Қарахан мемлекеті тарихы PDF
Document Details
Uploaded by AdvancedLongBeach4419
Сұлукөл ЖОББМ
Tags
Summary
Мәтінде Қарахан мемлекетінің тарихы туралы мәліметтер берілген. Қарахандардың шығу тегі, билік кезеңі және жер аумағы туралы ақпараттар қамтылған.
Full Transcript
Қарахан мемлекті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен \"қағандардың қағаны\" шыққанын айтады. Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары...
Қарахан мемлекті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен \"қағандардың қағаны\" шыққанын айтады. Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласұғынды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Осылайша, ғылымда Қарахан мемлекеті аталған жаңа Түркі империясы құрылды. 999 жылы қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шегара болды. Х ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара Балқаш пен Алакөл көлдерінің бойымен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауаранхарды (Әмудария мен Сырдария), Жетісу жерін шығысында Қашғарды қамтыды.