Тарих Тесті Тексті PDF

Summary

Бұл Қазақстан тарихы туралы мақаланың үлгісі. Мақалада түркі дәуірі туралы және Қарахан мемлекеті және оған қатысты оқиғалар туралы мәліметтер бар. Мәліметтер тарихтың ежелгі кезеңдеріне қатысты.

Full Transcript

**§9. КӨНЕ ТҮРКI ДӘУIРIНДЕГI ЖАЗУ** 1.Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері: **Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы** 2.Орталық Азияның, төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды: **Vl-Vll ғасырларда** 3.Жазу қаж...

**§9. КӨНЕ ТҮРКI ДӘУIРIНДЕГI ЖАЗУ** 1.Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері: **Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы** 2.Орталық Азияның, төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды: **Vl-Vll ғасырларда** 3.Жазу қажеттілігі пайда болды: **әкімшілік, дипломатиялық істер барысында** 4.568 жылы Византия императорының сарайына қағанның жолдау хатын алып келген түрік елшісі: **Маниах** 5.Көне түркі жазуын байқай аламыз: **Бұғыты ескерткішінен** 6.Түркі қағандарының ерлік істері жазылған алғашқы құлпытас орнатылды: **582 жылы** 7.582 жылы орнатылған алғашқы құлпытас: **Бұғыты** 8.Көне түркі руналық әліпбиі пайда болды: **бірінші мыңжылдықтың ортасында** 9.Алғашқылардың бірі болып көне түркі жазуын еуропалық ғалымдар зерттей бастады: **XVlll ғасырда** 10.1893 жылы алғаш "Тәңір" сөзінің құпиясын ашқан жат ғалымы: **В. Томсен** 11."Кілті ашылмаған орхон жазулары" атты кітаптың авторы: **В. Томсен** 12.Енисей алқабында табылды: **150-ден астам руна жазулары** 13.Көптеген жартас жазулары табылды: **Алтай, Шығыс Түркістаннан** 14.Мыңдаған көне түркі қолжазбалары мен үзінділері сақталған: **Ресей Ғылым академиясында, Германияда** 15.Көне түркі жазуының үлгілері кездеседі: **Швеция, Финляндия, Лондон, Париж, Пекин қалаларында** 16.Түркі руна жазуының ғажайып үлгісі саналады: **Орхон және Енисей өзендері алқаптарындағы ескерткішкет** 17.Тарихи құнды жәдігерлер саналады: **Білге қаған мен оның інісі, қолбасшысы Күлтегіннің және қаған кеңесшісі Тоныкөктің құлпытастары** 18.Құлпытастарда қашалып жазылған: **түркі халықтарының неден сақтанып, нені ұстанатыны** 19.Қағанын "мәңгі тасқа сызып жазған", "жыры мен сөзінің" авторы**: Йолығ-тегін** 20."Күлтегін" жырының авторы: **Йолығ-тегін** 21.Түркі тілдес әдебиеттер тарихында өз атымен аталған алғашқы автор: **Йолығ-тегін** 22.Түркілердің жетістігі болып табылатын әдіс**: "оймыш"(ксилография)** 23.Ағашқа басып жазу: **"оймыш"(ксилография)** 24.Ксилографияның шығу тегі басталады: **мөрден** 25.Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет қолданылған: **Vll ғасырдың бас кезінде** 26."Көне түркі жазуының ескерткіштері" атты еңбектің авторы: **С. Е. Малов** 27.Ғалым С.Е. Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде атап өтеді: **«Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған»,-деп** **§10. КӨНЕ ТҮРКIЛЕРДIҢ ДIНИ НАНЫМ-СЕНIМДЕРI** 1.VI--ІХ ғасырларда құрылған барлық түркi мемлекеттерi түрлi дiндердi таратудың кеңiстiгiне айналды. Оған мыналар куә бола алады: **1) жазба ескерткiштер мен құжаттар (түркi, грек, соғды т.б.); 2) дiни белгiлерi бар материалдық мәдениет заттары (құлпытастар, теңгелер, қыш бұйымдар); 3) сәулет өнерiнiң ғимараттары (ғибадатханалар, қорымдар); 4) дiни мазмұндағы фольклорлық материалдар.** 2.Түркілердің наным-сенімі: **Тәңіршілдік** 3.Ежелгі түркілерде мәңгілік құдырет иесі, бүкіл жаратылыстың бастауы саналған: **Тәңір** 4.