Psychology-Pedagogical Diagnostics Textbook PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
2012
К. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова
Tags
Related
- Pädagogische Psychologie - Lernen Und Lehren PDF
- Pädagogisch-psychologische Lernförderung im Kindergarten- und Einschulungsalter PDF
- TEMA 6 Oposiciones 2024 PDF
- Psychological and Pedagogical Characteristics of Children with Speech and Sensory-Motor Disorders
- Podstawy diagnostyki psychopedagogicznej PDF
- Úvod do speciálně pedagogické diagnostiky PDF
Summary
This textbook, published in 2012, provides a comprehensive overview of psychological-pedagogical diagnostics aimed at educators and psychology students. It covers theoretical foundations, practical applications, and assessment methods to aid in understanding individual psychological differences, with an emphasis on practical use of established methodology in Kazakhstan.
Full Transcript
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ К. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ОҚУ ҚҰРАЛЫ Алматы, 2011 1 УДК 159.9 (075.8) Т 65 Пікір берушілер: Р. Б....
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ К. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ОҚУ ҚҰРАЛЫ Алматы, 2011 1 УДК 159.9 (075.8) Т 65 Пікір берушілер: Р. Б. Каримова – психология ғылымдарының докторы, профессор; Н. Б. Жиенбаева – психология ғылымдарының докторы, профессор; Ш. М. Майгельдиева – психология ғылымдарының докторы, доцент. Т 65 Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012. – 304 бет. ISBN 978-601-217-288-1 Оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне психология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мазмұны негізінде «Психологиялық-педагогикалық жеке адам диа- гностикасы» оқу пəнінің типтік бағдарламасына сəйкес жазылған. Оқу құралының мазмұнында болашақ мамандарға практикалық қызметте қажетті педагогикалық-психологиялық білімдердің ғылыми-əдіснамалық, əдістемелік негіздеріне талдаулар жасалынып, психологиялық- педагогикалық диагностиканың теориялық мағлұматтары, практикалық қызметте қажетті кеңестер, қолданылатын əдістемелер, оларды алғашқы өңдеудің негіздері қарастырылған. Оқу құралы жоғары оқу орнының оқытушыларына, магистранттары мен студенттеріне арналған. УДК 159.9 (075.8) ISBN 978-601-217-288-1 © Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н., 2012 © ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012 2 АЛҒЫ СӨЗ Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына əсері олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы орнын анықтауды жəне бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда, адам қоғамына қызмет етуші болашақ педагог-психолог ма- мандарды кəсіби даярлау мəселесіне ерекше назар аударылады. Болашақ педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру, стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалық- психологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу, ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу, арнайы əдістемелерді пайдаланып əртүрлі жастағы балаларға психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу жəне психологиялық қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет түрлерін ұйымдастыра білетін маман ретінде дайындалады. Осы мазмұнындағы қызметті ұйымдастыруда теориялық білім жəне практикалық дайындықты қамтамасыз ететін психологиялық циклдегі пəндерді оқытудың бір саласы «Психологиялық- педагогикалық диагностика» оқыту пəні. Бұл пəнді оқыту барысында студенттер психодиагности- ка саласының қалыптасу тарихымен, психологиялық тестілеу қағидаларымен, психодигогностикалық əдістермен жəне əдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі психолог қызметінің мазмұнымен жəне ұйымдастырылу бағытымен танысады. Лабораториялық сабақтарда жалпы, балалар, жас ерекшелік психологиясы пəндері бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері шешіледі. «Психологиялық-педагогикалық диагностика» пəнін оқыту мақсаты: - болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық жəне практикалық дайындықтарын жүзеге асыру; 3 -тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық əдістерді қолдануға үйрету; - педагогика жəне психология ғылымындағы өзекті мəселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми іс-əрекетті меңгерту; - маманның практикалық дайындығын жəне кəсіби дағдыларын игеру. Ұсынылып отырған оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне пси- хология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мазмұны негізінде «Психологиялық- педагогикалық жеке адам диагностикасы» оқу пəнінің типтік бағдарламасына сəйкестендірілген. Əрбір бөлім арнайы тараулар- дан, оның соңында берілген студенттердің өзіндік жұмысына тап- сырмалар мен сұрақтар жəне ұсынылған əдебиеттер тізімінен құралады. Оқу құралын ұсынудағы басты мақсат – практикалық психология қызметін қазақ тілінде ұйымдастыруды мүмкіндігінше қамтамасыз ету. 4 1-БӨЛІМ. ПСИХОДИАГНОСТИКА МАЗМҰНЫНЫҢ КӨРІНІСІ 1.1 Психодиагностикаға кіріспе 1.2 Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі 1.1 Психодиагностикаға кіріспе «Диагностика» термині гректің dia – арасында, сонан соң жəне gnosis – білім деген екі ұғымынан құралады. Ғылыми əдебиеттерде термин түрлі мазмұнда аударылады. Жалпы «диагностика» адам, ұжым, құбылыс, процесс туралы жинақталған білім негізінде жүзеге асырылатын іс-əрекет ретінде түсіндірілсе, ал «психодиагности- ка» жеке адамның психологиялық құрылымын тұтасымен танып білуге жəне белгілі бір психологиялық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Ғылымның теориялық мазмұны психологиялық тесттер, əдістемелерді меңгерту жəне оқыту процесі барысын- да мəліметтерді өңдеу, талдау тəсілдерімен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар психодиагностика психологиялық əдіс-тəсілдердің белгілі бір талаптарға сай қолданылуын қадағалайтын ғылыми сала. Психологиялық сөздіктерде психодиагностика ұғымы адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын, өлшейтін əдіс түрінде жəне психология ғылымының саласы ретінде сипатталады. К. М. Гурьевич психодиагностиканы психологиялық