси үстемдiгiн орнатты. Түргештер әулетiнiң негiзiн Үшлiк қаған қалады. Үшлiк елдi 20 әкiмшiлiк аймаққа бөлдi, оның әрқайсысы әскер шығарды. Ол бас орда етiп Шу өзенi бойындағы Суяб қаласын белгiледi. Екiншi ордасы Iле өзенi бойындағы Күнгiт қаласында болды. Түргеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеушiлер: мемлекеттiң негiзiн қалаушы Үшлiк және Сұлық (Сұлу). Олардың тұсында түргештер нығайып, Жетiсудағы ең қуатты мемлекетке айналды. Түргеш мемлекетiнің жағдайы құрылған кезiнен бастап күрделі бол ды. Оңтүстiк-батыста олар арабтармен қиян-кескi күрес жүргiздi. Оң түстiк-шығыста Қытай басқыншылығына тө теп бердi, шығыстан Шығыс Түрiк қағанаты Түргештердің өз мемлекетін қауiп төндiрдi. құру себептері: – дербес мемлекеттілікті Араб жаулап алушылығы. VII ғасырдың қайта өркендетуге ұмтылыс; екiншi жартысында арабтар Орталық Азияға – Батыс Түрік қағандары билі басқыншылық жорықтарын бастады. VIII ға гінің әлсіреуі; сырдың басында араб әскерлерi түргештердiң – сыртқы жаулардан қорғану шегарасына жақын келді. қажеттігі. Үшлiк 706 жылы араб әскерлерiне қар сы тұрған соғдыларға көмек беруге тырысты. Түркi-соғды одағының бiрiккен күштерi Бұхара түбiнде араб әскерлерiне айтарлықтай соққы бердi. Алайда бұл жеңiс ұзаққа бармады. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Мүсiлiм одақтастар арасындағы келiспеушiлiкті пайдалана бiлдi. Құ тайба Орталық Азия жерiн басып алды. 2–3479 17 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Сыртқы басқыншылармен белсенді күрес Сұлық қаған (715– 738 жылдар) есімімен байланысты. Сұлық қаған тұсында түргештердің ордасы Тараз қаласы болды. Талантты қаған мемлекеттiң бұрынғы қуатын қалпына келтiре алды. Сұлықтың дипломатиялық және әскери шаралары Қытай тарапынан төнген қауiптiң алдын алды. Мұның өзi түргештердiң батыста арабтарға қарсы әрекеттерiн жандандыруға мүмкiндiк бердi. Сұлық арабтарға қарсы батыл қимылдағаны соншалық, олар оған Әбу Музахим (Сүзеген) деген лақап ат қойды. Қытаймен күрес. Сұлық қаза болғаннан кейiн Қытай империясы Же тiсу аймағына басқыншылық саясатын қайта бастады. 740 жылы Қытай әскерлерi Таразды басып алып, тонады. Түргештердiң орталығы Суябты қиратты. 751 жылы Тараз маңындағы Атлах қаласында араб және қытай әскерлерi арасында үлкен шайқас өтті. Түргештер мен қарлұқтар араб жағына шығып, соғыс бес күнге созылды. Шайқаста Қытай әскерi толық талқандалды. Атлах түбiндегi шайқастың түркі халықтарының тағдырында үлкен тарихи маңызы болды: Түргештердің басқыншыларға қарсы күресі 18 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ – Қытайлар Жетiсудан қуылды; – Арабтар Орталық Азия аумағына шегін- Атлах шайқасында түркілер неліктен араб ді. Бұл аймақта ислам тез тарала бастады; тар жағында болды деп – Атлах түбіндегі шайқастан кейін түр ойлайсыңдар? кілер арасына ислам мәдениеті кеңінен енді. Жетiсуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқ тайпалары қоныс аудар- ды. Әлсiреген Түргеш мемлекетi қарлұқтардың қысымынан 756 жылы құлады. Түргеш қағанатының құлау себептері: Қытай және арабтармен соғыс; Шығыс Түрік қағанаты тарапынан көрсетілген қысым; қара және сары түргештер арасындағы қақтығыс. Жетісудағы соғдылар. Соғдылардың Жетісуға VI–VIII ғасырларда қоныс аударуының үш түрлі себебі бар. В.