Дiн тарихын зерттеушi француз ғалымы Жан Поль Рудың пiкiрiнше: **көне түркiлердiң арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған.** 5.Қытай тарихшылары Тәңiрге табынудың пайда болуын жатқызады: **б.з.б. III ғасырға** 6.Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін: **Көк Тәңірі** 7.Түркілерде Тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы саналады: **Ұмай ана** 8.Тоныкөк ескерткішінде жазылған: **"Көк Тәңірі, Ұмай ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлайды!"** 9.Тәңіршілдікте зор мән берілген: **ата-баба рухына(аруаққа) табынуға** 10.Түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептеледі: **Қорқыт ата** 11.Қорқыт атаның айтуынша: **Адам үшін ең жағымсыз қасиет - адамгершіліктің жоғалуы** 12.Неміс ғалымы Г. Дерфердің пікірінше: **Тәңіршілдік - адамзаттың бір Құдайға табынушылық діндерінің бірі** 13.Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келген тайпа: **қыпшақ** 14.Орталық Азияның біраз елдеріне будда ілімін таратқан: **соғдылар** 15.Жетісу мен Орталық Азияға Будда ілімі тарады: **Vll-Vlll ғасырдың басында** 16.lll ғасырдың соңында Иран жерінде негізі қаланған дін: **манихейлік дін** 17.Бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарған дін: **манихейлік дін** 18.б.з.б. Vll-Vl ғасырларда ежелгі Иран аумағында пайда болған дін: **зороастризм** 19.Зороастризм діні ескерткіштері табылды: **Сырдария қалалары мен Жетісу өңірінен** 20.V ғасырдың ортасында христиан шіркеуінен жеке бөлінді: **несториан ілімі** 21.Несториан ілімі аталды: **патриарх Несторийдің есімімен** 22.Византиядан қуылғаннан кейін несториандықтар өз ықпалын жүргізді: **Арабия, Сирия, Иранда** **§11. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТI (942--1212 жылдар)** 1.Түркі тайпаларына билік еткен "қағандардың қағаны" кімдердің арасынан шыққан: **қарлұқтар** 2.Қарахан әулетінің шығу тегі кімдермен байланысты: **Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен** 3.Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алды: **940 жылы** 4.940 жылы: **Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізі қаланды (Қарахан мемлекеті)** 5.Қарахандықтар Орталық Азиядағы Самани мемлекетін талқандады: **999 жылы** 6.Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шегапа: **Әмудария** 7.Қағанаттың жер аумағы қалыптасты: **Х ғасырдың соңына қарай** 8.Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара өтті: **Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен** 9.Қарахандықтар иеліктері: **батысында Мауараннахрды (Әмудария мен Сырдария аралығы), Жетісу жерін және шығысында Қашғарды қамтыды** 10.Қарахан мемлекетіндені билік нешеге бөлінді: **2** 11.Қарахан мемлекетіндегі екі тайпалық топ: **жігіл, яғма** 12.Қарахандықтардың шығыс бөлігіндегі қаған ордасы: **Баласағұн қаласында орналасты** 13.Батыстағы кіші қаған ордасы: **Бұхарада, кейін Самарқанда болды** 14.Қарахан мемлекетінде қалыптасқан билік жүйесі: **қосарлы немесе тең құқықты қосарлы** 15.Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің жүйесі: **иқталық** 16.Иқтаны ұстаушылар қалай аталады: **иқтадар** 17.Вақф (уақып): **дінбасыларының меншігі** 18.Мемлекеттік салық түріндегі жерлер: **мүлік, жекеменшік** 19.Қарахан мемлекеті екіге бөлінді: **ХІ ғасырдың 30-жылдарының соңында** 20.Мемлекет екіге бөлінді: **Мауараннахрдағы батыс бөлігі және құрамына Жетісу мен Қашғар енген шығыс бөлігі** 21.Екі қағанат арасындағы шегара: **Сырдария өзені** 22.