эксперимент- пен бақылаудың бір түрі ретінде қарастырады, С. Л. Рубинштейн психологияны топтағы адамдардың деңгейіне қарай бөлу керек деп түсіндіреді. В. А. Дюк диагностиканың негізін жеке адамның қасиеттерін сандық бағалауда, яғни статистикалық заңдылықтарды анықтау өлшемдерімен сипаттауды ұсынды. Сонымен қатар, пси- ходиагностика жеке адам қасиеттерін зерттеу барысын бағалауға да бағытталады. Мұнда ол эксперименттің ерекше бір түрі ретінде қолданылады жəне диагностикалық əдістер мен тəсілдердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Көрнекті психолог Р. С. Немов пси- ходиагностиканы оқыту пəні ретінде зерттеліп отырған обьектіні психологиялық өлшемдермен бағалау құралы деп қарастырды. Ал кейбір ғалымдар (А. А. Бодалев, В. А. Столин, Й. Шванцар) пси- 5 ходиагностиканы психология ғылымының практикалық өрісі мен теориялық негізінің шыңы ретінде қарастырады. Сонымен, жеке адамның қасиеттерін тəжірибе барысында зерт- теу ережелеріне негізделген психодиагностикалық қызмет психолог əрекетіндегі кəсіби нормалардың жиынтығы жəне соның барысында анықталған адами қасиеттердің сапалы да, шынайы өлшемі болып табылады. Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға деген реакциясы, дағдысы, икемділігі, мотивациясы анықталады. Жоғары дəрежелі психолог кеңесші болу үшін психодиаг- ностиканың тəжірибелік жəне теориялық саласын жеткілікті білу шарт. Бұл деңгейде психолог практикалық психодиагностиканы түзету-дамыту, кеңес беру барысында жəне қолданбалы психология, педагогика салаларында кеңінен қолданады. Адамдардың психологиялық қасиеттерін бағалау жүйесінің та- рихы мен оларды қолдану сонау ерте заманнан басталған. Оның дəлелі ретінде біздің заманымызға дейінгі 111 мыңжылдықта көне Вавилонда мектеп түлектеріне зерттеу жүргізілген деген мəліметтер бар. Көне Египетте абыз мəдениетіне қатаң тестілеуден өткен адам- дар ғана үйретілген. Пифагор өз мектебінде түрлі тапсырмаларды дұрыс орындаған адамдарды таңдап алған. Ерте Қытайда б.з. дейінгі 2 мың жыл бұрын үкімет аппаратына шенеуніктер сайлауда олардың ерекше мотивациялық, эмоциялық ерік тұрақтылығын, физикалық қабілеттілігін, ар-намысы мен мəдениеттілік сияқты қасиеттерін ар- найы зерттеу қалыптасқан. Орта ғасырда Вьетнамда азаматтық жəне əскер шенеуніктерін сайлау барысында олардың жеке қасиеттеріне баса көңіл аударылған. Қиыр шығыс елдерінің медициналық білім беру жүйесінде де психодиагностикалық əдістер қолданылған, яғни адамның ойлау қабілетінің психологиялық ерекшелігі мен оның белгілі бір физиологиялық, əлеуметтік, биологиялық ауысу өзгерістері психологиялық тұрғыда зерттелген. Мысалы, баланың есте сақтау қабілетінің төмендігі, оған əсер ететін факторлар мен заңдылықтарды анықтау жəне т. б. Сонымен бірге, психодиагностика психологияның барлық саласы, соның ішінде, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, патопсихология салаларында кеңінен қолданылады. Нақты айтқанда, тəжірибиелік психология мен психодиагностика мамандардың негізгі қызметінде əлеуметтік зерттеу əдістері ретінде қарастырылады. Бұл қалыптасқан дəстүр ретінде, яғни əлеуметтік қызмет саласында белсенді əлеуметтік психологиялық зерттеу түрінде қолданады. Əлеуметтік 6 психологиялық зерттеулерде психодиагностика кейбір өлшемдердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін беретінмəлімет ретінде кең пайдаланылады. Бұл мəлімет психодиагностиканы теориялық жəне қолданбалы психологиялық ғылым саласы ретінде айқындай түседі. 1.2 Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі Психологиялық ілімдер ерте заманнан бастау алады. Ежелгі дүние елдерінде жан туралы ілім Үндістан, Қытай, Мысыр, Ва- вилон, Грек елдерінде тіршілік пен өмір, жан мен тəн, оқыту мен тəрбие жəне т.б. негізгі мəселелер ретінде күн тəртібіне қойылып келген. Жан мəселесіне қазақ халқы да ерекше мəн берген. Мəселен, жанға байланысты ой-пікірлер, мақал-мəтелдер мен нақыл сөздер, эпостар мен жырлардың халық психолгиясы үшін маңызы зор болған. Олардың мазмұнынан халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының баламасы ретінде қарастырады. Сол дəуірде Френсис Гальтон Англияда биологиялық тестілеудің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол тұқымқуалаушылық арқылы берілетін биологиялық қасиеттерді зерттеу арқылы диагностикаға ғылыми қызығушылық туғызғанын атап көрсетуге болады. Тұқымқуалаушылықты зерттеу барысында Гальтон бірге туған адамдар мен қандас емес адамдарды өлшеу қажеттілігін зерттеп, адамның ата тегі мен егіздік арасындағы нақты ұқсастық деңгейін анықтады. Сонымен бірге, осы мақсатта зерттеулер жүргізген Гальтон 1884 жылы бүкілəлемдік көрмеде антропометрикалық лаборатория ұйымдастырды. Онда адамдар өздерінің физикалық мінездемесіне сəйкес көру немесе есту тереңдігін зерттеуге арналған тестік тексеруден өтті. Мұндай тестік зерттеулер алғаш рет тұлғаның дамуын жəне ақыл-ой деңгейін анықтауда да қолданылды. Англияда алғаш рет арнайы психометриялық меке- мелерде адам қабілетінің статистикалық мəліметтерін жинақтауға бағытталған корреляция əдісін қолдану ұсынылды. Гальтон зерт- теулер барысында дисперсиялық талдауды ұсынса, ал Спирмен факторлық талдауды ұсынды. Сонымен қатар, Г. Айзенк, Г. Кэттел тұлға қасиеттерінің психодиагностикасын анықтау үшін факторлық талдауды қолданды. Қорыта айтқанда, ғасырлар бойына қалыптасқан жеке адамды зерттеу тəсілдері қазіргі кезеңде олардың құндылығын 7 арттыра түсетін психодиагностикалық зерттеулер мазмұнын толықтыра түсері сөзсіз. Психодиагностикалық əдістемелер жеке адамды зерттеп, даму бағыттарын көрсетумен қатар, психолог қызметінің кəсіби, əдеп жəне моральдық қалыптарына бағыт берді. Олай болса, психодиагностиканың ғылыми-қолданбалы мақсаты тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму дина- микасын, мінез-құлық ауытқуларын, қабілеті мен қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу. Осы мақсатқа қол жеткізуде төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді: 1. Жеке адамның қасиеттерінің даму динамикасын нақты уақыт өлшемдеріне байланысты анықтау. 2. Жеке адамның, топтың психологиялық іс-əрекетіндегі нақты өзгерістерді көрсету. 