В. Бартольд оның негізгі себебі ретінде, біріншіден, сауданы атайды. Екіншіден, Соғды еліндегі тап күресінің өршуі де өз әсерін тигізген. Билеушілердің қысымына шыдамаған соғды диқандары мен көпестері Жетісуға көшіп кеткен. Үшінші себебі, Орталық Азияны арабтардың жаулап алу әрекетімен бай- ланыстырылады. 751 жылғы Атлах шайқасы. Суретшi Т. Асықов 19 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Соғдылардың Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы VII– VIII ғасырлардағы егіншілік және қала мәдениеті Жетісуға қоныс аудару себептерін атаңдар. тарихында елеулі із қалдырды. Түркі тілді ортаға түскен соғдылар жергілікті тұрғындардың тілін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын қабылдады. Сөйтіп, соғдылар түркіленіп кет ті. Махмұд Қашғари (ХІ ғасыр) соғдылар арасында түркіше сөйлемей тіндердің болмағандығын жазған. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. VI ғасырдан басталған деректерде түргештер _______ қағанаты құрамында аталып, _______ мен _______ аралығындағы аймақты мекендедi. 1.2. Түргештер әулетiнiң негiзiн _______ қаған қалады. 1.3. Түргештер оңтүстiк-батыста _______ шайқас жүргiздi, оңтүстiк-шығыста _______, шығыстан _______ қағанаты қауiп төндiрдi. 1.4. Арабтарға қарсы батыл әрекеті үшiн жаулары Сұлық қағанды ______________ деп атады. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Жетiсуда түркiлердiң арабтарға қарсы күресi кезінде билiк басына келген тайпа А) қыпшақтар Ә) қимақтар Б) түргештер В) қарлұқтар Г) оғыздар 2.2. Жетiсуда түргеш тайпаларының билiгi орнаған жыл А) 744 жыл Ә) 751 жыл Б) 704 жыл В) 603 жыл Г) 940 жыл 2.3. Түркі халықтарының тағдырындағы Атлах шайқасының тарихи маңызы 1) арабтар Мауараннахр өңiрiнен ығысты 2) Түргеш қағанаты қалпына келтiрiлдi 3) арабтар Жетiсу жерін тастап кетті 4) қытай әскерi Мауараннахрдан қуылды 5) қытай әскерi Жетiсудан шегінді 6) арабтар исламды таратты 7) монғолдар Жетісу аумағына енді 8) арабтар жағында соғысқан түркілер ислам мәдениетін таңдады Атлах шайқасына қатысушының атынан әңгiме жазыңдар. 20 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §4. ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756–940 жылдар) Тақырыпта мыналар қарастырылады: – қарлұқтардың VIII ғасырдың бірінші жартысында Жетісу аумағына қоныс аударуы; – Қарлұқ мемлекетінің құрылуы мен өзіндік ерекшеліктері. Жер аумағы және халқы. Қарлұқтар – Алтай мен Балқаш көлi аралығындағы жерлерді мекендеген көшпелі тайпалар. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды. VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түрiк қағанатының ықпалында болды. Бiрiккен ұйғыр және қарлұқ күштерi шығыс түркі- лердiң билiгiн құлатты. Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744–840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушiсi қаған, қарлұқтар көсемi жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқ- тардың дербестiкке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңiлдi. Жеңiлiске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларын- да айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ елiне қашты». Жетiсуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезіктi. VIII ғасырдың ортасын Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуының себептері: да қарлұқтар оғыздарды Жетiсудан Сырдария – көші-қон үшін жаңа ның төменгi ағысына қарай ығыстырды. жерлердің қажеттігі; Қарлұқтардың Жетiсуда билік жүргізуі. – ұйғырлармен бәсекелестік. 