Қарахандықтар дәуіріндегі ірі оқиға: **Ислам дінін қабылдау** 23."Х ғасырдағы араб географтары түркілерді исламға мүлдем жат халық ретінде сипаттайды",- деп жазған: **шығыстанушы В. В. Бартольд** 24.Исламның таралуы кімнің есіміиен байланыстырылды: **Қарахан қағаны Сатұқ Боғра хан есімімен** 25.Сатұқ Боғра ханның ұлы, тақ мұрагері: **Мұса** 26.Мұса ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады: **960 жылы** 27.Мұса қағанның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына себеп болған жағдайлар: **-- Ислам дінінің көмегімен өз билігін нығайтуға ұмтылыс;** **-- Мұсылман елдерімен байланыстарды кеңейту;** **-- Мұсылмандар қоныстанған аумақтарды қосып алу.** 28.Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін пайдаланды: **көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары** 29.Жетісу қидандардың шапқыншылығына ұшырай бастады: **ХІІ ғасырдың бас кезінен бастап** 30.Шығыс Қарахан әулеті талқандалды: **1210 жылы наймандармен күресте** 31.Самарқанда 1212 жылы Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырған: **Хорезм шахы Мұхаммед** 32.Қарахандық кезең мына тұрғыда сипатталады: **-- түркі тайпаларының экономикалық және мәдени өмірінде оңды өзгерістер орнықты;** **-- көшпелі түркiлердің отырықшылануы белсенді түрде жүргізілді;** **-- қалалар мен қала мәдениеті дамыды;** **-- иқталық жүйе қалыптасты;** **-- ислам мемлекеттік дін болып жарияланды;** **-- араб жазуы қабылданып, біртіндеп көне түркі жазуын ығыстырып шығарды;** **-- қарахан дәуірінде тілі мен мәдениеті ортақ этностардың қалыптасу үрдісі жүрді.** **§12. ҚАРАҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТI (1128--1212 жылдар)** 1.ІХ ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті жаулап алды: **қидандар** 2.Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады: **1125 жылы** 3.Қидандардың жаулап алушыларға бағынбаған бөлігі кімнің басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді: **Елюй Даши** 4.Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған таупаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды: **1128 жылы (бірақ олар оның орнына Жетісуды басып алады)** 5.1128 жылы қидандар Қарақытай деген атпен өз мемлекетінің негізіе қалады: **Жетісуда** 6.Қарақытай мемлекетінің негізін қалаушы: **Елюй Даши** 7.Елюй Даши біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады: **1141 жылы** 8.Қарақытай мемлекетінің ордасы: **Ғұзорда** 9.Қарақытай мемлекетінің құрамына кірді: **Жетісу, Мауараннахр, Шығыс Түркістан** 10.Қидандар билеушісінің лауызымы: **гурхан (хандардың ханы)** 11.Бас ордасы орналасты: **Баласағұнға жақын жерде, Шу өзені бойында** 12.Әр отбасы салық төлеп отырды: **1 динардан** 13.Елюй Даши қайтыс болды: **1143 жылы** 14.Билік өтті: **Елюй Дашидің жесірінің қолына** 15.Қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті: **ХІІ ғасыр ортасынан бастап** 16.Қарақытайлар Хорезм шахы Мұхаммедпен күресте: **жеңіліске ұшырады** 17.Наймандарды Жетісуға бастап келген: **Күшлік** 18.Күшлік қай жылы наймандарды Жетісуге бастап келген: **1208 жылы** 19.Қарақытай билеушісін тұтқындады: **Күшлік хан мен оның одақтастары** 20.Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты: **1212 жылы** 21.Жетісудағы билік кімнің қолына өтті: **найман билеушісі Күшлік ханның** 22.Қырғын соғыстар, бүліктер мен мұсылмандар көтерілістерінің ошағына айналды: **Жетісу жері (1218 жылға дейін)** **§13. НАЙМАНДАР, КЕРЕЙIТТЕР, ЖАЛАЙЫРЛАР** **(ХII--ХIII ғасырдың басы)** 1.