AQA Past Paper PDF - World History
Document Details
Uploaded by Deleted User
2018
AQA
R.T. Aitbay, Ә.Қ. Qasimova, A.O. Eshmukambetov
Tags
Summary
"World History" is a past paper for 6th grade in Kazakhstan from 2018. This document looks at the period of history where the feudal period has decayed. The document discusses how the feudal system developed and spread throughout Europe and Asia.
Full Transcript
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқамбетов Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғыл...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқамбетов Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді Алматы «Атамұра» 2018 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях 1–3465 согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 63.3(0)я72 А 32 Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды. Оқулықтағы шартты белгiлер: ?! – сұрақтар мен тапсырмалар ? – тест сұрақтары * – шығармашылық тапсырмалар Айтбай Р.Т., т.б. А 32 Дүниежүзi тарихы: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арнал ған оқулық/Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқамбетов. – Алматы: Атамұра, 2018. – 160 бет. ISBN 978-601-331-148-7 «Дүниежүзi тарихы» құлиеленушiлiк құрылыс жойылған кезеңнен феодалдық қатынастардың ыдырай бастауына дейiнгi аралықты қамтиды. Бұл оқулықта Еуропа және Азия елдерiндегi феодалдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы және құлдырауының себептерi баяндалады. ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 63.3(0)я72 © Айтбай Р.Т., Қасымова Ә.Қ., Ешмұқамбетов А.О., 2018 ISBN 978-601-331-148-7 © «Атамұра», 2018 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ КIРIСПЕ Орта ғасырлар – бүкiл дүниежүзi тарихының ежелгi дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңi. Бұл Еуропада он екi ғасырға тең, ал Шығыс елдерiнде одан да ұзақ. Аталған дәуiрге тән көне белгiлер кейбiр елдерде әлi күнге дейiн сақталып келедi. Орта ғасырларда феодализм пайда болып, үстемдiк құрды және ыдырай бастады. Ол адамзат қоғамында жаңа экономикалық, қоғамдық-саяси өмірдің пайда болуымен және дамуымен сипатталады. Орта ғасырларда адамзат қоғамы өзіне дейінгі өткен өмірдің материалдық және рухани мәдениетін одан әрі дамытып, үлкен жетістіктерге жетті. Орта ғасырлар дәуiрiнде қалаларда өнiм өндiретiн ұсақ кәсiпорындар көбейдi, мәдениет дамыды. Мануфактуралар өсiп шықты, болашақ бур- жуазиялық (капиталистiк) қоғамның шаруашылық және әлеуметтiк негi- зi – өнеркәсiп пен жұмысшы табы пайда болды. Дүниежүзі тарихының ортағасырлық кезеңін оқытуда төмендегідей мақсаттар қойылады: – Оқушылардың бойында тарихи сананы қалыптастырып, дүниежүзі елдерінің орта ғасырлардағы тарихы мен мәдениетін таныстыру. – Адамзаттың орта ғасырлардағы құндылықтарын игеруге бағытталған зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларын дамыту. Оқу пәнінің міндеттері: – Оқушылардың адамзат өркениетінің орта ғасырларда жеткен нәтиже- лері туралы түсінігін қалыптастыру. – Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білім беру. – Орта ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар қызметіне сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту. – Тарихи зерттеу жүргізе білуге баулу. – Орта ғасырлар тарихы пәнінен алған білімді өмірде қолдана білуге үйрету. – Өз ойы мен тұжырымын жеткізе білу және топпен жұмыс жасау біліктілігін жетілдіру. Оқулық 11 тарау, 30 параграфтан тұрады. Оқулықта берілген мате- риалдар оқушылардың орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихының негізгі оқиғаларын терең білулеріне көмектеседі. Әр тақырыптың мәтініндегі кур- сивпен жазылған терминдердің мағынасын 147–155-беттерден анықтауға бо- лады. Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау олардың білімін жетілдіре түседі. 3 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бiрiншi тарау РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ §1. «ОРТА ҒАСЫРЛАР» ТҮСІНІГІ Бүгінгі сабағымызда «орта ғасырлар» түсінігін анықтаймыз. Оның қандай кезеңдерден тұратынын білеміз және орта ғасырлар тарихына арналған де- ректермен танысамыз. «Орта ғасырлар» дегенде көз алдымызға Негізгі ұғымдар: сауыт-сайман киген рыцарьлар мен тас қамал- ерте орта ғасырлар, дар, отқа өртелген ғалымдар, крест ұстаған дамыған орта ғасырлар, діндарлардың бейнесі келеді. кейінгі орта ғасырлар, «Орта ғасырлар» деген сөз тіркесі қайдан деректер. шықты? Оның төл атауы латынша медиум – орта, аевум – ғасыр. Бұл тіркес алғаш рет Италияда ХV–XVІ ғасырларда қолданылған. Гуманист-тарихшылар бұл атауды Батыс Еуропа тарихының антикалық дәуірінен Қайта өрлеу (Реннесанс) кезеңіне дейінгі аралықты сипаттау үшін пайдаланған. Орта ғасырлар тарихының кезеңдері. Орта ғасырлар тарихы үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – ерте орта ғасырлар. Бұл кезеңде фео- далдық өндіріс тәсілі қалыптасты. Екіншісі – дамыған орта ғасырлар. Үшіншісі – кейінгі орта ғасырлар феодализмнің ыдырауымен және капиталистік өндіріс тәсілінің туа бастауымен сипатталады. Ерте орта ғасырлар Дамыған орта Кейінгі орта ғасырлар ғасырлар V–ХІ ғасырлар ХІ ғ. аяғы – ХVІ–ХVІІ ғасырдың ХVІ ғасырдың басы ортасы Ерте орта ғасырларда ірі жер иелері пайда болды. Феодалдар ша- руа қауымдарын өздеріне бағындырды. Оларға жер берді, ол үшін үлкен көлемде салықтар алды. Малын бақтырып, егінін салғызды. Ал дамыған орта ғасырларда шаруалар феодалдарға толық тәуелділікке түсті. Олар жерді феодалдардан жалға алып, өнім өндірді. Феодалдарға өнім түрінде салық төледі. Оның көлемі барған сайын өсе түсті. Феодалдардың өздері де бір-біріне сатылы бағыныштылықта бол- ды (король, ірі феодалдар, дінбасылары, рыцарьлар т.