756 жылы қарлұқтар түргештердi ығыстырып, Жетісу аумағына өздерiнiң саяси үстемдiгiн орнатты. Шығыс деректерiнде: «Қарлұқтар түргештер елiне аттанып, басып алды. Оларды бағындырып, билiгiн құлатты» деп айтылған. Қарлұқтар ерте феодалдық мемлекет құрды. Ордасы Суяб қаласы саналды. VIII–Х ғасырларда қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сыр дарияға дейiнгi Қазақстанның үлкен аумағына қоныстанды. Х ға сырдағы араб дерегінше: «Қарлұқтар жерiн батыстан шығысқа дейiн жүрiп өту үшiн 30 күн қажет болған». Мемлекеттiк құрылымы. Жетісу мен Оң Қарлұқ қағанаты қашан және түстік Қазақстанның көптеген тайпалары қар қандай тарихи жағдайда құрылды? лұқтар көсемінің қол астына қарады. 21 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкiмшiлiк жүйесi ор нықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билiгi әлсіз еді. Саяси-әлеуметтік құрылымы жағынан феодалдық мемлекет саналды. Қарлұқтарда жекеменшік дамыды. Тайпа ақсүйектерiнiң мұрагерлiк басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады. Араб және пар- сы деректерiне сәйкес, IХ–Х ғасырларда қарлұқ бiрлестiгi көптеген ру- тайпалық топтардан тұрды. Қарлұқтар арасында бұлақ тайпасы жетекші саналды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ең төменгi құқығы жоқ топты құлдар құрады. Көшпелi тайпаларды басқарушы ақсүйек Қарлұқ қағанатының мемле қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға кеттік құрылымы туралы әң да иелiк еттi. Деректерге сәйкес, қарлұқтар гімелеңдер. Жоғары биліктің елiндегі 25 қала мен қоныстың көпшiлiгi әлсіздігі неліктен мемлекеттің әлсіреуіне әкелді? Ұлы Жiбек жолы бойында орналасты. 840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтар- дың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Бұл жағдайды қарлұқ жабғуы пайдаланып, Ұйғыр қағанатын бағын дырды. Сол жылы қарлұқ жабғуы қаған лауазымын иелендi. Ұйғырлар мен қарлұқтар бақталастығы қарлұқтардың жеңісімен аяқталды. Қазақстан аумағында қарлұқ кезеңiнде (VIII–Х ғасырларда) жер гілікті тұрғындарды түркілендіру үрдiсі белсенді жүрдi. Арабтармен күрес. Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда- экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IХ ғасырдың 20-жылдарында Орталық Азияда Саманилер әулетiнің билігі орнады. 840 жылы саманилер түркiлерге қарсы «қа сиеттi соғыс» жариялап, Испиджабты басып алды. Бұл қала Оңтүстiк Қазақстанда ислам- ды таратудың орталығына айналды. ІХ ғасыр соңында саманилер Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Араб басқыншылығы нәтижесiнде қаға- нат әлсiредi, ал Қарлұқ қағанатына үлкен қа уiп Қашғар жағынан төндi. 940 жылы Қаш Араб жауынгерлерi ғар түркiлері Баласағұн қаласын басыпалды. 22 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 №2 КАРТА Ескерту: картада өзен-көлдердің қазіргі атаулары көрсетілген Қазақстан Республика- сының қазіргі шегарасы Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях Оғыз мемлекетіне қарайтын Саманидтер мемлекетіне Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының аймақтар (шамамен Х ғ.) қарайтын аймақтар (шамамен шегаралары (шамамен VІІІ–ІХ ғғ.) ІХ–ХІ ғғ.) Қарахан мемлекетінің шегарасы Қимақтар мемлекеттік бірлестігіне Қолөнер мен сауда орталықтары (шамамен Х–ХІІІ ғғ.) қарайтын мемлекеттер 23 согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қарлұқ қағанаты өмiр сүруiн тоқтатты. 200 жылдай Қарлұқ мемлекетінің өмiр сүрген мемлекет тарихы аяқталды. Жетiсуда құлау себептерін билiк жаңа әулет – қарахандықтарға өттi. Олар ұзақ анықтаңдар. жылдар бойы Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы қарлұқ және түргеш тайпаларына билік жүргізді. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Араб басқыншылығының нәтижесін түсіндіріңдер. 2. Қарлұқ қағанаты басқару жүйесінің ерекшелігін атаңдар. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Деректерге сәйкес көшпелi қарлұқ тайпалары _______ мен _______ көлi аралығын мекендеді. 1.2. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар мен оғыздар арасындағы күрес _______ жеңiсiмен аяқталды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. 840 жылы жеңіліс тапқан тайпа А) наймандар Ә) қимақтар Б) қыпшақтар В) ұйғырлар Г) оғыздар 2.2. 840 жылы Ұлы Далада қарлұқтар көсемiнiң иеленген жоғары лауазымы А) хан Ә) жабғу Б) елтебер В) шад Г) қаған 2.3. Х ғасырдың ортасында Қарлұқ қағанатын әлсiретіп, құлауына себеп болған жағдайлар 1) Қытаймен күрес 2) мықты экономикалық байланыстың болмауы 3) оғыздармен күрес 4) арабтардың басқыншылығы 5) эфталиттердiң басқыншылығы 6) Ұлы Жiбек жолы қызметінің тоқтатылуы 7) қарақытайлардың баса-көктеп енуi 8) билеушi әулеттiң құлауы 24 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §5. ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТI (IХ–ХI ғасырдың ортасы) Тақырыпты оқу барысында: – оғыздардың қайдан және қайда көшкендігін білетін боласыңдар; – оғыздардың саяси тарихымен танысасыңдар; – Оғыз мемлекетінің құлау себептерін анықтайсыңдар; – оғыздардың Қазақстан тарихындағы рөліне баға бересіңдер. Оғыз мемлекетiнiң құрылуы. Оғыздар жайлы деректерді IХ–Х ғасыр лардың басындағы араб тіліндегі шығармалардан кездестіреміз. Оғыз дарда мемлекет болғандығы туралы әл-Якубидiң, географ әл-Факихтің еңбектерінде айтылады. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді Махмұд Қашғари еңбектерiнен кездестіреміз. Орыс жылнамаларында да оғыздар туралы ай- Оғыз тайпалары туралы тылады. Бұл жылнамаларда оғыздар печенегтерге, жазба деректер тізімін хазарлар мен Едiл бұлғарларына қарсы бiрлескен құрастырыңдар. күреске байланысты торк деп аталған. Оғыз та рихындағы бірқатар оқиғалар «Оғызнама» эпикалық шығармасында баяндалған. Деректерге қарағанда оғыз тайпалары Жетiсу аумағында қалып- тасқан. Оғыздар құрамына түркi тiлдес көшпелi тайпалар ғана емес, үндiеуропалық және финн-угор тектес тайпалар да енген. Түрлi рудан тұратын тайпалар бiрiгiп, тарих сахнасына оғыз есiмiмен шықты. Батыс Қазақстан аумағына келгенге дейiн оғыздардың Жетiсуда Ескi Гузия деп аталатын ордасы болды. VIII ғасырдың екiншi жартысында қарлұқ Оғыз тайпаларының қа тармен күрес нәтижесiнде оғыздар Жетiсуды тас лыптасу аумағын анық тап, Сырдария бойы аумағына қоныс аударды. таңдар. Сырдарияның