Бірінші дүние жүзілік соғыстың себептері PDF
Document Details
Uploaded by WorthyBandoneon
Алғабас ЖОББМ
Tags
Summary
Мәтінде Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері талданып, Германияның экономикалық күшеюі мен еуропалық билік үшін күресінің маңызды рөлі айтылады. Соғысқа түрткі болған Сараеводағы оқиғалар және ірі мемлекеттердің әскери одақтары сипатталады.
Full Transcript
Бірінші дүние жүзілік соғыстың шығу себептері: Елдің басын біріктіру арқасында және Француз-прусс соғысының нәтижесінде 5 миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кей...
Бірінші дүние жүзілік соғыстың шығу себептері: Елдің басын біріктіру арқасында және Француз-прусс соғысының нәтижесінде 5 миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Британия 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты. Соғыстың басталуына түрткі болған себептер: 1914жылы 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді.. Аустрия-Венгрия 1914жылы 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулаушылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Екінші дүние жүзілік соғыс барысында дүние жүзі мемлекеттері екі жүйеге бөлінді: Антанта 1907жылы құрылды Англия Франция Ресей Үштік 1882 жылы құрылды Германия Австро-Венгрия Италия