3. Жеке адамның психологиялық даму жəне қалыптасу жағдайларын ұйымдастыру. Ал практикалық психодиагностика төмендегідей міндеттерді көздейді: - мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерді анықтау; - психологиялық ерекшеліктердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау; - топта тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне салы- стырмалы талдау жасау. Психодиагностикалық əдіс түрлерін дұрыс пайдалана білу үшін жеке адамның психикалық ерекшеліктерін, психоаналитиканың теориялық негіздерін толық меңгеру қажет, сол жағдайда ғана жеке психикалық ерекшеліктерді бағалау немесе өлшеу барысын- да нақты өлшемдерге қол жеткізуге болады. С. Л. Рубинштейн психодиагностикалық зерттеуді ұйымдастыруда зерттеудің негізгі екі базасын атап көрсеткен. Бұл бақылау (өзін-өзі бақылау жəне обьективті бақылау, өздігінен тура жəне жанама бақылау) жəне экс- перимент. Одан соң əдістерді төмендегідей жіктейді: - іс-əрекетті орындау барысындағы психикалық ерекшеліктерді зерттеу əдісі; - сұхбат алу əдісі; - анкета əдісі; - тест əдісі; - генетикалық əдіс. 8 Б. Г. Ананьев жіктеулері бойынша психологиялық зерттеулер төрт топқа бөлінеді: 1. Ұйымдастыру, лангитюдті салыстыру жəне жинақтау əдісі. 2. Топтық мəліметтерді жинақтаудың эмпирикалық тəсілдері; бақылау жəне өзін-өзі бақылау, лабораториялық эксперимент жəне психодиагностикалық əдіс (тест, анкета, сауалнама, сұхбатттасу): а) тапсырманы орындау барысында іс-əрекетті бағалау жəне оған сапалық талдау жасау; ə) жобалау (математикалық, кибернетикалық); б) биографиялық əдіс ( адамның өмір жолын зерттеу, құжаттық тал- дау). 3. Эксперимент жəне бақылау нəтижелерін талдау, мəліметтерді статистикалық өңдеу жəне сапалық сипаттама беру. 4. Талдау əдісі: а) Генетикалық (жалпы даму ерекшеліктерін көрсететін материалдарды талдау); ə) Құрылымдық ( жеке адаммен топты жəне өзгеде тұлғалар мен байланысты сипаттау). Сонымен қатар, психодиагностика əдістерді əдіснамалық бағытын өлшеу технологиясына қарай топтастырады. С. Г. Болтыгин диагно- стиканы зерттеу тəсілдері ретінде «дедуктивті» жəне «индуктивті» əдістер деп бөледі. Ал, Розенцвейг психодиагностикалық əдістерді үш түрге бөліп қарастырды. Бірінші түрі: субьективті əдіс – субьектінің өзін-өзі обьект ретінде бақылауы. Екінші түрі: обьективті əдіс – жеке адамды сырттай бақылау арқылы ішкі құрылымдық байқау. Үшінші түрі: жобалау əдісі – жеке адамға кері əсерін тигізбейтін стимулдарға зерттелінушілердің əсерін талдау. Мəскеу университетінде 1987 жылы жалпы психодиагностика ав- торлары технология бағыттарын негізге ала отырып, келесі топтама- ны ұсынды. Бірінші топтамаға дұрыс жауапты қажет ететін тапсыр- малар жатқызылады: 1. ақыл-ой дамуы жəне арнайы қабілеттер тесті, жеке адам ерекшеліктерін анықтауға арналған тесттер; 2. дұрыс жауабы жоқ, бірақ белгілі бір бағытты көздейтін тесттер. Екінші топ тестері вербальды жəне вербальсыз психодиагнос- тикалық əдістерден құралған. Үшінші топқа өлшеу қағидаларына негізделген психодиагнос- тикалық əдістер жатады: 1. Обьективті теттер диагностикалық міндетті дұрыс шешуді та- лап етеді. 9 2. Стандартты өзіндік есеп беру тесттері. 3. Проективті техникалар. 4. Пікірлесу (интерактивті техникалар). 5. Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері. Психодиагностика əдістерінің топтамасы қолданылу бағытына қарай төмендегідей топтастырылады: 1. Объективті əдістер. 2. Субъективті əдістер. 3. Жобалау əдістері. Іс-əрекеттерді орындау тəсілдері мен нəтижелеріне қарай: 1. Жеке тұлғаны зерттеу тестері. 2. Іс-əрекетті зерттеу тестер 3. Ситуациялық тестер 4. Ақыл-ойды зерттеу тестері 5. Қабілетті зерттеу тестері 6. Жетістікке жетуді зерттеу тестері. 7. Бағыт-бағдарды зерттеу тестері Зерттелушінің өзі туралы берген мəліметіне негізделген өлшемдер: 1. Тұлғалық жəне арнайы сауалнамалар. 2. Сауалнамаларлар. 3. Өзекті жəне өткен мəселелер жөнінде сұхбат алу. 4. Биографиялық əдіс. 5. Белгілі бір жағдайларға байланысты жеке тəртібін баяндау. Психологтың алдына қойған мақсатына сəйкес орындала- тын психодиагностикалық міндеттерді шешуде қолданылатын əдістемелер объективті, субъективті жəне проективті əдістер жүйесінде жинақталса, оңтайлы шешімін береді. Бекіту сұрақтары: 1. Психологиялық диагностика ғылымының зерттеу объектісі? 2. Психодиагностика ғылымын дамытуға үлесін қосқан ғалымдар кімдер? 3. Психодиагностика қандай ғылым салаларында қолданылады? 4. Психодиагностиканың практикалық мазмұны қандай? 5. Психодиагностика ғылымының мақсаты, міндеттері, əдіснама- лық бағытын өлшеу мазмұнының топтамасы қандай? 6. Объективті, субъективті, проективті əдістер деген не? 10 2-БӨЛІМ. ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 2.1. Психодиагностиканың қалыптасу тарихы. 2.2. Психодиагностиканың революцияға дейінгі даму тарихы. 2.3. Психологиялық зерттеулердің Ресейде жəне Қазақстанда дамуы. 2.1 Психодиагностиканың қалыптасу тарихы Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға бо- лады. Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шы жылдары қалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалардың адам жан дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін та- рихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Де- мокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыра- тын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді. Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 11 (аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан. Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған. Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейп- циг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты пси- холог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінез- құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым болып қалыптасады. Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде ай- нала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клини- каларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жа- сады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборато- рия құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла ба- стады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды 12 өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жа- насатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз. Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады. Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиаг- ностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы – алғаш рет жеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды. Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек фран- цуз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды. Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шка- ласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы 13 жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу ба- рысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады. Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры Эббингауз эксперимен- талды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде қолданған болатын. Психодиагнгостика тарихындағы мұндай эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциал- ды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау ту- ралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психоло- гия ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты. Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэт- тел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сай- ын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест түрлері берілді. Тесттер жеке түрде қолданылды жəне онда бұлшықет күші, қозғалыс жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру жəне есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы, əсер ету уақыты, ес жəне т.б. өлшемдерді анықтауға бағытталды. ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында жасалған тесттер арасын- да Кэттел тестін кез келген адам қолдануға мүмкіндік алды, оның ішінде колледж студенттері, мектеп оқушылары, ересек адамдар, басқа да зерттелушілер. 1893 жылы Чикагода ұйымдастырылған Колумбия тесттік көрмесіне қатысушылар өзінің сенсорлық, 14 моторлық жəне жəй перцептивті процестерін өлшеу жəне салысты- ру мүмкіндіктеріне ие болды. Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формула- сын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады. 2.2 Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы Тəжірибиелік психология мен психодиагностиканың ғылыми практикалық пəн ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жүзеге асты. Олар психофизика, психо- диагностика, психометрика, психотехникамен тығыз байланыста болды. Психодиагностиканың тарихы XIX ғасырда клиникалық даму кезеңінен басталды. Осы кезеңнен бастап психиатрлар мен дəрігерлер жан дүниесі сырқаттанған адамдарды ауруханаларда сырттай бақылау жасай отырып, нақты сипаттамалар береді. Пси- ходиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау əдістері пайда болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ба- сында орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды. Əлемдік білімнің дамуында Рессейдегі психологияның дамуы өзіндік орынға ие болды. Осы кез- де эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды. 1-кезең – 20 жылдардың басы мен 30 жылдардың ортасы. Бұл кезеңде К. Н. Корнилова, Л. С. Выготский, П. П. Блонның көзқарастары мен белгілі бір əдістемелері ғылыми-əдістемелік тесттердің даму жағдайын қалыптастырды. Революцияға дейін пси- хологтар мен педагогтар көптеген зерттеулері мазмұндық тұрғыда біріктіріліп жүргізілді. Олар П. П. Блон, Г. И. Россолимо, А. П. Не- чаев, А. М. Шуберт еді. Зерттеушілердің көзқарастары мен жалпы қызметі əлеуметтік жағдайларды қамтыған психологиялық тесттерді пайдалану болды. 1910 жылы Ресей психологы Г. И. Россолимо өзінің ақыл-ойды дамыту тестін тұлғаны бағалаудың «психологиялық профилдік» əдістемесі жолымен жасады. Бұл əдістеме Ресейде жəне басқа шетелдерде кеңінен тарады. Американың психологиялық ас- социациясы Роберт Эриксонның басқаруымен «Армиялық интел- лект» тестін жасады. Интеллектіні зерттеудің алғашқы топтық бұл 15 тестіне «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» мазмұнымен 1 млн 727 мың американ солдаттары қатыстырылды. 2-кезең – 30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы. Бұл кезеңде əдіснамалық жəне теориялық мазмұндағы есте сақтауға арналған тесттер кеңінен пайдаланылды. Ауқымды теориялық жəне тəжірибелік жұмыстар, психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық бағытта ұйымдастырыла бастады. Солардың ішінде, Герхард Витциактың екі іргелі монографиясы «Психодиагностика негіздері», «Преодаление учебной неуспевае- мости» жəне Юрген Гуткенің «Оқытудағы интеллектуалдық диагно- стика ерекшеліктері» еңбектерінің маңызы ерекше болды. Сонымен қатар, К. Гутьяраның «Психикалық қасиеттердің өлшемі», «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе» ұжымдық еңбектері жарық көрді. 3-кезең – практикалық психологияда сандық жəне сапалық тест əдістерін қолдану. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық əдістерді қолдану қажеттегін дəлелдеуге қадам жасады. Олардың алғашқысы болған Б. М. Теплов өзінің «СССР-дағы психологиялық ғылым» атты мақаласында психодиагностикалық зерттеудің маңыздылығын баса көрсетеді. К. К. Платонов зерттеу əдістері бойынша бағалаудың үш түрін ұсынды: механикалық, формальды, құрылымдық. Ковалев пен В. И. Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу əдістерінің қорытындысына дəл жəне анық қол жеткізудің жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Л. Выготский, Ж. Пиаже, Дж. Брунер балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапа- ларды анықтау тестілерін дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Б. Ананьев жəне т.б. еңбектері, соның ішінде, іс-əрекет психология- сы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орынға ие болды. Сол кезеңде психология іс-əрекет барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызметі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Л. С. Выготскийдің (1896-1934) жан мəселелерін баяндай- тын мəдени-тарихи теориясы ілімнің түрлі аспектілері 1982- 1984 жылдары Мəскеудің «Педагогика» баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мəселелер: 1. Жоғары психикалық функциялардың даму тари- 16 хы; 2. Жасөспірім психологиясы; 3. Жалпы психология пробле- малары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл жəне жазбаша тіл), көптілділік мəселелері қарастырылған. Тəуелсіз еліміздегі тіл мəселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары бүгінгі күнгі өзекті мəселе екенін ескерсек, осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мəселелері, соның ішінде көптілділікті балалық шақта қалыптастырудың мүмкіндіктері үнемі зерттеу нысаны болғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің «Сөйлеу мен ойлау» проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, арақатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар. Л. С. Выготский «Диагностиканы өрістету жəне қиын баланың педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін анықтау үшін қолданылған психометриялық сынақтардың ғылыми маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тəсіл арқылы қалыпты мек- теп оқушыларының ақыл-ой дəрежесін зерттеу қате қорытындылар беріп, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мен ақыл-ой дамуында кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып шатастырылуы мүмкін деді.Психодиагностикалык əдістемелер ішінде белгілі болып сана- латыны «интеллект тесті», интеллектуалды дамудың жас мөлшерін анықтауға арналған əдістеме. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде жалпы туа пайда болған қабілеттер кез келген тапсырманы дұрыс орындаумен анықталады. Ақыл-ой əрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П. Я. Гальперин жасады. Ақыл-ой əрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік жəне қолданбалы аспектілерді талдап саралайды. П. Я. Гальперин өзінің «Бағдарлаушы іс-əрекет психологиясының пəні» деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын жəне олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И. П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс иде- ясына сүйеніп, əр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді. Тəжірибе жүргізудің ерекшелігі, психодиагностика психология- лық фактілерді белгілейді. Психодиагностикалық əдіс-тəжірибиеге негізделеді. Психодиагностика əдістерін практикада қолдану адамдардың қасиеттерін, даралық ерекшеліктерін, даму деңгейін, кəсіби жəне шығармашылық тапсырмаларды орындау қабілетін 17 анықтаумен байланысты. Бүгінгі таңда тұлғаны психодиагности- калау əлеуметтік объектілерді басқарудың негізін құрайды, өйткені адамдардың қасиеттерін анықтау арқылы ұжымдағы психологиялық климатты анықтау жеке адамның ішкі мотивациясының жоғары жетістіктерге жəне бəсекелестікке ұмтылуымен анықталады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды əлеуметтік дамуы белсенді, жа- сампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамдық дамудың қазіргі жағдайында, елдің саяси, мəдени, əлеуметтік- экономикалық жақтарын жаңарту кезінде – жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат ретінде дамуына, олардың тұлғалық қалыптасу жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді. Психология ғылымында тұлға теориясына байланысты 300 аса анықтамаға тоқталуға болады. Тұлға анықтамасы қаншама ауқымды болса, оның құрылымы туралы көзқарастар да соншалықты кең екеніне көз жеткіземіз. Л. С. Выготский алғаш рет психикалық қызметті жоғары мəдени жəне төменгі табиғи деп бөлінуін ұсынды. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі – оның бағыттылығы деп аталады. Л. С. Выготский пікірі бойынша адамның тұлғалық ерекшелігі қарым-қатынастың кешенді нəтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны оның орындайтын іс-əрекеті оның қалыптасуын анықтайтын жағдайларды көрсетеді. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-əрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастың бірлігін құрайды. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық жəне əлеуметтік факторларға байланысты екені мəлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуының негізі болып – нақтылы тарихи ортаны айтуға болады. Сонымен, тұлға – біріншіден, əлеуметтік қатынас пен сана- лы əрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып, əрекеті барысында қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында тұлға – қоғамдық субъект ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды. А. Н. Ле- онтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, тұлға – белсенді қоршаған əлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен тұтастай енетін субъект деп қарастырған. Тұлғаның 18 қалыптасуы адамның мотивациялық аймағының, яғни оның та- лап- тілектерінің, ұмтылыстарының жəне ниеттерінің дамуы болып саналады. Қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, ал бұл олар- ды қанағаттандыратын амалдардың пайда болуын жəне оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуы- на байланысты баланың танымдық қабілетінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, əдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асы- рылады. А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша, адамның мотива- циялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты іс-əрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-əрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сəйкес, олардың функционалдық жəне генетикалық байланысты құрамаларын байқауға болады. В. Г. Леонтьев мотивацияның екі типін атап көрсетеді. Біріншісі қажеттілік түрінде, сонымен қатар қызығу, ин- стинкт түрінде, екіншісі мотив түрінде көрінеді. Бұл жағдайда мотив пен мотивация бір-біріне ұқсас болып кетеді. В. Г. Леонтьевтің бой- ынша, мотив мотивация формасы ретінде белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталған іс-əрекет пайда болады. Оқу үдерісінің негізгі итермелейтін күштерін анықтау, оның нəтижелі жүргізілуіне өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл туралы іс-əрекет теориясын құрастырғандардың бірі А. Н. Леонтьев «тұтас үдеріске бағытталған нəрсе, субъектінің нақты іс-əрекетке итермелейтін түрткісімен (мотивпен) сəйкес болады», – деп жазады. Яғни адам белсенділігінің үдерісі əрқашанда бір нəрсеге бағытталады, оның мəні бар. Сонымен қатар бұл үдеріс белгілі бір қажеттілік жəне мо- тивке (қажеттілік қанағаттандырылатын пəнмен) бағытталады. 