Наймандар қалыптасқан: **Vlll ғасыр ортасында Ертіс пен Орхон өзендері аралығында** 2.Наймандар мен керейіттердің билеушілері орталық билікті нығайту мақсатында ХІ ғасыр басында не істейді: **христианның несториандық тармағын қабылдайды** 3.ХІ ғасыр соңында керейіттер мен наймандар енді: **Ляо империясының құрамына** 4.Ляо империясы құлады: **1125 жылы** 5.Наймандар мен керейіттер тәуелсіздігін алды: **Ляо мемлекеті құлағаннан кейін** 6.Найман мемлекеті иеленген жер аумағы: **Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан жерін** 7.Найман мемлекетінің ордасы: **Орхон өзені бойындағы Балықты қаласы** 8.Наймандардың көршілері: **Батыста - Ертістің бас жағын мекендешен қыпшақтар, солтүстікте - Енисей қырғыздары, шығыста - керейіттер** 9.Найман хандығы екі бөлікке ыдырап кетті: **ХІІ ғасыр соңы - ХІІІ ғасыр басында** 10.Наймандар монғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында түркі тілдес тайпа өкілдері қатысқан құрылтай өткізді: **1201 жылы** 11.Монғолдар наймандарды толықтай жеңді: **1204 жылы** 12.Жетісуға қоныстанған наймандардың соңғы билеушісінің ұлы: **Күшлік** 13.Керейіттер ХІІ ғасырда иеленген жер аумағы: **солтүстігінде Орхон өзені, оңтүстігінде Хуанхэ өзеніне дейінгі жер** 14.Керейіттердің бас ордасы орналасты: **Битөбе деген жерде** 15.Керейіт мемлекетін ХІІ ғасырдың екінші жартысында басқарды: **Тоғрұл хан** 16.ХІІ ғасырдың 80-жылдарының басында Тоғрұл хан қолдау көрсеткен монғол қолбасшысы: **Темучин** 17.Керейіт мемлекеті әлсіреп, монғолдар күшейді: **ХІІ ғасыр соңы-ХІІІ ғасыр басында** 18.Мемлекетті мұрагерлік жолмен басқарды: **хан** 19.Найман мен керейіттер ХІІІ ғасыр басында монғолдардың қысымымен қоныс аударды: **Шығыс Қазақстан, Жетісу аумағына** 20.Vl-Vll ғасырларда Түрік қағанатының құрамына енді: **жалайырлар** 21.Жалайырлар мемлекетін құрған: **Жамұқа** 22.Жалайырларды өзіне бағындырады: **Шыңғысхан** 23.Жалайырлар Қазақстан аумағына қоныстанып, қазақ халқының құрамына енген: **XIII-XIV ғасырларда** 24.Жалайыр тайпасының өкілі, Шыңғысхан әскері қолбасшыларының бірі: **Мұқылай** 25.Жалайыр тайпасынан шыққан тарихшы: **Қадырғали Жалаири** **§14. ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ (ХI--ХIII ғасырдың басы)** 1.Vlll-lX ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Шығыста қыпшақтарды атаған: **Қыпшақтар** 2.Vlll-lX ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Русьте қыпшақтарды атаған: **половецтер** 3.Vlll-lX ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Еуропада қыпшақтарды атаған: **командар** 4."Қыпшақ" этнонимі алғаш рет кездеседі: **Vlll ғасырдағы көне түркі руна ескерткішінде** 5.Vlll ғасырдан ХІ ғасырдың басына дейінгі қыпшақтар тығыз байланысты болды: Қимақтар тарихымен 6.Қимақ қағанаты құлағаннан кейін олардың жері қымшақ хандарының қолына өтті: **ХІ ғасырдың басында** 7.ХІ ғасырдың басында қыпшақтар Сырдария аймағынан және Каспий даласынан ығыстырды: **оғыздарды** 8.Қыпшақтар Жетісумен қатар бүкіл Қазақстан жеріне үстемдік етті: **ХІ ғасырда** 9.Еуразияның Алтайдан Дунайға дейінгі аумағындағы үлкен тайпалық одақ: **Қыпшақтар** 10.Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: **1)ХІ ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; 2)салжұқ, Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; 3)сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету** 11.Алтайдан Дунайға дейінгі бүкіл "Ұлы Дала" аталды: **Дешті Қыпшақ яғни қыпшақтың даласы** 12.