б.). Ақша-тауар 4 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Орта ғасырлардағы шаруалар еңбегі қатынасы күшейді, қалалар өсіп, әлеуметтік жағдай шиеленісе түсті. Осы- дан келіп феодалдық қоғамның сипаты өзгере бастады. Наразылықтар, шаруалар мен қала тұрғындарының көтерілісі жиіледі. Кейінгі орта ғасырларда феодализмнің қайшылықтары күшейе түсті. Наразылықты басу үшін күшті мемлекет, күшті билік керек болды. Осыдан келіп бұрынғы бытыраңқы мемлекеттерді бір орталықтан басқарылатын мем- лекеттерге айналдыру жолындағы әрекеттер күшейді. Орталықтанған мемлекеттерде көтеріліс пен наразылықты болдырмай, феодалдарға өз байлығының «қызығын көруіне» мүмкіндік беретін күшті үкімет – феодалдық абсолюттік (жеке-дара басқару, жеке билік) үкімет билік жүргізді. Ортағасырлық мемлекеттер әсіресе ерте орта ғасырларда құрылған ірі мемлекеттік бірлестіктер мықты болмады. Мысалы, Ұлы Карл империясының аумағы өте үлкен болды, алайда оның ішкі экономикалық байланыстары мығым емес еді. Себебі империяға біріктірілген көптеген халықтар бір-бірін түсінбеді. Олар шаруашылықтары мен әдет-ғұрыптары жағынан бір-бірінен тым алшақ еді. Сондықтан бұл мемлекет ұзақ өмір сүре алмады, ақырында бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Бiр орталықтану ортағасырлық мемлекеттер үшiн дұрыс қадам бол- ды. Бұл, бiрiншiден, феодалдық өзара қырқысу соғыстарына тежеу сал- ды. Екiншiден, басқа мемлекеттердiң ел iшiндегi алауыздықты пайда- 5 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ролланд бастаған франктердiң өздерiне шабуыл жасаған жергiлiктi тұрғындармен Пиреней тауындағы шайқасы. XIV ғасырдағы миниатюра ланып, күйзелген елдi жаулап алу әрекетiне тоқтау салды. Үшiншiден, ауылшаруашылығы өнiмдерiн мол өндiруге жол ашылды. Төртiншiден, қалалар өстi, қолөнер, сауда дамыды. Орта ғасырлар тарихының деректері. Біз орта ғасырлардағы оқи- ғаларды деректер арқылы білеміз. Еуропаның ерте орта ғасырлар кезеңінің оқиғаларына арналған «Ни- белунгтар туралы жыр», «Ролланд туралы жыр» т.б. шығармалар. «Нибелунгтар туралы жырда» халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуіріндегі оқиғалар баяндалған. Жырдың негізіне V ғасырдағы франк тер мен бургундықтардың (нибелунгтар) ғұндармен қарым-қатынасы және өзара соғыстары арқау болған. «Ролланд туралы жырда» франк королі Ұлы Карлдің және оның қолбасшысы Ролландтың Испанияға жорығы баяндалған. Бұл жорықта ержүрек Ролланд ерлікпен қаза тапқан. ХІІ ғасырда жазылған жырда халықтың патриоттық сезімі бейнеленген. V–ХІ ғасырлардағы жазба деректерге ІІ Юстинианның «Азамат- тық құқықтар жинағы» кіреді. V–ІХ ғасырлар аралығында Рим империясының аумағында орналасқан герман, кельт тайпаларының әдет-ғұрып заңдары жазылды. Олар: Бургунд, Вестгот, Салийлық, Саксондық ақиқаттар. 6 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Шаруашылық саласына байланысты деректерге жер тізімі мен кадастры (халық санағы мен салық төлемдері) жатады. Бұл топтағы аса маңызды дерек – ағылшын корольдігіндегі халық санағына арналған «Қаһарлы сот кітабы». Қоғамдық-саяси жазбалар (хартиялар) да маңызды дереккөз саналады. Мәселен, Франция королі VІ Людовигтің Лорис қа- ласына берген хартиясы, византиялық «Эпарх кітабы» мен ХІІІ ғасырдағы «Париж қаласының қолөнер кітабы». Монархиялық биліктің қалыптасу кезеңінде деректердің «Қаһарлы сот кiтабы» жаңа түрі парламенттік хаттамалар мен статуттар (ережелер) қалыптасты. Бұлардың қатарына Франция Бас штаттарының хаттамалары, Кастилия т.б. кортестерінің шешімдері кіреді. Шығыс елдерінің деректеріне: ерте орта ғасырлардағы Қытай жыл- намалары, араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері, жер бөлу жөніндегі құжаттар, құқықтық заңдар, «Монғолдардың құпия шежіресі», «Яса» («Жасақ») т.б. кіреді. Ойталқы Тарихи деректерсіз өткен кезең туралы толық мәлiметтер алу мүмкін бе? ?! 1. «Орта ғасырлар» термині қашан пайда болды? 2. Тарихтың орта ғасырлар кезеңінде адамзат дамуының қандай сатысына тоқталамыз? 3. Орта ғасырлар деректерінің ежелгі антикалық деректерден ерекшелігі неде болды? Салыстырып көрсетіңдер. 4. Орта ғасырлар тарихы кезеңдерінің деректері қандай құжаттардан құралды? * Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін кестеге түсіріңдер. Ерте орта ғасырлар Дамыған орта ғасырлар Кейінгі орта ғасырлар 7 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §2. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ДӘУІРІ ЖӘНЕ БАТЫС РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Батыс Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу. Сабақ барысында Батыс Рим империясының құлауына герман және ғұн тайпаларының тигізген әсерін білетін боламыз. Батыс Рим империясындағы дағдарыс. Негізгі ұғымдар: ІV ғасырдың аяғында Батыс Рим империя сының аумағы ұлан-ғайыр еді. Оның құра- Батыс Рим империясы, мына Еуропаның батыс бөлігі, Дунайдың ғұндар, Халықтардың оңтүстік жағалауындағы жерлер, Балқан ұлы қоныс аудару дәуірі, түбегі, Жерорта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Аттила. Африка және Мысыр, Қара теңіздің шығыс жағалаулары, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Месопотамияның бір бөлігі кірді. ІІІ ғасырдың аяғынан бастап, Батыс Рим империясы дағдарысқа ұшырай бастады. IV ғасырда Батыс Рим империя сы әлсіреді. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себебі – құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты. Император Диоклетиан (284–305) кезінде Батыс Рим империясы- ның мемлекеттік құрылысы өзгеріске ұшырады. Сенат іс жүзінде маңы- зынан айырылып, өз орнын императорлық кеңеске берді. Салық заттай және ақшалай төленетін. Заттай алынатын салыққа: нан, ет, тұз, шарап, зәйтүн майы, сірке суы жатқызылды. Бүкіл империя- да халық санағы жүргізілді. Империядағы жердің көлемі есепке алы- нып, 5 жылда бір тексеріліп тұратын болды. Жұмыс күштеріне қарай салық салынды. Қолөнершілер мен саудагерлер ақшалай салық төледі. Империя тұрғындары мемлекеттің пайдасы үшін әртүрлі жұмыстар атқарып отырды. Мәселен, көпір, жол, сарайлар т.