2 сынып Цифрлық сауаттылық ҚМЖ PDF
Document Details
Uploaded by SportyGradient
Tags
Summary
This document is a teacher's guide for a digital literacy course for 2nd grade students. It includes the curriculum, a long-term plan, and example short-term lesson plans based on Bloom's Taxonomy. It also emphasizes active learning methods, critical thinking, and the use of ICT.
Full Transcript
# Цифрлық сауаттылық ## Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық (МАКЕТ) ## 2 ### Алғы сөз Құрметті ұстаздар! «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешені оқулықтан, CD электронды қосымшасынан, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан және жұмыс дәптерінен тұрады. Жалпы білім беретін мектепті...
# Цифрлық сауаттылық ## Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық (МАКЕТ) ## 2 ### Алғы сөз Құрметті ұстаздар! «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешені оқулықтан, CD электронды қосымшасынан, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан және жұмыс дәптерінен тұрады. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулықта «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, осы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жасалған ұзақмерзімді жоспар, сабақ мазмұнындағы тақырыптар бойынша қысқамерзімді жоспарлау үлгілері ұсынылады. Сабақ кезеңдері Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» таксономиясына негізделген. Сонымен қатар жаңартылған білім бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқудағы белсенді әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар берілген. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық жас мұғалімдерге оқу сапасын арттыруда бірден-бір көмек болады деген үміттеміз. ### Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы #### 1- ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 2-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету. 3. Негізгі міндеттері: 1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру; 2) цифрлық сауаттылықты пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру; 3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету; 4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануға ынталандыру; 5) білім алушыларға компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету. 4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған. 5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады. 6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылармен табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс. #### 2-тарау. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1) 2-сыныпта, аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі: 1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар); 2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдардың деректермен алмасуын қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі; 3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; 4) робототехникаға арналған жиынтықтар. 9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады: 1) компьютер; 2) ақпаратты ұсыну және өңдеу; 3) интернет желісінде жұмыс істеу; 4) есептей білу; 5) робототехника. 10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) компьютердің құрылғылары; 2) программалық қамтамасыз ету; 3) қауіпсіздік. 11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады: 1) мәтіндер; 2) графика; 3) презентациялар; 4) мультимедия. 12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) ақпаратты іздеу; 2) ақпаратпен алмасу. 13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды: 1) алгоритмдер; 2) программалау. 14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) жалпы робототехника; 2) роботтың қозғалысы; 3) датчиктер мен қозғалтқыштар. 15. 2-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) «Компьютер»: компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар). Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану. Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері; 2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру; Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету. Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу. 3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. 4) «Есептей білу»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі. 5) «Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну. #### 3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі 16. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі. 17. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген: | Бөлімше | 2-сынып | Білім алушылар міндетті | |---|---|---| | 1. Компьютердің құрылғылары | 2.1.1.1 | енгізу және шығару құрылғыларын ажырату. | | 2. Программалық қамтамасыз ету | 2.1.2.1 | файл мен бума туралы түсінік беру; | | | | 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою; | | | | 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану. | | 3. Қауіпсіздік | 2.1.3.1 | цифрлық құрылғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; | | | 2.1.2.2 | файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою. | | 2. Ақпаратты ұсыну және өңдеу | | | | Бөлімше | 2-сынып | Білім алушылар міндетті | |---|---|---| | 1. Мәтіндер | 2.2.1.1 | пернетақта симуляторында мәтін теру; | | | 2.2.1.2 | өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу. | | 2. Графика | 2.2.2.1 | суреттің фрагментін көшіріп және көрсету; | | | 2.2.2.2 | суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту). | | 3. Презентациялар | | | | 4. Мультимедиа | 2.2.4.1 | дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану; | | | 2.2.4.2 | дыбыстық файлдарды өңдеу. | | 3) Интернет желісінде жұмыс істеу | | | | Бөлімше | 2-сынып | Білім алушылар міндетті | |---|---|---| | 1. Ақпараттар іздеу | 2.3.1.1 | берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану. | | 2. Ақпарат алмасу | 2.3.2.1 | қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. | | 4) Есептей білу | | | | Бөлімше | 2-сынып | Білім алушылар міндетті | |---|---|---| | 1. Алгоритмдер | 2.4.1.1 | тармақталған алгоритмді іске асыру; | | | | 2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру; | | | | 2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру. | | 2. Программалау | 2.4.2.1 | программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау; | | | | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; | | | | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру. | | 5) Робототехника | | | |---|---|---| | Бөлімше | 2-сынып | Білім алушылар міндетті | |---|---|---| | 1. Жалпы робототехника | 2.5.1.1 | роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; | | | 2.5.1.2 | роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | | | 2.5.1.3 | құрылған роботты аудиторияға ұсыну. | | 2. Роботтың қозғалысы | 2.5.2.1 | ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру. | | 3. Датчиктер мен қозғалтқыштар | 2.5.3.1 | программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану. | 18. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 2-сыныбы-на арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады. ### «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары | Ұзақмерзімді жоспар-дың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Пән тақырыптары | Оқу мақсаттары | |---|---|---| | 1-бөлім. Компьютерлер мен бағдарламалар (ортақ тақырыбы: «Барлығы мен туралы») | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 2.1.3.1 цифрлық құры-лғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; | | | | 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; | | | | 2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырата білу. | | | Файлдар мен бумалар | 2.1.2.1 Файл мен бума тура- лы түсінік беру; | | | | 2.1.2.2 файлдармен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою; | | | | 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану. | | | Программалар құруды жалғастырамыз | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; | | | | 2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру. | | | Жеке кейіпкер жасау | 2.4.2.1 программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау; | | | | 2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіріп және көрсету; | | | | 2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту). | | 2-бөлім. Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырыбы: «Менің отбасым және достарым» | Пернетақтамен танысу | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру. | | | Пернетақта симуляторы | 2.2.1.1пернетақта симуляторында мәтін теру. | | | Мәтінмен жұмыс істеу | 2.4.2.3 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру. | | 3-бөлім. Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім», «Менің туған жерім») | Пернетақтамен танысу | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді іске асыру; | | | Пернетақта симуляторы | 2.2.1.1пернетақта симуляторында мәтін теру. | | | Мәтінмен жұмыс істеу | 2.2.2.1 сурет-тің фрагментін көшіріп және көрсет-у; | | | | 2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту). | | | Дыбысты жазу және ойнату | 2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану; | | | | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | | 4-бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Жаны саудың дені сау») | Дыбысты жазу және ойнату | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді іске асыру; | | | | 2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану. | | | Дыбыс әсерлері | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | | | Дыбысты өңдеу | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | | 5-бөлім. Робототехника: сенсорлар (ортақ тақырыбы: «Дәстүрлер және фольклор») | Робот қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру. | | | | 2.5.3.1 программаны бастау үшін түрту сенсорын қолдану. | | | Роботқа арналған дыбыс | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу. | | | | 2.5.1.2. роботқа арналған про-грамма-ны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану. | | 6-бөлім. Робототехника: «Билейтін робот жобасы» | Жобаға идея | 2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу; | | | | 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауы-су. | | | Жобаға арналған алгоритм | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді іске асыру; | | | | 2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру; | | | | 2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құра-стыру. | | | «Билейтін робот» жасау | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | | | | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; | | | | 2.5.1.2. роботқа арналған про-грамма-ны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | | | | 2.5.1.3. құрылған робот-ты аудиторияға ұсыну. | ### Ортамерзімді жоспар | № | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Сабақтың мақсаты Оқыту мақсаты | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Үйрену мақсатында оқытуды бағалау | Оқу үдерісін ұйымдастыруда ғы тәсілдер | |---|---|---|---|---|---|---|---|---| | 1 | § 1. Өз денсаулы ғымызды сақтаймыз | 1 | 1 | Компьютерме н және цифрлық құрылғы лармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтайды. | 2.1.3.1 цифрлық құрылғы лар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; | Информатика кабинетіндегі тәртіп ережелерін білу. | Бағалау парағы арқылы топ сарапшысының топтарды бағалауы. Әр тапсырмада бағалау парағына смайлик жапсырылып отирады. Сол арқылы оқушының сабақа қандай деңгейде қатысқаны көрінеді. | «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технология-ларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту ды басқару және көшбасшылық», «Талантты және да-рынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» | | 2 | § 2. Ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану | 1 | 1 | Интернет желісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік | 2.1.3.1 цифр-лық құрылғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу | Берілген тақырып бойынша ақпа-рат іздеу үшін браузерді | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының | «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану», | | | | | | | | | | | | | | | | | | 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді | | | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқу-шылардың жа- с ерекшеліктері- не сәйкес оқыту» | | 3 | § 3. Файлдар мен бумалар | 1 | 1 | Файлдар мен бумаларды жасап, көшіріп, жылжыту және жою жұмыстарын жасайды. | 2.1.2.1 файл мен бума туралы түсінік беру; | Фай-лдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жоюды біледі. | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. | «Оқыту-да ақпараттық коммуникациялы қ технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушы- лардың жа- с ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» | | 4 | § 4. Файлдар | 1 | 1 | Файлдар мен бумаларды | 2.1.2.1 Фай-л мен бума туралы | Фай-лдар мен бумаларды жасау, | Өзін-өзі бағалау. | «Оқытуда ақпараттық | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | коммуникациялық технологияларды пайдалану», | | 5 | § 5. Programaлaр құруды жалғастырамыз | 1 | 1 | Scratch ойын программалау ортасымен танысу. | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру. | Компьютерде жұ- мыс жасау программалар арқылы жүзеге асырылатынын түсінеді. | Психологиялық ахуал «Гүлмен тілек», «Анықта», «Орында» тапсырмалары, Рефлексия «Бағдаршам» | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни τұрғыдан ойлауға үйрету», | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылар-дың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» | | 6 | § 6. Aлгoритмді орындау | 1 | 1 | Scratch программалау ойын алаңында кейіпкерді қозғалысқ а келтіре алады. | 2.4.1.2 Ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру. | Scratch ойын программалау ортасында қара-пайым жобаларды құра алады. | «Шаттық шеңбері» тренингі, «Анықта», «Орында» тапсырмала-ры, «Бағалау ағашы». | «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялар-ды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни τұрғыдан | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | ойлауға үйрету». | | 7 | § 7. Жеке кейіпкер жасау | 1 |