Дунайдан Еділге дейінгі аумақты иеленген Батыс қыпшақ бірлестігін басқарды: **Тоқсаба әулеттік руы** 13.Еділден Алтайға дейінгі аумақты қоныстанған Шығыс қыпшақ бірлестігін басқарды: **Елбөрілі руынан шыққан хандар** 14.Қыпшақ хандығының оң қанатының ордасы: **Жайық өзені бойындағы Сарайшық** 15.Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы: **Сығанақ** 16.Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңі: **1. VII--VIII ғасырлар -- Батыс Түрік қағанаты құрамындағы кезең.** **2. VIII--ХІ ғасырлар -- Қимақ қағанаты құрамындағы кезең.** **3. ХІ--ХІІІ ғасырлар -- дербес Қыпшақ хандығы.** 17.Қазақстан аумағында қыпшақ тайпасының қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар: **1) шаруашылық өмiрдiң бiркелкi түрi; 2) қоғамдық қатынастар мен мемлекеттiк құрылымның ортақ жүйесi; 3) тiл ортақтығы; 4) тарихи қалыптасқан ортақ мәдениет.** 18.Қыпшақ ұлысының пайда болуы білдіреді: **а) Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа тұрғындарының түркіленгендігін; ә) біртұтас жалпы-түркілік мәдениеттің қалыптасқандығын** 19.«Олар (қыпшақтар) түйе, iрi қара, қой мен ешкi, жылқыға өте бай. Оларда жүк таситын мал орасан көп, бiздiң ойымызша бүкіл әлемде мұндай байлық ешкiмде жоқ», -- деп жазады: **Плано Карпини** 20.Қыпшақ ақсүйектерi Қарахан билеушiлерiмен өзара күрделі қарым-қатынаста болды: **Махмұд Қашғари деректері бойынша** 21.Хорезмдіктер қыпшақ ақсүйектерімен жақындасу саясатын жүргізе бастады: **ХІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап** 22.Хорезмшахтары мемлекетінің билеушісі бұл саясатта мына мақсатты көздеді: **1) қыпшақтардың бүкіл ақсүйек қауымын ислам дініне енгізу;** **2) мемлекеттің қуаттылығын әлсірету;** **3)қыпшақ әскерін өз мүддесіне пайдалану.** 23.Қыпшақтардың славян тайпаларымен қатынастарын «Жылнамалардағы қыпшақ эпосының iздерi» еңбегiнде сипаттаған ғалым: **В. А. Пархоменко** 24.Қыпшақтардың славян тайпаларымен қатынастарын ғалым В.А. Пархоменко «Жылнамалардағы қыпшақ эпосының iздерi» еңбегiнде қалай сипаттады: **«Бiздiң жылнамалар ХII ғасырда Русьтiң ақсүйек тобы мен қыпшақтар арасында тығыз байланыстар болғандығына ешқандай күдiк тудырмайды. Русьтiң Даламен үнемі дерлік жаугершілікте болғандығы ойдан шығарылған жалған тұжырым» деп сипаттады.** 25.«Бейбітшілік пен достық кезінде ғана славян тіліне түркі сөздері ене алды» деп атап өткен кім? **О. Сүйлейменов "Аз и Я" кітабында** **§15. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ** 1.Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б 3-2 мыңжылдықтардан басталады: **Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қыьай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан** 2.Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шықты: **б.з.б. 138 жылы** 3.Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы: **б.з.б. ІІ ғасыр** 4.Ұлы Жібек жолының маңызы: **халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында** 5.Ұлы Жібек жолы өзінің атауын алды: ХІХ ғасырда 6.Ұлы Жібек жолы атауын ұсынған Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы: фон Рихтгофен 7.Жер иелері пайда тапты: кедендік баж салықтарынан 8.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі: ұлтаралық және дінаралық сыйластық, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау **§16. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТҮРКІ БӨЛIГI** 1.Шығыста Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы Сирияға өтті: **ІІ-V ғасырларда Жібек жолы** 2.