төменгi ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. IХ ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соңғы соққы берді де, Жайық пен Едiл бойы аралығын толық иемдендi. Печенегтермен болған ұзақ күрес оғыз дардың IХ ғасырда мемлекет құруына ықпал еттi. Оғыздардың орталығы Янгикент қаласы Сырдария бойында, көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты. Еділ мен Жайық Сырдарияның төменгі Солтүстік-батыс өзендерінің аралығы ағысы мен Арал бойы Жетісу 25 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Оғыздардың мемлекеттiк құрылымы және сая- Тақырып пен картаны пайдалана отырып, си тарихы. Махмұд Қашғари оғыздардың бастапқы оғыздардың қайда кезде 24 тайпаға бiрiгiп, боз оқ және үш оқ деген көшкендігін анықтаңдар. екi топқа бөлiнгендiгiн келтiредi. Боз оқтар ерекше артықшылыққа ие болды. Оғыз мемлекетiнiң басшысы, жоғары билеушiсі жабғу деп аталды. Әскердiң бас қолбасшысы – сюбашылар әскери кеңеске сүйендi. Би леушіні ең мықты да ықпалды рулардан тұратын кеңесте сайлады. Оғыз мемлекетi бiртұтас болған жоқ. Жоғары билеушiнiң билiгi тайпалық ақсүйек қауымының кеңесiмен шектелдi. Билеу Тақырып бойынша шiлердiң әйелдерi де сарай өмiрiнде маңызды рөл жабғу, сюбашы, атабек атқарды. Мұрагерлер тәрбиелеу үшiн арнайы қам ұғымдары мен қызметіне сипаттама беріңдер. қоршылар – атабектер тағайындалды. Оғыз мемлекетінің Х ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басында мем- басқару жүйесі қалай лекетте салық жүйесi жұмыс iстедi. Мұның өзi құрылғандығына оғыздарда басқару жүйесі болғандығын байқатады. қорытынды жасаңдар. Малға жекеменшік мүлік теңсіздігінің негізі болып табылды. Оғыздардың негізгі бөлігі көш- пелі малшаруашылығымен айналысты. Арғы бабалары Оғыз қаған- ның: «Қозғала беріңдер, отырықшы болмаңдар; жоқшылықты білмей, көктемгі, жазғы және қысқы жайылымды сағалап, өзен бойымен көшің дер» деген өсиетіне берік болды. Оғыз жауынгерлері 26 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Х–ХІ ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары аталады. Малынан айырылған көшпелілер отырықшы өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Оғыз көшпелі даласы Ма- уараннахр мен Жетісудың егіншілік өңірлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Оғыздардың бір бөлігі исламды қабылдады. Оғыз мемлекетi Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965 жылы Киев Русiмен одақ таса отырып, Хазар қағанатын талқандады. Оғыз дар хазарларға қарсы күресте Қара теңiз жағалау- Печенег ындағы құнарлы жайылымдық жерлердi тартып алуды көздеді. Едiл бойымен өтетiн сауда жолда- рына бақылау орнату мақсатын қойды. 985 жылы Оғыз билеушісі Киев князы Влади- мирмен одақтаса отырып, Едiл Бұлғариясын жеңдi. Бұл Оғыз мемлекетінің саяси жағынан күшеюiне ықпал еттi. Белсендi сыртқы саясат нәтижесiнде оғыздар оңтүстiкте Мауараннахрмен шектесіп, ба- тысында Кавказ аймағына жеттi. Х ғасырда Сыр дариядан Кавказға дейiнгi аумақ Оғыз даласы аталды. Оғыз мемлекетiнiң құлауы. Белсендi сырт қы саясат және көп жылғы соғыстар қыруар қар Хазар жыны талап еттi. Сол себепті жыл сайын салық ұлғайтылды. Х–ХI ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық бiлдiрген көтерiлiсi басталды. Салжұқ көсемде рi дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Оғыздардың Хазар Олар оғыз билеушiлерiне қарсы көтерiлiске басшы қағанаты және Еділ лық еттi. Дегенмен Шахмәлiк жабғу тұсында Бұлғариясымен күресінің Оғыз мемлекеті қайтадан күшейіп, 1041 жылы себептерін көрсетіңдер. Хорезмдi басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлiк салжұқтарға тұтқынға түсіп, өлтірілді. Ол оғыздардың соңғы билеушісі еді. Салжұқтармен болған ұзақ жылғы соғыстар, тайпалардың ауыр салыққа қарсы көтерiлiстерi Оғыз мемлекетiн әлсiреттi. Әлсiреген Оғыз мемлекетi қыпшақ тайпалары көсемдерiнiң соққысынан түпкiлiктi 27 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ құлады. Оғыздардың бiршама бөлiгi қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа және Кiшi Азия елдерiне қоныс аударды. Қалған бөлiгi түркi тiлдес Дештi Қыпшақ тайпаларымен қосылып, араласып кетті. Оғыз тайпалары қазiргi түркi халықтарының Оғыз мемлекетінің құлау қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Олар қазақ себептерін анықтаңдар. тардың этникалық тарихында маңызды iз қал дырды. ХI ғасырдың ортасына қарай Орталық Азияда қыпшақтар үстем жағ дайға ие болды. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Оғыздар 965 жылы Киев Русiмен одақтаса отырып, _______ қағанатын тал қандады. 1.2. Оғыздардың хазарлармен күресінің мақсаты _______ теңіз жағалауындағы құнарлы жерлерді алу. 1.3. Х ғасырда Сырдариядан Кавказға дейiнгi аумақ ______ даласы аталды. 1.4. Оғыз мемлекетіндегі дағдарысты _______ көсемдерi тиiмдi пайдаланды. 1.5. ХI ғасырдың ортасына қарай Оғыз мемлекетi _______ тайпалары соқ- қысынан құлады. 1.6. Оғыз мемлекетi құлағаннан кейiн олардың бiраз бөлiгi _______ және _______ елдерiне қоныс аударды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. IХ–ХI ғасырдың басында Еуразия тарихында маңызды рөл атқарған мем лекет А) Қыпшақ Ә) Қарлұқ Б) Оғыз В) Найман Г) Керейiт 2.2. 985 жылы Оғыз жабғуы Киев князi Владимирмен одақтасып, жеңiлiске ұшыратқан ел А) Едiл Бұлғариясы Ә) Хазар қағанаты Б) печенегтер В) Византия Г) Чернигов князы 2.3. ХI ғасырдың басында Оғыз мемлекетiнiң құлау себептерi 1) салжұқтармен болған ұзақ жылғы соғыс 2) қыпшақ тайпаларының соққысы 3) әулеттердiң тақ үшiн күресi 28 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4) ауыр салықтарға қарсы көтерiлiстер 5) Ұлы Жібек жолы қызметінің тоқтатылуы 6) қарақытайлардың басып кiруi 7) араб басқыншылығы 8) Қытай жаулап алушылығына қарсы күрес 2.4. ХI ғасырдың ортасында Оғыз мемлекетi құлап, оғыздардың бiраз бөлiгi Шығыс Еуропа шегіне қоныс аударды, ал қалған бөлiгi 1) Дештi Қыпшақ тайпаларымен қосылып, араласып кетті 2) Хазар қағанатына кеттi 3) Қимақ қағанатына бірікті 4) Хорезмшахтарының қол астына өттi 5) Орталық Азияға қоныс аударды 6) Шайбанилерге бағынды 7) Кіші Азия аумағына ығысты 8) Қазақ хандығы құрамына енді §6. ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ (IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы) Тақырыпты оқу барысында: – Қимақ қағанатының құрылу себебін анықтайсыңдар; – сыртқы саясатына талдау жасайсыңдар; – қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті туралы білесіңдер. Қимақ қағанатының құрылуы. VIII–IХ ғасырлар аралығында Сол- түстiк-шығыс Қазақстан