б. салды. Император Константин империя аумағында христиан дінін уа- ғыздауға еркіндік берді. Балалар, естеріңе түсіріңдер, бұрын христиан дінін ұстанғандар қудаланатын еді. Себебі Рим империясында ресми дін пұтқа табыну болатын. Константиннің анасы христиандыққа бүй- регі бұрғандықтан, ол да христиан дініне өтеді. Константин хрис- тиан ілімі империя тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді деп сенді. Алайда христиан діні мемлекеттік дін болып тек 381 жылы император 8 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Константин қайтыс болғаннан кейін ғана жарияланды. Бұл оқиғаның Рим тарихында зор маңызы бар еді. Империяның құрамында жаңа қуатты қоғамдық ұйым қалыптас- ты. Бұл ұйымның басқару жүйесі сатылы түрде құрылып, иеліктерінде көп жерлері болды. Христиан шіркеуінің басшысын «папа» деп ата- ды. Шіркеу мемлекеттік діни ұйым ретінде бүкіл империя аумағында үстемдік етті. Оған бағынбаған әртүрлі топтар күпірлер (еретиктер) ата- лып, шіркеу тарапынан қудалауға түсті. Сөйтіп, құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый- сияпат, алым-салық төлеп тұрды. Дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды. Ұлы қоныс аудару дәуіріне дейінгі варварлардың қоғамдық құрылы- сы мен шаруашылығы. Рим империясының солтүстік көршілері (грек- тер мен римдіктер оларды «варварлар» деп атаған) германдықтар, кельттер, славяндар еді. Варвар деген гректің «жатжерлік адам» деген сөзінен шыққан. Бұл тайпалардың даму деңгейі әртүрлі еді. Империяға ену қарсаңында көпшілігі мемлекет құру алдындағы сатыда тұрады. Кельттер б.з.б. VІ–ІІІ ғасырларда қазіргі Германия мен Франция, Ис- пания, Ирландия, Англия, Швейцария және Солтүстік Италия аумағын мекендеді. Олардың қоғамдық құрылысының ертеден келе жатқан түрі рулық қауым еді. Ру көсемдері төңірегіне тұрақты жасақ жинады. Кельт қоғамының бай топтары билікті друидтер деп аталған абыздармен V ғасырдағы Герман деревнясы 9 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ертедегi герман қауымы шағын ауылдарда тұрды. Ауылдар бау-бақша- лары бар бiрнеше ауладан құралды. Әрбiр қауым мүшесi егiстiктiң өзi иемден- ген бөлiгiн өңдедi бөліскен. Абыздар сот қызметін де атқарып, тайпалар арасындағы даулы мәселелерді шешіп отырған. Кельттер ортағасырлық Еуропаның әсіресе француздар мен ағылшындар, ирландықтар және испандықтардың этникалық қалыптасуына өз үлесін қосты. Ежелде герман тайпалары Рейн, Висла, Дунай өзендерінің, Солтүстік және Балтық теңіздерінің жағалауын, Скандинавия түбегінің оңтүстік бөлігін мекендеген. Б.з.-дың І ғасырының соңына қарай герман тайпалары өздерінің өндіргіш күштерін айтарлықтай дамытты. Олар жер өңдеу әдістерін жақсартып, ірі қара мал өсірді. Қолөнер жақсы жетістіктерге жетті. Темір рудасын өндіру саласы дамыды. Рим империясымен шега- ралас аудандарда римдік саудагерлермен қарым-қатынас орнады. Германдықтар тұрмысының жақсаруы олардың санын көбейтті. Енді жер тапшылығы байқалды. Жер өзекті мәселеге айналды. Олар империяның өңделген, құнарлы жерлерін басып алуға ұмтылды. Осы мақсатпен қатты Хрестоматияның 5–6-беттеріндегі «Тацит германдықтардың тегі мен күйзеліске ұшыраған Батыс империяға мекенжайлары туралы» атты құжат герман тайпалары – вандалдар (батыс ты оқыңдар. готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі. Ғұндар мен герман тайпала- ры. ІV–VІІ ғасырлар Еуразия мен Еуропа тарихына «Халықтардың ұлы қоныс аудару» дәуірі ретінде кірді. Бұл антикалық дәуірдің құлдырауы мен жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңі еді. Ұлы қоныс аудару 10 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ дәуірін ІV ғасырдың ортасында Орталық Азиядан шыққан ғұн тайпалары баста- «Вестгот королі Аларих 410 жы- ды. (Қазақстан тарихынан ғұндар ту- лы Римді жаулап алды. (Хрес- томатияның 7–8-беттеріндегі «...гот- ралы білгендеріңді еске түсіріңдер). тардың 410 жылы Римді алуы тура- ІV ғасырда ғұндар рулық-тайпалық лы» деген құжатты қараңдар.) қатынаста өмір сүрген. 374 жылы ғұндар көптеген тайпаларды бағындырып, Ба- тыс Рим империясына орналасып алған герман тайпаларын ығыстыра бастады. 375 жылы остготтарды бағындырған ғұндар вестготтарға ша- буыл жасайды. Ғұндардан қашқан вестготтар 376 жылы Рим императо- рымен келіссөз жүргізіп, империя жеріне қоныстануға рұқсат сұрайды. Бірақ олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтар Оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы Оңтүстік-батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды. Ойталқы Ғұн тайпаларының жорығы Батыс Рим империясының құлауына ықпал етті деген тұжырыммен келісесіңдер ме? 429 жылы вандалдар ғұндармен бірге келген аландармен қоса Сол- түстік Африкаға өтті. Вандалдарды король Гейзерих басқарды. Ол Сол- түстік Африканың едәуір бөлігін басып алып, 429 жылы Вандал ко- рольдігін құрды. Еуропа жеріне келген ғұндар Ат- тила (Еділ) тұсында күшейді. V ға- 455 жылы вандалдар Римді жау- сырдың ортасында Тиса жағалауында лап алып, тонады (хрестоматияның ғұн мемлекеті өмір сүрді. Аттила 9-бетіндегі... вандалдардың Римді тонағаны туралы деректі оқыңдар). Еуропадағы сол кездегі қуатты билеу- шіге айналды. Паннониядан ғұндар Балқан мен Кіші Азияға жорықтар жасап тұрған. Аттила Еуропадағы үстемдік үшін күресе отырып, Галлиядағы Вест- гот, Бургунд және Франк корольдіктерінің бай жерлеріне ие болуға ұмтылды. Ғұндармен бірге жорыққа одақтас герман тайпалары, остгот- тар, аландар және т.б. аттанды. 451 жылы Галлия қалалары: Мец, Шпейер, Реймс өртке оранды. Ғұндар Парижге жетпеді. Сол жақтан олар Орлеанға шабуыл жасады. Орлеан мықты бекініс және биік қамал мұнараларымен қоршалған бола- тын. Аттилаға Орлеанды алу қиынға соқты. Сондықтан ол қаланы алу әрекетін тоқтатады. 