2.3 Психологиялық зерттеулердің Ресейде жəне Қазақстанда дамуы. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, əрине, психология ғылымына да ортақ. Əрине, ғылымның біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте заман- нан (Əл-Фараби, Абай, Шəкəрім психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ, 20-жылдарда М. Жұ- мабаев, Ж. Аймауытов еңбектерінде біршама жасалынған болатын. 19 Мəселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында, Н. Құлжанованың «Мектепке дейінгі тəрбие», «Ана мен бала» де- ген кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біршама пікірлер қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тəлім-тəрбие ғылымының ірге тасының қалануында орыс ғалымдары өз үлестерін қосты. Мəселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жəрдем еткен профессор В. Я. Стру- минский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұр- ғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мəселелерін қарастырған «Психология» еңбегі болды. Сонымен қатар ол мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін кітап», «Орынбор 1-басқыш мектебі шəкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбегі жарық көрген болатын. Қазақстанда отызыншы жыл- дары қызмет еткен, аты бүкіл əлемге əйгілі, Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі – А. П. Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен əлемге белгілі ғалым болатын. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практи- касына енгізуді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам ғылыми еңбектің, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология жəне оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің психологиялық мəселелері», «Дене тəрбиесінің психологиясы», «Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнертапқыштардың пси- хологиясы», «Ес жəне оны тəрбиелеу» жəне т.б. Сонымен бірге қырық жылдық еңбегінің нəтижесі ретінде «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбегін атап көрсетуге болады. Бұл еңбекті көрнекті психологтар Д. Н. Узнадзе мен К. Н. Корни- лов өте жоғары бағалады. Осы еңбектің нəтижесінде педагоги- ка ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі берілген болатын. Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына ғалымның қосқан үлесі зор болды. Ресей психологиясы саласында қарастырылған өзекті проб- леманың бірі даралылық болды. Орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері даралық айырмашылықтардың теориялық негізіне мінез жəне темпераментті адамның жалпы даралық сипаты ретінде зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тəжірибесіне жо- 20 спарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Оның тəжірибесінде жекелеген психикалық процестер ғана емес, психикалық функциялар жəне тұлға толығымен зерттелді. А. Ф. Лазурский тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялық орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы жəне экспериментал- ды психология» атты дəріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын ұсынды, яғни, эндопсихика жəне экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент жəне мінез эндопсихика- ны, яғни тұлғаның тума қасиетін құрайды. Экзопсихикалық тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесін білдіреді. Осы негізде оның тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды. С. Л. Рубинштейн даралылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара əрекеттесу барысында қарастыруды ұсынды. Л. С. Рубинштейн көзқарасы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол даралықты ашық жəне жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал даралық – тұлға мен іс-əрекет субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, даралылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие: І-ші деңгейдегі индивидтің ерекшеліктері: - жыныс, жас конституциясы, нейродинамикалық қасиеттер; - психофизиологиялық қасиеттер жəне органикалық қажеттіліктер; - нышан жəне темперамент ІІ-ші деңгей іс-əрекет субъектісі: - когнитивті сипаттар, коммуникативтік қасиеттер, еңбекке қабілеттілік; - қабілеттер. ІІ-ші деңгейдегі тұлғалық көрсеткіштер: - статус, əлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы; - жүріс-тұрыс мотивациясы; - мінез жəне бейімділік. А. Н. Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық жəне онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. А. Н. Леонтьев тұжырымы бойынша, тұлғаның даралық ерекшеліктері қоғамдық негізінде ту- ындайды. В. С. Мерлиннің пікірінше, даралық – бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы реттескен қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық тұлғалық жəне т.б. қасиеттер. 21 Қазіргі кезде Ресейде жəне шетелдерде даралықты зерттеудің бірнеше орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В. В. Белоустың басшылығымен даралықтың полиморфты мəселесі зерттеледі. Онда қазіргі кезеңде даралықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық даралықты зерттеудің негізгі орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы профессор В. С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы даралық мəселесімен айналысушы зерттеушілер Л. Я. Дорфман, Б. А. Вяткин, А. И. Щебетко. Даралықты құрылымдық зерттеуде Л. Я. Дорфман интегралды даралықтың ерекшеліктеріне, иерархиялы тəсіліне, көп деңгейлі ин- теграция мен дифференциация процестерінің бірлігіне, дара жүйелер арасындағы көп жəне бірмəнділік байланыс икемділігіне талдау жа- сады. Ол метадаралық жəне интрадаралық иерархиялы деңгейлері мен олардың арасындағы байланысты да қарастырды. Даралықты зерттеу ғалым В. М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілді. Зерттеудің өзіндік сипаты даралық-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерін жалпы психометриялық тəсілдермен өңдеуге баса назар аударды. В. М. Русалов адамдардың дифференциялдық- психофизиологиялық даралығын екі деңгейге бөліп қарастырды: - бірінші, төменгі деңгей – организмнің биологиялық қасиеттері; - екінші, жоғары деңгей – тұлғалық, индивидтік жəне басқа əлеуметтік-мəдени құрылымдар. Ресейде психофизиологиялық қабілеттер зертханасында ғалым Э. А. Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы- шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Э. А. Голубева даралық құрылымдағы физикалық жəне тұлғалық деңгейлерді атап көрсетті. Л. С. Выготский, Б. Т. Ананьев, В. Крутецкий, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов жəне т.б. психологиялық тұжырымдарында қабілеттің құрылымдық компоненттері мəселелері қарастырылды. Ал, дарындылық мəселелері шетел ғалымдары Ф. Гальтон, Э. Мейман, Э. Торндайк, В. Штерн жəне т.б. зерттеулерінде қарастырылды. Қабілеттілік жəне дарындылық мəселесін кеңес психология- сында 40-50 жылдары Б. М. Теплов ерекше зерттеді. Ол қандай да бір күрделі іс-əрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның мүмкіндігі қажет екенін дəлелдеген. Іс-əрекеттің та- бысты орындалу мүмкіндігіне тəуелді болатын қабілеттіліктің са- палы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б. М. Теплов 22 «дарындылық» мəселесін зерттей отырып, табиғи нышан болмысы- на ерекше көңіл аударды. Л. А. Рудик «дарындылық» қабілеттіліктің дамуына алғышарт бо- лып табылатын туа біткен қабілеттілік, Н. Д. Левитов аналитикалық- физиологиялық нышанды бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры, Г. И. Иванов даму барысындағы қабілеттілікте байқалатын туа біткен ерекшеліктер мəселелерін қарастырды. В. А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу еңбектерінде былай дейді: «Егер «қабілеттілік» деп белгілі психикалық қасиеттерді айтатын болсақ, дарындылық деп адам қабілетінің өзіндік байланысын, бірлігін айта аламыз». Ол сонымен қатар, бұл феноменді зерттеу кезінде іс-əрекеттегі қоғамдық – та- рихи өзгерістерді жəне олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек деген. А. Т. Асмолов еңбектерінде дарындылық мəселелеріне жан-жақ- ты түсінік берілген. Ғалым бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге баса назар аударған. А. Т. Асмоловтың ғылыми зерттеулері бұл мəселе төңірегінде үш жақты көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни гендік, əлеуметтік, «тарихи – эволюциялық қатынас». Отызыншы жылдардағы психологиялық зерттеулер қазақ ғалымдары Ш. Əлжанов, М. Əуезов, С. Балаубаев, Ə. Сыдықов, Т. Тəжібаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Х. Т. Шерьязданова еңбектерімен байланысты. ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында психодиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау сияқты зерттеу əдістері кеңінен қолданыла бастады. Бұл кезеңдерде əдістемелерді қолданудың сапалық мазмұнына көңіл аударылды. Вундтың басшылығының дүние жүзінде бірінші эксперименталдық- психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктері де ашылды. ХІХ ғасырдың аяғына дейін адамның түйсігін, сезім мүшелерін зерттеу практикалық психодиагностиканың зерттеу нысаны болып келді. Қазіргі психодиагностикалық əдістер жеке адам мəселелері жəне оның қасиеттері мəселелерін қарастырады. Жеке адамды зерттеудегі теориялық ізденістер мен қолданбалы зерттеулер, атап айтқанда, математикалық, статистикалық өңдеулер, басқа да ғылыми көрсеткіштерге сүйенеді. Психодиагностика теорияларына негізделе жасалған математикалық статистика нəтижелері биология, экономи- ка, медицина жəне т.б. ғылымдарда да қолданылады. 30-40-шы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ 23 ғалымдары Ш. Əлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ə. Сыдықов, Т. Т. Тəжібаев, А. Темірбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарынан отандық пси- хология қолданбалы аспектіде де елеулі қарқынмен дами баста- ды. Мəселен, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінде логика жəне психология мұғалімін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылда- ры осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шығып, олардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орында- рында ғылыми мекемелерде қызмет етіп келеді. Осы жылдары Рес- публика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тəжібаев зор үлесін қосты. Бұл кезеңде психология ғылымынан бірнеше дис- стертациялар қорғалды. Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқа- новтың «Ақыл ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақстанның психологиялық тарихы» Т. Жүкештің «Ұлттың психологияның си- паты», Р. Ильясованың «Медициналық психология», Ə. Алдамұ- ратовтың «Қызықты психология», Ғ. Досболовтың «Алдын ала тер- геу психологиясы», В. Яковлевтің «Діндар адамның жан дүниесі» еңбектері психодиагностика саласын дамытудың теориялық негізі деп есептелді. 1988 жылдан бастап елімізде практикалық психо- логия қызметін, оның ішінде, психодиагностика саласын дамытуда психологтар даярлау ісі қолға алынуы маңызды шараға айналды. Қазіргі кезде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Семей, Шығыс Қазақстан университеттерінде психология- дан бакалавр мен магистранттар даярлауда, орта мектептерде «пси- холог» мамандығының штаты енгізу бағытында орасан жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл мектептерінің əлеуметтік психологиялық мəселелері мал шаруашылығына қажетті мамандардың сондай-ақ, жаңа типтегі лицей гимназия, колледж, медресе шəкірттерін оқытып, тəрбиелеудің психологиялық про- блемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психология- сын, көптілділік пен көпөкілдіктің психологиялық астарын зерттеу, 24 нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан-алуан психологиялық жайттар - өз шешімін күтіп тұрған өміршең про- блемалар болып табылады. Елімізде психология пəнінің арнайы ғылым саласы ретінде оқытыла бастауы жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарынан басталады. Қазақстанда бұл пəн осы кезеңде педагогикалық жəне тəлім-тəрбие беретін жоғары жəне арнау- лы орта оқу орындарында оқытылды. Ал жалпы білім беретін орта мектептер жəне өзге типтегі оқу орындарында психология пəнінің кең өріс алып, жан-жақты қамтылуы Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін 1946 жылы қараша айында қабылданған БКП(б) Орталық комитетінің орта мектептер мен жоғары оқу орындарында логи- ка жəне психология пəндерін міндетті түрде оқыту жайындағы қаулысына сəйкес іске асты. Республикада 1958 жылдан бастап пси- хологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кəсіби бағдар беретін Алматы қалалалық зерттеу орталығы (1987) Талдықорғанда «Əлеуметтік-психологиялық орталық» (1945), жұмыс істейді. 