Жібек жолының негізгі жолы Иранды айналып өтті: **Vl- Vlll ғасырларда** 3.Түркiлер Ұлы Жiбек жолының бiраз бөлiгiне иелiк еттi: **VI ғасырдың екiншi жартысында** 4.Керуен саудасы мен елшiлiк сапарлары VI--ХIII ғасыр басында өтті: **Қытайдан Жетiсу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстiгiне өткен Ұлы Жiбек жолы бойында** 5.Күміс теңгелер жасалды: **Түркiстан қалалары мен Кiшi Азия, Еуропа және Еділ бойы қалаларының ақша сарайларында** 6.Түргеш, қарлұқ, кейін қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы болды: **Талас алқабындағы Тараз қаласы** 7.Сауда жолы Тараздан солтүстiк бағытта өтті: **Ертiске, одан әрi Енисейдегi қырғыздарға** 8.VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кiтапшасында «Ақ өзендегi қала»: **Испиджаб** 9.Испиджабты кейін атаған: **"Сайрам" деп** 10.Ұлы Жібек жолының бұл тармағында Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтердi: **Х--ХII ғасырларда** 11.Жібек жолы Алмалы арқылы өтіп жетті: **Талхиз қаласына** 12.Жібек жолының оңтүстік тармағы Есік, Түрген арқылы бағыт алды: **Іле өзені өткеліне** 13.Жібек жолының солтүстік тармағы Талхизден Талғар өзені бойымен жетті: **Қапшағай шатқалына дейін** 14.Мал мен жүн, тері-терсек, металға бай Жібек жолы жүйесіне енген аудандар: **Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлері** **§17. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ** 1.Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: **VI--XIII ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; ХІІІ ғасырдың екінші ширегі мен ХІV ғасырдағы Монғол империясының; ХІV ғасырдың үшінші ширегі мен ХV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің бақылауындағы кезеңдер** 2.Ұлы Жібек жолы қамтыды : **мыңдаған шақырым қашықтықты** 3.Сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты: **Ұлы Жібек жолы** 4.Мемлекеттердiң қалыптасуында, әлемдiк өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды: **Ұлы Жібек жолы** 6.Шығыс пен Батыс мәдениетi арасындағы байланыстырушы көпiр саналды: **Ұлы Жібек жолы** 7.Ұлы ғұлама әл-Фарабидің отаны: **Отырар** 8.Жібек жолымен қытайлықтар бүкіл әлемге өздерінің ойлап тапқан жаңалығы: **қағазды таратты** 9.Бүкіл Шығыс әлемі және Батыс Еуропа медицинасына зор әсер етті: **Әбу Райхан әл-Бируни мен Ибн Синаның (Авиценна) еңбектері** 10.Қытай мен Үндiстанға теңiз жолы ашылмас бұрын Ұлы Жібек жолы Орталық Азия, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу арқылы бүкіл Еуропаға өтiп жұмыс істеді: **ХV ғасырға дейін** 11.Ұлы Жібек жолы 2014 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді: **Ұлы Жібек жолына тармақтары өткен Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары ұсынысымен** 12.ЮНЕСКО халықаралық ұйымы қабылдады: "Жібек жолы" бағдарламасын 13.Бағдарламаның негізгі мақсаты: **Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету** 14.Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы ұйымдастырылды: **Парижде** 15.Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне «Ұлы Жібек жолының» қанша тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді: **30-дан астам** 16.Кімнің бастамасымен жүзеге асқан Батыс Еуропа -- Батыс Қытай жолының Қазақстан жері арқылы өтетін бөлігі мыңдаған шақырымды құрайды: **Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен** 17.Ұлы Жібек жолы бүкіл адамзат назарын өзіне аударуда: **ХХІ ғасырда да**

Use Quizgecko on...
Browser
Browser