11 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Осы жылы Каталаун даласында римдіктер мен ғұндар арасында үлкен шайқас болды. Шайқас нәтижесінде екі жағы да әлсіреді. 453 жылы Ат- тила қайтыс болған соң, құдіретті Ғұн мемлекеті ыдырап кетті. Батыс Рим империясының күйреуі. 476 жылы Батыс Рим импе- риясының тағына 16 жасар Ромул Август отырғызылады. Халық оны менсінбей Августул деп атады. Римдік қолбасшылардың бірі Одоакр (Әдекер) герман тайпаларынан құрылған әскерлерінің қоныс- тануы үшін Италияның үштен бірін беруді талап етті. Император бұл та- лабын орындамаған соң Одоакр әскерімен көтеріліске шықты. 476 жылы императорды тақтан құлатып, жер аударды. Одоакр өз жауынгерлеріне және көмекке келген құлдарға байлардан тартып алынған жерлерді бөліп берді. Осы жыл тарихта құлиеленушілік құрылыстың жойылған және Батыс Рим империясының құлаған жылы деп саналады. V ғасырдың аяғына қарай ғұндардың ығыстырумен Рим империясының жеріне ба- сып кірген франктер Галлияда, остготтар Италияда, ағылшын-сакстер Британия аралдарында өз мемлекеттерін құрды. Әсіресе Хлодвиг басқарған Франк корольдігі ерте ортағасырлық мемлекеттер арасында өте қуатты еді (франктер туралы хрестоматияның 25–28-беттеріндегі деректерді оқыңдар. Ойталқы Герман тайпалары шабуыл жасамағанда Батыс Рим империясы құлар ма еді? ?! 1. Батыс Рим империясы қашан құлады? 2. Батыс Рим империясының әлсіреуіне себеп болған жағдайларды анықтаңдар. 3. Хрестоматиядағы Тациттің еңбегіне сүйеніп, ежелгі германдықтардың шаруашылығы мен тұрмысы жайлы кесте жасаңдар. 4. Кельттер мен германдықтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын салыстырып, сипаттама беріңдер. 1. ІV ғасырдың аяғында Батыс Рим империясының құрамына кірген жерлер ? (тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін) а) Солтүстік Африка г) Кушан ә) Мидия ғ) Парфия б) Бактрия д) Сирия в) Кіші Азия е) Урарту 12 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2. Б.з-дың І ғасырының соңына қарай герман тайпалары а) өзара жаулаушылық соғыстар жүргізді ә) жер өңдеу әдістерін жақсартты б) Кіші Азия түбегіне басып кірді в) Батыс Рим империясына тәуелді болды г) ірі қара мал өсірді ғ) римдік саудагерлермен қарым-қатынас жасады 3. 410 жылы Римді басып алды а) Агамемнон бастаған гректер ә) Аларих бастаған вестготтар б) Аттила бастаған ғұндар в) Гейзерих бастаған вандалдар г) Эрманарих бастаған остготтар ғ) Теодорит бастаған вестготтар * Ғұндарға қатысты мына кестені (инсерт) толтырыңдар. Ғұндар туралы Қандай қызықты Ол деректер сендерді Тағы не бұрынғы білетін- жаңа мәліметтер қызықтырды ма? білгілерің деріңді жазыңдар. білдіңдер? келеді? §3. ВИЗАНТИЯ – РИМНІҢ МҰРАГЕРІ Бүгінгі сабағымызда Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтаймыз. Көрші елдермен қарым-қатынасын қарастырамыз. Рим империясының екіге бөлінуі. Рим империясының шығыс аймақтары экономи- Негізгі ұғымдар: касының даму деңгейі жағынан батыс аймақ- Византия империясы, тардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті им- василевс, патриарх, ператор Константин 324 жылы астананы Рим «Азаматтық құқықтар жинағы». қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын қалаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь деп өзгертілді. Константинопольдің астанаға айналуы оның географиялық орнына байланысты еді. Ол Еуропадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдарында жатты. 395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Константинополь Шығыс Рим империясының астана- 13 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ сы болып қалды. Бұл қала бұрын Византий деп аталғандықтан, Шығыс Рим империясы тарихта Византия империясы деп аталды. Византияның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палес- тина, Мысыр, Месопотамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырым, Кавказдағы иеліктер кірді. Халықтың құрамы ала-құла болды: гректер, еврейлер, арабтар, илли- рийліктер, дактар, армяндар, грузиндер т.б. VII ғасырға дейін латын тілі мемлекеттік тіл болғанымен, көпшілік грек тілінде сөйледі. Византия империясының экономикалық жағдайы. Шығыс Рим им- периясы ерте орта ғасырда Батысқа қарағанда әлдеқайда бай еді. Импе- рияны Мысыр пен Фракия астықпен қамтамасыз етіп отырды. Қалалары қаңырап бос тұрған Батыс Еуропаға қарағанда Византияда тіршілігі қайнап, қолөнері дамыған сауда орталығына айналған Александрия, Иерусалим, Константинополь сияқты қалалар көп болды. Константино- поль Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» атанды. Бұл қаладан әлемнің түкпір-түкпірінен – Қытайдан, Түрік қағанатынан, Иран- нан, Үндістаннан, Батыс Еуропадан, Африкадан келген саудагерлерді кездестіруге болатын. Византияның алтын ақшасы номисма барлық ел- дерде ең сенімді ақша саналды. Византия империясының жері құнарлы, ауа райы егіске қолайлы еді. Сол себепті империя аймақтарында жылына 2–3 рет өнім жинала- тын. Егіншілікпен қатар, Византияда бау-бақша өсіру кең өріс алды. Суармалы жерлерде жүзім, зәйтүн, құрма, көгөністер өсірілді. Мал шаруашылығы да жақсы дамыды. Византияның ауылшаруашылығында құл еңбегінен гөрі ерікті жер иеленушілер мен шаруалар еңбегі басым бол- ды. Сондықтан да Византиядағы ауылшаруашылығы Батысқа қарағанда едәуір жоғары деңгейде дамыды. Византия империясының күшеюi Себептерi Варварлардың Құнарлы жерi Ауылшаруа- Ерікті жер иелену- жойқын шапқын- мен қолайлы шылығы жоғары шілер мен шаруа- шылықтарына табиғи жағдайы қарқында лар қауымы басым ұшырамады дамыды болды I Юстиниан тұсындағы Византия. Византия империясы I Юстиниан (527–565) билік құрған кезінде күшейді. 14 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Мемлекеттік құрылымы жағынан Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды. Барлық өкімет билігі василевстің (византиялық император атағы) қолына шоғырланды. Жұрт Құдайдан кейін императорға табынатын. Ол Шығысқа тән сән-салтанат құшағында өмір сүрді. Император билігін мұрагерлікпен иелену заң жүзінде бекітілмеді. Сондықтан шамасы келген бүлікші жеңіске жетіп, тақты басып алса, заңды мемлекет басшысы болып шыға келетін. Василевс (монарх) Сот міндетін Әскерді атқарды Заңдар шығарды басқарды Византия қоғамында «димдер» деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде әсіресе венеттер (көгілдір) мен прасиндер (жасылдар) партияла- ры ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған Ника (жеңу) көтерілісі әрең де- генде басылды. I Юстиниан билік құрған кезде христиан діні үстем жағдайға ие болып қана қойған жоқ, ол бірден- бір мемлекеттік дін деп жарияланды. Христиан шіркеуі императорлардың одақтасына, мемлекеттің тірегіне айналды. Империя ынтымағын нығайтқан саяси билiк пен дін бірлігінің нышаны ретінде І Юс I Юстиниан тиниан 532–537 жылдары Константинопольде Әулие София соборын салғызды. Константинопольдегi Әулие София соборы 15 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ VІ ғасырдың аяғынан бастап Визан- Хрестоматияның 11-бетіндегі Ника тия шіркеуінің ең жоғарғы басшысы көтерілісі туралы деректі оқыңдар. Константинополь патриархы болды. Императорлар шіркеулерге жер бөліп беріп отырды, оларды салықтан босатты. Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі – Византия халықтарының бәріне бірдей ортақ әрі міндетті заңдар мен құқықтар негізінде өмір сүруі болды. І Юстиниан билігі кезінде жазылған «Азамат тық құқықтар жинағы» византиялық заң шығарушылық ой-пікірдің жетістігі. Ол заңдар императордың шексіз билігін, құлиеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді. Сондай-ақ жекеменшікті қорғау, Хрестоматияның 13–14-беттерін мұрагерлікті реттеу, отбасы құқын дегі Юстинианның кодексінен сақтау, сауда-саттықты дамыту жол- үзінді оқыңдар. дары тұжырымдалды. І Юстиниан заңдары император билігін, империя- ны басқаруды нығайтты, экономиканың дамуына үлес қосты. І Юстиниан 534 жылы Солтүстік Африкадағы вандалдар корольдігін талқандады. 535–555 жылдары Италияны остготтардан тазартты, Испа- ния үшін вестготтармен шайқасты. 540–562 жылдар аралығында Иран- мен соғысты. Византия мен славяндар. V ғасырдың аяғынан бастап Византияға солтүстіктен славян тайпалары үлкен қауіп төндірді. Олар Дунай- дан өтіп, тіпті Константинопольге дейін жорықтар жасап отырды. VІ ғасырдың аяғына қарай славян тайпалары Византия жеріне басып кіріп, Фракияда, Македонияда орнығып алды. 681 жылы Византияның солтүстік-шығысында алғашқы славян мемлекеті – Болгария патшалығы құрылды. VІІІ ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы – орыстардың шапқыншылығы басталды. Олар Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Византия иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. 860 жылы орыстар Константинополь қаласына дейін келіп, Византиямен келісім жасасып, кері қайтты. 907 жылы орыстар тағы да қала маңындағы елді мекендерді тонап кетті. Константинополь түбінде орыстар «грек отының» көмегімен талқандалды. 988 жылы Киев Русі Византиядан христиан дінін қабылдады. Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында достық қатынастар басталды. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қаты- насы. Византия Түрік қағанатымен қарым-қатынас жасаған. Импера- тор ІІ Юстин кезінде Византия мен Түрік қағанатының арасында сәтті 16 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ келіссөздер жүргізілді. Түрік қағаны Иштеми Константинопольге көпес Маниах басқарған елшілік жіберді. Византия императоры бұл елшілікті құрметпен қарсы алып, қайтарында Византия елшісі Земархты қосып, Түрік қағанатына аттандырды. Земарх елшілігі Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Түрік қағаны Иштеми Византия елшілігін құрметпен қарсы алды. Екі ел арасындағы келіссөздерде сау- да және сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдау туралы сөз болды. Қаған сарайы Византияға қолдау көрсететіндігін білдіргенімен, Иран мен Византия арасындағы қатынасқа араласпады. Араб шапқыншылығы. VІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Визан- тияға арабтар қауіп төндірді. Арабтар Византиядан оның ең бай жерле- рін – Сирия, Палестина, Жоғарғы Ме- сопотамия, Мысырды тартып алды. Суретке қарап және қосымша ин- Араб әскері Константинопольді бір тернет деректерін пайдаланып, неше рет қоршап, шабуылдағаны грек отын қалай қолданғаны туралы мен, оны басып ала алмады. Араб айтыңдар. тардың Византия жерін оңай басып алуына халыққа салынатын салық мөлшерінің шектен тыс өсуі се- беп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде қарсы алып отырды. VІІ ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды. Сыртқы шапқыншылық салдарынан импе- рия аумағы үш есе кеміді. Тек VІІІ ғасырдың ортасында ғана Византия арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып кірді. «Грек отын» қолдану (ХIII ғ. миниатюрасы). Жау кемесiн жоятын жанғыш қосынды арнаулы түтiктермен шашылды 17 2–3465 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ойталқы Византияның күшеюіне император I Юстинианның саясаты ықпал етті де- ген тұжырыммен келісесіңдер ме? ?! 1. Византия империясының халықаралық жағдайы мен шаруашылығының дамуына қандай қолайлы жағдайлар мүмкiндiк бердi? 2. Византияның сыртқы саясатының қандай ұтымды және ұтымсыз жақтары болды? 1. VІІ ғасырдың 30-жылдарынан Византия империясына қауіп төндірді (тесттер жауабында бір немесе бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін). а) дактар в) арабтар ә) еврейлер г) орыстар б) болгарлар ғ) түріктер 2. Арабтардың Византия империясынан тартып алған жерлері а) Сирия в) Жоғарғы Месопотамия ә) Парфия г) Мысыр б) Македония ғ) Палестина ? 1. Параграфтағы мәтінді пайдаланып, «Византия империясының көрші ел- дермен қарым-қатынасы» атты кестені толтырыңдар. Славяндармен Түрік қағанатымен Арабтармен 2. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен уақыт мерзімін қойып толтырыңдар. 18 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1) Рим империясының... аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен... аймақтардан әлдеқайда алда тұрды. 2)... жылы Рим империясы ресми түрде... және... болып екіге бөлініп кетті.... Шығыс Рим империясының астанасы болып қалды. 3) Византияда тіршілігі қайнап, қолөнері дамыған, сауда орталығына айналған Александрия,...,... сияқты қалалар көп болды. §4. КИЕВ РУСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ Бүгінгі сабағымызда Киев Русінің құрылуы тарихымен танысамыз. Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгерткенін білеміз. Киев Русінде христиандықтың қалай қабылданғанын, діннің мәдениет пен қоғам дамуына тигізген әсерін анықтаймыз. Шығыс славян тайпалары. VІ ғасырда Киев- Негізгі ұғымдар: тен Воронежге дейінгі орманды дала алқабын христиан діні, шығыс славян тайпалары мекендеген. Шығыс шығыс славяндар, славян тайпаларының жерінде құрылған мем- рухани мәдениеті, лекет «Русь» деп аталды. ІХ ғасырдың басында славян әліпбиі. шығыс славян тайпалары екі мемлекеттік одақ құрды. Біріншісі – полян тайпаларының одағы, астанасы Киев қаласы, екіншісі – солтүстікте Ильмен көлінің маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы. Славяндар қонысы. И.И. Пчелконың картинасы 19 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Шығыс славян шаруашылығының 19-беттегі суретке қарап, ежелгі сла- негізі вяндардың тұрмыс-тіршілігі жайлы егіншілік болған. Қара айтыңдар. топырақты оңтүстіктегі жерлерді көбінесе қос өгіз жеккен соқамен, ал солтүстікте және орманды жерлерде бір ат жеккен соқамен жыртқан. Ек- кен егіндері: қарабидай, арпа, сұлы, тары, бұршақ, зығыр және шалқан. Егінді «тіршілік», яғни «жито» деп атаған. Шаруа шаруашылықтарында жылқы, сиыр, қой, ешкі, шошқа, үй құстары өсірілген. Балық аулау, аңшылық және омарташылық ауылшаруашылығының қосалқы бөлігі ретінде жүргізілген. Туыстас рулар бірлестігінен тайпалар құрылған. Әрбір тайпада қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін вече (халық жиналысы) шақырылып отырған. Тайпалар басшылығына әскери көсем (князь) сайланған. Киев Русінің құрылуы. ІХ ғасырдың екінші жартысында 862 жы- лы шығыс славян тайпалары өздерін басқару үшін Скандинавиядан (Солтүстік Еуропадан) князь Рюрикті билікке шақырды. Рюриктерді шақыруының негізгі себебі, біріншіден, сол кездегі Еуропада үстемдік жасап отырған викинг тайпасына тойтарыс беру болса, екіншіден, «Иль- мен көлінің бойындағы тайпалар арасындағы бақталастықты жою» деп жазады сол кездегі жылнамаларда. ІХ ғасырдың соңында Рюриктің туысы Олег Киевті жаулап алады. Киев князьдары Аскольд пен Дирді өлтіріп, 882 жылы древлян, северян және радимич- тер тайпаларын бағындырды. Князь Олег Киев жерін 33 жыл бойы басқарды. Днепр өзенінің орта ағысында славян тайпаларын бағындырып, мемлекет құрды. Рюриктің баласы Игорь (912–945) Олегтен кейін Киев Русі мемлекетін басқарды. Князь Игорьден бастап орыс князьдары Рюриктер әулетінен шыққан деп саналады. Киев Русіне Киев князы билік етті. Ол елді князьдар мен жасақшылардан құралған Кеңес (Боярлар Думасы) арқылы басқарды. Жасақтар үлкен жасақ және кіші жасақ деп бөлінді. Киев Русі мемлекетінің астанасы – ежелгі Ежелгi Киев Киев қаласы. 20 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 945 жылы Игорьді древлян тайпалары салық жинау кезінде өлтіреді. Игорьдің жесірі Ольга кейіннен древляндардан күйеуінің кегін алады. Игорьдің баласы Святослав 945–972 жылдары Киев Русінде билік жүргізді. Алайда оның жас болуына байланысты княгиня Ольга билікке араласты. Византия мен Киев Русінің арасындағы байланысты жақсарту мақсатында княгиня Ольга 957 жылы Константинопольге сапармен бар- ды. Византия императоры VІІІ Константин Багрянародныйдың құрметті қонағы болды. Константинопольде Ольганы христиан шіркеулерінің биіктігі мен әдемілігі, ішкі сән-салтанаты таңғалдырды. Ольга хрис- тиан дініне өтуге шешім қабылдайды. Княгиня Ольганы христиан дініне қабылдау рәсімін императордың өзі мен патриарх Феофилакт ұйымдастырды. Бұл сапар Киев Русіне Византия мәдениеті мен христиан дінінің таралуына ықпал етті. Игорьдің баласы Святославтың тұсында Киев Русінің қуаты артады. Әскери жорықтар жасап, көрші тайпаларды бағындыру арқылы мемлекеттің жері кеңейеді. Бірақ Киев князьдығында бақталастық күшейіп, Святославтың екі баласы Ярополк пен Олег бірін- бірі өлтіріп, Киев Русі тағына кіші баласы Владимир отырады. Киев Русінің христиан дінін қабылдауы. Владимир (978–1015) кезінде Киев Русі күшейді. Киев Русі мен Византия арасындағы экономикалық және мәдени байланыс дамыды. Шығыс славяндар пұтқа табынған. Киев Русі 988 жылы князь Владимирдің тұсында христиан дінін қабылдады. Христиан діні үстемдікке ие болғаннан кейін шіркеу князьдардан ірі жерлерді сыйлыққа алды және мемлекеттік табыстардан ондық салық алып отырды. Киев Русінде Киев митрополитына (шіркеу басшысы) бағынатын епископтар (дінбасылары) басқаратын епархиялар (шіркеулік- әкімшілік) пайда болды. Христиан дінін қабылдағаннан кейін Киев Русінің халықаралық беделі өсе түсті. Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019– 1054). Ұлы князь Ярослав Мудрый Орыс мем- лекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалады. Еділ бойына Ярославль қаласын салдырды. Мемлекет жері кеңейді. ХІ ғасырда ол солтүстік-батыста Ла- дога және Онега көлдерінен оңтүстікте Қара теңіз жағалауына дейін, Дунай сағасына, Карпат бойынан Дон өзенінің бас жағына, Еділ өзеніне дейінгі кең- байтақ жерді алып жатты. Ярослав Мудрый орыс мәдениетінің дамуына жағдай жасады. Монастырьлар жанынан мектептер ашылды. Ярослав Мудрый 21 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Сәулет өнері дамыды. Киев қаласында алтын қақпалы София соборы салын- ды. Бұл собор Киев қаласында күні бүгінге дейін тұр. Ярослав Мудрый кезінде орыс саудагерлері Еуропа, Шығыс елдерімен сауда қатынастарын жасап отырды. Киев қаласы сауда орталығына ай- налды. Оның тауарлары Бағдат, Александрия, Хорезм қалаларында са- тыла бастады. Балқан түбегіндегі Сербия және Болгария, Чехия мен Сло- вакия, Польша мемлекеттерімен мәдени және сауда қатынасы жасалды. Киев Русі князь Владимир Мономахтың тұсында күшейе түсті. Вла- димир Всеволодович Мономах (1053–1125) Киевте 1113–1125 жылдары билік етті. Князь Мономахтың тұсында Русьтің саяси және экономика- лық жағдайы нығайды. Ол ежелгі орыс мемлекеті жерінің аумағын ұлғайтып, князьдардың өзара қырқысын тоқтатты. Киевтің ұлы князы Владимир Мономах 1113 жылы қала мен деревнядағы әлеуметтік шие- ліністі әлсірету мақсатында Устав қабылдады. Ежелгі Киев Русінің мәдениеті. Қазіргі орыс, украин және бело- рус халықтарының мәдениеті ежелгі Киев Русі мемлекетінің мәдениеті негізінде қалыптасқан. Рухани мәдениетке жазу, жылнамалар, сәулет, сурет және қолөнер жатады. Ертедегі шығыс славяндар шаруашылығы материалдық мәдениеттің дамуына жол салды. Христиан діні арқылы бұл дінді бұрын қабылдаған Балқан түбегіндегі Болгар патшалығымен тығыз байланыс орнап, болгарлар – Кирилл және Мефодий жасаған славян әліпбиі (алфавит) қолданыла бастады. Ежелгі Киев Русінің жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде Новгород қаласынан қайың қабығына жазылған грамоталар, хаттар, шаруашылық құжаттар, шаруалардың арыздары табылды. Монастырьларда көптеген жазба тарихи құжаттар сақталған. Монастырьлардан табылған жазба деректерді, оқиғалар жазбасын орыстар летопись – жылнама деп атаған. Бізге келіп жеткен сондай жылнамалардың бірі – «Бағзы бір замандардың хикаясы» («Повесть вре- менных лет»). Мұны жазған Киев – Печер монастырының монахы Нестор. Бұл жылнама Киев Русі мемлекетінің құрылуы, славян тайпаларының көшпелі тайпалармен соғысы, алғашқы князьдар туралы жазылған тари- хи дерек, жазба ескерткіш болып табылады. Ежелгі Киев Русіндегі монастырьлар жанындағы мектептерде оқу, жазу, дін ілімі, ән үйретілді. Мектепте ер балалар мен қыздар бөлек оқытылды. 1086 жылы Мономахтың туысы Киев қаласында қыздарға арнап мектеп ашқан. 22 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Орыс халқы христиан дінін қабылдағаннан кейін, басқа славян ха- лықтары сияқты оларда да сәулет өнері дамыды. Мәселен, Византияның дәстүрлі сәулет өнері негізінде салынған Успен соборы, Спас-Преобра- женский монастыры, София соборы т.б. Орыс, украин және белорус жерінде салынған барлық православие шіркеулері бір-біріне ұқсас болып келеді. Орыс мемлекетіндегі сәулет өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. Ойталқы Киев Русінің мәдениетіне христиан дінінің ықпалы зор болды деген пікірмен келісесіңдер ме? ?! 1. Киев Русі қай ғасырда құрылды? 2. Неліктен княгиня Ольга христиан дініне өтуге шешім қабылдады? 3. Киев Русінің құрылуына себеп болған тарихи жағдайларды тізіп кесте жасаңдар. 4. Ярослав Мудрый тұсындағы Орыс мемлекетінің жағдайына сипаттама беріңдер. ? 1. Шығыс славяндардың негізгі кәсібі а) малшаруашылығы в) омарташылық ә) ауылшаруашылығы г) аң аулау б) егіншілік 2. Қай князьдың тұсында Киев Русінің қуаты артты а) Святослав в) Всеволод ә) Игорь г) Кий б) Ярослав * 1. Киев Русінің құрылуы жайлы БӘСЭ талдау кестесін толтырыңдар. БӘСЭ мағынасы: Б – басқару жүйесі, Ә – әлеуметтік, С – саяси, Э – экономикалық. Тарихи жағдайлар Әсері Б (басқару) Ә (әлеуметтік) С (саяси) Э (экономикалық) 2.«Орыс мемлекетінің мәдениетіндегі жетістіктер» кестесін толтырыңдар. Рухани мәдениеті Материалдық мәдениеті 23 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Екiншi тарау ФЕОДАЛИЗМ §5. ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI Бүгінгі сабағымызда феодализм түсінігімен, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктерімен танысамыз. Жердің неліктен табыс пен байлық көзіне айналғанын, бытыраңқылықтың феодалдық қырқысу соғыстарына жеткізген әсерін анықтаймыз. Негізгі ұғымдар: Феодализм түсінігі. Орта ғасырлардың негізгі белгісінің бірі жерге жеке феодалдық феод, феодализм, натуралды шаруа меншіктің орнауы. «Феод» атауы «жерге шылық, дворяндар, мұрагерлік иелік ету» деген латынша ұғымды рыцарьлар, шаруалар. білдіреді. Ал бұл жердің иесін «феодал» деп атаған. Феодализмнің мәні – жер кімнің иелігінде болса, биліктің де соның қолында бо- луы. ХVІІ ғасырдағы француз тілінің түсіндірме сөздігінде «феодализм- ге» берілген тұңғыш анықтамада «феодтың иесіне берілетін заңдық құқықтардың жиынтығы» деп сипатталған. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ–Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі – жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құрметті адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік мен- шігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге ай- налды. Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары – мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағынышты феодалдарына (вассалдарына) үлестіріп берді. Алғашқыда әскери қызмет атқарғаны үшін жер сыйға берілсе, кейін мұраға қалдырылды. Сыйға берілген жер «феод», ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Сондықтан орта ғасырда «қожайынсыз жер болмайды» деген нақыл тарады. Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместье (вот- 24 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Аcтық жинау чина) деп аталды. Феодалдық поместье VІІІ–ІХ ғасырларда Франк мемлекетінде қалыптасып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралды. Мұндай шаруашылықта шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Феодалдық вотчинадағы жер 2 бөліктен тұрды: 1) қожаның жері домен деп аталды; 2) тәуелді шаруалардың пайдалануындағы үлестік жерлер. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптар етті. Шаруалар поместьедегі шаруашылық жұмыстарын өз еңбек құрал- жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нәтижесіне мүдделі болды. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі – шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның поместьесінде (иелігі) өндірілді. Феодал поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан Натуралды шаруашылықтың белгілері Натуралды шаруашылық Сауда-саттық пен Қажеттi азық-түлiк Орталық экономикалық пен бұйымдар мемлекеттiк билiк байланыстардың төмен поместьенiң өзiнде әлсiз болды дәрежеде болуы өндiрiлдi 25 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Соқамен жер жырту киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, 25–26-беттердегі суреттерге қарап, ыдыс-аяқ пен құрал-саймандарды ортағасырлық шаруалардың тұрмыс-өздері жасады. Шаруалар да, олардың тіршілігі жайлы айтыңдар. қожайындары да еш нәрсені сатып ал- мады, «бәрі өзімізде бар» деген үрдісте өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық- түлікке, малға айырбастап алатын. ХІ ғасырға дейін ел ішіндегі сауда- саттық өте төмен дәрежеде болды. VІ–Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе са- тылмады және сатып алынбады. Феодалдық бытыраңқылық. Натуралды Феодалдық бытыраңқылықтың шаруашылық жағдайында жеке феодалдық себебін анықтаңдар. иеліктер арасындағы экономикалық және саяси байланыстар өте мардымсыз болды. Батыс Еуропада ірі жер иелігі бар феодалдар жеке-дара шаруашылық жүргізе алды. Мұнда табиғат жағдайы қолайлы, жері құнарлы, өзен-суы жеткілікті, шабындығы мол болды. Осының бәрі феодалдың байлығын молайтып, оның үкіметтен тәуелсіз өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Феодалдық иеліктердің саяси және мәдени орталықтарына айналған қалалар өсіп-жетілді. Феодалдық иеліктер өзінше тәуелсіз мемлекет іспетті еді. ІХ ғасырда Карл империясынан Франция, Германия, Италия бөлініп, жеке корольдіктер құрды. Олардың әрқайсысы көптеген иеліктерге 26 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ бөлінді. Көптеген феодалдардың жер көлемі король иелігінен де асып түсті. Әрбір ірі феодалдың өз әкімшілігі мен соты, әскері болды. Оларды қол астындағы шаруаларды бағыныштылықта ұстауға әрі сыртқы жау- дан қорғануға пайдаланды. Ірі феодалдар көршілерімен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін өздері шеше беретін. Күшейіп алған жекелеген феодалдар өздерін корольмен тең санай бастады. Осының бәрі ІХ–ХІ ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық быты- раңқылықтың негізгі белгілері болды. Феодалдық қырқысулар. Бытыраңқылық кезінде феодалдар үнемі өзара қырқысу соғыстарын жүргізіп отырды. Олардың мақсаты – бай көршісін тұтқындап, құн талап ету, тонаушылықпен олжа табу бол- ды. Феодалдар соғыс кезінде қорғану үшін мықты қамалдар (замоктар) тұрғызып, сонда тұрған. Қамалдар алғашқыда ағаштан, кейін тастан са- лынды. Мықты етіп салынған қабырғаларына бірнеше жерден мұнаралар орнатылып, қамалдың айналасынан су толтырылған орлар қазылды. Ордың үстіндегі жиналмалы көпір түнде және жау шапқанда көтеріліп қойылды. Жаудың қамалға кіруі үшін мықты темірмен қапталған қақпаны бұзуларына тура келді. Бүкіл қамал құрылысының ең биігі бас мұнара еді. Мұнараның іші бірнеше бөлмелерден тұрған. Онда феодал өз отбасымен өмір сүрген. Қамалдың астында суы бар құдық, азық-түлік қорларын сақтайтын қамба орналасты. Сонымен қатар қолға түскен тұтқындарды ұстайтын зындан да бар еді. Өзара қырқысулардан әсіресе қорғанатын қамалы жоқ шаруалар зардап шекті. Қырқысу соғыстары феодалдық шаруашылыққа зиянын тигізді. Егістіктер тапталып, елді мекендер өртелді. Бұл қырқысуды тоқтатуға шіркеу барынша күш жұмсады. Ол Христостың туған күні, пас- ха мейрамы кезінде соғысты күнә деп жариялады. Өзара қырқысуларды тоқтатуға корольдер де мүдделі болды. Ойталқы Натуралды шаруашылықтың феодалдық бытыраңқылыққа ықпал еткенін дәлелдеңдер. ?! 1. Феодалдық құрылыстың құлиеленушілік құрылыстан ерекшелігін көр сетіңдер. Феодалдық құрылыс оған дейінгі құрылыстарға қарағанда озық болғандығын қалай анықтаймыз? 2. Орта ғасырлардағы «қожайынсыз жер болмайды» деген мәтелді қалай түсінеміз? 3. Феодалдық қырқысулардың зардаптарын анықтаңдар. 4. Феодалдардың өзара қырқысуларын тоқтатуға корольдер неге мүдделі болды? 27 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ * 1. Мына терминдердің бір-бірінен айырмашылығын жазыңдар. Феод Феодал Феодализм 2. Еуропадағы феодалдық бытыраңқылықтың белгілерін төменде берілген кластер арқылы ашып көрсетіңдер (жұмыс дәптерінде орындаңдар). Еуропадағы фео далдық бытыраң қылықтың белгілері §6. ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ Бүгінгі сабағымызда феодалдық саты, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымымен танысамыз. Үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын анықтаймыз. Феодалдық саты. Феодалдық құрылыс Негізгі ұғымдар: тың тағы бір ерекшелігі – феодалдар атақ- феодалдық саты, лауазымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. вассал, шаруалардың міндеткерліктері, Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп феодалдық қырқысулар. аталды. Ең жоғарғы сатыда басты феодал – король тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі сатыда корольдің бағы- ныштылары герцогтер мен графтар тұрды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген елді мекендер қарады. Олардың билігінде үлкен әскер жасағы болды. Графтардан кейінгі сатыда олардың бағыныштылары – барондар мен виконттар тұрды. Олар жиырма-отыз елді мекенді басқарып, сол шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдар- дың – рыцарьлардың (салт атты әскер) мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды. Мырзалардың бір-біріне са?