Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы PDF
Document Details
![OpulentGodel9853](https://quizgecko.com/images/avatars/avatar-1.webp)
Uploaded by OpulentGodel9853
Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектеп
2024
Исанова Нургул Капаевна
Tags
Summary
Бұл 2024 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Исанова Нургул Капаевна ұсынған "Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы" атты авторлық бағдарламасына пікір. Бағдарламада түркілік бірегейлікті сақтау мен нығайту, сонымен қатар түркі мемлекеттері арасындағы мәдени, экономикалық және саяси байланыстарды дамыту мәселелері қарастырылады. Пікірде бағдарламаның жаңашылдық дәрежесі, ғылымилығы және практикалық маңызы атап өтілген.
Full Transcript
# Алматы облысы білім басқармасы, Талғар ауданы білім бөлімі «Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-нің тарих пәні мұғалімі Исанова Нургул Капаевна ұсынған «Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы» атты авторлық бағдарламасына пікір ## Білім беру ұйымы: Ілияс Ж...
# Алматы облысы білім басқармасы, Талғар ауданы білім бөлімі «Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-нің тарих пәні мұғалімі Исанова Нургул Капаевна ұсынған «Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы» атты авторлық бағдарламасына пікір ## Білім беру ұйымы: Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектеп ## Автор: Исанова Нургул Капаевна ## Тақырыбы: «Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы» ### 1. Жұмыстың өзектілігі Исанова Нургул Капаевна «Түркі мемлекеттерінің тарихы және мәдени мұрасы» атты бағдарламасында таңдау бойынша сабақтарға арналған күнтізбелік жоспардың болуы тарих пәні мұғалімдерінің жұмысындағы олқылықтарды толтыруға өте өзекті. ### 2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: Жаһандану жағдайында түркілік бірегейлікті сақтау мен нығайту, тәуелсіз түркі мемлекеттері арасындағы мәдени, экономикалық және саяси байланыстарды дамыту мәселелелері туралы түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағытталған. ### 3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі – түркі халықтарының тарихы мен мәдени мұрасы жаңа әдістемелік көзқараспен қарастырылады. Түркі мұрасының тарихи, мәдени және рухани аспектілері біріктіріліп, оның заманауи әлемдегі орны мен болашағы нақты деректер мен ғылыми тұрғыда негізделеді. Сонымен қатар, түркі халықтарының ортақ мұрасын сақтауға арналған практикалық ұсыныстар мен жобаларды жүзеге асыруға арналған жаңашыл тәсілдер ұсынылған. ### 4. Жұмыстың ғылымилығы: Бағдаралама жаңа әдіс-тәсілдер арқылы тарих пәнін оқытып, оның тарихи дәлдігіне, аналитикалық тұрғыда ойлау қабілетін дамытуға және оқушыларға нақты ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беруінде жатыр. ### 5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы, оның білім беру ұйымының жалпы даму стратегиясымен байланысы: Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай оқушылардың есте сақтау дағдыларын арттыруға арналған. Шығармашылық ойлау, топта жұмыс істей білу және мәселелерді шеше білу қасиеттерін дамытады. Тапсырмалар Қазақстан тарихы бойынша жалпы білім деңгейін жоғары деңгейге көтеруге бағытталған. Әрбір тапсырма оқушылардың ғылыми талдау жасау қабілетін дамытып, тарихи деректерді терең әрі сын тұрғысынан қарауға ықпал етеді. ### 6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыруға және пәнге қызығушылығын арттыру бағытында нәтижеге негізделген. ### 7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тақырып бойынша атқарылатын істің нақты жағдайын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Мектеп бағдарламасының тәжірибесіне енгізу үшін ұсынылады. ### 8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері: Шығармашылық жұмыстар, оқу-әдістемелік қолдаумен жүзеге асырылатын ашық сабақтар, әдістемелік ұсыныстар, сызбалар, кестелер, талдау тапсырмалары оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттырады ### 9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер. Жұмыс талаптарға сай жазылған. Бағдарлама ҚР білім беру стандарттарына сәйкес келеді. ### 10. Жұмысты пайдалану бойынша ұсыныстар: Баспаға беру, тарату. ###### Алматы облысы, Іле ауданы, «№37 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ ###### ДӘІЖ орынбасары, қазақ тілі ###### Валибаева Аида Токтасыновна ###### педагог-зерттеуші ###### 2024 жыл