1992 жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тəлім-тəрбие ассоциациясы» құрылды. Психологиялық зерттеу жұмыстары жи- ырма педагогикалық институт пен бес университеттің кафедрасын- да жүргізілді. Ұлттық ғылым академиясы жанына педагогика жəне пси- хология бөлімшесін ашу көзделді. Этнопсихология ғылыми зерттеу орталығын ашу – ол маңызды істің бірі. Қазіргі кезде Қазақстандағы орта дəрежелі арнаулы білім беретін колледждер мен гимназияларда, лицейлер мен арнайы мектептерде психоло- гия пəнін оқытуға айрықша назар аударылады. Мұндай оқу орын- дарында психология пəнін оқып үйрену, біріншіден, өскелең буынның дүниетанымдық көзқарастарын дамытып белгілі жүйеде қалыптастыратын болса, екнішіден, табиғаттың иесі болып сана- латын адамның жан дүниесінің сырын терең біліп, оған тəлім- тəрбие берудің өзекті мəселелерін үйретеді. Олай болса, адам тек өзін-өзі бақылап, тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл- ойы мен парасатына сүйене отырыпөз ырқына көндіре алады. Бұл қорытынды психодиагностика саласының адамтану жайындағы ғылымдар арасындағы жетекші ролін көрсетеді. Психодиагностика саласында жүргізіліп жатқан əртарапты зерт- теулер қазіргі қоғамдық дамудың, оның тыныс тіршілігінің жаңа сипаты, демократиялық бағыт бағдары, қазақ елінің егемендігі мен тəуелсіздігі жағдайында адам құқығы мен оның ізгілік мейірбандық, 25 имандылық секілді адамгершілік қасиеттерінің өріс алуынан туын- дайтыны белгілі. Белгілі ғалым Қ. Жарықбаев өз еңбегінде қазақ жерінде бұл ғылым саласының дамуы жөнінде төмендегідей баға береді: «Міне, осындай мəселелерде дұрыс, толық шешілген қазақ психологиясы түбінде əлемдік деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, əрбір адамға, қоғамға, мемле- кетке алға қойылған ұлы мақстқа тез жетуіне зор ықпалын тигізеді» дейді. Бұл мəселелерді шешу үшін ғылымның қай саласы болма- сын өзінің өткен тарихын саралап, салмақтап, таразыға салуы керек. Өткен кезеңдерде жіберілген кемшіліктерді ескере оты- рып, ғылым жаңалықтарын есепке ала туындаған сұрақтардың шешімін тапса, оның қорытындысында үлкен маңыз болаты- нын ғалым атап көрсетеді. Бұл жерде Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі жəне өнер таңдау» атты еңбегінде ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау əдістері арқылы сол кездегі қоғамдық өмірдің ақиқатын ашуға мүмкіншілік беретін ұлт, əлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын анықтай түскендігін көрсеткен зерттеулерін психодиагностика саласындағы жетістік ретінде атап көрсетуге болады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жаңа дүниенің есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жəрдемдесу. Мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттері мен кейбір туғаннан берілетін ерекшеліктерді (темперамент, нышан жəне т.б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіруге, кісілікке ұмтылуға ерекше мəн берудің маңыздылығын жалықпай қайталап айтып отыр. Адам өз бойын- да қандай талант, зеректік, қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет бар екендігін білуі шарт, яғни, өзін-өзі тануы қажет. Өзін-өзі танымаған өзгені тануға шорқақ болады дейді автор. Ж. Аймауытов зерттеулерінің ғылымилығын арттыра түсіретін нəрсе еуропалық психолог ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндауы. Сонымен бірге, отандық ғылыми психологиялық терминдердің алғаш жүйеге келуі Ж. Аймауытов есімімен тығыз байланысты. Қай кезеңде де термин сөздерге салмақ жүктелген, өйткені жекелеген ғылымның өзіндік ерекшелігі, сыр-сипаты болады. Ал Ж. Аймауытов еңбектерінің негізгі мəні ұлттық үлгі термин жасау қағидасы болды. Мəселен, оның туындыларында кездесетін ерік – воля, елігу – влечение, еліктеу – подражание, ілілік – ассоциация, рух-дух 26 жəне т.б. көптеген психологиялық ұғымдар күні бүгінге дейін төл оқулықтарымызда ешбір өзгеріссіз ұлттық терминология қорында орын алып келеді. Ж. Аймауытовтың «Психология» кітабында сурет, кесте, нұсқа жəне т.б. иллюстрацияларға ерекше мəн берілген. Оқулықта классикалық ғылыми психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні бүгінге дейін қолданыста мəнін жоймаған түрлі – прибор, аспап – құралдардың (спимограф – тамырдың өте нəзік айырмасын табу жəне қызметі түтікпен қозғалатын аспап; гемограф, кардиограф – жүректің қозғалысын анықтайтын құрал; пинеймограф – қанның көлемі мен қан сауыттарының өзгеруін білдіретін аспап жəне т.б.), сондай-ақ көптеген нұсқа, кестелердің суреттері жүйке жүйесінің бөліктері, ми жарты шарларының құрылысы, есту, сипай – сезу мүшелері – көз, құлақ, тері, жүйке талшықтары жəне т.б. орын теп- кен. Осы иилюстрациялардың қазіргі психология оқулықтарының деңгейінде табылатындығын айрықша атап өтуге болады. Сондықтан жан дүниенің небір терең сырлары мен қырларын зерттейтін қиын да қызық ғылымда ана тілімізде алғаш сөз еткен авторды да, оның тамаша төл туындыларын да қазіргі ұрпақ игілігіне айналдыру – ке- зек күттірмейтін шұғыл істтердің бірі болғандықтан, қазіргі жоғары оқу орындарында оқулықтары кеңінен қолданылады. Бекіту сұрақтары: 1. Физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағысандық байланысамалдары құрастырылып, психофизиологиялық заң ашыл- ған мерзімді көрсетіңіз? 2. В. Вундт, Ф. Гальтон, Г. Эббингауыз, Торандайктың еңбек- терін атап көрсетіңіз? 3. А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, П. Я. Гальперин, Л. С. Выгот- скийдің психологиялық-педагогикалық диагностика саласында зерттеген еңбектерін атаңыз? 4. Ресейде психодиагностикалық теорияның дамуы қандай кезеңдерді қамтыды? 27 3-БӨЛІМ. ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ƏДІСТЕРДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ТАНЫМАЛ ТҮРЛЕРІ 3.1 Психодиагностикалық тесттердің жүйесі. 3.2 Жобалау əдістердің анықтамасы, тарихы жəне түрлері. 3.3 Тестің сенімділігі мен валидтілігі. 3.4 Тест құру технологиясы жəне олады бейімдеу. 3.1 Психодиагностикалық тесттердің жіктел?