Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті: Әлеуметтанудың Негізін Салушылары PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
2024
Пулатова Зарина
Tags
Summary
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің 2024 жылы жазылған Әлеуметтану курсы бойынша реферат. Рефератта әлеуметтанудың негізін қалаушылар, Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм пен Вебердің идеялары талданады. Рефераттың көрсететін мақсаты әлеуметтік құбылыстар мен олардың пайда болу себептерін зерттей отырып, оның негізін салушылардың ұғымдарын түсіндіру.
Full Transcript
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті РЕФЕРАТ Пәні: Әлеуметтану Тақырыбы: Әлеуметтанудың негізін салушылар Орындаған: Пулатова Зарина Тексерген: Идрисов Рашид Ашкенович Көкшетау 2024ж Жоспар: 1\. Әлеуметтанудың пайда болуы... 3 2\. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт...
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті РЕФЕРАТ Пәні: Әлеуметтану Тақырыбы: Әлеуметтанудың негізін салушылар Орындаған: Пулатова Зарина Тексерген: Идрисов Рашид Ашкенович Көкшетау 2024ж Жоспар: 1\. Әлеуметтанудың пайда болуы... 3 2\. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер... 3 3\. Огюст Конт (1798-1857)... 4 4\. Герберт Спенсер (1820-1903)....5 5\. Карл Маркс ӘЛЕУМЕТТАНУ....6 Әлеуметтанудың пайда болуы Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестіц айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы түста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті. Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға болатынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің құралдары көмектеседі деп үміттенді. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс,Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық. Огюст Конт (1798-1857) Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді. Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді. Огюст Конт (1798-1857) Герберт Спенсер (1820-1903) Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бүл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды үйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады. Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның ғылыми әдіске қатысты үстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті. ![](media/image2.jpg) Герберт Спенсер (1820-1903) Карл Маркс (1818-1883) Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ, экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дэрежесін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді (Маклеллан, 2006). Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы - ол кедейлікті табиғи қүбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді қүбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті. Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі - оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды. Оның пайымдауынша, бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құрайды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте қожайын басты экономикалық ресурс - жерге ие болады. Нәтижесінде, әйелінің күйеуіне қарсы шығуға құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақкөтере алмайды. Маркс мұраға таласудың әулеттегі жанжалға негіз болатыны сияқты, бәсеке де қоғамның экономикалық топтары арасында конфликт тудырады деп санады. Сол замандағы ғалымдардың басым көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола қалған жағдайда баяу және бейбіт түрде дамиды деп пайымдады. Маркс, керісінше, әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделері қарсы келген топтардың арасындағы конфликтің нәтижесі деп санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликтерді өршітуден және байларды әлсіретіп, жүмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді. Карл Маркс (1818-188 Пайдаланылған әдебиет: ӘЛЕУМЕТТАНУ негіздері Бринкерхоф.Роуз Уейтс Сюзан Ортега Сүреттер GOOGLE қосымшасынан алынды