Қызыл кітап PDF
Document Details
Tags
Summary
Бұл Қызыл кітап туралы мақала. Халықаралық табиғат қорғау одағының халықаралық құжаты болып табылады, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдік түрлерін қамтиды. 20 ғасырдың басында халықаралық деңгейде жануарларды қорғау туралы мәселе көтерілді.
Full Transcript
**Қызыл кітап** --- халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітап" --- халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықа...
**Қызыл кітап** --- халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітап" --- халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. [[Париж]](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B6) қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық [конвенциясына] қол қойылды. 1948 ж. [[ЮНЕСКО]](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AE%D0%9D%D0%95%D0%A1%D0%9A%D0%9E)-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап [күнтізбе] парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді.