Ұлы Дала тарихы және географиясы PDF
Document Details
Tags
Summary
Мақалада Ұлы Даланың тарихи-географиялық сипаттамасы, көшпелі өркениеттердің дамуы, олардың ерекшеліктері және маңызды археологиялық мәдениеттері қарастырылған. Мақалада Ұлы Даланың көлемді тарихы туралы жалпы, қысқаша мәліметтер берілген, оған қоса әртүрлі ескерткіштердің сипаттамалары берілген.
Full Transcript
**«Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы** **Географиялық сипаттамасы** 1\. «Ұлы Дала» деп деп Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солтүстік-шығысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз.Ұзындығы 6 мың, ені 2 мың.Геогарфиялық атауы...
**«Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы** **Географиялық сипаттамасы** 1\. «Ұлы Дала» деп деп Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солтүстік-шығысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз.Ұзындығы 6 мың, ені 2 мың.Геогарфиялық атауы -- Еуразия даласы. Ұлы Дала -- тарихи-мәдени ұғым, ал Еуразия даласы -- географиялық ұғым. 2.Орта ғасырларда Ұлы Даланың атауы мұсылман жазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталады. Х-ХҮІІғ Қара теңіз бен Каспий аралығын «Батыс Дешті Қыпшақ» ал қазақ даласын «Шығыс Дешті Қыпшақ» деп атаған **Ұлы Даланың маңызды тарихи-мәдени мәні.** 1.Ұлы Дала өркениеттің «бесігі» саналады. Мал шаруашылығына қолайлы жағдай болды. Даланың экологиялық , табиғи-климаттық жағдайы көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болды. 2\. Бұл жерде түркілер, моңғолдар, ирандықтар,моңғолидтер, европейдтер өмір сүрді. 3\. Ұлы Дала көшпелідердің және отырықшы --егіншілік өркениеттерің өзара ықпалдастығы. **Ұлы Дала көшпелі өркениеттердің қайнаркөзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит пен қола дәуірі)** **Энеолит дәуіріндегі Ұлы Дала** 1.Энеолит ((б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдық) қамтиды. Мал шаруашылығы пайда болды. Солтүстік Қазақстандағы Ботай-Терсек археологиялық мәдениет қалыптасты. **Ботай-Терсек мәдениеті** 1\. Б.з.б 3700-3100ж өмір сүрді. Ботайлықтар жылқы өсірумен айналысты. Жылқыны қолға үйрету б.з.б. ІҮ мың ортасында Солтүстік Қазақстаннан басталды.Ботайлықтар мыс қорытуды білмеді, бірақ тастан және сүйектен құрал жасауды білді. 2\. Б.з.б. ІІІ мың Ботай мәдениеті өз ерекшеліктерін жоғалтты. Бұған себеп табиғаттағы қуаңшылық және жылқы малының азаюы себеп болды. Ботайлықтар өз қоныстарын тастап, Оңтүстік Орал мен Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты кәсіп еткен тайпаларға қосылды **Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығы** 1\. Б.з.б. 3600-2300 ж Ұлы даланың батыс бөлігін қамтыды. 2.Мал өсірумен айналысты.Жартылай көшпелі болды. Олар ірі қара, ұсақ малдар және жылқы өсірді. Жүк арба арқылы көшіп-қонып жүрген. 3\. Мәйіттерді қорған астындағы шұңқырға жерлеуі Көнешұңқыр мәдениетінің өзіндік белгіссі болды. **Қола дәуіріндегі өзгерістер.** 1\. Тұрақты қоныстарғ дөңгелекті көлік және қола құю жатады. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта ҰЛы дала үшін үлкен өзгеріс болды. Қуаңшылықтың салдарынан шаруашылық пен мәдениет түрлері. Тұрақты қоныстар пайда болды. Арқайым, Сынтас дегендер алғашық қала десе де болады. 2\. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында дөңгелек арбалар пайда болды. Оларды өгіздерге жекті. Тайпалар арасында жиі қақтығыстар болды. Атқа жегілген әскери арбалар пайда болды. Аңыздарында да көрініс тапты. Авестада Құдайлар шайқаста жаунгерлерге көмектесті. Ал жауынгерлер қамқоршысы Митра құдайы аспанда дөңгелекті әскери арбамен жүреді. 3\. **Қазақстандағы қола дәуірі б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІ ғ қамтиды.** 4\. Б.з.б. ІІ мың басында Ұлы Дала тұрғындары қола қорытуды меңгерді, Б.з.б. ІІ мың ортасында еңбек құралдардың көбісі қоладан жасалды. Сарыарқа мен мһ Кенді Алтайда мыс өндіру б.з.б. ІІ мыңжылдықта басталып, , б.з.б. ХІІІ-ХІІ ғ кен өндіру ісі жоғары шегіне жетті. Орт Қазақстан және басқа жерлерде ежелгі заманда кен жазған 500-ге жуық кен орны табылды. 5\. Б.з.б. ІІІ мың соңы --ІІ мың басында басты жетістік дөңгелек арба мен қола өндірісі болды. А**ндрондық тарихи-мәдени қауымдастық** 1.Қазақстан аумағындағы қола дәуірді Андрон мәдениеті деп атайды. Б.з.б ІІІ мың соңында даланың қазақстандық бөлігіне Жайық өзеніжақтан шыққан тегі жағынан көнешұңқырлық көптеген малшы тайпалардың қоныстануы басталды. Ірі қара, қой және жылқы үйірі болғандықтан оларға көп жайылым қажет болды. Бұл кезде Ремейдегі Оңтүстік Орал мен Қазақстанның далаларында адамдар аз қоныстанды, жерлер бос жатты. 2\. Андрондықтарда ерлердің мәртебесі жоғары болды. Кен өндірді Тастардан үй салды. Дөңгелекті көлікті қолданды. Атқа салтқа міну дәстүрі болды. Андрондықтар негізіген сиыр малын өсірді. 3\. Ботайлықтардан айырмашылығы сүтті мал өсірумен айналысты. Сиыр сүті мен сүт өнімдері олардың негізгі азығы болды. **Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері** Андрон ескерткіштерінің басым бөлігі Оңтүстік Орал мен Қазақстанда кездесті. **[1. Сынтасты мәдениет]**. (б.з.б. 21-18ғғ). Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында орналасқан. Мұнда сазбалшықтан дөңгелете немес тікбұрышты пішінде ерекше үлгімен тұрғызылған қоныстарымен, екі аяқты арба және жылқыны қоса көмген. Қоныстарының ірісі Арқайым мен Сынтас. Мүрдені қабірге сол қырымен алақандарын бетінің ьұсына қойып жатқызған. Ерлер қарумен, әйелдерді әшекейлермен жерлеген. Жерлеу кезінде құрбандыққа жануарлар (жылқы, ірі қара, ұсақ мал) шалынған. [ ] **[2. Петров мәдениеті. (]**б.з.б 17-16ғ). Сынтаспен жақын. ерекшелігі -- қорғаныс орларының болуында. Үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Қыш өндірісі, тоқымашылық, сүйек өңдеу ісі, эшекейлер жасау, қоладан қарулар мен еңбек құралдар жасады. **[3. Алакөл мәдениеті. (Б.з.б 17-13 ғғ).]** Орманды далада өмір сүрді. Қабырғаларын бөренелермен құрастырған үлкен жартылай жер үйлерде тұрған. Әрбір үйде жерден қазылып, таспен өрілген бірнеше ошақ болды. Тасты -- Бұтақ қоныстарында ағаш орнында тас қолданылды. Мәйіттерді шынтағын бүгіп, сол жағымен бүктестіре жатқызып, басын батысқа қаратқан.Мәденитетің соңғы кезеңінде мәйітті өртеген. Әйелдердің әшекейлері көптеп табылды. **[Федоров мәдениеті. (б.з.б. 15-12ғ).]** Алакөлдіктердің дәстүрін жалғастырды. Шығысқа қарай жылжып, Тобыл және Ертіс алаптары маңына қоныстанды.Батыс шекарасы Торғай қаласы болды. Атқа салт міну кең тарала бастағандықтан, алғаш рет өзекті, сүйекті және мүйізді ауыздықтар қолданыла бастады. **[Сарғаралық мәдениет. (б.з.б. 13-8 ғ).]** Федоров мәдениетін алмастырды.бұл мәдениетке шамамен 200 қоныс пен 40 қорым жатады.Ерекшелігі жапсырма қыш ыдыстары. Қолөнер өркендеп, қола металлургиясы жоғары деңгейде дамыған. Андрондық үлгідегі соңғы мәдениет. **[Беғазы-Дәндібай. (б.з.б. 10-8ғғ).]**Қыш ыдыстырмен ерекшеленід. Мал шаруашылығы мен қола металлургиясы дамыған. Ерте темір ғас белгілері де табылған. Ыдыстардан тамғаға ұқсас белгілер табылған. Ерекшелігі : мүрдені шалқасынан жатқызып жерлейтін тастан құрастырылған кесенелерінің болуы. **Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті** 1\. Көшпелілік ерте темір дәуірінде, яғни б.з.б. І мыңжылдықта қалыптасты. 2\. Көшпелілік п.б себептері: құрғақшылық.Адамдар қой ме жылқы өсіре бастады. **Ұлы даладағы ертедегі көшпелілер** 1\. Андрон мәдениетінің орнына сақ-скиф деп аталатын мәдени-тарихи қауым келді. 2\. Сақтар. Б.з.б. ҮІ ғ соңында парсы жазбалар -- сақтар туралы жазылған ең алғашқы деректер. 2 дерек Геродоттың еңбегі. 3 дерек б.з.б. І мыңсоңына жататын көнеқытайлық жылнамалар.