Зерттеу нәтижелерін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл құжат білім беру нәтижелерін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері жөнінде мәліметтерді қамтиды. Критерийлердің маңызы, бөлу және білім беруді сипаттау тәсілдері жан-жақты қарастырылған.
Full Transcript
**Зерттеу нәтижелерін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері.** Зерттеуді әзірлеу процесіндегі ең маңызды нәрсенің бірі -- белгілі бір объектілерді, процестерді, іс-әрекеттерді зерттеуге, бағалауға, сипаттауға және талдауға негіз болатын **критерийлерді әзірлеу және іріктеу, көрсеткіштер мен индика...
**Зерттеу нәтижелерін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері.** Зерттеуді әзірлеу процесіндегі ең маңызды нәрсенің бірі -- белгілі бір объектілерді, процестерді, іс-әрекеттерді зерттеуге, бағалауға, сипаттауға және талдауға негіз болатын **критерийлерді әзірлеу және іріктеу, көрсеткіштер мен индикаторларды таңдау.** Критерийлерді әзірлеу аса оңайға соқпайды. Біз төмендегі терминдерді қалай түсінеміз: - Критерий деген не? - Көрсеткіш деген не? - Индикатор деген не? ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- **Критерий** -- белгілі бір нәрсені бағалауға, анықтауға және жіктеуді жүзеге асыруға негіз болатын белгі, бағалау өлшемі. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- **Критерий** -- зерттеу әдістемесін әзірлеудегі маңызды ұғымдардың бірі. Бұл бізге белгілі бір нәрсені бағалауға, жағдайды сипаттауға, жіктеуге немесе белгілі бір объектіні, іс-әрекетті айқындауға мүмкіндік беретін белгі-сипат, нақты айтқанда, бұл бағалау өлшемі, сипаттамалық талдау өлшемі. +-----------------------------------------------------------------------+ | **Критерийлердің мысалдарын қарастырайық:** | | | | **Білім беру ұйымының ашықтығының белгілері (критерийлері):** | | | | \- Ақпараттың ұсынылуы; | | | | \- Ақпараттың қолжетімділігі; | | | | \- Қарым-қатынас жасау мүмкіндігі; | | | | \- Басқаруға қатысу мүмкіндігі. | | | | **Ашықтық критерийлері деген не?** | | | | Бұл сарапшылардың, бағалау және талдау жүргізуші мамандардың білім | | беру ұйымының ашықтығы немесе онша ашық еместігі жөнінде шешім | | қабылдауына негіз болатын белгілер. | | | | Ең алдымен, ұйымның әртүрлі қызмет бағыттары туралы ақпараттың болуы | | оның ашықтығының критерийі болып саналады, яғни ұйым туралы | | ақпараттың болуы ең бірінші критерий болып табылады. | | | | Осыған орай, сайтта білім беру жүйесі қызметінің барлық бағыттары | | туралы ақпарат болуы керек. | | | | Сайт пайдаланушыларға ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеудің | | ыңғайлылығын қамтамасыз етуі керек. Сайт пайдаланушылардың білім беру | | ұйымы басшыларымен және қызметкерлерімен байланысу мүмкіндігін | | қамтамасыз етуі керек. | | | | Сайттың коммуникациялық мүмкіндіктері пайдаланушылардың сайт арқылы | | мемлекеттік ұйым қызметкерлерімен кері байланыс жасау мүмкіндігін | | қамтамасыз етуі тиіс, яғни пайдаланушылар сұранысына сәйкес сайттың | | интерактивті қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. | | | | Критерий: басқаруға қатысу мүмкіндігі. Бұл жағдайда басқаруға қатысу | | мүмкіндігі ашықтықтың екінші жағы болып табылады. Бұл жерде жалпы | | ашықтық туралы айтып отырғандықтан, жүйені өзгерту және білім беру | | ұйымын басқаруға қатысу туралы өз пікірін білдіру мүмкіндігі де | | ашықтық критерийі бола алады дегенді білдіреді. | +-----------------------------------------------------------------------+ **Көрсеткіш** -- критерийлерді ашуға көмектесетін **деректер**. Мысалы, «Ақпараттың ұсынылуы» критерийін алайық. Біз ақпаратты жекелеген ақпараттық элементтерге ажыратып қарастырамыз: сайтта **педагогтер туралы ақпарат** бар ма, сайтта **әкімшіліктің қабылдау уақыты туралы ақпарат** бар ма, **осы ақпарат** мектептегі стендте бар ма? Яғни ақпараттың ұсынылу сипатын бағалау үшін біз барлық өзекті ақпараттың бар-жоқтығын айқындауымыз керек. Нәтижесінде біз не нәрсе бар, не нәрсе жоқ екендігі туралы деректер аламыз. Біз оны сандық түрге де аудара аламыз: «иә» дегенді бір санымен, ал «жоқ» дегенді нөлмен ауыстырамыз, нәтижесінде біз бұл деректермен сандық деректер сияқты жұмыс істейміз, бірақ шын мәнінде бұл сапалы деректер болып табылады. Енді білім беру ұйымының сайтындағы **ақпараттың қолжетімділігі көрсеткіштерін** қарастырайық. Бұл сайт бойынша **іздестіру жүйесінің** сұрақтары, **рубрикаторлардың болуы** және **күрделі құжаттарға түсініктеме беру** болуы мүмкін. **Индикатор дегеніміз не?** ***Indicator*** латын тілінен тікелей аударғанда *көрсеткіш* дегенді білдіреді. Техникалық тұрғыдан алғанда **индикатор** -- тікелей қабылдауға болмайтын, көзбен көріп, бағалауға болмайтын нәрсені көруге мүмкіндік беретін құрылғы, құрал түрі. Бұл үшін индикаторлары бар құрылғылар жасалады. Индикатор тікелей бақылауға болмайтын нәрсені көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, ата-аналардың мектепті басқаруға қатысу мүмкіндігін қалай бағалауға болады? Біз оны тікелей көре аламыз ба? Мұндай мүмкіндіктің болуын неден байқауға болады? Мысалы, жоғарыда айтылған ашықтық критерийлерін қарастырайық: ата-аналардың мектепті басқаруға қатысу мүмкіндігінің критерийі. Біз қалай көре аламыз? Ата-аналарда мұндай мүмкіндік бар ма, жоқ па? Оны тікелей көруге бола ма? Бәлкім, тікелей көруге болмайтын шығар, бірақ бұл критерий бойынша бағалау үшін біз бұл мүмкіндікті нақты қандай көрсеткіштер арқылы көруге болатынын түсінуіміз керек. Ата-аналардың мектепті басқару мүмкіндігі бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін индикаторлардың мысалдары: \- мектепте басқарушы кеңестің болуы; \- басқарушы кеңестегі ата-аналардың үлесі; \- ата-аналардың (басқарушы кеңестің) қатысуымен қабылданған жергілікті құжаттардың үлесі; \- мектепті басқару мәселелері бойынша ата-аналардан алынған сауалнамалардың жиілігі. Осыларға орай, келесі тұжырым жасауға болады: Критерий -- белгілі бір объектіні бағалауға, сипаттауға немесе белгілі бір санатқа топтастыруға мүмкіндік беретін оның кешенді сипаттамасы. Критерийлер синонимдер ретінде қолдануға болатын *көрсеткіштер* мен индикаторлардың көмегімен айқындалады, ал көрсеткіштер есептік көрсеткіштер немесе есептік емес, тікелей көрсеткіштер болуы мүмкін. Мысалы, сыныптағы балалар саны -- есептік көрсеткіш емес. Ал сыныптағы қыздардың үлесі есептік көрсеткіш болып табылады, өйткені сыныптағы оқушылардың жалпы санындағы қыздардың үлесі қанша екенін пайыздық көрсеткішпен есептеу керек. Индикаторлар анық көрінеді. **Білім сапасының бірқатар көрсеткіштерін қарастырайық** Зерттеу процесінде таңдалған мониторинг моделін жүзеге асыру үшін білім сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің барынша толық жиынтығын құрастыру қажет. Көрсеткіштер жиынтығын таңдау және құрылымдау себептері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда көрсеткіштер жиынтығы мыналарды қамтуы керек: \- жеткілікті дәрежеде толық болуы; \- басым бөлігінде қолдануға жарамды болуы; \- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде танымал және пайдалы болу; \- бірнеше жылдар бойы маңызға ие болжамды ақпараттарға бағдарлануы; \- ақпарат жинаудың сенімділігін, қарапайымдылығын және экономикалық орындылығын қамтамасыз ету. Білім беру сапасының мониторингінде көрсеткіштердің жалпы жиынтығын келесі топтарға бөліп қарастыруға болады: \- білім беру жүйелерінің қызмет сапасының көрсеткіштері; \- оқу процесі сапасының көрсеткіштері; \- оқыту нәтижелері сапасының көрсеткіштері; \- оқытудағы инновациялық қызмет сапасының көрсеткіштері (ақпараттық технологияларды, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің озық тәжірибесін пайдалану); \- білім беру мекемелерін басқару сапасының көрсеткіштері және т.б. Бірінші топқа қатысты көрсеткіштер мыналарды сипаттайды: білім беру мазмұнының, құрылымының, білім беру бағдарламалары және оқу процесін ұйымдастыру формаларының сапасы; оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімділігі; озық педагогикалық технологиялардың болуы, педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің сапасы және т.б. Сонымен қатар білім беру жүйесінің сапасын көрсететін жалпылама көрсеткіштерді де ескеру қажет, олар басқару шешімдерін қабылдау тиімділігінің сипаттамаларын, ақпараттық мүмкіндіктердің қолжетімділігін, жүйелердегі тікелей және кері байланыстың тиімділігін, білім беру жүйесін дамыту үдерісінің болжамдылығын қамтиды. Екінші топқа қатысты көрсеткіштер оқытудың қолжетімділігі мен дербестендірілу деңгейін сипаттайды: оқу процесін ұйымдастыру сапасы, оқыту жағдайлары және оқыту ортасының ахуалы; оқу бағдарламаларының вариативтілігі; оқыту мен бақылаудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының сәйкестігі; оқыту құрылымы мен мазмұнының білім беру теориясы мен тәжірибесінің қазіргі үрдістеріне сәйкестігі; оқытуда компьютерлік әдістерді қолданысқа енгізу дәрежесі, білім беру мекемесінің негізгі (аудиториялық) және қосымша (сабақтан тыс) уақыттағы қызметінің сипаттамасы және т.б. Үшінші топқа қатысты көрсеткіштер оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау нәтижелерін (бағалау барысындағы ішкі және сыртқы бағалау көрсеткіштері); тыңдаушылардың оқу жетістіктерінің сапасын және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді қамтиды. **Пайдаланылған материалдарға сілтеме:** Заир-Бек С.И., Мерцалова Т.А. Басқару мен білім берудегі ақылды аналитика (Умная аналитика в управлении и образовании). «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университеті https://www.coursera.org/.